Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Скери әдептілік пен әскери қызметшілердің мінез-құлқы туралы

Жалпы ережелер | Скери қызметшілердің құқықтары | Скери қызметшілердің жалпы міндеттері | Скери қызмет қауіпсіздігі | Лкендер және кішілер | Командирлерге (бастықтарға) және инспекциялау (тексеру) үшін келген адамдарға таныстыру тәртібі | Командирлердің (бастықтардың) жалпы міндеттері | Лауазымға кірісу тәртібі | Бригада (1-дәрежелі кеме) командирі | Бригада командирінің орынбасары |


Читайте также:
  1. Бұйрық, өкім, бұйырым. Оларды беру, орындау және бақылау тәртібі. Әскери қызметшілердің бастамасы
  2. Билік ұғымы және ол туралы тұжырымдамалар.
  3. Білім, дағды, іскерлік туралы түсінік
  4. Йымдардың стандарттарын әзірлеу, бекіту, есепке алу, өзгерту, күшін жою, тіркеу, белгілеу, басып шығару ережесін бекіту туралы
  5. Мәліметтерді алғаш және қайта өңдеу туралы жалпы ұғым.
  6. Оқытушылар туралы мәліметтер
  7. Оқытушылар туралы мәліметтер

49. Әскери қызметшілер әрдайым жоғары мәдениеттің, қарапайымдылық пен ұстамдылықтың үлгісі ретінде қызмет етуі, өзінің қадір-қасиетін қорғауы және басқалардың қадір-қасиетін құрметтеуі тиіс.

Олардың мінез-құлқына қарап тек олар туралы ғана емес, тұтас Қарулы Күштердің абыройы туралы пікір туындайтынын олар есте сақтауы тиіс.

Әскери қызметшілер арасындағы өзара қарым-қатынас өзара сыйластық негізінде қалыптасады. Қызмет мәселелері бойынша олар бір-біріне «Сіз» деп тіл қатуы тиіс.

Офицерлер бір-біріне әскери атағы мен тегі немесе атағына «Мырза (ханым)» деген сөзді қоса отырып тіл қатады.

Мысалы: «Полковник Сыдықов», «Капитан ханым».

Бастықтар мен үлкендер бағыныстылар мен кішілерге қызметі бойынша тіл қатуда, оларды әскери атағы мен тегі немесе тек атағы бойынша атайды.

Мысалы: «Қатардағы жауынгер Омаров», «Қатардағы жауынгер», «Сержант Қалиева», «Сержант».

Бағыныстылар мен кішілер қызметі бойынша бастықтар мен үлкендерге тіл қатуда оларды әскери атағы бойынша «мырза, ханым» деген сөздерді қоса отырып атайды. Мысалы: «Бірінші сыныпты сержант мырза».

Әскери оқу орындарының әскери атақтары жоқ сержанттар (старшиналар) құрамының курсанттарына (оқушыларына), сондай-ақ әскери оқу бөлімдерінің (бөлімшелерінің) курсанттарына тіл қату кезінде «Курсант» деп немесе «Курсант» сөзіне тегін қосып атай отырып «Сіз» деп сөйлеседі. Мысалы: «Курсант Қалиев».

Оларға бастық немесе үлкен тіл қатқан кезде әскери қызметшілер, сырқаттарды қоспағанда, саптық қалыпты қабылдайды және өзін таныстырады: өзінің лауазымын, әскери атағы мен тегін атайды. Қол алысу кезінде үлкен қолын бірінші береді. Егер үлкен қолғапсыз болса, кіші қол алысар алдында оң қолының қолғабын шешеді. Бас киімсіз әскери қызметшілер қол алысумен қоса басын жеңіл иеді.

Ұлан әскери бөлімдерінің әскери қызметшілеріне тіл қатқан кезде әскери атағының алдына «ұлан» сөзі қосылады.

Мысалы: «Ұлан полковнигі мырза».

Саптан тыс әскери қызметшілер бір-біріне тек әскери атағы бойынша ғана емес, аты мен әкесінің аты бойынша да тіл қатыса алады.

Әскери атақтарды бұрмалау, әдепсіз сөздерді, лақап және мазақ аттарды қолдану, дөрекілік және әдепсіз сөйлесу әскери қызметшілердің ар-намысы мен қадір-қасиеті ұғымымен сыйыспайды.

50. Саптан тыс, бұйрықтар берген немесе алған кезде әскери қызметшілер саптық қалыпты қабылдауға міндетті, ал бас киімі бар кезде бұйрық беруші оған қолын апарады.

Әскери қызметші баяндауда немесе баянат қабылдауда баяндау аяқталысымен қолын бас киімінен түсіреді. Егер баяндаудың алдында «Тік тұр» командасы берілсе, онда баяндаушы бастықтың «Еркін тұр» командасы бойынша оны қайталайды және қолын бас киімінен түсіреді.

51. Командир (бастық) немесе үлкен болғанда басқа әскери қызметшіге тіл қатқан кезде одан рұқсат сұрауы қажет.

Мысалы «Полковник мырза. Майор Ахматуллинмен сөйлесуге рұқсат етіңіз».

52. Қоғамдық орындарда және көлікте бос орын болмаған кезде әскери қызметші өз орнын әскери атағы бойынша үлкенге беруге міндетті.

Егер кездескен кезде бастықтың (үлкеннің) еркін өтіп кетуі мүмкін болмаса, бағынысты (кіші) жол беруге және сәлемдесіп, оны өткізіп жіберуге міндетті.

Әскери қызметшілер азаматтық тұрғындарға қатысты әдептілік сақтауы, егде адамдарға, әйелдерге және балаларға ерекше көңіл бөлуі, азаматтардың ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғауға ықпал етуі, сондай-ақ оларға қайғылы оқиғаларда, өртте және табиғи және техногендік сипаттағы жағдайларда көмек көрсетуі тиіс.

53. Әскери қызметшілерге қолын киімінің қалтасында ұстауға, бастық (үлкен) болған кезде оның рұқсатынсыз отыруға тыйым салынады.

54. Әскери киім нысаны – әскери қызметшілердің Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға тиістілігін айқындайтын, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген погоны бар нысанды киім (киім-кешек) мен жабдық.

Қарулы Күштердің әскери киім нысаны мен айырым белгілерін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. Әскери киім нысанын киіп жүру ережелерін Қорғаныс министрі, ал әскери киім нысанының жекелеген заттары мен айырым белгілерін тағу ерекшеліктерін басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың бірінші басшылары белгілейді. Әскери киім киіп жүру құқығына барлық әскери қызметшілер, сондай-ақ әскери жиынға шақырылған әскери міндеттілер мен запастағы немесе отставкадағы және оны киіп жүру құқығымен әскери қызметтен босатылған азаматтар ие болады.

Қарулы Күштердің әскери қызметшілері үшін киім нысандарының мынадай түрлері белгіленеді: салтанатты, күнделікті, далалық, жұмыстық. Бұл нысандардың әрқайсысы жазғы және қысқы болып бөлінеді.

Жазғы немесе қысқы киім нысанына көшу гарнизон бастығының бұйрығымен белгіленеді.

Әскери қызметшілерге (мерзімді әскери қызметтен басқа) әскери бөлім орналасқан жерден тыс, демалуда немесе демалыста, сондай-ақ арнайы қызметтік міндеттерін орындау кезінде әскери киім нысанын кимеуге рұқсат етіледі.

55. Әскери әдептілік, мінез-құлық ережелері мен әскери сәлемдесуді орындау, сондай-ақ запастағы немесе отставкадағы азаматтар үшін олардың әскери киім нысанын киіп жүруі кезінде міндетті. Олар оны киіп жүрудің белгіленген ережелерін сақтауы тиіс.

 


Дата добавления: 2015-07-21; просмотров: 1068 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бұйрық, өкім, бұйырым. Оларды беру, орындау және бақылау тәртібі. Әскери қызметшілердің бастамасы| Скери сәлемдесу

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)