Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Оқытушылар туралы мәліметтер. Семей Қ. Мемлекеттік медицина университеті

Читайте также:
  1. Билік ұғымы және ол туралы тұжырымдамалар.
  2. Білім, дағды, іскерлік туралы түсінік
  3. Йымдардың стандарттарын әзірлеу, бекіту, есепке алу, өзгерту, күшін жою, тіркеу, белгілеу, басып шығару ережесін бекіту туралы
  4. Мәліметтерді алғаш және қайта өңдеу туралы жалпы ұғым.
  5. Оқытушылар туралы мәліметтер
  6. Скери әдептілік пен әскери қызметшілердің мінез-құлқы туралы

СЕМЕЙ Қ. МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

АЗАҚ ЖӘНЕ ЛАТЫН ТІЛДЕРІ КафедраСЫ

 

Силлабус

Пән: Қазақ тілі

Пәннің коды: К(R) Ya 1104

Мамандығы: Жалпы медицина

Оқу сағаты: 270

Курсы және оқу семестрі: 1 курс, І-ІІ семестр

 

Семей-2014

Силлабусты (студенттің жұмыс бағдарламасын) қазақ және латын тілдері кафедра оқытушылары құрастырды.

 

Қазақ тілі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы 2012 типтік оқу бағдарламасының негізінде

 

Авторлары: кафедра меңгерушісі, п.ғ.к. М.Д.Жорокпаева

аға оқытушы Кулуспаева С.Б.

аға оқытушы Кусаинова Ж.С.

оқытушы А.Ш.Жылқыбаева

оқытушы Н.М.Абешова

 

 

29.08.2014ж кафедра отырысында талқыланды

№ 1 хаттама

 

 

Кафедра меңгерушісі, п.ғ.к. М.Д.Жороқпаева

 

Оқытушылар туралы мәліметтер

Р/с   Т.А.Ә. Лауазымы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы Ғылыми ықыласы және жетістіктері/ категориясы
1. Жороқпаева Мейрамгүл Досанқызы Кафедра меңгерушісі п.ғ.к., 4-оқу құралы, 1-көмекші құрал, 3-бағдарлама, 1-монография, 1-мәтіндер жинағының авторы
2. Кулуспаева Сәлима Бекенқызы Аға оқытушы магистр, 1- оқу құралының авторы
3. Кусаинова Жанат Социалқызы Аға оқытушы магистр, 1- оқу құралының авторы
4. Ахметжанова Айман Құрмашқызы Оқытушы магистр
5. Жылқыбаева Айжан Шәріпқызы Оқытушы 1- оқу құралы, 1-көмекші құралдың авторы
6. Әбешова Нұргүл Мұратбекқызы Оқытушы 1- оқу құралының авторы, 6-мақала

Байланыс ақпараты: Ленин көшесі, 3 үй. 3 қабат, 320 кабинет, телефон 52-09-70 (1172)

Пәннің саясаты:

Пән саясаты – бұл білімалушының (студент, интерн, резидент, магистрант, докторант) оқу материалын анағұрлым толық меңгеруіне және оқытушылар мен білімалушылардың нәтижелі әріптестігіне бағытталған осы пәнді меңгеру үрдісінде білім алушыға кафедраның қоятын жалпы талаптары.

Білімалушы міндетті:

• Таңдалған білім траекториясы бойынша біліктіліктерге жету үшін бірінші курстан бастап электронды нұсқада «Портфолио» жинау.

• Оқытушыларға, қызметкерлерге және білімалушыларға құрметпен қарау.

• Семей қ. ММУ Ұжымдық этика Кодексін, соның ішінде «Сыртқы түріне талаптар» тарауын білу және сақтау.

• Мұнтаздай таза және тәртіпті болу, Университетте, емханаларда өзін лайықты ұстау, тыныштықты және сабақтарда, холлдарда, дәліздерде тазалықты сақтау.

• Білімалушы сабақ басталғаннан соң (оқытушы сабақты нақты бастағаннан соң) аудиторияға тек оқытушының рұқсатымен кіріп шыға алады.

• Пән бойынша оқу бағдарламасын толық меңгеру үшін дәрістерге, практикалық (зертханалық, семинар) сабақтарға қатысу міндетті болып табылады. Клиникалық кафедраларда профессордың немесе доценттің қарауына, дәрігерлер консилиумдарына міндетті түрде қатысу.

• СОӨЖ (студенттердің оқытушы жетекшілігімен өздік жұмысы) қатысуға кафедраның талаптарын орындау.

• Дәрістерге, практикалық, зертханалық және семинар сабақтарға, емтихандарға медициналық форма киіп қатысу.

• Клиникалық кафедраларға СЭС рұқсаты бар санитарлық кітаптың болуы.

• Кафедра мүлкіне ұқыптылықпен қарау, үстелдер үстін ластамау, жазу жазбау, мүлікті бұзған жағдайда келтірілген зиянның орнын толтыру.

• Үшкір өкшесі бар аяқ киімді киюге тыйым салынады.

• Өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтау.

• Университеттің ішкі тәртіп ережелерін сақтау.

• Кафедра өміріне белсенді қатысу (СҒЖ үйірмесіне, кафедра іс-шараларына және т.б. қатысу).

• Мамандық бойынша ғылыми-практикалық, патологоанатомиялық конференциялар мен ассоциациялардың жұмысына қатысу.

• Дәрістер, сабақтар кезінде ұялы телефондарды өшіріп қою.

• Емтихандарға ұялы телефондарды, i–Phone, i-Pad алуға тыйым салынады. Білімалушы ұялы телефондарды, i–Phone, i-Pad еске түсіру құралы ретінде пайдаланса, ол емтиханнан шығарылады, емтиханнан шығарылғаны туралы акт жасалады және F бағасы қойылады. Емтиханда немесе саралау сынағында білімалушы көмекші қағаздарды қолданса, автоматты түрде қорытынды «қанағаттандырарлықсыз» баға қойылады.

• Кафедраларда өтемдер сабақтан тыс уақытта өткізіледі, дағдылы күндерде де жіберіледі (теориялық кафедрада кезекші оқытушы 18.00 сағатқа дейін болуы тиіс), клиникалық кафедрада өтемдерді профессорлық – оқытушылық құрамының түнгі кезекшілігі кезінде өткізуге болады.

• Себепсіз және себепті жағдай бойынша сабақтарды босатқанда білімалушы сабаққа шыққан күннен бастап деканаттан бір апта ағымында рұқсатнама алуға міндетті.

• Білімалушы себепті жағдай бойынша сабақтарды босатса бір ай ішінде өтеуі керек.

• Себепсіз жағдайлар бойынша босатылған сабақтарды білімалушы 2 апта бойы қосымша оқыту түрі ретінде (ҚОТ) ақылы негізде өткізіледі, ҚОТ көрсетуге келісім шарт жасалады.

• Егер білімалушының қосымша оқыту түріне және факультативті сабақтарға қажеттілігі болған жағдайда, онда да ҚОТ көрсетуге келісім шарт жасалады. ҚОТ барлық түрлері ақылы негізде өткізіледі.

• Дәрістерді босатқан кезде себептерге қарамай білімалушы дәріс материалдарының конспектісі болуы керек және оны дәріскерге көрсетуі керек, босатқан дәрістерді өтеу – дәрісті өтеу үшін деканаттан рұқсатнама талап етілмейді.

• Себепсіз жағдайлар бойынша босатылған сабақтарды өтеу кезінде білімалушыға 2,33 (70 %) артық баға қойылмайды.

• Себепті жағдай бойынша босатқан сабақтарды өтеу кезінде білімалушыға жауап берген бағасы қойылады.

• Білімалушы белгілі себептермен (стационарда емделсе, төтенше жағдайлар болған кезде: табиғат апаты, апаттар және басқалар) басқадай себептермен сабақ босатқан жағдайда топ старостасы немесе куратор бір тәулік ішінде кафедраны және деканатты (телефонмен және басқадай жолмен) болған жағдай туралы хабардар етуге тиісті және үш күн ішінде осы жағдайды куәландыратын құжат әкелуі керек. Ақтау құжаттары болып табылады: студенттік емханадан анықтама (нөмірі емхананың анықтама беру журналындағы нөмірмен бірдей болуы керек), жақындарының қайтыс болуы туралы куәлік, донорлық анықтама, некелесу туралы куәлік, баланың туу туралы куәлігі. Интерндер, резиденттер, магистранттар, докторанттар жұмысқа жарамсыздығы парағын беруі керек. Ақтау құжаттары болмаған жағдайда себепсіз болып саналады. Жалған анықтамалар берген жағдайда рұқсатнама берілмейді және білімалушыға қатысты ішкі тәртіп Ережелеріне сәйкес әкімшілік шаралар қолданылады.

• Кафедраға рұқсатнамамен бірге растайтын құжат көшірмесі беріледі. Білімалушы себепті жағдаймен босатылған 2 сабақты бір ретте өтеуіне болады.

• Себепті жағдаймен босатылған сабақты өтеу кезінде қағаз журналда «бж» дөңгелектенеді және алынған баға қағаз және электронды журналға енгізіледі. Электронды журналға бағаларды қою үшін өтінім деканаттан рұқсатнама беру сәтінен бастап бір ай ішінде жүргізіледі.

• Білімалушы бекітілген уақытта екі және одан да көп сабақтарды өтемеген жағдайда аттесталмаған деп есептеледі. Пәндердің аудиторлық (дәрістер, практикалық) сабақтары жалпы сағаттар көлемі босатылғандар санына байланысты мынадай әкімшілік шаралар енгізілсін:

- 5 - 10% - ескерту

- 11 - 15% - сөгіс

- 16-24% - қатаң сөгіс

• Білімалушы ағымдағы үлгеріміне бақылау оқу пәнінің әрбір тақырыбы бойынша өткізіледі.

• Соңғы сабақта пән бойынша жіберу рейтингісінің бағасы (ЖРБ) есептеледі, ЖРБ ведомостіне танысқаны туралы білімалушы өзінің қолын қояды, ал ЖРБ жетекші оқытушымен сынақ кітапшасында ЖРБ қойылады.

• Пәндердің (дәрістердің, практикалық) аудиторлік сабақтардың жалпы көлемінен 25% себепсіз жағдаймен босатқан білімалушы пән бойынша аралық аттестаттауға (емтиханға/дифсынаққа) жіберілмейді және жазғы (ақылы) семестрден өтуге міндетті. Себепсіз жағдаймен босатқан білімалушы жеке кесте бойынша барлық өтеулерді өтеуге міндетті.

• Деканаттан рұқсатнамалар оқу топтары журналдарында сақталады.

• Егер білімалушы себепті жағдай бойынша аралық бақылауды босатқан және оны бір ай бойы өтемеген жағдайда, «бж» орнына журналда «0» қойылады. Және оның рейтингі автоматты түрде төмендейді.

• Егер интеграцияның бір пәні немесе аралас пәндер бойынша «Жалпы медицина» мамандығы 4,5 курстары білімалушысы «F» алса, онда білімалушы жазғы (ақылы) семестр кезінде «F» бар пәнді ғана өтейді. Толық пән бойынша қорытынды баға ақылы семестрді өткеннен кейін қойылады.

• Кафедра әрбір практикалық дағды (ҚКЕБ, ҚПЕБ, науқас төсегі қасындағы мини – клиникалық емтихан және б.) бағасының әдісін анықтауы керек, білімалушылармен дағдылар семестр бойы тапсырылады, оқу журналына қойылады, қосылады, практикалық дағдыларға қорытынды баға сессия кезінде эмтихандық ведомсотіге қойылады.

• Егер емтихан екі және одан да көп кезеңдерден тұрған жағдайда және білімалушы кезеңдердің бірінен «0» алса, онда ол білімалушы үшін емтиханның келесі кезеңіне өту үшін кедергі болып табылмайды, емтихан бағасы әрбір кезеңнің үлес салмағына сәйкес саналады.

• Егер жіберу рейтингісі бойынша және қорытынды бақылаудан да (емтихан/дифф сынақтан) білімалушы оңды баға алса ғана қорытынды баға есептеледі. Сонымен бірге оңды баға болып 50% -дан 100% -ға дейінгі баға болып саналады, қанағаттанарлықсыз баға - 0 -дан 49% -ға дейінгі баға болып саналады.

• Егер емтихан үш кезеңнен тұрған жағдайда, онда тестілік емтихан үлес салмағы 20 % құрайды, практикалық дағдылар 10%, ауызша жауап - 10%. Егер емтихан тек қана ауызша сұраудан және практикалық жағдыдан тұрса онда тиісінше әрбіреуі -20%.

• Ағымдағы сабақтарда және аралық бақылауда алынған қанағаттанарлықсыз бағалар өтелмейді. Қанағаттанарлықсыз бағалар болған жағдайда білмалушылар төмен ЖРБ алады, ол өз кезегінде емтихан рұқсатнамасына әсер етеді.

Аралық аттестаттау бойынша оңды бағаны көтеру мақсатында қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

• ЖРБ сынақ кітапшасының оң жағына қойылады. Дифференциалды сынақ бағасы шәкіртақы тағайындауға әсер етеді.

• Осы семестрдің оқу жоспарымен қарастырылған семестрдің барлық пәндері бойынша оқу бағдарламасын орындау шарттары барлық сынақтарды тапсыру/ алуда білімалушылар аралық және қорытынды аттестаттауға жіберіледі. Емтихан сессиясына жіберу деканат өкімімен рәсімделеді, сонымен қатар білімалушы сынақ кітапшасына «сессияға жіберілді» мөртабаны қойылады.

• Білімалушыны курстан курсқа ауыстыру студенттің үлгерімінің орта баллы (GPA) негізінде жүргізіледі.

• Егер білімалушы қажетті өту баллының GPA санын ала алмаса, білім грантынан айрылуымен қайталау курсын өтеді немес өз еркімен оқудан шығарылады.

• Толық көлемде курс бағдарламасын орындаған білімалушы, бірақ өту баллын (GPA) жинай алмаған, өзінің үлгерімінің орта баллын көтеру мақсатында ақылы негізде пәнді қайта жазғы (ақылы) семестрде оқуға мүмкіндік беріледі («Қазақстан тарихы» пәнінен басқа, ол бойынша мемлекеттік емтихан тапсырылады) және және қайта емтихан тапсырады.

Қайта тапсырғанда алынған оңды баға шәкіртақыны тағайындауға әсер етпейді.

Академиялық демалыстан кейін оқуға келген немесе бір мамандықтан екінші мамандыққа ауысқан кезде білімалушы барлық курсты толық өтуі және емтихан тапсыруы қажет.

• «Қазақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтиханнан студент «қанағаттанарлықсыз» баға алған жағдайда, ол ақылы негізде осы пәнге қайта жазылады, қайтадан келесі академиялық мерзімде немес жазғы семестрде оқу сабақтарының барлық түрлеріне қатысады, ағымдағы бақылаудың талаптарын орындайды, рұқсатнама алады және мемлекеттік емтиханды қайтадан тапсырады. (ҚР білім және ғылым Министрінің №125 бұйрығы 85т. 18 наурыз 2008ж.)

• «Қазақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтихан оңды бағасын оны көтеру мақсатында қайта тапсыруға рұқсат етілмейді. (ҚР білім және ғылым Министрінің №125 бұйрығы 85т. 18 наурыз 2008ж.)

• Жұмыс және жеке оқу жоспарының және жұмыс оқу бағдарламаларының талаптарын орындамаған бітіруші курс студенті жазғы семестрді өтпей оқытудың қайталау курсына қалады. (ҚР білім және ғылым Министрінің №125 бұйрығы 85т. 18 наурыз 2008ж.)

1. Кіріспе:

Мамандардың бәсекеге қабілеттілігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі-олардың мемлекеттік тілді толық меңгеруі мен оны тәжірибе жүзінде қолдана алуы. Студенттердің бойында мемлекеттік сана мен отансүйгіш сезімін нығайту, қазақ елінің рухани-мәдени жетістіктерін насихаттауға ықпал ету арқылы қоғамда қазақ тілін білушілердің артықшылықтарын орнықтыру тетіктерін жетілдіру көзделеді. Тұрмыстық, әлеуметтік тақырыптардағы мәтіндер негізінде тіл үйренушілердің сөйлеу біліктілігін жетілдіру, лексикалық қорын, грамматикалық білік-дағдыларын қалыптастыру, қазақ тілі грамматикасы туралы білімін дамыту.

2. Пәннің мақсаты:

Қазақ тілін меңгерудің әрбір деңгейіндегі негізгі міндеттерді сөйлеу түрлеріндегі модельдер мен қатысым түрлері арқылы жүзеге асыру.

1. Тілдік жүйе мен оның амалдарын мәдени-танымдық қатысымдық әрекеттер арқылы меңгерту;

2. Дайын сөйлесім мен қатысымды төмендегідей әрекеттер арқылы жүзеге асыру:

- өнер мен мәдениет (театр, фильм, кітап, музыка және т.б) мәселелеріне байланысты өтілген тақырыптарды баяндау, мақұлдау, алған мәліметтерге өз көзқарасын білдіру, дәлелдеу;

- белгілі бір тақырыпты (әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени сала) талқылауға өз қабылдауы бойынша баға беру;

- күнделікті тұрмыстық сөйлеу жағдаяттарына әңгімені қолдау және талқылау (нақты, өзіне таныс жағдаяттарға дайындықсыз араласып, әңгімені қолдау, қажет жағдайда қайта сұрау, өз көніл- күйін білдіру (өкіну, мұңаю, қызығушылық таныту н/е танытпау);

3. Ауызша және жазбаша қатысым түрлерінде:

- мәліметтерді сұрау, қайталап сұрау, кеңес беру, нұсқау беру, нандыру,

байқампаздық таныту, көңілі толуын-толмауын, қызығушылығын,

немқұрайдылығын білдіру.

3. Оқытудың міндеттері:

 

4. Оқытудың соңғы нәтижесі:

Студент білу керек:

- кез-келген жағдайда өз бетінше шешім қабылдай білуі;

- проблеманы танып, оны шешудің жолдарын айқындау, оны мемлекеттік тілде көркем жеткізе білуі керек және т.б.

Студент істей алуы керек:

- мемлекеттік тілде таратылатын мол ақпараттар толқынынан өзіне, өз мамандығына қажеттісін таңдап алып, оны коммуникативті-функционалдық бағытта қолдана білуі керек;

- мемлекеттік тілде өзіндік көзқарасын таныта білу, оны дәлелдеп, қорғай білуі;

- өзінің алған білімі мен білік-дағдыларын, қазақ тіліндегі сөздік қорын, терминологияны үнемі дамытып отыруы;

- қазақ тілінде өз ойын еркін жеткізе білуге;

5. Реквизитке дейінгі:

Жалпы білім беретін орта мектептегі қазақ, орыс, шет тілдері, қазақ, орыс әдебиеттері,

қазақстан тарихы, биология пәндері.

6. Реквизиттен кейінгі:

Қазақ тілі пәнін оқып-үйренгеннен кейінгі дағдыларды анатомия, қалыпты физиология, ішкі аурулар, патологиялық физиология, кәсіби қазақ тілі, мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу т.б. пәндерді оқып-үйренуге пайдаланады

7. Пәннің қысқаша мазмұны:

Тіл үйренушінің қарым-қатынасқа түсу салаларын ескере отырып, сөйлеу әрекетінің 4 қағидатына (тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым) негізделген тіл үйренушінің мақсаты, тілі қолдану саласы, коммуникативтік жағдаяттар компоненттері, контекспен байланыстығы тіл бірліктерінің қолданыстағы қызметіне сай анықталады. Қазіргі таңда тілдік құзыреттілікті қалыптастыру коммуникативті-функционалдық граматика тұрғысынан қарастырылуда. Тіл бірліктерінің қолданыстағы қызметі, белгілі бір мағына түрлерін жеткізу функционалдық граматика арқылы жүзеге асады. Осы тұрғыдан алғанда, ең басты мақсат – тұрмыстық, әлеуметтік тақырыптардағы мәтіндер негізінде тіл үйренушілердің сөйлеу біліктілігін жетілдіру, лексикалық қорын, грамматикалық білік-дағдыларын қалыптастыру, қазақ тілі грамматикасы туралы білімін дамыту.


Дата добавления: 2015-07-25; просмотров: 183 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Учебно-методическая (технологическая) карта по дисциплине «Уголовно-правовая и криминологическая характеристика борьбы с воинскими преступлениями».| Сабақтардың тақырыптық жоспары.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.017 сек.)