Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жалпы ережелер. Ішкі Қызмет жарҒысы

Скери қызметшілердің жалпы міндеттері | Скери қызмет қауіпсіздігі | Лкендер және кішілер | Бұйрық, өкім, бұйырым. Оларды беру, орындау және бақылау тәртібі. Әскери қызметшілердің бастамасы | Скери әдептілік пен әскери қызметшілердің мінез-құлқы туралы | Скери сәлемдесу | Командирлерге (бастықтарға) және инспекциялау (тексеру) үшін келген адамдарға таныстыру тәртібі | Командирлердің (бастықтардың) жалпы міндеттері | Лауазымға кірісу тәртібі | Бригада (1-дәрежелі кеме) командирі |


Читайте также:
  1. Арым-қатынасқа жалпы сипаттама.
  2. Жалпы ережелер
  3. Жалпы ережелер
  4. Жалпы ережелер
  5. Жалпы ережелер
  6. Жалпы ережелер

ІШКІ ҚЫЗМЕТ ЖАРҒЫСЫ

Осы Жарғы ішкі тәртіптің негізгі ережелерін, әскери қызметшілердің жалпы міндеттерін және олардың арасындағы өзара қарым-қатынастарды, негізгі лауазымды адамдардың және тәуліктік наряд адамдарының міндеттерін айқындайды.

Осы Жарғыда көрсетілмеген лауазымды адамдардың міндеттері тиісті нұсқаулықтармен, ережелермен және басқа да нормативтік құқықтық актілермен айқындалады.

Жарғының күші Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының (бұдан әрі – Қарулы Күштер) әскери қызметшілеріне, сондай-ақ әскери жиындар өткізілген кезеңде оларға шақырылған әскери міндеттілерге, әскери киім нысанын киюге құқығы бар әскери қызметтен босатылған азаматтарға оны киген кезде қолданылады.

 

Жалпы ережелер

 

1. Қазақстан Республикасын қорғау оның әрбір азаматының қасиетті борышы және міндеті болып табылады.

Қазақстан Республикасының азаматтары заңда белгіленген тәртіппен және түрлерде әскери қызмет өткереді.

Әскери қызмет өткеру қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады, әскери қызметшілердің адамгершілігі мен моральдық-этикалық келбетіне жоғары талаптар қояды.

Қазақстан Республикасының азаматтары заңнамамен белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру ережелеріне сәйкес шақыру бойынша немесе ерікті түрде әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт бойынша әскери қызмет өткереді.

Қарулы Күштерде «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 1-қосымшада көрсетілген әскери атақтар айқындалған.

2. Әскери қызметішілердің мәртебесі Қазақстан Республикасының азаматы ретінде заңдарда белгіленген шектеулермен әскери қызметшілердің жалпы құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін, сондай-ақ қызмет ерекшеліктерімен негізделген олардың құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін қамтиды.

3. Заңнамаға сәйкес әскери қызметшілердің құқықтарының, міндеттері мен жауапкершілігінің мазмұны мен көлемі олардың әскери қызмет міндеттерін (қызметтік міндеттерін) орындауда болуына немесе болмауына байланысты болады.

Әскери қызметші, сондай-ақ запаста болатын азамат әскери жиындардан өту уақытында:

лауазымдық міндеттерін атқарған;

жауынгерлік іс-қимылдарға қатысқан, төтенше немесе соғыс жағдайларында, сондай-ақ қарулы жанжалдар жағдайларында міндеттерді атқарған;

бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі бітімгершілік операцияларына қатысқан;

табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарларын жоюға қатысқан;

кемелердегі оқу-жаттығуларға немесе жорықтарға қатысқан;

күн тәртібімен (регламентпен) белгіленген немесе басқа да уақыт ішінде, егер бұл қызметтік қажеттіліктен туындаса, әскери бөлім аумағында болған;

қызметтік іссапарда болған;

қызметте болған, қызмет орнына барған және кері қайтқан;

емделуде болған, емделу орнына барған және кері қайтқан;

демалыста болған, демалысты өткізу орнына барған және кері қайтқан;

әскери жиындардан өткен;

тұтқында, кепілдікте немесе еркінен айрылу жағдайында болған;

жеке адамның өмірін, денсаулығын, ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғаған;

адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, құқық тәртібін сақтау мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде құқық қорғау органдарына көмек көрсеткен;

сот жеке адам, қоғам мен мемлекет мүдделерінде жасалған деп таныған өзге де іс-әрекеттерді жасаған жағдайларда әскери қызмет міндеттерін атқаруда деп саналады.

Мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілері оны өткерудің барлық уақыты ішінде әскери қызмет міндеттерін орындауда болады.

Әскери қызметшілер әскери қызмет міндеттерін (қызметтік міндеттерін) орындау кезінде мемлекеттік қызмет өкілдері болып табылады және мемлекеттің қорғауында болады. Бұл ретте мемлекет әскери қызметшілердің өзінің бар күшін, білімі мен тәжірибесін олар жүзеге асыратын кәсіби қызметке жұмсайтынына, өз Отаны – Қазақстан Республикасына мүлтіксіз және адал қызмет ететініне сенеді.

4. Әскерлер қызметі – бұл гарнизондарда, әскери бөлімдер мен бөлімшелерде заңдармен, Қарулы Күштердің жалпыәскери жарғыларымен (бұдан әрі – жалпыәскери жарғылар), әскерлердің өмірін, тұрмысын, қызметін, сондай-ақ тәуліктік нарядтың бейбіт және соғыс уақытында қызмет атқаруын ұйымдастыруды регламенттейтін бұйрықтармен, нұсқаулықтармен белгіленген жоғары жауынгерлік әзірлікті, жарғылық әскери тәртіпті, тәртіп пен ережелерді сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар кешені.

Бұл кешен:

әскери бөлімдерде, бөлімшелерде, парктерде, оқу орталықтары мен лагерьлерде, кемелерде, мекемелерде күнделікті қызметтік іс-қимылды айқындайтын ішкі тәртіпті ұстауды, әскери қызметшілердің өмір сүру жағдайларын, тұрмысы мен оқуын, қару мен оқ-дәрілерді сақтау мен берудің дұрыстығын қамтамасыз ететін ішкі қызметті;

әскери бөлімнің (бөлімшенің) ішкі тәртібін ұстау, жеке құрамын, қару-жарағын, әскери және басқа техникасын, зымырандары мен оқ-дәрілерін, үй-жайларын, мүлкін және басқа да материалдық құралдарын күзету, бөлімшелердегі істердің жай-күйіне және әскери тәртіпті, күн тәртібі мен қызмет уақытының регламентін бұзудың алдын алу мен жол бермеу жөніндегі шараларды уақтылы қабылдауды бақылауды жүзеге асыру үшін, сондай-ақ басқа да міндеттерді орындау үшін тағайындалған тәуліктік наряд қызметін;

мақсаты гарнизон жеке құрамының жоғары әскери тәртібін ұстауды, әскерлердің күнделікті қызметі мен даярлығы үшін қажетті жағдайларды және гарнизондық іс-шараларды өткізуді қамтамасыз ету болатын гарнизондық қызметті қамтиды.

5. Әскери бөлімде ішкі қызметке басшылық жасауды әскери бөлім командирі, ал бөлімшеде бөлімше командирі жүзеге асырады. Командирлерінің жалпы тікелей бастығы жоқ бірнеше бөлімшені бір үй-жайға орналастырған кезде әскери бөлім командирінің (гарнизон бастығының) бұйрығымен ішкі қызметке басшылық жасау осы бөлімшелердің біреуінің командиріне жүктеледі. Әскери бөлімде ішкі қызметтің тікелей ұйымдастырушысы бөлімнің штаб бастығы, ал бөлімше орналасқан жерде бөлімше командирі (штаб бастығы) болып табылады.

Әскери бөлімдер командирлері деп бригадалар, полктер, авиациялық базалар, 1, 2 және 3-дәрежелі кемелер, шекара жасақтары, жеке батальондар, дивизиондар, эскадрильялар, жеке роталар командирлері, Қарулы Күштердің ұйымдық-дербес бірлігі болып табылатын мекемелердің, әскери оқу орындарының (мемлекеттік мекемелердің) бастықтары түсіндіріледі.

Бөлімше командирі деп бөлімше – батальон буынындағы командирлер және оларға теңестірілгендер түсіндіріледі.

Бағынысты әскерлердегі ішкі қызметтің жай-күйі үшін жауапкершілік барлық тікелей бастықтарға жүктеледі. Олар ішкі қызмет талаптарын орындауды ұйымдастыруда және қамтамасыз етуде бағынысты әскери бөлімдер мен бөлімшелерге көмек көрсетуге және оның жай-күйін жүйелі түрде тексеруге міндетті.

 

 


Дата добавления: 2015-07-21; просмотров: 652 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
СРЕДСТВА И ИМУЩЕСТВО ДВИЖЕНИЯ. УПРАВЛЕНИЕ ИМУЩЕСТВОМ ДВИЖЕНИЯ.| Скери қызметшілердің құқықтары

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)