Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бөлімінің бастығы

Лкендер және кішілер | Бұйрық, өкім, бұйырым. Оларды беру, орындау және бақылау тәртібі. Әскери қызметшілердің бастамасы | Скери әдептілік пен әскери қызметшілердің мінез-құлқы туралы | Скери сәлемдесу | Командирлерге (бастықтарға) және инспекциялау (тексеру) үшін келген адамдарға таныстыру тәртібі | Командирлердің (бастықтардың) жалпы міндеттері | Лауазымға кірісу тәртібі | Бригада (1-дәрежелі кеме) командирі | Бригада командирінің орынбасары | Бригада штабының бастығы |


Читайте также:
  1. Батальон штабының бастығы
  2. Бригада штабының бастығы
  3. Бригаданың қаржы қызметінің бастығы
  4. Бригаданың қызмет бастығы
  5. Бригаданың әуе шабуылына қарсы қорғаныс бастығы
  6. Бригаданың автомобиль қызметінің бастығы

99. Бригада командирінің қару-жарақ (инженерлік-авиациялық қызмет) жөніндегі орынбасары – техникалық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы бейбіт және соғыс уақытында: тікелей бағынысты бөлімдер (бөлімшелер) мен қызметтердің жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігі; олардың жеке құрамының жауынгерлік және жұмылдыру даярлығы, әскери тәрбиесі, тәртібі мен моральдық-психологиялық жай-күйі; бағыныстағы қызметтер бойынша қару-жарақтың, әскери және басқа техниканың, бақылау-өлшеу аспаптарының техникалық жай-күйі мен жабдықталуы және олардың жауынгерлік қолдануға әзірлігі, дұрыс пайдалану, көшіру және жөндеу; қарудың, оқ-дәрілердің, әскери-техникалық мүліктің сақталуы; техникалық бекіністердегі құрылыстардың, бағынысты қызметтер бойынша қоймалардың, парктердің (ұшақтар, тікұшақтар тұрағының) жай-күйі, олардағы ішкі қызметті ұйымдастыру және жай-күйі; қару-жарақпен, әскери және басқа техникамен, аспаптармен, оқ-дәрілермен, әскери-техникалық мүлікпен жабдықтау (авиациялық бөлімдерден басқа); бағынысты қызметтер бойынша есепке алу мен есептіліктің жай-күйі; жеке құрамның техникалық даярлығы, сондай-ақ бригаданың техникалық мамандықтар мамандарын даярлау үшін жауап береді.

Ол бригада командиріне бағынады және барлық жеке құрамның тікелей бастығы болып табылады.

100. Бригада командирінің қару-жарақ (инженерлік-авиациялық қызмет) жөніндегі орынбасары – техникалық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы:

жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігі іс-шараларын жоспарлауға және өткізуге қатысуға, жауынгерлік және жұмылдыру даярлықтары жоспарларының тиісті бөлімдерін әзірлеуге және олардың өз мамандығы бойынша орындалуын ұйымдастыруға;

оған бағынысты бөлімдер (бөлімшелер) мен қызметтердің жауынгерлік және жұмылдыру даярлықтарына және қызметіне басшылық жасауға;

бригаданы техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыруға және басшылық жасауға; жетіспейтін қару-жарақты, әскери және басқа техниканы, қосалқы бөлшектерді, парк жабдықтарын, аспаптарды, қызмет көрсету құралдарын, басқа да әскери-техникалық мүлік пен ақшалай қаражатты уақтылы талап етуге; оларды алуды, сақтауды, бригада бөлімдеріне (бөлімшелеріне) беруді және оларды мақсатты, тиімді және дұрыс пайдалануды ұйымдастыруға; материалдық құралдардың жоғалуын, жетіспеуін, бүлінуін және ұрлануын болдырмау жөнінде шаралар қабылдауға;

оған тікелей бағынысты бөлімдер (бөлімшелер) мен қызметтер офицерлерінің, келісімшарт бойынша әскери қызметшілерінің іскерлік және моральдық-психологиялық қасиеттерін, сондай-ақ әскери атағын, тегін, атын, атқаратын лауазымын, мамандығын, отбасы жағдайын білуге, олармен әскери тәрбие және кәсіптік даярлығын жетілдіру жөніндегі жұмыстарды ұдайы жүргізуге;

олардың ақаусыздығын ұдайы қамтамасыз ете отырып, қару-жарақты, әскери және басқа техниканы пайдалануды, көшіруді және жөндеуді ұйымдастыруға; бөлімдерде (бөлімшелерде) регламенттеу жұмыстарын жүргізу және қару-жараққа, әскери және басқа техникаға, зымырандар мен оқ-дәрілерге техникалық қызмет көрсету жоспарларын сапалы орындауды, сондай-ақ оларды жөндеуге уақтылы жіберуді бақылауға;

жеке құрамның қару-жарақты, әскери және басқа техниканы пайдалану, көшіру және жөндеу ережелерін білуін жүйелі тексеруге;

әскери қызметшілерді іріктеуге, орналастыруға және аттестаттауға, жоғары лауазымдарға, келісімшарт бойынша әскери қызметке ұсыну және әскери оқу орындарына түсу; мамандығы бойынша курстық даярлыққа жіберу үшін кандидаттарды іріктеуге қатысуға;

кемінде жылына екі рет барлық қару-жарақтың, әскери және басқа техниканың, басқа да материалдық құралдардың техникалық жай-күйін тексеруге және жылына екі рет оқ ату қаруын тексеруді, бұл ретте тексеру нәтижелерін актілерде және бригада бойынша бұйрықтарда көрсетуге;

өз мамандығы бойынша бригадада наразылық шағымдану жұмысына басшылық жасауға;

белгіленген есепке алу мен есептілікті уақтылы жүргізуді, жоғары тұрған штабтар мен жабдықталым органдарына белгіленген жеткізілімдер мен есептерді ұсынуды ұйымдастыруға және бақылауға;

қару-жарақты, әскери және басқа техниканы пайдалану және жөндеуге шығару жоспарларына енгізу үшін қызметтер бойынша іс-шаралар жоспарларын әзірлеуге; олардың орындалуын ұйымдастыруға және бақылауға;

бөлімдерде (бөлімшелерде) жанар, жағар май материалдары мен арнайы сұйықтарды (агрессивті ортаны бөлу, қозғалтқыштарды және үйкелетін бөлшектерді суыту, отынның беткі жағының қатуын және онда мұз кристалдарының пайда болуын алдын алу үшін әскери техниканың гидравликалық таратуларында, гидрокүшейткіштерінде, амортизаторларында қолданылатын үстемелерді қоса отырып мұнай және синтетикалық негізде өндірілетін сұйықтарды) дұрыс қолдануды және үнемді жұмсауды қадағалауды жүзеге асыруға; паспорттардың тиісті бөлімдеріне алдын ала жаза отырып, бөлімдерде (бөлімшелерде) жанар, жағар май материалдарын және арнайы сұйықтарды пайдалануға рұқсат беруге;

ай сайын бригада командиріне оқ-дәрілер мен моторесурстар шығысының лимитін пайдалану нәтижелері туралы баяндауға;

бағынысты қызметтер бойынша материалдық құралдарды тексеруді және түгендеуді белгіленген мерзімде жүргізуді ұйымдастыруға;

бригаданың жеке құрамын техникалық даярлауға басшылық жасауға; қару-жарақты, әскери және басқа техниканы, оқ-дәрілерді зерделеу, техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру және жүзеге асыру жөнінде, сондай-ақ техникалық мамандықтардың сыныптық мамандарын даярлау жөнінде сабақтар өткізуге;

механик-жүргізушілерді (жүргізушілерді) даярлауды бақылауға;

өртке қарсы іс-шараларды және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға;

бағынысты қызметтер бойынша техникалық бекіністердегі арнайы құрылыстарды, парктер элементтерін, қоймаларды жабдықтау, оларды табиғатты қорғау құрылыстарымен және техникалық күзет құралдарымен жарақтандыру, өртке қарсы іс-шараларды орындау жөніндегі жұмыстарға басшылық жасауға;

парктердегі ішкі қызметті атқаруды ұйымдастыруға және бақылауға, бақылау-техникалық пункті бастығының жұмысына басшылық жасауға;

нарядқа түсер алдында парк бойынша кезекшіге, рейске шығар алдында жүргізушілерге (механик-жүргізушілерге) нұсқаулар беруге;

оқу-жаттығу құралдарын жөндеу және қызмет көрсету, сондай-ақ техникалық даярлық бойынша оқу материалдық-техникалық базасын жетілдіру және сақтау жөніндегі жұмыстарға басшылық жасауға;

бригаданың жөндеу бөлімшелерінің жұмысын жоспарлауға, жөндеу ротасына бір айға өндірістік жоспар-тапсырманы жеке өзі жасауға;

қару-жарақты, әскери және басқа техниканы, зымырандарды, оқ-дәрілер мен аспаптарды дайындау және пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және жүргізуге;

қару-жарақ, әскери және басқа техника, аспаптар апаттарының, аварияларының, бұзылуының, ақауының және зақымдануының себептерін талдауға, олардың алдын алу және жою жөнінде пәрменді шаралар қабылдауға;

бригада қару-жарағының, әскери және басқа техникасының құрылысын және пайдалану ережелерін, олардың бар болуы мен техникалық жай-күйін білуге;

өз мамандығы бойынша бригаданың қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін ақшалай қаражатты жоспарлауға және уақтылы игеруге қатысуға міндетті.

Штат бойынша командирдің қару-жарақ жөніндегі орынбасары көзделмеген бригадада оның міндеттерін техникалық қызметтердің біреуінің бастығы орындайды. Ол бригада командиріне бағынады және оған тікелей бағынысты бөлімдер (бөлімшелер) мен қызметтер жеке құрамының тікелей бастығы болып табылады.

 

 


Дата добавления: 2015-07-21; просмотров: 169 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бригада (1-дәрежелі кеме) командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары| Бригада командирінің тыл жөніндегі орынбасары

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)