Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Рота сержанты

Жеке батальон (2-дәрежелі кеме) командирі | Батальон (3-дәрежелі кеме) командирі | Батальон командирінің орынбасары | Батальон штабының бастығы | Батальон (3-дәрежелі кеме) командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары | Техникалық бөлім) орынбасары | Батальон командирінің тыл (жабдықтау) жөніндегі орынбасары | Батальон сержанты | Рота (4-дәрежелі кеме) командирі | Рота командирінің орынбасары |


Читайте также:
  1. Батальон сержанты
  2. Бригада сержанты
  3. Сержанты
  4. Сержанты и старшины

159. Рота сержанты бейбіт және соғыс уақытында рота сарбаздары мен сержанттарын оқыту, әскери тәрбиесі, тәртібі, моральдық-психологиялық жай-күйі; рота сержанттарына жауынгерлік даярлау жөніндегі сабақтарды сапалы өткізу; ротаның (команданың) сержанттар құрамының кәсіби даярлық деңгейі; ротадағы сыныптық мамандарды даярлау; оқу материалдық-техникалық базасын, оқу аспаптары мен жабдықтарын ұстау және жетілдіру; сарбаздар мен сержанттарды жауынгерлік кезекшілікте, жауынгерлік қызметте қызмет атқаруға даярлау; рота сержанттары мен сарбаздарының сыртқы пішіні үшін жауап береді.

Ол рота командиріне, ал рота сержанттарымен жұмыс мәселелері бойынша батальон сержантына бағынады және рота старшинасы мен аға технигінен (технигінен) басқа, ротаның барлық сержанттары мен қатардағы жауынгерлер құрамының тікелей бастығы болып табылады.

Рота офицерлері болмағанда рота сержанты рота командирінің міндеттерін орындайды.

160. Рота сержанты:

ротадағы сабақтар кестесін жасауға қатысуға;

ротаның жауынгерлік даярлығының есебін жүргізуге;

ротаның сержанттар құрамымен нұсқаулық-әдістемелік, практикалық сабақтар және ротаның сарбаздарымен және сержанттарымен жауынгерлік даярлық жөнінде сабақтар өткізуге; сарбаздарды жеке даярлауды ұйымдастыруға;

взводтар сержанттарына жауынгерлік даярлық жөнінде сабақтар ұйымдастыруда көмек көрсетуге және олардың өткізілуін бақылауға;

әрбір бағыныстының тегін, атын, жеке қасиеттерін, әскери қызметке дейін айналысқан қызмет түрін, отбасы жағдайын, жауынгерлік даярлықтағы жетістіктері мен кемшіліктерін; ротаның сержанттар құрамының кәсіби шеберлігі деңгейін білуге;

ротаның материалдық бөлімін, қару-жарағын, әскери және басқа техникасын пайдалану ережелерін білуге, апта сайын взводтарда оларға техникалық қызмет көрсетудің жүргізілуін, сондай-ақ сақтау тәртібі мен жағдайларын бақылауға;

қару-жарақтың, әскери және басқа техниканың, оқу материалдық-техникалық базасының оқу-жаттығулар мен сабақтарға әзірлігін, сондай-ақ оқу-жаттығулардан немесе сабақтардан қайтып келгеннен кейін олардың болуы мен жиынтығын тексеруге;

оқу-жаттығу жауынгерлік пайдалану тобының қару-жарағының, әскери және басқа техникасының жай-күйін бақылауға;

ротаның оқу материалдық-техникалық базасын жетілдіруге шаралар қабылдауға; жауынгерлік даярлық жөніндегі сабақтарды барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етуге;

алынатын жауынгерлік жарғылардың, тәлімдемелердің, оқу әдебиеттері мен құралдарының сақталуы мен есепке алынуын, сондай-ақ оларды уақытша пайдалануға беруді ұйымдастыруға және взводтарда олардың сақталуын бақылауға;

рота сарбаздары мен сержанттарынан әскери тәртіпті, күн тәртібін, қызмет уақытының регламентін сақтауды талап етуге, рота командиріне әскери тәртіптің бұзылуы туралы, сондай-ақ рота сарбаздары мен сержанттарына қолданылған көтермелеулер мен салынған тәртіптік жазалар туралы дереу баяндауға;

рота сарбаздары мен сержанттарының сабақтар, оқ атулар, оқу-жаттығулар мен жұмыстар жүргізу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауын талап етуге;

апта сайын ротаның сержанттар құрамымен қызметтік іс-әрекеттері, әскери тәртібі бойынша қорытынды жасауға, нәтижелері туралы рота командирі мен батальон сержантына баяндауға;

таңертеңгі дене жаттығуын жүргізуге басшылық жасауға, таңертеңгі тексеру мен кешкі тексеруді жүргізуге кезең-кезеңмен қатысуға;

рота сержанттары мен сарбаздарының жауынгерлік кезекшілікте және жауынгерлік қызметте қызмет атқаруға даярлығын ұйымдастыруға және бақылауға;

ротада спорттық жұмысты жүргізуге;

ротаның сарбаздары мен сержанттарына кезекті әскери атақтар, сыныптық біліктіліктер беру, оларды жоғары лауазымдарға ұсыну, әскери оқу орындарына және курстық даярлыққа жіберу жөніндегі жұмысқа қатысуға міндетті.

 


Дата добавления: 2015-07-21; просмотров: 196 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Рота командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары| Рота старшинасы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)