Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Есеп және талдау өткізу, қазіргі ағымдағы өтімділік және коэффициенті қамтамасыздандырылған құрал.

Читайте также:
  1. VІІ Блок 2.4 Қызметкерлер және ұйым.
  2. Ақша ағындарын оңтайландыру әдістері. Ақша ағымдары және олардың түрлері
  3. Адам және қоғам» білім беру саласы бойынша күтілетін нәтижелер
  4. Адам және қоғам» білім беру саласындағы бастауыш білім берудің базалық мазмұны
  5. Азақстан Алтын Орданың құрылуы, гүлденуі және құлдырау кезеңінде.
  6. Азақстан Республикасындағы білім, ғылым, мәдениет және денсаулық сақтау ісінің дамуы.
  7. Азақстандағы социолистік индустрияландырудың ерекшеліктері, нәтижелері және олқылықтары.

Қаржаттың айналымда болу кезеңі, едәуір дәрежеде кәсіпорынның ішкі жағдайымен бірінші кезекте, оның активтерін басқару стратегиясының тиімділігімен (немесе жоқтығы) анықталатындығын айта кету керек.

Шынында да, қолданылған бағас аясаты, құрылған құрылымы, пайдаланылған тауарлы-материалды қорларды бағалау әдістемесіне байланысты кәсіпорын өз қаражатының айналымының ұзақтығына көп немесе аз әсер ету еркіндігіне ие болады.

Іскерлік белсендіоік коэффициентінің кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау үшін үлкен маңызы бар, өйткені қаражаттың айналым жылдамдығы кәсіпорынның төлем қабілетіне тікелей әсер етеді. Оған қосымша, басқадай бірдей жағдайда қаражаттың айналым жылдамдығының өсуі кәсіпорынның өндірістік-техникалық күшінің артқаныны көрстетеді.

Кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің көрсеткіштеріне мына коэффициенттер жатады:

Капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті. Ол жылына қанша рет айналу мен толық циклі болатындығын және активтердің әрбір ақша бірлігі сатылған өнімнің қанша ақша бірлігін әкелгенін көрсетеді. Бұл көрсеткіш мына формула бойынша анықталады:

 

КОА = ДN

AK, (35)

Мұнда, КОА – капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті;

ДN - өнім сатудан (жұмыс, қызмет көрсету) түскен табыс (саудадан түскен ақша);

AK – жиынтық капитал (кезеңдегі орташа баланс валютасы).

Жиынтық капиталдың кезеңдегі орташа шамасының жалпы айналымдылық коэффициенті іскерлік белсенділігі туралы жан-жақты түсінік береді. Сатудыан түскен табыстың баланс валютасының (барлық, капиталдың) орташа шамасына қатынасымен есептелетіп ол, кәсіпорынның барлық капиталының айналым санын көрсетеді және олардың жұмылдыру көздеріне байланыссыз, барлық ресурстарды кәсіпорынның пайдалану тиімдігімен сипаттайды. Бұл көрсеткіш салаға байланысты ауытқып отырады және өндіріс процесінде ерекшеліктерді қамтып көрсетеді.

Түрлі кәсіпорындарға немесе бір кәсіпорынға әр жылдардағы жалпы айналымдылық коэффициентін салыстырғанда, активтердің орташа жылдық сомасын бағалауда біркелкілі қамтамасыз етілгендігін тексеру қажет. Одан басқа, бұл көрсеткіш бірдей жағдайда кәсіпорынның негізгі құралдары көбірек тозған сайын жоғарылай береді. Белгіленген жағдайлар, капиталдың жалпы айналымдылық коэфиициентін талдау қажетті түзетулерді ескере отырып жүргізуді керек етеді.

Капиталдың жалпы айналымдылғы коэффициент = 155644/ 11899518 = 0,8 жыл басында;

2345052/ 5364227 = 0,4 жыл аяғында

Көрсеткіш кәсіпорынның жалпы капиталын (басқа ресурстарды) пайдалану тиімділігінің төмендегенін көрстетеді. Егер өткен жылы, кәсіпорында активтердің әрбір ақша бірлігі 80 тиын келтірсе, есеп беру жылында ол 4 тиынға кемиді. Нәтижесінде кәсіпорынның барлық мүмкіншіліктерін пайланып, өнімді сатудлан түскен табыс оүріндегі жалпы тиімділігі өткен жылмен салыстырғанда арттыруға мүмкіндік береді.

Бұл көрсеткіш төменде жан-жақты қаралады, өйткені ол көбінесе кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайды.

Меншікті капиталдың айналымдылық коэффициенті

Бұл көрсеткіш қызметті әр қырынан сипаттайды: коммерциялық көзқараспен қарағанда ол сатудың артықтығын немесе жеткіліксіздігін анықтайды; қаржылық жағынан – салынған меншікті каптталдың айналым жылдамдығын, ал экономикалық тұрғыдан – кәсіпорынның меншік иелері (акционерлер, мемлекет немесе басқадай меншік иелері) көрсетеді. Егер коэффициент өте жоғары болса, салынған капиталдан сату деңгейінің едәуір артқандығын білдіреді, ал бұл несиелік қорлардың артуын, меншік иелеріне қарағанда істе кредиторлардың көбірек қатысуы мүмкін шекке жетуінен туындайды. Бұл жағдайда міндеттемелердің меншікті капиталға қатынасы артады, кредиторлардың қауіпсіздігі төмендейді және табыстың кемуіне байланысты кәсіпорын айтарлықтай қиыншылықтарға кездесуі мүмкін. Керісінше коэффициенттің төмендегі меншікті капиталдың бір белгінің әрекетсіз жатқандығын білдіреді. Бұл тұста коэффициент, меншікті қаражатты осы жағдайда сай келетін табыс көзіне салу қажеттігін көрсетеді.

Біздің кәсіпорында бұл көрсеткіштің деңгейі едәуір төмендеді. Егер меншікті капитал өткен жылы 0,03 бұл кәсіпорынның акционерлерінің қаражатын пайдалану тиімділігінің төмендегенін дәлелдейді.

Айналымның жылдамдауы нәтижесінде айналым қаражатының заттық элементтері босайды, шикізат, материалдар, отын қорлары мен аяқталмаған өндірісті істеу аз қажет болады, демек, бұрын осы қорлармен іске салынған ақш ресурстары босап шығады. Босаған ақша ресурстары кәсіпорынның ең өтімді активтерін арттырады, нәтижесінде оның төлем қабілеті бекіп, қаржылық жағдайы жақсарады.

Ағымдағы активтердің айналым жылдамдығы бұл - өзі өндірістік-шаруашылық қывзметтің ұйымдастыру-техникалық деңгейінің кешенді көрсеткіші. Айналым санының артуына айналу уақыты мен өндіріс уақытының қысқаруы есебінен қол жеткізуге болады. Өндіріс уақыты технологиялық процесс пен пайдаланылған техниканың сипатымен байланысты. Оны қысқарту үшін технологияны жетілдіріп, еңбекті механикаландыру және автоматтандыру қажет.

Айналым уақытын қысқартуға мамандану мен бірлесудің дамуы, тікелей шаруашылық аралық байланыстырудың жақсаруы, жүк тасу, өзара есеп айырысу мен құжат айналымын тездетумен қол жеткізуге болады.

Әрбір кәспорын үшін айналымдылық коэффициенті өзіндік сипатта болады, егер ол анықталған болса, онда оның мағынасын қолайлы деңгейде ұстап тұру керек. Оны табу оп-оңай, егер кәсіпорын коэффициенттің осы мағынасына үнемі заемдық капиталды пайдалануға тырысатын болса, онда шығындарды жабу мен қызмет ауқымын кеңейту үшін айналым каптталының айналымдылығының бұл жылдамдығы ақша қаражатын жеткіліксіз мөлшерде туындап отырғанын көрсетеді.

Ал керісінше, егер кәсіпорын тұрақты саут көлемінде немесе оның артуы барысында жеткілікті табыс тапса, онда айналым капиталыныңы айналым жылдамдығы тиімді болғандығы.

Ағымдағы активтердің айналымдылық жылдамдығы, доғарыда келтірілген формула бойынша есептелген оның айналым санымен ғана емес және айналымның ұзақтығымен, айналым қаражатының беку коэффициентімен де сипатталады (немесе айналымдылық айналым коэффициентімен).

Сонымен, ағымдағы активтердің айналымдылық коэффициенті кәісіпорынның барлық мобилдік қаражатының айналым жылдамдығын көрсетеді. Оның өсуі материалдық айналым қаражатының айналымдылық коэффициентінің артуымен үлесте ол жағымды, ал егер соңғысы азайча онда жағымсыз.

5. Материалдың айналым қаражатының айналымдылық коэффициенті кәсіпорыннңы талдау кезіндегі шығындары мен қорларының айналым санын кеөрсетеді, яғни олардың сатылу жылдамдығын сипаттайды. Толықтай алғанда бұл коэффициенттің мәні жоғары болған сайын, осы аз өтімді бапта соғырлым азырақ қаражат байланады, кәсіпорынның қаржылық жағдайы тұрақтанып, айналым капиталында көбірек өтімді құрылым болады. Және керісінше, басқадай жағдайда тауардың шамадан тыс жиналып қорлануы, кәсіпорынның іскерлік белсенділігіне кері әсер тигізеді. Коэффмициенті есептеу формула бойынша жүргізіледі, онда алымындпа сатудан (ақша) түскен табыс, ал бөлімінде – кезеңдегі шығындар мен материалдық - өндірістік қорлардың құнының орташа шамасы.

Өндірістік қорлар (материалдар) оларды дайындау (сатып алу) құны бойынша есесптелетіндіктен, қорлардың айналымдылық коэффициентін есептеу үшін сатудан түскен табыс емес, сатылған өнімнің өзіндік құны пайдаланылады.

Енді материалдық қорлардың айналымдылығының көрсеткіші шамасына оларды бағалаудың сол немесе басқа әдісін пайдаланудың қалай әсер ететіндігін қарайық.

Біздің елімізде осы кезге дейін материалдық қорларды бағалаудың ең кең тараған тәсілі, дайындаудың орташа сарапталған нақты өзіндік құны бойынша бағалау болвп келді. Кәсіпорын үшін оны пайдаланудың жағымсыз салдарына мыналарды жатқызуға болады, бір жағынан ол сатылған өнімнің өзіндік құнын төмендетеді (табыс пен одан төленетін салықты шүамадан тыс көтереді), екінші жағынан материалдың қалдығының құнын айтарлықтай төмендетуге әкеліп соғады демек, олардың айналымдылығын жасанды түрде арттырады.

Тауарлы – материалдық құндылық қорларын сатып алу құны бойынша (ФИФО) бағалау тәсілін қолдану сатылған өнімнің өзіндік құны материалға ең төмен (инфляция жағдайында) бағадан басталып құрылып, ал олардың қалдықтары ең жоғары (нарықтық) құны бойынша бағалануына әкеліп соғады. Осыған байланысты материалдық айналым қаражатының және бүтіндей ағымдағы активтерлің айналымдылығы бұл жағдайда жоғарыда қараған тәсілдерге қарағанда объективті түрде төмен болады (осыған байланысты мынаны есте ұстаған дұрыс: өзінің кредиторлары немесе инвесторларына кәсіпорындағы қаражаттың жоғары айналымдылығы туралы ақпарат беруге ынталы менеджерлердің көз қарасынша әдістің бұл артықшылығы, сонымен қатар оның кемшілігі де болып көрінуі мүмкін).

Сонымен,тауарлы – материалдық қорларды бағалаудың үш қаралған тәсілі мысалдарынан, алға қойылған міндеттер мен активтерді басқарудың ұшталған стратегиясынан басталған кәсіпорын, өзінің активтерінің айналымдылық коэффициентінің шамасын белгілі мөлшерде зерттеуге мүмкіндік алатынын көруге болады.

Біздің кәсіпорнымызда сатылған өнімнің өндірістік өзіндік құны негізінде есептелген материалдық айналым құралдарының айналымдылық коэффициенті есеп беру жылында 5,9 рет құрады.

6. Дайын өнімінің айналымдылық коэффициенті. Бұл көрсеткіш өнімді сатудан түскен (жұиыс, қызмет көрсету) табыстың (ақша) кезеңдегі дайын өнімінің орташа шамасына қатынасымен формула бойынша анықталады.

Ол дайын өнімнің айналым жылдамдығын көрсетеді. Оның өсуі кәсіпорынның өніміне деген сұраныстың артқанын көрсетеді, ал төмендегі – сұраныстың төмендеуіне байланысты дайын өнімнің шамадын тыс жиналып қалғанын білдіреді.

7. Дебиторлық борыштың айналымдық коэффициенті ол өнімді сатудан түскен табыстың (ақша) кезеңдегі дебиторлық борыштың орташа шамасына қатынасымен формула бойынша анықталады.

Сапасы мен көлемін бағалау үшін пайдаланылып, кәсіпорын берген комерциялық несиенің ұлғайғанын немесе төмендегенің көрсетеді. Егер коәффициент шоттарды төлеуге қарай құрылған сатудан түскен табыс (ақша) бойынша есептелсе, оның өсуі- несиеге сатудың азайғанын, ал төмендеуі- несиеге берудің көлемінің артқанын білдіреді.

Бұл көрсеткіш компанияның қойған шоттарын клиенттерлің төлеуге қажет уақытын сипаттайды. Осы көрсеткіштің төмендеуі – оң, ал артуы – теріс бағаланады.

8. Кредиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті. Ол өнімді сатудан түскен табыстың (ақша) кезеңдегі кредиторлық борыштың орташа шамасына қатынасымен формула бойынша есептеледі.

Кредиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті сияқты коммерциялық несиенің артқанын немесе төмендегенін көрсетсе, ал керісінше кредиторлық борыштың айналымдылық коәффициенті кәсіпорынға берілгенін айқындайды. Кредиторлық борыш коәффициентінің өсуі – кәсіпорынның борышты төлеу жылдамдығының артқанын, ал төмендеуі- несиеге сатып алудың артқанын көрсетеді.


Дата добавления: 2015-08-13; просмотров: 337 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Кесте 13. Айналым қаржыларының құрамы мен құрылымын талдау. | Кесте 14. "Ақ-Жол-Сервис KZ" ЖШС -ындағы өнімінің 12,7 кг-ға шаққандағы өзіндік құны. | Ндірістік өнімді есептеу. | Кесте 16. "Ақ-Жол-Сервис KZ" ЖШС – ндегі дайын өнім бойынша операциялар есебі. | Кесте 17. "Ақ-Жол-Сервис KZ" ЖШС -нің пайда мен зиян туралы есебі. | Кесте 18. "Ақ-Жол-Сервис KZ" ЖШС -нің жұмысының тиімділігін сипаттайтын рентабельділік көрсеткіштерін талдау | Кесте 19. Есеп берудің мәліметтері мен пайдалылығы | Компаниядағы қаржылық талдау. Қаржылық коэффициенттердің жүйесі.Шығынсыздық талдау. | Аржылық жоспар. Бюджеттеу. | Тауарлы – материалдық қаражатты басқару. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Модуль 5. Қаржылық нәтижелер және баланстың құрылым бағасы.| Ақша қаражатының айналымдылық коәффициенті.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)