Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тауарлы – материалдық қаражатты басқару.

Читайте также:
  1. XV-XVIII ғғ. қазақтардың материалдық рухани мәдениетінің ерекшеліктері.
  2. Ақша қаражаттарын басқару. Ақша қаражаттарының бюджеті.
  3. Натуралды және тауарлы шаруашылық сипаттамасы
  4. Сақтар: жазба деректері, материалдық және рухани мәдениеті, қоғамдық құрылысы.

Материалдық өндіріс пен құрылыста тауарлы-материалдық қорларды тұтыну көлемі үнемі өсіп келеді, бұл өндіріс көлемі мен құрылыстың артуымен байланысты, сонымен бірге материалдық ресурстар бағасы да жыл сайын өсіп келеді. Оның нәтижесінде өнімнің материал сыйымдылығы артып, жалпы шығындардағы материалдық шығындардың үлес салмағы өседі.

Өнім өндірісі жоспарын орындау мен өнімнің өзіндік құнын төмендетудің, пайда мен рентабельділік деңгейін жоғарылатудың қажетті шарттарының бірі — өндірісті қажетті шикізат пен материалдармен толық, әрі уақтылы қамтамасыз ету болып саналады.
Кәсіпорынның шикізат пен материалдармен қамтамасыз етілу деңгейі, сатып алынған материалдардың сапасы, олардың стандарттар мен техникалық талаптарға сәйкестігі, өндіріс үрдісінің үздіксіз жүруі мен кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесін анықтаушы факторлар болып саналады. Себебі материалдық ресурстар шығындардың елеулі бөлігін құрайтын шығын элементі, оның өзгерісі шығын динамикасы мен өнімнің өзіндік құныны үлкен әсер етеді. Сол себепті материалдық ресурстарды үнемді пайдалану мен оны пайдалану тиімділігін арттыру кез-келген кәсіпорын үшін маңызды. Сол себепті материалдық ресурстарды басқару – кәсіпорын қызметінің маңызды бөлігі [10, 207б.].
Кәсіпорынды басқару ісінде материалдық ресурстарды басқару маңызды орын алады. Материалдық ресурстар кәсіпорынның айналым қорының бір бөлігін құрайды, яғни әрбір циклде толық пайдаланылатын қаражат болып табылады және өз бағасын дайын өнім бағасына толық ауыстырады.
Кәсіпорын табысты жұмыс жасау үшін оның материалдық ресурстарды пайдалану, тарату құрылымы нақты да, жасырусыз болу қажет.
Нақты мақсаттарға жету үшін кәсіпорынның материалдық ресурстарын басқару жүйесінің комплексті талдау арқылы мүмкін, сондай-ақ материалдар, статьялар және осы тақырыпқа аналитикалық материалдар арқылы.
Материалдық ресурстардың үлкен үлесін негізгі материалдар құрайды. Оларға өнім шығаратын және негізгі құрамы болатын еңбек құралдары жатады (автомобиль жасап шығарған кезде олар – металл, шыны, мата және т.б.) қосымша материалдарға, өндірісте қызмет көрсеті процессінде тұтынылатын немесе негізгі материалдарға қосылатын материалдар жатады (майлау, қаптау, бояулар және т.б.) [11, 85б.].
Қазіргі уақытта өндірістік кәсіпорындар озық үлгідегі есептегіш техникасымен жабдықталған, солардың көмегімен кәсіпорынның сыртқы және ішкі әсер ететін факторларын ескере отырып материалдық ағынды модельдеу мүмкін болып отыр, сондай-ақ материалдық ресурстардың басқару жүйесін шығару мүмкін болып отыр.
Айтылып кеткен принциптер бірге жұмыс жасау керек, немесе олар бірқалыпты жағдайды немесе жүйенің пайдалы жұмыс жасауын белгілейді.
Тиімсіз жағы ретінде ірі тауарлық қорының ұйымдастырылуы белгілі бір жағдайларда материалдық ресурстардың сапасына кері әсерін тигізеді және әрқашанда қажет емес, сонымен қатар шығын көбейеді және айналымдағы қаражаттың жұмыс жасауын төмендетеді.Кәсіпорынның тиімді жұмыс жасауына және қаржылық мүмкіндігін жоғарылату шараларының ішінде айналымдағы қаражатты тиімді пайдалану маңызды орын алады. Нарықтық экономика жағдайында айналымдағы қаражатты тиімді пайдалану тіпті үлкен актуалды мәселеге айналды. Айналымдағы қаражаттың тиімді пайдалану экономикалық көрсеткіштер жүйесімен сипатталады және ең алдымен айналымдағы қаражаттың айналымдылығымен сипатталады. Айналымдағы қаржының айналымдығы деп оның ақша түрінен өндірістік қорларға айналып, дайын өнімін сатылығанына дейін бір айналымды айтады. Айналым – түскен кірістің кәсіпорын шотына түсуімен бітеді. Айналымдағы қаражаттың айналым қарқындылығы экономиканың бір саласындағы және түрлі салаларындағы кәсіпорындарда бірдей болмайды және ол өндірістің ұйымдастырылуына, өнімдерді өткізу үрдісіне және т.б. факторларға байланысты болады. Мысалы өндірістік циклы ұзақ келетін машина жасау өндірісінде айналым уақыты өте үлкен, ал тамақ және өндіруші өндірістерде айналым уақыты аз келеді. Материалдар және шикізат базасын құру үшін әржақты шешімдер бар.

Негізгілері:
— АВС – талдау (бастапқы талдау);


— баллдық системамен бағалау;


— шикізаттар мен материалдардың бағасын талдау;


— шешулердің математикалық модельдері.


Осыдан шикізат пен материалдың талдау бағасын толығырақ қарастырамыз.
Тауар құнын талдау көп жағдайда тауардың тұрып қалуын және шығарылатын өнімдер құнын төмендету үшін қолданылады, мұндағы көздеген мақсат кәсіпорынның шаруашылық ахуалын күшейту және дайын өнімдерді өткізу көлемін үлкейту болып саналады.
Шикізаттар мен материалдардың бағасын талдаудың арқасында:


— шикізат пен материалға кеткен шығын азаяды;


— шикізаттан материалдарды дайындау уақыты үнемделеді;


— дайын өнім сапасы артады;


— сенімді инвестицияларға кететін шығын азаяды.


Төменде келтірілген баға талдауы кәсіпкерліктің көптеген түрлерінде қолданылады.
1. Дайындық этапында алдымен шикізат пен материалдарды зерттеудің мақсаты жасалады, ұйымдастырушылық дайындық шешімдері ұйымдастырылады.
2. Екінші кезекте өз өнімі туралы ақпарат жиналады, сонымен қатар өзара салыстыруға қажет сол өнімдер, іспеттес бұйымдар туралы ақпараттар да жиналады.
3. Келесі этапта шикізат пен материалдың нақты жай-күйін зерттеу арқылы өндірістің кем жақтары ашылады.
4. Бұдан кейін өз өнімінің сапасын арттыру туралы және өндіріс процесін жақсарту туралы ұсыныстар жасалады.
5. Бесінші этапта жасалған ұсыныстар шығын мен кіріс шамаларына қатысты бағаланады.
6. Келтірілген ақпаратардан ең тиімді, пайдалы және іске асатын шешімдер таңдалады.
7. Баға анализінің соңғы этапы ретінде таңдалған шешімді өндіріске енгізу болып табылады.Кәсіпорынның мүлтіксіз жұмыс жасауына негізгі шикізат пен материалдар қоры, көмекші шикізат пен материалдарының қоры, тез ескіретін өндіріс құралдарының қоры қажет. Материалдық ресурстардың кешігіп жеткізілген шығындар ғана емес, сонымен бірге олардың белгілі бір өндірістік-шаруашылық жағдайларды жоқтығы да әсер етеді.
1) тауарлық-материалдық қорды ұйымдастырғанда, сақтағанда ең көп тараған кештетіп жеткізу факторларын қарастырайық:
— сауда шығындары – пайыздар, кепілдік, капитал салығы;
— сақтауға кеткен шығындар – қойманы бақылау (жылыту, жарықтандыру, қызметкерлер жалақысы және т.б.), қордың орнын ауыстыру операциялары.
2) тауарлық-материалдық қорларды басқаруға кеткен шығындар:
— басқарушы және қызмет көрсетуші персоналды оқыту;
— басқарушы және қызмет көрсетуші персоналды жалдау.
3) Қордың дефицитінен, яғни жетіспеушілігінен туындаған шығындар да әр түрлі:
— материалдық ресурстарды жеткізу жұмыстарын жеделдетуге кеткен шығындары: өзара байланыс жүйесін ұйымдастыруға кеткен шығындар, материалдық ресурстарды тез жеткізгені үшін берілетін үстемақының шығындар; жедел жеткізуге байланысты материалдық ресурстарды аз көлемде жеткізудің әсерінен қымбаттауға жұмсалған шығындар;
— өндірістік бағдарламаны түзетуге кеткен, бұрыс графикпен жасалған дайын өнімдерді сатуға кеткен шығындар;
— сауда шығындары: кірістің азаюы және материалдық ресурстардың жетіспеушілігінен туындаған сатылатын өнімдердің азаюына байланысты үстеме шығындардың өсуі.
Ірі тауарлы-материалдық қорлардың тиімдігін және оның кемшілігін жалпылап көрсетуге болады.Тиімді жағы тұтынушыларды өніммен қамтамасыз ету деңгейі жоғары болады және кәсіпорынның тұрақты жұмысы қамтамасыз етіледі.Айналымдағы қаражаттың айналымдылық көрсеткіші жалпы және жеке элементтері арқылы есептелуі мүмкін. Айналымдағы қаражаттың айналу көрсеткішінің өзгерісін, оның нақты мәнін жоспар бойынша берілген мәніне немесе алдыңғы периодтағы мәніне бөлу арқылы табуға болады.Аталған көрсеткіштің айналу қарқыны үдеген сайын, айналымдағы қаражаттың артық материалдық ресурстар бөлінеді. Өз кезінде бұл қосымша қаражаттың бөлінуіне алып келеді. Керісінше, айналу қорын төмендесе, айналым қаражатына қосымша қаражат қосылады.
Айналым қаражатының айналу үрдісінің үдеуі арқасында артылған қаражат абсолютті және салыстырмалы болуы мүмкін. Абсолютті қаражат болып саналады, егер айналымдағы қаражат қалдығы нормативтен немесе алдыңғы периодтағы қалдықтан жоғары болса.Айналымдағы қаражаттың салыстырмалы түрде артылуы болады, егер айналу үрдісінің үдеуі кәсіпорынның бағдарламасынан асып түссе және өндіріс көлемінің қарқыны айналымдағы қаражат қалдығының өсу қарқынынан жоғары болса.
Айналымдағы қаражатты тиімді қолдану көптеген факторларға байланысты. Олар сыртқы және ішкі болып екіге бөлінеді. Сыртқы факторлар кәсіпорынның әсеріне тәуелсіз болып келеді, оған: жалпы экономикалық ахуал, салық заңы, немесе алу шарттары және олардың пайыздық ставкасы, бюджеттің қаржыландыруымен жүретін бағдарламаларға қатысу, мақсатты қаржыландыру жатады. Аталған факторлардың шектеуінде кәсіпорын өз күшімен ішкі факторларға әсер етіп отырады.

 


Дата добавления: 2015-08-13; просмотров: 713 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Амортизациялы шығынды есептеу. | Кәсіпорынның айналым қаражатын анықтау. | Кесте 13. Айналым қаржыларының құрамы мен құрылымын талдау. | Кесте 14. "Ақ-Жол-Сервис KZ" ЖШС -ындағы өнімінің 12,7 кг-ға шаққандағы өзіндік құны. | Ндірістік өнімді есептеу. | Кесте 16. "Ақ-Жол-Сервис KZ" ЖШС – ндегі дайын өнім бойынша операциялар есебі. | Кесте 17. "Ақ-Жол-Сервис KZ" ЖШС -нің пайда мен зиян туралы есебі. | Кесте 18. "Ақ-Жол-Сервис KZ" ЖШС -нің жұмысының тиімділігін сипаттайтын рентабельділік көрсеткіштерін талдау | Кесте 19. Есеп берудің мәліметтері мен пайдалылығы | Компаниядағы қаржылық талдау. Қаржылық коэффициенттердің жүйесі.Шығынсыздық талдау. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Аржылық жоспар. Бюджеттеу.| Модуль 5. Қаржылық нәтижелер және баланстың құрылым бағасы.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)