Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Кәсіпорынның айналым қаражатын анықтау.

Читайте также:
  1. Ақша қаражатының айналымдылық коәффициенті.
  2. Айналым қаражаттарын нормалау әдістері. Кәсіпорынның айналым қаражаттарын құру көздері.
  3. Жарғылық капитал мөлшерін анықтау.
  4. Кәсіпорын қаражатының нәтижесін қолдану көрсеткішін есептеу.
  5. Кәсіпорынның негізгі басшылығымен және мамандарымен, еңбек жағдайы мен жұмыс тәртібімен танысу.
  6. Кесте 13. Айналым қаржыларының құрамы мен құрылымын талдау.

Кәсіпорынның айналым қоры мен айналым капиталы түсінігін, оның мәнін, қызметі мен құрамын қарастырайық. Бұл түсініктер барабар ұғымдар емес екенін естен шығармау керек. Айналым қоры – бұл өндірістік үдерістің міндетті, ал өнімнің өзіндік құнының негізгі бөлігі (элементі). Оның негізгі өндірістік қорлардан ерекшелігі-айналым қоры әрбір өндірістік циклде толығымен тұтынылып, өзінің құнын өндірілген өнімге толығымен өткізеді.

Айналым қоры өндірісте пайдалануға немесе белгілі бір жұмыс пен қызметті орындауға арналған шикізаттар, материалдар, сатып алынған жартылай өңделген өнімдер, құрастырушы өнімдер, отын, ыдыс, ыдысқа арналған материалдар, қосалқы бөлшектер және басқа да материалдар аяқталмаған өндіріс түрінде болады. Өнім бірлігіне жұмсалған шикізат, материалдар, отын мен энергия шығыны неғұрлым аз болса, өнімді өндіруге және дайындауға жұмсалатын еңбек шығыны соғұрлым үнемді, әрі оның өзіндік құны арзан болады.

Айналым қорына қарағанда айналым капиталы экономикалық санат ретінде кең мағынаны білдіреді. Ол айналым қоры мен айналыс қорынан тұрады.Айналыс қоры қызмет барысында сатуға шығарылған дайын өнім, тауарлар, сондай-ақ кәсіпорын кассасындағы немесе банкінің есеп айырысу шотындағы қаржылар және дебиторлық қарыздар түрінде көрінде.

Айналыс қорлары құн түзуге қатыспайды, бірақ түзілген құнды жеткізуші болып табылады. Айналыс қорының негізгі қызметі – ақшалай қаражат арқылы айналымның үздіксіздігі мен бір қалыптылығын қамтамасыз ету. Кәсіпорындардың іс-әрекеттерін қамтамасыз етудегі міндетті шарт-қолда бар айналым капиталының (айналым қаражаттары) болуы. Айналым капиталы – бұл өндірістік айналым қорларын құру, пайдалану және үздіксіз өндірістік процестер мен өнімді өткізуді қамтамасыз ету үшін авансылаудың ақшалай қаражаттарының жиынтығы. Айналым капиталының мәні — ұдайы өндірістік процестердің қажеттілігін қамтамасыз етудегі экономикалық ролімен анықталады.

Ақшалай қаражаттың айналымы жасалатын уақыт кезеңі өндірістік-коммерциялық циклдің ұзақтығы деп аталады.

Аталмыш цикл шикізат пен материалға ақша төлеу және даяр өнім сатудан ақша түсу арасындагы уақыттың бір бөлігінен құралады. Осы циклдің ұзактығына жеткізушінің кәсіпорынды кредиттеу кезеңі, кәсіпорынның сатып алушыны кредиттеу кезеңі, шикізат пен материал запаста болатын кезең, даяр өнім шығару және оны қоймада сақтау кезеңі ыкпал етеді.

Айналым капиталын жоспарлау, есептеу және талдау практикасында келесі белгілер бойынша топтастырылады:

1) өндіріс процесіндегі функционалдық рөліне байланысты-өндірістік айналым қоры (құрал-жабдық) және айналыс қоры;

2) бақылау, жоспарлау және басқару практикасына байланысты — нормаланатын айналым капиталы және нормаланбайтын қарыз капиталы;

3) айналым капитал қалыптасатын көзге байланысты — меншік айналым капиталы және қарыз айналым капиталы;

4) өтімділікке (ақшалай қаражатқа айналу жылдамдығы) байланысты-абсолютті өтімді қаражат, жылдам сатылатын айналым қаражаты, баяу сатылатын айналым қаражаты;

5) капиталды салу тәуекелінің дәрежесіне байланысты — салу тәуекелі барынша аз айналым капиталы, салу тәуекелі шамалы айналым капиталы, салу тәуекелі орташа айналым капиталы, салу тәуекелі жоғары айналым капиталы;

6) материалдық-мүліктік маңызына байланысты — енбек құралы (шикізат, материал, отын, аяқталмаған өндіріс және т.б.), даяр өнім мен тауар, есептердегі ақшалай қаражат пен құрал-жабдық.

Айналым капиталының айналымдылық коэффициенті (Ка). Ол бір жыл ішінде айналым капиталының айналым санын көрсетеді және төмендегідей формула көмегімен анықталады:

 

Ка = V / С


мұндағы: (20)

V- өндірілген өнім көлемі;

С – айналым құралдарының құны (соммасы).

Айналым капиталының айналымдылық ұзақтығы (күн). Ол келесі формуламен анықталады:

А ұз = К / Ка. (21)

мұндағы:

Ка - айналым құралдарының айналым коэффициенті;

К – кезең ұзақтылығы (1 жыл болса 360, тоқсан болса 90).

"Ақ-Жол-Сервис KZ" ЖШС -де айналымдылық коэффициенті табу үшін:

2013 жыл (мың,тг).

Ка=428 345 208/ 196 884 940=2.17

2014 жыл (мың,тг).

Ка=929 028 204/295 248 270=3.1

"Ақ-Жол-Сервис KZ" ЖШС -нің капиталының айналымдылық ұзақтығы:

2013 жыл

А ұз = 360 / 2.17= 166

2014 жыл

А ұз = 360 / 3.1= 116

 


Дата добавления: 2015-08-13; просмотров: 889 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Жанжалды, даулы әңгімелесушімен қалай болу керек. Жеке адамның жанжылды жағдайдағы әртүрлі стилдегі әрекеті. | Аудиториямен жұмыс істеу қағидасы. Презентацияның негізгі ережелері және аудиториямен жұмыс. | Ндірістік жеке жұмыс. Жеке жұмыс стильі. Күнделікті жұмыс жоспары, жұмыс үстелі. Жай қателермен өзін -өзі бақылау. | VІІ Блок 2.4 Қызметкерлер және ұйым. | Сызба 3. Еңбекті нормалаудың түрлері | Кесте 4. Ұйымның өндірістік қуаттылығы | Жұмысшылар санының есебі. Жұмысшылардың жылдық еңбек ақы корын есептеу. Өндірістік қызеткерлердің еркін кестесі. | Німнің түрлерін рентабельділікті есептеу. | Жарғылық капитал мөлшерін анықтау. | Кәсіпорын қаражатының нәтижесін қолдану көрсеткішін есептеу. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Амортизациялы шығынды есептеу.| Кесте 13. Айналым қаржыларының құрамы мен құрылымын талдау.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)