Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Адам және қоғам» білім беру саласы бойынша күтілетін нәтижелер

Читайте также:
  1. VІІ Блок 2.4 Қызметкерлер және ұйым.
  2. Ақша ағындарын оңтайландыру әдістері. Ақша ағымдары және олардың түрлері
  3. Адам және қоғам» білім беру саласындағы бастауыш білім берудің базалық мазмұны
  4. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
  5. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 1 страница
  6. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 2 страница

а) Бастауыш білім беру деңгейінде білім алушы:

- Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін, мерекелерін, елордасының атауын және ірі қалаларын білуі;

- Қазақстан тарихындағы елеулі оқиғалар туралы жалпы түсінігінің болуы;

- бала құқығы туралы, отбасындағы, сыныптағы міндеттері туралы жалпы түсінігінің болуы;

- қазақ халқының және Қазақстан Республикасында тұратын өзге де халықтардың мәдени құндылықтары, дәстүрлері туралы жалпы түсінігінің болуы;

- Қазақстанның экономикасы мен экономикадағы табиғи байлықтардың рөлі туралы жалпы түсінігінің болуы;

- адам мен қоғам өміріндегі еңбектің маңызы туралы жалпы түсінігінің болуы;

- бұрынғы зерделенген құндылықтар туралы кең көлемді түсінігінің және құндылық: еңбек, қызмет ету, шындық, үйлесім, сұлулық, руханияттылық, өнегелілік, адамгершілік туралы жаңа түсінігінің болуы;

- тәртіптің адамгершіліктік–этикалық нормаларын сақтауы;

- Отанның, отбасы мен қоғамның мән-мағынасын түсінуі;

- адами сезімдер мен эмоцияларды айыра білуі, өзінің эмоциялық күйін ажырата алуы, өзінің сезімдері мен талпыныстарын жеткізе білуі;

- жағымсыз эмоциялар мен іс-әрекеттерді ұстай алуы;

- өз сөзі мен ісіне жауапкершілігін көрсетуі;

- адамның мейірімді және мейірімсіз сезімдері мен қылықтарын ажырата алуы, олардың себептері мен салдарын талдай білуі;

- денені дамыту қажеттігін түсінуі, сауықтыру әдістемесі мен өмір қарекетінің қауіпсіздік шараларын практикада қолдана білуі;

- өз ойы мен алған әсерлерін жеткізе білуі;

- адамдарға көңіл бөлуі және сыйлауы, өзін сыйлауы, дармен өзара жағымды достық қарым-қатынас жасай білуі; топта, сыныпта, үйде, сондай-ақ таныс емес адам;

- өз туыстары мен жақындарының еңбегі мен кәсібіне ықылас танытып, құрмет көрсете білуі;

- оқитын әдебиеттерді саналы түрде таңдауды; өз мінез-құлқын әдеби кейіпкерлердің әрекеттері арқылы бағалай білуі;

- өзін Қазақстан Республикасының азаматы ретінде сезінуі; ел, қала, ауыл, мектеп өміріне өзінің қатысы барын түсінуі; қоғамға қызмет етудің мәнін түсінуі керек.

ә) Негізгі орта білім беру деңгейінде білім алушы:

- Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымын және негізгі институттарын, олардың қызметтерін білуі;

- өткен заманды қалыптастырған оқиғалар, мүдделер мен түрткілер себептерінің сан қырлылығы мен көп түрлілігін түсінуіжәне оларды қазіргі заманмен салыстыра алуы;

- қоғам тарихының кезеңдену қағидаларын қолдануы;

- негізгі заңдарды және кәмелетке толмағандардың қоғамдағы азаматтық, отбасылық, еңбек, әкімшілік және басқа қатынастар аясындағы өз құқықтарын білуі, оларды нақты жағдаяттарда қолдануы;

- тұтынушылардың өнімдер мен көрсетілетін қызметтер сапасына әсер ету сипаты туралы түсінігінің болуы;

- елді әлеуметтік және саяси ұйымдастырудағы экономиканың рөлін түсінуі;

- зорлық көрсету мен қаталдық көріністерінің жағымсыз салдарын білуі;

- болашақ мамандығын саналы түрде таңдаудың маңыздылығын түсінуі;

- өзінің жеке уақытын тиімді ұйымдастыра және пайдалана алуы;

- тарихи құбылыстар арасындағы себеп-салдарлы байланыстарды орнатуы;

- отбасындағы, мектептегі және социумдағы әлеуметтік рөлдердің мәнін түсінуі;

- мемлекеттердің құрылымы мен қызметтерін, әлеуметтік, экономикалық жүйелерінің ерекшеліктерін ажырата алуы;

- әртүрлі мәселелерді шешуде экономикалық терминдерді ажырата және қолдана алуы;

- өз көзқарасы мен іс-әрекеттерін, сондай-ақ басқа адамдардың көзқарастары мен іс-әрекеттерін талдай және сыни тұрғыдан бағалай, өзінің сөзі мен ісіне жауапкершілікпен қарай білуі;

- өмірлік жағдаяттардағы (тамаша, көтеріңкі, мұңды, күлкілі) жайларды ажырата алуы, өзінің қатынасын білдіре алуы;

- отбасындағы жағымды қарым-қатынасты және ата-аналары, тәрбиешілері немесе қамқоршылары алдындағы адамгершілік борышын сезінуі, оларға сүйіспеншілік, сыйластық, шыдамдылық таныта алуы;

- өмір мен денсаулықты жалпыадамдық құндылық ретінде сезінуі;

- өзінің келешектегі дене және рухани даму жолдарын анықтай алуы;

- салауатты өмір салты, сауықтыру әдістемесінің пайдасы туралы білімдерін іс жүзінде қолданып, зиянды әрекеттердің тигізетін әсерін білуі;

- тілегі мен мүмкіндіктерін объективті бағалап өлшей алуы, материалдық және материалдық емес қажеттіліктерді ажырата алуы;

- әр түрлі дереккөздерден алынған ақпараттарды салыстыруы, талдауы, сыни тұрғыдан бағалай білуі;

- өз көзқарасы мен пайымдауын еркін, дәйекті түрде жеткізе және негіздей алуы; өз пікірінен өзгеше айтылған пікірлерге шыдамдылық таныта білуі;

- мінездегі кейбір ауытқушылық көріністерді тануы және бағалай білуі;

- басқа ұлттар мен дін өкілдеріне құрмет көрсетуі және шыдамдылық таныта алуы;

- тұлғаның қоғамдағы рөлін, Қазақстан Республикасы халықтарының этномәденилік ерекшеліктерін, жалпыадами, этномәдени және ұлттық құндылықтардың өзара байланысы мен қатынастарын түсіне алуы;

- белгілі бір жетістіктерге қол жеткізу үшін өзара көмектің мәнін түсінуі; жақындары мен достарына шамасына қарай көмек көрсетіп қолдай алуы;

- азаматтығын сезінуге талпынуы, тілдерге және ұлттық дәстүрлерге құрметпен қарай білуі;

- жағымды қарым-қатынас жасау мәдениетін меңгеруі және оны тәжірибе мен күнделікті өмірде қолдана білуі керек.

б) Жалпы орта білім беру деңгейінде білім алушы:

- Қазақстанның әлемдік қауымдастықтағы геосаяси және экономикалық маңызын;қоғамдағы әлеуметтік, саяси, экономикалық үдерістердің даму ерекшеліктерін білуі;

- әлемдегі және Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық жағдаяттар мен құбылыстарды бағалай алуы;

- отбасы институтының қазіргі қоғамдағы рөлін түсінуі;

- әлеуметтік өзара іс-әрекеттердің мәнін (еркіндік пен жауапкершіліктің, құқықтар мен міндеттердің байланыстары) түсінуі;

- қоғам дамуындағы идеялардың, этномәдени дәстүрлер мен технологиялардың өзара өзара алмасуы мен өзара ену рөлі туралы түсінігінің болуы;

- өмір құндылықтарының жалпыадамзаттық, рухани-адамгершіліктік мәнін түсінуі;

- азамат, сайлаушы, салық төлеуші, меншік иесі, қызметкер құқықтарын, міндеттерін және жауапкершілігін, тұтынушылардың құқықтарын білуі және оларды жеке мүдделерін қорғау үшін қолдана алуы;

- түрлі мемлекеттердің саяси тәртібін, әлеуметтік және экономикалық жүйелерін тануы;

- мемлекеттің экономикалық саясаты, нарықтық экономиканың негіздері, тауар нарықтарының өзара байланысы, экономикалық жаһандануы туралы түсінігінің болуы;

- іскерлік пен кәсіпкерлік негіздерін білуі және оларды қолдануы;

- қоршаған әлеммен үйлесімді қатынастың маңыздылығын білуі;

- тарихи оқиғаларды уақыттық және кеңістіктік тұрғыдан баяндай алуы;

- түрлі ұлт пен наным өкілдеріне шыдамдылық танытуы, сындарлы әрекеттесе алуы;

- экономикалық жағдаяттарға баға беру алгоритмін білуі және қолдана алуы;

- адами өзара қарым-қатынастарды тани және бағалай білуі;

- айналасындағы адамдармен жағымды қарым-қатынас орната алуы, ұжымда еңбектенуі; топта, ұжымда өз мәртебесін теңестіре алуы;

- өз отбасын құрудың маңызын және есею өміріндегі алдағы болашағын сезінуі;

- өзінің мінез-құлқын, дене және психикалық жағдайын басқара алуы; эстетикалық талғамын, жақсы әдеттерін көрсете алуы, күнделікті өмірде сұлулық заңдылықтарын пайдалана білуі; өз ойы мен сезімдерін еркін жеткізе алуы;

- өзінің ұстанымдары мен сенімдерін қорғай білуі;

- салауатты өмір сүруі; сыныпта, мектепте, үйде денсаулық сақтау ортасы жағдайларын жасау үшін білімдері мен біліктерін қолдануды меңгеруі;

- өзін-өзі жетілдіру үшін ақпараттық және коммуникативтік технологияларды шығармашылықпен және өнімді пайдалана білуі;

- күрделі жағдаяттарда жауапты шешім қабылдауы, азаматтық ұстанымын көрсете білуі;

- нақты жағдаятты бағалауы, әр түрлі мәселелердің шешімін іздестіре алуы; қалыпты жағдайларда қалыптан тыс шешім таба алуы керек.


Дата добавления: 2015-08-13; просмотров: 249 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Нормативтік сілтемелер | Терминдер, анықтамалар және қысқартулар | Негізгі ережелер | Тұлғаны әлеуметтендіру | Білімберу нәтижелері ретіндегі түйінді құзыреттіліктер | Математика және информатика» білім беру саласы бойынша оқыту нәтижелері | Дене шынықтыру» білім беру саласындағы оқыту нәтижелері | Орта білім берудің базалық мазмұны | Жаратылыстану» білім беру саласының базалық мазмұны | Адам және қоғам» білім беру саласындағы бастауыш білім берудің базалық мазмұны |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Жаратылыстану» білім беру саласындағы оқытудың нәтижелері| Нер» білім беру саласындағы оқытудың нәтижелері

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)