Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

$22 жастағы әйел адам тамақтанудан кейін бірден эпигастрий аймағында кебу сезімі, жүрек қағуы, жүректің шалыс соғуы (перебои) , ауа жетпеу 8 страница



A)ӨСОА, бронхиттік түрі типі

 

Ер адам 68 жаста, қабылдау бөліміне айқын жалпы әлсіздікке, ентігуге, жүрек қағуға, аяқтарында «мақта тәрізді» сезімнің болуына шағымданып түсті. 6 жыл бұрын ойық жара ауруына байланысты асқазанның резекциясы жасалған. Объективті: тері жамылғысы және шырышты қабаттары бозарған, сарғыш реңкілі. Қанда: гемоглобин - 46 г/л, эритроциттер – 1,3 х 109/л, лейкоциттер - 2,3х109/л, түстік көрсеткіші – 1,1, ЭТЖ - 41 мм/сағат, базофилдер– 1%, эозинофилдер – 4%, таяқша ядролы нейтрофилдер – 6%, сегмент ядролы нейтрофилдер – 65%, лимфоциттер – 16%, моноциттер – 8%, тромбоциттер – 110 х 109/л. Миелограммада: мегалобласты тип бойынша қан өндірілу. Аталған емдеу тактикасының ішінде төмендегіні қолданған жөн:

A)В12 витаминінің препараттары

 

Ер адам 72 жаста, қабылдау бөліміне айқын жалпы әлсіздікке, ентігуге, жүрек қағуға, аяқтарын «мақта тәрізді» сезінуіне шағымданып түсті. Объективті: тері жамылғысы және сілемейлі қабығы бозарған, сарғыш реңкілі. Қанда: гемоглобин - 46 г/л, эритроциттер – 1,3 х 109/л, лейкоциттер - 2,3 х 109/л, түстік көрсеткіш – 1,1, ЭТЖ - 41 мм/сағат, базофилдер – 1%, эозинофилдер – 4%, таяқша ядролы нейтрофилдер – 6%, сегмент ядролы нейтрофилдер – 65%, лимфоциттер – 16%, моноциттер – 8%, тромбоциттер – 110 х 109/л. Миелограммада: мегалобласты тип бойынша қан өндіру. Патологиялық жағдайдың себебін анықтау үшін диагностикада ақпаратты келесі қадамға аталғандардың қайсысы жатады және себебі:

A)Асқазан эндоскопиясы, осы патология себебі асқазан шырышты қабаты атрофиясы

 

Ер адам, 20 жаста, жедел ауырған: температурасы 40°С дейін жоғарылап, басы ауырған, көп рет құсқан, айқын әлсіздік пен денесінің қақсап ауыруы мазалаған. Ауруының 1-ші күні-ақ табанында, балтырында, санында көптеген геморрагиялық бөртпелер пайда болған. Қарағанда: жағдайы ауыр. АҚҚ: 100/60 мм сын.бағ., пульсі минутына 100 рет. Гемограммада: лейк. – 28х109/л., миелоцит – 7 %, т/я-16%, с/я-46%, мон.-8%, лимф.-23%, тромб. – 225х109, ЭТЖ - 30 мм/сағ. Кезекші дәрігер науқасқа төмендегідей ем тағайындады, емді қабылдағаннан кейін науқастың жағдайы бірден нашарлады; бет бозғыл болып, салқын тер пайда болып, АҚ -60/40 мм с.б. төмендеп, пульс сезімейді. Дәрігердің қандай тағайындаған емінен науқастың жағдайы нашарлады?



A)Пенициллин 24 млн/тәулігіне бұлшық етке

 

Ер адам, 20 жаста, жедел ауырған: температурасы 40°С дейін жоғарылап, басы ауырған, көп рет құсқан, айқын әлсіздік пен денесінің қақсап ауыруы мазалаған. Ауруының 1-ші күні-ақ табанында, балтырында, санында көптеген геморрагиялық бөртпелер пайда болған. Қарағанда: жағдайы ауыр. АҚҚ: 100/60 мм сын.бағ., пульсі минутына 100 рет. Гемограммада: лейк. – 28х109/л., миелоцит – 7 %, т/я-16%, с/я-46%, мон.-8%, лимф.-23%, тромб. – 225х109, ЭТЖ - 30 мм/сағ. Кезекші дәрігер науқасқа төмендегідей ем тағайындады, емді қабылдағаннан кейін науқастың жағдайы бірден нашарлады; бет бозғыл болып, салқын тер пайда болып, АҚ -60/40 мм с.б. төмендеп, пульс сезімейді. Дәрігердің қандай тағайындаған емінен науқастың жағдайы нашарлады?

A)Пенициллин 24 млн/тәулігіне бұлшық етке

 

Ер адам, 31 жаста, жұқпалы аурулар ауруханасына терісі мен көз склераларының сарғаюына шағымданып түскен. Бір аптадан бері ауырады, тәбеті жоғалып, жүрегі айныған, құсқан. Кеше терісі мен көз склераларының сарғайғанын байқаған. Жағдайы аздап жақсарған. 4 жастағы баласы баратын бала бақшада сарғаю синдромымен ауырған балалар болған. Жалпы жағдайы орташа аурлықта. Тері жабындысы және көзге көрінетін шырышты қабаттары сарғайған. Бауырының төменгі қыры қабырға доғасынан 2,0 см-ге төмен анықталады, консистенциясы тығыз. Нәжісі түссіз. Зәрі қоңыр түсті. АЛТ-440 Ед/л, АСТ 240 Ед/л, жалпы билирубин - 65.0 ммоль/л, тікелей - 48.0 ммоль/л. Қай лабораторлы көрсеткіш алғашқы диагноздың дұрыстығын дәлелдейді?

A)Anti - HAV IgM

 

Ер кісі 27 жаста, 4 жылдан бері гломерулонефритпен ауырады. Бел тұсының ауырсынуына, бас айналуына, тәбеттің және еңбекке қабілетінің төмендеуіне, ұйқының бұзылуына шағым айтады. Жағдайының нашарлауын салқын тиюімен байланыстырады. Объективті: АҚ - 180/100 мм с.б. Қанда: креатинин – 120 мкмоль/л (норма 60-130 мкмоль/л), калий – 3,4 мкмоль/л (3,5-5 мкмоль/л). Несепте: салыстырмалы тығыздығы - 1020, ақуыз – 4,5 г/ л, эритроцит - 3-5 көру аймақта, лейкоцит - 15-17 көру аймақта. Барынша тиімді емдік бағдарлама:

A)Дезагреганттар+антикоагулянттар+цитостатиктер+ААФ (АПФ) ингибиторы

 

Ер кісі 29 жаста, суықтанғаннан кейін 4-ші күні қалтырау, қызбаның 39,4°С-қа дейін көтерілуі, кеуденің оң жақ жартысында ауырлық сезім мен ентігу дамыды. Қарау кезінде: оң жақ өкпе дем алғанда сол жақтан қалынқы. Перкуссияда оң жақ өкпенің III-ші қабырғадан төмен перкуторлы дыбыстың тұйықталуы тынық дыбысқа ауысады. Тыңдағанда бұл аймақта тыныс естілмейді. Бактериалогиялық зерттеудің нәтижесі дайын болғанға дейін бұл науқасқа қандай комбинирленген дәрілік затты тағайындауға болады?

A)Цефтриаксон және клиндамицин

 

Ер кісі 32 жаста, 1 жылдан бері бұлшықеттердің ауру сезіміне, полиурияға, бас ауруына шағымданады. Объективті: бойы 180 см, салмағы 76 кг. ЖСЖ 76 мин. АҚ 170/105 мм.с.б. Терісі қалыпты түстес. Ісіну жоқ. Гипокалиемия, гипернатриемия, гипохлоремия. Несептің тығыздығы 1007, реакциясы сілтілі, протеинурия 0,033 г/л. Берілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?

A)Конн синдромы

 

Ер кісі 32 жаста, эпигастрий аймағында үдемелі, айқын ұстамалы ауырсынға, қыжылдауға, тамақ ішкеннен кейін толықсынуы және кернеуі сезіміне шағым айтады. Қан және зәр анализінде өзгерістер жоқ. ЭФГДС-те пиязшық артында көлемі 1,2 см құрайтын, беті фибрин талшықтармен жабылған кемістік бар. Барынша ықтимал диагнозы:

A)пиязшық артындағы жара

 

Ер кісі 46 жаста, әлсіздік, субфебрилитет, оң жақ өкпенің жартысында сырқырап ауырытын ауру сезім, жөтел және көп мөлшерде сасық іріңді қақырыққа шағымданады. ТАЖ- 26 мин. Аускультацияда: оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде амфорикалық тыныс естіледі. Рентгенограммада: оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде қуыс анықталды. Осы жағдайға байланысты сіздің тактикаңыз?

A)Қуыс ішіне моксифлоксацинді енгізу

 

Ер кісі 53 жаста, жоғарғы бөліктік пневмониямен ауруханаға жатқызылған. Қақырықта алтын стафилакокк анықталды, 2 аптадан кейін науқасту жоғары қызба устінде қақырық жағымсыз иіспен 100 мл жөтелгенде шығады. Рентгенологияда: оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің барлығын алып жатқан деструктивті өзгеріс анықталды. Оң өкпенің зақымданған бөлігіне резекция жасады. Төменде көрсетілген дәрілік заттардың қайсысын операциядан кейінгі периодта тағайындауға болады?

A)Левофлоксацин

 

Ер кісі 59 жаста, 4 апта бойы ауырады, соңғы аптада жағдайының тез нашарлауы байқалды, қызба 40°С-қа дейін, 100 мл тәулігіне іріңді қақырықпен жөтел, тыныштықтағы анық ентігу. Рентгенограммада: сол жақ өкпенің ортаңғы бөлігінде үлкен интенсивті инфильтрация және өкпе тінінің ошақты деструкциясы анықталды. Төменде айтылған асқынуларының ішінде қайсысы науқаста дамыған?

A)Сол өкпенің гангренасы

 

Ер кісі 59 жаста, асқазанның ойық жара ауруына ота жасалынды. 30 жыл бойы темекі шегеді. Отадан кейін жабысқақ қақырықты қиналып шығарады, сіздің іс-әрекетіңіз:

A)муколитиктерді тағайындау

 

Ер кісі H. 33 жаста, сол жақ бүйірдің ауырсынуына және несептің қызыл түске дейін өзгеруіне шағым айтады. Несеп шығару барысында ауырсыну жоқ. Осы аталған жағдай соңғы 5 жылда үшінші реет қайталанған, әр бір қайталау жіті респираторлық инфекциямен байланысты болған. Конституциясы астениялық. Ісіктер жоқ. АҚ 135/90 мм.с.б. Қанда: гемоглобин -110г/л, лейкоцит -6х10/л, ЭТЖ -20 мм/час. Несепте: тығыздығы -1,012, ақуыз – 0,066 г/л, эритроцит 20-25 көру аймақта, лейкоцит 5-6 көру аймақта, жекеленген гиалинді цилиндрлер. Антинуклеарлы антидене табылмады. Барынша ықтимал диагнозы:

A)IgA - нефропатиясы

 

Ер кісі, 44 жаста терапевтке ауызындағы құрғақтыққа, көзінің нашар көруіне, заттардың екеу болып көрінуіне, тыныс алуының қиындауына шағымданып келді. Кеше қонақта майонез қосылған салат, етті тағамдар, маринадталған саңырауқұлақ жеген, спиртті ішімдіктер ішкен. Түскен кезде есі анық, екі қабақтың птозы, мидриаз, қылилық анықталады. Дауысы мыңғырлаған. Дене температурасы 37,0С. Жүрек тондары бәсеңдеген. Пульсі-118 соқ/мин, АҚҚ 100/70 мм с.б., Өкпесінде: төменгі аймақта тынысы әлсіреген. Іші аздап кепкен, ішек перистальтикасы естілмейді. Қандай шараны бірінші кезекте орындау керек?

A)Асқазанды зондпен жуу

 

Ер кісі, 44 жаста терапевтке ауызындағы құрғақтыққа, көзінің нашар көруіне, заттардың екеу болып көрінуіне, тыныс алуының қиындауына шағымданып келді. Кеше қонақта майонез қосылған салат, етті тағамдар, маринадталған саңырауқұлақ жеген, спиртті ішімдіктер ішкен. Түскен кезде есі анық, екі қабақтың птозы, мидриаз, қылилық анықталады. Дауысы мыңғырлаған. Дене температурасы 37,0С. Жүрек тондары бәсеңдеген. Пульсі-118 соқ/мин, АҚҚ 100/70 мм с.б., Өкпесінде: төменгі аймақта тынысы әлсіреген. Іші аздап кепкен, ішек перистальтикасы естілмейді. Қандай шараны бірінші кезекте орындау керек?

A)Асқазанды зондпен жуу

 

Ересек адам ағзасының қанша пайызын су құрайды?

A)60%

 

Еркек 40 жаста, эпигастрий аймағының ұзақ уақыт ауырсынуна, ауырсынудың арқаға берілуі және оң жақ қабырға астының қатты ауырсынуына шағымданады. УДЗ-де: асқазан асты безі өзгерген және созылмалы холецистит көріністері. Берілген патологияда төмендегі лабораториялық көрсеткіштер ақпаратты болады:

A)Қанда және зәрде амилаза деңгейі

 

Естің тарылуы, алкоголдің кішкене мөлшерін пайдаланғанда пайда болатын, агрессия және басқа да істеген-ісіне жауап бермейтін кейін амнезияға ауысуы – бұл не:

A)Амбулаторлық автоматиз

 

Әйел 18 жаста, бір аптадан бері ауырады. Баспадан кейін ісінулер пайда болған. Объективті: АҚ - 140/90 мм.с.б. Несепте: меншікті салмағы - 1020, ақуыз -4,4 г/л, лейкоцит – 6-10 көру аймақта, эритроцит -5-6 көру аймақта, гиалинді цилиндрлер -3-4 көру аймақта. Барынша ықтимал диагнозы:

A)жіті гломерулонефрит

 

Әйел 22 жаста ауруханаға вирусты гепатит күмәнданып түсті, ол маркерлік диагностика нәтижелері арқылы жоққа шығарылды. Адекватсыз әс-әрекеттер, тремор анықталады. Биохимия: АЛТ – 2,2 ммоль/л. УДЗ: бауыр паренхимасының тығыздалуы. Анамнезінде 6 ай бойы оральды контрацептивтер қабылдаған. Көзін қарау кезінде анықталды (фото). Сарысу церулоплазмин деңгейі анықталды – 0,17 г/л (норма 0,16–0,45 г/л). Диагностиканың келесі кезеңінде қандай зерртеу жүргізу керек?

 

Әйел 22 жаста жиі жүрек қағуларына, эмоциональды тұрақсыздық, агрессивтілік, 2 айда 8 кг дене салмағының төмендеуі. Әйел астеникалық қалыпта, терінің гипергидрозы, «телеграфты баған» симптомы. ЖЖЖ-120 минутына. Қалқанша безінің біркелкі ұлғаюы, аз ғана экзофтальм. Бірінші кезекте төменде аталған препараттардың ЕҢ тиімдісі?

A)Тиреостатиктер

 

Әйел 26 жаста, бірінші жүктілікте жүктіліктің үзілу қаупі дамыған кезде дюфастон (дидрогестерон) тағайындалды. Дюфастонды қабылдаудан 2 аптадан кейін тері қышуы, трансаминазалар көрсеткіштерінің жоғарылауы (АЛТ – 885 ед/л, АСТ – 447 ед/л) байқалған. Препаратты тоқтатқаннан кейін көрсеткіштер төмендеген. Дені сау бала туылады. Екінші жүктілік: 8-9 апталық кезінде дюфастон 10 мг күніне 2 рет тағайындалған. 2 аптадан кейін жүрек айну пайда болды, АЛТ – 982 Ед/л, АСТ – 1072 Ед/л. Билирубин жалпы – 119,0 мкмоль/л, билирубин тура – 114,78 мкмоль/л, билирубин тура емес – 4,22 мкмоль/л. Цитолиздік синдромның себебі не болып табылады?

A)Дәрілік гепатит, холестаздық вариант

 

Әйел 27 жаста, жүктілігінің 28-29 аптасы, УДЗ кезінде өт қапшығында өт шығу жолының ¼ жауып тұратын өттастары анықталды. Көп майлы тамақ жегеннен кейін ішінде белдемелі ауру сезімі, жүрек айну, 1 рет жеген тамағы аралас құсу болды. Жүктілік кезінде төменде көрсетілгендердің ішінде қайсысы берілген патологияның даму қауіпін жоғарлатады?

A)Эстрогендердің жоғары деңгейі

 

Әйел 33 жаста, пневмонияға байланысты кларитромицин 1,0г/тәу тағайындалды. Динамикада науқаста субфебрильді температура, интоксикация симптомдары, жөтелдің жасыл түсті қақырықпен үдеуі байқалды. рентген көрінісінде оң өкпенің ортаңғы бөлігінде ошақты инфильтрат анықталды. Қандай антибактериалды әдіс ЕҢ тиімді?

A)Кларитромицинді левофлоксацинге ауыстыру

 

Әйел 34 жаста жалпы әлсіздікпен, тамағының ауруына, қызыл иектің қанауымен қаралған. Тері қабаты бозарған, көптеген бөртпелер мен экхимоздар бар. Бадамшаларында - некроздық жабындылар бар.Жақ асты лимфа бездері мен көк бауыры пальпацияланады. Қанда: Эритроциттер – 2,3 млн. Hb- 73 г/л, лейкоциттер – 24 мың, бластты жасушалар – 98 %; сегмент таяқшалар – 2 %, тромбоциттер – 35 мың, ЭТЖ – 53 мм/сағ. Цитохимияда: миелопероксидаза реакциясы – оң. Иммунофенотиптеу: CD 11.CD 13.CD 14.CD15. Аталған диагноздардың кайсысы нақтырақ?

A)Жедел лимфоблассыз лейкоз

 

Әйел 35 жаста дем жетіспеушілігіне, 4-5 рет болатын демікпе ұстамасына, талмаға шағымданады. ОФВ1‹70%. Осы емнің ұзақ нәтижелі болуы үшін пайдалы препараттар:

A)Ингаляциялық кортикостероидтар

 

Әйел 35 жаста,бір сағат көлеміндегі құрысуға, білезік буындарында, білезік-фалангалық және проксималды фалангаралық майда буындарында қысқан кездегі ауру сезіміне, дене қызуының 37,5° дейін кешке қарай жоғарылауына шағымданып келді. Барлық шағымдары баяу, белгісіз себептен алты апта бұрын басталды. ЖҚА: Эр – 3,4, Нб – 115 г/л, Л- 9,9 *109/л, Нф – 82%, Лф – 15%, ЭТЖ 25 мм/ сағ. Осы ауру кезінде қандай иммунологиялық көрсеткіш 95% арнайылылық танытады?

A)Антицитруллинді антиденелер

 

Әйел 36 жаста, іштің төменгі бөлігіндегі толғақ тәрізді ауру сезімге шағымданады. Улкен дәреттен кейін ауру сезімі азаяды. Тәулігіне 4-5 реттік жағымсыз иісті ботқа тәрізді нәжіске, тенезмдер.Бөрітпесі – 37,5, соңғы айларда 5 кг арықтаған.Буындары ауру сезімді. Б Ирригоскопияда:ішектері біркелкі емес тарылған,рельефі шырышты көрінісі «булыжной мостовой». Емдік терапия сульфосалазиноммен басталды. Еміне қандай антибиотикті қосқан дұрыс?

A)Рифампицин

 

Әйел 37 жаста үзақ уақыт антибиотикпен ем қабылдағаннан кейін ішінің кебуіне, шуылға, жайсыздыққа, кей жағадайда кіндік аймағындағы ауру сезіміне, үлкен дәретін ұстай алмауына шағымданады.Қарап тексергенде: тәбеті төмендеген, тері қабаты құрғақ, тырнақтары сынғыш келген.Дұрыс ем тағайындау үшін қандай зерттеу жұмысын жүргізген дұрыс?

A)Дисбактериозға нәжіс анализі

 

Әйел 45 жаста тәбетінің төмендеуіне қарамастан дене салмағының ұлғаюына, ұйқышылдық, кардиалгияға шағымданады. Обьективті: терісі құрғақ, мойыны жуандаған, беті ісіңкіреген, АҚ – 80/50 мм с. б., ЖСЖ – 45минутына. Тексеру кезінде: ТТГ – 45,7 мкМЕ/мл (қалыптыда 0,4 – 4,0 мкМЕ/мл). Аталған препараттардың қайсысын қабылдаған дұрыс?

A)Левотироксин

 

Әйел 48 жас, эпигастрии аймағындағы және сол қабырға астындағы, беліне берілетін ауру сезіміне, метеоризм, тұрақсыз үлкен дәрет, әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, шөлдеуге шағымданады. Жақында қынап кандидозын емдеген. Объективті: арық (пониженного питания), терісі құрғақ, «рубин тамшылары», пальмарлы эритема, эпигастрии аймағындағы және сол қабырға астындағы ауру сезімі.УДЗ: Ұйқы безінің ұлғаюы, эхотығыздығының біртекті емес күшейюі. Науқасқа төменде келтірілген қандай лабораторлық тестерді жүргізу керек?

A)Гликемия профилін анықтау

 

Әйел 49 жаста, эпигастрий аймағындағы және сол қабырға астындағы, майлы құырылған тамақ ішкеннен кейін күшейетін ауру сезіміне шағымданады. Ауру сезімі тамақтанғаннан 1 сағат өткеннен кейін басталады, кейбір кездері белдемелі ауру сезімді. Сонымен қатар эпигастрий аймағындағы, тартып ауру сезімі, метеоризм, көп мөлшерлі үлкен дәрет, қиын жуылатын. Тексерген кезде: терісі өте құрғақ, ангулярлы стоматит, іші біраз кепкен, эпигастрий аймағындағы және өң қабырға астындағы ауру сезімі. Копрологияда стеаторея және креаторея анықталды. Науқасқа қандай дәріләі препарат тағайындауға болады?

A)Креон

 

Әйел адам 25 жаста, басынан өткерген вирусты инфекциядан кейін бірінші рет көп көлемде спонтанды тері астықан қан құйылулары, мұрыннан қан кету пайда болды. Жгут симптомы, шымшу симптомдары оң. Қан анализінде: Нв–100 г/л, тромбоцит-8х109/л. Қандай емдеу әдісін жүргіземіз?

A)Кортикостероидтармен ем

 

Әйел адам 28 жаста, жұқпалы аурулар бөлімшесіне мынандай шағымдармен түсті: айқын әлсіздікке, тәбеттің жоқ болуына, үнемі жүрегінің айнуына. 10 күннен бері ауырады, 2 күн бұрын сарғаю пайда болған, әлсіздік күшейген, құсу болған, терінің айқын қышуы қосылған әсерінен ұықысы бұзылған. 2 ай бұрын босанған, қан кетуіне байланысты қан препараттары құйылған. Қараған кезде: әлсіз, айқын сарғыштық, теріде қасыну іздері байқалады. Бауыры 2,5 см ұлғайған. Үлкен дәреті түссіз. Зәрі қоңыр түсті. Қандай клиникалық көрініс осы аурудың ауырлық дәрежесін көрсетеді?

A)Улану белгілері

 

Әйел адам 28 жаста, жұқпалы аурулар бөлімшесіне мынандай шағымдармен түсті: айқын әлсіздікке, тәбеттің жоқ болуына, үнемі жүрегінің айнуына. 10 күннен бері ауырады, 2 күн бұрын сарғаю пайда болған, әлсіздік күшейген, құсу болған, терінің айқын қышуы қосылған әсерінен ұықысы бұзылған. 2 ай бұрын босанған, қан кетуіне байланысты қан препараттары құйылған. Қараған кезде: әлсіз, айқын сарғыштық, теріде қасыну іздері байқалады. Бауыры 2,5 см ұлғайған. Үлкен дәреті түссіз. Зәрі қоңыр түсті. Қандай клиникалық көрініс осы аурудың ауырлық дәрежесін көрсетеді?

A)Улану белгілері

 

Әйел адам 30 жаста мал дәрігері, басының үнемі ауыруына, мойын омыртқаларының, оң жақ тізе буынындағы ауру сезіміне, тершеңдікке, қызбаға шағымданады. Бірақ дене қызуы 37,5оС аспайтынын байқады. Ұзақ уақыт неврологта «Остеохондроз» диагнозымен емделген, бірақ емінің нәтижесі болмаған. Кеше беттің асимметриясы пайда болған. Жылағыш. Менингеалді белгілері «+-», сол жақ тізе буыны ісінген, қозғалысы шектелген. Гемограммада: лейкоциттер - 4,8 х 10 9/л, эоэ. – 1%, с/я – 52%, лимф – 40%, моноц. – 7%, ЭТЖ – 20 мм/сағ. Райт реакциясы 1:100. Қандай зерттеуді бірінші ретті жүргізу қажет?

A)Жұлын пункциясы

 

Әйел адам 30 жаста мал дәрігері, басының үнемі ауыруына, мойын омыртқаларының, оң жақ тізе буынындағы ауру сезіміне, тершеңдікке, қызбаға шағымданады. Бірақ дене қызуы 37,5оС аспайтынын байқады. Ұзақ уақыт неврологта «Остеохондроз» диагнозымен емделген, бірақ емінің нәтижесі болмаған. Кеше беттің асимметриясы пайда болған. Жылағыш. Менингеалді белгілері «+-», сол жақ тізе буыны ісінген, қозғалысы шектелген. Гемограммада: лейкоциттер - 4,8 х 10 9/л, эоэ. – 1%, с/я – 52%, лимф – 40%, моноц. – 7%, ЭТЖ – 20 мм/сағ. Райт реакциясы 1:100. Қандай зерттеуді бірінші ретті жүргізу қажет?

A)Жұлын пункциясы

 

Әйел адам 34 жаста декольте аймағында есекжем типтес бөртпеге, әлсіздікке, қызбаға, тыныштықтағы ентігуге, білезік және тізе буындарындағы ісіну мен ауырсынуға шағымданады. Об-ті: жалпы жағдайы ауыр, теріде – торлы ливедо; полиартрит; өкпенің төменгі бөлімдерінде – тыныстың әлсіреу фонында крепитация. R-граммада: өкпе суреті күшейген. Қанда: ЭТЖ 45 мм/сағ. ПЦР HCV РНК+. Криоглобулиндер – 42 ед. (қалыптыда 30 ед.). Зәрде: эритр.–7-8 көру алаңында, белок 1,1 г/л. Ең ұтымды емдеу тактикасы қандай?

A)Метипредпен пульс-терапия 1500 мг плазмаферезбен комбинацияда

 

Әйел адам 35 жаста ревматоидтты артритпен, тізе буынын отадан кейін эндопротезду операциясынан 3 күннен соң қалтырау, діріл, қатты терлеу, жараның орнынан қан кету, петехиялар пайда болды. Кең спектрлі антибиотиктермен,жаңа мұздатылған плазма және гепаринмен терапиялық ем жасалды. Қан анализінде: анемия, лейкоцитоз солға жылжыған, ЭТЖ жоғарлаған, нейтрофилдердің токсикалық дәндденуі. Қайтадан тексергенде коагулограммада: тромбоцит – 80х109/л, протромбинді уақыт – 17 сек, протромбинді индекс – 115%, фибриноген – 3 г/л, АЧТВ – 42 сек этанолоды тест теріс. Қандай емдеу әдісі тиімдірек?

A)Криоплазманы құюды жалғастыру

 

Әйел адам 46 жаста, гемограммада: лейкоцит- 82х109/л, промиелоцит-4%, миелоцит-9%, метамиелоцит-11%, т/я-20%, с/я–40%, базофилдер–3%, эозинофилдер–6%, лимфоцит–8%, тромбоциттер–584х109/л, Нв–112 г/л. Миелограммада: жасушалардың көбеюі, миелокариоциттер мен мегакариоциттердің ұлғаюы, гранулоцитарлы қатардағы барлық элементтер анықталады., миелоидты жасушалардың эритроидты жасушаларға қатынасы – 28:1. Позитивті жасушалардың көрінісі Ph-хромосома. Емнің тиімділігін ерте көру үшін қандай препарат тиімді?

A)Иматиниб (Гливек)

 

Әйел адам 67 жаста. Суықтағаннан кейін 7 күн көлемінде шырышты-іріңді қақырықпен қатты жөтелге,дене температурасының 38,0 С көтерілуіне шағымданады.Қарау кезінде: ТАЖ – 22 рет мин,өкпесінде қатаң тыныс, шашыранды ысқырықты сырылдар. Рентгенде: өкпе суретінің күшеюі. Аталған препараттардың ең тиімдісі қайсысы?

A)Азитромицин

 

Әйел адам, 25 жаста, жүктіліктің 8-10 аптасы, қиын бөлінетін шырышты-іріңді қақырықпен жөтелге, дене қызуының 37 дейін көтерілуіне шағымданады. Суық тигеннен кейін жедел түрде ауырған. Сол жақ жауырын аралығында құрғақ сырылдар естіледі. Жалпы қан анализі өзгеріссіз. Неғұрлым тиімді емдеу тактикасы:


Дата добавления: 2015-10-21; просмотров: 116 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.029 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>