Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

$22 жастағы әйел адам тамақтанудан кейін бірден эпигастрий аймағында кебу сезімі, жүрек қағуы, жүректің шалыс соғуы (перебои) , ауа жетпеу 1 страница



$22 жастағы әйел адам тамақтанудан кейін бірден эпигастрий аймағында кебу сезімі, жүрек қағуы, жүректің шалыс соғуы (перебои), ауа жетпеу сезімдеріне, ентігуге, жиі кекіруге шағымданады. Объективті: сол жақ қабырға астын перкуссиялауда IV қабырға аралыққа дейін тимпаниялық дыбыс. Рентгенологиялық зерттеуде диафрагманың жоғары тұруы анықталды, асқазанның үлкен газдық қабы (большой газовый пузырь) көрінді. Симптоматиканың ұзақ болуы мына патологияға әкеледі:

A)Диафрагманың өңештік саңылауы жарығының

 

«Казеозды пневмония, ТМБ+. Рецидив» деген диагнозбен 38 жастағы Е., деген науқас ҚР ТПҰО терапия бөлімшесіне жатқызылды. Емнің қарқынды фазасына антибактериальды терапияның қай режимын тағайындау қажет?

A)изониазид, рифампицин, этамбутол,пиразинамид, стрептомицин

 

«Кеше маған бір нәрсе болғандай сезіндім. Бірақ не екенін анық білмеймін. Бір жағынан, үйге дұрыс бағытта бара жатқандай болдым, бірақ құжаттарымды жоғалтым және костюмым жыртық болды. Есімде бары- достарымен жиналып іштік және кетуге жиналдым, автобусқа міндім. Жоқ, ол басқа уақытта болды, бірақ кеше болған жоқ, кеше автобусқа мінуім мүмкін емес- ауылда автобус жоқ. Яғни, ол кеше болған жоқ, үйге жаяу қайтқан боларамын.»

A)Палимпсест

 

«Өкпенің ошақты туберкулезімен» емделіп жүрген 32 жастағы У. деген науқас-тың сол бүйірі ауырды емнің режимын бұзған тұсында, температурасы 38oC көте-рілді, жөтелгенде өзгермейтін майда қөпіршікті сырылдар сол жерде естілді. Нені күдектенуге болады?

A)жаңасқан ауру-пневмония

 

«Целиакия» диагнозы қойылған 19 жастағы науқас қыз тамақты көп жегеннен кейін пайда болған тізе буындарының ісінуі мен ауыру сезіміне шағымданады. Науқасқа жасалған иммуногенетикалық зерттеудің нәтижелері қандай болуы мүмкін?

A)HLA DR3

 

«Электро-механикалық диссоциация» термині түсіндіріледі....

A)жүрек жиырылуының болмауы кезінде электрлік белсенділігінің сақталуы

 

1,5 жастағы бала лимфопения фонында пневмоцистті пневмониямен (бак.зерттеу) ауруханаға жатқызылды. Анамнезінде – жиі және ұзақ респираторлы және ішек инфекциялары, ұзақ антибактериалды ем. Физикалық дамуында артта қалуда. Иммунограммада: CD4+ және CD8+ күрт төмендеген, иммуноглобулиндердің барлық класстары төмендеген, В-лимфоциттер қалыпты. Анасын және баласын АИВ–на зерттеу – теріс. Науқаста қандай патология болуы мүмкін?



A)Ауыр комбинирленген иммундытапшылық

 

13 жастағы қыз бала орташа дене бітімді, көршісінің оның толық екенін айтуы бойынша өзін тамақтан шектеді. Түскі астан және кешкі астан бас тартты. Таңғы ас кезінде бір алмамен шектелетін. Тамақтандыру кезінде өзін қинап құсық реакциясын шақырды. 2 апта ішінде 5 кг арықтады, өз- өзін «толық» деп санайды.Жағдайын анықтаңыз:

A)Нервтік анорексия

 

14 жасар қыз бала тамыз бен қазан айларының аралығында көзінің қышуына және қызаруына, мұрынның бітелуіне, түшкіруге шағымданады. Тексергенде конъюнктиваның қызаруы, жас ағу, ринорея байқалады. Қандай алдын- ала диагноз қоюға болады және этиологиясын анықтау үшін қандай әдіс қолданылады?

A)полинозды риносинусит, спецификалық Ig E анықтау

 

14 жасар ұл бала айқын себепсіз кезеңді түрде (аптасына 1-2 рет) пайда болатын, 30-40мин ішінде ұлғаятын, сосын 1-2 күн ішінде қайтатын бетіндегі (ерні, көздері, тілі) ісінулерге шағымданады. Дәл осындай симптомдар қарындасында да бар. Тексеру кезінде С4 айқын төмендеген, С3 қалыпты. Қандай диагноз барынша тән?

A)Ангионевротикалық ісіну

 

15 жасар ер балада құлпынай жегенннен кейін терінің қышынуы және бөртпелер пайда болған. Объективті: мойнында, қолы мен аяқтарында сулы бөртпелер (волдырь) және қасыған орындары байқалады. Болжам диагноз:

A)Аллергиялық есекжем

 

15 жастағы науқасты тексергенде жүрек ұшы түрткісінің және жүрек шектерінің солға ығысуы, жүрек мықынының тегістелуі анықталды. Тыңдағанда жүрек ұшында І тон әлсіреген, сол жерде систолалық шу, өкпе артериясының үстінде ІІ тонның акценті. Рентгендік зерттеуде жүректің сол шектерінің ұлғаюы. Сіздің тұжырымыңыз:

A)Митральді қақпақтар шамасыздығы

 

15 жылдан бері сахарный диабетпен ауырады,инсулин алу мөлшері 70ед 1сут, гликимияның деңгейі 7,5-8,6ммоль/л соңғы кездері АД 170/90 -180/ 100мм.рт.ст көтеріліп жұр.Емдеуші дәрігерідің обзидан тәулігіне 120мг тағайындаумен асқынғанын айтады. Қандай жағымсыз жағдайды күтуге болады ДЗ кезінде. А) гипергликимиялық комаға түсу Б) жүрекшілік жетіспеушілік В) гипогликимиялық комаға түсу Г) ортостатикалық гипотензия Д) гипертензия

A)б,в

 

16 жастағы бозбала дене қызуының 39-40С дейін көтерілуіне, қалтырауға, денесінің сырқырауына, басының қатты ауруына, сол жақ шап аймағындағы айқын ауру сезіміне шағымданады. Жайлаудағы мал шаруашылығында шопан болып жұмыс істейді, кейде далада түнеуге тура келеді. 2 күн бұрын жедел ауырған. Жағдайы айқын улану белгілерінің салдарынан ауыр. Аяғында жәндектердің шаққан іздері мен қасыған орындары көрінеді. Сол жақ шап аймағындағы лимфа түйіндері 4х3 см дейін ұлғайған, тығыз, қатты ауырады, периаденит анықталып, үстіндегі терісі қызарған. Лейк. – 20х109/л, таяқша ядролы нейтроф. -4%, сегментядролы нейтроф. – 88%, лимф. – 6%, мон. -2%. Қандай емдік шараны бірінші ретте көрсету керек?

A)Антибиотиктерді көк тамырға еңгізу

 

16 жастағы бозбала дене қызуының 39-40С дейін көтерілуіне, қалтырауға, денесінің сырқырауына, басының қатты ауруына, сол жақ шап аймағындағы айқын ауру сезіміне шағымданады. Жайлаудағы мал шаруашылығында шопан болып жұмыс істейді, кейде далада түнеуге тура келеді. 2 күн бұрын жедел ауырған. Жағдайы айқын улану белгілерінің салдарынан ауыр. Аяғында жәндектердің шаққан іздері мен қасыған орындары көрінеді. Сол жақ шап аймағындағы лимфа түйіндері 4х3 см дейін ұлғайған, тығыз, қатты ауырады, периаденит анықталып, үстіндегі терісі қызарған. Лейк. – 20х109/л, таяқша ядролы нейтроф. -4%, сегментядролы нейтроф. – 88%, лимф. – 6%, мон. -2%. Қандай емдік шараны бірінші ретте көрсету керек?

A)Антибиотиктерді көк тамырға еңгізу

 

16 жастағы жасөспірім ЖРВИ кейін 2 аптадан соң салмағының төмендеуін, шөлдеу, жиі зәр шығаруын байқады. Терісі мен тілі құрғақ. Бауыры қабырға доғасынан 3 см шығып тұр. Гликемия ашқарында 12,7 және 16,6 ммоль/л. Зәрдің меншікті салмағы - 1030. Қандай емдеу әдісі ең тиімді?

A)инсулинотерапия 0,3 бірлік/кг дене салмағына

 

16 жастағы науқасты ірі буындарының ауыруы, субфебрильді температура мазалайды. Басының ауыруы, айналуы, көз көруінің күрт нашарлауы, дене қызуының 380С дейін көтерілуі қосылды. Об-ті: жүрек шекаралары солға ығысқан, барлық тыңдау нүктелерінде мойын тамырларына, құрсақтық аортаға таралатын систолалық шу естіледі. Сол жақ білезік артериясында пульс әлсіз, АҚ оң қолында 230/130 мм.сын.бағ., сол қолында 150/130 мм.сын.бағ., аяқтарында 220/110 мм.сын.бағ. Көз түбі тамырларының өзгеруі. Осы жағдайда тағайындаған дұрыс:

A)Кортикостероидтарды

 

16 жастағы Т., есімді науқас дене қызуының 40С дейін жоғарылауына, ентігу, жөтелге, ісінулерге шағымданады. Обьективті: науқас азғындау, лимфоаденопатия, бет эритемасы, полисерозит (плеврит, перикардит, перивисцерит), кардит, нефрит белгілері бар. Қан анализінде: эр-2,4 млн. Нв-70 г/л, лейк-2,2 мың. ЭТЖ-70 мм/сағ. НЖА: белок-5,2 г/т, эритр-20-30 к.а, Lе-клеткалары- 5:1000. Пульс-терапия жүргізу үшін метилпреднизолонның қажетті дозасы:

A)1000 мг

 

17 жасар жас қызда профилактикалық қарау кезінде жүрек түрткісінің күшеюі және «мысық үні»анықталды. Жүрек тондары тұйықталған, жүрек ұшында және V нүктеде систолалық шу, ырғағы дұрыс. ЖСЖ-84 рет мин. АҚ 100/70 мм сб.б. Селективті вентрикулография жүргізгенде қарыншааралық перденің мембраноздық бөлігі проекциясында контрасттық заттың оң қарынша қуысына лақтырысы, сол қарыншаның гипертрофиясы анықталды.Төменде аталған диагноздардың қайсысы болуы ЫҚТИМАЛ?

A)Қарыншааралық перденің ақауы

 

17 жасар қыз бала нервті қозу және физикалық жүктемеден кейін қышымалы бөртпеге шағымданады. Тексергенде денесінде майда қызыл бөртпелер байқалады, денесі ұстағанда ыстық. Болжам диагноз:

A)Холинэргиялық есекжем

 

17 жастағы жасөспірімде І дәрежелі эндемиялық зоб. Эутиреоидты. Неғұрлым тиімді емдеу тактикасы:

A)күніне 200 мкг мөлшерде йод препараттарын 6 ай бойы

 

18 жастағы науқас И. Ең алғашқы рет 12-елі ішектің ойық жара ауруы, өршу кезеңінде эрадикациялық терапия көрсетiлген. Осы клиникалық жағдайда қандай емдеу схемасын тағайындау өте ұтымды болады:

A)омепразол+кларитромицин +амоксициллин

 

19 жасар қыз қатты және сұйық асты жұтынуының қиындағанына шағымданады. Анамнезінде осыдан жарты жыл бұрын суицидальді мақсатпен мүсәпір спиртін ішкен. Рентгеноскопияда: өңештің тыртықтанып тарылуы байқалады. Науқас немен уланған:

A)сілтімен

 

19 жастағы ер бала, ентігу, қатты бас ауыруы, көз алдында «шіркейлердің» көрінуі, аяқтарының ұюы мен тез шаршағыштыққа шағымданады. Объективті: кәрі жілік артериясында пульс күшейген, ал сан артериясында әлсіз кернеуі төмен,. Қолында АҚҚ 170/90 мм с.б.б., аяқтарында 100/70 мм с.б.б. Боткин-Эрба нүктесінде және жүрек ұшында паравертебральды аймаққа берілтін әлсіз систолалық шуыл. Диагнозды анықтауға берілген зерттеу әдістерінің қайсысы БАРЫНША ақпаратты?

A)Кеуде қуысының рентгенографиясы

 

19 жастағы әйел 20 апта мерзіміндегі жүктілікпен ауруханаға шырышты-іріңді қақырықпен жөтелге, дене температурасының 38,20С дейін көтерілуіне, ентігуге шағымданып түсті. Обьективті: перкуторлы дыбыстың қысқаруы және оң жақта жауырын ұшынан төменгі аймақта везикулярлы тыныстың әлсіреуі. ТАЖ – 22 рет мин, ЖСЖ 90 рет мин. Осы науқастың емінде аталған препараттардың қайсысын қолданады?

A)Амоксициллин

 

19 жастағы студент 3-ші қаңтарда ауруының 2-ші күні ауруханаға түсті. Шағымдары: дене қызуының 40,0ºС-қа дейін жоғарылауы, басының қатты ауыруы, жеңілдік әкелмейтін құсу. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр. Есі анық, көзін жұмып жатыр. Аңқада: жұтқыншақтың артқы қабырғасының жайылған гиперемиясы мен түйіршектенуі анықталады. Тері жабындылары ыстық. Пальпация кезінде ауру сезіміне байланысты ыңырсиды. Аяқтарында аздаған петехиальды бөртпе көрінеді. Қанның жалпы анализінде: лейк.-25×109/л, таяқша ядролы нейтр.-11%, сегмент ядролы нейтр.-72%, лимф.-5%, мон.-5%. Қай диагноз ең ықтимал болып табылады?

A)Менингококкты инфекция

 

2 жасар бала жедел ауырып калды, вирусты инфекция болуы мүмкін: ринорея, құрғақ жөтел, дене температурасының 38,5°С дейін жоғарылауы, әлсіздік. Ауыруының 3- күні тыныс алуының қиындауы, құрғақ ысқырықты сырылдар, ұстама тәрізді жөтел пайда болды. Тұншығу ұстамасы сальбутамолмен басылды. Жазылғаннан кейін тұншығу ұстамасы қайталанған жоқ. Балада обструктивті синдром дамуының негізгі себебі не?

A)ЖРВИ асқынуы ретінде бронхиолит дамуы

 

2 типті қант диабеті компенсациясының неғұрлым мүмкін критерийі:

A)Глюкозаның ашқарынғы қандағы деңгейі  7,0 ммоль/л

 

20 - жастағы бойжеткен шөлдеуге, дене салмағының артуына шағымданады. Объективті: бойы - 162 см, салмағы - 94 кг. Дене салмағының индексі - 35,8 кг/м2. Ашқарынға гликемия 5,9 ммоль/л, жалпы холестерин – 5,2 ммоль/л, триглицеридтер – 2,4 ммоль/л. Төмендегі дәрілік заттардың қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді?

A)Метформинді

 

20 жасар студенттің балалық шақтан мойын қантамырларына және екі жауырын арасындағы кеңістікке таралатын Боткина-Эрба нүктесінде систолалық шу анықталады. Иығында АҚ - 170/100 мм сб.б., санда - 140/80 мм сб.б. Рентгенологиялық сол қарыншаның ұлғаюы және қабырғалардың төменгі жиегінің оюлануы анықталады. Науқасты жүргізудің қандай жолы дұрыс?

A)Оперативті ем

 

20 жастағы ер адамда кенеттен қан мен шырыш аралас диарея, іштің толғақ тәрізді ауырсынуы, дене температурасының 37 градуска жоғарылауы. Нәжістің жиілігі- тәулігіне 4-5 рет. Тексергенде: тері бозаруы, іші жұмсақ, тоқ ішек бойымен ауырсыну, бауыр және көкбауыр ұлғаймаған. Нв – 105 г/л, лейк. – 9,6 тыс. в 1 мкл, жалпы белок 65 г/л, альбумины – 35%. Бұл жағдайда колоноскопия жүргізуге жатпайды:

A)шырышты қабаттың тар терең жаралары;

 

20 жастағы жүкті әйел, жүктілік мерзімі 15-16 апта, таңертеңгі уақытта бетінің ісіңкі болуына, бел аймағындағы ауру сезіміне, бас ауруына, 3 күн бойына дене қызуының 37,5 0С дейін болуына, АҚҚ 180/110 мм сбб. дейін жоғарылауына, қызыл түсті зәрдің пайда болуына шағымданады. Анамнезінен: 2 апта бұрын баспамен ауырған, соған байланысты амоксициллин қабылдаған. Зәр анализінде: эритроциттер жаппай к/а, белок – 1,6 г/л. Қанында: АСЛ-О – оң. Жүктілікке қатысты ЕҢ қай болжам сәйкес келуі мүмкін?

A)Құрсақішілік ұрық өлімінің жоғары қаупі

 

20 жастағы науқаста босанғаннан кейін бұлшық еттерінде ауырсыну және әлсіздік пайда болды. Бір апта көлемінде қабақтарының ісінуі, аздаған физикалық күштемеде ентігу, дауысының қарлығуы, түйілу қосылды. Обьективті: иық және сан бұлшық еттерінің ісіңкілігі және ауырсынуы, бет мимикасының жойылуы. Жүрек шекаралары ұлғайған, тондары тұйық, ЖСЖ 100 рет мин. АҚ 140/90 мм сын. бағ. Қан анализінде: эр-4,5 млн. Нв-110г/л, лейк-7мың, ЭТЖ 66 мм/сағ, АЛТ-17ХБ. Емді келесі дәрмектен бастаған жөн:

A)Глюкокортикостероидтардан

 

20 жастағы науқасты жарты жыл бұрын тізе және білезік буындарының ісіңкіреуі және ауырсынуы мазалаған. Бір ай бұрын кеуде клеткасында, бел омыртқалары аймағында, сол жақ жамбас-сан буынында ауырсыну пайда болған. Объективті: омыртқалар бойында ауырсыну анықталады, омыртқада және сол жақ жамбас-сан буынында бүгілу шектелген, сол жақ төс-бұғана байламында деформация; ирит белгілері. Неғұрлым тиімді тактика:

A)Глюкокортикоидтар

 

22 жасар жас азамат арқасымен жатқанда күшейетін және отырғанда, анальгетиктерді қабылдаған соң бәсеңдейтін эпигастральді аймаққа және екі қолға берілетін жүрек маңындағы біртекті, ұзаққа созылатын ауру сезіміне шағымданады. Ауру сезімі пайда болғаннан бір апта бұрын науқасты қызба, субфебрильді температура және қаңқа бұлшықеттерінің ауырлық және ауру сезімі мазалады. Об-ті науқастың мәжбүрлі отырған қалпы, жүрек аускультациясында аяқ астындағы қар сықырына ұқсайтын шу анықталады. Төменде аталған диагноздардың қайсысы БАРЫНША болуы ықтимал?

A)Кұрғақ перикардит

 

22 жасар жігіт жансақтау бөлімшесіне денесінде жайылған бөртпелермен, дене қызуының 39 С дейін көтерілуімен түсті. Тексергенде денесінде көпіршікті бөртпелер, кейбір жерлерде қосылып кеткен және жарылған буллалар байқалады. Никольский симптомы оң. Иммунды комплекстің элиминациясы ретінде келесі ем тиімді:

A)Плазмаферез

 

22 жасар науқас жұқпалы ауруханаға түскенде бірінші тәулігінде қатты бас ауруы, екі еселік жүрек айну, температураның 40ºС көтерулуі. Сырқат суықтануға байланысты. Объективті қарау кезінде есін біледі, бірақ көзі жұмылған, сұрақтарға дұрыс бірақ қиындықпен жауап береді.Терінің сырты таза, түсі сұр, склералар инъекцирленген. Аңқада салыстырмалы гиперемиясы бар. Екі жақтың Кернинг симптомы және желке бұлшықетінің ригидтілік байқалады. Қандағы көрсеткіштер: лейкоциттер 18*109/л, П-12%, С-72%, Л-16%, ЭТЖ-42 мм\ч. Алғашқыда қандай емді тағайындау қажет?

A)Пенициллин,преднизолон,маннитол

 

22 жастағы жүкті әйел жүктілікті үзу туралы сұрақты шешу үшін кеңеске мынандай зерттеу нәтижелерімен жіберілді: лейк. – 4,8 х109/л, таяқша ядролы нейтроф. – 1%, сегментядролы нейтроф. – 58%, лимф. – 26%, мон. -2%, ЭТЖ - 30 мм/ч. Кіші жамбас органдарының УДЗ – 9-10 апталық жатырлық жүктілік, ИФА қызамық вирусының Ag қарсы IgG классы Ab «оң» анықталды. Шағымы жоқ. Анамнезінде балалық шағында бөртпемен өтетің жұқпалы аурумен ауырған. Қарап тексергенде: t- 36,40С, ауыз – жұтқыншақта шырышты қабаты қалыпты түстес, энантема жоқ. Тері қабаты таза, бөртпелері жоқ. Лимфа түйіндері ұлғаймаған. Жатыр қозбаған. Жыныс жолдарынан бөліністер жоқ. Сіздің жүкті әйелге беретін нұсқауыңыз?

A)Жүктілікті сақтауға нұсқау беру

 

22 жастағы жүкті әйел жүктілікті үзу туралы сұрақты шешу үшін кеңеске мынандай зерттеу нәтижелерімен жіберілді: лейк. – 4,8 х109/л, таяқша ядролы нейтроф. – 1%, сегментядролы нейтроф. – 58%, лимф. – 26%, мон. -2%, ЭТЖ - 30 мм/ч. Кіші жамбас органдарының УДЗ – 9-10 апталық жатырлық жүктілік, ИФА қызамық вирусының Ag қарсы IgG классы Ab «оң» анықталды. Шағымы жоқ. Анамнезінде балалық шағында бөртпемен өтетің жұқпалы аурумен ауырған. Қарап тексергенде: t- 36,40С, ауыз – жұтқыншақта шырышты қабаты қалыпты түстес, энантема жоқ. Тері қабаты таза, бөртпелері жоқ. Лимфа түйіндері ұлғаймаған. Жатыр қозбаған. Жыныс жолдарынан бөліністер жоқ. Сіздің жүкті әйелге беретін нұсқауыңыз?

A)Жүктілікті сақтауға нұсқау беру

 

22 жастағы жүкті әйел, жүктілік мерзімі 34-36 апта, созылмалы гломерулонефритпен ауырады, АҚҚ жоғарылауы 180/115 мм сбб дейін байқалады. Анамнезінен: жүктілікке дейін АҚҚ деңгейі 140-150/80-100 мм сбб аралығында болған. Қанында креатинин – 200 мкмоль/л, зәрінде белок – 3,6 г/тәул. УДЗ-де – ұрықтың өлшемдері гестация мерзімінен 2-3 апта қалыс қалады. Әрі қарай жүргізу тактикасының қайсысы ЕҢ мақсаттық болып табылады?

A)Босандыру

 

22 жастағы жүкті әйел, жүктілік мерзімі 8-10 апта. Таңертеңгі уақытта жүрек айнуына, құсуына шағымданады. Анамнезінен: Бір жылдай бұрын постстрептококкты гломерулонефритпен ауырған. Зәр анализінде: эритроциттер -1-2 к/а, лейкоциттер – 2-3 к/а. Қанында: АСЛ-О – әлсіз оң. Жүктілікке қатысты ЕҢ қай болжам сәйкес келуі мүмкін?

A)Физиологиялық жүктілікке қатысты қолайлы

 

22 жастағы қызда ауыр ағымды ЖРВИ фонында сарғыштану пайда болды. Қарап тексергенде спленомегалия анықталды. УДЗ-де: Өт қапшығында тас. ЖҚА: WBC-4.3*109/L, RBC-2.6*1012/L, HGB -53 G/L, HCT-0.288 L/L, MCV-62.6, MCH-15.9, MCHC-253. Сфероцитоз, акантоз, овалоцитоз. Биохимиялық қан анализінде: жалпы билирубин – 62 мкмоль/л, тура емес –51 мкмоль/л. Қандай диагноз жайлы ойлауға болады?

A)Тұқым қуалаушылық микросфероцитоз

 

22 жастағы науқас терапия бөлімшесіне жатқызылды, диагнозы созылмалы екіншілік пиелонефрит, латенттік ағым, II белсенділік, өршу кезеңінде. Екі жакты нефроптоз. СБЖ 0. 11-12 апталы жүктілік. Пенициллиндік антибиотиктар қатарына дәрілік аллергиясы бар. Бұл клиникалық жағдайда эмпирикалық терапияда қандай антибактериалдық препаратты тағайындау ұтымды болады:

A)цефуроксим

 

22 жастағы науқаста шөлдеу, кіші дәретінің мөлшерінің көбеюі, дене салмағының азаюы пайда болды. Тұмаудан кейін ауырып қалды. Гликемия деңгейі 20,5 мммоль/л, глюкозурия 52г/л, кетонурия ++++. Төменде берілген диагноздардың қайсысы сәйкес келеді?

A)қант диабеті 1 тип

 

23 жастағы бойжеткен көз өткірлігінің нашарлауына, әлсіздікке, дене қызуының 37,2оС дейін көтерілуіне, талуға шағымданады. Тексергенде сол жақ ұйқы және бұғана үсті артерияларында систолалық шу анықталды. Сол жақ кәрі жілік артериясында пульс анықталмайды. ЭТЖ 22 мм/сағ. Неғұрлым тиімді тактика:

A)индометацин + стугерон

 

23 жастағы науқас арқасының төменгі бөлігінің және жамбас-сан буындарының күшті ауыруына шағымданды. Рентгендік зерттеуде сегізкөз-мықын қосындыларының жіктерінің тарылуы мен контурларының біркелкі еместігі анықталды. Ең тиімді емдік тактика:

A)ритуксимаб ҚҚСЕД

 

23 жастағы науқас, мамыр айында 1,5 сағат бойы электрлік пойызда ашық терезеге оң бетімен қарап тұрған,таң ертең оң көзі нашар жабылады, ауызы қисайған сол жаққа, тамақты оң жақ ұрты мен қызыл иек арқылы шайнаған. Сұйық тамақ ауыздың оң жақ бұрышынан ағып кеткен.Қарағанда аурудың 3-ші күні беті асиметриялы, оң көзі кеңіген, жас ағады, жыбырлайды. Оң жақ мұрын-ерін қыртысы жазылған. Ауызы солға тартылған. Қасын жиғанда оң жақта вертикальды қыртыс түзілмейді. Оң жақта қасы жоғарыға көтерілмейді. Оң көзі жабылмайды. Тістерін ақситқанда солға тартылады, ұртымен үре алмайды және ысқыра алмайды, оң жақ ұрт парусы. Болжамды диагноз қойыңыз? Емдеу шаралары?

A)Бет нервінің нейропатиясы оң жақты, гормонотерапия, микроциркуляцияны жақсартатын препараттар, витаминотерапия.

 

23 жастағы науқас, мамыр айында 1,5 сағат бойы электрлік пойызда ашық терезеге оң бетімен қарап тұрған,таң ертең оң көзі нашар жабылады, ауызы қисайған сол жаққа, тамақты оң жақ ұрты мен қызыл иек арқылы шайнаған. Сұйық тамақ ауыздың оң жақ бұрышынан ағып кеткен.Қарағанда аурудың 3-ші күні беті асиметриялы, оң көзі кеңіген, жас ағады, жыбырлайды. Оң жақ мұрын-ерін қыртысы жазылған. Ауызы солға тартылған. Қасын жиғанда оң жақта вертикальды қыртыс түзілмейді. Оң жақта қасы жоғарыға көтерілмейді. Оң көзі жабылмайды. Тістерін ақситқанда солға тартылады, ұртымен үре алмайды және ысқыра алмайды, оң жақ ұрт парусы. Болжамды диагноз қойыңыз? Емдеу шаралары?


Дата добавления: 2015-10-21; просмотров: 42 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.023 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>