Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

$22 жастағы әйел адам тамақтанудан кейін бірден эпигастрий аймағында кебу сезімі, жүрек қағуы, жүректің шалыс соғуы (перебои) , ауа жетпеу 3 страница



A)Кларитромицин+амоксициллин+омепрозол

 

32 жастағы ер адам тұрақсыз, интенсивтілігі орташа тұрақты сипаты жоқ іштің ауырсынуына, метеоризмге, тәулігіне 4-6 рет, құрамында қорытылмаған тамақ қалдықтары бар сұйық нәжіске шағымданды. Анамнезінде: жоғарыдағы аталған шағымдар бронхоэктаз ауруына байланысты ем қабылдағаннан 2 аптадан соң пайда болды. Диагностикалық ізденістің келесі қадамы:

A)Нәжісті микробиологиялық зерттеу

 

32 жастағы ер адам, ауруханаға 10 - желтоқсанда, ауруының 4-ші күні түскен. Шағымдары: дене қызуының 38,8ºС-қа дейін жоғарылауы, қалтырау, бастың ауыруы, жұтынған кездегі тамағының ауруы, іштің ауруы, 3 рет іші өткен. Жер үйде тұрады, үйінде кеміргіштер бар. Жағдайы ауыр. Денесінде көптеген дақты-папулезді бөртпе байқалады. Көз склералары аздап сарғайған. Аңқасында: шырышты қабаты қызарған, бадамша бездері ұлғайған, жабындылар жоқ. Мойын, жақ асты, қолтық, лимфа түйіндері үлкейген. Оң жақ илеоцекальды аймақта ауру сезімі анықталады. Іш пердесінің тітіркену симптомы күмәнді. Бауырдың төменгі шекарасы қабырға доғасынан 1,5 см-ге төмен шығып тұр. Қай диагноз ең ықтимал болып табылады?

A)Иерсиниоз

 

32 жастағы ер адамда тізе және жамбас буынының артриті, табан-фалангалық буындардың артриті, оң қолдың 2-4 саусақтарының және сол қолдың 3-4 саусақтарының проксималды және дистальды фаланга аралық буындарының артриті; жамбас бұлшықеттерінде ауыспалы ауру сезімі. Қарап тексеру кезінде баланопостит, жайылған лимфаденопатия, алақанында бірнеше пустулалар, табандарының гиперкератозы, ахил сіңірінің ауру сезімі. Анамнезінде: соңғы бір жылда 15кг дене массасын жоғалтқан, 6 ай бұрын бір ай бойы түсініксіз диарея болған. Науқасқа қандай тексеру жүргізу керек?

A)АИВ-қа ИФА және иммуноблотинг

 

32 жастағы науқас әйел рецидивті түйінді эритемаға, еріндерінің және беттерінің шырышты қабаттарындағы афтозды жараларға шағымданады. Тексергенде: қынаптың шырышты қабатында увеиттің белгілері және жаралар анықталған. Неғұрлым мүмкін диагноз:



A)Бехчет синдромы

 

32 жастағы науқас тісін жұлғаннан кейін пайда болған көлемді қан кетуге шағымданады. Анамнезінде мұрыннан қан кетулер. Объективті: теріде петехиялар және экхимоздар. Қанда: эр-2,9 млн, Нв-77 г/л, ТК-0,8, лейк-4,2 мың, тромб-28 мың. ЭТЖ-17 мм/сағ. Қан кету ұзақтығы-24 мин, қан ұю уақыты-4 мин. Миелограмма: мегакариоциттерден тромбопластинкалардың бөлінуінің бұзылуы. Неғұрлым мүмкін диагноз:

A)Иммунды тромбоцитопения

 

32 жастағы науқасты тамақтан кейін бір жарым сағат өткенде пайда болатын эпигастрий ай мағындағы ауырсыну; қышқылмен кекіру, қыжыл мазалайды. ЭФГДС: асқазанның антральды бөлігінің шырышты қабаты айқын гиперемияланған, санаулы эрозиялар. Неғұрлым тиімді тактика:

A)Амоксицилин + кларитромицин + рабепразол

 

33 жасар ер адамда тексерілуде анықталды: HCV IgM – оң; anti HCV total – ш/оң, HBsAg – теріс, anti HBs – оң, antiHBc IgM – теріс, antiHBc IgG – теріс, HBeAg – теріс, anti HBe – теріс. Биохимия: АЛТ – 1,44 ммоль/л. АСТ – 3,25 ммоль/л. Билирубин – 25,25 мкмоль/л, тура – 10,95 мкмоль/л, тура емес – 14,35 мкмоль/л. ПТР HCV РНК 3 генотип, 4 800 000 көшірме/мл. Бауыр эластографиясы – F1 Metavir бойынша. Берілген жағдайда вирусқа қарсы терапияның ұзақтығы?

A)24 апта

 

33 жасар әйел адам, тексерілуде анықталды: anti HCV IgM – оң; anti HCV total – оң. HBsAg – оң, anti HBs – теріс, antiHBc IgM – оң, antiHBc IgG – оң, HBeAg – теріс, anti HBe – оң. Биохимия: АЛТ – 0,74 ммоль/л. АСТ – 0,45 ммоль/л. Билирубин – 25,25 мкмоль/л, тура – 10,95 мкмоль/л, тура емес – 14,35 мкмоль/л. ПТР HCV РНК 3 генотип, 4 800 000 көшірме/мл. ПТР HВV ДНК 10 500 көшірме/мл. Бауыр эластографиясы – F1 Metavir бойынша. Берілген жағдайда вирусқа қарсы терапияның ұзақтығы?

A)48 апта

 

33 жастағы А. деген пациент жалпы әлсіздікке, тершендікке, шырышты іріңді қақырықты жөтелге, кешке температураның 38o дейін көтерілуіне шағымданып поликлиникаға қаралып тексерілді.Оң өкпенің жоғарғы бөлімінің инфильтратты туберкулезі, ыдырау фазасы, ТМБ+ деген диагноз қойылды. Жіктелуге байланыс-ты жаңадан анықталған туберкулез/ новый случай, қаралу арқылы анықталған. ТПҰО-ға ауруғаналық емге жатқызылды. Пациентті жүргізу тактикасы қайсы, таңдаңыз?

A)I категория бойынша емдеу

 

33 жастағы ер адамды қалтырау, қатты тершеңдік, оң кеуде қуысында ауыру сезім, қоңыр түсті желе тәрізді сасық иісті қақырықпен жөтел, тыныштықтағы ентігу, айқын әлсіздік мазалайды. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр, арықтаған, қол-аяқтарында веналар бойында көптеген инъекциялар орны. Оң жақ бұғана астында өкпе дыбысының тұйықталуы, орташа және ірі көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. АҚҚ 80/60 мм с.б.б. ЖСЖ- 122 рет минутына. Емдеу бағдарламасына қосымша қай препаратты қосқан БАРЫНША тиімді?

A)Цефепим

 

33 жастағы әйел әлсіздік, шаршағыштыққа шағымданады. Анамнезінде: қалқанша безінің субтотальді резекциясы, тәулігіне 50 мкг L-тироксинді қабылдайды. Объективті: беті ісіңкі, жүрек үндері тұйықталған. АҚ - 100/70 мм с.б.б. ЭХОКГ-да перикард қуысында сұйықтық анықталды. Төмендегі зерттеу әдістерінің қайсысы БАРЫНША мәліметті?

A)Т3 және Т4 деңгейлерін анықтау

 

33 жастағы науқаста суық тигеннен соң және ауыр жүк көтергеннен кейін сол аяғының алдыңғы сыртқы бетінде қатты ауырсыну пайда болды, ахиллов рефлекс жоқ, гипестезия Л4-Л5-S1 аймағында. Компьютерлік томографияда - Л4-Л5-S1деңгейінде парамедиандық типтегі протрузиялар. Мүмкін болатын диагнозды атаңыз:

A)Диск жарығы

 

33жасар әйел адам созылмалы вирусты гепатит С, 1 генотип бойынша пег-интерферон және рибавиринмен вирусқа қарсы терапия қабылдайды. Емнің басынан 4 айда таңғы құрысу сезімі мен проксималды фалангааралық, білек-фалангалық және білезік буындарда ауыру сезімі, 37,7-37,9С дейін дене қызуы пайда болды. РФ – емге дейін 24 МЕ/мл, емнің басынан 12 аптада – 125 МЕ/мл, АЦЦП – оң. Вирусты жүктеме динамикасы: HCV РНК емге дейін – 6,4х106 МЕ/мл, 12 аптада – 2,3х102 МЕ/мл. Ары қарай қандай тактика дұрыс?

A)Емді тез арада тоқтату

 

34 жастағы әйел балтыр табан буындарының ауырсынуын, ісінуін, балтырда майда нүктелi бөртпелердің пайда болуын байқаған. Қанда: тромбоциттер - 180х109/л, қан кету уақыты – 4 мин, қан ұйындысының ретракциясы өзгермеген, протромбин индексi - 90%, АЧТВ – 45с, фибриноген - 5 г/л. Зәрде: белок - 0, 05г/л, эритроциттер – 50 к/а.Сіздің диагнозыныз:

A)Геморрагиялық васкулит

 

35 - жастағы әйел, стресстен кейін тершеңдік, мазасыздық, дене салмағының азаюына шағымданады. Объективті: бойы – 170 см, салмағы – 55 кг. Терінің айқын гипергидрозы, қолдарын созғанда саусақтары қалтырайды. Жүрек шекаралары солға ығысқан, үндері күшейген, жүрек ұшында систолалық шуыл естіледі, ЖЖЖ - 150 рет мин, АҚ - 140/70 мм с.б.б. Қалқанша безі ұлғайған, 2 дәрежелі. ЖҚА өзгеріссіз. Негізгі зат алмасу 20% жоғарылаған. Төмендегі зерттеу әдісінің қайсысы БАРЫНША мәліметті?

A)Т3, Т4, тиреотропты гормондарды зерттеу

 

35 - жастағы әйелді физикалық күштеме кезінде кеуде сарайының сол жағындағы мезгіл – мезгіл қысып ауыру сезімі мазалайды, нитраттарды қолданғанда жағдайы нашарлайды. Жанұясында екі адам жастай жүрек ауруынан қайтыс болған. Қарап тексергенде: АҚ - 120/80 мм с.б.б., ЖСЖ - 70 рет мин. Жүрек ұшы түрткісі күшейген, төстің сол жақ қырының бойында систолалық шуыл естіледі, горизонтальді қалыпта айқындығы азаяды. Эхокардиография: қарыншааралық перде қалыңдығының сол қарыншаның бос қабырғасының қалыңдығына қатынасы – 1:4, сол қарынша қуысы азайған. Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы болуы БАРЫНША мүмкін?

A)Митральді қақпақша жетіспеушілігі

 

35 жасар әйелді 2 жылдан бері тағам немесе дәрі қабылдауға байланыссыз пайда болып, бірнеше сағат ішінде өздігінен жойылатын, қышитын, бір-бірімен қосылған күлдіреуік бөртпелер мазалайды. Бөртпе пайда болған кездерде тыныс алудың қиындауы мен жөтел мазалайды, Қақырығында «ақ жармалар(крупинки)». ЖҚА: Эр-2,8х1012/л, Гем – 109 г/л, Л- 5,2х109/л, нейтрофилдер – 60%, эозинофилдер – 25%, лимфоциттер – 15%, ЭТЖ – 17 мм/сағ. Қандай диагностикалық тактика барынша ұтымды?

A)Ішектік инвазияның кешенді диагностикасын жүргізу

 

35 жастағы ер адам ауыр ЖРВИ өткергеннен 3 аптадан кейін жүрек тұсындағы сыздаған ауыру сезіміне, тыныштықтағы ентігуге, оң қабырға астындағы ауырлық сезіміне, аяқтарының ісінуіне шағымданады. Аускультацияда: үндері үнсіз, протодиастолалық галоп ырғағы. Қанда: шамалы лейкоцитоз, тропонин I - 1,926 нг/мл. ЭКГ: АВ бөгеме II дәрежесі Мобиц II. Көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсысы БАРЫНША ақпаратты?

A)Коронароангиография

 

35 жастағы ер адам стационарға айқын әлсіздікке, бас айналуға, мурыннан қан кетуге шағымданып түсті. Қарағанда тері жабындылары және көрінетін шырышты қабаттары айқын бозғылт, аяқ-қолдарында және денесінде әртүрлі көлемдегі көгерулер бар. Қан анализінде Эритроциттер – 2,0*10/12/л; Нв-53 г/л; тромбоциттер 43*10/л, Лейкоциттер – 1,2*10/9/л, Нейтрофилдер: с/я –17 %, т/я – 1%, Моноциттер – 3%, Лимфоциттер – 79%, ЭТЖ –24 мм/сағ. Диагнозды негіздеу және емдеу жоспарын анықтау үшін қандай зерттеу әдісін жүргізу көрсетілген?

A)Трепанобиопсия

 

35 жастағы ер адам, басының қатты ауыруына, дене қызуының көтерілуіне, ұйқысының бұзылуына, тәбітінің жоғалуына шағымданады. Анамнезінде: бір апта бұрын ауырған, температурасы субфебрильді, әлсіздік, басының ауруының үдеуі мазалайды. Кеше кешке дене температурасы 39,0º-40,0ºС дейін көтерілген, 3 рет іші өткен. Қарап тексергенде: адинамиялы, енжар. Тері жабындылары бозғылт, іш аймағында - бірең-сараң ашық қызыл түсті бөртпе элементтері анықталады. Бауыры 1,5 см ұлғайған. Жүрек тондары әлсіз, ЖСЖ – 78 соғ./мин. АҚҚ 110/70 мм с.б. Тілі құрғақ, қоңырқай-сұр жабындымен жабылған, шеттері мен ұшы жабындыдан таза. Іші кепкен. Қандай диагноз ең ықтимал болады?

A)Іш сүзегі

 

35 жастағы ер адам, басының қатты ауыруына, дене қызуының көтерілуіне, ұйқысының бұзылуына, тәбітінің жоғалуына шағымданады. Анамнезінде: бір апта бұрын ауырған, температурасы субфебрильді, әлсіздік, басының ауруының үдеуі мазалайды. Кеше кешке дене температурасы 39,0º-40,0ºС дейін көтерілген, 3 рет іші өткен. Қарап тексергенде: адинамиялы, енжар. Тері жабындылары бозғылт, іш аймағында - бірең-сараң ашық қызыл түсті бөртпе элементтері анықталады. Бауыры 1,5 см ұлғайған. Жүрек тондары әлсіз, ЖСЖ – 78 соғ./мин. АҚҚ 110/70 мм с.б. Тілі құрғақ, қоңырқай-сұр жабындымен жабылған, шеттері мен ұшы жабындыдан таза. Іші кепкен. Қандай диагноз ең ықтимал болады?

A)Іш сүзегі

 

35 жастағы әйел адам басынан өткен күйзелісінен кейін қатты тершеңдік тің пайда болуы, ашушаңдық, дене салмағының азаюына шағымданады. Объективті: бойы – 170 см, салмағы – 55 кг. Теріде диффузды гипергидроз пайда болуы, қолын созғандағы саусақтарының дірілдеуін айтты. Жүрек жиегінің қалпы қалыпты, тоны жоғарлаған, үстінде систоликалық шуыл. ЖЖЖ - 130 минутына, АҚ - 140/70 мм рт.бағ. Қалқанша безінің үлкеюі байқалмайды, пальпаторлы қасиеті өзгермеген. Гликемия аш қарынға – 5,9 ммоль/л. Қан холестерині - 3,0 ммоль/л. Қай көрсетілген кешендердің зертханалық зерттеу әдістері верификация диагнозына көбірек ақпараттандырылған:

A)зерттеуі Т3св, Т4св, гормонның тиреотробы

 

35 жастағы әйел адам жалпы әлсіздікке, айқын шаршағыштыққа, тәбетінің жоғалуына, лоқсуға, есінен тануға шағымдалып келді. Анамнезінде: Иценко-Кушинг ауруына байланысты адреналэктомия. Объективті: бойы 165 см, салмағы 42 кг. Тері мен шырышты қабаттардың гиперпигментациясы. АҚ - 70/40 мм с.б.б. Қанда: эритр-3,5 млн., лейк-4,5 мың., НВ-75 г/л, ЭТЖ-13 мм/сағ, қанда қант деңгейі 8.00- 2.9 ммоль/л. Көрсетілген дәрілердің қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді?

A)гидрокортизонды

 

35 жастағы әйел адам, күндізгі уақытта 10-12 –ге дейін, түнгі мезгілде 6-8-ге дейін тұншығу ұстамаларына шағымданып ауруханаға түсті. Пиктік тыныс шығарудың шыңды жылдамдығы 45%, тәуліктік вариабельділіг 35%. Мүмкін болатын диагноз:

A)Ауыр дәрежелі бронх демікпесі

 

35 жастағы әйел адамда стресстен кейін жүрек аймағында ауыру сезімі, ашуланшақтық, әлсіздік, денедегі діріл пайда болды. Қарап тексергенде: тәбетінің төмендеуі, гипергидроз, пальпациялағанда қалқанша безінің бірінші дәрежеге дейін ұлғаюы анықталады. Жүрек тондары айқын, ЖСЖ - 120 рет/мин. АҚ - 150/70 мм с.б. Диагнозды нақтылуға қандай зерттеу әдісі БАРЫНША ақпаратты?

A)Т3 және Т4, ТТГ бос фракцияларын анықтау

 

35 жастағы науқас өзін ЖРВИ-н кейін қызбаның қайталануы, анық байқалатын әлсіздік, артралгия мен миалгия, екі жақ өкпедегі өзгерістерден кейінгі (бұл белгілер бойынша дәрігер пневмония, Рейн феномені деп диагноз қойған) 5 жылдан бері ауырып жүрмін деп есептейді. Кейіннен жүрек тұсында ауыру және дисфагия пайда болған. Объективті тексеру нәтижелері: терісінде – тығыздалу ошақтары және атрофиялар. Жалпы қан анализі: Л-4.2 тыс, Эр – 3.5, Нb- 129 г/л, ЭТЖ- сағатына 30 мм. SCL70 анти денелер анықталған. Осы жағдайда қандай ем тиімді болып табылады?

A)Д-пеницилламин

 

36 жастағы ер кісіде таңғы төртте жүрек аймағының жарылып ауырсынуы мазалаған, қатаң әлсіздік пен суық тер және өлім қорқынышы қабаттасқан. Жедел жәрдем дәрігері ЭКГ-де ST сегментінің ІІ,ІІІ, аVF, V5-6 тіркемелерінде күмбез тәрізді жоғарылауы тіркелген. Ауырсынуды басқаннан соң ЭКГ қалыпты күйіне келді. Сіздің тұжырымыңыз:

A)Вариантты стенокардия

 

36 жастағы әйел асқынуы жылына 6-7 рет болатын қайталамалы герпеспен ауырады, ол кезде ацикловир қолданады. 1 курс циклоферон алған, әсері болмаған – герпестің келесі рецидиві ем курсынан 2 аптадан кейін қайталанады. Дәлелді медицина көзқарасы бойынша қандай емдеу тактикасын жүргізу керек?

A)Иммунограмма және нәтижесі бойынша иммунотерапия әдісін таңдау

 

36 жастағы әйел Оңтүстік Қазақстан обылысының тұрғыны стационарға жатқызылды. 8 күн бойы жоғары қызба, басының ауруы, әлсіздік, ұйықысыздық байқалған..Жағдайы ауыр, дене қызуы 39,00С, науқас тежелген, сұрақтарға бір бағытта жауап береді, сөйлегісі келмейді. Терісі бозарған, ішінің жоғарғы бөлігінде біркелкі элементік розеолезді-папулезді бөртпе.Тілі құрғақтау, бетін коңырқай-сұр жабынды жапқан, шеттерінде тісттердің ізі бар. Іші жұмсақ, оң жақ мықын аймағында азадаған ауру сезімі анықталады, перкуторлық дыбысы осы жерде тұйықталған, бауыры +1,0 см, эластикалы. Қандай дәріні тағайындаған ең тиімді?

A)Левомицетин

 

36 жастағы науқас, ауыз қуысында және гениталий аймағында көлемі 1см, бір-біріне қосылып кететін жараларға, коньюктивасының қызаруына, кеудесінің алдыңғы бетінде эритемалық бөртпелердің шығуына шағымданады. Диагнозды қоюға келесі лабораториялық көрсеткіш көмектеседі:

A)HLA-B51

 

36 жастағы науқасты бетінің, бел аймағының, аяқтарының ісінуі мазалайды. Анамнезінде - туберкулез. Зәр анализі: сал. тығ. -1020, белок-10,4 г/л, лейк-2-3 к/а. Диагнозды нақтылауда неғұрлым деректі әдіс:

A)Тік ішек шырышты қабатының биопсиясы

 

37 жастағы ер адам бронхоэктаз ауруы өршуінің терапиясы жүргізілген. 2 аптадан кейін тұрақсыз, интенсивтілігі орташа тұрақты сипаты жоқ іштің ауырсынуы, метеоризм, тәулігіне 4-6 рет, құрамында қорытылмаған тамақ қалдықтары бар сұйық нәжіс пайда болды. Осы жағдайдың дамуына себеп болатын топ препараттары:

A)Антибиотиктер

 

37 жастағы әйел адам стационарға түнде және ашқарынға пайда болатын,тағам қабылдағаннан кейін басылатын эпигастрий аймағында батып ауырсынуға шағымданып түсті. Анамнезінен: 5 жыл бойы ойық жара ауыруымен ауырады. Жағдайының нашарлауы соңғы екі апта бойы. Объективті: тілі ақ түсті жабынмен жабылған, эпигастрии аймағында жайылған ауырсыну. Бауыр және көкбауыры ұлғаймаған. Қан және зәр анализінде патологиясыз. Эндоскопиялық фиброгастродуоденоскопия: өңеші өтімді, асқазанның шырышты қабаты гиперемияланған, қатпарлары гипертрофияланған, 12 елі ішек буылтығының алдыңғы қабырғасында жаралы дефект 0,5х0,7 см. Осы жағдайда дәрілік препараттардың дұрыс комбинациясын тағайындаңыз:

A)Кларитромицин+флемоксин+париет

 

37 жастағы әйел жүрек аймағындағы ауыру сезімі, жүрек қағу, тез шаршағыштықты байқады. Ауыру сезімі үш ай бойы мазалайды, осы уақытта ашушаңдық, жылауықтық пайда болып, 5 кг арықтады. Объективтi: жүдеу, тері гипергидрозы, қалқанша безі қарағанда байқалады. Қолдарында майда тремор, «телеграфт бағанасы» симптомдары анықталады. АҚ - 130/60 мм.с.б. ЖСЖ – 120 рет мин. Диагнозды нақтылау үшін немен сынама жүргізу БАРЫНША мәліметті:

A)Тиреолиберинмен

 

37 жастағы науқас В., бронх демікпесімен 4 жыл ауырады. Тұңшығу ұстамаларын вентолинмен басады, гормонтәуелділік тәулігіне 10 мг. ТШШ 55%. Об-ті: ортопноэ, аускультация кезінде барлық өкпе алаңында ысқырықты құрғақ сырылдар. ТЖЖ 28 мин, ЖСЖ 92 рет мин, АҚҚ 130/90мм.сб.б. Науқас соңғы сағатта вентолин ингаляторын қолданды. Науқасты емдеу әдісі қандай:

A)90-60 мг к/т преднизолон, серетид 1000 мкг

 

38 - жастағы ер адам, кардиолог – дәрігерде гипертрофиялық кардиомиопатиямен (сол жақ қарыншаның шығу жолының обструкциясымен) есепте тұрады. Соңғы кездерде физикалық күш түскенде стенокардияға тән ауыру сезімі мазалап, ентігіп, басы айналып, жүрегі қағады. Объективті: акроцианоз. Өкпеде әлсіз тыныс, ТЖ мин.- 21 рет. Жүрек үндері тұйық, төстің сол жақ қыры бойында систолалық шуыл естіледі, тахикардия. Қандай дәрілер шығу жолы обструкциясының дәрежесін ұлғайтып, науқастың жағдайының нашарлауына ықпал жасауы барынша мүмкін?

A)Строфантин

 

38 жасар науқас арқаға берілетін эпигастрий аймағындағы кезеңдік ауру сезіміне, үлкен дәретінің бұзылуына, әлсіздікке, арықтауына шағымданады. Ауру сезімінің пайда болуын емдәмнің сақталмауымен байланыстырады. Анамнезі: созылмалы дуоденитпен және опистархозбен ауырған. Жалпы қан және биохимиялық анализдер өзгеріссіз. Науқастың копрограммасында табылатын барынша мүмкін өзгеріс:

A)стеаторея;

 

38 жастағы ер кісі жүрекалды аймақта орналасқан, физикалық күштемеде дамып, өздігінен басылатын, ешқайда тарамайтын, ұзақтығы 4-5 мин, сығып ауырсынуға шағымданады. Өзін бір ай шамасында науқас санайды, дәрігерге қаралмаған. Әкесі 50 жасында қайтыс болған. Об-ті: жүрек шектері өзгермеген, ырғақты, Боткин аймағында систолалық шу, жжс 78 мин. АҚ 115 70 мм сын. бағ. ЭКГ: III,AVF, V4-V6 Q тісшесі. ЭхоКС: жүрек қуыстары өзгермеген, қарыншааралық перде қалыңдығы 2,0см, сол қарыншаның артқы қабырғасы – 1,4см; айдау фракциясы 72%. Кардиалгияның себебі:

A)гипертрофиялық обструкциялық кардиомиопатия

 

38 жастағы науқас қабылдау бөлімшесіне артериялық қысымның жиі кенеттен 270\130 мм.с.б. дейін көтерілуіне, интенсивті бастың ауруына, жүрек тұсындағы қысып ауырсынуға, жүректің жиі соғуына, тершеңдікке, дене қызуының 380С дейін көтерілуіне шағымданып түсті. Объективті: тері жамылғылары бозғылт, ылғалды, өкпесінде везикулярлы тыныс, жүрек тондары күшейген, тахикардия, түскен кездегі артериялық қысым -260/120 мм.с.б. Қан анализінде лейкоциттер-9,2х109 /л, эозинофилдер-7%; глюкоза- 7,6 ммоль/л, несеп анализі патологиясыз. Электрокардиограммада- синусты тахикардия 100 рет мин, жүрек электрлік өсінің солға ығысуы, сол қарыншаның гипертрофиясы. Қорытынды диагноз қою үшін қандай тексеру барынша мәліметті?

A)Қандағы катехоламиндерді анықтау

 

38 жастағы науқас, 4-ші жүктілік 22 аптасында. Вирусты инфекциядан кейін миокардитпен асқынған ауруханадан тыс пневмония дамыды, температура 37,2 С. Қанда: Л - 4,2х109/л, СОЭ – 42 мм/сағ. Массивті антибактериальды терапия басталды. Өмірлік көрсеткіштерге байланысты иммунотерапия қолдану қажет. Аталған жағдайда иммунотерапияның қай әдісі көрсетілген?

A)Рекомбинантты гранулоцитарлы-макрофагальды фактор

 

38 жастағы науқас, ІІІ дәрежелі аралас типтегі уытты зоб бойынша ота жасалынған. Отадан кейінгі 3 күні қысқа уақытқа созылатын тырысулар, 3-4 күндері парестезиялар пайда болған. Қарап тексергенде: терісі сәл ылғалды. Тілі таза, ылғалды. Жүрек тондары ырғақты, пульс 76 р/мин, АҚҚ - 130/70 мм с. б. Хвостек, Труссо, Шлезингер симптомдары - оң. Ең тән диагнозды атаңыз?

A)Гипопаратиреоз

 

38 жастағы науқасты тұншығу ұстамасы, экспираторлық ентігу ұзақ уақыт бойы мазалайды. Тұншығу ұстамаларын беротекпен емдейді, 2 жыл бойы тәулігіне 10 мг преднизолон қабылдайды. Тыныс шығарудың пиктік жылдамдығы - 65%. Осы науқас үшін неғұрлым тиімді базисті терапия:

A)Будесонид

 

38 жастығы әйел қызбаға, айқын әлсіздікке, басы және буындарының ауырғанына, миалгияға, төс артындағы ауыруы сезіміне, сандар терісінде диаметрі 2-3 см қызғылт ауру сезімді түйіндердің пайда болғанына шағымданады. Рентгенограммасында паратрахеальды лимфа түйінднрдің екіжақтық симметриялы массивті ұлғаюі. Қан анализінде эозинофилия, моноцитоз, ЭТЖ, альфа және гамма-глобулиндердің жоғарлауы. Науқаста қандай ауру дамыды?

A)Жедел саркоидоз (Лефгрен синдромы)

 

39 жасар ер адамға баралгин енгізгеннен соң 10 минуттан кейін денесінің қышуы, қызаруы, жүректің айнуы, кеудесін қысу сезімі байқалды. Тексергенде: тері қабаты бозғылт, жабысқақ тер байқалады. Жіп тәрізді жиі пульс байқалады, жүрек тондары тұйықталған. Қысқа уақытты есінен тану байқалды. АҚ 60/30 мм сын.бағ. Жедел көмек ретінде қолданатын дәрмек:


Дата добавления: 2015-10-21; просмотров: 110 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.024 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>