Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Балалар стоматологиясынан МЕ тесттері 11 страница



4. Төменгі жақ бұрышының оң жағынан сынуы

5.+Төменгі жақтың буын өсіндісінің сол жағынан мойынынан сынуы.

 

484. Екі сағат бұрын, 7-жасар бала ағаштан құлаған, сүйек қаңқасының көптеген сынықтары бойынша, жабық бассүйек ми жарақаты бойынша реанимациялық бөлімшеде жатыр. Консультант – жақ-бет аймағының хирургі – төменгі жақтың бұрышы аймағынан ығысқан сынықты, жартылай және толық тістердің шығуын анықтады.

Қандай ем тактикасы НЕҒҰРЛЫМ қолайлы?

1. Таңба қою және шендеу

2. Екі жақты шендеуіш салу және қабынуға қарсы терапия

3.+Критикалық жағдайдан шыққаннан кейін остеосинтез операциясы

4. Жарақаттан кейін бірінші 6 сағатта остеосинтез операциясын жасау

5. Критикалық жағдайдан шыққаннан кейін, екі жақтық шендеуіш орнату

 

485. Балаларда, төменгі жақ денесінің сынығы кезінде, сынықтар ығыспаған кезде ем әдістерінің ішінде НЕҒҰРЛЫМ оптимальды әдісі:

1.+Біржақты тұтас шендеуішпен сынықтарды иммобилизациялау

2. Екіжақты шендеуішпен сынықтарды иммобилизациялау

3. Сынықтарды шина-каппамен иммобилизациялау

4. Айви бойынша жақаралық лигатурамен байлау

5. Иектік таңба

486. 13-14 жас аралығындағы балада, 4.5, 4.6 тістер аймағында төменгі жақ денесінің сынықтары ығысқан сынығы кезінде, репозиция және иммобилизацияның НЕҒҰРЛЫМ нәтижелі әдісі?

1. Ілінетін ілмегі бар және жақаралық тартпасы бар екі жақты шендеуіш

2. 8-тәрізді лигатуралы байлам+ шендеуіш

3. Біржақты тегіс шендеуіш

4. Шендеуіш-каппа

5.+Остеосинтез

487. Жақ-бет аймағының қабылдау бөліміне, атқа жақын келіп, аттың тұяғымен бетінен жарақат алған 6-жасар баланы алып келді. Бала қысқа уақыт есінен танған, екі рет құсқан. Баланың жалпы жағдайы орта дәрежелі ауырлықта, бала адекватты, гемодинамикасы тұрақты. Қарап тексергенде, төменгі жақ аймағында терінің қанауы, пальпация кезінде төменгі жақ денесінің сол жағында баспалдақ симптомы, тістемі бұзылғаны анықталды.

Төменде келтірілген алғашқы нақтамалардың ішінде НЕҒҰРЛЫМ қолайлысы?



1. Бассүйек-ми жарақаты, төменгі жақ соққысы

2. Жабық бассүйек-ми жарақаты, төменгі жақ сынығы

3.+Бас миының шайқалуы, төменгі жақ денесінің ашық жарақаты

4. Бас миының соққысы, төменгі жақ альвеолды өсіндісінің сынығы

5. Бас миының шайқалуы, төменгі жақ альвеолды өсіндісінің сынығы

488. Төменгі жақтың ашық екі жақты жарақаты кезінде, науқасқа ем жүргізудің НЕҒҰРЛЫМ қолайлы тактикасы?

1. Жақты тарту

2. Төменгі жақ остеосинтезі

3. Сынықтарды репозициялау, иектік таңба

4.+Екі жақты шендеуішпен сынықтарды иммобилизациялау

5. Біржақты шендеуіш-скобамен сынықтарды иммобилизациялау

489. Спорт мектебінде, жаттығу сабақтарында 14-жасар бала иегінен соқы алған. 2 күннен кейін, клиникаға төменгі жақ аймағының ауру сезіміне, ас қабылдағанда, сөйлеген кезде күшее түседі. Қарап тексергенде: құлақ маңы шайнау аймағында жұмсақ тіңдердің домбығуы, пальпация кезінде, құлақ қалқаны аймағындағы ауру сезімі, самай төменгі жақ буынының сол жағында қимылы шектелген.

Төменде келтірілген алғашқы нақтамалардың ішінде НЕҒҰРЛЫМ қолайлысы?

1. Төменгі жақтың иек аймағында сынуы

2. Төменгі жақ денесінің сол жағынан сынуы

3. Төменгі жақ бұтағының сол жағынан сынуы

4. Төменгі жақтың сол жағынан бұрышының сынуы

5.+Төменгі жақтың буын өсіндісінің сол жағынан сынуы

490. Емханаға 5-жасар баланы алып келді. Бала төменгі тістері аймағында ауру сезіміне шағымданып келді. Анамнезден, ата-анасы, төсектің бұрышына төменгі тістерімен және иегімен сүрініп, құлағанын айтты. Қарап тексергенде: 7.1, 8.1 тістері интактты, II-дәрежелі қозғалмалы, осы тістер аймағында өтпелі қатпар тегістелген, тістемнің бұзылуы анықталды, пальпаторлы – иек аймағында төменгі жақ денесінің қыры бойынша баспалдақ симптомы анықталды.

Қандай зерттеу әдістерін жүргізген НЕҒҰРЛЫМ қолайлы?

1. МРТ

2. Компьютерлі томография

3.+Панорамды рентгенография

4. Контрастты рентгенография

5. 7.1,8.1 тістер аймағында рентгенография

491. Емханаға 9-жасар баланы алып келді. Бала 3-метр биіктіктен құлаған, жағының оң жаққа ығысуына, самай төменгі жақ буынындағы ауру сезіміне шағымданды. Қарап тексергенде, құлақ маңы аймағының оң жағындағы жұмсақ тіңдердің домбығуы салдарынан бет әлпеті асимметриясы анықталды, пальпацияда ауру сезімі бар. Ауызын ашуы ауру сезіммен.

Какие дополнительные методы исследования НАИБОЛЕЕ целесообразны?

1.+Ортопантомограмма және төменгі жақтың Шуллер бойынша және рентгенографиясы

2. Бассүйек және төменгі жақтың бүйір проекцияда рентгенографиясы

3. Мұрын-маңдай бағытында бассүйек рентгенографиясы

4. Парма бойынша төменгі жақтың рентгенографиясы

5. Аксиальды бағытта бассүйек рентгенографиясы

492. Балабақшада ойын барысында 5-жасар бала иегімен және төменгі тістерімен құлаған. Келесі күні 7.1,8.1 тістері аймағында ауру сезімі пайда болған. Қарап тексергенде: иек тіңдерінің домбығуы, жоғарыда көрсетілген тістер аймағында өтпелі қатпардың тегістелуі. 7.1,8.1 тістері II-дәрежелі қозғалмалы; тістемнің бұзылуы, пальпаторлы – иек аймағында төменгі жақ денесінің қыры бойынша баспалдақ симптомы анықталды.

Қандай алғашқы нақтама НЕҒҰРЛЫМ қолайлы?

1. Төменгі жақ соққысы

2. Альвеолды өсіндінің сынуы

3. 7.1, 7.2, 8.1, 8.2 тістерінің соққысы

4. Төменгі жақтың буын өсіндісінің сынығы

5.+Төменгі жақтың алдыңғы бөлігінің ығысуымен сынуы

493. Балабақшада ойын барысында 5-жасар бала иегімен және төменгі тістерімен құлаған. Келесі күні 7.1,8.1 тістері аймағында ауру сезімі пайда болған. Қарап тексергенде: иек тіңдерінің домбығуы, жоғарыда көрсетілген тістер аймағында өтпелі қатпардың тегістелуі. 7.1,8.1 тістері II-дәрежелі қозғалмалы; тістемнің бұзылуы, пальпаторлы – иек аймағында төменгі жақ денесінің қыры бойынша баспалдақ симптомы анықталды.

Қандай зерттеу әдісі НЕҒҰРЛЫМ қолайлы?

1. Төменгі жақтың бүйір проекциядағы рентгенографиясы

2. Төменгі жақ альвеолды өсіндісінің рентгенографиясы

3. Жақтың 7.1,8.1 тістері аймағында рентгенографиясы

4. Төменгі жақтың иек аймағында рентгенографиясы

5.+Панорамды рентгенография

494. Бет әлпеті хирургиясының клиникасында 6 жастағы бала төменгі жақсүйектегі буын өсіндісінің екі жақты жарақаты бойынша емделген. Реабилитациялық шаралар жоспары құрылды.

Реабилитациялық кезеңді қай кезде жүргізген НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

1. Тұрақты тістемнің толық қалыптасуына дейін;

2. Сынықтар консолидациясының аяқталуына дейін;

3.+Кәмелеттік жасқа толғанға дейін;

4. Жарты жыл ішінде;

5. 1 жыл ішінде.

495. Спорт мектебінде, 15-жасар бала жаттығу сабақтарында қарсыласынан иегінен соққы алды. Жарты күн өткен соң, кейін клиникаға келді: төменгі жақ аймағында ауру сезімі анықталды, ауру сезімі ас қабылдағанда, сөйлегенде күшее түседі. Қарап тексергенде: құлақмаңы аймағының оң жағында жұмсақ тіңдердің домбығуы, пальпацияда, құлақ қалқаны аймағында ауру сезімі анықталды, төменгі жақ қозғалысы шектелген.

Төменде келтірілген алғашқы нақтамалардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ қолайлы?

1. Төменгі жақтың иек аймағында сынуы

2. Төменгі жақ денесінің сол жағынан сынуы

3. Төменгі жақ бұтағының сол жағынан сынуы

4. Төменгі жақ бұрышының сол жағынан сынуы

5.+Төменгі жақтың сол жағынан буын өсіндісінің мойынының сынуы

496. Балаларда төменгі жақ денесінің ығысусыз сынығы кезінде, НЕҒҰРЛЫМ оптимальды ем әдістері:

1.+Біржақты тұтас шендеуішпен сынықтарды иммобилизациялау

2. Екіжақты шендеуішпен сынықтарды иммобилизациялау

3. Пластмассалы шендеуішпен сынықтарды иммобилизациялау

4. Айви бойынша лигатурамен жақаралық байлам

5. Иектік таңба

497. Балаларда және жасөспірімдерде буын өсіндісіне остеосинтез жасағанда НЕҒҰРЛЫМ қолайлы әдіс

1. Металлды біз

2. Жылқы қылы

3. Магниелі стержнь

4. Титанды пластина

5.+Титаннан жасалған минипластина

 

498. Қандай жас көрсеткіштері тіл жүгеншесін ұзартудың НЕҒҰРЛЫМ қолайлы уақытына жатады?

1. Шайнау функциясының қалыптасуының басы

2. Сүт тістемнің қалыптасуының аяқталуы

3.+Өмірдің бірінші күндері және айлары

4. Тұрақты тістердің жарып шығу кезі

5. Туылғаннан кейін 5-6 айдан кейін

499. 7-жасар баланы дәрігер ортодонт, ауыз қуысының таяз кіреберісі бойынша оперативті емге жолдама берді.

Қандай ем тактикасы НЕҒҰРЛЫМ қолайлы?

1. Ортодонтиялық аппарат жасау

2.+Вестибулопластика, ортодонтиялық ем

3. Логопедте миогимнастика жаттығулары

4. Ауыз қуысы кіреберісінің тіңдерінің мануальды массажы

5. Ауыз қуысы кіреберісін қалыптандырғыш аппаратпен тереңдету

500. Жақ-бет аймағының қандай туа пайда болған ақауларында бала өмірінің бірінші айларында оперативті ем жүргізу НЕҒҰРЛЫМ қолайлы?

1. Жоғарғы ерін жүгеншесінің төмен бекінуі

2. Қатты таңдайдың жырығы

3.+Тілдің қысқа жүгеншесі

4. Жоғарғы ерін жырығы

5. Мұрын ақауы

 

 


Дата добавления: 2015-09-29; просмотров: 29 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.015 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>