Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Балалар стоматологиясынан МЕ тесттері 2 страница



 

53. Ауыз қуысының шырышты қабатының күйіктерінде ауызды шайқауда қолданады:

1. Метилен көгінің ерітіндісін;

2. Сутегі асқын тотығының ерітіндісін;

3. Қышқылдардың әлсіз ерітінділерін;

4.+Сода ерітіндісін;

5. Йод ерітіндісін.

 

54. Негіздермен күйгенде бейтараптаушы заттар ретінде қолданылады:

1. 1% натрий гидрокарбонат ерітіндісі;

2. калий перманганатының әлсіз ерітіндісі;

3. 0,1% нашатыр спирт ерітіндісі;

4.+0,5% сірке қышқылының ерітіндісі;

5. 0,05% хлоргексидин ерітіндісі.

 

55. Қышқылдармен күйгенде бейтараптаушы заттар ретінде қолданылады:

1.+1% натрий гидрокарбонат ерітіндісі;

2. 0,5% лимон қышқылының ерітіндісі;

3. 0,5% сірке қышқылының ерітіндісі;

5. 0,01% тұз қышқылының ерітіндісі;

4. 0,05% хлоргексидин ерітіндісі.

 

56. 2 жастағы баланың 5.1, 6.1, 6.2 тістерін күмістегенде қызылиек күміс нитратымен күйді. Сіздің емдеу әрекетіңіз?

1. метилен көгі ерітіндісімен аппликация;

2.+ 2% натрий хлориді ерітіндісімен аппликация;

3. 4% прополис ерітіндісімен аппликация;

4. Натрий гипосульфатымен аппликация;

5. Антибиотикпен аппликация.

 

57. 4 айлық бала. Уақытынан ерте туылған, жасанды тамақтанады. Анасы баласының тынымсыз екеннін, тамақтанудан бас тартатынын айтты. Педиатр стоматологтың кеңесі керек екенін айтты. Объективті: қатты және жұмсақ таңдайдың шекарасында борпылдақ фибринозды қақпен жабылған, ауыратын эрозиямен жабылған. Сіздің емдеу тәсіліңіз:

1. Антигистаминды препараттарды тағайындау;

2. Вирустарға қарсы препараттарды тағайындау;

3. Саңырауқұлақтарға қарсы препараттарды тағайындау;

4.+Жарақаттық факторларды анықтап жою, ауыз қуысындағы ауру сезімін басу,

кератопластиктермен аппликация жасау;

5. Жарақаттық факторларды анықтау және жою, антисептикалық өңдеу, қабынуға қарсы препараттар.

 

58. 3 жастағы бала ыстық тамақ ішіп ауыз қуысының шырышты қабатын күйдіріп алған. Еріннің, тілдің, қатты таңдайдың алдыңғы бөлігіның шырышты қабаты қызарып тұр, ісінген, тиіп кеткенде ауырады, шырышты қабаттың ақшыл түсті үзіліп кеткен аймақтары бар. Сіздің кеңесіңіз.



1. Антисептикалық өңдеу, қабынуға қарсы заттармен аппликация жасау;

2. Ауыз қуысының гигиенасы, жансыздандыру;

3. Жансыздандыру, шөптермен ауызға ванночкалар жасау;

4. Ферменттермен аппликация, ауыз қуысының гигиенасы;

5.+Аппликациялық жансыздандыру, антисептикалық өңдеу, кератопластикалық заттармен аппликация.

 

59. Ауруханаға 4 жастағы бала аузындағы ауру сезіміне шағымданып келді. Анасының айтуы бойынша жарты сағат бұрын бала асханада сірке қышқылын ішіп қойған. Ауыз қуысының кіреберісінің, ернінің шырышты қабаты қызарған. Төменгі ернінде 0,3х0,4 көлемді өліеттенген тін бар, ұстап көргенде тығыз. Ұрттың, тілдің түбірінің, жұтқыншақтың шырышты қабаты өзгеріссіз. Емді тағайындаңыз:

1.+Сілті еріндісімен бейтараптау, аппликациялық жансыздандыру, антисептикалық өңдеу, кератопластиктермен аппликация;

2. Аппликациялық жансыздандыру, антисептикалық өңдеу, кератопластиктермен аппликация;

3. Антисептикалық өңдеу, қабынуға қарсы заттармен аппликация;

4. Жансыздандыру, шөптермен аузын шайқау, ауыз қуысының гигиенасы;

5. Ферменттермен аппликация, ауыз қуысының гигиенасы.

 

60. Бала 8 жаста. Ас қабылдағанда, сөйлегенде ауру сезіміне шағымданады. Объективті: тілдің бетіне жақын көлемі 0,3х0,5 см шеттері тегіс емес ойық жара бар, түбі оңай алынатын фиброзды қақпен жабылған. Ойық жараның айналасындағы шырышты қабық ісінген, қызарған, сипап тексергенде ауырады. 5.4 5.5 тістердің сауыттары бұзылған. Тістердің айналасындағы шырышты қабық ақшыл-қызыл түсті. Нақтама қойыңыз:

1. Обыр ойық жарасы;

2. Мерездік ойық жара;

3. Трофикалық ойық жара;

4.+Жарақаттық ойық жара;

5. Миллиарлы-ойық жаралы туберкулез кезіндегі ойық жара.

 

61. 4 жастағы бала төменгі ернінің аймағында ауыз қуысының шырышты қабатын йод тұнбасымен күйдіріп қалған. Объективті: төменгі ернінің аймағындағы ауыз қуысының шырышты қабаты қызарған, шырышты қабаттың созылып тұрғаны анықталды. Емін жүргізіңіз.

1. Анестетикпен аппликация;

2. Шөп қайнатпаларымен аппликация;

3. 2-3 % натрий хлорид ерітіндісімен аппликация;

4.+1% натрий гидрокарбонат ерітіндісімен аппликация;

5. 3% аммонийдің көмірқышқыл ерітіндісімен аппликация.

 

62. Қандай ойық жара ауыру сезімімен, жұмсақ, желінген жиектерімен, сары түсті дәнді түбімен ерекшеленеді (Трель дәндері)?

1. Обыр ойық жарасы;

2. Мерездік ойық жара;

3. Жарақаттық ойық жара;

4. Трофикалық ойық жарасы;

5.+Миллиарлы-ойық жаралы туберкулез кезіндегі ойық жарасы.

 

63. Қандай ойық жараның түбі тығыз, жиектері тегіс, түбі жылтыр, түсі піспеген ет тәрізді, жылтыр (майлы), ауру сезімі жоқ:

1. Обыр ойық жарасы;

2.+Мерездік ойық жара;

3. Жарақаттық ойық жара;

4. Трофикалық ойық жарасы;

5. Миллиарлы-ояық жаралы туберкулез кезіндегі ойық жарасы.

 

64. Қандай ойық жара тығыз мүйізгектенетін жиектерімен, түсті орамжапыраққа ұқсас патологиялық тіндердің өсіп кетуімен ерекшеленеді. Түбі тығыз:

1.+Обыр ойық жарасы;

2. Трофикалық ойық жарасы;

3. Жарақаттық ойық жара;

4. Мерездік ойық жара;

5. Миллиарлы-ояық жаралы туберкулез кезіндегі ойық жарасы

 

65. Қандай ауру кезінде қатты және жұмсақ таңдайдың шырышты қабатында энантемалар пайда болады, кіші азу тістерінің аймағындағы ұртының шырышты қабатында көлемі 1 мм дейін ұсақ ақ түстідақтар пайда болған, инфильтрацияланған шырышты қабаттан көтеріңкі орналасқан, жұқа сызықпен қоршалған:

1. Жедел герпетикалық стоматит;

2. Инфекциялық мононуклеоз;

3. Скарлатина;

4. Дифтерия;

5.+Қызылша.

 

66. Қандай ауруға бадамша бездердің, аңқаның, таңдай доғаларының, мұрынның, жұтқыншақтың, мұрын-жұтқыншақтың шырышты қабаты ісінуі, қызаруы тән? Сұр түсті қақ қиын алынады, алынған кезде астында жаралы беті ашылады. Жақастылық лимфа түйіндерінің лимфадениті:

1. Инфекциялық мононуклеоз;

2. Скарлатин;

3.+Дифтерия;

4. Қызылша.

5. Баспа;

 

67. Қандай аурудың ауыр ағымы кезінде іріңді отиттің, самай-төменгі жақ буынының артриті дамиды:

1. Инфекциялық мононуклеоз;

2.+Скарлатина;

3. Желшешек;

4. Дифтерия;

5. Қызылша.

 

68. Бала 8 жаста. Дәрігер-стоматолог жедел лейкозға тән ауыз қуысының шырышты қабатындағы өзгерістерді анықтады. Төменде көрсетілген аурулардың қайсысымен салыстырмалы нақтаманы жүргізген НЕҒҰРЛЫМ тиімді?

1. Дәрілік стоматит, Лайелл синдромы;

2. Көп түрлі жалқықты қызарма, Бехчет синдромы;

3. Жедел герпетикалық стоматит, қызылиектің өсе қабынуы;

4. Қайталамалы герпетикалық стоматит, Стивенс-Джонсон синдромы;

5.+Ойық жаралы-өліеттенген Венсан стоматиті, қызылиектің өсе қабынуы.

 

69. 4 жастағы балада дене температурасы 380-390С дейін жоғарылағаны анықталды. Ауырғанының бірінші күнінен бастап мойын лимфа түйіндерінің ұлғайғаны, ауыратыны, тығыз болғаны анықталды. Беті домбыққан, қабақтары ісінген, мұрынмен тыныс алуы қиындаған. Аңқасы қызарған, көкшілденген. Таңдай және тіл бадамша бездері ісінген, тығыз, сары түсті төмпешікті қақпен жабылған, оңай алынады. Қызылиектің катаральды қабынуы. Теріге геморрагиялық бөртпелер шыққан. Бүйрек пен өті ұлғайған. Нақтама қойыңыз:

1. Қызылша;

2. Дифтерия;

3. Скаралтина;

4.+Инфекциялық мононуклеоз;

5. Жедел герпетикалық стоматит.

 

70. 3 жастағы бала, гематологтың кеңесіне жіберілген, жедел лейкоз деген нақтама қорытындыланды. Осы аурудың белгілерін атаңыз:

1. Афталар, бет терісіндегі бөртпелер;

2. Қатты таңдайдағы энантемелар, Филатов-Коплик дақтары;

3. Қатты және жұмсақ таңдайдың шекарасындағы энантемалар;

4.+Ауыз қуысының шырышты қабатының геморрагиясы, қызылиектің гиперплазиясы, ойық

жаралы-өліеттенген үрдістерге бейімділік;

5. Бадамша бездердің, тілшіктің шырышты қабатының некрозы, мойын түйіндерінің лимфадениті

 

71. 5 жастағы балаға дифтерия деген болжам нақтама қойылды. Қорытынды нақтаманы қою үшін қандай зерттеуді міндетті түрде жүргізу керек:

1.+Бактериологиялық;

2. Рентгенологиялық;

3. Иммунологиялық;

4. Копрологиялық;

5. Аллергиялық.

 

72. Бала 5 жаста. Кеңеске келген. Қарап тексергенде жұмсақ таңдайының ортасында ұсақ бөртпелері бар, аңқасы шырышты қабатының айқын қызарып тұрғаны анықталды. Катаральды қызылиек қабынуы. Тілі тегіс, жылтыр, эпителидің десквамациясы айқын. Нақтама қойылды:

3. Сүттеме;

1. Қызылша;

2. Дифтерия;

4. Желшешек;

5.+Скарлатина.

 

73. Дифтерияны қандай аурулармен салыстыру керек?

1.+Баспа, қан аурулары, инфекциялық мононуклеоз, ЖГС, скарлатина;

2. Жедел жалған мембраналық кандидоз, инфекциялық мононуклеоз;

3. Баспа, жедел жалған мембраналық кандидоз, қан ауруы;

4. Жедел жалған мембраналық кандидоз, скарлатина;

5. Көпіршік, ЖГС, дәрілік стоматит.

 

74. Бала 3 жаста. Тамағындағы ауру сезіміне, аузынан жағымсыз иістің шығуына шағымданады. Ауыз қуысында: бадамша бездері, таңдай доғалары ісінген, қызарған, үлкен жаралы бетте фиброзды қақпен аймақтары, қақ шіріп сарғайған массадан құралады. Бактериологиялық зерттеу кезінде Лефлер таяқшалары анықталды. Нақтама қойыңыз:

1. Ойық жаралы-өліеттенген Венсан стоматиті;

2. Инфекциялық мононуклеоз;

3. Жедел лейкоз;

4. Герпангина;

5.+Дифтерия.

 

75. Бала 7 жаста. Қарап тексергенде: қатты және жұмсақ таңдайдың шырышты қабатында қызыл түсті дақтар, пішіні дұрыс емес - энантемалар, ұртында жіңішке ашық-қызыл түсті сызықпен шектелген, тампонмен алынбайтын – Филатов–Коплик дақтары анықталды.

Төменге көрсетілген нақтамалардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

1. Жедел жалған мембраналық кандидоз, орташа дәрежелі ауырлықта;

2. Жедел герпетикалық стоматит;

3. Сәулелік зақымданулар;

4. Скарлатина;

5.+Қызылша.

76. Ақшыл түсті, ауырмайтын, негізде тығыз инфильтраты бар,шырышты қабаттан көтеріңкі орналасқан,диаметрі 1 см папула қай ауруға тән:

1.+Мерез;

2. Лейкоплакия;

3. Кандидомикоз;

4. Көп түрлі жалқықты қызарма;

5. Ауыз қуысының қайталамалы афтасы.

 

77. Балалардың ЖҚТБ зақымдалуы:

1. Тамшылы;

2. Тұрмыстық;

3.+Жатырішілік;

4. Ауалы-тамшылы;

5. Жанаспалы, тамшылы.

 

78. АИВ-инфицирленген анасынан баласының зақымдануы қай жағдайда болады:

1. ЖРВА, гриппен анасының ауырған кезінде;

2. Жасанды тамақтандырғанда (ыдыс-аяқ арқылы);

3. Балаға қарау мен тұрмыстық қатынасты жүргізген кезде;

4.+Құрсақ ішілік кезеңде, босану кезінде, емшекпен тамақтандырғанда;

5. Анасының антибиотиктер, сульфаниламидтер препараттарын қабылдаған кезде.

 

79. Жедел герпетикалық стоматиттің катаральды кезеңінде қандай препарат тағайындайсыз:

1.+Кератопластиктер;

2. Вирусқа қарсы препараттар;

3. Антисептикалық препараттар;

4. Протеолитикалық препараттар;

5. Саңырауқұлаққа қарсы препараттар.

 

80. Бала 3 жаста. Жедел герпетикалық стоматит нақтамасы қойылған. Салыстырмалы нақтама жүргізіңіз:

1.+Көптүрлі жалқықты эритема, герпетикалықбаспа, дифтерия;

2. Ауыз қуысы шырышты қабатының жарақаты;

3. Десквамативті глоссит;

4. Эксфолиативті хейлит;

5. Беднар афталары.

 

81. Жедел герпетикалық стоматиттің жеңіл түрінде қандай дәрілік препараттар қолданылады?

1. Тетрациклин тізбегіндегі антибиотиктер;

2. Саңырауқұлаққа қарсы препараттар;

3.+Вирусқа қарсы препараттар;

4. Жансыздандырғыш заттар;

5. Кератопластиктер.

 

82. ЖГС кезінде, төменде келтірілген дәрілердің қайсысы қолданылады?

1. Низорал, риодоксал, диазолин, декарис;

2. Диазолин, тавегил, дипразин, фенкарол;

3. Зовиракс, госсипол, миконаз, супрастин;

4.+Бонафтон, теброфен, флоренал, ацикловир;

5. Қызылмай, ретинол, солкосерил, метилурацил.

 

83. Бала 1,5 жаста, ауырғанына 4 күн болған, дене қызуы 38,50С ден 400С дейін ауытқуда, ас қабылдамайды, ұйқысы жоқ. Бет терісінде, көптеген көпіршікті секпелер бар(көпіршіктер, жұқа жаралар). Ауыз қуысы шырышты қабатында көптеген біріккен жұқа жаралар, тіс сауыты, ісінген қызылиектен көрінбей қалған. Лимфаденит және жақасты, мойын түйіндері ұлғайған.Салыстырмалы нақтама жүргізініз:

1.+Медикаментозды стоматит;

2. Инфекционды монокуклеоз;

3. Қызамық кезіндегі стоматит;

4. Дифтерия кезіндегі стоматит;

5. Скарлатина кезіндегі стоматит.

 

84. Бала ЖГС жайлы 1 апта емделген, сізге қабылдауға келді. Мамасында шағымы жоқ. Анықталды: жалпы жағдайы қанағаттандырлық. Шырышты қабатында, бірегейлік жұқа жаралар, қақтар жоқ, гиперемия жоқ, пальпацияда ауру сезімі жоқ. Тіс аймағында катаральды гингивит көрінісі бар. Ем тағайынданыз:

1.+Кератопластиктер;

2. Саңырауқұлаққа қарсы ем;

3. Вирусқа қарсы препараттар;

4. Жалпы әлдендіруші препараттар;

5. Десенсибилизациялаушы препараттар.

 

85. Қабылдау бөлмесіне 8 айлық баласы бар ана келді, ол баласының қызуының 400С жоғарлауына, тамақтан бас тартуына, лоқсу, құсу болатынына шағымданды. 2 күн бойы ауырып жүр. Мед. көмекке жүгінбеген. Ауыз қуысында жаралы-өліеттенген гингивостоматит, терісінде, ауыз айналасында көлемді жаралар, көпіршікті бөртпелер. Жақасты және мойын лимфа түйіндерінің лимфадениті. Нақтама қойыңыз:

1. Ауыр деңгейдегі жедел псевдомембранозды кандидоз;

2. Орташа ауырлықтағы медикаментозды стоматит;

3.+Ауыр түріндегі жедел герпестік стоматит;

4. Көптүрлі жалқықты қызарма;

5. Герпетикалық ангина.

 

86. Бала 2 жаста. Ас қабылдағанда пайда болатын ауру сезіміне шағымданды. Бала боз, тынымсыз, дене қызуы 38,50С. Қарап тексеру барысында, еріннің шырышты қабатында, тілде гиперемия және көптеген жұқа жаралар байқалады, жедел катаральды гингивит көрінісі. Жақасты лимфа түйіндері ұлғайған, ауру сезімі бар. Нақтама қойыңыз:

1. Жарақаттық стоматит;

2. Медикаментозды стоматит;

3.+Жедел герпестік стоматит;

4. Созылмалы механикалықжарақат;

5. Жедел псевдомембранозды кандидоз.

 

87. 3 жастағы бала бронхитпен ауырған, ауруханадан шыққаннан кейін 1 апта өткен соң дене қызуы 380С көтерілген. Бала мазасыз, астан бас тартады, педиатр ЖРА диагнозын қойған және ем тағайындалған. 3-күні еріннің қызыл жиегінде, беттің терісінде көпіршікті бөртпелер пайда болған. Ауыз қуысында, жедел катаральды гингивиттің көрінісі және еріннің, тілдің шырышты қабатында бөлек орналасқан жаралар және жақасты лимфадениті бар. Сіздің болжам нақтамаңыз және аурудың болжам ауырлық дәрежесі:

1. Орташа ауырлықтағы қызамық;

2. Ауыр түрдегі жедел псевдомембранозды кандидоз;

3. Жеңіл деңгейлі ауырлықтағы медикаментозды стоматит;

4. Орташа дәрежелі көптүрлі жалқықты эритема.

5.+Орташа дәрежелі жедел герпестік стоматит;

 

88. Балаға 1 жас 8 ай, 3-4 күндей ауырып жүр. Педиатрдың тағайындамалары нәтижесіз. Анасының айтуы бойынша, дене қызуы 380С дейін жоғарлаған, әлсіз, астан бас тартады, ұйқысы нашар. Қарап-тексергенде: ерін айналасындағы теріде майда көпіршіктер, кейбіреулері іріңді бөлінулермен, еріннің қызыл жиегінде қанды қабыршақтармен жабылған жаралар, ұрт аймағының шырышты қабатында көлемді жаралар,тілінің ұшында бөлек орналасқан дөңгелек пішінді жаралар. Нақтама қойыңыз:

1. Желшешек;

2. Қайталамалы афталар;

3. Орта деңгей ауырлықтағы медикаментозды стоматит;

4. Орта дәрежелі көптүрлі жалқықты қызарма;

5.+Орта дәрежелі жедел герпестік стоматит.

 

89. Балаға 1 жас 5 ай. Анасының айтуы бойынша, 2-ші күн ауырып жүр. Тәбеті жоқ, ұйқысы нашар. Бала боз, әлсіз, мазасыз. Дене қызуы 38,30С. Объективті: еріннің қызыл жиегінде және бет терісінде көпіршікті бөртпелер. Ұрт шырышты қабатында, тілде, таңдайда көптеген жұқа жаралар байқалады, жедел катаральды гингивиттің көрінісі. Жақасты лимфа түйіндері ұлғайған, ауру сезімі бар. Жергілікті ем тағайындаңыз:

1.+Жансыздандыру, ауыз қуысын антисептикалық өңдеу, вирусқа қарсы препараттар;

2. Жансыздандыру, антисептикалық өңдеу, кератопластиктер;

3. Жансыздандыру, ауыз қуысын антисептикалық өңдеу;

4. Антисептикалық өңдеу, вирусқа қарсы препараттар;

5. Кортикостероидты препараттар.

 

90. Балабақшада үш бала жедел герпетикалық стоматитпен ауырып қалған. Екі топта, еріннің қайталамалы ұшығы бар тәрбиешілер анықталды.Тәрбиешілермен және ЖГС ауырған балалармен бірге болған басқа балаларға қандай алдын-алу шараларын қолдануға болады?

1.+Ауыз қуысының шырышты қабатын және мұрынның шырышты қабатын интерферон

жақпасымен өңдеу;

2. Мұрынның шырышты қабатын, ауыз қуысын синафланмен өңдеу;

3. Ауыз қуысының шырышты қабатын және мұрынның шырышты қабатын күніне 2 реттен кем

емес, Фурациллиннің жақпасымен 0,25-0,5% 3 күн өңдеу;

4. Ауыз қуысына күніне 2 рет дексаметазон майын жағу;

5. Ауыз қуысына күніне 2 рет нистатин майын жағу;

 

91. Жедел герпестік стоматит ауырлығының қандай дәрежесінде баланы жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызу керек?

1.+Ауыр дәрежеде, катаральды кезең;

2. Жеңіл дәрежеде, катаральды кезең;

3. Ауыр дәрежеде, продромальды кезең;

4. Ауыр дәрежеде, аурудың басылуының кезеңі;

5. Орташа ауырлық дәрежесінде катаральды кезең.

 

92. ЖГС жергілікті емін, балалар стоматологы қай жерде емдейді:

1. Балалар стоматологиялық емханасы;

2. Мектептің стоматологиялық кабинеті;

3. Стоматологиялық емхананың балалар бөлімінде;

4. Балалар емханасының стоматологиялық кабинетінде;

5.+Стоматологиялық кабинет немесе балалар жұқпалы аурулар ауруханасының палатасында.

 

93. Созылмалы герпетикалық стоматиттің бөртпелеркезеңінде балаға қандай препараттарды тағайындау қажет?

1. Антисептикалық, ісінуге қарсы;

2. Антисептикалық, қабынуға қарсы;

3. Ауру сезімін басатын, саңырауқұлаққа қарсы;

4.+Ауру сезімін басатын, антисептикалық, вирусқа қарсы;

5. Ауру сезімін басатын, антисептикалық, антигистаминді.

 

94. Бала 6 жаста. Ас қабылғанда сөйлегенде күю, ауру сезіміне шағымданды. Бала мазасыз. Қарап тексергенде, еріннің қызылжегісінде, бет терісінде, мұрын қанатшаларында, таңдайдың алдыңғы бөлімінде, тілдің ұшында, жыныс ағзаларында, көздің шырышты қабатында афтозды элементтердің бірегейлі бөртпелері анықталды. Нақтама қойыныз:

1. Бехчет синдромы;

2. Көптүрлі жалқықты қызарма;

3. Стивенс-Джонсон синдромы;

4.+Қайталамалы герпестік стоматит;

5. Ауыз қуысының қайталамалы афталары.

 

95. Қай аурға тән: таңдай және еріннің шырышты қабатында көлемі 1-2мм зақымдаушы элемент бар. Қызыарғын зақымдану ошағында көпіршіктер көп мөлшерде пайда болып, бір-бірімен қосылып эрозияны қурайды. Ауыз қуысы шырышты қабатының қосарланған зақымданулары болып, басқа ағзаларда өзгерістер байқалады. Диагнозын қойыңыз:

1. Жарақатты жара;

2. Бехчет синдромы;

3. Көптүрлі жалқықты эритема;

4. Жедел герпетикалық стоматит;

5.+Рецидивті герпетикалық стоматит.

 

96. Протеолитикалық ферменттер ретінде қандай дәрі-дәрмектер тағайындалады?

1. Нистатин, клотримазол, канестен, леворин;

2. Преднизолон, кортизон, синафлан, лоринден;

3.+Лизоцим, химотрипсин, трипсин, панкреатин;

4. Солкосерил, метилурацил, каротолин, ретинол;

5. Оксолинжақпасы, интерферон, зовиракс, госсипол.

 

97. ҚГС кезінде, иммуностимулдейтын препараттарды таңдау неге байланысты?

1.+Рецидивтің пайда болу уақыты және жиілігі, клиникалық ағымның ауырлығы;

2. АҚШҚ зақымдануларының таралуы, аурудың түрі;

3. Баланың жасы, клиникалық ағымның ауырлығы;

4. Ауру түрі, жалпы белгілердің көріну деңгейі;

5. Аурудың даму кезеңі, баланың жасы.

 

98. Балалардағы ҚГС-тің пайда болу себебі:

1. Спецификалық инфекция;

2.+Иммунды жүйенің төмендеуі;

3. АҚШҚ-ның созылмалы жарақаты;

4. Дәрілік препараттарды ұзақ уақыт қолдану;

5. Медикаментозды препараттарды көтере алмау.

 

99. Қай ауруға тән белгілер: жұмсақ таңдайда, алдыңғы доғаларында, бадамшада, жұтқыншақтың артқы қабырғасында серозды және геморрагиялық сұйықтыққа толы,топтастырылған және жалғыз везикулалар пайда болады. Везикула жарылып, жараға айналады, кейін олар баяу эпителизацияланады.

1. Күл (дифтерия);

2.+Герпетикалық баспа;

3. Жедел герпетикалық стоматит;

4. Қайталамалы герпетикалық стоматит;

5. Жедел псевдомембранозды кандидоз.

 

100. Қай ауруға тән белгілер: түсті орамжапыраққа ұқсас көптеген папилломатозды өсінділер немесе жекелеп орналасқанжалпақ негіздегі жазықөсінділер, кейде жіңішке аяқшада. Орналасуы әр түрлі: ауыз қуысының шырышты қабатында, көмекекйде, гениталийде, көз конъюнктивасында, теріде:


Дата добавления: 2015-09-29; просмотров: 31 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.048 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>