Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Балалар стоматологиясынан МЕ тесттері 4 страница



1. Гландулярлы хейлит
2. Экзематозды хейлит

3. Эксфолиативті хейлит
4.+Метеорологиялық хейлит
5. Мелькерсон-Розенталь синдромы

 

146. Бала 9 жаста. Еріндеріндегі ауру сезіміне және қышуына шағымданады. Анамнезінен бала аллергологтың тіркеуінде тұрғаны анықталды. Балада әрдайым ұрттың терісінде, шынтақтың иілген жерінде, тізе арты шұңқыры терісінде бөртпелер пайда болады. Бет терісі құрғақ, қабыршақтанады. Еріннің қызыл жиегі мен теріге жанасатын аймағында майда қабыршақтар көрінеді. Ауыз бұрышы аймағында майда жарылулар бар. Нақтама қойыңыз:

1. Эксфолиативті хейлит экссудативті түрі
2. Эксфолиативті хейлит құрғақ түрі
3. Метеорологиялық хейлит
4. Гландулярлы хейлит
5.+Атопиялық хейлит

 

147. Бала 11 жаста. Еріндерінің қышуына және ашуына шағымданады. Анамнезінен бала кезден бастап диатезден азап шегетіні анықталды. Терісіне аллергиялық бөртпелер бірнеше рет шыққан. Қарап тексергенде: еріннің қызыл жиегі қызарған, ісінген, көпіршіктер жарылғанда пайда болатын майда көпіршіктер және жаралармен жабылған. Нақтама қойыңыз:

1. Метеорологиялық хейлит
2. Эксфолиативті хейлит

3. Гландулярлы хейлит
4.+Экзематозды хейлит

5. Атопиялық хейлит

 

148. Бала 9 жаста. Анамнезінен ерте жаста экссудативті диатезбен ауырғаны анықталды. Қарап тексергенде стоматолог экзематозды хейлит деген диагноз қойды. Қай маманның кеңесі қажет?

1. Невропатолог

2.+Аллерголог

3. Косметолог

4. Гематолог

5. Окулист

 

149. Экзематозды хейлит еміне не кіреді?

1. Дерматологтың, педиатрдың ақыл-кеңесі

2.+Десенсибилизациялаушы, қабынуға қарсы, эпителизациялаушы заттарды

тағайындау

3. Микробтарға қарсы, эпителизациялаушы ем, миогимнастиканы жүргізу

4. Себепші факторды жою, миогимнастиканы жүргізу

5. Қабынуға қарсы заттарды тағайындау

 

150. 12 жасар балада метеорологиялық хейлит нақтамаланды. Қандай аурулармен салыстыруымыз қажет?

1. Инфекциялық хейлитпен;

2. Эксфолиативті хейлитпен;

3. Манганотти хейлитімен;

4.+Экзематозды хейлитпен;

5. Гландулярлы хейлитпен.

 

151. Бала жиі ернін жалайды, кей жағдайда жырылулар, қабыршақтар пайда болатынын айтады. Метеорологиялық хейлит нақтамасы қойылды. Қандай ем шаралары қажет?



1.+Жағымсыз әдетті жою, кератопластикалық заттарды қолдану

2. Миогимнастика, кортикостероидты жақпаларды, десенсибилизациялаушы заттарды

пайдалану

3. Антисептикалық өңдеу, ата-анасымен, баламен психологиялық әнгімелесу

4. Ортодонттың кеңесі, миогимнастика, гормональды заттарды пайдалану

5. Миогимнастика, физиотерапиялық шараларды қолдану

 

152. Балалардағы хейлитті емдеуде жетекшісі болып не табылады?

1. Ортодонттың кеңесі

2. Физиотерапиялық шаралар

3. Ауыз қуысының санациясы

4. Миогимнастика, ауыз қуысының гигиенасы

5.+Еріндерін түйістіру қызметін қалпына келтіру

 

153. Профилактикалық тексеруде 8 жасар балада төменгі ерін қызыл жиегінің өзгерісі анықталды. Қарап тексергенде: ашық тістем, еріндерін түйістіру толық емес. Клейн аймағындағы сілекей без сағысында «шық тамшылары” тәрізді секрет бөлініп тұратын, қызыл нүктелі кеңею байқалады. Диагноз қойыңыз:

1. Атопиялық хейлит

2. Эксфолиативті хейлит

3. Метеорологиялық хейлит

4. Іріңді гландулярлы хейлит

5.+Қарапайым гландулярлы хейлит

 

154. Инфекциялық хейлит еміне не кіреді?

1. Себепші факторды жою, миогимнастика жүргізу

2. Дермотологтың, педиатрдың ақыл-кеңесі

3.+Антисептикалық шайқау, қабынуға қарсы заттарды тағайындау

4. Микробтарға қарсы, эпителизациялаушы терапия, миогимнастиканы жүргізу

5. Десенсибилизациялаушы заттарды, қабынуға қарсы, эпителизациялаушы заттарды тағайындау

 

155. Саңырауқұлақты ауыздықтарда не тағайындайды:

1. Линкомицин жақпасын, неомицин жақпасын, эритромицин жақпасын;

2. Преднизолон жақпасын, кортизон жақпасын, синафланов жақпасын;

3. Оксолин жақпасын, бонафтон жақпасын, интерферон жақпасын;

4. Метилурацил жақпасын, солкосерил-желе, қызыл май;

5.+Канестен жақпасын, декамин жақпасын.

 

156. Стрепто-стафилококктық ауыздық кезінде қандай препарат тағайындайды:
1. Канестен, клотримазол, декамин жақпаларын
2. Оксолин, бонафтон, интерферон жақпаларын
3. Преднизолон, кортизон, синафлан жақпаларын
4.+Линкомицин, неомицин, эритромицин жақпаларын

5. Метилурацил жақпасын, солкосерил желе, қызыл май

 

157. Бала 12 жаста, ерінінде бөртпелердің пайда болуына шағымданады. Анамнезінен 5жасында экссудативті диатезбен ауырған. Еріндері ісінген, қызарған, ауыз бұрыштарында тіндік инфильтрация байқалады. Еріннің қызыл жиегінде және теріде көптеген көлденең қатпарлар бар. Төменгі ерінде және ауыз бұрышында біршама сызаттар бар. Нақтама қойыңыз:
1.+Экзематозды хейлит
2. Гландулярлы хейлит
3. Актиникалық хейлит
4. Эксфолиативті хейлит
5. Метеорологиялық хейлит

 

158. Бала 7 жаста. Еріндерін түйістіргендегі ауыру және күйдіргендей сезіміне шағымданады. Еріннің қызыл жиегінде сары сұр түстес, «фартук» тәрізді салбырап тұратын қабықтар бар. Қабықтарды алғаннан кейін анық қызыл түсті, беті тегіс ошақ көрінеді. Клейн аймағындағы еріннің айналасы аздап қызарған. Нақтама қойыңыз:
1. +Эксфолиативті хейлит, экксудативті түрі
2. Эксфолиативті хейлит, құрғақ түрі
3. Метеорологиялық хейлит

4. Актиникалық хейлит

5. Гландулярлы хейлит

 

159. Профилактикалық тексеруде 4 жастағы бала тілінің бетінен ақшыл сұр түсті, периферия бойымен таралған ошақты эпителий десквамациясы анықталды. Нақтама қойыңыз:

1. Қызамық;

2. Қатпарлы тіл;

3. Ромб тәрізді глоссит;

4. Жарақаттық стоматит.

5.+Десквамативті глоссит;

 

160. Профилактикалық тексеруде 10 жастағы бала тілінің бетінен көлденең және тік жүлгелер анықталды, жіп тәрізді бүртіктері сақталған. Тілінің көлемі ұлғайған. Нақтама қойыңыз:

1. Қызамық;

2.+Қатпарлы тіл;

3. Ромб тәрізді глоссит;

4. Жарақаттық стоматит;

5. Десквамативті глоссит.

 

161. Тілдің қандай өзгерістерінде балалар кейбір тағам түрінен күйдіргендей немесе ашу сезіміне шағымданады:

1. Макроглоссияда

2. «Түкті» глосситте;

3. Ромб тәрізді глосситте;

4.+Десквамативті глоссите;

5. Тілдің лимфангиомасында.

 

162. Қай ауруда тілдің гиперплазиясымен қатар жіп тәрізді бүртіктердің негізіне қарағанда ұшы жағында күңгірт түске боялады?

1. Жедел катаральды

2. Десквамативті;

3.+Қара «түкті»;

4. Ромб тәрізді;

5. Қатпарлы

 

163. Қандай ауруда тілдің бетінің ортаңғы сызығы бойымен артқы бөлігінде жіп тәрізді бүртіктерінен айырылған ромб тәрізді аймақ болады?

1. Десквамативті глосситте;

2.+Ромб тәрізді глосситте;

3. Тіл лимфангиомасында;

4. Қара «түкті» тілде;

5. Қатпарлы тілде

 

164. Жіп тәрізді бүртіктердің 2-3 мм-ге дейінгі гиперплазиясы, олардың ашық қоңыр түстен қара түске дейін өзгеруі, дәм сезудің төмендеуі тілдің қай ауруына тән?

1. Хейлит;

2. Кандидоз;

3. Қатпарлы тіл;

4. Лейкоплакия;

5.+Қара «түкті» тіл.

 

165. 12 жастағы баланың тілін қарап тексергенде тілінің үлкейгені, тік және көлденең жүлгелер анықталды, нақтама қойыңыз:

1. Десквамативті глоссит;

2. Ромб тәрізді глоссит;

3. Тіл лимфангиомасы;

4. Қара «түкті» тіл;

5.+Қатпарлы тіл.

 

166. Десквамативті глосситке тән:

1.+Периферия бойымен жайылған ақшыл қызғылт түсті эпителий десквамациясы;

2. Тіл арқасындағы айқын гиперемия,жіп тәрізді бүртіктердің гиперплазиясы;

3. Тілдің ортаңғы сызығы бойымен төмпешікті ісік тәрізді өсінділер;

4. Тілдің бетіндегі қатпарлар, терең жүлгелер;

5. Тіл көлемінің ұлғаюы.

 

167. Бала 15 жаста. Стационарда ем қабылдауда. Жоғарғы қабағының, ернінің ісінуіне шағымданады. Қарап тексергенде еріндерінің гиперплазиясы, бет нервісінің невриті, қатпарлы тіл байқалады. Нақтама қойыңыз:

1. Бехчет синдромы;

2. Лайелл синдромы;

3. Папийон- Лефевр синдромы;

4. Стивенс-Джонсон синдромы;

5.+Мелькерсон-Розенталь синдромы.

 

168. Тіл бүртіктерінің дистрофиялық өзгерісі және эпителийдің мүйіздену үрдістерінің бұзылыстары тілдің қандай ауруына тән?

1. Жедел катаральды;

2.+Десквамативті;

3. Қара «түкті»;

4. Ромб тәрізді;

5. Қатпарлы.

 

169. Тілдің қай ауруында тілдің артқы 1/3 бөлігінде, орталық сызықтың бойымен науашық тәрізді емізікшелердің алдында шырышты қабаттың тығыздалуы қай ауруға ТӘН:

1. Жедел катаральды;

2. Десквамативті;

3.+Ромб тәрізді;

4. Қара «түкті»;

5. Қатпарлы.

 

170. эпителилердің тез қабыршықтануы және 2-3 күн аралығындажіп тәрізді бүртіктердің қалпына тез келуі тілдің қай ауруына ТӘН:

1. Қара «түкті тәрізді» тіл;

2. Тілдің лимфангиомасы;

3.+Десквамативті глоссит;

4. Ромб тәрізді глоссит;

5. Қатпарлы тіл.

 

171. Бала 10 жаста. Дәрігерге тағам қабылдау кезінде тілінде күйдіру тәрізді және ауыру сезіміне шағымданады. Созылмалы асқазан-ішек жолдарының ауруымен ауырады. Қарап тексергенде: ауыз қуысы шырышты қабатының түсі қалыпты. Қызыл иек бүртіктері ісінген. Тілі ісінген, тіл артында көптеген майда қатпарлар, ал ортаңғы сызығында беті қақпен жабылған терең қатпар байқалады. Сіздің нақтамаңыз:

1.+Қатпарлы тіл;

2. Қара «түкті» тіл;

3. Географиялық тіл;

4. Бүлдірген тәрізді тіл;

5. Тілдің лимфангиомасы.

 

172. Дәрігерге тексерілуге 4 жастағы баламен анасы келді. Анасы баласының тілінің қалыптыдан тыс көрінісіне шағымданады. Баланың дені сау. Объективті: тілдің артқы және бүйір бөлігіндегі аймақтың ісінуі мен эпителий қабаты ақшыл-сұр түсті, тегіс, шекарасы домалақ қарауыту байқалады:

1. Қатпарлы тіл;

2. Қара «түкті» тіл;

3. Ромб тәрізді глоссит;

4.+Десквамативті глоссит;

5. Жедел катаралды глоссит.

 

173. 9 жасар баланың ауыз қуысындағы тағам қабылдау кезіндегі үнемі күйдіру сезімі мен ауру сезімі пайда болады. Объективті: тілі ұлғайған, тіс қатарының іздері байқалады. Көлденең және ортаңғы қатпарлары бар. Нақтама қойыңыз:

1. Тілдің жіп тәрізді емізікшесінің созылмалы гиперплазиясы;

2. Жедел катаралды глоссит;

3. Десквамативті глоссит;

4. Ромб тәрізді глоссит;

5.+Қатпарлы тіл.

 

174. Қызылиек астылық тіс шөгінділерін алу үшін төменде көрсетілген ауыз қуысының гигиенасының қай әдісін қолданған НЕҒҰРЛЫМ тиімді?

1.Ауыз қуысының гигиенасының заттарын қолдану;

2. +Ауыз қуысыныңкәсіби гигенасын жүргізу;

3. Ауыз қуысының жеке дара гигиенасы;

4. Ауыз қуысының бақыланып отыратын гигиенасы;

5. Гигиенаға үйрету.

 

175. 9 жасар баладан алдыңғы тістерінің ІІІ дәрежеде тығыз орналасуы анықталды, ауыз қуысының гигиенасы нашар және болжам нақтама қойылды: созылмалы катаральды гингивит. Қандай ем тактикасы НЕҒҰРЛЫМ тиімді?

1. Симптоматикалық ем және тістерді таңдап егеу

2. Симптоматикалық ем және ортодонттық ем

3. Гигиенаға үйрету және симптоматикалық ем

4.+ Гигиенаға үйрету және ортодонттық ем

5. Гигиенаға үйрету және динамикалық бақылау

 

176. Төменде көрсетілген патологиялық үрдістердің қайсысы созылмалы жайылмалы пародонт қабынуына НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

1.+Пародонт тіндерінің қабыну-деструкциялық үрдісі;

2. Пародонт тіндерінің қабыну-дистрофиялық үрдісі;

3. Қызылиектің қабыну үрдісі;

4. Идиопатиялық үрдісі;

5. Ісік тәрізді үрдіс.

 

177. 12 жасар балаға созылмалы жайылмалы пародонтит деп диагноз қойылды. Патологиялық процесстің ауырлығын қандай әдіспен анықтаймыз?

1. Қызыл иектің қанағыштығын анықтау арқылы

4. Шиллер-Писарев сынамасы арқылы

2. Грин-Вермилион ГИ арқылы

3. Микробиологиялық

5.+Рентген

 

178. 8 жасар балада жаралы некротикалық гингивит. Қандай физиоем тағайындаймыз?

1.+УФО

2. Вибрамассаж

3. Электрофорез

4. Дарсонвализация

5. Вакуумды терапия

 

179. Пубертатты кезеңде гингивиттің қай түрі жиі кездеседі?

1. Жаралы гингивит

2. Десквамативті гингивит

3. Острый катаральный гингивит

4. Созылмалы атрофичесиялық гингивит

5.+Созылмалы гипертрофиялық гингивит

 

180. Жедел катаральды гингивитті қай аурумен салыстырамыз?

1.+Созылмалы катаральды гингивиттің өршуі

2. Гипертрофиялық гингивит, ісінген формасы

3. Созылмалы жайылмалы пародононтиттің өршуі ауыр түрі

4. Созылмалы жайылмалы пародононтиттің өршуі жеңіл түрі

5. Созылмалы жайылмалы пародононтиттің өршуі орташа түрі

 

181. Бала 12 жаста.тісін тазай алмауына,қанауысна,қатты тамақ жей алмауына жағымсыз иістің шығуына.шағымданады.Объективті:қызыл иегі қызарған,ісінген,тіс аралық қызыл иектері өсіп кеткен.Диагноз?

1. Жаралы гингивит

2. Атрофиялық гингивит

3.+Гипертрофиялық гингивит

4. Жедел катаральды гингивит

5. Созылмалы катаральды гингивит

 

182. 10 жасар бала, колитпен ауырғандықтан ауруханада ем қабылдауда. Ауыз қуысында - созылмалы катаралды гингивит, шырышты қабатының ісінуі. Тіл емізікшелерінің тегістелуі, тілдің артқы бөлігінде десквамативті өзгерістері байқалады. Сіздің емдеу әдісіңіз қандай?

1. Негізгі ауруды емдеу, емдік шөптермен шайқау;

2. Негізгі ауруды емдеу, ауыз қуысының гигиенасын қадағалау;

3. Негізгі ауруды емдеу, кератопластикалық препараттармен аппликациялау;

4. Негізгі ауруды емдеу, қызыл иекке массаж, С витаминдермен электрофорез жүргізу;

5.+Негізгі ауруды емдеу, ауыз қуысындағы көрініске байланысты симптоматикалық ем.

 

183. Бала 7 жаста. Даун ауруымен ауырғандықтан дәрігер невропатологтың тіркеуінде тұр. Қарап тексергенде: тілі ұлғайған, ақшыл-сұр түсті қақпен жабылған. Тілдің артқы бөлігінде майда жүлгесі бар, ортаңғы бөлігінде терең қатпар байқалады. Сипап тексеру кезінде ауру сезімсіз. Ауыз қуысының гигиеналық жағдайы нашар. Сіздің ақыл кеңесіңіз:

1. Аппликациялық жансыздандыру, қабынуға қарсы терапия;

2. Антисептикалық өңдеу, қабынуға қарсы препараттар;

3.+Тістерін күніне 2 рет щеткамен тазалау, антисептикалық өңдеу, кератопластикалық

препараттар;

4. Тістерін күніне 2 рет щеткамен тазалау, антисептикалық өңдеу, саңырауқұлаққа қарсы

препараттар;

5. Тістерін күніне 2 рет щеткамен тазалау, антисептикалық өңдеу, қабынуға қарсы препараттар.

 

184. 6 жастағы балаға жаралы-некротикалық гингивит деген нақтама қойды. Бұл патологияда төменде аталған тактикалардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ тиімді?

1.+Гингивотомия

2. Педиатр кеңесі

3. Кератопластикалық препараттар

4. Протеолитикалық ферменттермен өңдеу

5. Қызылиекті антисептикалық, антибактериальды өңдеу

 

185. Бала 12 жаста. Ауыз қуысында рецедифті афта.Қандай физиоем тағайындаймыз?

1.+ГНЛ

2. УВЧ-терапия

3. Гидромассаж

4. Массаж кератапластикпен

5. Электрофорез сгепаринмен

 

186. Бала 14 жаста. Қызылиектің өсе қабынуының ісінген түрі деген нақтама қойылды. Төменде көрсетілген нақтамалардың қайсысымен салыстырмалы нақтамалау жүргізген неғұрлым тиімді:

1. Созылмалы жайылмалы пародонт қабынуы, ауыр дәрежесі;

2. Созылмалы катаральды қызылиек қабынуының өршуі;

3. Жедел катаральды қызылиек қабынуы;

4.+Қызылиектің фиброматозы.

5. Ойық жаралы қызылиек қабынуы

 

187. 14 жастағы жасөспірімге дәрігер-стоматолог созылмалы катаральды гингивит деген нақтама қойды. Осы ауруға қандай рентгенологиялық өзгерістер НЕҒҰРЛЫМ тән?

1.+Өзгерістер анықталмайды

2. Сүйектің деструкциясы

3. Тіс аралық қалқан биіктігінің төмендеуі

4. Патологиялық сүйек қалтасының түзілуі

5. Тіс аралық қалқан шыңында кортикальды пластинканың жойылуы

 

188. 9 жасар балаға төменгі алдыңғы тістер аймағындағы шектелген атрофиялық гингивит деген диагноз қойылды.Себебі неде?

1.+Ауыздың кіреберісі таяз

2. Қосымша аурулар

3. Жаман әдеттер

4. Ашық тістесу

5. Терең тістем

 

189. 15 жасар балаға жаралы гингвит деген диагноз қойылды.Клиникалық

симптомына жатпайды?

1. Қызыл иегі қанайды

2.+Қызылиек гиперплазиясы

3. Лимфаденит

4. Гиперемия

5. Некроз

 

190. Жаралы гингивиттің жергілікті еміне жатпайды?

1. Аппликациялық жансыздандыру

2.+Кортикостиройдты мазь,массаж

3. Факторларды жою

4. Кератопластиктер

5. УФО,ГНЛ

 

191. Пародонтологиялық емдеу таңбасын не үшін қолдану тиімді:

1. Жараның бетін ауыз қуысының факторларының әсерінен сақтап қалу;

2. Пародонт қалталарының микроағзаларын оқшаулау;

3. Пародонт қалтасының аумағын оқшаулау;

4. Инффекцияның таралуын болдырмау;

5. Емдік препараттың әсерін ұзарту.

 

192. Оқшаулайтын пародонт таңбасын қолданады:

1. Физиоемге дайындауға;

2. Инфекцияның таралуын алдын алу;

3.+Операциядан кейінгі жараны қорғау және қан ұйындысын сақтауға;

4. Пародонт қалтасынан экссудаттың шығуының тоқтатуға;

5. Пародонт қалтасындағы микроорганизмдерді оқшауға.

 

193. Бала 14 жаста. Анамнезінде созылмалы гастритпен дәрігер гастроэнтерологтың тіркеуінде тұрғаны анықталды. Объективті: тілі ұлғайған. Шырышты қабатың бүйір бетінде және тілінің ұшында тығыз, сұр түсті қақпен жабылған, жіп және саңырауқұлақ тәрізді емізікшелерінің ұлғайғаны байқалды. Нақтама қойыңыз:

1.+Асқорыту жолының ауруы кезіндегі тілдің өзгеруі;

2. Қалқанша бездің ауруы кезіндегі тілдің өзгерісі;

3. Жастық кезеңіне байланысты тілдің өзгерісі;

4. Десквамативті глоссит;

5. Ромб тәрізді глоссит.

 

194. Жергілікті антисептиктер қолданылады:

1. Жетгілікті иммунитетке әсер ету үшін;

2. Сарысулы антидененің санын төмендету үшін;

3.+Микроорганизмдердің агрессивті әсерін төмендеу үшін;

4. Қан тамырлардың қабырғаларының өткізгіштігін жоғарылату үшін;

5. Полиморфты ядролы лейкоциттердің бактерицидті белсенділігінің стимуляциясы үшін.

 

195. Бала 14 жаста. Профилактикалық тексеруге келген, шағымы жоқ. Объективті: тілдің арты 1/3 бөлігінде орталық сызық бойымен, науа тәрізді бүртіктерден алдыға қарай шырышты қабатында ромб тәрізді тығыздалған аймақ байқалады. ЕҢ дұрыс нақтаманы атаңыз:

1. Десквамативті глоссит;

2.+Ромб тәрізді глоссит;

3. «Малина тәрізді» тіл;

4. Қара «түкті» тіл;

5. Қатпарлы тіл.

 

196. Пародонт ауруларын емдеу үшін стероидты қабынуға қарсы препараттарды қалай қолданады:

1. Жүйелі;

2.+Жергілікті;

3. Шайқау үшін;

4. Таңбалар түрінде;

5. Өтпелі қатпарғашаншу түрінде

 

197. Глосситтің қандай түрінде тегіс, бұдырлы, папилламатозды клиникалық түрлерін ажыратады:

1. Қатпарлы тіл;

2. Қара «түкті» тіл;

3.+Ромб тәрізді глоссит;

4. Десквамативті глоссит;

5. Жедел катаральды глоссит.

 

198. Кандидоз кезінде ауыз қуысын өңдеу әдісі неғұрлым дұрысырақ:

1. Жансыздандыру, антисептикалық өңдеу,, неомицин жақпасымен жағу

2. Жансыздандыру, антисептикалық өңдеу, синтомицин жақпасымен жағу

3. Шырышты қабатты жансыздандыру,антисептикалық өңдеу,теброфен жақпасымен жағу.

4. Шырышты қабатты жансыздандыру,антисептикалық өңдеу,шиповник майымен аппликациялау

5.+Қақтың беткей борпылдақ қабатын алу, 1-2% гидрокарбоната натрия ертііндісімен,содан кейін 1% канестен немесе клотримазолмен өңдеу

 

199. Балалардың пародонт қабынуының рентгенологиялық бастапқы белгілерін көрсетіңіз:

1. Сүйек тінінің деструкциясы;

2. Периодонт саңылауының кеңеюі;

3. Сүйек патологиялық қалтасының түзілуі;

4. Тісаралық қалқанның биіктігінің төмендеуі;

5.+Тіс аралық қалқанның кортикальды пластинкасының жойылуы.

 

200. Баланың 1-2ай кезінде,еріннің төменгі беткей шырышты қабатында жарақаттық эрозияның пайда болуы неғұрлым мүмкін:

1. Емізіктер

2. Шөлмектегі резенке емізік

3. Ойыншықтың өткір қырларымен

4.+Өз уақытынан ерте жарып шыққан тіс

5. Ауыз қуысының гигиенасының заттары

 

201. 12 жастағы бала төменгі жағының 4.3, 4.2, 4.1, 3.1, 32, 3.3 тістерінің термиялық тітіркендіргіштерге сезімталдығына шағымданады. Қарап тексергенде аталған тістердің аймағындағы қызылиек бозғылт түсті, тістерінің мойны жалаңаштанған, қызылиектің ретракциясы анықталды. Төменгі еріннің үзеңгісі жоғары бекітілген. Төменде аталған емдеу әдістерінің қайсысын жүргізген НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

1. Қабынуға қарсы ем

2. Гигиенаға үйрету

3.+Ерін үзеңгісінің пластикасы

4. Миогимнастика

5. Вакуум массаж

 

202. 10 жастағы баланы мектепте алдын ала қарау барысында келесі жағдайлар анықталды: барлық тістерінің аймағындағы қызылиек қызарған, ісінген, қызылиек бүртікшелері борпылдақ, тиіп кеткенде қанайды. Тістердің бетінде қақтар өте көп.

Осы жағдайда төменде көрсетілген жергілікті емдеу шараларының қайсысын қолданған НЕҒҰРЛЫМ тиімді?

1. Антисептикалық өңдеу, склероздаушы терапия;


Дата добавления: 2015-09-29; просмотров: 25 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.059 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>