Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Балалар стоматологиясынан МЕ тесттері 3 страница



1.+Вирусты сүйел;

2. Жара жарақаты;

3. Қайталамалы афталар;

4. Сифилистік папула;

5. Жалпақ қызыл теміреткі.

 

101. Балалардағы және жасөспірімдердегі ауыз қуысының шырышты қабатының зақымдануының вирусты түріне жататыны:

1. Беднар афтасы;

2.+Герпетикалық ангина;

3. Көптүрлі жалқықты эритема;

4. Жедел псевдомембранозды кандидоз;

5. Жаралы-өліеттенген Венсан стоматиті.

 

102. Бала 10 жаста. Профилактикалық тексеру кезінде тілдің алдыңғы бөлігінің бүйір бетінде шектелген. Майда дәнді домалақ түзілістер. Осындай түзелдер қолында да анықталған. Диагноз қойыңыз:

1.+Вирусты сүйел;

2. Рецидивті афталар;

3. Жарақаттық стоматит;

4. Жедел герпетикалық стоматит;

5. Рецидивті герпетикалық стоматит.

 

103. Бала 5 жаста. Тамақтанғанда, сөйлегенде ауру сезімнің пайда болуына және ашуына, ауыз қуысының құрғақтығына шағымданып келді. Ауыз қуысының шырышты қабығы қызарған, қанық қызыл түсті, құрғақ. Тілдің шырышты қабығы атрофияланған, емізікшелері тегістелген, түсі қанық қызыл түсті. Нақтама қойыңыз:

1. Жедел псевдомембранозды кандидоз;

2. Қайталанатын герпесті стоматит;

3. Жедел герпестік стоматит;

4.+Жедел атрофиялық кандидоз;

5. Медикоментозды стоматит;

 

104. Бала 10 жаста. Тәбетінің төмендеуіне ұйқысының бұзылуына шағымданып келді. 3 күн бұрын ауырған. Науқас педиаторда пневмониямен емделіп жатқан, антибиотиктер қолданған. Ауыз қуысы шырышты қабығы қызарған, дондыққан, тіл емізікшелері тегістелген, бетінде ақ ірімшік тәрізді қақ анықталды. Ұрттың, еріннің, қатты және жұмсақ таңдайдың шырышты қабаттарында ақ түсті қақ бар. Алынған қақтың астында жаралар анықталады. Жақ асты лимфа түйіндері ұлғайған. Нақтама қойыңыз:

1. Жедел атрофиялық кандидоз;

2. Жедел герпестік стоматит;

3. Қайталанатын герпесті стоматит;

4.+Жедел псевдомембранозды кандидоз;

5. Созылмалы гиперпластикалық кандидоз.

 

105. Бала 7 айлық. Анасы баласының 4 күн бұрын масасызданып тәбетінің төмендеуіне шағымданып келді. Бала педиатрда бронхопневмания себебімен емделген, антибиотикпен емделу курсын өткен. Объективті: Ауыз қуысының шырышты қабығы қызарған, ісінген, емізікшелері тегістелген, ұрттың, еріннің шырышты қабығында ақ түсті қақ бар. Қақ кейбір аймақта оңай кейбір аймақта қиындықпен алынады. Төменгі жақ лимфа түйіндері ұлғайған. Нақтама қойыңыз:



1.+Жедел псевдомембранозды кандидоз;

2. Созылмалы атрофиялық кандидоз;

3. Қайталанатын герпесті стоматит;

4. Жедел герпетикалық стоматит;

5. Жедел атрофиялық кандидоз.

 

106. 2 айлық баладан жедел псевдомембранозды кандидоз нақтамаланды, Емін тағайындаңыз:

1. Преднизолон, синафлан;

2. Қызылмай, солкосерил;

3.+Дифлюкан, миконазол;

4. Зовиракс, ацикловир;

5. Декарис, тималин.

 

107. 2 жастағы бала жедел іріңді отит себебімен статционарда емдеуде жатыр. Антибиотикпен емделу курсын өткен. Қарап тексергенде: ұрттың, еріннің, таңдайдың шырышты қабаттарында ақ ірімшік тәрізді қақ анықталды, қақ жартылай алынбайды, жақ асты лимфа түйіндері ұлғайған.

Нақтама қойыңыз:

1.+Жедел псевдомембранозды кандидоз;

2. Қайталанатын герпестік стоматит;

3. Жедел герпетикалық стоматит;

4. Жедел атрофиялық кандидоз;

5. Сифилитикалық папулалар.

 

108. Бала 7 жаста. Ас қабылдағанда ауру сезіміне, ауыз қуысы ысып күюіне, құрғақтығына шағымданады. Пневмония себебімен антибиотикпен емдеу курсынан өткен. Қарап тексергенде: ауыз қуысы шырышты қабығы қызарған, тілі қанық қызыл түсті, емізікшелері тегістелген, тілдің беті тегіс, ауыз қуысы шырышты қабығы және тілде қақ жоқ. Нақтама қойыңыз:

1. Жедел псевдомембранозды кандидоз;

2.+Жедел атрофиялық кандидоз;

3. Скарлатина;

4. Дифтерия;

5. Қызылша.

 

109. 11 жастағы балаға созылмалы кандидоз диагнозы қойылған. Балада қант диабеті бар. Емдеу тактикаңыз:
1.+Саңырауқұлаққа қарсы терапия
2. Антисептикалық өңдеу
3. Жалпы нығайтқыш ем

4. Симптоматикалық ем
5. Витаминотерапия

 

110. Бала 10 жаста. Ауыз қуысындағы құрғақтыққа, ауыз бұрышы аймағындағы ауру сезіміне шағымданады. Еріндері құрғақ. Ауыз бұрышы аймағында ылғалды ақ қабыршақпен қапталған эрозиялар бар. Эрозия жиектері білік тәрізді көтеріліп тұр. Ауыз қусында: АҚШҚ айқын қызыл түсті, гиперемияланған, ісінген, қақтар оңай алынады. Тілі тегіс, жіп тәрізді бүртіктер атрофияланған, тілінде тістіерінің іздері бар. Диагноз қойыңыз:
1. Жедел атрофиялық кандидоз

2. Созылмалы механикалық жарақат

3. Жедел псевдомембраналық кандидоз
4. Созылмалы гиперпластикалық кандидоз
5.+Созылмалы атрофиялық кандидоз

 

111. 10 жастағы бала аузын ашқандағы ауру сезіміне шағымданады. Еріндері құрғақ, қабыршақтанған,жырашықтары бар. Ауыз бұрышы аймағында сары түсті қабыршақпен қапталған эрозия бар. Жақасты лимфа түйіндерінің лимфадениті. Қай аурумен салыстырмалы диагностика жүргізіледі:
1. Экзематозды хейлитпен
2.+Кандидозды ауыздықпен

3. Десквамативті глосситпен
4. Қайталанбалы герпетикалық стоматитпен
5. Ауыз қуысының қайталанбалы афтасымен

 

112. Бала 8 жаста. Ауыз бұрышы аймағындағы қабыршақтарының болуына, ауызды ашқанда ауру сезіміне шағымданады. Еріндері құрғақ, жырақтар бар. Оң және сол ауыз бұрышы аймақтарында ақ түсті қабыршақпен қапталған эрозиялар бар. Жақасты лимфа түйіндерінің айқын лимфадениті. Қандай аурумен салыстырмалы диагностика жүргізіледі:
1. Экзематозды хейлитпен
2. Десквамативті глосситпен

3.+Стрепто стафилококкты ауыздықпен
4. Қайталанбалы герпетикалық стоматитпен
5. Ауыз қуысының қайталанбалы афтасымен

 

113. Дәрілік стоматитте спецификалық емес гипосенсибилизациялық емді қай кезеңде жүргізеді?

1.+Жедел;

2. Продромальды;

3. Ремиссия;

4. Катаральды;

5. Рецидиваралық.

 

114. Бала 7 жаста. Катаралды баспаға эритромицин қабылдауда. Аурудың 3 күні ісіну, кейін ауыз қуысының шырышты қабатында «ойық жаралар» және ас қабылдағанда ауыру сезімі пайда болды. Объективті: тілі ісінген, бүйір беті қақпен жабылған,таңдайдың және тіласты аймағының шырышты қабатында біріккен жаралар анықталады. Қандай аурулармен салыстыру керек?

1. Скарлатина;

2. Қызылша;

3. Ауыз қуысының қайталамалы афталары;

4.+Көптүрлі жалқықты қызарма;

5. Лейкоз кезіндегі шырышты қабаттың өліеттенуі

 

115. Бала 8 жаста. Аузын ашқанда және сөйлегенде ауыру сезімінің пайда болатынына шағымданады.Анамнезінен сол күні аспирин қабылдағаны анықталды. Объективті:ауыз қуысының шырышты қабаты қызарған, ісінген. Тигенде бірден ауыратын көптеген жаралар, көпіршіктер, көпіршікшелер, ойық жаралар. Нақтама қойыңыз.

1. Ауыз қуысының қайталамалы афталары;

2. Көптүрлі жалқықты қызарма;

3.+Дәрілік стоматит;

4. Инфекциялық мононуклеоз;

5. Жедел герпестік стоматит

 

116. 7 жастағы балаға дәрілік стоматит деп нақтама қойылды. Емді тағайындаңыз.

1. Қабынуға қарсы препараттар, гипосенсибилизациялықзаттар;

2. Сульфамидті препараттар, гормоналдызаттар;

3. Поливитаминдер, гипосенсибилизациялықзаттар;

4.+Препаратты тоқтату, гипосенсибилизациялықзаттар;

5. Қабынуға қарсы препараттар, гормоналдызаттар;

 

117. Бала 5 жаста, ЖРВИ себебімен емделгенде аранның (зев) гиперемиясын жою үшін себидин препаратын қабылдаған. Екінші күні айқын гиперемия, шырышты қабаттың ісінуі, көпіршікшелер, эрозиялар пайда болды. Диагноз қойыңыз:
1. Жедел герпетикалық стоматит, бөртпе кезеңі
2. Ауыз қуысының механикалық жарақаты
3.+Медикаментозды стоматит
4. Шынайы көпіршік
5. Жедел лейкоз

 

118. Бала 3жаста. ЖРВИ себебімен бір апта көлемінде ампициллинді таблетка түрінде қабылдаған. Жөтелі азайды, дене қызуы қалпына келді. Бірақ қайта қызуы көтеріліп, теріде аздап ісінген бөртпелер ісінген, ерін жіне тілдің ісінуі, тәбетінің төмендеуі байқалады. Стоматолог шырышты қабаттың бөлек жаралармен қатар жайылмалы эритемасын анықтады. Қай аурулармен салыстырмалы диагностика жүргізіледі:
1. Қызылша

2.+Жедел герпетикалық стоматит
3. Созылмалы герпетикалық кандидоз
4. Жедел псевдомембранозды кандидоз
5. Қайталанбалы герпетикалық стоматит

 

119. Бала 8 жаста. Ангина себебімен фарингосепт қабылдаған. Келесі күнде қызыл иекте, жұмсақ таңдайда көпіршікшелер, эрозиялар пайда болды. АҚШҚ гиперемияланған, ісінген, Емдеуді тағайындаңыз:
1. Жансыздандыру, аппликация, кератопластикалық заттар
2. Ауыз қуысының гигиенасын сақтау, вирусқа қарсы заттармен

аппликация
3.+Препаратты тоқтату (отмена), жансыздандыру, антисептикалық

өңдеу, кератопластиктермен аппликациялар, антигистаминді

препараттар
4. Ауыз қуысын шаю
5. Сілтілі ерітінділермен ауыз қуысын өңдеу, саңырауқұлақтарға

қарсы заттармен аппликация

 

120. Бала 14 жаста, жоғарғы ернінің ісінуіне, дискомфортқа шағымданады. ЖРВИ ге байланысты этазол қабылдаған. Ісіну бір күн бұрын пайда болған. Жоғарғы ерін ұлғайған, сипап тексергенде ауырмайды. АҚШҚ ақшыл қызғылт түсті. Диагноз қойыңыз:
1. Мелькерсон Розенталь макрохейлиті

2. Көптүрлі экссудативті эритема
3. Стивенс Джонсон синдромы

4. Лайелл синдромы

5.+Квинке ісінуі

 

121. Бала 7 жаста. Педиатрда 5күн көлемінде жедел пиелонефрит себебімен фурадонинмен емделген. Кеше тағам қабылдағанда ауру сезімі пайда болған. Объективті: шырышты қабатта шектелген гиперемия және ісіну бар, нүктелік қан құйылу (геморрагиялар) байқалады. Ем тағайындаңыз:
1+Препаратты тоқтату (отмена), жансыздандыру, антисептикалық

өңдеу, кератопластиктермен аппликациялар, антигистаминді

препараттар
2 Ауыз қуысын шаю
3 Ауыз қуысының гигиенасын сақтау, вирусқа қарсы препараттармен

аппликация
4 Жансыздандыру, кератопластиктермен аппликациялар
5 Сілтілі ерітінділермен аппликация, саңырауқұлақтарға қарсы

заттармен аппликация

 

 

122. Зақымдану элементтерінің қосылмауы, еріннің қызыл жиегінің және терінің зақымданбауы, гингивит, бөртпелер полиморфизимінің болмауы қай ауруға ТӘН:

1. Жедел герпестік стоматит;

2. Дәрілікстоматит;

3.+Ауыз қуысының қайталамалы афталары;

4. Венсанның жаралы-өлеттенген стоматиті;

5. Қайталамалы герпестік стоматит.

 

123. Бала 11 жаста, дәрігерге шайнау кезінде пайда болатын ауру сезіміне шағымданып келді. Анасының айтуы бойынша жарты жыл бұрын ауыз қуысының шырышты қабатында жаралардың пайда болуын және өздігімен 7-10 күнде жазылатынын айтты. Баланың тәбеті нашар. Сонымен қатар ішінің ауруына және үлкен дәретке сирек баратынына шағымданды. Гастроэнтерологтың тіркеуінде тұр. Объективті: ұрт, өтпелі қатпардың, ауыз қуысы кіреберісінің шырышты қабатында беті фиброзды қабықпен жабылған,сопақша пішінді жаралар бар. Нақтама қойыңыз:

1. Жедел псевдомебранозды кандидоз;

2. Рецидивті герпетикалық стоматит;

3.+Ауыз қуысының қайталамалы афталары;

4. Жедел герпестік стоматит;

5. Дәрілікстоматит.

 

124. Созылмалы гепато-холециститпен ауыратын 12 жасар баланың ауыз қуысы шырышты қабатында жылына 3 рет пайда болатын ойық жаралар бар. Нақтама қойыңыз:

1. Жедел герпестік стоматит;

2. Кандидомикоз;

3. Дәрілікстоматит.

4. Қайталамалы герпестік стоматит;

5.+Ауыз қуысының қайталамалы афталары;

 

125. Бала 12 жаста, дәрігерге тағам жеу кезінде пайда болатын ауру сезіміне шағымданады. Анамнезін жинау барысында гастроэнтерологтың тіркеуінде тұратыны анықталды. Тәбеті төмендеген. Ішінің ауруына және үлкен дәретке сирек баратынына шағымданады. Анасының айтуы бойынша жарты жыл бұрын бір аптада өздігінен жазылатын ауыз қуысының шырышты қабатында жаралар пайда болған. Қарап тексергенде: ұрттың, еріннің шырышты қабатында қызарған жиекпен қоршалған, фиброзды қабықпен жабылған ойық жаралар бар.Нақтама қойыңыз:

1.+Ауыз қуысының қайталамалы афталары;

2. Созылмалы жарақаттық жаралар;

3. Созылмалы қайталамалыстоматит;

4. Жедел герпестік стоматит;

5. Дәрілік стоматит.

 

126. 8 жасар балада бір жыл бойы өтпелі қатпарында жиі-жиі жекеленген афталар пайда болған. Созылмалы холециститпен ауырады. Қарап тексергенде: өтпелі қатпар бойында, жиегі қызарған, домалақ пішінді, d=0,5х0,3 см сұр түсті қабықпен жабылған афта байқалады.

Төменде көрсетілген нақтамалардың қайсысы ЕҢ дұрыс?

1. Беднар афтасы;

2.+Қайталамалы афта;

3. Жедел герпетикалық стоматит;

4. Созылмалы қайталамалы стоматит;

5. Шырышты қабаттың созылмалы жарақаты.

 

127. Бала 5 жаста. Тәбетінің нашарлануына, ішінің ауыратындығынажәне үлкен дәретке сирек баратындығына шағымданады. Гастроэнтерологта диспансерлік тіркеуде тұрады. Объективті: ұрт және еріннің шырышты қабатында айналасы қызарған, фиброзды қабықпен жабылған майда дөңгелек пішінді жаралар байқалады.

Қандай аурулармен салыстырмалы нақтама жүргізу керек?

1. Созылмалы атрофиялықкандидоз, жалпақ лейкоплакия;

2. Созылмалы механикалық жарақат, жалпақ лейкоплакия;

3. Тілдің жіп тәрізді бүртігінің созылмалы гиперплазиясы;

4.+Жарақаттық эрозия, герпестік эрозия, сифилистік папула;

5. Созылмалы гиперпластикалық кандидоз, қызыл жалпақ теміреткі.

 

128. Бала 12 жаста. Стационарда емделуде. Жалпы жағдайы ауыр, дене қызуы 390С. Денесінде, қол- аяғының терісінде папулалар, түйінді эритема түріндегі бөртпелері бар. Ауыз қуысының, жыныс мүшелерінің,көздіңшырышты қабатындаэритемалармен афта элементтері:

1.+Бехчет синдромы;

2. Лайелл синдромы;

3. Папийон-Лефевр синдромы;

4. Стивенс-Джонсон синдромы;

5. Стейнтон-Капдепон синдромы.

 

129. 15 жастағы жасөспірім тағам қабылдау кезіндегі ауру сезіміне шағымданып келді. Анамнезінен гастроэнтерологтың тіркеуіндетұрғаны анықталды. Тәбеті нашарлаған. Ішінің ауыратындығына және үлкен дәретке сирек баратынына шағымданады. Анасының айтуы бойынша жарты жыл бұрын ауыз қуысының шырышты қабатында жаралар пайда бола бастаған, 1 аптада өздігінен жазылып кетеді. Қарап тексергенде: ұрттың, еріннің шырышты қабатында айналасы қызарған жаралар байқалады. Сіздің емдеуәдісіңіз:

1. Қабынуға қарсы препаратар, шайқау;

2. Саңырауқұлаққа қарсы препараттар, диета;

3.+Ішек қызметін реттеу, ауыз қуысындағы ауру сезімін жою;

4. Ауру сезімін басатын препараттар тағайындау, ауыз қуысының гигиенасы;

5. Антигистаминді препараттар тағайындау, кератопластикалық препараттармен аппликациялау.

 

130. Бала 9 жаста. дәрігерге тағам шайнау кезіндегі ауыз қуысындағы ауру сезіміне шағымданады. Объективті: тілдің бүйір бетінде, өтпелі қатпарында көлемі 2 мм дейінгі айналысы қабынған афтасы байқалады. Анамнезінде: бала дәрігер-гастроэнтерологтың есебінде тіркеуде.

Осы ауру кезінде қандай зерттеу әдісі ЕҢ тиімді?

1. Цитологиялық;

2.+Копрологиялық;

3. Бактериологиялық;

4. Рентгенологиялық.

5. Колоноскопикалық;

 

131. Қанша жастағы балалардың ауыз қуысында рецидивті афталар кездеседі:

1. Нәресте кезінде және өмірінің бастапқы кезінде;

2. Ерте мектеп жасында;

3.+Орта мектеп жасында;

4. Емшектегі жаста;

5. Әртүрлі жаста.

 

132. Стоматиттің қандай түрінде балаларда жеке дара дәнді (чечевичного зерна) афта кездеседі:

1. Кукенің герпетиформды ойылуы

2. Поспишил афтоиды;

3.+ Микулич афтасы;

4. Сеттона афтасы;

5. Беднар афтасы;

 

133. 5 жасар балада Сеттон афтасы. Қандай аурулармен салыстырмалы нақтамалау жүргізесіз:

1. Акантолитикалық пузырчаткамен, жедел герпетикалық стоматитпен, акантолитикалықемес

пузырчатка;

2.+Жарақаттық эрозиялармен, ойық жаралармен, Бехчет ауруымен, спецификалық инфекциялы

жаралармен;

3. Дәрі-дәрмекті стоматитпен, көптүрлі жалқықты эритемамен;

4. Пузырчатка, көптүрлі жалқықты эритемамен;

5. Кандидозбен, жедел қызыл волчанкой.

 

134. Бала 12 жаста, ауруханаға емделуге жатқызылды. Жалпы жағдайы ауыр, дене қызуы 390С дейін. Қарап тексергенде: қосарланған ауыз қуысы шырышты қабатының, көздің, жыныс мүшесінің көздің жаралық зақымдануы, сонымен қатар артралгиясы және миологиясы байқалады.

Дұрыс диагнозды қойыңыз:

1.+Бехчет синдромы;

2. Лайелл синдромы;

3. Папийон-Лефева синдромы;

4. Стивенс-Джонсон синдромы;

5. Стейнтон-Капдепон синдромы.

 

135. Қандай ауру кезінде иммуностимулдеуші препараттар тағайындалған нәтижелі:

1. Рецидивті афтаның жеңіл түрі;

2.+Рецидивті афтаның ауыр дәрежесі;

3. Рецидивті герпетикалық стоматит;

4. Жедел псевдомембранозды кандидоз;

5. Жедел герпестік стоматиттің жеңіл түрі.

 

136. Бала 13 жаста. Басының, көз алмасының ауруына, бұлшық еттер мен буындарының сынып ауруына, ас қабылдағанда тамағының ауруына шағымданады. Дене қызуы 38,60. Конъюктивит. Тілдің, еріннің, ұрттың, ауыз қуысы түбінің шырышты қабатында жаралар бар. Қолдың бүгілетін бетіндегі теріде көкшіл-қызыл дақ түріндегі зақымданулар бар. Жақасты лимфа түйіндерінің лимфадениті. Нақтама қойыңыз:

1. Жедел лейкоз

2. Қызыл жалпақ теміреткі

3. Дәрілік стоматит

4. Жедел ұшықты стоматит

5.+Көптүрлі жалқықты қызарма

 

137. Бала 9 жаста. Дене қызуы 38,3оС. Шағымы: ауыз қуысының шырышты қабатының қатты және күйдіріп ауруы. Ерін, ұрт, өтпелі қатпар, тіл, тіласты аймағындағы шырышты қабатының қызаруы, ісінуі байқалады. Әртүрлі көлемді папулалар, күлбіреуіктер, көпіршіктер бар. Никольский симптомы теріс. Ерінде қабыршақ, қолында, білекте, жіліншігінде, бетінде – кокардалар. Нақтама қойыңыз:
1. Күлбіреуікше
2. Дәрілік стоматит
3. Жедел ұшықты стоматит
4. Ауыз қуысының қайталама афталары
5.+Көптүрлі жалқықты қызарма

 

138. Бала 3 жаста. Ата –анасы: баласының мазасыздығына, тағамнан бас тартуына, нашар ұйықтайтынына шағымданады. Ауыз қуысының шырышты қабаты қызарған, ісінген, көптеген жаралар, күлбіреуіктер, көпіршіктер бар. Бет терісінде дақтар. Білек, шынтақ аймақтарында ақшыл-қызыл түсті дақтар байқалады. Никольский симптомы теріс. Нақтамасы: көптүрлі жалқықты қызарма. Ем тағайындаңыз:
1.+Жансыздандыру, жалпы сауықтандыратын ем, кортикостероидтар;
2. Сілтілермен шаю, саңырауқұлақтарға қарсы ем;
3. Шөптермен шаю, вирустарға қарсы препараттар;
4. Антисептикалық шайқау;
5. Жансыздандыру, шөптермен шаю;

 

139. Бала 10 жаста. Басының ауруына, қалтырау, буындарындағы ауру сезіміне, тағам қабылдағанда тамағының ауруына шағымданады. Дене қызуы 39о С. Еріндерінде ісіну, ауқымды қанды-іріңді қабыршақтар, екі жақты конъюктивит, кератит. Ауыз қуысының, көздің, жыныс мүшелерінің шырышты қабаттарында, теріде фибринозды қабықпен және серозды-қанды қабыршақпен жабылған көптеген көпіршіктер, күлбіреуіктер, жаралар бар. Нақтама қойыңыз:

1. Турен синдромы
2. Бехчет синдромы
3. Лайелл синдромы
4. Олбрайт синдромы
5.+Стивенс-Джонсон синдромы

 

140. Бала 12 жаста. Дене қызуы 37,8оС, басы ауырады. Терісінде және ауыз қуысында күлбіреуікті бөртпелер пайда болған. Терінің барлық бетінде қою қызыл түсті папулезді бөртпелер, көптеген күлбіреуіктер бар. Кейбір күлбіреуіктер серозды және серозды – геморрагиялық жалқықпен толған. Білекте, жіліншікте диаметрі 3-4 см жететін күлбіреуіктер бар. Никольский симптомы оң. Нақтама қойыңыз:

1. Турен синдромы
2. Бехчет синдромы
3.+Лайелл синдромы
4. Олбрайт синдромы
5. Стивенс-Джонс синдромы

 

141. 13 жастағы балаға Стивенс-Джонс синдромы нақтамасы қойылды. Баланы қандай емдік мекемеге жатқызу керек:

1. Аллергиялық орталық
2. Инфекциялық аурухана
3.+Көпсалалы балалар ауруханасы

4. Тері-венерологиялық диспансер
5. Көпсалалы балалар ауруханасының гематология бөлімі

 

142. Балалардағы еріннің физиологиялық архитектоникасын көрсетіңіз:

1. Еріндерді түйістіру ерін бұлшық еттері және төменгі ерін шырышты қабатымен, жоғарғы

ерін қызыл жиегімен жартылай жабылған;

2. Еріндерді түйістіруде ерін бұлшық еттері және мимикалық бұлшық еттер қатысады;

3. Физиологиялық архитиктоника бұл жоғарғы және төменгі ерін арасында 0,1 мм дейінгі

саңылаудың болуы;

4.+ Еріннің қызыл жиегінің шырышты қабатқа ауысатын сызығы арқылы еріндерін еркін түйістіреді

5. Еріннің қызыл жиегін физиологиялық тығыз түйістіру және осы кезде мимикалық бұлшық

еттер қатысады;

 

143. Балалардағы метеорологиялық хейлиттің дамуының себепшісі болып не табылады:

1. Тұқым қуалаушылық

2. Тістемнің дұрыс болмауы

3. Мұрынмен тыныс алуының бұзылуы

4.+Еріндердің архитиктоникасының бұзылуы

5. Мимикалық бұлшық еттер тонусының әлсіреуі

 

144. Балалардағы метеорологиялық хейлиттің себебін атаңыз:

1. Иммунитеттің төмендеуі

2. Мұрынмен тыныс алуының бұзылуы

3. Еріндердің архитиктоникасының бұзылуы

4. +Еріндерін жалау бейімділік механизмінің дамуы

5. Гиперплазия, сілекей бездерінің секреторлы функциясының артуы

 

145. Профилактикалық тексеру кезінде 7 жасар баладан анықталды: жоғарғы және төменгі еріндерінің қызыл жиегінде құрғақ қабыршақтар, көптеген майда қатпарлар бар. Бала жиі еріндерін жалайды, пайда болған қабыршақтарды тістейді,кей жағдайда жарылулар мен қабыршақтардың пайда болатынын айтады. Нақтама қойыңыз:


Дата добавления: 2015-09-29; просмотров: 35 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.042 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>