Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Балалар стоматологиясынан МЕ тесттері 1 страница



Балалар стоматологиясынан МЕ тесттері

 

Балалар терапиялық стоматологиясы

1. Пародонт ауруларының топтарының бөлінуі немен түсіндіріледі?

1.+Онтогенетикалық дамудың бірауыздылығы, сонымен қатар патологиялық үрдістердің

қызметі мен дамуының жалпылануы;

2. Әр түрлі аурулар кезіндегі патоморфологиялық өзгерістердің жалпылануы;

3. Әр түрлі жастық кезеңдерде көріністердің ерекшелігімен;

4. Аурудың клиникалық көріністерінің ерекшелігімен;

5. Әр түрлі ауруларды емдеудің бірауыздылығы.

2. Қызылиектің бос бөлігін (маргинальды) жауып жатқан эпителий аталады:

1. Мүйізгектенбейтін көпқабатты жалпақ;

2.+Мүйізгектенетін көпқабатты жалпақ;

3. Бір қабатты цилиндрлік;

4. Бір қабатты жалпақ;

5. Өтпелі.

 

3. Қызылиектің альвеолярлы (бекітілген) бөлігін жауып жатқан эпителий аталады:

1. Өтпелі;

2. Бір қабатты жалпақ;

3. Бір қабатты куб тәрізді;

4. Көп қабатты жалпақ мүйізгектенетін;

5.+Көп қабатты жалпақ мүйізгектенбейтін.

 

4. Пародонт тіндерінің қанмен қамтамасыздануының зерттеу әдістері (қанмен қамтамасыздануының интенсивтілігін, тонусын, қан тамырлардың эластикалық жағдайын анықтау) қалай аталады?

1. Полярография;

2. Эхоостеометрия;

3. Биомикроскопия;

4. Капилляроскопия;

5.+Реопародонтография.

5. Пародонттың қышқыл-қалыптастыратын үрдістің көрсеткіші ретінде оттегінің балансын анықтайтын әдіс аталады::

1.+Полярография;

3. Эхоостеометрия;

5. Биомикроскопия;

2. Капилляроскопия;

4. Реопародонтография.

 

6. Кулаженко бойынша вакуум сынамасын жүргізгенде гематомалардың пайда болу уақытының қысқаруы көрсетеді:

1.+Пародонттың қан тамырларының қабырғаларының өткізгіштігінің жоғарылауы

мен эластикалық жағдайының төмендеуін;

2. Тіс – қызылиектің бекітілуінің бүтінділігінің бұзылуын;

3. Қызылиектің оттегінің балансының бұзылуын;

4. Қызылиекте гликогеннің болуын;

5. Қызылиектің ісінуі жоқ.

 

7. Қызылиекте гликогеннің жиналуының анықталуы қандай сынамасының көмегімен жасалады?

1. Айнамо сынамасы;

2. Кулаженко сынамасы;



3. Ясиновский сынамасы;

4.+Шиллер-Писарев сынамасы;

5. Эпителий бүтіндігінің сынамасы.

 

8. Балалардың қызылиегінің қабынуын анықтауға қандай зерттеу әдісін қолданады?

1. Грин –Вермильон бойынша гигиеналық индексті анықтау;

2. Шиллер-Писарев сынамасы;

3.+РМА индексін анықтау;

4. ПИ индексін анықтау;

5. Рентгенологиялық.

 

9. Иммунологиялық тесттерді жасайды:

1. Әр тістің пародонтының жағдайын бағалау үшін;

2. Пародонттың қантамырларының қызметтік жағдайын бағалау үшін;

3. Қызылиектегі қабыну үрдісінің белсенділігінің дережесін бағалау үшін;

4. Жасалып жатқан емнің нәтижесі, пародонт ауруының ауырлығын бағалау үшін;

5.+Пародонттағы үрдістің ауырлығы мен белсенділігін бағалау, ауруды болжамдау үшін.

 

10. Пи индексін бағалайды:

1. Әр тістің пародонтының жағдайы;

2. Пародонттың қантамырларының қызметтік жағдайы;

3. Қызылиектегі қабыну үрдісінің белсенділік дәрежесі;

4.+Пародонт ауруының ауырлық дәрежесі, өткізіліп жатқан емнің нәтижелілігі;

5. Пародонттағы үрдістің ауырлығы мен белсенділігі, ауруды болжамдау.

 

11. Пародонт қалтасында не бар екенін анықтау үшін қолданылатын сынама:

1. С-дәрумені;

2. Трипан көгі;

3.+Бензидин сынамасы;

4. Амидопирин сынамасы;

5. Фенолфталеин сынамасы.

 

12. Пародонттың тірек құрылымының қабыну және деструкциялық зақымдануларын салыстыру мақсатында ауырлық дәрежесін анықтау үшін қандай зерттеу әдісі қолданылады:

1. Реопародонтография;

2.+Рентгенологиялық;

3. Люминесценттік;

4. Серологиялық;

5. Биохимиялық.

 

13. Парм сынамасы нені анықтау үшін қолданылады:

1. Жасырын ісікті;

2. Қабынудың таралуын;

3. Қызылиектің қанағыштығын;

4.+Пародонт қалтасында іріңнің болуын;

5. Қызылиек астылық тіс тастарының болуын.

 

14. Бала 12 жаста. Қызылиектің өсе қабынуының ісінген түрі деген нақтама қойылды. Төменде көрсетілген нақтамалардың қайсысымен салыстырмалы нақтамалау жүргізген неғұрлым тиімді:

1. Созылмалы жайылмалы пародонт қабынуы, ауыр дәрежесі;

2. Созылмалы катаральды қызылиек қабынуының өршуі;

3. Жедел катаральды қызылиек қабынуы;

4. +Қызылиектің фиброматозы.

5.Ойық жаралы қызылиек қабынуы.

 

15. Бала 12 жаста. Қызылиегіндегі ауру сезіміне, керілу сезіміне, тістерін тазалағанда, қатты тамақ жегенде қызылиегінің қанауына шағымданады. Анамнезінен: бір жыл бұрын қызылиегін емдеткен. Объективті: көкшілденген қызылиегінде ісінген және қызырған аймақтар бар, шұқығышпен тиіп кеткенде қанағыштығы анықталады.Пародонт қалталары жоқ. Рентгенограммада: сүйек тінінде деструкциялық өзгерістер жоқ. Нақтама қойыңыз:

1. Ойық жаралы қызылиек қабынуы;

2. Жедел катаральды қызылиек қабынуы;

3. Созылмалы катаральды қызылиек қабынуы;

4. Қызылиектің өсе қабынуының фиброзды түрі;

5.+Созылмалы катаральды қызылиек қабынуының өршуі.

 

16. 13 жастағы балада екі ай бойы 4.4, 4.3, 4.2, 4.1, 3.1, 3.2, 3.3, 3.4 тістердің аймағындағы тіс аралық емізікшелерінің көлемі ұлғайғандығы, тістерін тазалағанда және тағам қабылдағанда қанағыштығы анықталады.Ауруды анықтаңыз.

1. Ошақты пародонт қабынуы;

2. Жайылмалы қызылиек қабынуы;

3. Жедел катаральды қызылиек қабынуы;

4.+Жасөспірімдік қызылиектің өсе қабынуы;

5. Созылмалы катаральды қызылиек қабынуы.

 

17. 12 жастағы бала тағам қабылдағанда қызылиегінің ауыратынына, қанағыштығына шағымданады. Эндокринологтың диспансерлі бақылауында тіркелген. Дәрігер-стоматолог қызылиектің өсе қабынуының орташа дәрежесі деген нақтама қойды.

Осы жағдайға әсер етпейтін емдеу әдісін таңдаңыз?

1. Галаскорбин, қалақай жапырақтарының қайнатпасы, гепарин жақпасы;

3. Гепарин жақпасымен аппликация жасау;

2. Тіс шөгінділерін алу, гигиенаға үйрету;

4. Эндокринологта емделу;

5.+Гингивоэктомия.

 

18. Пародонт қабынуына қандай морфологиялық өзгерістер сәйкес келеді?

1. Шектелген ісіну қызылиек жиегінің жасушалық инфильтрациясы, қантамырлардың ұйыған қызаруы;

2. Қызылиектің тіндік байланыстырушы қабатының қалыңдауы. Талшықты тіннің көрнекі өсуі,кей жерлерінде жасушалық инфильтрациясы бар;

3. Қантамырлардың айқын қызаруы, қызылиектің жиегінің жасушалық қабыну инфильтрациясы,

қызылиек емізікшелері тіндерінің өліеттенген деструкциясы;

4.+Тістің айналмалы байламдары бұзылған, периодонт жәнеальвеоланың қабырғасы еріп

кеткен, грануляциялық тіндермен ауысқан;

5. Ісіну, қан тамырлардың айқын кеңеюі, олардың айналасында лейкоциттер, гистоциттер, кейде

эритроциттер де жиналған.

 

19. Бала 9 жаста ортодонтиялық аппарат киеді. Аппараттың құрылымының дұрыс болмауы салдарынан оған жанасқан қызылиек аймақтарықабынған, сол аймақтағы тісбайламдары бұзылған. Тістер қозғалмалы, 3 мм дейін тереңдікте пародонт қалталары бар. Нақтам қойыңыз:

1. Пародонт қабынуының орташа-ауыр ауырлық дәрежесі;

2. Жылдам дамитын агрессивті пародонт қабынуы;

3. Пародонт қабынуының орташа дәрежесі;

4.+Пародонт қабынуының жеңіл дәрежесі;

5. Пародонтоз.

 

20. 15 жастағы жасөспірім тістерін тазалағанда қызылиегінің қанағыштығына, аузынан жағымсыз иістің шығуына, тіс мойындарының жалаңаштануына шағымданады. Баланың айтуы бойынша бұл симптомдардың мазалағанына 2 жыл болды. Объективті: шырышты қабат қызарған, ісінген, әсіресе 1.6, 1.5, 1.4, 1.3, 1.2, 1.1, 2.1, 2.2, 2.3, 2.4, 2.5, 2.6 тістердің аймағында. 3,5 мм дейін тереңдікте пародонт қалталары, қызылиек үстілік жән қызылиек астылық тіс шөгінділері, тіс мойындарының жалаңаштануы анықталады. Тістер қозғалмайды. Рентген суретте: сүйек қабығының резорбциясымен бірге тісаралық қалқанның биіктігінің 1/3 дейін төмендеуі. Нақтаманы болжамдаңыз:

1. Созылмалы пародонт қабынуының ошақты түрі, орташа дәрежесі;

2. Созылмалы пародонт қабынуының ошақты түрінің жеңіл дәрежесі;

3. Созылмалы пародонт қабынуының жайылмалы түрі, орташа дәрежесі;

4.+Созылмалы пародонт қабынуының жайылмалы түрі, жеңіл дәрежесі;

5. Созылмалы пародонт қабынуының жайылмалы түрінің, ауыр дәрежесі.

 

21. Пародонт қабынуының жеңіл дәрежесінің рентгенологиялық ерекшелігі болып табылады:

1.+Қалқанның шыңында және бүйір бөліктерінде сүйек қабының болмауы, тіс мойны аймағында

периодонт саңылауының кеңеюі, альвеолааралық қалқанның ұзындығының 1/3

дейін резорбциясы;

2. Альвеола аралық қалқанның сүйек тінінің ұзындығына 2/3 бөлігіне дейін жойылуы;

3. Альвеола аралық қалқанның ұзындығының 1/3 бөлігінің резорбциясы;

4. Альвеола аралық қалқанның ұзындығының 1/2 бөлігінің төмендеуі;

5. Альвеола өсіндісінің сүйек тінінде өзгерістер жоқ.

 

22. Төменде көрсетілген микроорганизмдердің қайсысы пародонт қабынуының агрессивті түрінің дамуына әсер етеді:

1. Candida albicans, Herpes simplе. Streptococcus sanguis;

2. Streptococcus mutans, Mycobacterium, Streptococcus lactis;

3. Fusobacterium nucleatum, Treponema denticole, Bacteroides forsitus;

4. Streptococcus mitis, Streptococcus cremosus, Lactobacillus acidophilus;

5.+Actinobarilles actinomycetemcomitans, Porphyromanas gindivalis, Prevotela intermedia.

 

23. Төменде көрсетілген симптомдардың қайсысы пародонтологияда жүйелі антибиотикотерапияға негізгі көрсеткіш бола алмайды?

1. Айқын интоксикация;

2. Көптеген абсцесстеу;

3.+Қызылиек үстілік және қызыл иек астылық тіс шөгінділері;

4. Пародонт қалталарынан іріңнің шығуы;

5. Альвеола өсіндісінің сүйек тінінің жылдам дамитын деструкциясы

 

24. Келесі симптомдар пародонттың қай ауруына сәйкес келеді: сүйек және пародонт қалталарының болуымен бірге жүретін пародонт тіндерінің қабынуы,тіс аралық қалқанның біркелкі емес резорбциясытіс түбірінің 2/3бөлігіне дейін, тістердің қозғалғыштығы II-IIIдәрежелі және орнынан ығысқан, айқын жарақаттық артикуляция:

1. Созылмалы жайылмалы пародонтоздың ауыр дәрежесі;

2. Созылмалы жайылмалы пародонт қабынуының ауыр дәрежесі;

3. Созылмалы жайылмалы пародонт қабынуының орташа дәрежесі;

4. Созылмалы жайылмалы пародонт қабынуының жеңіл дәрежесі;

5.+Жылдам дамитын агрессивті пародонт қабынуы.

 

25. Тіс дәрігеріне 14 жастағы бала ас қабылдағанда ауру сезімінің пайда болатынына, аузынан жағымсыз иістің шығатынына шағымданады.Объективті қарап тексергенде: 4.2, 4.1, 3.1, 3.2 тістердің тығыз орналасуы анықталды. Қызылиегінің шырышты қабаттың жиегі бозғылт, ісінген, тістерге тығыз жабыспайды, қызылиек үстілік және қызылиек астылық тіс шөгінділері бар. 4.7, 4.6, 3.6, 3.7 тістер айналасындағы пародонт қалталарының тереңдігі 5-6мм, грануляциялармен толған, 4.7, 4.6, 3.6, 3.7 тістер II-IIIдәрежелі қозғалыста.Нақтаманы қою үшін қандай зерттеу әдісін жүргізу қажет:

1. Микробиологиялық;

2. Иммунологиялық;

3. Цитологиялық;

4.+Рентгенологиялық;

5. Эхоостеометрия.

 

26. Бала 14 жаста. Кеңеске келген. Қарап тексергенде: қызылиектің қызаруы, ісінуі, тістердің қозғалғыштығы анықталды. Пародонт және сүйек қалталарынан грануляциялық тіндер шығып тұр. Рентгенограммада: альвеола өсіндісінің біркелкі емес деструкциясы тістер түбірлеріне дейін жайылған. Нақтама қойыңыз:

1. Ошақты пародонт қабынуының агрессивті түрі;

2.+Жайылмалы пародонт қабынуының агрессивті түрі;

3. Созылмалы жайылмалы пародонт қабынуының өршуінің ауыр дәрежесі;

4. Созылмалы жайылмалы пародонт қабынуының өршуінің жеңіл дәрежесі;

5. Созылмалы жайылмалы пародонт қабынуының өршуінің орташа дәрежесі.

 

27. Бала 14 жаста, тістерінің қозғалғыштығына және қызылиегінің қанағыштығына байланысты кеңеске жіберілген. Ауыз қуысында: қызылиегі қызарған және ісінген, тістер қозғалмалы, терең пародонт қалталары бар. Рентгенограммада альвеола аралық қалқанның тістің түбірінің ½-3/4 бөлігіне дейін семуі байқалады Ауыз қуысындағы аталған өзгерістер төменде көрсетілген қандай ауру кезінде НЕҒҰРЛЫМ дамиды:

1. Жайылмалы пародонт қабынуының орташа ауырлықты дәрежесі;

2. Жайылмалы пародонт қабынуының жеңіл ауырлықты дәрежесі;

3. Жайылмалы пародонт қабынуының ауыр ауырлықты дәрежесі;

4.+Жылдам дамитын агрессивті пародонт қабынуы.

5. Пародонтоз.

 

28. Балалардың жылдам дамитын агрессивті пародонт қабынуының негізгі клиникалық белгілері:

1. Қызылиектің қанағыштығы, тістердің қозғалғыштығы, пародонт қалталарынан іріңнің шығуы;

2. Тістердің қозғалғыштығы, қызылиегінің ауыратыны және қанағыштығы;

3. Пародонт қалталарының болуы, қызылиектің өзгергіштігі;

4.+Тістердің қозғалғыштығы, терең пародонт қалталарынан іріңнің шығуы, терең сүйек

деструкциясы;

5. Тістердің мойын бөлігінің жалаңаштануы, жоғары сезімталдық, қызылиектің қабынуы

анықталмайды, тістердің қзғалғыштығы жоқ.

 

29. Жалдам дамитын агрессивті пародонт қабынуын төменде көрсетілген аурулардың қайсысымен салыстырмалы нақтама жүргізу қажет:

1. Созылмалы ошақты пародонт қабынуының өршуі;

2. Ойық-жаралы - өліеттенген Венсанның қызылиек қабынуы;

3.+Созылмалы жайылмалы пародонт қабынуының ауыр дәрежесінің өршуі;

4. Созылмалы жайылмалы пародонт қабынуының жеңіл дәрежесінің өршуі;

5. Созылмалы жайылмалы пародонт қабынуының орташа дәрежесінің өршуі.

 

 

30. Бала 15 жаста. Жылдам дамитын агрессивті пародонт қабынуы деген нақтамасы қойылған. Жергілікті емнің жоспарын анықтаңыз:

1. Белсенді дәрілік терапия, УКС және ГНЛ

2. Ауыз қуысын сауықтыру, ұтымды тамақтану;

3. Уақытша шендеу, ауыз қуысының гигиенасы;

4. Антисептикалық өңдеу, қабынуға қарсы препараттар, ауыз қуысын сауықтыруға кеңес беру,

ГНЛ;

5.+Симптоматикалық ем, пародонт қалтасының ликвидациясы, ауыз қуысын сауықтыруға үйрету,

диспансерлік бақылау.

 

31. 10 жастағы баланы қарап тексергенде төменгі күрек тістердің мойын бөлігінің жалаңаштануы анықталды. 4.2, 4.1, 3.1, 3.2 тістердің қызылиек жиегімен өтпелі қатпар арасы 3мм. Осы клиникалық көрініс нені көрсетеді?

1. Кіреберісі таяз;

2. Катаральды қызылиек қабынуы;

3. Прогнатиялық тістем;

4. Төменгі еріннің үзеңгісінің төмен бекітілуі;

5.+Атрофиялық қызылиек қабынуы, ауыз қуысының таяз кіреберісі.

 

32. Пародонттың қабыну-деструкциялық ауруларының дамуына әсер ететін жергілікті факторлар:

1. Эндокриндік аурулар;

2. Жүйкелі-соматикалық аурулар;

3. Ағзаның реактивтілігінң төмендеуі;

4. Асқазан-ішек жолдарының аурулары;

5.+Ауыз қуысының жүгеншелерінің бекітілу аномалиясы және таяз кіреберіс.

 

33. Пародонттың қабыну-деструкциялық ауруларының дамуына әсер ететін жалпы факторлар:

1. Қызылиектің механикалық зақымдануы;

2. Тістер мен жақтардың деформациясы;

3.+Гиповитаминоз С, В, А;

4. Тістердің аномалиясы;

5. Тіс шөгінділері.

 

34.Алдын алудың біріншілік шараларына жатады:

1. Бақылайтын тазалағыштарды қолданып ауыз қуысын сапалы түрде гигиеналық тазалау;

2. Пародонт ауруының ауыр түрге немесе кезеңіне өтіп кетуді алдын алу;

3.+Ауыз қуысын тазалауға дағдыландыру;

4. Шайнау аппаратының қызметін қалпына келтіру;

5. Жарақаттық факторларды жою.

 

35. Бала 14 жаста. Тістерін тазалағанда қызылиегінің қанайтынын айтты. Ауыз қуысын қарап тексергенде қызылиектің қабынуы, алдыңғы топ тістердің тығыз орналасқаны анықталды. Қандай кеңес бересіз:

1.+Ортодонттың кеңесі және емі, қабынуға қарсы тіс пасталарын қолдану, ауыз қуысының гигиена

ережелерін сақтау.

2. Калий перманганатының ерітіндісімен ауыз қуысын шайқау;

3. Ауыз қуысының маманжандырылған гигиенасын жүргізу;

4. Педиатрдың кеңесі;

5. Тісжегіні емдеу.

 

36. Эпителийдің жоғары регенеративті әсерін қамтамасыз ететін АҚШҚ қызметін атаңыз:

1. Сезімталдық;

2.+Пластикалық;

3. Сорғыштық;

4. Қорғаныштық;

5. Термореттегіштік.

 

37. Беднар афтасы мына жарақатқа жатады:

1. Құрамалы;

2. Химиялық;

3. Физикалық;

4. Қосарланған;

5.+Механикалық.

 

38. Дақтар афтаға ауысады:

1. Жалпақ теміреткіде;

2. Қарапайым герпесте;

3. Көп түрлі жалқықты қызармада;

4. Стивенс-Джонсон синдромында;

5.+Қайталамалы герпетикалық стоматитте.

 

39. Жасуша аралық байланыстардың еруімен жүретін эпителийдің тікенекті қабаты жасушаларының дегенеративті өзгерістерін атайды:

1. Акантоз;

2. Спонгиоз;

3.+Акантолиз;

4. Паракератоз;

5. Папилломатоз.

40. Аурудың дамуын анықтау барысында науқасты сұрау кезінде көңіл бөлу керек:

1.+Бастапқы симптомдар, аурудың ұзақтығы;

2. Тұқымқуалаушылық;

3. Бет әлпетін тексеру;

4. Басынан өткен аурулар;

5. Қосалқы аурулар.

 

41. Көп түрлі жалқықты қызарманың салыстырмалы нақтамалау үшін қолданылатын әдістер:

1. Микробиологиялық;

2. Бактериологиялық;

3.+Иммунологиялық;

4. Цитологиялық;

5. Биохимиялық.

 

42. Бет-әлпетін, теріні тексеру қандай тексеру әдістеріне жатады:

1.+Негізгі;

2. Қосымша;

3. Цитологиялық;

4. Биохимиялық;

5. Микроскопиялық.

 

43. Нақтамалау үшін вирусологиялық әдіс қай ауруда қолданылады:

1. Жедел жалған мембранозды кандидозда;

2.+Жедел герпетикалық стоматитте;

3. Көп түрлі жалқықты қызармада;

4. Жедел атрофиялық кандидозда;

5. Дәрілік стоматитте.

 

44. Лайелл синдромын нақтамалау үшін қолданады:

1. Трель симптомы;

2. Вассерман реакциясы;

3. Ясиновский сынамасы;

4.+Никольский симптомы;

5. Филатов-Коплик симптомы.

 

45. Кебнер симптомы - бұл:

1. Жас және сілекей бездерінің зақымдануы;

2.+Жарақат алған жерде біріншілік элементтердің пайда болуы;

3. Қырып көргенде алынбайтын, үлкен азу тістердің аймағында пайда болған элементтер;

4. Қырып көргенде оңай алынатын тілдегі зақымдану элементтерінің пайда болуы;

5. Зақым түспеген аймақтарды қырып көргеннен кейін зақымдану элементтерінің пайда болуы.

 

46. Қандай ауруда сүйек кемігінде, көкбауырда, лимфа тамырларында және басқа тіндер мен ағзаларда «жас» бласт жасушаларының мөлшері көбейеді?

1. Мерезде;

2.+Лейкозда;

3. Кандидозда;

4. Дәрілік стоматитте;

5. Көп тұрлі жалқықты қызармада.

 

47. Қандай ауруда бластоспоралардың топталған түрлері мен ашытқы псевдомицелийлер анықталады:

1.+Жедел жалған мембраналы кандидозда;

2. Қайталамалы герпестік стоматитте;

3. Жедел герпестік стоматит;

4. Жарақаттық стоматитте;

5. Дәрілік стоматитте.

 

48. Қай ойық жара ұзақ баяу ағымымен, созылмалы соматикалық аурулардың болуымен ерекшеленеді?

1. Қатерлі ісік ойық жарасы;

2.+Трофикалық ойық жара;

3. Жарақаттық ойық жара;

4. Сифилистік ойық жара;

5. Милиарлы-жаралы туберкулез кезіндегі ойық жара.

 

49. Төменде көрсетілген бактерияның ішінде тісжегінің пайда болуына қайсысы ең себепкер болады?

1. Candida albicans

2. Коксаки вирусы

3. Bacterium fusiformis

4.+Streptococcus Mutans

5. Гемолитикалық стрептококк

 

 

50. Бала 4 жаста. Ата-анасы баласының тәбетінің төмендегеніне, емізікті нашар соратынына, мазасыздығына шағымданып келді. Тері жабындысы бозарған, ауыз қуысының шырышты қабатында, қатты және жұмсақ таңдайдың шекарасында сопақша пішінді екі жақты эрозия бар, сұр қақпен қапталған, ауырады.

Төменде аталған диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

1. Стивенс-Джонсон синдром;

2. Медикаментозды стоматит;

3. Қайталамалы афталар;

4.+Беднар афтасы;

5. Сеттон афтасы.

 

51. Бала 8 жаста. Қарап тексергенде: 3.6 тісті емдеуде, жансыздандыру мақсатымен мандибулярлы жансыздандырудан соң тістеп алғаннан кейін жарақаттық (декубитальды) ойық жара пайда болған. Сіздің емдеу әрекетіңіз?

1.+Кератопластикалық препараттар;

2. Кортикостероидты препараттар;
3. Вирусқа қарсы препараттар;

4. Жансыздандырғыш заттар;

5. Антибиотиктерден жақпалар.

 

52. Бала 3 жаста. Қатты және жұмсақ таңдай шекарасында симметриялы ауыратын жаралар анықталды, борпылдақ фибриндік қақпен қапталған. Бұл өзгерістер тамақтандырудың қандай түрінде пайда болуы мүмкін?

1. Витаминдері мол тамақтарды қосу арқылы;

2. Сүт қоспаларымен тамақтандырғанда;

3.+Жасанды;

4. Табиғи;

5. Аралас.


Дата добавления: 2015-09-29; просмотров: 30 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.055 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>