Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Плацентаның жартылай төмен орнығуы – бұл жабылуы 2 страница



/

Жүктіліктің 38 аптасы. Босанудың І кезеңі. үрық маңы суының ерте төгілуі. Көп босанған.

/

Жүктіліктің 38 аптасы. Босанудың І кезеңі. үрық маңы суының босануға дейінгі төгілуі.

/

Жүктіліктің 38 аптасы. Босанудың І кезеңі. үрық маңы суының ерте төгілуі.

!

Перзентхананың қабылдау бөліміне қайта жүкті, бірінші босанатын әйел, жүктілігінің 37 аптасы, ұрық маңы суының 4 сағат бұрын төгілгеніне, ішінің төменгі бөлігінің бір сағаттан бері толғақ тәрізді ауырсынуына шағымданып түсті. Толғақтары әрбір 6-7 минут сайын 10-15 секундтан. Диагнозы... болып табылады.

/

Жүктіліктің 37 аптасы. Босанудың І кезеңі. үрық маңы суының босануға дейінгі төгілуі. Акушерлік анамнезі ауыр.

/

Жүктіліктің 37 аптасы. Босанудың І кезеңі. үрық маңы суының босануға дейінгі төгілуі.

/

Жүктіліктің 37 аптасы. Босанудың І кезеңі. үрық маңы суының ерте төгілуі. Акушерлік анамнезі ауыр.

/

Жүктіліктің 37 аптасы. Босанудың І кезеңі. үрық маңы суының ерте төгілуі. Жиі босану.

/

Жүктіліктің 37 аптасы. Босанудың І кезеңі. Акушерлік анамнезі ауыр.

!

Босану бөліміне әйел мынадай диагнозбен түсті: Жүктіліктің 38 аптасы. Босанудың І кезеңі. Плацентаның орталық орналасуы. Қан кету. Геморрагиялық шоктың І дәрежесі. Көпбосанған. Жәй жалпақ жамбас. үрықтың антенаталді асфиксиясы...... тактикасы қолданылады.

/

Босануды кесар тілігі операциясымен шұғыл түрде аяқтау. Инфузионды терапия.

/

Босануды консервативті жүргізу. 2 көк тамырды катетеризациялап, инфузионды терапияны бастау.

/Босануды ұрықбұзушы операциямен аяқтау. Қанның орнын басатын сұйықтарды құю.

/

Босануды консервативті жүргізуді бастау. Қан кету күшейген жағдайда босануды кесар тілігі операциясымен аяқтау.

Окситоцинмен босануды күшейтуді бастау. Босануды табиғи жолмен жүргізу. 2 көк тамырды катетеризациялап, инфузионды терапияны бастау.

!

Қайта босанушы әйел, 32 жаста. Жүктілігі–8, босануы-4. Анамнезінде 4 түсік, оның біреуі қылмысты түрде жасалған. Алдыңғы босанулары гипотониялық қан кетумен, үшіншісі босанғаннан кейінгі эндометритпен асқынған. 8 сағатқа созылған жақсы босану қызметімен, босанудың ІІ кезеңінде түсті. Түскеннен 20 минуттан кейін шала туылған тірі нәресте туылды, 10 минуттан кейін бала жолдасы бөлініп шықты, бүтін. Ауқымды қан кету басталды. Жатыр түбі кіндік тұсында, консистенциясы босаңсыған. Жалпы қан жоғалту 400 мл, әрі қарай жалғасуда. Ең ықтимал диагноз....



/

Мерзімінен алдын босану IV. Қан кету. Жатыр aтониясы. Акушерлік анамнезі ауыр. Көпбосанған.

/

Мерзімінен алдын босану IV. Босанғаннан кейінгі ерте кезеңдегі қан кету. Жатыр aтониясы.

/

Мерзімді босану IV. Босанғаннан кейінгі кеш кезеңдегі қан кету. Жатыр aтониясы. Акушерлік анамнезі ауыр. Көпбосанған.

/

Мерзімінен алдын босану IV. Жатыр aтониясы. Акушерлік анамнезі ауыр. Көпбосанған.

/

Мерзімінен алдын босану IV. Атониялық қан кету.

!

Көпбосанған әйел, 30 жаста. Жүктілігі – 5, босануы – 5. Алдыңғы төрт жүктілігі мерзімінде босанулармен аяқталған. Соңғы босануынан кейінгі кезең метроэндометритпен асқынған. Түскен кездегі шағымы – ішінің толғақ тәрізді ауырсынуы мен жыныс жолдарынан қанды бөліністер. Терісі мен көрінетін шырышты қабаттары бозғылт, тамыр соғысы минутына 100 соққы, әлсіз толысады. АҚ 100/60 мм.сын.бағ. Жамбас өлшемдері қалыпты. үрық көлденең жатыр, ұрықтың жүрек қағысы естілмейді. Толғақтары әрбір 4-5 минут сайын 20-25 секундтан. Қынаптық зерттеуде: қынабы көп мөлшердегі қанды бөліністермен ылғалданған, жатыр мойны жазылған, ашылуы 3 см, плаценталық тін анықталады..... тактикасы қолданылады.

/

Шұғыл түрде кесар тілігін жасау. Инфузионды терапия.

/

Амниотомия жасап, босануды табиғи жолмен жүргізу

/

Амниотомия. үрық бұзушы операция жасау.

/

Босануды консервативті жүргізу. Параллелді геморрагиялық шокпен күрес жүргізу.

/

Жоспарлы түрде кесар тілігін жасау

 

!

Қайта босанушы әйел, 12 сағат бойы босануда. үрық маңы суы бүтін. Ішінің бірден бүріп, қатты ауырсынуы басталды, тері жабыны бозарды. үрықтың жүрек қағысы – брадикардия. Қынаптық зерттеу кезінде: жатыр аңқасының ашылуы толық, ұрық қапшығы кернелген, ұрық басы кіші жамбас қуысында...... тактикасы қолданылады.

/

кесар тілігі операциясына бірден кірісу керек

/

ұрық қапшығын жарып, акушерлік қысқыштар салу

/

ұрықтың жедел гипоксиясын емдеуді жүргізу

/

амниотомия жасау

/

амниотомиядан кейін окситоцинмен босануды күшейтуді бастау

!

Қайта босанушы әйел, 41-42 апталық жүктілігімен 8 сағат бойына босануда, сусыз кезеңі 10 сағат. Акушерлік статусы: іш айналымы – 110 см, жатыр түбі биіктігі – 39 см. үрықтың жатысы ұзынынан, кіші жамбасқа кіре беріске басымен тіреліп тұр, жүрек қағысы минутына 140 соққы. Қынаптық зерттеуде: жатыр мойны жазылған, ашылуы 2 см, ұрық қапшығы жоқ. үрық басы кіші жамбасқа тіреліп тұр. Мүйісіне қол жетпейді. Ең ықтимал диагноз......

/

Жүктіліктің 41-42 аптасы. Босанудың І кезеңі. үрық маңы суының босануға дейін төгілуі. Босану қызметінің біріншілік әлсіздігі. Ірі ұрық.

/

Жүктіліктің 41-42 аптасы. Босанудың І кезеңі. үрық маңы суының ерте төгілуі. Ірі ұрық.

/

Жүктіліктің 41-42 аптасы. Босанудың І кезеңі. үрық маңы суының босануға дейін төгілуі. Ірі ұрық.

/

Жүктіліктің 41-42 аптасы. Босанудың І кезеңі. үрық маңы суының кешігіп төгілуі. Ірі ұрық.

/

Жүктіліктің 41-42 аптасы. Босанудың І кезеңі. үрық маңы суының ерте төгілуі. Босану қызметінің екіншілік әлсіздігі. Ірі ұрық

 

!

Әйелді қынаптық зерттеу кезінде анықталды: қасаға қосылысының ішкі беткейінің 2/3 бөлігі және сегізкөз ойығының жоғарғы жартысы баспен толған. 4-5 сегізкөз омыртқасы және отырғыш сүйек еркін анықталады. Садақ тәрізді жік оң жақ қиғаш өлшемде тұр. Ұрық басы.... тұр

/

кіші жамбастың кең бөлігінде

/

кіші жамбастың тар бөлігінде

/

үлкен сегментімен кіші жамбасқа кіреберісте

/

жамбастан шыға берісте

/

кіші сегментімен кіші жамбасқа кіреберісте

!

Перзентхананың қабылдау бөліміне босанған әйел баласымен бірге түсті. 2 сағат бұрын үйінде босанған. Жүктілік кезінде учаскелік гинекологта есепте тұрған, толық тексеруден өткен. Жағдайы қанағаттанарлық. Шағымы жоқ. Қабылдау бөлімінде..... шараларын жасау керек.

/

Босану жолдарын қарап, тырыспаға қарсы сары суды егу.

/

Жағдайы қанағаттанарлық, сондықтан бірден физиологиялық бөлімге жатқызу керек

/

Жағдайы қанағаттанарлық, сондықтан әйел госпитализациялауға жатпайды

/

Босану жолдарын қарап, қан мен зәр анализін тағайындау

/

ұрықта офтальмобленореяның алдын алу шарасын жүргізу

!

Әйел, мерзімді жүктілігімен 7 сағат бойына босануда, толғақтары әрбір 3-4 минут сайын 30-35 секундтан. Анамнезінде: үшінші жүктілігі, алдыңғы екі жүктілігі медициналық түсікпен аяқталған, соңғысы эндометритпен асқынған. Жыныс жолдарынан аздап қан кетудің басталғанына шағымдана бастады. Қынаптық зерттеу кезінде анықталды: жатыр мойны жазылған, ашылуы 7-8 см, ұрық қапшығы бүтін, сол жақ шетінде борпылдақ тін анықталады...... тактикасы қолданылады.

/

амниотомия жасап, босануды табиғи жолмен жалғастыру

/

амниотомия жасап, босануды кесар тілігі операциясымен аяқтау

/

босануды консервативті жүргізу

/

амниотомия жасап, акушерлік қысқыштар салу

/

окситоцинмен босануды күшейту

!

Абай ауданынан 25 жастағы әйел, мерзімді жүктілігімен, 18 сағат бұрын басталған босану қызметімен жеткізілді. Жамбас өлшемдері 25-28-30-20 см. ¦рықтың болжам салмағы 4200,0. Анамнезінде: 3 өздігінен болған түсік. ¦рық ұзынынан жатыр, басы кіші жамбасқа кіреберісте кіші сегментімен тұр, ұрықтың жүрек қағысы минутына 100 соққы. Вастен белгісі тең. Күшенулері әрбір 4-5 минут сайын, қысқа. Қынаптық зерттеу кезінде: жатыр мойны жазылған, ашылуы толық, бас кіші сегментімен кіші жамбасқа кіре берісте тұр. Ең ықтимал диагноз......

/

Мерзімді жүктілік. Босанудың ІІ кезеңі. Акушерлік анамнезі ауыр. Босану қызметінің екіншілік әлсіздігі. Клиникалық тар жамбас. Ірі ұрық.

/

Мерзімді жүктілік. Босанудың ІІ кезеңі. Босану қызметінің екіншілік әлсіздігі. Ірі ұрық. Клиникалық тар жамбас.

/

Мерзімді жүктілік. Босанудың ІІ кезеңі. ¦рық маңы суының ерте төгілуі. Босану қызметінің екіншілік әлсіздігі. Ірі ұрық. Клиникалық тар жамбас.

/

Мерзімді жүктілік. Босанудың ІІ кезеңі. Босану қызметінің екіншілік әлсіздігі. Клиникалық тар жамбас. Ірі ұрық.

/

Мерзімді жүктілік. Босанудың ІІ кезеңі. Акушерлік анамнезі ауыр. Босану қызметінің екіншілік әлсіздігі. Ірі ұрық.

!

23 жастағы қайта босанушы әйел, жүктіліктің 38 аптасы. Жатырында тыртығы бар. Жамбас өлшемдері 25-28-30-21см, Іш айналымы -100 см, Жатыр түбі биіктігі–38 см, 8,5 сағаттан бері босануда. Әйел толғақтарының бірден ауырсынумен жалғаса бастағанына шағымдана бастады. Толғақтар арасында да іштің төменгі бөлігі қатты ауырсынады. Жатырдың төменгі сегментін пальпациялаған кезде ауырсынады. Жатыры толғақтар арасында босаңсымайды. 2 минуттан кейін әйел, ішінің қатты ауырғанынан айқайлап жіберді. Жыныс жолдарынан қанды бөліністер бөліне бастады. Босану қызметі тоқтап қалды. Әйел тынышталды. Ұрықтың жүрек қағысы минутына 100 соққы. Ең ықтимал диагноз бен тактикасы...... болып табылады.

/

Жүктіліктің 38аптасы. Жатырында тыртық. Босанудың І кезеңі. Жатырдың тыртық бойымен жыртылуы. Кесар тілігін жасау қажет.

/

Жүктіліктің 38аптасы. Жатырында тыртық. Босанудың ІІ кезеңі. Жатырдың тыртық бойымен жыртылуы. Кесар тілігін жасау қажет.

/

Жүктіліктің 38аптасы. Жатырында тыртық. Босанудың І кезеңі. Дискоординирленген босану қызметі. Кесар тілігін жасау қажет.

/

Жүктіліктің 38аптасы. Босанудың І кезеңі. Ірі ұрық. Жатырдың жыртылу қаупі. Фторотанмен наркоз беріп, кесар тілігін жасау керек.

/

Жүктіліктің 38аптасы. Жатырында тыртық. Босанудың І кезеңі. Жатырдың жыртылу қаупі. Фторотанмен наркоз беріп, кесар тілігін жасау керек.

!

Әйел, босану бөліміне мынадай диагнозбен түсті: Жүктіліктің 36 аптасы. Босанудың І кезеңі. Акушерлік анамнезі ауыр. Плацентаның орталық төмен орналасуы. Қан кету. Геморрагиялық шоктың І дәрежесі...... тактикасы қолданылады.

/

Босануды кесар тілігі операциясымен аяқтау. Инфузионды терапия.

/

Босануды консервативті жүргізу. 2 көк тамырды катетеризациялап, инфузиялық терапияны бастау.

/

Босануды ұрықбұзушы операциямен аяқтау. Қанның орнын басатын сұйықты құю керек.

/

Босануды консервативті жүргізуді бастау. Қан кету күшейген сәтте кесар тілігі операциясымен аяқтау.

/

Окситоцинмен босануды күшейту. Босануды табиғи жолмен жүргізу. 2 көк тамырды катетеризациялап, инфузиялық терапияны бастау.

!

28 жастағы қайта босанушы әйел. Жүктілігі – 3-ші, босануы -2-ші, мерзімді. Бірінші жүктілігі мерзімінен бұрын босанумен аяқталған, нәресте салмағы 2350,0 тірі, екінші жүктілігі – медициналық түсік, ерекшеліксіз. Осы босану процессі 9 сағаттан бері жалғасуда, ұрық маңы суы бір сағат бұрын төгілген, содан кейін босану қызметі ретсіз жалғаса бастады. Босанушы әйел тынышсыздана бастады. Тамыр соғысы минутына 100 соққы. Ұрықтың жүрек қағысы минутына 160 соққы. Қынаптық зерттеуде анықталды: жатыр мойны жазылған, 7см ашылған, ұрық қапшығы жоқ, кіші жамбасқа кіре беріске басымен тіреліп тұр. Мүйіске қол жетпейді. Ең ықтимал диагноз......

/

Жетілген жүктілік. Босанудың І кезеңі. Акушерлік анамнезі ауыр. Дискоординирленген босану қызметі.

/

Жетілген жүктілік. Босанудың ІІ кезеңі. Босану қызметінің екіншілік әлсіздігі. Ірі ұрық. Клиникалық тар жамбас.

/

Жетілген жүктілік. Босанудың І кезеңі.Акушерлік анамнезі ауыр. Ұрық жағдайына қауіп төну.

/

Жетілген жүктілік. Босанудың ІІ кезеңі. Ұрық маңы суының босануға дейінгі кетуі. Акушерлік анамнезі ауыр.Дискоординирленген босану қызметі.

/

Жетілген жүктілік. Босанудың І кезеңі.. Акушерлік анамнезі ауыр.

!

Перзентхананың қабылдау бөліміне мерзіміне жеткен жүктілікпен әйел келіп түсті, 6 сағат бойына ішінің төменгі бөлігінің толғақ тәрізді ауырсынуына, ұрық маңы суының 30мин бұрын төгілуіне шағымданды. Толғақтары әрбір 2 минут сайын 40-45 секундтан. Анамнезінде: жүктілігі – 3, босануы – 3. Қынаптық зерттеу кезінде жатыр мойны жазылған, ашылуы 9-10 см. ¦рық қапшығы жоқ. Ұрық басымен келіп тұр. Түскеннен бір сағттан кейін күшену басталды. Жынысы қыз, тірі нәресте туылды. 2 минуттан кейін кіндіктен бақылаулы тартып шығару арқылы бала жолдасы бөлініп шығарылды, бала жолдасының ортасында бірі бөлік жетіспейді. Жыныс жолдарынан аздап қанды бөліністер бөлінуде. Ең ықтимал диагноз және тактикасы.... болып табылады.

/

Мерзімді босану ІІІ. Жатыр қуысында плацента тінінің қалып қоюы. Қан кету. Жатыр қуысын қолмен тексеріп, қалдықты алып тастау.

/

Мерзімді босану ІІІ. ¦рық маңы суының босануға дейінгі төгілуі. Жатыр қуысында плацента тінінің қалып қоюы. Қан кету. Жатыр қуысын қолмен тексеріп, қалдықты алып тастау.

/

Мерзімді босану ІІІ. ¦рық маңы суының ерте төгілуі. Жатыр қуысында плацента тінінің қалып қоюы. Қан кету. Жатыр қуысын қолмен тексеріп, қалдықты алып тастау.

/

Мерзімінен алдын босану ІІІ. Жатыр қуысында плацента тінінің қалып қоюы. Қан кету. Жатыр қуысын қолмен тексеріп, қалдықты алып тастау.

/

Мерзімді босану ІІІ. ¦рық маңы суының босануға дейінгі төгілуі. Жатыр қуысында плацента тінінің қалып қоюы. Жатыр қуысын қолмен тексеріп, қалдықты алып тастау.

!

Әйелдер кеңесіне 29 жастағы жүкті әйел, ішінің төменгі бөлігі мен бел аймағының ауырсынуына шағымданып келді. Жүктілік мерзімі 15-16 апта. Анамнезінде: бір босану және үш медициналық түсік болған. Қынаптық зерттеу кезінде: жатыр мойнының қынаптық бөлігінің ұзындығы 2,5 см, сыртқы аңқасы үңірейіп тұр, цервикалді өзекше жабық, жатыр жүктіліктің мерзіміне сәйкес ұлғайған, жыныс жолдарынан бөлінділер шырышты, аз мөлшерде..... диагнозы болып табылады.

/

өздігінен түсік болу қаупі

/

өздігінен басталған түсік

/

дамымаған жүктілік

/

ұрық көпіршігі

/

плацентаның төмен орналасуы

!

Преэклампсияны/эклампсияны реттеу үшін, ең танылған, эффективті және қауіпсіз, таңдаулы емдеу әдісіне жататын терапия... болып табылады.

/

магнезиалді терапия

/

простогландиндермен емдеу

/

блокаторлармен емдеу

/

допегит 10 мг* тәулігіне 2 рет

/

миотропты әсер беретін вазодилятатор бастапқы дозасы 0,25 мкг/кг/мин

!

Жүкті әйелде, жүктілігінің 37 аптасында байқалды: АҚ 140/90 мм.сын.бағ., жалпы зәр анализінде - белок 0,35 г/тәулігіне. Ең ықтимал диагноз.....

/

Преэклампсияның жеңіл дәрежесі

/

Преэклампсияның орташа дәрежесі

/

Преэклампсияның ауыр дәрежесі

/

Эклампсия

/

Жүктілікпен шақырылған гипертензия

!

Жүкті әйел, жүктілік мерзімінің 30 аптасында жыныс жолдарынан қанды бөліністерге шағымданып келді. Анамнезінен: жүктілігі – 4, алда бірінші босануы тұр, жыныс жолдарынан қанды бөліністер осыған дейін де жүктіліктің 21 және 27 апталарында болған. Ең ықтимал диагноз.....

/

Плацентаның төмен орналасуы

/

Қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен алдын сыдырылуы

/

Жатыр жыртылуы

/

Аралықтың жыртылуы

/

Сыртқы жыныс мүшелерінің варикозды кеңеюі

!

Жүкті әйел, 36-37 апталық жүктілігімен, қабылдау бөліміне аяқ-қолдарының 2 апта бойына ісінуіне шағымданып түсті. Жалпы зәр анализінде белок жоқ, АҚ – 120/80 мм.сын.бағ. Ең ықтимал диагноз.....

/

Жүктіліктің 36-37 аптасы. Жүктілікпен шақырылған ісіну

/

Жүктіліктің 36-37 аптасы. Преэклампсияның жеңіл дәрежесі

/

Жүктіліктің 36-37 аптасы. Преэклампсияның ауыр дәрежесі

/

Жүктіліктің 36-37 аптасы. Эклампсия

/

Жүктіліктің 36-37 аптасы. Жүктілікпен шақырылған гипертензия.

!

Қабылдау бөліміне жүкті әйел келіп түсті, жүктілік мерзімі 37 апта. Леопольд-Левицкийдің екінші тәсілін орындау кезінде анықталды: жатырдың оң жақ бүйірінде ұрықтың ірі, тығыз, қозғалмалы бөлігі пальпацияланады. Ең ықтимал диагноз.....

/

Ұрықтың көлденеңінен жатуы, 2 позиция

/

Ұрықтың ұзынынан жатуы, баспен келіп тұр, 1 позиция.

/

Ұрықтың көлденеңінен жатуы, 1 позиция

/

Ұрықтың қиғаш жатуы

/

Ұрықтың ұзынынан жатуы, жамбаспен келіп тұр

!

Жүктіліктің 36 аптасы, бір сағат бұрын ұрық маңы суының төгілгеніне шағымданады. Жағдайы қанағаттанарлық. АҚҚ және тамыр соғысы қалыпты. ¦рықтың жүрек қағысы тұншығып естіледі, ырғақты, минутына 140 соққы. Жатыры нормотонуста. Айнамен қарау кезінде артқы күмбезде мөлдір ұрық маңы суы анықталды. Ең ықтимал диагноз.....

/

Жүктіліктің 36 аптасы. ¦рық маңы суының мерзімінен алдын төгілуі.

/

Жүктіліктің 36 аптасы. Босанудың І кезеңі. ¦рық маңы суының ерте төгілуі.

/

Жүктіліктің 36 аптасы. Жалған толғақтар. ¦рық маңы суының мерзімінен алдын төгілуі.

/

Жүктіліктің 36 аптасы. Босанудың І кезеңі.

/

Жүктіліктің 36 аптасы. Жалған толғақтар. ¦рық маңы суының ерте төгілуі

!

Қабылдау бөліміне жүктіліктің 37 аптасында, ішінің төменгі бөлігінің толғақ тәрізді ауырсынуымен, жүкті әйел келді. Толғақтары әрбір 4-5 минут сайын, 25-30 секундтан. Қынаптық зерттеу кезінде жатыр мойны жазылған, шеттері орташа қалыңдықта, жатыр аңқасының ашылуы 2 см. Ең ықтимал диагноз.....

/

Жүктіліктің 35 аптасы. Босанудың І кезеңі.

/

Жүктіліктің 37 аптасы. Мерзімінен алдын босану қаупі.

/

Жүктіліктің 37 аптасы. Мерзімінен алдын босану.

/

Жүктіліктің 37 аптасы. Жалған толғақтар.

/

Жүктіліктің 37 аптасындағы мерзімді босану.

!

Отбасылық амбулаторияның дәрігер гинекологына жүкті әйел 18 апталық жүктілігімен келді, 2 аптаның ішінде дене салмағының тез өсуіне шағымданады. Объективті: іш айналымы 93см, жатыр түбінің тұру биіктігі 20 см. Аяқ-қолдарында ісіну жоқ. АҚҚ, PS қалыпты. Ең ықтимал диагноз және зерттеу әдісі..... болып табылады.

/

Жүктіліктің 18 аптасы. Суегіздік. Ультрадыбысты зерттеу.

/

Жүктіліктің 18 аптасы. Суегіздік. Қынаптық зерттеу.

/

Жүктіліктің 18 аптасы. Жүктілікпен шақырылған ісіну. Жалпы зәр анализі

/

Жүктіліктің 18 аптасы. Жүктілер шемені.

/

Жүктіліктің 18 аптасы. Суегіздік. Кардиотокография.

!

Жүктіліктің 28 аптасы. Жиі зәр айдалуына шағымданады. Дене қызуы 38 С –ге дейін жоғарылаған. Анамнезінде созылмалы пиелонефрит. Объективті: тері жабыны кәдімгі түсте. Көз көруі анық, бас ауыруы жоқ. Аяқтарында ісіну жоқ. Шаншу симптомы екі жақтан да оң. Жалпы зәр анализінде зәрі лайлы, р=1019, лейкоциттер жаппай, белок жоқ, эпителийі 5-6. Ең ықтимал диагноз......

/

Жүктіліктің 28 аптасы. Созылмалы пиелонефрит өршу сатысында.

/

Жүктіліктің 28 аптасы. Гестациялық пиелонефрит.

/

Жүктіліктің 28 аптасы. Созылмалы гломерулонефрит.

/

Жүктіліктің 28 аптасы. Созылмалы пиелонефрит ремиссия сатысында.

/

Жүктіліктің 28 аптасы. Жедел пиелонефрит.

!

26 жастағы алғаш босанушы, жедел жәрдем машинасымен, үйінде болған эклампсия ұстамасынан кейін перзентханаға жеткізілді. Жүктілік мерзімі 36-37 апта. Сана сезімі тежелген. Тері жабыны бозғылт, анасарка, АҚҚ 170\100 мм.сын.бағ.тактикасы.

/

2-3 сағат бойына кешенді интенсивті терапия, соңынан босануды шешу тактикасын анықтау

/

шұғыл түрде босануды кесар тілігімен шешу

/

жүктілікті жалғастыру, кешенді терапияны жүргізу

/

босануды қоздырып, соңынан акушерлік қысқыштар салу

/

2-3 сағат бойына интенсивті терапиядан кейін кесар тілігін жасау

!

Перзентханаға босанушы әйел жеткізілді, тексеру барысында ұрықтың асқынған көлденең жатуы мен қолдарының түсуі анықталды. ¦рықтың жүрек қағысы естілмейді. Осы жағдайда босануды шешудің..... әдісі тиімді болады7

/

ұрықтың декапитациясын жасау

/

классикалық акушерлік бұру, соңынан ұрықты аяғынан тартып шығару

/

шұғыл түрде кесар тілігін жасау

/

босануды консервативті жүргізуді жалғастыру

/

краниотомия жасау

!

Перзентханаға 24 жастағы жүкті әйел, жүктіліктің 39-40 апталық мерзімімен жеткізілді. Бойы 152 см, салмағы – 60 кг. Жамбас өлшемдері: 23-25-28-17,5 см, Соловьев индексі - 15 см, Іш айналымы - 105 см, жатыр түбі биіктігі - 39 см. Михаэлис ромбы – 10х 9 см. ¦рықтың жүрек қағысы айқын, ырғақты, минутына 140 соққы, ұрық басының тік өлшемі – 12 см. Қынаптық зерттеуде: жатыр мойны «пісіп жетілген», басымен келіп тұр, кіші жамбасқа кіре берісте, қозғалмалы. Диагоналді конъюгатасы - 11,5 см. Ең ықтимал диагноз.............


Дата добавления: 2015-08-28; просмотров: 89 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.052 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>