Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

28 апталық жүктілігі бар 27 жастағы әйел гриппке қарсы вакцинация алмаған.Жүктіліктің 20-22 аптасында ЖРВИ өткерген, жоғарғы 12 страница



 

32 жастағы науқасты тамақтан кейін бір жарым сағат өткенде пайда болатын эпигастрий ай мағындағы ауырсыну; қышқылмен кекіру, қыжыл мазалайды. ЭФГДС: асқазанның антральды бөлігінің шырышты қабаты айқын гиперемияланған, санаулы эрозиялар. Неғұрлым тиімді тактика:

C) Амоксицилин + кларитромицин + рабепразол

 

Науқас 56 жаста, эпигастрий аймағындағы ауырсынуға, өт аралас құсуға, таңертеңгілікте пайда болатын ауыздағы ашы дәмге шағымданады. Объективті: іші жұмсақ, эпигастрийде және оң қабырға доғасы астында ауырсынады. Оң жақ төс-бұғана-емізікше бұлшықеттері аяқшаларының арасын басқанда ауырсыну анықталады. ЭФГДС: эрозиялық гастрит. Неғұрлым тиімді тактика:

B) Домперидон + одестон + сукральфат

 

32 жастағы науқас тісін жұлғаннан кейін пайда болған көлемді қан кетуге шағымданады. Анамнезінде мұрыннан қан кетулер. Объективті: теріде петехиялар және экхимоздар. Қанда: эр-2,9 млн, Нв-77 г/л, ТК-0,8, лейк-4,2 мың, тромб-28 мың. ЭТЖ-17 мм/сағ. Қан кету ұзақтығы-24 мин, қан ұю уақыты-4 мин. Миелограмма: мегакариоциттерден тромбопластинкалардың бөлінуінің бұзылуы. Неғұрлым мүмкін диагноз:

E) Иммунды тромбоцитопения

 

53 жастағы науқас жүрек аймағындағы шаншып ауырсынуға, аяқ бармақтарындағы шаншуға, тері қышуына, үдемелі әлсіздікке шағымданады. Объективті: плеториялық синдром. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты, ЖСЖ минутына 74 рет, АҚҚ-180/110 мм с.б.б. Бауыры – қабырға доғасынан шықпайды, ауырсынбайды, консистенциясы жұмсақ-эластикалық; көк бауыры 8 х 6 см. Қанда: эр-5,0 млн., Нв-165 г/л, ТК-0,9, лейк-9,3 мың, т-7%, сегм-60%, эоз-4%, лимф-25%, мон-4%, тромб-400 мың, ЭТЖ-1 мм/сағ. Неғұрлым тиімді тактика:

A) Қан ағызу + дезагреганттар

 

40 жастағы науқас ІІІ дәрежелі үсу белгілерімен түсті. Объективті: тежелген, бозғылт. Терісі «мәрмәр», акроцианоз. Жүрек тондары тұйық, ЖСЖ 120 рет/мин. Пульс жіп тәрізді, аритмиялы. АҚҚ 85/55 мм с.б.б. Қанда: эр-2,3 млн., Нв-63 г/л, тромб-150 мың. Гемостаз жүйесін зерттеу: қан ұю уақыты4 мин, тромбоциттер 430 мың, фибриноген-4,1 г/л, этанол және протаминсульфатты тесттер оң. Фибрин деградациясы өнімдерінің және антитромбина III деңгейі жоғарылаған. Неғұрлым тиімді тактика:



D) Гепарин + жаңа мұздатылған плазма

 

Науқас әйел 60 жаста, әлсіздікке, эпигастрийдегі ауырсынуға шағымданады. Объективті: терісі және көрінетін шырышты қабаттары бозғылт субиктериялы, беті ісінген, тілі "лакталған". Аздаған гепатоспленомегалия. Қанда: панцитопения, макроцитоз, нейтрофилдер полисегментті. Билирубин- 38,5 мкмоль/л. Миелограмма: қан түзудің мегалобластты түрі. Неғұрлым мүмкін диагноз:

B) В12-тапшылықты анемия

 

Науқас 34 жаста, әлсіздікке, бас айналуына, жүрек қағуына, ентігуге шағымданады. Геморроймен ауырғанына 2 жыл болған. Объективті: терісі және шырышты қабаттары бозғылт, койлонихиялар. Жүрек тондары тұйықталған, жүрек ұшында систолалық шу, тахикардия. Қанда: эр-3,7 млн., Нв-92 г/л, ТК-0,75, лейк-4,8 мың, тромб.-200 мың. ЭТЖ-17 мм/сағ, анизоцитоз, пойкилоцитоз. Сары сулық темір-6,4 мкмоль/л. Неғұрлым тиімді тактика:

A) Сорбифер пероральды

 

Науқас 36 жаста, тұмаудан кейін пайда болған бел аймағындағы ауырсынуға, қызбаға, зәр түсінің қараюына, әлсіздікке шағымданады. Объективті: терісі бозғылт, жүрек ұшында систолалық шу, тахикардия. Белден ұрғылау симптомы екі жақта да оң. Қанда: эр.-3,1 млн. Нв-93 г/л, ТК-0,8 лейк.-3,4 мың. тромб.-96 мвң. ретикулоциттер-6%, ЭТЖ-35 мм/сағ. Лейкоцитурия, гематурия. Неғұрлым тиімді тактика:

B) Дезагреганттар + жаңа мұздатылған плазма

2 типті қант диабеті компенсациясының неғұрлым мүмкін критерийі:

E) Глюкозаның ашқарынғы қандағы деңгейі < 7,0 ммоль/л

 

Науқас 17 жаста, дене салмағының жоғарылауына, бір жыл бойы менструация циклінің бұзылуына шағымданады. Сүт бездерінің, ішінің, санының терісінде қошқыт түсті стриялар. АҚҚ - 140/90 мм с.б.б. Глюкозаға толеранттылық тестті: аш қарынға – 4,5 ммоль/л; глюкозамен жүктеме жасалғаннан кейін 2 сағат өткенде – 8,6 ммоль/л. КТ: екі жақ бүйрек үсті безінің гиперплазиясы. Қандағы кортизол деңгейі сағат 8-де -1060 нг/л (қалыптыда – 260-720 нг/л), сағат 14-те -1250 нг/л. Неғұрлым мүмкін диагноз:

B) Иценко-Кушинг ауруы

 

Науқас АҚҚ 300/130 мм с.б.б. дейін көтерілуімен қабылдау бөліміне жеткізілді. Криз тахикардиямен, полидипсиямен, бұлшық еттік дірілдеумен, қорқыныш сезімімен бірге өтеді. Қан анализінде: глюкоза 20 ммоль/л дейін. Неғұрлым мүмкін диагноз:

C) Феохромоцитома

 

К. атты науқас, 24 жаста айқын салмақ тастағанына (бір ай ішінде 9 кг), аузының құрғауына, шөлдеуге, жиі зәр шығаруына, жүрек айнуына, тәбетінің нашарлауына шағымданады. Объективті: терісі құрғақ, алақандары және табандары сарғыш реңді, фурункулез. Зәр анализінде қант - 2,9% және ацетон. Неғұрлым тиімді тағайындау:

D) қысқа әсерлі инсулин

 

17 жастағы жасөспірімде І дәрежелі эндемиялық зоб. Эутиреоидты. Неғұрлым тиімді емдеу тактикасы:

E) күніне 200 мкг мөлшерде йод препараттарын 6 ай бойы

 

45 жастағы науқаста АҚҚ 200/110 мм с.б.б. дейін тұрақты көтерілуі, бұлшық еттік әлсіздік, тырысулар, жиі зәр шығару мазалайды. Осы симптомдар мазалағанына бір жыл болған. Компьютерлі томограммада сол жақ бүйрек үсті безінің үлкеюі анықталған. Неғұрлым тиімді тағайындау:

E) Верошпирон

 

Беттің «айтәрізді» болуы және айқын гипертрихозбен гиперемиясы неғұрлым тән:

D) Иценко-Кушинг ауруына

 

Дене салмағы артық 50 жастағы әйелде ашқарынға гликемия деңгейі екі рет жоғары болған 6,9 и 7,2 ммоль/л. Неғұрлым мүмкін диагноз:

C) Қант диабеті 2 тип

 

Науқас әйел 25 жаста, құлақтарына берілетін мойын аймағындағы ауырсынуға, жұтынудың қиындауына шағымданады. Жағдайының нашарлауын жіті вирусты инфекциямен байланыстырады. Объективті: жағдайы орташа акырлықта, Т– 37,8оС. Терісі ылғалды, ыстық. Қалқанша безі 2 дәрежеге дейін үлкейген, тығыз, пальпацияда ауырсынады. Пульс – 96/мин, АҚҚ- 120/80 мм с.б.б. Анализінде: Нв - 134 г/л, Л - 9,8 тыс., ЭТЖ - 30 мм/сағ. Тироксин – 100 нмоль/л. Неғұрлым мүмкін диагноз:

B) Жітілеу тиреоидит

Науқас әйел 45 жаста, травмадан кейін пайда болған басының аурыуы, АҚҚ 150/90 мм с.б.б. дейін көтерілуі, дене салмағының тез жоғарылауы, терінің трофикалық бұзылуы мазалайды. Тері асты май қабаты біркелкі дамыған, беті қызарғарн. Денситометрия: остеопороз белгілері. Сағат 8-де кортизолдың қандағы деңгейі 8 часов -1100 нг/л (қалыптыда– 260 -720 нг/л), ашқарынға гликемия натощак - 6,1 ммоль/л. Неғұрлым тиімді тағайындау:

B) Парлодел

 

Науқас 42 жаста, артық дене алмағынв, АҚҚ жоғарылауына, шөлдеуге, полиурияға шағымданады. Объективті: Бойы- 174 см, салмағы - 100 кг. Ашқарынға гликемия 9,9-10,7 ммоль/л. Неғұрлым тиімді тағайындау:

B) Сиофор

 

Бойжеткен 20 жаста, шөлдеуге, дене салмағының артуына, шағымданады. Объективті: Бойы - 162 см, салмағы - 94 кг. ДСИ - 35,8 кг/м2. Ашқарынға гликемия - 5,9 ммоль/л, жалпы холестерин – 5,2 ммоль/л, триглицеридтер – 2,4 ммоль/л. Неғұрлым тиімді тағайындау:

B) Ксеникал

Науқас 32 жаста, бел аймағындағы ауырсынуға, жиі зәр шығаруға шағымданады. 5 жыл бұрын босанғаннан кейінгі кезеңде бел аймағындағы ауырсыну, қызба, дизурия болған. Объективті: температурасы 370С, белден ұрғылау симптомы екі жақта да оң. Қанда: лейк. – 6,1 мың, ЭТЖ – 20 мм/сағ. Зәр анализі: сал. тығ. -1005, белок – 0,033 г/л, лейкоциттер бүкіл көру аймағында, эритроциттер – сілтісізденген және өзгермеген к/а 3- 5. Нечипоренко сынамасы: эр – 1000, лейк – 20000, сафронинмен бояғанда –Штернгеймер-Мальбин жасушалары. Неғұрлым мүмкін диагноз:

B) Пиелонефрит

 

36 жастағы науқасты бетінің, бел аймағының, аяқтарының ісінуі мазалайды. Анамнезінде - туберкулез. Зәр анализі: сал. тығ. -1020, белок-10,4 г/л, лейк-2-3 к/а. Диагнозды нақтылауда неғұрлым деректі әдіс:

E) Тік ішек шырышты қабатының биопсиясы

 

М. атты науқас, 47 жаста, айқын әлсіздікке, бас ауыруына, шөлдеуге, тәбетінің нашарлауына, арықтауына, аяқтарындағы ісінулерге шағымданады. Об-ті: төмен нәрлі, терісі сарғыш реңді бозғылт, беті ісіңкіреген, балтыры, табандары ісінген. Қанда: эр-2,0 млн, Нв-70 г/л., лейк-5,7 мың, ЭТЖ - 20 мм/сағ. Қандағы қант – 11,4 ммоль/л. Зәр анализі: сал. тығ.-1012, белок-1,5 г/л, лейк-4-5 к/а, эр-18- 20 к/а. Неғұрлым тиімді тағайындау:

C) Дезагреганттар

 

В. атты, 42 жастағы науқаста бүйрек функциясының созылмалы жетіспеушілігі, АҚҚ - 200/ 120 мм с.б.б., креатинин - 0,670 ммоль/л, мочевина - 6,1 ммоль/л. Неғұрлым тиімді тактика:

D) Гемодиализ

 

Науқас 24 жаста, бас ауыруы, шөлдеу, жүрек айну, құсу, мұрыннан қан кету, әлсіздік, тәбеттің нашарлауы мазалайды. Ауырғанына 10 жыл болған. Объективті: бозғылт, терісінде қасыған іздер, белден ұрғылау симптомы екі жақта да оң. АҚҚ - 180/100 мм с.б.б. ЖСЖ - 100/мин. Қанда: Нв–96 г/л, эрит–2,8 млн., лейк-8,2 мың, ЭТЖ-35 мм/сағ, мочевина–16 ммоль/л, креатинин– 0,250 ммоль/л. Зәр анализінде: сал. тығ.-1005, белок-4,5 г/л, лейкоциттер – 8-12 к/а, эрит – 20-25 к/а. Науқаста неғұрлым мүмкін дамыған асқыну:

B) Бүйрекің созылмалы жетіспеушілігі

 

Науқас 43 жаста, әлсіздікке, ентігуге, бетінің, аяқтарының ісінуіне шағымданады. Астыңғы жақ сүйектің остеомиелитімен көп жылдан бері ауырады. Объективті: терісі бозғылт, макроглоссия, гепатоспленомегалия. Қанда: диспротеинемия гипоальбуминемиямен. Осы патологиядағы зәр синдромына неғұрлым тән:

E) Протеинурияның "бос тұнбамен" үйлесуі

 

Науқас 32 жаста, бел аймағындағы ауырсынуға, ауырсынулы жиі зәр шығаруға, дене қызуының 39°С көтерілуіне, қалтырауға шағымданады. Суық тигіннен кейін ауырған. Объективті: АҚҚ-160/80 мм с.б.б. Пульс-минутына 90 рет. Оң жақ бел аймағында ұрғылау симптомы оң мәнді. Қанда: лейк-10,2 мың, ЭТЖ-32 мм/сағ. Зәр анализінде: бұлыңғыр, сал. тығ.-1018, белок-0,036 г/л, лейкоциттер – бүкіл көру аймағында. Неғұрлым тиімді тағайындау::

B) Антибиотиктер

 

Гломерулонефритпен ауыратын науқасқа қрамында төмен молекулалы гепарині бар терапия жүргізілуде (фраксипарин). Емнің екінші күні гематурия пайда болды. Неғұрлым тиімді тағайындау:

B) Фраксипаринмен емді жалғастыру

 

В12-тапшылықты анемиямен ауыратын науқастың миелограммасына неғұрлым тән көрініс:

D) Қан түзудің мегалобластты типі

 

Науқас 35 жаста, оң қабырға доғасы астындағы ауырлық сезіміне, үлкен дәретінің тұрақсыздығына, жүрек айнуына, әлсіздікке шағымданады. Объективті: конъюнктивасы субиктерлі; бауыры қабырға доғасынан 2 см шығып тұр, шеті доғалданған, консистенциясы жұмсақ-эластикалы, пальпацияда сезімтал. Көк бауыры пальпацияланбайды, перкуторлық өлшемі 6 х 4 см. Анализінде: ЭТЖ-21 мм/сағ, жалпы билирубин 58,8 ммоль/л, тікелей билирубин 42,4 ммоль/л, тимол сынамасы – 8 ед., АЛТ- 1,64 ммоль/л, АСТ-1,2 ммоль/л. Иммуноферментті анализ: IgM, HBcorAg анықталған. Гепатиттің ауырлық дәрежесін көрсететін неғұрлым мүмкін көрсеткіш:

D) Трансаминазалар деңгейі

 

Науқас 19 жаста, ұнды және жармалы тамақтарды ішкеннен кейін сұрғылт түсті ботқа тәрізді нәжістің жиі бөлінуіне (күніне 8 ретке дейін); әлсіздікке, арықтауына шағымданады. Объективті: шаштарының түскіштігі, тырнақтарының сынғыштығы және қатпарлануы, сүйектерінің ауырсынуы, полигиповитаминоз белгілері анықталады. Диагнозды нақтылауда неғұрлым деректі әдіс:

A) d-ксилозамен сынама

 

30 жастағы науқас, гриппен ауырғаннан кейін бұлшық еттерінің ауырсынуы әлсіздігі, қабақтарының ісінуі, аздаған физикалық жүктемеде ентігу, даусының міңгірлеп шығуы, дисфагия пайда болды. Объективті: епсіз жүріс, периорбитальды ісіну («көзілдірік»симптомы), бетінде, мойнында, арқасында эритемалық бөртпелер. Пальпацияда иық және сан бұлшық еттері ауырсынады, белсенді қозғалысы шектелген. Жүрек шекаралары үлкейген, тондары тұйық, ЖСЖ-100 рет/мин. АҚҚ-140/90 мм с.б.б.. Қанда: эритроциттер - 4,5 млн., Нв-110 г/л, лейкоциттер - 7 мың, ЭТЖ-66 мм/сағ. Неғұрлым деректі зерттеу әдісі:

A) Креатинфосфокиназаны анықтау

 

Науқас 56 жаста, созылмалы маскүнемдікпен және өкпенің созылмалы обструкциялық ауруымен ауырады, қиын бөлінетін, тұтқыр, күйген еттің иісі шығатын және қарақат желесі тәрізді қақырықпен жөтелге шағымданады. Объективті: айқын интоксикация, ентігу, өкпеде аздаған сырылдар. Рентгенограммада: «жайылған торлы өкпе» феномені, көптеген бронхоэктаздар, қалдық қуыстар, пневмосклероз. Қақырық анализінде неғұрлым болуы мүмкін қоздырғыш:

B) Клебсиелла

 

Науқас 32 жаста, әлсіздікке, тәбетінің жойылуына, терісінің және шырышты қабаттарының сарғаюына, тері қышуына шағымданады. Анамнезінде – созылмалы гепатит В. Объективті: бауыры қабырға доғасынан 2 см шығып тұр, ауырсынады; көк бауыры 6х4 см. Анализінде: АЛТ – 2,45 ммоль/л, АСТ – 1,2 ммоль/л, жалпы билирубин – 65 ммоль/л, тікелей – 46 ммоль/л, тимол. сынамасы – 7 ед. Емді таңдауда неғұрлым деректі зерттеу:

E) Полимеразалық тізбекті реакция

52 жастағы ер адам, маскүнем, ішінің жоғарғы бөлігіндегі және кіндік аймағында ауырсыну, жүрек айну, қуырылған тамақты көтере алмау мазалағанына 3 жыл болған. Соңғы жылда диарея болғандықтан 6 кг салмақ тастаған. Майлы тамақты мүлдем қабылдамай, диетаны сақтағанда науқастың жағдайы жақсарады. Науқасқа №5 диета, креон қабылдау ұсынылады. Креонның мөлшерін таңдауға көмектесетін неғұрлым деректі зерттеу::

C) Копрограмма

 

С. атты науқас, 32 жаста, әлсіздікке, аздаған физикалық күштемеде пайда болатын айқын ентігуге және жүрек қағуына шағымданады. Анамнезінде: қанағыштық, жоғарғы тыныс жолдарының рецидивті инфекциялары. Гемограммада: Нв – 70 г/л, эритроциттер – 3,5х1012/л, лейкоциттер – 2,5х109/л, тромбоциттер – 65х10х9/л. Стернальды пункция: сүйек кемігі аз жасушалы. Диагнозды нақтылауда неғұрлым деректі зерттеу:

D) Трепанобиопсия

 

Науқас 50 жаста, жүрек аймағында күйдіріп ауырсыну, ыстықтау сазімі, аменорея мазалайды. Объективті: терісінің гиперемиясы және гипергидрозы. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия. ЖСЖ 100 рет/мин. АҚҚ - 140/85 мм с.б.б. ЭКГ: синусты тахикардия.ТV1-V4 тісшесінің инверсиясы. Науқас седативті препараттар, бета-блакаторлар қабылдаған, бірақ жағадайы онша жақсармаған. Емдеу тәсілін реттеуде неғұрлым деректі зерттеу әдісі: – 100/0/0. Неғұрлым тиімді тағайындау:

D) Кольпоцитограмма

 

24 жастағы науқас, босанғаннан кейін кенеттен қызба, қалтыру, қалың тер пайда болды. Анамнезінде жағымсыз иісті жатырмаңындағы судың уақытынан бұрын ағып кетуі. Қанда: анемия, лейкоцитоз солға ығысумен, ЭТЖ жылдамдауы, тромбоциттердің спонтанды агрегациясының жоғарылауы, этанол тесттің оң мәнді болуы. Антибактериялық және дезинтоксикациялық терапия. 4-күні терісінде петехиялы бөртпелер пайда болды, жатырдан қан кету дамыды. Науқастың қанында неғұрлым анықталуы мүмкін:

E) РФМК жоғарылауы

 

Науқас 26 жаста, бетінің және аяқтарының ісінуі, белінің және ұсақ буындарының ауырсынуы, дене қызуының 37,5оС дейін көтерілуі мазалайды. Ауруын теңізге жиі түсумен байланыстырады. Қанда: Нв-81 г/л, эр-2,8 млн., лейк-3,2 мың, тромб – 136 мың, ЭТЖ - 40 мм/сағ, СРБ+++. Зәр анализі: белок – 3,1 г/л, лейк. -10 к/а, эр. – 20 – 25 к/а, гиалинді цилиндрлер- 10 к/а. Дезагреганттармен және спазмолитиктермен емдеу нәтижесіз. Емді реттеуде неғұрлым тиімді зерттеу:

C) Антинуклеарлы антиденелер

К. атты науқас, 17 жаста, дене қызуының 37,6°С дейін көтерілуіне, тізе және білезік буындарындағы ауырсынуғаә әлсіздікке шағымданады. Баспамен ауырғаннан кейін 10 күн өткенде ауырған. Объективті: тізе және білезік буындарының үстіндегі терісі гиперемияланған, ісінген, қозғалғанда буындарында ауырсыну байқаладых. Анализінде: лейкоцитоз, СРБ+++, диспротеинемия. Стероидты емес қабынуға қарсы препараттармен емдеу курсын өткен, нәтижесі шамалы. Емді реттеуде неғұрлым деректі зерттеу:

A) АСЛ-О, АСГ

 

Теміртапшылықты анемияға неғұрлым тән ЕМЕС зерт ханалық белгі:

B) Мегалобластоз

 

Пневмониямен ауыратын науқаста антибактериялық емнің 2 апталық курсынан кейін клиникалық зертханалық көрсеткіштері жақсармаған. Пневмонияның спецификалық сипатын дәлелдеуде неғұрлым деректі әдіс:

A) Жағындының микроскопиясы

 

Науқас К., 44 жаста, созылмалы пиелонефрит, СБЖ II дәрежесі диагнозымен емделуде. Осы науқаста гемодиализ жүргізу неғұрлым тиімді:

E) Креатинин 1,2 ммоль/л көп болғанда

 

Науқас 35 жаста, кеуде клеткасының оң жағында күйдіру сезімімен кезектесетін кезеңді ауырсынуға; ауыздан жағымсыз иістің шығуына шағымданады. Соңғы айларда кейде дисфагия мазалайды. Пневмониямен жиі ауырады. Диагнозды нақтылауда неғұрлым деректі әдіс:

A) Өңешті рентгендңк зерттеу

 

Науқас 16 жаста, дене қызуының 40°С дейін көтерілуіне, ентігуге, жөтелге, саусақтардың ұсақ буындарындағы ауырсынуға шағымданады. Анамнезінде: бір ай бұрын түсік тастаған. Объективті: төмен нәрлі, лимфаденопатия, бет ұшында және мұрын үстінде эритема, балтыр терісінде - «торлы ливедо»; плеврит, перикардит, нефрит белгілері. Қанда: эритроциттер - 2,4 млн., Нв-70 г/л, лейкоциттер - 2,2 мың. ЭТЖ-70 мм/сағ. Зәр анализінде: белок - 5,2 г/т, эритроциттер - 20-30 к/а. Қос тізбекті ДНК-ға антиденелдер – оң. Неғұрлым деректі зерттеу әдісі:

E) Кардиолипинге антиденелер анықтау

 

Ер адам 45 жаста, оң жақ табанында қатты ауырсынуға шағымданады. Қонақта болып, көп мөлшерде ет жеп, ішімдік ішкен. Ауырсыну таңғы сағат 6 кезінде кенеттен басталған, негізінен оң аяқтың I-II плюснефалангалық буындары ауырған. Объективті: осы буындар үстіндегі терісі қошқыл түсті, ұстағанда ыстық, қасындағы жұмсақ тіндерге жайылған, пальпацияда қатты ауырсынады, қозғалу және жүру мүлдем мүмкін емес, дене қызуы – 37,4оС. Жалпы тәжірибелік дәрігердің жүргізетін неғұрлым тиімді тактикасы:

B) Зәр қышқылын анықтау

 

Дене қызуының жоғарылауы бір айдан көп уақыт бойы мазалап жүрген науқасты зерттегенде: қанның үлкен тамшысының микроскопиясы – теріс; Райта реакциясы – теріс; нәжісті бактериологиялық зерттеу – теріс, токсоплазмалық антигендермен РСК 1:160. Неғұрлым тиімді тактика:

D) ВИЧ-ке ИФА

 

Науқас М., 35 жаста, күйзелістен кейін пайда болған тершеңдікке, ашушаңдыққа, арықтауға шағымданады. Объективті: бойы – 170 см, салмағы – 55 кг. Терінің айқын гипергидрозы, қолды алдыға созғанда саусақтардың треморы байқалады. Жүрек шекаралары солға ығысқан, тондары күшейген, жүрек ұшында систолалық шу, ЖСЖ – минутына 150 рет, АҚҚ - 140/70 мм с.б.б. Негізгі зат алмасуы 20% жоғарылаған. Ашқарынға гликемия - 6,3 ммоль/л. Неғұрлым деректі зерттеу әдісі:

D) Т3, Т4, тиреотропты гормон

 

Науқас әйел 40 жаста, Бір жыл бойы АҚҚ 220/120 мм с.б.б дейін тұрақты жоғарылауы, басының ауыруы, аяқтарының кезеңді әлсізденуі, тырысулар, полиурия, жүрек аймағында ауырсыну ұстамалары мазалайды. АПФ ингибиторлары және гипотиазид нәтижесіз. Компьютерлі томография – оң жақ бүйрек үсті безі үлкейген. Неғұрлым деректі зерттеу әдісі:

C) Қандағы электролиттер деңгейі

 

Науқас 19 жаста, қызыл иектің қанағаыштығына, тамағындағы ауырсынуға, әлсіздікке шағымданады. Объективті: дене қызуы 39˚. Терісі бозғылт, көптеген петехиялар және экхимоздар. Бадамша бездерінде - некроздық жабында. Жақ асты лимфотүйіндері үлкейген. Бауыры және көк бауыры қабырға доғасына 2 см шығып тұр. Қанда: эр-2,5 млн., Нв-75 г/л, ТК-0,9 лейк-29 мың, бласттар-98%, сегм-2%, тромб-28 мың, ЭТЖ-66 мм/сағ. Цитохимия: миелопероксидазаға реакция оң. Диагнозды нақтылауда неғұрлым деректі көрсеткіш:

B) Бластемия

 

Науқас 45 жаста оң қабырға астындағы ауырлық сезіміне, диспепсиялық бұзылыстарға, әлсіздікке және еңбекке қабілетінің төмендеуіне, кезеңді сарғаюға шағымданады. Соңғы кезде аяқ-қолдарының треморы, сөйлеуінің бұзылуы, бұлшық еттердің гипертонусы пайда болған. Объективті: терісі сарғыш; бауыры үлкейген және тығызданған; офтальмоскопияда радужка айналасында жасыл түсті сақина. Зертханалық зерттеуде алмасудың неғұрлым мүмкін бұзылуы:

B) Мыс

 

Науқас 32 жаста, іштің оң жақ бөлігінде сыздап ауырсынуға, тәулігіне 5-6 ретке дейін сұйық нәжіске, соңғы жарты жылда 4 кг салмақ тастауына, ірі буындардағы ауырсынуға дене қызуының 37,2оС дейін көтерілуіне шағымданады. Жіті аппендицитке күдіктенуімен бірнеше рет хирургия бөлімшесіне жатқызылған, бірақ диагноз дәлелденбемен. Тексергенде: іші жұмсақ, оң жақ мықын аймағында ауырсынады, Щеткин-Блюмберг симптомы теріс. Колоноскопия: илеоцекальды аймақта афтылар. Тоқ ішектің шырышты қабатының биопсиясында неғұрлым анықталуы мүмкін:

C) Лимфоплазмоцитті гранулемалар ірімшікті некрозсыз

 

Қарапайым жасырын клиникалық зерттеу:

B) Тағайындалған емді науқас білмейді

 

Жүректің ревматизмдік созылмалы ауруымен ауыратын, жүрек қызметінің жетіспеушілігі, қарыншалар дилатациясы, жыпылық аритмиясы, шоқырақ ырғағы және іркілісті сырылдар анықталған науқастарды емдеу бағдарламасында неғұрлым тиімді тағайындау:

E) Жүрек гликозидтері

 

20 жастағы науқасты жарты жыл бұрын тізе және білезік буындарының ісіңкіреуі және ауырсынуы мазалаған. Бір ай бұрын кеуде клеткасында, бел омыртқалары аймағында, сол жақ жамбас-сан буынында ауырсыну пайда болған. Объективті: омыртқалар бойында ауырсыну анықталады, омыртқада және сол жақ жамбас-сан буынында бүгілу шектелген, сол жақ төс-бұғана байламында деформация; ирит белгілері. Неғұрлым тиімді тактика:


Дата добавления: 2015-08-27; просмотров: 63 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.027 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>