Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

28 апталық жүктілігі бар 27 жастағы әйел гриппке қарсы вакцинация алмаған.Жүктіліктің 20-22 аптасында ЖРВИ өткерген, жоғарғы 6 страница



D) Рифампицин

 

33жасар әйел адам созылмалы вирусты гепатит С, 1 генотип бойынша пег-интерферон және рибавиринмен вирусқа қарсы терапия қабылдайды. Емнің басынан 4 айда таңғы құрысу сезімі мен проксималды фалангааралық, білек-фалангалық және білезік буындарда ауыру сезімі, 37,7-37,9°С дейін дене қызуы пайда болды. РФ – емге дейін 24 МЕ/мл, емнің басынан 12 аптада – 125 МЕ/мл, АЦЦП – оң. Вирусты жүктеме динамикасы: HCV РНК емге дейін – 6,4х106 МЕ/мл, 12 аптада – 2,3х102 МЕ/мл. Ары қарай қандай тактика дұрыс?

A) Емді тез арада тоқтату

 

29 жастағы жүкті әйел грипп эпидемиясы кезінде екі жақты пневмониямен ауыр күйде ауруханаға жатқызылды. Жүктілік 28-29 апта. Емдеуші дәрігер вирусқа қарсы ем қосуды ұйғарды. Төмендегі препараттар ішіннен осы жағдайда БАРЫНША таңдамалы қайсысы?

B)Осельтамивир

 

Әйел адам 67 жаста. Суықтағаннан кейін 7 күн көлемінде шырышты-іріңді қақырықпен қатты жөтелге,дене температурасының 38,0 С көтерілуіне шағымданады.Қарау кезінде: ТАЖ – 22 рет мин,өкпесінде қатаң тыныс, шашыранды ысқырықты сырылдар. Рентгенде: өкпе суретінің күшеюі. Аталған препараттардың ең тиімдісі қайсысы?

E) Азитромицин

 

Әйел 33 жаста, пневмонияға байланысты кларитромицин 1,0г/тәу тағайындалды. Динамикада науқаста субфебрильді температура, интоксикация симптомдары, жөтелдің жасыл түсті қақырықпен үдеуі байқалды. рентген көрінісінде оң өкпенің ортаңғы бөлігінде ошақты инфильтрат анықталды.

Қандай антибактериалды әдіс ЕҢ тиімді?

E) Кларитромицинді левофлоксацинге ауыстыру

 

Ревматоидты артритпен ауыратын, делагил және НПВС базистік емін қабылдап жүрген 67 жастағы науқас бір жылдың ішінде екі рет пневмониямен ауырған. Осы жағдайда респираторлық инфекцияның алдын алу үшін қандай профилактикалық шара жасау қажет?

C) Пневмококты вакцинаны егу

 

Науқас Ж., 28 жаста,қолының майда буындарындағы, омыртқаның мойын бөлігіндегі қатты ауыру сезіміне,1сағаттан көп таңертеңгілік құрысуға, әлсіздікке, дене қызуының 37,7С дейін жоғарылауына шағымданып келді.Буындарының ауыруы екі айдан бері мазалайды. Қол саусақтарының рентгенограммасында буын маңылық остеопороз, буын саңылауының тарылуы, бірен-саран эрозиялар. Қан анализінде: лейкоцитытер -4,6 х109 /л, эритроциттер -3,2 х1012 /л, тромбоциттер -250 х109 /л, ЭТЖ – 54 мм/сағ. С-реактивті белок ++. АЦЦП- оң. Төменде келтірілген қандай препарат науқастың емдеу жоспарына ЕҢ тиімді болады?



Е) Метотрексат

 

35 жастағы науқас өзін ЖРВИ-н кейін қызбаның қайталануы, анық байқалатын әлсіздік, артралгия мен миалгия, екі жақ өкпедегі өзгерістерден кейінгі (бұл белгілер бойынша дәрігер пневмония, Рейн феномені деп диагноз қойған) 5 жылдан бері ауырып жүрмін деп есептейді. Кейіннен жүрек тұсында ауыру және дисфагия пайда болған. Объективті тексеру нәтижелері: терісінде – тығыздалу ошақтары және атрофиялар. Жалпы қан анализі: Л-4.2 тыс, Эр – 3.5, Нb- 129 г/л, ЭТЖ- сағатына 30 мм. SCL70 анти денелер анықталған. Осы жағдайда қандай ем тиімді болып табылады?

A) Д-пеницилламин

 

40 жастағы науқас әйел, БСА 5 сатысы. Науқаста полиурия, АҚҚ180/100 мм.с.б., көзге көрінетін ісінулер жоқ. Биохимиялық қан анализінде: креатинин 540 мкмоль/л, К, Na көрсеткіштері қалыпты. ЖЗА: белок – 1,5 г/с. Диуретиктер және нормодипин қабылдау фонында АҚҚ 120/75мм с.б. дейін түсті. Аз белокты емдәмде. БАТ- на дайындау кезеңінде қандай ем тағайындаған дұрыс?

D) АҚҚ және креатинин бақылай отырып, эритропоэтин және ААФ тежегіштері

 

Бүйрек транплантациясы жасалған науқасқа антигипертензивті мақсатта ангиотензин айналдырушы ферменттің тежегіші тағайындалған. Келесі күні креатинин деңгейі күрт жоғарылап, диурез азайған. Трансплантат БЖЗ мүмкін болатын себебін көрсетіңіз?

D) Трансплантаттың бүйректік артериясының тарылуы

 

Қандай препараттан стандартты терапияда протокол бойынша жедел промиелоцитарлы лейкозда 85-96 % науқастар клиникалық және цитогенетикалық ремиссия ала алады?

A) Трансретинді қышқыл

 

Ер адам 62 жаста, бірнеше айдан бері бел аймағындағы ауру сезіміне, көбіне ауру сезімі түнгі уақытта шалқасынан жатқан кезде үдейді. Невропатологқа қаралған, остеохондроздың белгілері анықталған. НПВС кейін ауру сезімі басылмаған. Науқас 3 айда 5 кг салмақ жоғалтқан. Қан анализінде: Нв-109г/л, лейкоциттер-7,9х109/л, тромбоциттер-190х109/л, ЭТЖ-56 мм/сағ. жалпы белок–99 г/л. Жалпы зәр анализінде: тығыздығы- 1028, Бенс-Джонс ақуызы – 0,8 г/л. Сүйек деструкциясының алдын алу үшін науқасқа қандай препарат тағайындаған дұрыс?

D) Золендронат

 

50 жастағы ер адамды соңғы 3-4 ай аралығында шөлдеу, әлсiздiк, полиурия мазалайды. Объ-ті: дене салмағы - 106 кг, бойы - 170 см., терісі құрғақ, тырнақ іздері бар, АҚ - 140/85 мм.с.б. Зәр шығаруы жиіленген, ауыру сезімсіз. Гликемиялық профиль: 9,7-14,9-12,3 ммоль/л.

Көрсетілген дәрілердің қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді?

A) Метформинді

 

43 жастағы әйел салмағының жоғарылауы, терісінің құрғауы, сөйлеудің қиындауын байқаған. Анамнезінде: созылмалы гайморит. Объективтi: бойы - 168см, салмағы-92кг. Айқын гиперкератоз. Беті ісіңкі, тiлінің қырында тiстер ізі таңбаланған. Жүрек үндері әлсіреген, брадикардия. АҚ 80/50 мм.с.б. Қанда: эритроциттер - 3,5 миллион, гемоглобин - 75 г/л, лейкоциттер - 4, 5 мың, ЭТЖ - 13 мм/с. Қанда қант - 3, 5 ммоль/л. Сары су ақуыздарымен байланысқан йод - 300 ммоль/л. Қандай дәрілік топты тағайындау БАРЫНША тиімді?

D) Тиреоидты препараттарды

 

Қабылдау бөліміне гипертониялық кризбен (АҚ 280/130 мм.с.б.) 39 жастағы науқас жеткізілді. Ұстама тәрізді АҚ жоғарылауы бір жыл аралығында байқалады, криздер қобалжу, тахикардия, діріл, бұлшықеттік тартылулармен қатар болады. Криз көп мөлшерде зәр бөлумен аяқталады. Криздер кезінде 9,6 ммоль/л дейін гипергликемия анықталған.

Шұғыл көмек көрсету үшін қандай инъекциялық препаратты таңдау қажет?

E) Пропранолол

 

Кардиологиялық бөлімшеге 50 жастағы ер адам кеуде артындағы өте күшті ауыру сезімімен шағымданып ауыр жағдайда түсті. Қарап тексергенде: тері жабындылары боз. Жүрек үндері бәсеңдеген, айқын тахикардия, АҚ 90/60 мм сб.б. ЭКГде: жедел коронарлық қан айналым бұзылысы. Пароксизмальді қарынша үстілік тахикардия диагностикаланды. Ырғақ бұзылысын қалыпқа келтіру мақсатымен жедел жәрдем бригадасында изоптин құйылды, бірақ ырғақ қалыпқа келмеді.Изоптиннен басқа АВ-реципрокты тахикардияны жоюға көрсетілген дәрілердің қайсысы таңдау дәріліріне БАРЫНША МҮМКІН жатады:

D) Аденозин

 

Асқазанның ойық жарасымен ауыратын 62 жастағы әйел бас айналуға, талмаларға, жалпы әлсіздікке шағымсданады. Қарағанда: жүрек шекарасы солға ығысқан, Боткин-Эрба нүктесінде диастолалық шу естіледі. АҚҚ 140/40 мм сб.б. Қанда: жалпы холестерин – 10,8 ммоль/л, холестерин ТТЛП – 4,9 ммоль/л.

Көрсетілген дәрілік топтардың қайсысын осы науқасқа тағайындау БАРЫНША тиімді?

D) ГМГ-КоА-редуктаза ингибиторларын

 

Стенокардия ұстамасының айқындығы мен жиілігін бәсеңдету, систолалық АҚҚ-ын бастапқы деңгейден 10-15%-ға төмендету, ЖЖЖ-ін минутына 7-10 –ға жоғарылату және миокардтың ишемиялық көрінісінің жойылу белгілері мына препараттардың қандай тобына Барынша тән:

A) Нитраттарға

 

67 жастағы ер адам төс артындағы қысып ауратын сезімге шағымданады. АГ мен ЖИА-мен 2 жыл бойы аурады. Жағдайының нашарлауы бір апта бойы, ангинозды ұстамалары жиіленіп, ауру сезімінің интенсивтілігі күшейген. ЭКГ-да: ЖСЖ – 74 рет минутына, систоликалық күштемесі бар сол қарыншаның гипертрофиясы. Холестерин 6,4 ммоль/л, қандағы қант 4,2 ммоль/л. Көрсетілген препараттардың қандай тобы липидті және гликемиялық профильдерді нашарлату мүмкін:

D) В-блокаторлар

 

ST сегментінің көтерілуі жоқ жедел коронарлы синдромы бар ер адамға кешенді емнің құрамына фракционирленбеген гепарин тағайындалды. Науқаста қан кете бастады. Төменде аталған препараттардың қайсысының енгізуі гепарин әсерін бейтарпатауы ЫҚТИМАЛ?

C) Протамин

 

67 жастағы ер адамда алтеплазамен жүргізілген тромболизистен кейін жергілікті геморрагиялық реакция пайда болды. Төменде көрсетілген дәрілердің қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді?

E) Коагуляциялық терапияны жүргізу қажет емес

39 жастағы ер адам 2 сағат бұрын пайда болған тыныс алудың қиындауына шағымданады. Қарау кезінде науқас мәжбүрлі қалыпта- тері жабындылары бозғылт және ылғалды, көп мөлшерде көпірікті серозды қақырық, тыныс алу актісіне өосымша бұлшық еттер қатысады, өкпенің барлық алаңы бойынша көптеген құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі, жүрек үндері тұйықталған, ЖЖЖ 120 минутына. Науқасқа оттегі-ауалы қоспа ингаляциясы мен преднизолон 30 мг жасалды. 20 мин кейін жағдайы: тыныс алу жеткіліксіздігі сақталуда, АҚҚ– 85/55 мм с.б. Берілген деңгейде науқасқа төменде көрсетілгендерден не жасау керек?

D) Преднизолон

 

32 жастағы ер адамда ортопноэ, қозулы, ентігу, тыныс алуға қосымша бұлшықеттер қатысады, қысқа сөздермен сөйлейді, алшақтан ысқырықты сырылдар естіледі, көп мөлшерлі көпірікті ақ түсті қақырық бөлінумен жөтел, ТАЖ 30 минутына, ЖЖЖ 105 минутына, дем шығарудың шыңдық жылдамдығы қалыптыдан – 45%. Соңғы сағатта – сальбутамолдың 6 ингаляциясы тиімсіз. Қабылдау бөлімінде т/і метилпреднизолон мен эуфиллин басталды. 1 сағаттан кейін- дем шығарудың шыңдық жылдамдығы қалыптыдан 48%. Ары қарай қандай ем тактикасы ең дұрыс?

D) Қарқынды терапия бөлімшесіне аудару

 

Науқас 45 жас мол дастарханды отырыстан кейін түнде қыжыл мазалаған, таңертең көп мөлшерде қан аралас құсу, айқын әлсіздік пайда болған. 5% глюкоза ерітіндісімен инфузионды терапия жасалып, жедел көмек бригадасымен алып келінген. Объективті: жағдайы ауыр, тері жабындылары құрғақ, бозғылт, телеангиоэктазиялар, алдыңғы құрсақ қабырғасының веналарының ұлғаюы, аздаған асцит салдарынан іштің ұлғаюы, бауыры қабырға доғасынан 2 см шығып тұр. Көлемі 0,5 л дейін қоңыр қан ұйындылары түрінде құсық массалары. АҚҚ – 100/70 мм с б.б. Гемоглобин – 88 г/л. Қандай күттірмейтін шұғыл жағдайлар жасау керек?

D) ФЭГДС және эндоскопиялық склерозирлеу, окреотид

 

Ер адам 65 жас 3 аралығында «бауыр циррозы» диагнозымен қаралады. ЖРВИ- мен ауырғаннан кейін 2 күн аралығында қоңыр түсті құсу (бір рет), айқын әлсіздік, ұйқышылдық, күшінің жоғалуы, туғандарының айтуы бойынша есте сақтаудың төмендеуін, дезориентацияны байқаған. Соқпалы діріл, есінеу. Іші метеоризма және асцит салдарынан ұлғайған. Үлкен дәреті өте қоңыр түсті. Диурез – 600 мл/тәул. Гемоглобин – 97 г/л. АЛТ – 0,32 ммоль/л, АСТ – 0,48 ммоль/л, жалпы билирубин 117 мкмоль/л, тікелей - -42 мкмоль/л, Натрий – 113 – ммоль/л, калий – 5,7 ммоль\л. Пайда болған асқынуға алып келген әсер етуші факторын төменде берілген іс шаралардың қайсысын қолдану керек?

D) Тазалау клизмасын жасау

 

35 жастағы ер адам стацоионарға келесі шағымдармен түсті: айқын әлсіздік, бас айналу, мурыннан қан кету. Қарағанда тері жабындылары және көрінетін шырышты қабаттары айқын бозғылт, аяқ-қолдарында және денесінде әртүрлі көлемдегі көгерулер бар. ЖҚА: Эритроциттер – 2,0*10/12/л; Нв-53 г/л; тромбоциттер 43*10/л, Лейкоциттер – 1,2*10/9/л, Нейтрофилдер: с/я –17 %, т/я – 1%, Моноциттер – 3%, Лимфоциттер – 79%, ЭТЖ –24 мм/сағ. Науқасқа қандай шұғыл ем көрсетілген?

E) Эритроцитарлы масса, мұздатылған плазма трансфузиясы

 

35 жастағы әйел жалпы жағдайы ауыр; қынаптан қанды бөлінділердің бөлінуіне, қалтырауға, дене қызуының 39,8ºС ге көтерілуіне шағымданып түсті. Анамнезінде – жүктілікті өздігінен үзген. Объективті: инъекция орындарында қан ағулар. Қан анализінде: эр-2,3 млн., Нв-63 г/л, тромб-150 мың. Гемостаз жүйесін зерттеу: АКТ-12 мин, АПТВ-76 сек, фибриноген-6,3 г/л, этанол және протаминсульфаттық тесттер -оң. ПДФ-0,4 г/л, антитромбин III-72%, эфа уымен жасалған тест гиперкоагуляцияны анықтады. Терапияның тиімділігін бағалауда гемостаз көрсеткіштерінің қайсысы ақпаратты?

C) Антитромбин III

 

Қабылдау бөліміне қантты диабеттің 1 типімен сырқаттанған науқас жеткізілді, тежелген (заторможен), апатиялы, тері жамылғысы құрғақ, тынысы шулы, шамалы ацетон иісі бар, жүрек үндері әлсіз, тахикардия 110 рет мин. біртекті (единичные) экстрасистолалар, АҚ 80/60 мм.с.б., тілі құрғақ, ішін пальпациялағанда эпигастрий аймағында ауырсыну, олигоурия.

Шұғыл көмекті қандай препаратты енгізуден бастау керек?

B) Сағатына 10-12 Бірлік қысқа әсерлі инсулин мен басқа көктамырға кристаллоидтарды енгізу

 

Науқас 26 жаста, хирургиялық бөлімде жатыр. Шағымдары: ішінің қатты ауру сезімі, құсу, бас ауруы, әлсіздік. Кенеттен басталған, айтуынша 2 апта бұрын тұмаумен ауырған. Қарау кезінде: жағдайы ауыр. Терісі бозғылт, тері және шырышты қабаттарында дақты пигменттер. Іші жұмсақ ауру сезімінсіз. АҚ 80/50 мм.с.б. пульсі 120 рет минутына, әлсіз.

Бірінші кезекте қандай емді жүргізген дұрыс?

A) Гидрокортизонның үлкен дозасын изотониялық ертіндімен трансфузия

 

73 жастағы әйелде болған ангинозды ауру синдромын жедел жәрдем дәрігерлері басты. Қарағанда: ессіз, тері жабындылары бозғылт, салқын жабысқақ тер. Өкпеде – ылғалды іркілісті сырылдар, жүрек тондары тұйықталған, айқын тахикардия, АҚ – 50/0 мм с.б. ЭКГ-да: Q тісшесі I, II, AVL,V2 – V4, ST сегментінің 2-3 мм жоғары элевациясы. Жедел көмек көрсету мақсатында бірінші кезекте қандай препаратты тағайындау керек:

D) Промедол

 

66 жастағы ер адам жалпы әлсіздік шағымымен ауыр жағдайда жедел жәрдем бригадасымен жеткізілді. Қарау кезінде: тері жабындылары бозарған, ылғалды, сұр цианоз, аяқ қолдары мұздаған. Жүрек үндері әлсіз, шоқырақ ритмі, ЖСЖ-115 рет мин. АҚ 80/40 мм с.б., айқын олигурия. ЭКГде: синусты тахикардия, QS V1-V6, ST V1-V6 сегменті монофазды қисық түрде изосызығынан көтерілген. Жедел қантамыр жетіспеушілігінің шеткілік белгілерін жоюға қандай дәрілік затты тағайындаған БАРЫНША жөн?

C) Допамин

 

Артериальді гипертензиямен ауыратын 53 жастағы әйелде, гипертониялық криз фонында кеуде артындағы қарқынды ауыру сезімі, тұншығу, көпіршікті қақырыққа шағымданады. Об-ті: тыныштықта ентігу, өкпесінде әр калиберлі ылғалды сырылдар, үндерінің бәсеңдеуі, тахикардия, АҚ 220/100 мм сб.б. ЭКГда: STV3-V55 мм көтерілуі. Көрсетілген дәрілердің қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді?

D) Эналаприл

 

Әйел 68 жаста. Стационарға гипертониялық криз клиникасымен түсті. Анамнезінде 15 жылдан бері артериялық гипертензия. Түскен кезде АҚ 210/120 мм с. б. Милы симптоматиканы ескере отырып жұлынның пункциясы жүгізілді, субарахноидалды қан құйылу анықталды. Көрсетілген дәрілердің қайсысын қолдағанда БАРЫНША тиімді кризді басады?

D)Нимодипин

 

23 жастағы әйелде амоксициллин қабылдағаннан бірнеше минуттан кейін әлсіздік, құсу, тері қышуы, мойнында, кеудесінде, арқасында және қолында көпіршікті бөртпелер пайда болды, бетінің ісінуі және гиперемиясы пайда болды. АҚ 70/50 мм рт. ст. Науқасқа шұғыл көмек көрсетудің бірінші кезеңінде қандай препаратты енгізу қажет?

D) Адреналин

 

52 жастағы әйел рентгенконтрастты затты енгізу кезінде ысу сезіміне, құсуға, тыныс алудың қиындауына шағымдана бастады. Көптеген көпіршікті бөртпелер, бетінің гиперемиясы және ісінуі пайда болды. Науқас тыныс алуы қиындаған және бир минуттан кейін есін жоғалтады, диффузды цианоз. Асфиксия кезінде адреналин және 30мг преднизолон енгізудің әсері болмады. Келесі кезеңде қандай шараларды жасау керек?

D) Коникотомия

Ер адам 67 жас 2 жыл көлемінде «Бауыр циррозы вирусты В+Д» диагнозымен қаралады. ЖРВИ- мен ауырғаннан кейін 2 күн аралығында айқын әлсіздік, ұйқышылдық, күшінің жоғалуы, туғандарының айтуы бойынша есте сақтаудың төмендеуін, дезориентацияны байқаған. Соқпалы діріл, есінеу. Іші метеоризма және асцит салдарынан ұлғайған.Іш қату. Диурез – 600 мл/тәул. Гемоглобин – 97 г/л. АЛТ – 0,32 ммоль/л, АСТ – 0,48 ммоль/л, жалпы билирубин 117 мкмоль/л, тікелей - -42 мкмоль/л, Натрий – 113 – ммоль/л, калий – 5,7 ммоль\л. Науқаста қандай мүмкін болатын асқыну дамуы мүмкін?

E) Жедел бауырлық энцефалопатия

 

Бауыр циррозымен науқас «Жедел дизентерия» (диарея болған) өткерген. 2 күн левомицетинмен емделген. Іштің кебуі, тұрақсыз үлкен дәрет, құрсақ қуысында бос сұйықтық - асцит пайда болған. Науқас іштің ауруына және метеоризмге, ентігуге, аяғындағы ісіктерге шағымданады. ИТБ госпитализацияланды. Тексеру кезінде: науқас әлсіз, ұйқышыл, сұрақтарға біраз уақыт өткеннен кейін жауап береді, соқпалы діріл, сандарды байланыстыру тесті – 64 сек. ЭЭГ: альфа-ритм 4,2 в сек. Лактулозамен, электролиттер бұзылысының коррекциясымен, оттегі, нәруызды шектеу терапиясы басталды. Аммиак деңгейін төмендету үшін қандай препарат енгізу керек?

A) L-орнитин-L-аспартат

 

32 жастағы әйелдің гемограммасында Нв - 48 г/л, Эритроциттер - 1,9*10¹²/л, ТК - 0,75. Түскен кездегі жағдайы ауыр. Тері жабындылары және көрінетін шырышты қабаттары айқын бозғылт, геморагия жоқ. ЖСЖ – 106 рет минутына. Анамнезінде: 3 күн бұрын жатырлық қан кету, сонымен қоса соңғы 4-5 ай көлемінде дисфункциональды жатырлық қан кету. Науқасқа қандай жедел көмек көрсетілуі тиіс?

D) Эритроцитарлық масса трансфузиясы

 

Науқаста қан құйғаннан кейін ыстықтау сезімі пайда болды,кеуденің ауруы, арқаның және іштің ауруына шағымданады. Объективті: науқас мазасыз, ЖСЖ – 120 рет мин, АҚҚ – 85/65 мм рт.ст. Науқаста осы жағдайда зәрінде қандай өзгерістер болуы мүмкін?

D) Гемоглобинурия

 

47 жастағы ерк адам көп қозғалып, психикалық қозудан кейін, кенеттен есінен танды. Объ-ті: терісі ылғалды, инъекция iздерi бар. Бетінің бұлшық еттерінің жиырылуы, қарашығының кеңейюі анықталады.ТЖ-32 рет.Көрсетілген дәрілердің қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді?

A) 1 мл глюкогонды

 

Асқынумен босанған әйелде жүрек айнуы, құсу, бұлшық еттік әлсіздік, іш өту және психикалық бұзылыстар байқалды. Объективті: акроцианоз, аяқ-қолдарының суық болуы, гипертермия. АҚҚ–50/30 мм с.б.б. Адренокортикотропты гормонмен сынама – теріс.

Келтірілген препараттардың ішінде бірінші кезекте қай препарат БАРЫНША тиімді?

Е) Гидрокортизон

 

66 жастағы ер адам жалпы әлсіздік шағымымен ауыр жағдайда жедел жәрдем бригадасымен жеткізілді. Қарау кезінде: тері жабындылары бозарған, ылғалды, сұр цианоз, аяқ қолдары мұздаған. Жүрек үндері әлсіз, шоқырақ ритмі, ЖСЖ-115 рет мин. АҚ 80/40 мм с.б., айқын олигурия. ЭКГде: синусты тахикардия, QS V1-V6, ST V1-V6 сегменті монофазды қисық түрде изосызығынан көтерілген.

Жедел қантамыр жетіспеушілігінің шеткілік белгілерін жоюға қандай дәрілік затты тағайындаған БАРЫНША жөн?

C) Допамин

 

Әйел 54 жаста. Пневмониямен ауырғаннан кейін «үру» тәрізді жөтел мазалап, жұтынудың қиындауы пайда болды, ентігу үдеді. Қарағанда: жүрек шекаралары ұлғайған, жүрек тондары әлсіреген, ырғағы дұрыс. ЖСЖ минутына 80, АЌ 130/65 мм с. б. ЭКГ: қарыншалық кешендер вольтажы төмендеген және ST сегментінің V 1-5 шықпаларында жоғарлауы. Кеуде қуысының мүшелерін рентгенологиялық зерттеуде: кардиомегалия, жүрек белі тегістелген. Кенет науқастың жағдайы нашарлады. Әлсіздік, тахикардия, суық тер, цианоз пайда болды, АҚ 60/40 мм с. б. Емдеу тактикасы қандай?

A) Перикард пункциясы

 

59 жастағы әйел айқын бас ауыруына, бас айналуына, лоқсу, қайталамалы құсу, көз алдында шіркейлердің көрінуіне шағымданады. Қарағанда: жүрек шегі солға ұлғайған, аортада II тонның акценті. АҚ 230/120 мм.сб.бб. Осы жағдайды жоюға төмендегі дәрілердің қайсысын тағайындау БАРЫНША қажет?

E) Натрий нитропруссидті

 

Созылмалы гломерулонефритпен ауратын 49 жастағы ер адам ауыр жағдайда жеткізілді. Кенет пайда болған ентігуге, көпіршікті қызғылт қақырығы бар жөтелге, қорқыныш сезімге шағымданады. Қарағанда: ортопноэ, шулы тыныс, (клокочущее), барлық өкпе алаңында әр түрлі калиберлі ылғалды сырылдар анықталынады, ТЖ 28 рет мин. Жүрек тондары тұйық, тахикардия - 120 рет мин. АҚ - 240/140 мм с.б. Жедел көмек көрсетуде қандай препаратты енгізу ең тиімді болып табылады:

C) Фуросемидті

 

Ер адам 26 жаста, 2 жылдан бері қан аралас нәжіске, үлкен дәретке шақырылуы тәулігіне 3-4 реттік болуына шағымданады. Хирург оны геморрой ультрапроктпен (құрамында кортикостероид бар) емдеді бірақ нәтиже болмады. Диетаны бұзғаннан кейін іш өту жиілеп, тенезмдер, іштің төменгі жағындағы ауру сезімі және субфебрильді температура, тізе буындарындағы ауру сезімі пайда болған.Науқасқа диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу жүргізу керек?

C) Биопсиямен колоноскопия

 

Бауырдың компьютерлік томографиясында: бауыр деформацияланған, оң бөлігі - 15 см, лсол бөлігі – 5 см, контуры тегіс емес, кедір-бұдырлы. Қақпа венасы – 2,0 см, көкбауырлық вена - 1,3 см. Көкбауыр ауданы - 57 см2 өзгерістері бар 35 жастағы ер адамның ФЭГДСнде не анықталуы мүмкін?

C) Өңеш және асқазан веналарының варикозды кеңейуі

 

ОҚА-ның қабылдау бөліміне жол-транспорттық апаттан кейін науқас мынандай шағыммен келді: қозғалғанда,тыныс алғанда күшейетін кеуде қуысындағы ауру сезімі, ентігу және бас айналу. Қарап тексергенде оң жақ ортаңғы бұғана сызығы бойымен 3-5 қабырғааралығында крепитация анықталды. ЕҢ бірінші кезекте қандай емдеу шарасын жүргізу керек?


Дата добавления: 2015-08-27; просмотров: 271 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.026 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>