Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

28 апталық жүктілігі бар 27 жастағы әйел гриппке қарсы вакцинация алмаған.Жүктіліктің 20-22 аптасында ЖРВИ өткерген, жоғарғы 2 страница



C)Велоэргометрия

 

60 жастағы ер адам горизонтальді бағытта күшеетін айқын ентігуге және тұншығуға шағымданады. Анамнезде екі миокард инфарктын өткерген. Об-ті: акроцианоз, өкпесінде әр калиберлі ылғалды сырылдар естіледі. Жүрек үндері бәсең, галоп ырғағы. ЭКГда: ST V1-V6 элевациясы. Сол қарыншаның толу қысымы 20 мм сб.б.

Көрсетілген миокард инфарктың асқынуларыдың қайсысы БАРЫНША мүмкін?

E)Өкпе ісінуі

 

22 жасар жас азамат арқасымен жатқанда күшейетін және отырғанда, анальгетиктерді қабылдаған соң бәсеңдейтін эпигастральді аймаққа және екі қолға берілетін жүрек маңындағы біртекті, ұзаққа созылатын ауру сезіміне шағымданады. Ауру сезімі пайда болғаннан бір апта бұрын науқасты қызба, субфебрильді температура және қаңқа бұлшықеттерінің ауырлық және ауру сезімі мазалады. Об-ті науқастың мәжбүрлі отырған қалпы, жүрек аускультациясында аяқ астындағы қар сықырына ұқсайтын шу анықталады. Төменде аталған диагноздардың қайсысы БАРЫНША болуы ықтимал?

D) Кұрғақ перикардит

 

35 - жастағы әйелді физикалық күштеме кезінде кеуде сарайының сол жағындағы мезгіл – мезгіл қысып ауыру сезімі мазалайды, нитраттарды қолданғанда жағдайы нашарлайды. Жанұясында екі адам жастай жүрек ауруынан қайтыс болған. Қарап тексергенде: АҚ - 120/80 мм с.б.б., ЖСЖ - 70 рет мин. Жүрек ұшы түрткісі күшейген, төстің сол жақ қырының бойында систолалық шуыл естіледі, горизонтальді қалыпта айқындығы азаяды. Эхокардиография: қарыншааралық перде қалыңдығының сол қарыншаның бос қабырғасының қалыңдығына қатынасы – 1:4, сол қарынша қуысы азайған. Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы болуы БАРЫНША мүмкін?

E) Митральді қақпақша жетіспеушілігі

 

17 жасар жас қызда профилактикалық қарау кезінде жүрек түрткісінің күшеюі және «мысық үні»анықталды. Жүрек тондары тұйықталған, жүрек ұшында және V нүктеде систолалық шу, ырғағы дұрыс. ЖСЖ-84 рет мин. АҚ 100/70 мм сб.б. Селективті вентрикулография жүргізгенде қарыншааралық перденің мембраноздық бөлігі проекциясында контрасттық заттың оң қарынша қуысына лақтырысы, сол қарыншаның гипертрофиясы анықталды.Төменде аталған диагноздардың қайсысы болуы ЫҚТИМАЛ?



E) Қарыншааралық перденің ақауы

 

25 жастағы әйел бас айналуға, қысқа уақытты ұстамалы талмаларға шағымданады. Об-ті: төстің оң жағы мен жүрек негізі аймағында, систола ортасында максимальді естілетін және мойын тамырларына берілетін, дөрекі систолалық шу анықталады. ЭКГ: сол қарыншаның гипертрофиясы. Рентгенологияда: жүрек конфигурациясы "жүзген үйрек" тәрізді. Көрсетілген жүрек ақауларының қайсысы БАРЫНША мүмкін?

E) Аорта саңылауның тарылуы

 

45 жастағы ер адам соңғы айларда 15-20 минуттан кейін өздігінен басылатын, кеуде артындағы ауыру сезімдерінен ояна бастады. Ауыру сезімі кезінде ЭКГда кеуде әкетілерінде ST сегментінің жоғарлауы тіркелді. Эргометринмен сынама жүргізілгенде оң нәтиже анықталды. Көрсетілген дәрілік топтардың қайсысын тағайындау осы дертте БАРЫНША мүмкін патогенетикалық маңызды?

E)Кальций антагонистері

 

28 жастағы жас әйелді ЖРВИ өткергеннен 3 аптадан кейін ентігу, жүрек аймағындағы сыздаған ауыру сезімі, шамалы физикалық жүктемеден кейін тез шаршағыштық мазалайды. ЭКГ: АВ бөгеме 1 дәрежесі. ЭхоКГ: СҚ лақтырыс фракциясы-48%. Көрсетілген дәрілік топтардың қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді?

E) Стероидты емес қабынуға қарсы дәрілерді

 

Жүрекшенің фибрилляциясы және жүрек қуысындағы тромбозбен асқынған жүрек қуыстарының айқын дилятациясы бар 44 жасар ер адамға төменде аталған препараттардың қайсысын тағайындау БАРЫНША ықтимал?

B) Варфарин

 

Фурункулезді өткерген 46 жастағы ер адам физикалық жүктемеден соң пайда болатын ентігу және жүрек қағуға, жалпы әлсіздікке шағымданады. Кешкі уақытта дене қызуының көтерілуі байқалады. Қарағанда: төмен қабақтың конъюктивасының ауыспалы қатпарында ұсақ нүктелі бөртпелер. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс. ЖСЖ-102 рет мин, АҚ 110/70 мм сб.б. Көз түбін тексергенде –Рот дақтары.

Төменде аталған топ препараттардың қайсысын тағайындау БАРЫНША ықтимал?

C)Антибактериалды

 

30 - жастағы созылмалы ревматикалық ауруымен ауыратын әйелде: ортопноэ, акроцианоз; төменгі бүйір аймақтағы дыбыссыз ылғалды сырылдар; жүрек ұшында қолтық астына берілетін - дөрекі пансистолалық шуыл, тахиаритмия, бауырдың ұлғаюы, аяқтың ісінуі анықталған. Қандай топтың дәрілерін бірінші кезекте тағайындаған барынша тиімді?

A) Диуретиктерді

 

Қасақана шылымшы 46 жастағы ер адам ентігуге, шырышты-іріңді қақырықпен жөтелге, бас ауыруға, жиі АҚ көтерілуіне шағымданады. Қарап тексергенде: өкпесінде жайылған құрғақ сырылдар, аорта үстінде II үн акценті естіледі, АҚ 170/100 мм сб.б. Қабырға асты доғасынан бауыр 2 см шығып тұрады, тобық ісінуі. ЭхоКГда миокардтың жиырылу қабілеттігінің төмендеуі анықталды.

Көрсетілген антигипертензивті дәрілер тобының қайсысын осы науқасқа тағайындау БАРЫНША тиімді?

C) ААФ ингибиторларын

 

65 жастағы әйел кеуде артындағы ауыру сезіміне, жиі жүрек қағу, ентігу, айқын әлсіздікке шағымданады. Терапевттің тағайындауы бойынша дигоксиннің ½ таблеткасын күнделікті қабылдайды. Қарағанда: тері жабындылары бозарған, суық тер, өкпесінде ылғалды сырылдар және ырғақ бұзылысы, бауырдың ұлғаюы, ісінулер анықталды. АҚҚ 80/40 мм сб.б. ЭКГ: жүрекшелердің жыпылықтауы ЖСЖ 160 рет мин. QT интервалы 0,40 мс дейін ұзаруы. STV1-V4 4 мм элевациясы. Амиодаронды тағайындаудан ұстануда. Көрсетілген қағидалардың қайсысы амиодаронды қолданудан бас тартуда БАРЫНША мүмкін болған себеп?

C) QT интервалының ұзаруы

Субтотальді перикардэктомияға БАРЫНША мүмкін көрсеткіштер:

A) Констриктивті перикардит

 

38 - жастағы ер адам, кардиолог – дәрігерде гипертрофиялық кардиомиопатиямен (сол жақ қарыншаның шығу жолының обструкциясымен) есепте тұрады. Соңғы кездерде физикалық күш түскенде стенокардияға тән ауыру сезімі мазалап, ентігіп, басы айналып, жүрегі қағады. Объективті: акроцианоз. Өкпеде әлсіз тыныс, ТЖ мин.- 21 рет. Жүрек үндері тұйық, төстің сол жақ қыры бойында систолалық шуыл естіледі, тахикардия. Қандай дәрілер шығу жолы обструкциясының дәрежесін ұлғайтып, науқастың жағдайының нашарлауына ықпал жасауы барынша мүмкін?

E)Строфантин

 

Миокард инфарктісін өткерген 58 жастағы ер адам ентігу мен түнгі уақытта болатын тұншығу ұстамалары шағымдарымен госпитализацияланған. Қарағанда: жүрек тондары тұйықталған, ЖСЖ 64 рет минутына. ЭКГ-ң тәуіліктік мониторлауында миокард ишемияның ауру сезімсіз эпизодтары, жиі «R T-ға» типті ерте қарыншалық экстрасистолалар анықталды. Холестерин 4,2 ммоль/л, қандағы қант 5,1 ммоль/л, ПТИ 96%; ЭХОКГ: сол қарыншаның қуысы кеңейген, қарыншааралық пердеде гипокинез зоналары, лақтырыс фракциясы 42%. Көрсетілген жағдайлардың қайсысына БАРЫНША мүмкін миокард ишемиясының ауру сезімсіз түріне алып келеді?

C)Кенет болатын өлімге

 

35 жастағы ер адам ауыр ЖРВИ өткергеннен 3 аптадан кейін жүрек тұсындағы сыздаған ауыру сезіміне, тыныштықтағы ентігуге, оң қабырға астындағы ауырлық сезіміне, аяқтарының ісінуіне шағымданады. Аускультацияда: үндері үнсіз, протодиастолалық галоп ырғағы. Қанда: шамалы лейкоцитоз, тропонин I - 1,926 нг/мл. ЭКГ: АВ бөгеме II дәрежесі Мобиц II. Көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсысы БАРЫНША ақпаратты?

C) Коронароангиография

 

45 жастағы ер адам 37,9 гр. қызбаға, қалтырауға, жүрек маңындағы ауырлық сезіміне, жөтелге, даусының қарлығуына және басының, бұлшықеттерінің ауру сезіміне шағымданады. Қарағанда алдыңғы кеуде торының ісінуі анықталады. Жүрек ұшы пальпацияланбайды. Жүрек шекаралары барлық жаққа кеңейген. Жүрек тондары бәсең. Рентгенологиялық: жүрек талиясы «тегістелген». Эхокардиограммада сол қарыншаның артқы қабырғасында 1,5 см эхонегативті кеңістік анықталды. Төменде аталған диагноздардың қайсысы болуы БАРЫНША ықтимал?

D) Экссудативті перикардит

 

19 жастағы ер бала, ентігу, қатты бас ауыруы, көз алдында «шіркейлердің» көрінуі, аяқтарының ұюы мен тез шаршағыштыққа шағымданады. Объективті: кәрі жілік артериясында пульс күшейген, ал сан артериясында әлсіз кернеуі төмен,. Қолында АҚҚ 170/90 мм с.б.б., аяқтарында 100/70 мм с.б.б. Боткин-Эрба нүктесінде және жүрек ұшында паравертебральды аймаққа берілтін әлсіз систолалық шуыл.

Диагнозды анықтауға берілген зерттеу әдістерінің қайсысы БАРЫНША ақпаратты?

A) Кеуде қуысының рентгенографиясы

 

25 жастағы әйел бас айналуға, қысқа уақытты ұстамалы талмаларға шағымданады. Об-ті: төстің оң жағы мен жүрек негізі аймағында, систола ортасында максимальді естілетін және мойын тамырларына берілетін, дөрекі систолалық шу анықталады. ЭКГ: сол қарыншаның гипертрофиясы. Рентгенологияда: жүрек конфигурациясы "жүзген үйрек" тәрізді. Көрсетілген жүрек ақауларының қайсысы БАРЫНША мүмкін?

E) Аорта саңылауның тарылуы

 

Аяқтарының терең тамырларының тромбофлебитімен зардап шегетін 65 жастағы әйел кеуде артындағы қарқынды ауыру сезіміне шағымданады. ЭКГда STV1-V3 сегментінің депрессиясы анықталды. 3 күні кенет ентігу, кеудесінде тыныс алғанда ауыру сезімі пайда болды, жөтел және бір реттік қан түкіру болды. Қарап тексергенде: цианоз, оң аяғының ұығаюы; өкпесінде ылғалды сырылдар анықталды. ЭКГда - оңграмма. Әйелде қандай дерт БАРЫНША мүмкін дамыды?

E) Өкпе артериясының тромбоэмболиясы

 

Ірі ошақты миокард инфарктысы бойынша емдеуде жатқан 68 - жастағы әйелде 3-ші аптада кеуде торшасындағы ауру сезімі мазалап, дене қызуы көтеріліп, шырышты қақырықты жөтел, ентігу пайда болды. Сол жақ өкпесінің төменгі бөлігінде тыныс әлсіреген. Жүрек үндері тұйық, ЖЖЖ – 100 рет мин, перикард үйкелісінің шуылы. ЭКГ - миокард инфарктысының жеделдеу сатысы.

Қандай дәріні бірінші кезекте тағайындаған барынша тиімді?

C) Глюкокортикостероидтарды

 

Өкпе туберкулезін өткерген 42 жастағы әйел адамға констриктивті перикардит диагнозы қойылды. Комбинирленген туберкулезге қарсы терапия науқастың жағдайының жақсаруына алып келмеді. Берілген жағдайда қандай ем тағайындау тиімдірек?

A)Субтотальды перикардэктомия

 

Туа пайда болған жүрек ақауы бар 26 жастағы ер адам инвазивті шарадан кейін 1 айдан соң пайда болған қызбаға, өте күшті қалтырауға құйылған терге шағымданады. Қарап тексергенде: конъюнктиваның өту қатпарында петехиялар, тырнақ астында сызықты геморрагиялар. Қанда анемия, солға ығысқан лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы. Осы ауруды емдеуге қолданылатын негізгі дәрілер тобы болып табылады:

B)Антибиотиктер

 

20 жасар студенттің балалық шақтан мойын қантамырларына және екі жауырын арасындағы кеңістікке таралатын Боткина-Эрба нүктесінде систолалық шу анықталады. Иығында АҚ - 170/100 мм сб.б., санда - 140/80 мм сб.б. Рентгенологиялық сол қарыншаның ұлғаюы және қабырғалардың төменгі жиегінің оюлануы анықталады. Науқасты жүргізудің қандай жолы дұрыс?

E) Оперативті ем

 

Бас ауруы, мұрыннан қан кету, қабақтарының ісінуі және бел аймағындағы ауру сезімі шағымдары бар 35 жастағы әйелде кенет жағдайы нашарлаған. Об-ті: тынысы шулы, (клокочущее), ТЖ 26 рет минутына, өкпеде көптеген әр түрлі калибрлі ылғалды сырылдар; жүрек тондары қатты, «аттың шабуылы» ырғағы, АҚ – 180/130 мм с.б. Тексергенде зәр анализінде: белок-3,1 г/л, эритроциттер барлық к\а. УДЗ: екі бүйректің паренхимасының жіңішкерленуі. Қандай препаратты тағайындау ең тиімді болып табылады?

C)Фуросемид

 

64 жастағы ер адамда өткерген миокард инфарктісінен кейін іркілісті жүрек жетіспеушілігінің белгілері дамыды. Тексергенде: холестерин – 4,2 ммоль/л. ЭКГ: қарыншалардың жиырылу жиілігі 110 рет минутына болатын жүрекшелердің фибрилляциясы. ЭХОКГ: лақтырыс фракциясы - 35%.Аритмияны емдеуде қандай дәрілерді тағайындаған БАРЫНША тиімді болады?

E)В-адреноблокаторларды

43 жастағы ер адам соңғы 6 апта бойына тұрақты түрде болатын қызбаға шағымданады. Қалтырау мен тершеңдік жоқ, 2 апта бұрын іштегі тұрақты түрде болатын сыздап ауыру сипатындағы ауыру қосылды.Таңертеңгілік уақытта «ет қалдықтары» түрінде болатын зәрді байқағаннан кейін дәрігерге қаралған. Тексеріп қарау кезінде бауырдың ұлғайғандығы және көкбауырдың пальпацияланатындығы анықталған. Жалпы қан анализі: ерекшеліксіз, биохимия – сілтілік фосфатаза жоғары. Болжалды диагноз?

E) Бүйрек ісігі

 

20 жастағы студент қыз. Оқуының соңғы жылында Чех елінде білім алған. Сонда болған жылы көктемде студенттермен бірге туристік жорыққа шыққанда жабысқан кенені өзі жұлып алып тастаған. Демалыс кезінде Қазақстандағы үйіне келгенде кешкі уақыттарда субфебрилитет, тізе буындарында сыздаған ауыру пайда болған. Кейіннен буындары ісініп, локалды температура, ауыруға байланысты қозғалыстың шектелуі пайда болған. Рентген суретінде: буын маңының остеопорозы, буын тесігінің тарылуы. Науқаста кене шаққаннан кейін және буын синдромы басталғанға дейін аталған аурудың қандай тері көрінісі пайда болуы мүмкін?

B) Сақина тәрізді шашыранды эритема

 

50 жастағы ер адам ірі буындардағы ауыспалы ауыру сезіміне және балтыр-табан буындарының ісінуі мен ондағы ауырудың болуына шағымданады. Ауырудың пайда болғанына 2 ай болғандығын айтады. 2 апта бұрын осы аталған буындардың аумағында майда дақты эритематозды бөртпе пайда болған. Буындардың рентгенографиясын жасағанда патология анықталмаған. Жалпы қан анализі – ерекшеліксіз. Биохимия: глюкоза – 5,4 ммоль/л, зәр қышқылы – 320 мкмоль/л, АЛТ – 62 МЕ/мл, АСТ 42 МЕ/мл, билирубин 22 мкмоль/л. РФ - оң, АНА - теріс. Науқасқа төменде көрсетілген анализдердің қайсысын міндетті түрде жүргізу қажет?

A) С және В гепатиттерінің маркерлеріне ИФА

 

24 жасар әйел тамағының ауруына, дене қызуының39,6º дейін көтерілуіне, түстен кейінгі қалтыраумен, қатты терлеумен жүретін дене қызуының төмендеуіне; қызбаның ең жоғарғы белгісінде ашық-қызғылт эритематозды бөртпенің пайда болуына шағымданады.Дәрігер цефазолинтағайындады, бірақ әсері болған жоқ. Жағдайы одан сайын нашарлады- артралгия (білезік, тізе) пайда болды. Аурудың 3 аптасында кардит пен полисерозит белгілері пайда болды. РФ – теріс, ферритин – айқвн оң.

Қандай диагноз ЕҢ ықтимал?

E) Ересектердің Стилл синдромы

 

35 жастағы науқас дене температурасының қалтыраусыз 38-40°-қа дейін көтерілуімен болатын қызбаға және тердің шығуына, екі жыл бойына шынтақ, білек, саусақтың майда буындарының ісінуі мен ондағы қимылдың шектелуіне және ауыру сезіміне, жалпы әлсіздікке, дене салмағының төмендеуіне (6 айдың ішінде 7 кг-ға) шағымданады. Объективті тексеру: полилимфоденит, гепатоспленомегалия. Буындар р-граммасы – эпифизарлық остеопороз, буын тесіктерінің тарылуы. Жалпы қан анализі:Л-3,6x10 9/л,с/я -35%, лимфоциттер -53%, ЭТЖ – сағатына 44мм. Зәр талдауы - 1010, белок жоқ, Эр-1-2 көру аймағында.СРБ – резко положительный, фибриноген 5,9г/л. Ревматоидты фактор – оң,АНА- р/положительные. Қандай ем тиімді болып табылады?

D) Тәулігіне 120 мг преднизолон

 

65 жастағы науқасты 3 жылдан бері жүйелі склеродермиядан зардап шегеді.Осы ауруы бойынша тәулігіне 30 мг преднизолон қабылдаған. Соңғы аптада АҚҚ-ң 180/110 мм рт.ст дейін көтерілуі байқалған. Жалпы зәр анализі: белок - 0.86 г/л, эритроциттер- 3-4 в поле зрения: қан креатинині – 180,0 мкмоль/л, клубочковая фильтрация – 72,0 мл/мин. ІІІ РНК-полимеразға анти дене анықталған. Бұл науқастың жағдайында қандай болжам жасауға болады?

E) преднизолонды қабылдауды тоқтатыпмоноприл және Д-пеницилламинді тағайындаған кезде – жағдайының жақсаруы

 

Сіздің қарауыңызда соңғы айдың ішінде болған қызбаға шағымданған жас жігіт. Ол осы уақыт аралығында 8 кг-ға арықтаған, диарея (тәулігіне 2-6 рет) болған. Тексеріп қарау кезінде бұғана асты, шат пен қолтық асты лимфа түйіндерінің ұлғайғандығы анықталған. Бұл жағдайда ең алдымен қандай ауруды болжауға болады?

D) АИВТ-жұқпасы

 

36 жастағы әйел білек буындарында ісіну мен ауыру сезімінің болуына, қолындағы әлсіздік пен қатты ауыруға, саусақтарын қыса алмауға және онымен бір нәрсені ұстап тұра алмауға, кешкі мезгілде болатын субфебрилитетке, тізе буындарындағы сыздаған ауыру сезіміне шағымданады. Хирургтың оның буындарына дипроспан салуы ауруды тез арада жеңілдетті. Келесі күні науқастың буыны қатты ісініп, қызарып, тартып ауыруы пайда болып, температурасы көтерілді. Жалпы қан анализі: Л- 12*109/л, п/я – 10%, с/я 60%, ЭТЖ – сағатына 34 мм. Егер буындардың пункциясын жасап, синовиалдық сұйықтықты тексергенде қандай нәтиже болуы мүмкін?

C) Бұлыңғыр түсті тұтқыр сұйықтық, 50-100 мың/мм3 нейтрофильді цитоз

 

44 жастағы науқас білек, алақан-бақай сүйегі буындарының ауыруы мен ісінуіне, омыртқаның кеуде және бел аумағының ауыруы мен қозғалысының бөгелушілігіне, қол саусақтары мен аяқтың ұюына («әлсіз аяқ»), парестезия мен тахикардияның болуына, тершеңдікке, синкопе көріністеріне және дене салмағының 2 айдың ішінде 8 кг-ға төмендеуіне шағымданады. Анамнезінде: 2 жыл бұрын кеуде-қабырға буындасулары ісініп ауырған. Буындардың Р-графиясы буын маңы остеопорозы, субхондралды склероз бар екендігін көрсеткен. ЖҚА: лейкоцитоз, лимфоцитоз, ЭТЖ - сағатына 22 мм. РФ – оң, РХ және РА – теріс (5 дипроспан еккеннен кейін). Науқасқа төменде көрсетілген тексерулердің қайсысын міндетті түрде жүргізу керек?

A) РПГА, ИФА, бруцеллезге АСЛ

 

Білезік, тізе, қолбасының және табанның симметриялы деструктивті полиартриті (II-III рентген кезеңі) бар науқаста гепатоспленомегалия, ентігу, аяғындағы гиперпигментациямен аяқталатын ұсақнүктелі қышу сезімсіз дақтар пайда болды. Кеуде Р-графиясында: өкпе тамыры кеңейген,фибрознды компонент әсерінен өкпе суреті күшейген. ЖҚА: Л- 2,2 *109/л, нейтрофилдер 50%. ЭТЖ 65 мм/сағ. Қандай диагноз ЕҢ ықтимал?

E) РА, Фелтисиндромы

 

44 жастағы науқас саусақ, иық, шынтақ және тізе буындарының қимылының нашарлауы мен ауыруына, күннің астында болғаннан кейін пайда болған терінің ашық жерлеріндегі қызаруларына шағымданады. Объективті тексеріп қарау кезінде: жақ сүйегі мен мұрын терісінде - эритематозды дерматит, аяқтарда, бетінде ісіктер, жүрек тондары бәсең, жүрек ұшында – систоликалық шу, АҚҚ - 140/90 мм. рт.ст. Жалпы қан анализі: Эр - 2,1, Нв - 90 г/л, ЭТЖ - сағатына 40 мм; Жалпы зәр анализі: 2,88 г/л, Л- 7-8 в п/з, Эр-10-12 в п/з, гиалиндік цилиндрлер - 3-4 в п\з; тәуліктік протеинурия -3,58г, қандағы креатинин - 130,0 мкмоль/л, клубочковая фильтрация -72,0 мл/мин. Қандай ем тиімді?

E) тамыр ішіне 500 мг митипредпен және тамыр ішіне 600 мг циклофосфамидпен жүргізілетін пульс-терапия

 

21 жастағы науқас қол мен аяқ бұлшық еттерінің айқын білінетін әлсіздігіне (науқас жүре алмайды), тыныс алудың қиындауына шағымданады. Тамақ ішу мен киінуге көмекті қажет етеді. Проксималды фалангаралық буындардың үстіндегі теріде экзематозды өзгеріс байқалады. КФК деңгейінің нормадан 80 есеге жоғары екендігі, антинуклеарлық анти дене анықталған. Осы жағдайда қандай ем тиімді?

D) тәулігіне парентералды түрде 100 мг преднизолон + аптасына 7,5 мг метотрексат

 

56 жастағы ер адам ас қабылдағаннан кейін, алдыға еңкейгенде, жатқан қалыпта күшейетін төс артындағы ауырсыну және күйдіру сезіміне; үнемі төс артындағы «түйілген» тәрізді сезімге шағымданады. ЭФГДС жасағанда өңештің төменгі үштен бір бөлігінің кілегей қабатының қабынуы мен эрозиясы, жанасқанда аздап қанталауы, ретрофлексия кезінде артқы кеуде аралыққа ығысқан асқазан бөлігі, қасындағы өңеш қуысы байқалады. Қандай емдеу тактикасын таңдау БАРЫНША абзалырақ?

A) Хирургиялық емді

 

27 жастағы әйел адам тамақ қабылдағаннан кейін 1-1,5 сағатта пайда болатын эпигастрии тұсындағы ауру сезіміне; ауырлау сезіміне; тамақты аз қабылдағанның өзіндегі керіп тұрғандай сезіміне; ауамен кекіруге шағымданады. ФГДС –та суретке қараңыз.

Диагнозды қоюда қандай қосымша зерттеу әдісі БАРЫНША анық растайды?

C) Уреазды тыныстық сынама

 

Әйел 58 жаста майлы тамақ ішкеннен кейін бірнеше уақыттан соң оң қабырға астына, оң жауырынына берілетін ауру сезімі пайда болды, өт аралас жеген тамағын құсты (1 рет). Объективті: науқас аяғын астына басып, оң бүйіріне қарай мәжбүрлі қалыпта отыр. Оң қабырға астын пальпациялағанда қатты ауру сезімі. Науқасқа шақырылған участкелік дәрігер гепабене берді. Дәрігердің шешімінің дұрыстығын бағалау.

D) Дұрыс емес бұл науқастың жағдайын нашарлатады

 

Әйел, өттас ауруы бойынша холецистэктомия жасатқан. Майлы және кептірілген тамақтарды шектеп диета сақтайды. Бірақта оны оң қабырға астындағы ауырлық сезімі, тұрақсыз үлкен дәрет (іш қатуы іш өтумен ауысады), метеоризм мазалайды. Постхолецистэктомиялық синдромның алдын алу үшін қандай дәрілік препараттар тағайындауға болады?


Дата добавления: 2015-08-27; просмотров: 292 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.023 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>