Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

28 апталық жүктілігі бар 27 жастағы әйел гриппке қарсы вакцинация алмаған.Жүктіліктің 20-22 аптасында ЖРВИ өткерген, жоғарғы 5 страница



E) АИВ-қа ИФА және иммуноблотинг

 

Науқас Т. 37 жаста қалаға 8 жыл бұрын көшіп келген. Көшіп келгенге дейін жылына 1-2 рет ЖРВИ-мен ауырған, әр эпизодтың ұзақтығы шамамен 10-14 күн болған. Шаршағыштық, тершеңдік, әлсіздікке шағымданады. Объективті тексергенде: науқастың тамақтануы біраз төмендеген, таңдай бадамша бездері борпылдақ, II-дәрежелі гипертрофия. Жақасты лимфа түйіндері 1 см-ге дейін ұлғайған, консистенциясы жұмсақ, эластикалы, қозғалмалы, қалған топтар пальпацияланбайды. Қалған ағзалар мен жүйелерде патология анықталмады. ЖҚА – моноцитоз (9%), ЭТЖ – 22 мм/сағ. Төменде аталғандардың ішінен қай зерттеуді бірінші жүргізу керек.

E) ВПГ, ВЭБ, ЦМВ антиденелеріне ИФА

35 жасар әйелді 2 жылдан бері тағам немесе дәрі қабылдауға байланыссыз пайда болып, бірнеше сағат ішінде өздігінен жойылатын, қышитын, бір-бірімен қосылған күлдіреуік бөртпелер мазалайды. Бөртпе пайда болған кездерде тыныс алудың қиындауы мен жөтел мазалайды, Қақырығында «ақ жармалар(крупинки)».ЖҚА: Эр-2,8х1012/л, Гем – 109 г/л, Л- 5,2х109/л, нейтрофилдер – 60%, эозинофилдер – 25%, лимфоциттер – 15%, ЭТЖ – 17 мм/сағ. Қандай диагностикалық тактика барынша ұтымды?

D) Ішектік инвазияның кешенді диагностикасын жүргізу

 

Ер адам 47 жаста, эпигастрий аймағындағы және сол қабырға астындағы ауру сезіміне, алдыға еңкейгенде және жатқан кезде күшейетін ауру сезіміне шағымданады. Ауру сезімі тамақтанғаннан 1 сағат өткеннен кейін басталады, әсіресе майлы тағамнан кейін, тұйық сипатты қатты ауру сезім пайда болады. Сонымен қатар қыжыл, кекіу, метеоризм, тұрақсыз үлкен дәрет мазалайды. Тексерген кезде: арық, терісі құрғақ, «рубин тамшылары», Мейо-Робсона нүктесінде ауру сезімі бар. Науқаста қандай лабораторлы тексерулер өткізілу керек?

D) Амилаза және липаза деңгейі

 

Әйел 37 жаста үзақ уақыт антибиотикпен ем қабылдағаннан кейін ішінің кебуіне, шуылға, жайсыздыққа, кей жағадайда кіндік аймағындағы ауру сезіміне, үлкен дәретін ұстай алмауына шағымданады.Қарап тексергенде: тәбеті төмендеген, тері қабаты құрғақ, тырнақтары сынғыш келген.Дұрыс ем тағайындау үшін қандай зерттеу жұмысын жүргізген дұрыс?



C) Дисбактериозға нәжіс анализі

 

56 жасар әйел адам. Қан құюдан 6 айдан соң гепатит маркерлеріне ИФА жасалды: HBsAg – оң, anti HBs – теріс, antiHBc IgM – оң, antiHBc IgG – әлсіз оң, HBeAg – оң, anti HBe – теріс; anti-HCV – теріс. ПТР HBV ДНК – 3,4х104 көшірме/мл. Науқасқа төменде көрсетілген қандай иммунологиялық зерттеу жүргізу қажет?

D) HDV- ға антиденелер

 

Әйел 26 жаста, бірінші жүктілікте жүктіліктің үзілу қаупі дамыған кезде дюфастон (дидрогестерон) тағайындалды. Дюфастонды қабылдаудан 2 аптадан кейін тері қышуы, трансаминазалар көрсеткіштерінің жоғарылауы (АЛТ – 885 ед/л, АСТ – 447 ед/л) байқалған. Препаратты тоқтатқаннан кейін көрсеткіштер төмендеген. Дені сау бала туылады. Екінші жүктілік: 8-9 апталық кезінде дюфастон 10 мг күніне 2 рет тағайындалған. 2 аптадан кейін жүрек айну пайда болды, АЛТ – 982 Ед/л, АСТ – 1072 Ед/л. Билирубин жалпы – 119,0 мкмоль/л, билирубин тура – 114,78 мкмоль/л, билирубин тура емес – 4,22 мкмоль/л. Цитолиздік синдромның себебі не болып табылады?

D) Дәрілік гепатит, холестаздық вариант

 

Науқас бауыр циррозымен асциттің айқын көріністерімен түсті. Сонымен қатар науқаста, белгісіз локализациялы іштің ауруы. Асцит және бауырлық энцефалопатия көріністері соңғы 1 апта ішінде жоғарлаған. ЖҚА: Л – 8,4 х109/л, СОЭ- 22 мм/с. Науқастың жағдайының ауырлауын қандай зерттеу әдісі нақты мәлімет береді?

E) Асциттік сұйықтықты зерттеу (белок, рН, жасушалар, бак.себінді)

 

33 жасар әйел адам, тексерілуде анықталды: anti HCV IgM – оң; anti HCV total – оң. HBsAg – оң, anti HBs – теріс, antiHBc IgM – оң, antiHBc IgG – оң, HBeAg – теріс, anti HBe – оң. Биохимия: АЛТ – 0,74 ммоль/л. АСТ – 0,45 ммоль/л. Билирубин – 25,25 мкмоль/л, тура – 10,95 мкмоль/л, тура емес – 14,35 мкмоль/л. ПТР HCV РНК 3 генотип, 4 800 000 көшірме/мл. ПТР HВV ДНК 10 500 көшірме/мл. Бауыр эластографиясы – F1 Metavir бойынша. Берілген жағдайда вирусқа қарсы терапияның ұзақтығы?

C) 48 апта

 

Билирубин деңгейі – 44 мкмоль/л, альбумин – 28 г/л, ПТИ – 67%, асциті, гепатоспленомегалиясы бар науқасқа бауыр биопсиясын жасау ұйғарылды.

Бауыр биопсиясы кезінде қандай асқыну дамуы мүмкін?

B) Паренхиматозды бауырлық қан кету

 

 

27 ж әйел жедел ауырған, дене қызуының 38°С дейін көтерілуі, кілегейлі- іріңді қақырықты жөтел, әлсіздік, мазасыздық. Бір апта өткен соң оң жақ қырының ауырсынуы, тыныс алуының қиындауы пайда болған. Обьективті: Оң жақ жауырын астында перкуторлы дыбыстың қысқаруы және тыныс алуының әлсіреуі. ТАЖ-28 рет/мин., ЖСЖ-86рет/мин. R-графия: оң төменгі бөліктің интенсивті қараюы, костодиафрагмалық синустың түзелуі. Плевральды ауытқудың сипаттамасына ең дұрысы?

C) Қою, нейтрофильды цитоз

 

30 жасар әйел ЖРВИ кейін ауырды:білезік, шынтақ, алақанөфалангаралық және табанөфалангаралық буындары ауыра бастады, ісінді, қызарды, таңертеңгі сағат 11 деін созылатын құрысу пайда болды, (төсектен тұру қиын, өз-өзіне қарау қиындады); дене қызуы 38,5° дейін көтерілді. Жоғарыда айтылған белгілер ң апта боый күшейіп келе жатыр. Диклофенакқабылдайды, әсері шамалы. Объективті қарағанда: зақымдалған буындары ісінген, жергілікті температурасы көтерілген, қолбасы буындарын қысу белгісі оң, қимыл-қозғалыс шектелген. ЖҚА: Эр – 3,2, Нв – 105 г/л, Л- 13,9 *109/л, Нф – 88%, Лф – 12%, СОЭ 55 мм/сағ. Осы ауруда РФ қандай нәтижесі тән?

D) РФ және АЦЦП екеуі де оң болуы мүмкін

 

Науқас, жас келіншек қолы мен аяқтарының ұштарының көп жылдар бойы әсіресе суық ауа-райында ағаруы мен көгеруіне шағымданады. Екі жыл бұрын аяғы мен қолдарында депигментация ошақтарының пайда болғанын байқаған. Кешірек аузының ашылуы қиындап, шамалы физикалық күштемеде ентігу пайда болған. Объективті – терісінде депигментация, атрофиия, қатаю ошақтары. ЖҚА – эритроцитттер 3,6× 1012/л, лейкоциттер- 4,2 × 109/л, гемоглобин – 129 г/л, ЭТЖ – 30 мм/сағ.

Диагнозды дәлелдеу үшін қандай зерттеу жургізу дұрыс?

D) Тропоизомеразаға қарсы антиденелер (SCL-70)

 

«Целиакия» диагнозы қойылған 19 жастағы науқас қыз тамақты көп жегеннен кейін пайда болған тізе буындарының ісінуі мен ауыру сезіміне шағымданады.

Науқасқа жасалған иммуногенетикалық зерттеудің нәтижелері қандай болуы мүмкін?

D)HLA DR3

 

55 жастағы науқас жедел нефритикалық синдроммен және БЖЖ-мен стационарға түсті. Анамнезінде: бронх демікпесі 30 жылдан артық. Лабораторлы: гиперэозинофилия, п-АНЦА +, зәр тұнбасының микроскопия эритроцитарлы цилиндрдер. Болжам диагноз:

D) Чардж-Строусс синдромы

 

30 жастағы әйел адам, суықтанғаннан кейін әлсіз ісінулер пайда болды, АҚҚ 150/95 мм.с.б. Анализдерінде: ЭТЖ 55 мм/сағ, холестерин 4.0 ммоль/л. Зәрде: протеинурия 1.5 г/л, макрогематурия. ШФЖ 47 мл/мин. Аталған диагноздардың қайсысы ЕҢ мүмкін болып табылады?

B) Нефритикалық синдром

 

Науқас М., 53 жаста. Жүрек аймағында ауру сезімі, бас ауруы, қышыну, ванна қабылдағаннан кейін күшейді. «Қоян көз» симптомы, Куперман сиптомы бар. АҚ= 180/100 мм рт. ст., көкбауыр +3 см, ЖҚА: Эр. 6,9 х 1012/л, Нв – 201 г/л, лейк. 11,9 х 109/л, тромбоцит – 600,0 х 109/л, ЭТЖ – 1 мм/час. Қандай диагноз барынша тиімді?

D) Эритремия

 

28 жастағы әйелде ЖРВИ фонындағы қан анализінде: Эритроциттер – 2,0*10/12/л; Нв-73 г/л; ТК -1,01, тромбоциттер- 243*10/л, Лейкоциттер – 5,2*10/9/л, Нейтрофилдер: с/я –45 %, т/я – 4%, Моноциттер – 6%, эозинофилдер – 3%, Лимфоциттер – 42%, ЭТЖ –24 мм/сағ. Биохимиялық қан анализінде: жалпы билирубин – 82 мкмоль/л, тура емес –71 мкмоль/л, Кумбс сынамасы – оң. Емдеу бағдарламасына нені қосу керек?

D) Цианокобаламин

 

Жедел лимфобласты лейкозбен күдікті науқасқа бластты жасушалардың мембранасын иммунофенотиптеу жүргізгенде келесі антигендер анықталды: CD 19+ CD 20+CD 21+CD 79+. Науқаста жедел лимфобласты лейкоздың қандай нұсқасы?

A) В – жасушалық

 

Ер адам 26 жаста, шөлдеу, несепке жиі баруы, жалпы әлсіздік, дене салмағының төмендеуі мазалайды. Объективті: терісі құрғақ, екі беті қызыл, тынысы везикулярлы. Жүрек тондары дыбысты. Тілі құрғақ. Ішперденің тітіркену симптомдары жоқ.

Қандай зерттеу әдісі ЕҢ ақпаратты болып табылады?

A) Қандағы қант деңгейін тексеру

 

37 жастағы әйел жүрек аймағындағы ауыру сезімі, жүрек қағу, тез шаршағыштықты байқады. Ауыру сезімі үш ай бойы мазалайды, осы уақытта ашушаңдық, жылауықтық пайда болып, 5 кг арықтады. Объективтi: жүдеу, тері гипергидрозы, қалқанша безі қарағанда байқалады. Қолдарында майда тремор, «телеграфт бағанасы» симптомдары анықталады. АҚ - 130/60 мм.с.б. ЖСЖ – 120 рет мин.

Диагнозды нақтылау үшін немен сынама жүргізу БАРЫНША мәліметті:

C) Тиреолиберинмен

 

Ер адам 37 жаста, терісі қола (бронзовое) түстес, гепатоспленомегалия, табан ұсақ буындарының артриті бар. Тексеру кезінде сарысулық темірдің деңгейі жоғарылауы, ЖТБҚ (ОЖСС) төмендеуі, сарысу ферритин жоғарылауы және трансферрин қанығуы 52% байқалады. Аталған патологияны емдеудің қай әдісі дұрыс?

E) Қан шығару

 

72 жасар ер адам нитраттар көмектеспейтін төс артындағы қатты басып ауыратын ауыру сезіміне шағымданады. Қарағанда: жүрек тондары тұйықталған, тахикардия, гипотония. ЭКГ да сол жақ қарыншаның артқы бүйір қабырғасы зақымданған.

Осы жағдайды нақтылауға көрсетілген зертханалық көрсеткіштердің қайсысы

БАРЫНША ақпаратты?

E) Тропонинді

 

Жиі салқын тиюмен ауратын 19 жастағы қыз баланы ентігу, жөтел, периодты түрде қан түкіру; физикалық күшпен байланысты бас айналу мен есінен тану мазалайды. Қарағанда: акроцианоз, төмен тамақтанулы, саусақтарының «барабан таяқшалары» және тырнақтарының «сағат әйнектері» тәріздес өзгерісі, өкпе артериясында ІІ тонның акценті, гепатомегалия. ЭКГ-да: оңграмма (правограмма). ЭХОКГ-да: өкпе гипертензиясының 2 дәрежесі. Науқасқа гепарин қолданылатын базисті терапия тағайындалды. Антикоагулянтты терапияны бақылауда қандай көрсеткіш ең ақпаратты болып табылады:

E) Активтелген жартылай тромбопластинді уақыт

 

Науқас 28 жаста ауыр дәрежелі бронх демікпесімен ауырады, преднизолон 20 мг /тәул мөлшерінде 2 жыл бойы қабылдайды. Преднизолон қабылдап жүргенде түнгі ұстамалар аптасына 1-2 рет, сальбутамолда қажеттілік- күніне 1-2 рет, жағдайы қанағаттанарлық, физикалық жүктемені көтеруі жақсы. Преднизолон мөлшерін төмендету амалында жағдайы нашарлайды – тұншығу ұстамалары жиілейді. Ингаляциялық кортикостероидтар қолданбаған, бірақ эуфиллин таблетка түрінде

E) Преднизолонды төмендету үшін метилпреднизолонмен пульс-терапия өткізу

 

47 жастағы әйел адам тамақтанғаннан 1,5-2 сағаттан кейін пайда болатын, асқазан тұсындағы сыздап ауыру сезіміне; әсіресе таң ертеңгісінгі ауызға қышқыл келуге; оң жақ қабырға астындағы ауырлау және жайсыздық сезіміне, іш қатуға шағымданады. ФГДС да: асқазанның антральді бөлігіндегі кілегей қабатының ісінуі мен гиперемиясы, бірен саран эрозиялар; асқазан қуысында – шырыш пен өт; шыға берісі аңырайған. Уреазды сынама – теріс. Науқастың жағдайын келтірілген дәрілердің қайсысы БАРЫНША жақсартады?

A) Урсодезоксихол қышқылы

 

Әйел 49 жаста, эпигастрий аймағындағы және сол қабырға астындағы, майлы құырылған тамақ ішкеннен кейін күшейетін ауру сезіміне шағымданады. Ауру сезімі тамақтанғаннан 1 сағат өткеннен кейін басталады, кейбір кездері белдемелі ауру сезімді. Сонымен қатар эпигастрий аймағындағы, тартып ауру сезімі, метеоризм, көп мөлшерлі үлкен дәрет, қиын жуылатын. Тексерген кезде: терісі өте құрғақ, ангулярлы стоматит, іші біраз кепкен, эпигастрий аймағындағы және өң қабырға астындағы ауру сезімі. Копрологияда стеаторея және креаторея анықталды. Науқасқа қандай дәріләі препарат тағайындауға болады?

B)Креон

Ер адам 28 жаста, оң мықын аймағындағы толғақ тәрізді ауру сезіміне шағымданады. Соңғы уақытта ауруы күшейген, тәулігіне 10-12 реттік көп мөлшерлі сұйық көпіршікті нәжіске, құсуға, бөрітпесі – 38,5 дейін, дене салмағының 7 кг азаюы, балтырындағы ісікке, бел аймағындағы ауру сезіміне бейім.Зерттеу кезінде макроцитарлы анемия, гипопротейнемия анықталды. Биопсияда:ішектің шырышты және шырыш асты қабатынан гранулема анықталды.Өткізілген емдік терапия – месалазин, будесонид, азатиоприн – тиімді болмады, науқас жағдайы нашарлады.Төмендегі препараттардың қайсысын тағайындаған дұрыс?

C)Инфликсимаб

 

55 жасар науқас 4 апта бойы созылмалы вирусты гепатит С, В бойынша пег-интерферон және рибавиринмен стандартты вирусқа қарсы терапия қабылдайды. Ем барысында гемоглабиннің келесі өзгерісі байқалады (г/л): 132-114-88-72. Вирусты жүктеме деңгейі: емге дейін – 3,8х105 көшірме/мл, 4 аптада – 7,2х102 көшірме/мл. Ары қарай қандай тактика дұрыс?

A) Гемоглобин деңгейі тым тез төмендеуде – емді тоқтату

 

 

26 жастағы жүкті әйел ОРВИ эпидемиясы кезінде инфекциядан сақтайтын препарат жайлы ақыл сұрап келіп отыр. Жүктілік 22-23 апта. Төмендегі препараттар ішіннен осы жағдайда ең талдамышы қайсысы?

D) ИРС-19

 

19 жастағы әйел 20 апта мерзіміндегі жүктілікпен ауруханаға шырышты-іріңді қақырықпен жөтелге, дене температурасының 38,20С дейін көтерілуіне, ентігуге шағымданып түсті. Обьективті: перкуторлы дыбыстың қысқаруы және оң жақта жауырын ұшынан төменгі аймақта везикулярлы тыныстың әлсіреуі. ТАЖ – 22 рет мин, ЖСЖ 90 рет мин. Осы науқастың емінде аталған препараттардың қайсысын қолданады?

B) Амоксициллин

 

Ер адам 35 жаста, ауруханадан тыс пневмония фонында 3,0г/тәу амоксициллин қабылдау барысында дене температурасының 380С дейін көтерілуі, жөтелдің шырышты-іріңді қақырықпен үдеуі байқалды. Қандай антибактериалды препарат ЕҢ тиімді?

D)Амоксициллинді азитромицинге ауыстыру

 

Жүйелі қызыл жегімен ауыратын науқас алдағы уақытта ритуксимабпен жүргізілетін ем қабылдауы керек. Бірақ биологиялық терапия тағайындалғанға дейін ол тұмауға қарсы вакцинация жасатқысы келеді. Қандай вакцина таңдайсыз?

D) Ең төмен мөлшерде реактогенді деп саналатын қосалқы жеке (субединичный) вакцина

 

Науқас 38 жаста қолдарының бұлшықеттеріндегі әлсіздікке, жуынудың және таранудың қиындауына шағымданады. Бір айдын ішінде жүрісінің бұзылылып, аяғының сүйретілуін байқаған, жастықтан басын бөтен адамның көмегінсіз көтере алмайды. Қарап тексергенде: жоғарғы қабағында,бетінде, «декольте» аймағында эритематозды бөртпе. Қан анализінде:ЭТЖ-45 мм/сағ; креатинфосфокиназа-260 Бірлік/л, лактатдегидрогеназа-600 МЕ.

Келтірілген препараттардың қайсысын науқастың емінде тағайындаған ЕҢ тиімді?

C) Метотрексат

 

Ревматоидты артритпен ауыратын науқасқа төменде көрсетілген препараттардың қайсысын қолдану кезінде белсенді туберкулез процесінің (басқа қауіп-қатер факторларына тәуелсіз) пайда болу қаупі жоғары?

E)Инфликсимаб

 

30 жастағы науқас, БСА 50сатысы, полиурия, никтурия. Аз белокты емдәм қабылдайды. ААФ - фозикард 10 мг фонында АҚҚ 160/105мм с.б. Көзге көрінетін ісінулері жоқ. Артериялық гипертониямен күресуде қандай тактика жүргізесіз?

D) АҚҚ және креатинин бақылауымен амлодипин тағайындау

Науқас 31 жаста.Балалық шақта туа болған бүйрек аномалиясы фонында қайталамалы ЗШЖИ-мен зардап шеккен. Бала кезінде ота жасалынған. Қазіргі уақытта сүйектеріндегі ауру сезіміне шағымданады. Зәрінде: ақуыз-0,3г/л, лейкоциттер-3-4в к/а, эритроциттер -2-3 к/а. ШФЖ-45мл/мин. Қанда: ПТГ жоғары (200пг/л), кальций мен фосфор деңгейі қалыпты.Төменде аталған препараттардың ішінен қайсысын тағайындау қажет?

A) Кальцитриол

 

Жедел лейкозбен ауырытын науқаста жұлын сұйықтығында лейкемиялық (бластты) жасуша анықталды. Нейролейкозды интратекальды емдеу үшін кандай препарат тиімдірек?

C) Метотрексат

 

Әйел адам 46 жаста, гемограммада: лейкоцит- 82х109/л, промиелоцит-4%, миелоцит-9%, метамиелоцит-11%, т/я-20%, с/я–40%, базофилдер–3%, эозинофилдер–6%, лимфоцит–8%, тромбоциттер–584х109/л, Нв–112 г/л. Миелограммада: жасушалардың көбеюі, миелокариоциттер мен мегакариоциттердің ұлғаюы, гранулоцитарлы қатардағы барлық элементтер анықталады., миелоидты жасушалардың эритроидты жасушаларға қатынасы – 28:1. Позитивті жасушалардың көрінісі Ph-хромосома. Емнің тиімділігін ерте көру үшін қандай препарат тиімді?

B)Иматиниб (Гливек)

 

16 жастағы жасөспірім ЖРВИ кейін 2 аптадан соң салмағының төмендеуін, шөлдеу, жиі зәр шығаруын байқады. Терісі мен тілі құрғақ. Бауыры қабырға доғасынан 3 см шығып тұр. Гликемия ашқарында 12,7 және 16,6 ммоль/л. Зәрдіңменшікті салмағы - 1030.

Қандай емдеу әдісі ең тиімді?

E) инсулинотерапия 0,3 бірлік/кг дене салмағына

 

25 жастағы қызға диффузды токсикалық жемсау, орташа ауырлық дәрежесі бойынша, ем жүргізілген мерказолил 30 мг тәулігіне, обзидан 60 мг, тәулігіне, феназепам 2 мг тәулігіне қабылдаған. Ем барысында жағдайы жақсарған, бірақ айқын лейкопения дамыған. Лейкопения дамуына БАРЫНША мүмкін себебті атаңыз?

B) Мерказолилді қабылдау

 

35 жастағы әйел адам жалпы әлсіздікке, айқын шаршағыштыққа, тәбетінің жоғалуына, лоқсуға, есінен тануға шағымдалып келді. Анамнезінде: Иценко-Кушинг ауруына байланысты адреналэктомия. Объективті: бойы 165 см, салмағы 42 кг. Тері мен шырышты қабаттардың гиперпигментациясы. АҚ - 70/40 мм с.б.б. Қанда: эритр-3,5 млн., лейк-4,5 мың., НВ-75 г/л, ЭТЖ-13 мм/сағ, қанда қант деңгейі 8.00- 2.9 ммоль/л.

Көрсетілген дәрілердің қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді?

E) гидрокортизонды

 

67 жастағы әйел кезеңді турде жиі жүрек соғу ұстамаларына, ентігуге шағымданады. Зерттеу кезінде ЭКГ серияларында пароксизмальді жүрекшелердің жыпылықтауы, сол қарыншаның алдыңғы қабырғасының субэндокардиальді ишемиясы тіркелді. Изокет, конкор, аспиринді тағайындағаннан кейін науқас жағдайы жақсарды, жыпылықтаушы аритмияның пароксизмдері азайды.

β – адреноблокаторлардың көрсетілген қандай құрамы БАРЫНША мүмкін науқас жағдайының жақсаруына себеп болды?

C) Ишемияланған миокардта жыпылықтау табалдырығының жоғарлауы

 

Триглицеридтердің деңгейі мына дәріні қабылдағанда БАРЫНША мүмкін нәтижелі төмендейді:

E) Ципрофибратты

 

Ер адам 43 жаста, стенокардияға байланысты күн сайын изосорбид динитрат қабылдауға мәжбүр, бірақ препаратқа тұрақтылық дамыды. Анамнезінде обструкциялы бронхит. Пациентті оптимальды жүргізу тактикасы қандай?

E) Изосорбид динитратты изосорбид – 5 – мононитратқа алмастыру

 

Миокард инфарктісін өткерген 78 жастағы әйел баспалдақтың бір деңгейіне (пролет) көтерілгенде төс артында пайда болатын қысып ауратын ауру сезіміне, ентігуге, жүрек соғысы мен аритмияға, бас айналуға шағымданады. Объективті: өкпеде іркілісті ылғалды сырылдар, аяқтарындағы ісіну. Қарыншалардың жиырылу жиілігі 106 рет минутына болатын жыпылықтаушы аритмия. АҚ – 170/100 мм с.б.

Көрсетілген дәрілердің қайсысы БАРЫНША «ұрлау» синдромына және коронарлы қан ағысының нашарлауына алып келуі мүмкін:

C) Эуфиллин

 

Кардиологиялық бөлімшеге 76 жастағы ер адам ангинозды ұстамамен жеткізілді. ЭКГде ST сегментінің III aVF депрессиясы анықталды. Екі реттік тексеру барысында тропонин теріс. Төменде аталған тағайындаулардың қайсысы инфаркт миокарды және өлімнің жоғарылау қатеріне алып келуі БАРЫНША ықтимал?

D) Антикоагулянттар

 

Кеуде артындағы қарқынды аурыру ұстамасымен 69 жастағы әйелде морфин енгізген кезде тыныс алу орталығының әлсіреу белгілері пайда болды.

Көрсетілген дәрілердің қайсысын енгізу БАРЫНША тиімді?

C) Налоксон

 

44 жасар науқас ауыр ағымды бронхиалды демікпемен 25 жыл бойы ауырады. Преднизолон 30 мг тәулігіне, беклометазон дипропионаты 600 мкг/тәул және сальметерол қабылдайды. Сальбутамолда қажеттілік – күніне 3-4 рет, тұншығу ұстамасы аздаған физикалық жүктеме кезінде пайда болады, өткір иістер, шаң, температура өзгерістері теріс әсер көрсетеді. Сонымен қатар, науқаста созылмалы гастрит, артериалды гипертензия 2 деңгей, қауіп тобы 3, ДМИ – 32. Қандай емдеу тактикасы ең дұрыс?

D) Беклометазонды флюнисолид немесе будесонидпен ауыстыру

 

26 жастағы ер адам ашты тамақ пен ішімдік қабылдағаннан 30 - 40 минуттан кейін асқазан тұсындағы басып ауру сезіміне; сода қабылдағаннан кейін азаятын, қатты мазалайтын қыжылға; қышқылмен кекіруге шағымданады. Қарап тексергенде: тілі ақ жабынмен жабылған, терең пальпацияда асқазан тұсындағы жайылмалы ауырсыну сезімі. ЭФГДС да: асқазан кілегейлі қабаты қызарған және ісінген, антральды бөлігінде – бірен саран геморрагиялық эрозиялар. Науқасқа төменде келтірілген дәрілердің қайсысы БАРЫНША көретілген?

C) Лансопрозол

 

Әйел 27 жаста, жүктілігінің 28-29 аптасы, УДЗ кезінде өт қапшығында өт шығу жолының ¼ жауып тұратын өттастары анықталды. Көп майлы тамақ жегеннен кейін ішінде белдемелі ауру сезімі, жүрек айну, 1 рет жеген тамағы аралас құсу болды. Жүктілік кезінде төменде көрсетілгендердің ішінде қайсысы берілген патологияның даму қауіпін жоғарлатады?

C) Эстрогендердің жоғары деңгейі

 

Әйел 36 жаста, іштің төменгі бөлігіндегі толғақ тәрізді ауру сезімге шағымданады. Улкен дәреттен кейін ауру сезімі азаяды. Тәулігіне 4-5 реттік жағымсыз иісті ботқа тәрізді нәжіске, тенезмдер.Бөрітпесі – 37,5, соңғы айларда 5 кг арықтаған.Буындары ауру сезімді. Б Ирригоскопияда:ішектері біркелкі емес тарылған,рельефі шырышты көрінісі «булыжной мостовой». Емдік терапия сульфосалазиноммен басталды. Еміне қандай антибиотикті қосқан дұрыс?


Дата добавления: 2015-08-27; просмотров: 320 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.029 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>