Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

1** Науқас 20 жаста жұқпалы аурулар ауруханасына дене қызуының 380 дейін көтерілуіне, әлсіздік, іштегі ұстама тәрізді ауру сезіміне, жүрек 28 страница



Науқаста қандай асқыну дамыған болуы мүмкін?

* Ми ісінуі мен домбығуы

*+Инфекциялық-токсикалық шок

* Жедел бауырлық энцефалопатия

* Жедел бүйрекүсті жетіспеушілік

* Жедел жүрек-қантамыр жетіспеушілігі

** Ауруханаға 18 жастағы жас қыз дене қызуының көтерілуіне, қатты бас ауыруына, 2 рет құсу шағымдарымен келіп түсті. Үйінде кіші інісі ЖРВИ – мен ауырып жазылған. Ауруханада пенициллин тәулігіне 12 млн, ыстық түсіруші препарат, осельтамивир (тамифлю) препаратын тәулігіне 75г, көп сұйықтық ішу, аскорбин қышқылын тағайындаған. Бүгін науқастың жағдайы кенеттен нашарлап, психомоторлық қозу, денесінің барлық жерінде геморрагиялық бөртпелер пайда болған, тыныс алу жиілігі – 25 рет мин., тамыр соғысы 130 рет/мин, жіптәрізді, ҚҚ – 60/40 мм с.б., дене температурасы 36,20С. Таңертеңнен бері кіші дәретке шықпаған.

Науқастың жағдайы қай препараттан кейін нашарлаған болуы мүмкін?

* Көп сұйықтық ішу

* Осельтамивир тағайындау

* Аскорбин қышқылын тағайындау

* Ыстық түсіруші препаратты тағайындау

*+Бактерицидтік антибиотик тағайындау

** 26 жастағы әйел ауруханаға ауыр жағдайда келіп түсті. Туыстарының айтуы бойынша кеше кешкі сағат шамамен 22.00 де қалтырау, дене қызуы 400С – қа көтерілуімен, басының қатты ауыруымен басталған. Парацетомол ішіп сосын ұйықтауға жатқан. Таңертең әйел төсектен тұрмайды, денесінің барлық жерінде бөртпе пайда болған, дене қызуы 39,80С жоғарылап ыстық түсіруші препараттар көмектеспеген. Жағдайы ауыр, есі анық. Менингеальді симптомдар жоқ. Кеудесінде және аяқ-қолдарында геморрагиялық «жұлдызша тәрізді» бөртпелер пайда болған. ҚҚ – 90/60 мм сын.бағ., ЖСЖ 120 рет мин., пульсі әлсіз толымды, таңертеңнен бастап кіші дәрет болмаған.

Науқаста қандай асқыну дамуы мүмкін?

* Кардиогенді шок

* Анафилактикалық шок

* Гиповолемиялық шок

*+Инфекциялық- токсикалық шок

* Ми қанайналымының жедел бұзылысы

** 36 жастағы ер адам қайталамалы құсу, іштің жиі өтуі шағымыдармен ауылдық ауруханаға жеткізілді. Қарап тексергенде: дене қызуы – 36,0°С, әлсіз, шөлдеу мазалайды. ҚҚ – 80/60 мм сын.бағ. Пульс минутына 105 рет. Даусы қарлыққан. Тері тургоры төмендеген. Пальпация кезінде іші ауру сезімсіз. Үлкен дәреті сұйық, күріш қайнатпасы тәрізді, иіссіз.



Қандай емдік шара бірінші кезекте жүргізілуі тиіс?

* Гормонотерапия

* Десенсибилизация

* Антибиотиктер қабылдау

*+Тамыр ішіне тұзды ерітінділер құю

* Осмотикалық диуретиктер салу

** 26 жастағы ер адам қайталамалы құсу, әлсіздік, эпигастральды аймактағы ауыру сезіміне, 5-6 ретке дейін сұйық нәжіс шағымдарымен жұқпалы аурулар ауруханасына келді. Эпиданамнезі: таңертең қуырылған тауық жеген. Қарап тексергенде: температура – 36,0°С, әлсіз, шөлдеу мазалайды. ҚҚ – 85/60 мм сын.бағ. Пульсі минутына – 95 рет. Іші жұмсақ, кіндік аймағындағы ауыру сезімі мазалайды. Қарынның тітіркену симптомдары жоқ. Нәжісі көп мөлшерде, сұйық, сасық иісті, жасыл түсті. Клинико-эпидимиологиялық мәліметтеріне негізінде отырып «Сальмонеллез, гастроинтестинальді түрі, ауыр ағымды. Асқынуы Гиповолемиялық шок» диагнозы қойылған.

Қандай емдік шара бірінші кезекте жүргізілуі тиіс?

* Гормонотерапия

* Десенсибилизация

* Антибиотиктер қабылдау

* Осмотикалық диуретиктер қабылдау

*+Асқазанды жуу, т/і және оральді тұзды ерітінділерді енгізу


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 34 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>