Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

1** Науқас 20 жаста жұқпалы аурулар ауруханасына дене қызуының 380 дейін көтерілуіне, әлсіздік, іштегі ұстама тәрізді ауру сезіміне, жүрек 22 страница



Науқаста қандай асқыну дамыған?

* Өкпенің ісінуі

*+Пневмония

* Жедел бронхит

* Жүрек жетіспеушілігі

* Тыныстың жетіспеушілігі

 

** 25 жастағы ер адам, жедел ауырған, басының маңдай бөлігі мен көз алмаларындағы ауру сезімі мазалап, қалтырап, бүкіл денесі қақсаған, тамағы ауырған, мұрны бітеліп, дене температурасы 39оC дейін көтерілген. Өзі терафлю, парацетамол ішкен, ем қонбаған. Жедел жәрдем бригадасын шақырып, жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген. Қарағанда: ауруының 2-ші күні аңқсында айқын гиперемия, беті ісінкіреп, қызарған, көз склералары инъекцияланған, мұрны бітелген. Өкпесінде – тынысы қатаң, сырылдар жоқ. Жүрек тондары бәсең, тахикардия, ЖСЖ минутына 98 рет, АҚҚ 100/60 мм.с.б.

Қандай диагноз ЕҢ ықтимал?

*+Грипп

* Ринит

* Парагрипп

* Энтеровирусты инфекция

* Аденовирусты инфекция

 

** 24 жастағы ер адам орталық аудандық ауруханаға жедел жәрдеммен «Жедел ішек инфекциясы» деген диагнозбен жеткізілді. 2 күн бұрын, жедел ауырған.Шағымдары: жүрек айну, 2 рет құсу, 1 рет сұйық нәжіс, ішінің төменгі оң жақ бөлігінің ауру сезіміннің күшейуі. Тексеру барысында оң жақ мықын аймағында қатты ауру сезімінің күшейюі байқалады, ішперденің тітіркену симптомы теріс, ішек перистальтикасы бар. Лейкоциттер саны 18 х 109/л. Қан сарысуындағы амилазаның белсенділігі қалыпты жағдай шамасында. Нәжісті жасырын қанға тексеру анализі теріс.

Қандай аурумен дифференциалды диагностика жүргізген жөн?

* Перитонит

* Жедел панкреатит

* Жедел холецистит

*+Жедел аппендицит

* Шап жарығының түсуі

 

** 65 жастағы әйел орталық аудандық ауруханаға жедел жәрдеммен жедел ішек инфекциясы диагнозымен жеткізілді. 2 күн бұрын жедел ауырған. Шағымдары: жүрек айну, 3 рет құсу, 2 рет сұйық нәжіс, ентігу, эпигастрий аймағында ауырсыну сезімінің болуы, АҚ 90/50 мм.с.бб. пульс 105 минутына.

Қандай аурумен дифференциалды диагностика жүргізген жөн?

* Перитонит

*+ Миокард инфаркты

* Жедел панкретит

* Жедел холецистит

* Жедел аппендицит

 

** Университеттердің бірінде профилактикалық тексеру кезінде дәрігер студенттің беттіңде, бастың шаш бөлігінде, аяқ-қолдарында дакты -папулезді, везикулезді кей жерлері қабыршақпен қапталған бөртпені байқады.



Ошақта қарым-қатынаста болғандарды қанша бақылайды:

* 5 күн

* 10 күн

* 14 күн

*+21 күн

* 30 күн

 

** 18-19 апталық жүктілік мерзімімен 22 жастағы әйел орталық аудандық ауруханаға жедел жәрдеммен жеткізілді. 7 күн бұрын жедел ауырған, шағымдары: жүрек айну, 1-2 рет құсу, эпигастрий аймағындағы ауырсыну сезімі, зәрдің қоңырлануы. Эпидемиологиялық анамнезінде: жер үйде тұрады, қайнамаған су ішеді. Объективті қарағанда: тері жабындысы мен склералары сарғайған, бауыры қабырға доғасынан + 2,0 см төмен. Зәр анализін өт пигменттеріне тексергенде ˗ оң, билирубин 120 ммоль/л, тікелей 98 ммоль/л, АЛТ 463 бірлік/л(қалыпты жағдайда 44 бірлік/л), тимол сынамасы 15 бірлік.

Жүкті әйелді қайда жатқызады?

* Жұқпалы аурулар ауруханасына

*+Терапия бөлімшесіне

* Гастроэнтерология бөлімшесіне

* Перзентхананың обсервация бөлімшесіне

* Перзентхананың жалпы бөлмесіне

 

** 20 жасар студент емхананың терапевт дәрігеріне жалпы әлсіздік, жүрек айну, 2 рет құсу, эпигастрий және оң жақ қабырға асты аймағында ауырсыну сезімінің болуы, зәрдің қоңырлауына шағымданды. Эпидемиологиялық анамнезі: жатақханада тұрады, қоғамдық тамақтану орындарында тамақтанады. Объективті: тері жабындысы мен склералары сарғайған, бауыры қабырға доғасынан + 2,0 см төмен. Зәр анализін өт пигменттеріне тексергенде ˗ оң, билирубин 120 ммоль/л, тікелей 98 ммоль/л, АЛТ 463 бірлік/л(қалыпты жағдайда 44 бірлік/л), тимол сынамасы 15 бірлік ИФА- aHAVIgM оң.

Ошақта қарым-қатынаста болғандарды қанша уақыт бақылайды:

* 14 күн

* 7 күн

* 3 ай

*+35 күн

* 6 ай

 

** 40 жастағы ер адам, Қызылорда облысының тұрғыны, орталық аудандық ауруханаға жолықты. Жедел ауырған: қалтырау, жоғары дене қызуы, басының ауыруы мазалаған. Шап аймағындағы ауру сезіміне байланысты төсектегі қалпы мәжбүрлі. Тексеру барысында – шаптың лимфалық түйіндері жұдырық көлемінде ұлғайған, қатты ауырады, қызарған, шекарасы анық емес теріге жасқан. Табаны мен балтырында бүрге шаққан және тырналған іздер байқалады.

Дәрігердің ЕҢ бастапқы іс-әрекеті қандай:

*+Науқасты оқшаулау

* Науқасты ауруханаға жатқызу

* Жедел хабарлама жіберу

* Науқаспен қарым-қатынаста болғандардың тізімін жасау

* Инфекционисттің кеңесін алу

 

** 33 жастағы ер адам, жұқпалы аурулар ауруханасының қабылдау бөліміне ауруының 6-шы күні жеткізілді. Шағымдары: басының қатты ауруы, айқын әлсіздік, ұйқының бұзылуы, дене қызуының 39,8°С-қа дейін жоғарылауы. Эпидемиологиялық анамнезі: 2 апта бұрын қала шетіндегі көлге барып демалған. Объективті: жағдайы ауыр, әлсіз, сұрақтарға бірден жауап бермейді. Тері жабындылары бозғылт, құрғақ, ыстық. Өкпеде құрғақ сырылдар естіледі. Жүрек тондары бәсеңдеген. Пульсі – 78 рет/мин. ҚҚ – 110/70 мм с.б. Тілі құрғақ, сұр-қоңыр жабындымен жабылған, шеттері мен ұшы таза. Іші кепкен. Іші қатқан.

Қай диагноз ЕҢ ықтимал болып табылады?

* Безгек

* Бруцеллез

* Бөртпе сүзегі

*+Іш сүзегі

* Ку-қызбасы

 

** 25 жастағы ер адам, жұқпалы аурулар ауруханасында 10 күн бойы «Іш сүзегі» диагнозымен ем қабылдап жатыр. Ауруханаға ауруының 8-ші күні түсті. Диагноз қаннан S. typhi дақылының анықталуымен дәлелденді. Науқас цифран 1,0/тәул. қабылдап жатыр. Барлық күндері дене қызу 38,2-38,5ºС-қа дейін жоғарылаған, бүгін дене қызуы қалыпты. Қарап тексергенде: есі анық, бірақ тежелген. Тері жабындылары бозғылт, ылғалды. Пульсі 102 рет/мин. ҚҚ-90/60 мм с.б. Екі рет қара түсті сұйық нәжіс болған.

Науқаста қандай асқыну дамыған?

* ТШҚҰ-синдромы

* Гиповолемиялық шок

*+Ішектен қан кету

* Инфекциялық-токсикалық шок

* Іш сүзегі жарасының перфорациясы

 

** 22 жастағы студент Алматыға Африка мемлекетінен келген, ауруханаға айқын қалтыраумен, тершеңдікпен қатар жүретін қызба ұстамаларына шағымданып түсті. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Дене температурасы – 38,9ºС. Бауырдың төменгі шекарасы қабырға доғасынан 1,0-1,5 см-ге төмен анықталады, көк бауыры ұлғайған. Жалпы қан анализінде: эритроциттері-2,9×1012/л, Нв-101 г/л, лейкоциттері - 6,9×109/л, ЭТЖ-30 мм/сағ.

Қай диагноз ЕҢ ықтимал болып табылады?

* Іш сүзегі

* Бруцеллез

* Бөртпе сүзегі

*+Безгек

* Ку-қызбасы

 

** 42 жастағы ер адам, қабылдау бөліміне дене қызуының жоғарылауына, айқын қалтырау мен тершеңдікке шағымданып түсті. Анамнезде: 2 апта бұрын Африкаға іс-сапарға барған. Эпид.анамнез ескере отырып, қанның жұқа жағындысы зерттелінген, Pl. Falciparum қарапайымдылары анықталды.

Қандай диагнозды негіздеу керек?

* Оvale-безгек

* Үш күндік безгек

*+Тропикалық безгек

* Екі күндік безгек

* Төрт күндік безгек

 

** 48 жастағы әйел адам, аяқ бұлшық еттеріндегі ауыру сезіміне, дене қызуының жоғарылауына, әлсіздікке, бас ауыруына шағымданады. Анамнезде: жаз бойы табиғатқа шығып демалған, Қапшағай көлінде шомылған. Қарап тексергенде: жағдайы орташа ауырлықта, дене қызуы – 38,9ºС. Тері жабындыларының түсі қалыпты, көз склералары субиктериялы. Денесі мен қолдарында петехиальді бөртпе байқалады. Барлық лимфа түйіндері улкейген. Бауырдың төменгі шекарасы қабырға доғасынан 1,5 см-ге төмен анықталады. Зәрінің түсі – қанық-сары.

Қай диагноз ЕҢ ықтимал болып табылады?

* Иерсиниоз

* Бруцеллез

*+Лептоспироз

* Вирустыгепатит

* Геморрагиялық васкулит

 

** 40 жастағы ер адам, ауруханаға балтыр бұлшық еттерінің айқын ауыру сезіміне, дене қызуының жоғарылауына, әлсіздікке, бас ауыруына, бел аймағының ауыру сезіміне шағымданып түсті. Анамнезде: жеміс қоймасында жүк тасушы болып жұмыс істейді. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр, дене қызуы – 38,7ºС. Тері жабындыларының түсі қалыпты, склералары субиктериялы. Беті ісінген. Денесі мен аяқ-қолдарында петехиальді бөртпе көрінеді. Бауырдың төменгі шекарасы қабырға доғасынан 1,0-1,5 см-ге төмен анықталады. Бел аймағында соққылау симптомы «оң». Зәр көлемі азайған. Қанның жалпы анализінде: лейк.-11,3×109/л. Зәрдің жалпы анализінде: белок-2,0‰, лейк.-30-40 к./а., эритр.-15-25 к./а. Қанның биохимиялық анализінде: креатинин 221 ммоль/л, мочевина – 18 ммоль/л.

Қандай асқыну дамыған?

* Гиповолемиялық шок

* Инфекциялық-токсикалық шок

*+Бүйректің жедел жетіспеушілігі

* Бауырдың жедел жетіспеушілігі

* Бүйрек үсті бездерінің жедел жетіспеушілігі

 

** 19 жастағы студент жұқпалы аурулар бөлімшесіне ауруының 4-ші күні тамағының ауыру сезіміне, дене қызуының 39ºС-қа дейін жоғарылауына, бас ауыруына, әлсіздікке шағымданып түсті. Қарап тексергенде: жағдайы орташа ауырлықта. Аңқасында: шырышты қабаты қызарған, бадамша бездер үлкейген, жабындымен жабылған. Жұтқыншақтың артқы қабырғасы қызарған. Склерлары субиктериялы. Мойын, жақ асты лимфа түйіндері үлкейген. Бауырдың төменгі шекарасы қабырға доғасынан 1,0 см-ге төмен анықталады. Қанның жалпы анализінде: лейк.-12,5×109/л, т/я нейтр.-1%, с/я нейтр.-40%, лимф.-42%, мон.-11%, атипті мононуклеарлар-8%.

Қай диагноз ЕҢ ықтимал болып табылады?

* Иерсиниоз

* Лептоспироз

* Вирустыгепатит

* Жедел тонзиллит

*+Инфекциялық мононуклеоз

 

** 47 жастағы ер адам, қабылдау бөліміне ауруының 4-ші күні жеткізілді. Шағымдары: бас ауыруы, әлсіздік, қалтырау, дене қызуының 39,0ºС-қа дейін жоғарылауы, ұйқысыздық. Анамнезде: алыс жолға жүретін жүк тасымалдайтын машина жүргізушісі болып жұмыс істейді. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр. Эйфориялы, қозған. Беті қызарған. Көз склераларының тамырлары инъекцияланған. Денесі мен аяқ-қолдарында көптеген розеолезді-петехиальді бөртпе байқалады. Жүрек тондары бәсеңдеген, тахикардия. Тонометр манжетінің орнында теріде петехиялар көрінеді.

Қай диагноз ЕҢ ықтимал болып табылады?

* Грипп

* Лептоспироз

* Іш сүзегі

* Кенелік бөртпе сүзегі

*+Эпидемиялық бөртпе сүзегі

** 32 жастағы ер адам, ауруханаға 10-шы қазанда, ауруының 4-ші күні түскен. Шағымдары: дене қызуының 38,8ºС-қа дейін жоғарылауы, қалтырау, әлсіздік, бас ауыруы, тамағының ауыру сезімі, тұмау, 3 рет іші өткен. Анамнезде: жұмыс істемейді, жеке меншік үйде тұрады. Қарап тексергенде: жағдайы орташа ауырлықта. Денесінде аздаған дақты-папулезді бөртпе байқалады. Көз склералары аздап сарғайған. Аңқасында: шырышты қабаты қызарған, бадамша бездері үлкейген, жабындылары жоқ. Мойын, жақ асты, қолтық, шынтақ лимфа түйіндері үлкейген. Бауырдың төменгі шекарасы қабырға доғасынан 1,5 см-ге төмен анықталады.

Қай диагноз ЕҢ ықтимал болып табылады?

*+Иерсиниоз

* Лептоспироз

* Сальмонеллез

* Вирусты гепатит

* Жедел тонзиллит

** 45 жастағы әйел адам ауруханаға ауруының 7-ші күні түсті. Дене қызуының 38,5-39,5ºС-қа дейін жоғарылауына, қалтырауға, тершеңдікке, буындары мен бұлшық еттеріндегі ауыру сезіміне, бас ауыруына, құрғақ жөтелге шағымданады. Анамнезде: фермада сауыншы болып жұмыс істейді. Қарап тексергенде: жағдайы орташа ауырлықта. Тері жабындыларының түсі қалыпты. Өкпеде – тыныс әлсіреген, сырылдар жоқ. Бауыры ұлғайған. Зертханадан серологиялық зерттеу нәтижесі алынды: R. Burnetti антигеніне қарсы антиденелер титрі 1: 32.

Қандай диагноз дәлелденді?

* Иерсиниоз

* Бруцеллез

* Лептоспироз

*+Ку-қызбасы

* Сібір жарасы

 

** 19 жастағы студент 3-ші наурызда ауруының 2-ші күні ауруханаға түсті. Шағымдары: басының қатты ауыруы, әлсіздік, дене қызуының 40,0ºС-қа дейін жоғарылауы. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр. Есі анық, солғын. Аңқада: жұтқыншақтың артқы қабырғасының жайылған гиперемиясы мен түйіршектенуі анықталады. Тері жабындылары ыстық. Аяқтарында көптеген геморрагиялық бөртпе көрінеді. Қанның жалпы анализінде: лейк.-25×109/л, таяқша ядролы нейтр.-11%, сегмент ядролы нейтр.-72%, лимф.-12%, мон.-5%.

Қай диагноз ЕҢ ықтимал болып табылады?

* Грипп

* Эпидемиялық бөртпе сүзегі

* Геморрагиялық лихорадка

*+Менингококкты инфекция

* Инфекциялық мононуклеоз

 

** 35 жастағы ер адам, бір ай бұрын ауырып бастаған: дене қызуы 39-40°С-қа дейін толқын тәрізді жоғарылаған. Бірте-бірте жалпы жағдайы нашарлаған: жүдеген, сол жақ қабырға астында ауырлық сезімі мен ауыру сезімі мазалайды. Эпид.анамнез: Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекарада қызмет етеді. Асхаада тамақтанады. Қарап тексергенде: тері жабындылары бозғылт, барлық лимфа түйіндері үлкейген, бауыр мен көк бауырдың төменгі шекаралары кіндік деңгейінде анықталады, консистенциясы тығыз. Жалпы қан анализінде: эритр.-3,0×1012/л, Нв-117 г/л, лейк.-4,2×109/л, ЭТЖ-45 мм/сағ.

Қай диагноз ЕҢ ықтимал болып табылады?

* Токсоплазмоз

* Гепатокарцинома

* Вирусты гепатит

*+Висцеральді лешманиоз

* Геморрагиялық қызба

 

** Үндістаннан келген медицина университетінің студентінде дене қызуының жоғары сандарға дейін ұстама тәрізді жоғарылауы, қалтыраулар, айқын тершеңдік болған, көз склераларының сарғыштығы байқалған, бауыры мен көк бауыры ұлғайған. Қан жағындысында микроскопиялық әдіспен Pl. Vivax қарапайымдылары анықталған. 3 күн бойы делагил қабылдаған.

Ауру рецидивтерін алдын алу үшін қандай дәрі қолдану керек?

* Хинин

*+Примахин

* Мефлохин

* Доксициклин

* Сульфадиазин

 

** 45 жастағы әйел адам ауруханаға ауруының 7-ші күні түсті. Дене қызуының 38,5-39,5ºС-қа дейін жоғарылауына, қалтырауға, тершеңдікке, буындары мен бұлшық еттеріндегі ауыру сезіміне, бас ауыруына, құрғақ жөтелге шағымданады. Анамнезде: фермада сауыншы болып жұмыс істейді. Қарап тексергенде: жағдайы орташа ауырлықта. Тері жабындыларының түсі қалыпты. Өкпеде – тыныс әлсіреген, сырылдар жоқ. Бауыры ұлғайған. Зертханадан серологиялық зерттеу нәтижесі алынды: R. Burnetti антигеніне қарсы антиденелер титрі 1: 32.

Қандай антибиотик тағайындау қажет?

* Линкомицин

* Пенициллин

* Ампициллин

*+Доксициклин

* Ципрофлоксацин

 

** 32 жастағы ер адам, ауруханаға қазанда, ауруының 4-ші күні түскен. Шағымдары: дене қызуының 38,8ºС-қа дейін жоғарылауы, қалтырау, әлсіздік, бас ауыруы, тамағының ауыру сезімі, тұмау, 3 рет іші өткен. Анамнезде: жұмыс істемеді, жеке меншік үйде тұрады. Қарап тексергенде: жағдайы орташа ауырлықта. Денесінде аздаған дақты-папулезді бөртпе байқалады. Көз склералары аздап сарғайған. Аңқасында: шырышты қабаты қызарған, бадамша бездері үлкейген, жабындылары жоқ. Мойын, жақ асты, қолтық асты, шұнтақ лимфа түйіндері үлкейген. Гепатомегамия, гемакультурадан Y. Enterocolitica анықталды

Қай этиотропты дәрі ең тиімді болып табылады?

* Делагил

* Линкомицин

* Пенициллин

* Доксициклин

*+Ципрофлоксацин

 

** 19 жастағы студент 3-ші наурызда ауруының 2-ші күні ауруханаға түсті. Шағымдары: басының қатты ауыруы, әлсіздік, дене қызуының 40,0ºС-қа дейін жоғарылауы. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр. Есі анық, солғын. Аңқада: жұтқыншақтың артқы қабырғасының жайылған гиперемиясы мен түйіршектенуі анықталады. Тері жабындылары ыстық. Аяқтарында көптеген геморрагиялық бөртпе көрінеді. Қанның жалпы анализінде: лейк.-25×109/л, т/я нейтр.-11%, с/я нейтр.-72%, лимф.-12%, мон.-5%.

Қай этиотропты дәрі ЕҢ тиімді болып табылады?

*+Левомицетин сукцинаты

* Ампициллин тригидраты

* Линкомицин гидрохлориді

* Бензил-пенициллиннің калий тұзы

* Бензил-пенициллиннің натрий тұзы

 

** 22 жастағы студент Алматыға Африка мемлекетінен келген, ауруханаға айқын қалтыраумен, тершеңдікпен қатар жүретін қызба ұстамаларына шағымданып түсті. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Дене температурасы – 38,9ºС. Бауырдың төменгі шекарасы қабырға доғасынан 2,0-2,5 см-ге төмен анықталады, көк бауыры ұлғайған. Қанның жалпы анализінде: эритр.-2,9×1012/л, Нв-101 г/л, лейк.-6,9×109/л, СОЭ-22 мм/сағ.

Диагноз дәлелдеу үшін ЕҢ ақпаратты зерттеу әдісі?

*+Қанның қалың тамшысы мен жұқа жағындысы

* Қанды қосарланған ортаға себу

* Провачек риккетсиялармен КБР

* Қанды өтті ортаға себу

* Қанды транспортты ортаға себу

 

** Ер кісі 22 жаста, ауруының 3 ші күні қабылдау бөліміне келесі шағымдармен келді: ауызының құрғауына, заттардың екі еселенуіне және көруінің нашарлауына, жутынудың қиындауына, шашалуына шағымданады. 3 күн бұрын қонақта болып салат, кәуап, консервіленген қызанақ жеген. Келесі күні әлсіздік, ауызының құрғауы, эпигастрии аймағында ауырсыну, 2 рет құсу болған. Көз алдында “тор”, заттың екі еселенуі, жұтудың қиындауы, даусының қарлығуы пайда болғанын байқаған. Қарау кезінде: есі анық, екі қабақта птоз, мидриаз. Сұйық тағамды жұтуы қиындаған, тамағында жайсыздық сезінеді.

Қай диагноз ЕҢ ықтимал?

*+Ботулизм

* Қантты диабет

* Тағамдық токсикоинфекция

* Артерильді гипертензия. Криз

* Бас ми қанайналымының жедел бұзылысы

 

** Бойжеткен 18 жаста. Емханаға эпигастрии аймағындағы ауру сезімімен, көп реттік құсу, жиі үлкен дәретке бару, аяқ –қолдарындағы ұстамаларға шағымданып келген. Анамнезінен: барахолкада асханадан тамақтанған соң 4 сағаттан кейін жедел ауырған. Қараған кезде температура- 37,5С, терісі боз, көздері шүңірейген. Іші кепкен, пальпацияда ішіндегі ауру сезімі анықталады. Ішектерде спазм жоқ. АҚҚ 90/60 сын.бағ.бой., пульсі 120 соқ/мин. Кіші дәреті болмаған. Үлкен дәреті сұйық, көп, түсі «ет жуындысындай».

Қай диагноз ЕҢ ықтимал?

* Амебиаз

* Сальмонеллез

* Жедел дизентерия

*+Тағамдық токсикоинфекция

* Жедел гастроэнтероколит

 

** Әйел адам 25 жаста ауруының екінші күні инфекциялық аурухананың қабылдау бөліміне қаралды. Ішіндегі толғақ тәрізді ауру сезіміне, ішінің өтуіне, басының ауруына, сұйық нәжіске күніне 10 рет, тенезмдерге, жалған шақыруларға шағымданады. Қараған кезде: дене температурасы - 36,0С, АҚҚ 90/60сын.бағ.бой.,.пульсі - 110 соқ/мин, сигма тәрізді ішектің спазмы байқалады. Үлкен дәреті нәжіссіз, шырыш, қан араласқан. ЖҚА;эр.-4,0* 1012/л, HB-145 г/л, лейк.-11,4* 109/л, э-1, п-1, с-75, л-18, м-5. СОЭ -17мм/сағ.

Қай диагноз ЕҢ ықтимал?

* Тырысқақ

* Сальмонеллез

*+Жедел дизентерия

* Тағамдық токсикоинфекция

* Жедел гастроэнтероколит

** Әйел кісі, 44 жаста ауруының 3-ші күні терапевтке ауызындағы құрғақтыққа, көзінің нашар көруіне, тыныс алуының қиындауына шағымданып келді. 4 күн бұрын қонақта болып маринадталған саңырауқұлақ жеген. Түскен кезде тыныс алуы қиындаған, есі анық, екі қабағының птозы, мидриаз, страбизм байқалған. Дауысы мыңғырлаған. Жүрек тондары бәсеңдеген, пульс-118 соқ/мин, АҚҚ 70/50 сын.бағ.бой., Өкпесінде- төменгі аймақта тынысы әлсіреген, аздаған ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Іші аздап кепкен, ішек перистальтикасы естілмейді.

Қандай ем ЕҢ тиімді?

* Пробиотиктер

* Симптоматикалық терапия

* Антибактерилды терапия

* Дезинтоксикациялық терапия

*+Ботулизмге қарсы сары су

** 40 жастағы әйел адам, терапевтке ауруының 1-ші күні қаралды. Ауруы қонаққа барғаннан кейін 3 сағаттан кейін басталды; эпигастридегі, кіндік аймағындағы ауру сезімі, құсу 4-5 рет, кіші дәреті 7-8 рет күніне мазалаған. Түскен кезде; дене температурасы-38С. Іші жұмсақ, пальпация кезінде эпигастридегі және оң жақ мықын аймағындағы ауру сезім анықталадыі. Ішектерде спазм жоқ. АҚҚ -110/60сын.бағ. бой.,Р-90соқ/мин. Кіші дәреті қалыпты. Үлкен дәреті сұйық, шырышпен, қоңыр- жасыл түсті, жағымсыз иісті.

Қандай диагноз ЕҢ ықтимал

* Тырысқақ

*+Сальмонеллез

* Жедел дизентерия

* Жедел гастроэнтероколит

* Тағамдықтоксикоинфекция

** 30 жастағы ер адам, ауруының екінші күні ауруханаға келіп түскен. Студенттер асханасында тамақтанғаннан кейін 2 сағаттан соң ауырған, эпигатрий және кіндік маңында ауру сезімі пайда болған, жүрегі айнып, 2-3 рет құсқан, іші 5-7 рет өткен. Түскенде: температурасы - 38ºС. Іші жұмсақ, пальпация кезінде эпигастридегі және оң жақ мықын аймағындағы ауру сезімі анықталған. Ішектерде спазм жоқ. АҚҚ -90/60сын.бағ. бой., пульс-100соқ/мин. Кіші дәреті қалыпты. Үлкен дәреті сұйық, шырышпен,қоңыр- жасыл түсті, жағымсыз иісті.

Диагнозды дәлелдеу үшін қанда йзерттеу жүргізу керек?

* Копрограмма

* Зәрдің жалпы анализі

* Қанның жалпы анализі

* Қос сары суды ТГАР

*+Нәжістің бактериологиялық анализі

 


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 44 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.042 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>