Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ағаш жоңқалы тақталарды өндіру технологиясы, қасиеттері және қолданылуы-Ағаш жаңқалы плиталар өндірісінің ең басты 7 страница



Сыртқы көрінісіне, өлшемдеріне және қасиеттеріне байланысты ағашталшық тақталарының (АТТ-ДВП) түрлері - Физико-механикалық көрсеткіштері бойынша-П-А және П-Б маркаларына; Бетінің сапасы бойынша –ІІ және І сұрыпқа; бетінің түрі бойынша –кәдімгі және ұсаққұрылымдық бет; (М)Бетін өңдеудің дәрежесі бойынша –шлифтенген және шлифтенбеген (Ш).Гидрофобты қасиеттері бойынша- қарапайым және жоғары су төзімділік (В)Формальдегидтің құрамы бойынша –Е1, Е2, Е3 эмиссия кластарына.

Торф және қамыс тақталарының, арболиттің қасиеттері және пайдалану саласы- шпорда бар

Ұялы бетон қасиеттерінің кеуектілік ерекшеліктеріне байланысты және оны анықтайтын факторлар -Бумен өңдеу процесінен кейін бұйымды өңдеу. Бұйымды автоклавтан алғанда, оның кеуектерінде өте көп ылғал болады, сондықтан кейбір өндіріс орындарында бұйымдарды бірнеше сағат цехта ұстайды. Бұл кезде бұйым беріктігі әктің карбонизациялану есебінен біршама артады. Бұйымды жасанды жолмен де кептіруге болады, ал кейбір жағдайларда оларға дұрыс пішін мен өошем беру үшін арнайы қондырғыларда өңдейді.Бұйымның барлық талаптарға сай жасалғанына көз жеткізу үшін оны сапаны бақылау бөлімінде тексереді. Жоғары техникалық дәрежеге жету үшін, өнімнің сапалығына, көп мерзімге шыдауына және олардың мақсатқа сай пайдалануы бетонды және темір бетондық заттардың қажетті дәрежеде өңделуінде.Өнімнің сапасының жоғары болуы бұл тех қана техникалық сапаны ғана қамтымайды, сонымен бірге ұйымдық, экономикалық, әлеуметтік және идеологиялық салаларға да байланысты. Көбікті бетонды өндіретін зауыттарға құрылыс зертханалары өте үлкен роль атқарады, ол өндірістің барлық түрлеріне бақылау мен сынауды жүзеге асырады. Зертханалық құжаттар барлық кезде күнделікті белгіленген кестелерге байланысты тиянақты және толық толтырылуы керек. Лабораториялық журналдың әрбір беті номерленген, тігілген және толық жазылған болуы керек. Зертханада бұл құжаттардан бөлек нормативтік құжаттар да болуы керек (МемСТ, СНиП, СН, ТУ, және басқа) бұл барлық сұрақтардың жауабына, зерттеулерге, сынақтарға байланысты, жауап береді. Сонымен техникалық қауіпсіздік сақтап, заңдар мен ережелерді орындап, белгілі бір инструкцияларға сәйкес жұмыс істеуі қажет, және зертхананың ішкі жағдайымен барлық технологтар таныс болуы керек.



Ұялы бетон негізіндегі бұйымдардың пайдаланушылық қасиеттері- Ұялы бетондар өндірісіндегі негізгі даму жолы бұл құралмалы тұрғын үй мен өндірістік ғимараттарының құрылысы үшін ыңғайлы ірі өлшемді бұйымдар шығару. Мұндай газды бетон панельдері қалыңдығы 24 см екі бір қабатты жарты панельдерден құралады. Жарты панельдердің аралық каркастары суық созылған диаметрі 3–4 мм болат сымтемірімен арматураланады. Әр панельдің 4 жағында траверсамен көтеруге арналған ілмектер монтаждалады. Панельдер биіктігі 5,6 және 6 м, биіктігі салынатын ғимарат биіктігіне сай, шамамен 2,7 м болады. өзге де ірі өлшемді бұйымдар, мысалы: арматураланған газды бетон өндірістік ғимараттардың жылу оқшаулағыш жабындары ретінде қолданылады. Мұндай плиталар ГОСТ 7741 – 66 сай ұзындығы 6 м, ені 1,5 м болуы керек. Арматураланған газды бетон панелінің конструкциясы бойынша, ол тік бұрышты газды бетоннан жасалған сөреден және екі тығыз темірбетоннан жасалған қабырғадан тұрады. Сөре мен қабырғаның біріктіріліп арматуралану нәтижесінде қатты конструкциялы плита аламыз. Жылу оқшаулағыш бетондардың массасы СНиП бойынша 500 кг/м3 болуы керек. Ал маркалары 300, 350, 400, 450, 500.

Ұялы бетондағы кеуектіліктің негізгі сипаттамалары -Ұялы бетондардың кеуектерінің өлшемдері әр түрлі болу мүмкін, орташа өлшемі 0,6 – 0,8-ден 2 – 2,2 мм-ге дейін болады. Технологиялық әдістер қолдану арқылы, мысалы: газды бетонды дірілдету арқылы, кеуектер үлкендігін қадағалауға болады. Ұялы бетон беріктігі артады, егер: а)кеуектер көлемі кішірейсе;б) неғұрлым кеуектер біркелкі орналасса, сол құрлым беріктігі артады:в) сфера тәрізді ашық кеуектерінің саны көп болса.Ұялы бетондардың су қажеттілігі қолданылатын тұтқыр заттың түріне байланысты: әк, магнезит және гипс негізіндегі бетондардың су қажеттілігі жоғары, ал портландцемент негізіндегі бетондардың су қажеттілігі төмен болады. Ашық кеуектердің көлемі көп болса су қажеттілігі де артады. Газды бетондардың су қажеттілігі 45 – 60%.Суға қаныққан газды бетонның сығылу беріктігі бастапқы беріктігінен 25 - 40% төмендейді. Кепкен соң газды бетон беріктігі толық қалпына келеді. Аязға төзімділігі. Газды бетон беріктігі 25 циклдан соң 70 - 20% жоғалтады. Келтірілген көбікті бетондар тиімді ұсақданалы құрылыс бұйымы болып табылады және аз қабатты ғимараттар салу үшін қабырға материалдары ретінде, сонымен бірге жылуайыру материал ретінде қолданады.Ұялы бетоннан алынатын заттардың екі тәсілі бар, олар пайдаланудтағы ұялы бетонмен және көбікті алу әдісімен ерекшеленеді.Бірінші нұсқа бойынша ұялы бетон массысын дайындау үш барабанды ұялы бетон араластырғышта өндіріледі, бір барабан цементі – құмды ерітіндіні дайындау үшін, екіншісі көбікті көпіртуге, ал үшіншісі – ұялы бетон массасын көбікті және цементті – құмды ерітіндіні араластыруда пайдаланылады. Көбікті алуды жылдамдату үшін ауаны қысып аралыстыр-ғышқа беру керек. Алынған көбік біріңғай ұялы структурамен 1 – 2 мм шкалада болуы керек. Ірі көпіршіктердің болуы жеткіліксіз көпіруден болады.Цементті – құмды ерітінді ерітінді араластырғыш құралда өңделеді. Даярланған көбікті және дайын ерітіндіні үшінші барабанды араластырғышқа бір уақытта жұктейді.Бастапқы алынған шикізаттар бетон араластырғышқа жүктеледі және 1,5–2 минут ішінде біріңғайландырып бағанға араластырады. Көбікгенера-торға суды және көбікконцентратты 40:1 қатынасында құяды. Көбікконцент-раттан алынған көбік, яғни 0,8 МПа қысымда сумен және қысылған ауамен араластыру жолымен ашылған көбікті бункерге жүктейді. Бункер қоспаны арнайы қалыптандыру цехына жібереді және керекті қалыпқа құйып, қажетті бейнеде алады.

Ұялы бетондардың қасиеттері және пайдалану саласы -Ұялы бетон деп ерітінді араласпасының қатаюы нәтижесінде алынған кеуекті жасанды тасты айтады.Нақтырақ айтсақ ұялы бетон бұл – тұтқыр заттың біртекті араласпасы, ұсақ-диперсті минералдық материал, су және қажетті қоспалар негізіндегі араласпаның қатаюы нәтижесінде алынатын кеуекті тас тәрізді материал.Ұсақ-дисперсті материал, негізінен кремнеземді компоненттен тұрады – бұл құрамында көп мөлшерде кремний оксиді болатын шикізат. Оның компонент деп аталу себебі жоғары температура (170-2000С) және ылғалды ауа ортасында (0,8-1,6 МПа) ол ұялы бетонның беріктігін қалыптастыруға қатысады.Ондай жағдай арнайы герметикалық қондырғы – автоклавта қалыптасады. Ұялы бетонның анықтамасына сәйкес – араласпа тұтқыр зат және кремнеземді компоненттен тұрады.

Ұялы кеуектендіру әдістері, байланыстырғыш заттың түрі, кремнеземды компонент түрі, қатаю ерекшелігі бойынша топтастыру -Ұялы бетондардың кеуектерінің өлшемдері әр түрлі болу мүмкін, орташа өлшемі 0,6 – 0,8-ден 2 – 2,2 мм-ге дейін болады. Технологиялық әдістер қолдану арқылы, мысалы: газды бетонды дірілдету арқылы, кеуектер үлкендігін қадағалауға болады. Көлемдік массасының мәндері үлкен шекте жатыр 300-ден 1200 кг/м3 дейін.ұялы бетон араластырғышта өндіріледі, бір барабан цементі – құмды ерітіндіні дайындау үшін, екіншісі көбікті көпіртуге, ал үшіншісі – ұялы бетон массасын көбікті және цементті – құмды ерітіндіні араластыруда пайдаланылады. Көбікті алуды жылдамдату үшін ауаны қысып аралыстыр-ғышқа беру керек. Алынған көбік біріңғай ұялы структурамен 1 – 2 мм шкалада болуы керек. Ірі көпіршіктердің болуы жеткіліксіз көпіруден болады.Цементті – құмды ерітінді ерітінді араластырғыш құралда өңделеді. Даярланған көбікті және дайын ерітіндіні үшінші барабанды араластырғышқа бір уақытта жұктейді.Бастапқы алынған шикізаттар бетон араластырғышқа жүктеледі және 1,5–2 минут ішінде біріңғайландырып бағанға араластырады. Көбікгенера-торға суды және көбікконцентратты 40:1 қатынасында құяды. Көбікконцент-раттан алынған көбік, яғни 0,8 МПа қысымда сумен және қысылған ауамен араластыру жолымен ашылған көбікті бункерге жүктейді. Бункер қоспаны арнайы қалыптандыру цехына жібереді және керекті қалыпқа құйып, қажетті бейнеде алады.

Ұялы шыныны алуға арналған шикізаттар өндіріс технологиясы және пайдалану саласы- Көбікшыныға пайдаланатын шикізат түріне байланысты екі негізгі технологиялық нобай бойынша өңдеп алуға болады: 1)Өндірілетін нобайдың кеңейтілген түрі бірінші шыны түйіршіктерін дайындап, содан соң одан көбік шынысын алады; 2)Өндірілетін нобайдың қысқартылған түрі: шыны сынықтарын өңдеп алып содан соң одан көбікшыны алады. Шыны сынықтарын ұнтақтап араластырып оған газ түзгіштерді қосу арқылы дайындалады. Көпнесе осы екі процесс шарлы диірменде бірге дайындалады. Ұнтақтау үшін екі камералы СМ -14 және СМ -16 шарлы диірменді қолданады. Майда түйіршікпен дайындалған көбік шыныларға шикізат материалы ретінде кәдімгі жай шыныға қолданылатын кварцты құм, әктас, доломит, сода, сульфатты алады. Кварцты құмды алдымен кептіріп алғаннан соң барып електен өткізеді. Әктас пен доломит жақты және балғалы ұнтақтағыштарда ұнтақтап, барабанды кептіргіште кептіреді де дезинтегратор-да немесе балғалы диірменде майдалайды. Сода мен сульфатты да дезинтегра-торда елейді. Осылайша дайндалған шыны шихтасының компоненттерін тарелкалы немесе басқада араластырғыштарда араластырады. Шихтаны балқыту және шыны массасын пісіру ванналы пештерде жүреді, бұл пештер табиғи газдармен қыздырылады. Пеш қазандықтарының S = 37 м2, l = 6,4 м, ені = 1,2 м, бұл пештің өнімділігі 45 тонна тәулігіне, көбікшыны өндірісінде негізгі технологиялық тапсырма ол шыны массасын пісіру жағдайындағы температуралық шамада шыны шихтасын пісіру 600-1000 0С-ге дейін. Көбікшыны аудиторияларда, концерт залдарында және кинотеатрларда әрлегіш материалы және дыбысоқшаулағыш ретінде қолдануға болады.

Ұялы шыныны алудың физика – химиялық процесстерінің негіздері- Шыны шихтасын пісіру кезінде келесі физика-химиялық процесстер өтеді: 1)майдаланған жеке бөліктері соңында бір-бірімен пісіріледі; 2)жұмыс газының бөлінуімен газының бөлінуімен газ түзгіштің жануы мен ыдырауы; 3)материалдағы кеуектердің пайда болуы мен тұтқыр массасының күбініп бөлінген газы; 4)пайда болған ұялы құрылымды бекіту мен материалға қысымы қаттылық пен беріктік беру. Көбікшынының жақсы физика-механикалық қасиеттеріне қарамастан оны темірбетонды панельдерде оқшаулағыш үшін қолданған тиімсіз басқа жылуоқшаулағыш материалдарға қарағанда. Бұның себебі еңбек шығыны көп, электр қуаты мен отын көп кетеді басқа оқшаулағыштарға қарағанда. Көбікшынының технологиясындағы басты тапсырманың бірі бұл оның өндірістік тиімділігін жоғарылатады. Сонымен қатар көбікшыныдан дайындалған бұйымдардың өлшемін үлкейтеді, оқшаулау қөабатының тігістерін қысқартады. Бұл қабырғалық панельдердің жылуоқшаулағыштық қасиетін жоғарылатады.

Ұялы шынының түрлері мен қасиеттері- Ұялы шыны – бұл кеуекті материал және осы ұялы шыныдан плита және блокты материалдар алуға болады. Ұялары ісінген шыны массадан құралған. Ұялы шыны көпнесе көбікті шыны немесе газды шыны деп аталады. Қазіргі кезде ұялы шынының орнына көбікті шыны деген қолданылып келеді. Негізгі қасиеттері: көбікшыны кешенді бағалы қасиеттері бар, оның басқа жылуоқшаулағыш материалдардан ерекшелігі оны реттеуге болады. Көбікшынының ең басты жетістіктері беріктігі жоғары, суға төзімді, жанбайды, дыбыс оқшаулағыштығы жоғары, кесу құралдары мен жеңіл өңделеді. Осы материалдарды әртүрлі жолмен алу мүмкіндіктері бар. Көбікшынының кеуектілігі әртүрлі, 80-95 % аралығында ауытқуы мүмкін. Кеуектен басқа шыны түріндегі қалыптары өзара біріктірілген материалдардың қабатталуында кішентай микрокеуектерден құралады. Осылайша көбікшынының қосарланған қабаттары мен кеуектері материалға жоғары жылуоқшаулағышты қасиетпен қамтамасыз етеді. Қасиеттері: Суға төзімді, температураға тұрақты, аязға төзімді.

Ұялы шынының түрлері мен қасиеттері.Ұялы шыныны алудың физика – химиялық процесстерінің негіздері.Ұялы шыныны алуға арналған шикізаттар өндіріс технологиясы және пайдалану саласы- Ұялы шыны – бұл кеуекті материал және осы ұялы шыныдан плита және блокты материалдар алуға болады. Ұялары ісінген шыны массадан құралған. Ұялы шыны көпнесе көбікті шыны немесе газды шыны деп аталады. Қазіргі кезде ұялы шынының орнына көбікті шыны деген қолданылып келеді. Шынының ұялы құрылымы: - шыныны қайнатқан кезде көбік түзгіш шихтаның шикізаттарына қоспа қосылады;- балқытылған шыны массасын ауалық және газды әдіспен үрлеу;- вакуумды пешінде жұмсартылған шыныны көбіктендіру;- балқытылмаған майда ұнтақталған шыныға қоспа қосып, оған көбік түзгіш зат ретінде: мылонафтты 1-2 % қосады да және одан алынған ұялы құрылымды реттеу әдісі. Қоспа қосу арқылы шыныны еріту кезінде қолданылатын әдіс – мұздай (суық) әдіс. Бұл әдіс көбік шыны алу үшін пайдаланатын әдіс болып келеді.- күйдіріп алынған бұйымдардың бекітілген ұялы құрылымы және газ түзгішпен шыны ұнтақтарын 750-850 0С қыздырып, күйдіру мұндай әдіс ұнтақты әдіс деп аталады және оны көпнесе көбікті шыны өндіруде қолданады.Негізгі қасиеттері: көбікшыны кешенді бағалы қасиеттері бар, оның басқа жылуоқшаулағыш материалдардан ерекшелігі оны реттеуге болады. Көбікшынының ең басты жетістіктері беріктігі жоғары, суға төзімді, жанбайды, дыбыс оқшаулағыштығы жоғары, кесу құралдары мен жеңіл өңделеді. Осы материалдарды әртүрлі жолмен алу мүмкіндіктері бар. Көбікшынының кеуектілігі әртүрлі, 80-95 % аралығында ауытқуы мүмкін. Кеуектен басқа шыны түріндегі қалыптары өзара біріктірілген материалдардың қабатталуында кішкентай микрокеуектерден құралады. Осылайша көбікшынының қосарланған қабаттары мен кеуектері материалға жоғары жылуоқшаулағышты қасиетпен қамтамасыз етеді. Кеуек түзу процессінің технологиялық параметрлерін өзгерту арқылы өзара біріктірілген жабық және ашық хабарлаушы кеуектер алуға болады. Жабық майда кеуектер көбікшыныда жылуоқшаулағыш ретінде қолдану тиімдірек, ал хабарлаушылардың губка түріндегілердің кеуектері де көбікшыыныда пайдалаған жөн, оны көпнесе дыбыс оқшаулағыш ретінде қолданады. Завод жағдайында көбікшынының жеке кеуектері 0,1 ден 2-3 мм аралығында болады. Кеуектілікті реттеу және көбікшыныны басқа да қасиеттерін реттеу, көбікшыны өндірісінде ең маңызды технологиялық факторлардың бірі. Көбікшынының көлемдік массасы 100-700 кг/м3 аралығында болуы мүмкін. СНиП 26-62 бойынша көбікшыныдан жасалған плиталардың маркалары 200 және 300 болады. Көбікшынының жылуөткізгіштік клэфициентінің көлемдік салмағы 100 ден 200 кг/м3 құрайды 0,08-0,09 ккал/м сағ.град температура +250С болғанда. Көбікшынынң жылуөткізгіштік коэфициенті (Л) оның көлемдік (y0) массасына байланыстылығы мына формуламен көрсетіледі. λ = 0,0203+0,00018 y0.Көбікшыны басқада ұялы материалдармен слаыстырылып қарағанда жылуоқшаулағыш материалдардың ішінде беріктігі жоғары, көлемдік салмағы бірдейлілігімен ерекшеленеді. Көбікшынының қысу кезіндегі беріктік шамасы әртүрлі көлемдік салмақ бойынша өлшем бірлігі 100, 200, 300 кг/м3, ал беріктігі 5,10,20,30,45,50 кг/см2. автолклgвты ұялы бетондарды қысу кезіндегі беріктіктері: маркасы 300,500,600. Сәйкестігінше олардың беріктігі -10,25 және 35 кг/см2 құрайды. Қасиеттері: Суға төзімді, температураға тұрақты, аязға төзімді

Фибролит тақта-ларының қасиеттері және пайдалану саласы- Пайдалануына қарай фибролит:жылуды оқшалайтын – ғимараттар бөлімдерін жылу оқшалауға арналады;Жылу оқшаулау – құрастырушы – жылу қорғаныш қасиеттерінен басқа, жоғары сападағы төзімділігіне ие, осының арқасында оны қабырғалар, бөгеттер, шатырлар құруға пайдалануға болады;Акустикалық-дыбысоқшаулайтын материал ретінде пайдаланылатын, болып бөлінеді.Фибролит плита тәрізді жылуды оқшайлайтын және жылуоқшаулау құрастырушы материал. Оның құрамында ағаш жүні (лента секілді ағаш үгіндісі) және минералды байланыстыру заттар болады. Фибролит ұзындығы 1500, 2000, 2400мм, ені-500, 750мм, жуандығы-25, 50, 75 және 100мм плиталар шығарылады.Жылу өткізгіштік коэффиценті ккал/м*сағ*град -0,085- 0,13.Фибролиттен жасалған құрастырулардың өртке төзімділігі оның көлемдік салмағына байланысты: көлемдік салмағы жоғары болған сайын, өртке төзімділігінің шегі жоғары. Магнезиялды фибролиттің тұтыну деңгейі цементке қарағанда төмен, себебі оның құрамындағы ағаш жүніне хлорлы магний сіңдіріледі, ал ол өртке қарсы жақсы қорғаныс болып табылады. Акустикалық фибролит сыртқы түрі бойынша ағаш жүнінің өлшемімен ерекшеленеді: ол жуандау, бірақ ені кішкентай. Акустикалық фибролиттің көлемдік салмағы 350-400кг/м . Плиталардың жуандығы 25-35мм. Дыбыс жұту коэффиценті көлемдік салмағымен, жуандығымен, сондай-ақ үй-жайлардың қоршау құрастыруларына бекіту тәсілдерімен белгіленеді. Дыбыс жиілігі 1000Гц болғанда дыбыс жұту коэффиценті 0,5-0,7 жетеді. Фибролит механикалық өңдеуден өтеді: оны аралауға, бұрғылауға, оған шеге қағуға болады. Фибролиттің бұжыр беті сылаққа жақсы жабысуына ықпал етеді.

Фибролит: түрлері және шикізат сипаттамасы -Фибролит плита тәрізді жылуды оқшайлайтын және жылуоқшаулау құрастырушы материал. Оның құрамында ағаш жүні (лента секілді ағаш үгіндісі) және минералды байланыстыру заттар болады. Байланыстыру заттың түріне қарай фибролит: цементті-портландцементті қолданғанда және магнезиалды-магнезиалды цементті пайдаланғанда. Цементті және магнезиалды фибролиттерде кейбір ортақ қасиеттері бар, бұл олардың құрамы бірдей болғандығымен түсіндіріледі. Бірақ олардың арасында, жасау кезінде байланыстыру заттардың ерекшеліктеріне қарай өзгешеліктері де бар. Цементті фибролитті магнезиалдыға қарағанда көп қолданады. Пайдалануына қарай фибролит:жылуды оқшалайтын – ғимараттар бөлімдерін жылу оқшалауға арналады;Жылу оқшаулау – құрастырушы – жылу қорғаныш қасиеттерінен басқа, жоғары сападағы төзімділігіне ие, осының арқасында оны қабырғалар, бөгеттер, шатырлар құруға пайдалануға болады;Акустикалық-дыбысоқшаулайтын материал ретінде пайдаланылатын, болып бөлінеді.Фибролит ұзындығы 1500, 2000, 2400мм, ені-500, 750мм, жуандығы-25, 50, 75 және 100мм плиталар шығарылады. Жылу өткізгіштік коэффиценті ккал/м*сағ*град -0,085- 0,13.Цементті фибролиттің ылғалдылығы 20%-жо5ары болмау керек. Б.Н. Магнезиалды фибролиттің негізгі қасиеттерінің көрсеткіштері цементті фибролитке ұқсас. Ф300 және Ф350 таңбалы плиталар жылуды оқшаулау, ал Ф400 және Ф500 таңбасының плиталары жылу оқшаулау құрастырушы фибролитке жатады.Фибролиттің құрамы бұдырлары жиі, ірі шұқырлы, бұл бір қатар оның қасиеттерін белгілейді, әсіресе жоғары ауа және дыбыс өткізу қабілеттіліктерін. Фибролитті ағаш жүні армирлейтін ағаштың ролін орындайды. Өзінің икемділігімен тығыздығының арқасында ол плиталарға ерекше талшықты құрам, шұқырлықпен төзімділік береді. Ағаш жүнінің сапасынан фибролиттің қасиеттерімен ұзақ мерзімде қызмет етуі байланысты. Цементті фибролиттің су сіңіргіштігі – 40-60%, көлемдік салмағы. Азайтып және цемент шығынын кеміткенде судың су сіңірткіштігі жоғарлайды. Фибролитке су сіңіргіштігі жеткіліксіз: магнезиялды фибролитте ол төмендеу, себебі магнезиялды тұздардың гидроскопиялық қабілеттілігі жоғары. Сондықтан фибролитті сақтау барысында және құрастырылуда ылғалдан сақтау қажет. Ылғалдылық 35 % жоғары болған жағдайда фибролит үй көгеруімен зақымдалады. Ашық отынмен фибролит жанбайды, бірақ шоқтанып бықсып жатады. Өрт нормаларына сәйкес тұтану деңгейі бойынша фибролит қиын жанатын құрылыс материалдарына жатады.Фибролиттен жасалған құрастырулардың өртке төзімділігі оның көлемдік салмағына байланысты: көлемдік салмағы жоғары болған сайын, өртке төзімділігінің шегі жоғары. Магнезиялды фибролиттің тұтыну деңгейі цементке қарағанда төмен, себебі оның құрамындағы ағаш жүніне хлорлы магний сіңдіріледі, ал ол өртке қарсы жақсы қорғаныс болып табылады.Акустикалық фибролит сыртқы түрі бойынша ағаш жүнінің өлшемімен ерекшеленеді: ол жуандау, бірақ ені кішкентай. Акустикалық фибролиттің көлемдік салмағы 350-400кг/м . Плиталардың жуандығы 25-35мм. Дыбыс жұту коэффиценті көлемдік салмағымен, жуандығымен, сондай-ақ үй-жайлардың қоршау құрастыруларына бекіту тәсілдерімен белгіленеді. Дыбыс жиілігі 1000Гц болғанда дыбыс жұту коэффиценті 0,5-0,7 жетеді. Фибролит механикалық өңдеуден өтеді: оны аралауға, бұрғылауға, оған шеге қағуға болады. Фибролиттің бұжыр беті сылаққа жақсы жабысуына ықпал етеді.

Фибролиттің технологиясының физика – химиялық мәні- Фибролит плиталарын екі әдіспен қалыптауға болады: Плиталарды механикалық, гидравликалық пресстерде нығыздалумен; б) конвейерлік тәсілмен, яғни фибролит үздіксіз жылжитын лента түрінде қалыпқа салынып, одан соң жеке плиталарға бөлінеді. Плиталарды тығыздау барысында фибролит қосындысы өлшемдері плиталардың өлшемдеріне сәйкес келетін металл немесе ағаш қалыптарына салынып, пакеттік нығыздау үшін пресске беріледі, осылай бір уақытта 15-20 плиталар нығыздалады. Қалыптарды толтырғанда фибролит қосындының қалыңдығы оның прессте нығыздану дәрежесіне байланысты. Плита қаншалықты жуан болу керек болса, қалыптағы қосындының соншалықты қалың болу қажет. Ф300 және Ф350 маркалы плиталарын жасау кезінде қалыптағы фибролиттік қосынды қабатының жуандығы дайын плитаның қалыңдығынан 2,5-3 есе көп болуға тиіс, ал Ф400 және Ф500 маркалы фибролитті өңдеу барысында, плитадан 3,5-5 есе жуан болу керек. Преспен жасалынатын “меншік” қысыммен шамасы, плиталардың қажетті нығыздығымен төзімділігіне байланысты: жылу оқшаулау фибролитті даярлау барысында пресстің «меншік» қосындысы 0,6-1кг/см дейін жеткізеді, ал одан да тығыз құрасты рулы фибролитті қалыпқа салу кезінде 2,5-4кг/см дейін жеткізеді. 106 суретте плиталарды пакеттік нығыздауға арналған 20т бұрмалы пресс көрсетілген. Нығыздау рама тігінен тұрған екі бұранданың көмегімен жоғарыға және төменге жылжиды. Бұрандылар «конические» және цилиндрлік тісті өткізгіштер (4.5.6) жүйесі арқылы электр қозғалтқышпен айналады. Нығыздау рамасымен жеткізгішті пресстің тіреуіші ұстап тұрады. Осындай пресстің өнімділігі сағатына 2-2,5м плиталарға тең. Қалыптағы плиталардың нығыздануы өз деңгейіне жеткенде оларды арнайы аспаптармен қысып, қысылған күйінде жылумен өңдеу камераларына жеткізеді. Кейбір пресстерде фибролиттік қосындыны жазықтықтарға қарай тігінен нығыздап қана қоймай, плиталардың жанындағы бұрыштардан да нығыздайды. Осы пресстердің қатарына финдердің “Тайола” прессі жатады. 5-сурет 350т пресстің қысымын әр қайсысы 25т тең 14 гидравликалық домкраттар жасайды: плиталар пакетінің жазықтығына қысымды үстіңгі жағынан, пресстің траверсінде орналасқан екі домкрат жасайды, плиталардың жанынан пресстің ұзындық жағын,да орналасқан төрт бүйірлік домкраттар және оның әр бұрышында орналасқан екі домкраттар жасайды. Плиталар бірнеше тәсілмен нығыздалады, жайлап қысымын көтере отыра нығыздау кезінде жан-жақты қысымдау әдісі, бір жақты нығыздау тәсіліне қарағанда плиталарға жақсы сапамен дұрыс өлшемдеріне қамтамасыз етеді. 6-суретте “Шреулит” швед фирмасының пневматикалық прессі көрсетілген. Фибролит қосынды тұрған нығыздау қалыптарға пресске рольганг арқылы беріледі. Прессті, плиталар пакетін жинақтау барысында бағыттауыш қызметін атқаратын екі тік тұрған бағандар құрайды. Пресстің негізгі. Үстеріне көлденең бөрене салынған тік тұрған тіреуіштерден жасалған. Әр балкіде төрт тіреуіштен болады. Пневматикалық цилиндр нығыздалынған плиталарды көтеру қызметін атқарады. Поршеннің үстіңгі жағында алаңқай бекітілді. Нығыздау қалып өшіргішке тиген соң, өшіргіш пневматикалық цилиндрдің клапанын ашады, нәтижесінде, поршень нығыздау қалпын көтеріп, тіреуіштерге қояды. Поршень арқылы жоғарғы жағдайға жеткен соң, автомат түрде ауа клапаны ашылады да, поршень төменге қайтады, ал нығыздау қалпы пакетті жинақтау құрылғыда қалады. Барлығы пресске әр қайсысында 10 плита бар үш пакет сияды. Пакеттің жоғарғы нығыздау қалпына салмағы 100кг тең ауыр металды қақпақ қойылады, ал жеке пакеттер арасында төсеуіш болып табылады. Пресстегі нығыздау күш жоғарыда жататын нығыздау қалыптарының және төсеуіш қақпақтардың салмағының есебінен пайда болады. Нәтижесінде алынатын қысым аса үлкен емес. Осындай пресстерде тек алдын ала нығыздап алу шартымен Ф300 және Ф350 маркалы жылуды оқшаулайтын фибролитті қалыпқа салға болады. Фибролитті жылумен өңдеуге болады. Қалыпқа салынған фибролит плиталарын қысылған күйінде, яғни нығыздау қалыптарда цементтің қатаюына және плиталарды қалыптан түсіруге дейін аздап төзімділік пайда болу үшін, табиғи және жасанды жағдайларда ұстайды.Цементті қатайту процесін жылдамдату және өндірістік кезеңінің ұзақтығын кеміту үшін жылумен өңдеуді тек “құрғақ” жылумен өткізу керек, яғни плиталарды, бекітілген тәртіпті сақтай отырып анықтауға болады.Кептіру екі кезеңде өткізіледі:а) плиталарды нығыздау қалыптарда, ауа температурасы 30-40 С кезінде кептіргіш үлгідегі арнайы камераларда ұстайды;б) нығыздау қалыптардан плиталарды ауаның келесі шарттары барысында кептіріледі: температура 60-70 С, шамалық ылғалдылық 60-70 С және жылжу жылдамдығы 3-4 м/сек; осы режимде плиталарды кептіру нәтижесінде, бір тәулік шамасында ылғалдылығы 15-20% дейін төмендейді. Плиталарды кезеңді немесе үздіксіз әрекет кептіргіштерде құрғатуға болады. Плиталар кептіргішке арнайы кептіру сөрелерде жеткізіледі. Фибролитті жасанды жолмен кептіру, табиғисына қарағанда тиімді, өйткені, өндіріс процессін жылдамдатуға болады. Бірақ сонымен қатар көп жағдайларда ол плиталардың төзімділігін нашарлатады, мұндай жәйт әсіресе төмен маркалы цементті пайдаланғанда керексіз болып табылады.Фибролиттік цементті құрылыс алаңқайларда жасау барысында фибролит плиталарын табиғи жағдайда қайты,кептіруге болады, яғни 20% тең қалдық ылғалдылығына дейін қоймаларда, жабық алаңдарда ауа температурасы 18-20 С, барысында 5 тәуліктен 7 тәулікке дейін сақтауға болады.Фибролитті конвейерлік тәсілдермен өндіру. Фибролит технологиясын игерудің бірінші кезеңде-ақ КСРО-да және басқа да елдерде фибролитті қалыпқа салуды конвейерлік тәсілдері ұсынылған.Қалыпқа салудың конвейерлік тәсілдерінің бірі: фибролит қосындысы үздіксіз лента күйінде арнайы конвейерде жылжып, нығыздалады. Конвейердің соңында қалыпталған лента жеке плиталарға кесіледі. Қалыпқа салатын конвейер байланысқан екі конвейерден жобаланып, жасалған. Төменгі конвейер нығыздау фибролит қосындысымен толтырылған ұзын қалыпты жасайтын, яғни жеке формалардан тұрады. Жоғарғы конвейер – жалпақ нығыздайтын элементтерден тұрады. Осы конвейердің кескіні 7- суретте көрсетілген.


Дата добавления: 2015-09-30; просмотров: 152 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>