Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ағаш жоңқалы тақталарды өндіру технологиясы, қасиеттері және қолданылуы-Ағаш жаңқалы плиталар өндірісінің ең басты 1 страница



Ағаш жоңқалы тақталарды өндіру технологиясы, қасиеттері және қолданылуы- Ағаш жаңқалы плиталар өндірісінің ең басты өндірістік әдісі престеу болып саналады. Плиталарды периодтық және тоқтамай істейтін престерде престейді. Бірінші типті престер екінші типті престерге қарағанда өндірісте көп тараған. Ағаш- Ылғалдандыру ыстық су бассейні- Жану- Жанатын барабан-Шеттерін кесу Түзететін ара- Жаңқаны алу Жаңқалы станок- Жаңқаны кептіру Кептіргіш- Жаңқаны сеперациялау Сеператор,Шайыр- Гидрофобизаторлар қоспасы (парафинді эмульсия)-Антисептиктер қоспасы (NaF және т.б.)- Антипирендер қоспасы (NH4)2SO4 және т.б- Байланыстырғыш затты дайындау- Байланыстырғыш затты өлшеу,Араластыру Араластырғыш- Плиталарды формалау- Плиталарды престеу- Үздіксіз пресс- Плиталардың беттерін әрлеу- Плиталарды қоймаға қою.Ағашжаңқалы плиталарды дайындау технологиялық процесс келесі негізгі операциялардан тұрады: ағаш шикізатын сорттау, гидротермиялық өңдеу, окорка, бөлу, ағашты майдалау, ағаш бөліктерін майдалау, оларды кептіру, сорттау, мөлшерлеу, байланыстырғыш зат пен басқа да қоспаларды мөлшерлеу, байланыстырғыш зат пен ағаш бөліктерін араластыру, жаңқа пакетін (кілемін) қалыптау, плиталарды престеу, ағашжаңқалы плиталарды кесу, оларды ұстау, калибрлеу және шливтеу. Шикізатты және оны майдалау дайындау.Технологиялық жаңқаға МЕСТ 15815 – 70 қолданылады. Жаңқаның тағайындалуына байланысты МЕСТ оның өлшемдерін қадағалайды. Ағашжаңқалы плитаны жазықтай престеу өндірісі кезіндегі жаңқа ұзындығы 20-60 мм, оптимальдісі 40мм, қалыңдығы 30мм аспауы керек. Плитаны экструзиондық престеу кезіндегі ұзындығы 5-40мм, оптималбдісі 20мм, қалыңдығы 30мм. Жаңқаның қабықпен ластануы - 12%, шірікпен - 5% болуы керек. Минералды араласпалар мен металдық қоспалар болмауы керек. Жаңқаны шапқыш машинасында шабу арқылы алады. Машина дискінің көмегімен ағаштарды шабады. Ағашты майдалау. Ағашты майдалау жаңқаға белгілі бір өлшемдер, пішін, бетінің сапасын береді. Жаңқаны домалақ орманматериалдарынан және де жаңқадан алуға болады. Домалақ орманматериалдарын майдалау станоктары дискілі және пышақты білікті болып бөлінеді. Дискілі станоктар кесетін пышақтар 9,7 радиальды орналасқан кассетаға 8 бекітіледі. Дискі 5 диаметрі 1,5-1,7 м. тігінен немесе көлденең жиілігі 7-8с-1 клиноременді берілгіш 2 арқылы электрқозғалтқыш 1 көмегімен айналады. Кесетін дискілер 5 қаптамамен жабылған. Шикізат 6 ұзындығы 0,33 мм кесілген шынжырлы қоректендіргіш 3 арқылы пышақтарға беріледі (16 данаға дейін болуы мүмкін). Жаңқа қалыңдығы пышақтың шығару көлемімен реттеледі: сыртқы қабат жаңқасы үшін 0,4-0,45; ішкі қабат үшін 0,55. Беру жылдамдығы 400- 2000 мм/мин; кесу жылдамдығы 24-32 м/с. Кесетін пышақ қалыңдығы 8мм мен 1,5 мм, ені 100 бен 6 мм, ұзындығы 420 мен 75 мм,ұшталу бұрышы 330 пен 600. Кесілген жаңқа диск терезесінен өтіп, пневматранспорт патрубкасына келеді [2].Ағаш бөліктерін кептіру. Кептіргіш – құбыр мен кептіргіш барабан 3-суретте көрсетілген.Сыртқы және ішкі қабатына арналған жаңқаны бөлек ағыммен кептіреді. 0,35 мин/мм прессте ұстау кезіндегі байланыстырғыш затпен араластыру алдында бөлік ылғалдылығы сыртқы қабат үшін- 4-6%, ішкі қабат үшін – 2-4%.Ағаш бөліктерін кептіру қатаң режимді талап етпейді, сондықтан кез келген жылутасымалдағыштарды қолдануға болады. Кептіруде «Прогресс» барабанды кептіргішті қолданамыз. Кептіргіштің жұмыс аймағы кептіргіш барабан болады. Дымқыл жаңқа келетін жаққа қарай 2- 30 төмендеп орналасады. Барабан екі бандажам арқылы роликтерде тұрады. Роликтер тіреу станциясына бекітіледі. Байланыстырғыш зат пен ағаш бөліктерін араластыру. Байланыстырғыш зат пен ағаш бөліктерін араластыру араластырғыштарда жүзеге асады. Ағаш бөліктерінің беткі жағына байланыстырғыш зат жағылғанды шайырлы ағаш бөліктері дейді. Байланыстырғыш зат араластырғышқа жұмысшы ерітінді түрінде қосылады. Жаңқаны кілемді немесе пакеттерге қалыптау. Жаңқалы кілем шайырланған ағаш бөліктерінен қалыптанған, білгілі қалыңдығы мен ені бар үздіксіз лента түрінде болады. Жаңқалы пакет деп шайырланған ағаш бөліктерінен қалыптанған, білгілі ұзындықты жаңқалы кілемді айтады. Ағаш жаңқалы плиталардың өндірісінің технологиялық схемасы өзара престеу әдісімен өзгешеленеді. Олар периодты және үздіксіз престеу әдісі болып бөлінеді.Бұл екі әдістің өзгешелігі периодты престеуде плиталарды бөлек формалайды, ал үздіксіз престеуде шексіз ленталы формада болады, ол престелген және қатқаннан кейін керекті өлшемде плиталарды кесіп алады.Үздіксіз престеу әдісінің өнімділігі көп. Бірақ оларда кемшіліктер бар: а) бұл әдіспен тек бірқабатты плиталар өндіреді;б) үздіксіз престеу кезінде фанерлеуге болмайды немесе плитаны қаптауға, тек қағазбен жабыстыруға болады;в) үздіксіз престеумен алынған плиталар, жаңқаның сапасына байланыссыз, беті тегіс емес,сондықтан әрлеу кезінде оны тегістеп алу керек, ал фонермен жабу үшін шлифтеу керек; г) жұмыс істеп тұрған қондырғылар тек жартылай ауыр плиталар шығарады; Периодты престеу әдісі плиталардың көп түрін шығаруға жарамды, сондықтан олар кең тараған. Ағаш жаңқалы бірқабатты плиталардың өндірісінің технологиялық схемасы қарапайым болып келеді. Периодтық түрде престейтін престер екі бөлімнен тұрады: суық престеу және ыстық престеу. Суық престеуді бірқоймалы гидравликалық престерде жүргізеді, мысалы, Инжорлық машинақұрастыру зауытындағы ПР-5. Суық престің мақсаты – дайындалып жатқан плиталардың қалыңдығын 5-тен 10 есе дейін жұқарту, сонда оны көп қабатты преске жіберу оңай болады. Ыстық престеу көп қоймалы престерде жүргізіледі. Ыстық престеудің мақсаты – ағаш жаңқалы плиталарға белгілі бір өлшем беру. Плиталардың көлемдік салмақтарына байланысты престер әртүрлі қысымдар туғызады: жеңіл плиталар үшін 2-ден 7 кг/см2, жартылай ауыр мен ауырлар үшін 7-ден 25 кг/см2, ал өте ауыр плиталар үшін 25-тен 700 кг/см2. Плиталардың қызу температурасы шайырлардың полимиризациясына байланысты 100-1800С аралығында престеледі. Престеу уақыты 10-30 минут. Ыстық су мен бу престерде жылутасығыш қызметін атқарады, бірақ кейде плиталарды күші жоғары тоқпен қыздырады.Ыстық престеген кезіндегі температура мен қысым плиталардың тығыздығын, беріктігін және тағы басқа көрсеткіштерін анықтайды. Ыстық престе қыздырылғанда ағаш майысқыш бола бастайды, ал қысымды көбейткен сайын оның қалыңдығы жұқарады, ал тығыздығы үлкейеді. Ыстық престен өткеннен кейін плиталар белгілі бір ауа параметрі берілген қоймаларда акклиматизацияланады, осының арқасында олар тепе-тең ылғалды болып шығады. Осыдан кейін плиталарды шетінен және ұзындығынан тураланып, кесіліп дайын өнім қоймаына немесе тікелей тұтынушыға жіберіледі. Плиталардыкондиционерлеу, форматты кесу, шлифтеу және сақтау. Пресстен шыққан поддондағы плиталарды итергіш арқылы арту этажеркасына артамыз. Ыстық плиталар бірден немесе цехта ұстағаннан кейін барлық жақтарын форматты кесуге түседі. Кесу кезінде қораппен қалыптанған немесе биіктігі 600 мм аспайтын қораппен келген плиталар 50-600 С температураға дейін салқындатылады. Алдағы ылғалдылығын реттеу, ішкі кернеуін жою, қатаюының аяқталуы үшін суыту мен ұстау тығыз табандарда 5 тәулік ішінде ұстайды. Биіктігі 4,5 м табандар қораптардан қалыптанады. Қоймадан плиталар кесуге түседі, егерде олар кесілмеген болса. Плиталарды форматты-кесу станогында ДЦ-3 кеседі. Дискі диаметрі 360 мм қатты балқымадан жасалған. Қалыңдығын тегістеу үшін калибрлейді, кедір-бұдырлығын азайту үшін шлифтейді



Ағаш жоңқалы тақталардың шикізаттық материалдарын өңдеу тәсілдері- Ағаш жаңқалы плиталар өндірісінің ең басты өндірістік әдісі престеу болып саналады. Плиталарды периодтық және тоқтамай істейтін престерде престейді. Бірінші типті престер екінші типті престерге қарағанда өндірісте көп тараған. Периодтық түрде престейтін престер екі бөлімнен тұрады: суық престеу және ыстық престеу. Суық престеуді бірқоймалы гидравликалық престерде жүргізеді, мысалы, Инжорлық машинақұрастыру зауытындағы ПР-5. Суық престің мақсаты – дайындалып жатқан плиталардың қалыңдығын 5-тен 10 есе дейін жұқарту, сонда оны көп қабатты преске жіберу оңай болады. Ыстық престеу көп қоймалы престерде жүргізіледі. Ыстық престеудің мақсаты – ағаш жаңқалы плиталарға белгілі бір өлшем беру. Плиталардың көлемдік салмақтарына байланысты престер әртүрлі қысымдар туғызады: жеңіл плиталар үшін 2-ден 7 кг/см2, жартылай ауыр мен ауырлар үшін 7-ден 25 кг/см2, ал өте ауыр плиталар үшін 25-тен 700кг/см2. Плиталардың қызу температурасы шайырлардың полимеризациясына байланысты 100-1800С аралығында престеледі. Престеу уақыты 10-30 минут. Ыстық су мен бу престерде жылутасығыш қызметін атқарады, бірақ кейде плиталарды күші жоғары тоқпен қыздырады. Ыстық престеген кезіндегі температура мен қысым плиталардың тығыздығын, беріктігін және тағы басқа көрсеткіштерін анықтайды. Ыстық престе қыздырылғанда ағаш майысқыш бола бастайды, ал қысымды көбейткен сайын оның қалыңдығы жұқарады, ал тығыздығы үлкейеді. Ыстық престен өткеннен кейін плиталар белгілі бір ауа параметрі берілген қоймаларда акклиматизацияланады, осының арқасында олар тепе-тең ылғалды болып шығады. Осыдан кейін плиталарды шетінен және ұзындығынан тураланып, кесіліп дайын өнім қоймасына немесе тікелей тұтынушыға жіберіледі.

Ағаш негізіндегі бұйымдарды топтастыру - Паркеттік бұйымдар ағаштың қатты тұқымдарынан – емен, шамшат, шегіршін, үйеңкі, балқарағайдан жасалады. Оның жасалуы онша күрделі емес, тек көп шикізат шығынын және еңбек сіңіруді қажет етеді. Сондықтан еденнің өзіндік құны өсіп кетеді. Жеке тілік тақтайлардың ұзындықтары 150, 200, 250, 300 және 400 мм, ені – 30-60 мм, ал қалыңдығы 14-17 мм болады. Паркеттік тақтайлар төменгі рейкалық негізден және негізіне суда ерімейтін синтетикалық желіммен берік желімделінген үстіңгі (бет жағы) паркеттік тіліктерден (планкалардан) тұрады Паркеттік қалқаншалар (щиттер) - брустардан құралған ағаш негізінен және осы негізіне шахматтық тәртіппен орналасқан, ендері бірдей паркеттік тілік тақтайшалардан (планкалардан) құрастырылған квадрат пішінді үстіңгі бет қабатынан тұрады.Фанера - өзара желімделген аршылған шпонның бірнеше қабатынан тұратын ағаш материал, яғни бұл бір-біріне перпендикуляр орналасқан (айқастырылып бағытталған) аршылған шпонның үш, бес немесе одан көп қабатынан тұратын қатпарлы желімделген ағаш. Фанера тағайындалуы бойынша құрылыстық, өндірістік, ыдыстық, жиhаздық және конструкциялық болып бөлінеді.

Ағаш негізіндегі шикізаттық материалдардың сипаттамасы - Ағаштың ең негізгі және қажетті бөлігі –оның діңі болып табылады. Ағаш діңіне құрылыс материалдың сапасы тауелді болады. Ағаш діңнің сүрегі 3 түрлі кескінде қарастырылады: көлденең, радиалды (радиус немесе диаметірі бойынша), тангентальді (хорда бойынша). Ағаштың құрылымын жай көзбен жане лупа немесе микроскоп арқылы көруге болады. Бірінші жағдайда ағаштың макроструктурасы, екіншіден микроструктурасы анықталады.Ағаш бірқатар концентрикалық қабаттардан тұрады. Оларды жылдық сақиналар деп атаймыз. Олар центрден бетіне қарай жарық болып келеді де, центіріні қарай жақындаған сайын қара болып келеді.Ағаштың физикалық қасиеттері. Ағаштың түсі негізінен олардың клеткаларындағы түсті заттардың мөлшеріне, ағаштың жасына оның өсу шарттарына байланысты. Орташа ауа райлық көрсеткіштері бар орманды жерлерде өскен ағаш түсі, әдетте біркелкі ашық-сарыдан қоңырға дейін өзгеріп отырады.

Ағаш талшықты плита өндірісінің технологиялық нобайы - Ағаш талшықта плиталар деп үлкен мөлшердегі плиталарды немесе беттерді атау қабылданған. Олар ағаштан талшықты массаны майдалау,қалыптастыру жэне жылулы өңдеу жолымен алынады.Ағаш талшықты плиталарды өндірудің технологиялық схемасы, Іске жарамсыз,ағаш немесе ағаш қалдықтары, Ағаштың қабығын аршу, Қабықты аршушы барабан, Жылдық орамдар бойынша аралау, Теңестіру плиталары - Томарларды жару - Механикалық колунна - Қыстырғыштарда дайындау

Ағаш талшықты плиталардың негізгі қасиеттері -Ағаш жаңқалы плитаны - шлифтелген, ГОСТ 10632-89 үшқабатты, құрылымы майда, суөткізбейді, карбамид-формальдегид шайырлар негізінде жасалған.- үлгілердің өлшемі: 2440 х 1830 х 15 мм, тығыздығы: 650 кг/м3,ылғалдылығы: 8 ± 2%.Плиталардың 550-820 кг/м3 физика-механикалық көрсеткіштері 2-кестедегі нормаларға сай болуы керек.Плиталардың физика-механикалық қасиеттері 2-кестеде көрсетілген. Плиталардың физика-механикалық қасиеттері - Ылғадылығы,%Тн*12-5,Майысу беріктігі бойынша, МПа, қалыңдық үшін, мм (Тн): 8-ден12-ге, Созылу беріктігі бойынша, МПа, қалыңдық үшін, мм (Тн): Механикалық қасиеттері. Ағаш талшықты плиталарға қарағанда ағаш жаңқалы плиталар қысу,майыстыру және созу кезіндегі беріктігі өте жоғары. орташа тығыздығы500-ден 700 кг/м3 дейінгі ағаш жаңқалы плиталардың майыстыру кезіндегі беріктігі осы салмақты ағаш талшықты плитаның беріктігінен 4 есе жоғары. Плиталардың беріктігін өзгертуге болады, олардың технологиялық процесінің параметрлерін өзгерту арқылы негізінен оларды ыстық престеу режимі арқылы жүргізеді. Мысалы, плиталардың екі жағын да қалыңдығы 0,6 мм шпалмен қаптасақ, майыстыру кезіндегі беріктігін жоғарылатамыз. Плитаның майыстыру кезіндегі беріктігі жаңқаның түріне, плитаның көлемдік салмағына байланысты. Плитаны сөндіру кезінде қолданатын синтетикалық шайырдың сапасы да плитаның беріктігіне әсер етеді.Плита ылғанданған кезде беріктік тез төмендейді, ал кепкен кезде бастапқы беріктікті ала алмайды. Сондықтан плитаның суға төзімділігін арттыру үшін жаңқаға гидрофобизаторларды қолданамыз және плитаны ылғалдан қорғаймыз. Орташа тығыздығы– 200-400 кг/м3. Плитаның акустикалық қасиеті тек плитаның қасиетіне ғана байланысты емес, конструкцияларда көп қолдануына да байланысты. Мысалы, қалыңдығы 15 мм және орташа тығыздығы600 кг/м3 плита, қабырғадан 20 мм ара қашықтыққа орнатылғанда дыбысты жұту коэффициенті 0,4-0,7 болады.

Ағаш талшықты тақта қолдану -Ағаш талшықты плита жылу оқшалағыш, акустикалық және әрлегіш материалдар ретінде қолданылады.Олардың қолданылуының негізгі аймағы - тұрғын және қоғамдық ғимараттар құрлысы. Олар әртүрлі үйлер құрылысында қолданылуы мүмкін. Әсіресе плиталарды зауыттың ағаш үй құрлысы кезінде қолданылуы тиімдірек. Заманауи ағаш үйлердің конструкцияларында ағаш талшықты плиталарды басқа жылу оқшаулағыш материалдармен жиі қолданады, соған сәйкес мұндай конструкциялардың термиялық қарсыласуын жоғарлатады. Сонымен қатар кірпішті және бетонды қабырғаларда жылу оқшаулағыш қасиетін жоғарлату үшін қолданады.

Ағаш-жоңқа тақталар (АЖТ - ДСП), шикізат және оған қойылатын талаптар -Ағаш жаңқалы плитаны - шлифтелген, ГОСТ 10632-89 үшқабатты, құрылымы майда, суөткізбейді, карбамид-формальдегид шайырлар негізінде жасалған.Плиталардың өлшемдері, мм Қалыңдығы -8-ден 28-ге дейін. Ұзындығы 1830,2040,2440,2500,2600,2700,2750,2840,3220,3500,3600,3660,3690,3750,4100, 5200, 5500, 5680 Ені- 1220,1250,1500,1750,1800,1830, 2135, 2440, 2500. Шлифтелген ағашжаңқалы плитаның негізгі нұсқаулары:формальдегид эмиссиясы: Е1 және Е2,үлгілердің өлшемі: 2440 х 1830 х 15 мм- тығыздығы, 650 - ылғалдылығы: 8 ± 2%. Түрлері мен қасиеттері. Ағаш жаңқалы плита үлкен өлшемді, тегіс бетті болып келеді. Оларды арнайы дайындалған синтетикалық шайыр қосылған ағаш жаңқасын ыстық престеу арқылы алады.Ағаш жаңқалы плита бірқабатты және көпқабатты, тегіс және көп кеуекті болып келеді. Бірқабатты плиталар формалары бүкіл қалыңдығы бойынша бірдей жаңқалардан тұрады.Көпқабатты, олар көбінесе үш қабатты болып келеді, қалыңдығы бойынша плиталар үш қабат жаңқалардан тұрады – ортаңғы және екі беттік. Ортаңғы қабат ірі жаңқалардан тұрады, оларды көбінесе әртүрлі ағаш жынысынан және формасы мен түсі әртүрлі ағаштардан алады. Беткі қабат қалыңдығы бірдей тегіс жіңішке жаңқалардан жасалады.Ағаш жаңқалы плиталардың номенклатурасы бойынша, плиталар мынадай болып бөлінеді: жеңіл орташа тығыздығыбойынша 250-ден 400 кг/м3-қа дейін, жартылай ауыр 400-ден 800 кг/м3-қа дейін және ауыр 800-ден 1200 кг/м3-қа дейін. Біздің мемдекетте ағаш жаңқалы плиталарды жылу оқшаулау үшін өте сирек қолданады, керісінше көбінесе қабырғаны әрлеу, полға төсеу және де кәдімгі жиһаздарды істеу үшін қолданады. Плита ылғанданған кезде беріктік тез төмендейді, ал кепкен кезде бастапқы беріктікті ала алмайды. Сондықтан плитаның суға төзімділігін арттыру үшін жаңқаға гидрофобизаторларды қолданамыз және плитаны ылғалдан қорғаймыз.Плиталар механикалық өңдеуге, қол инструменттеріне және станоктарға тез беріледі. Оларды аралауға және бұрғылауға болады. Олар винттерді жақсы ұстайды.Көп кеуекті плиталардың жылу өткізгіштігі ауалық кеуектердің арқасында көлемдік салмағының аздығына қарамастан тегіс плиталардан көп. Орташа тығыздығы– 200-400 кг/м3. Плитаның акустикалық қасиеті тек плитаның қасиетіне ғана байланысты емес, конструкцияларда көп қолдануына да байланысты. Мысалы, қалыңдығы 15 мм және орташа тығыздығы600 кг/м3 плита, қабырғадан 20 мм ара қашықтыққа орнатылғанда дыбысты жұту коэффициенті 0,4-0,7 болады. Орташа тығыздығы500-700 кг/м3 ағаш жаңқалы плиталардың жылу өткізгіштік коэффициенті 0,07-0,09 ккал/м·ч·град, ал орташа тығыздығы200 кг/м3 плитада 0,04 ккал/м·ч·град төмендейді. дыбыс желісі кезінде 26дб теңеседі, дыбыс желісі 550-3200 гц – 43 дб, ал орташа – 35 дб. Периодты қозғалысты престерде өңделген плиталар өлшемі: ұзындығы 2-ден 3,5 м, ені 1,2-ден 1,8 м және қалыңдығы 10-нан 32 мм. Егер престеу әдісі үздіксіз жүрсе плитаның ұзындығы шектелмейді [1]. Шикізатты материалдардың сипаттамасы -Ағаш жаңқалы плиталарды өндіру үшін негізінен шикізаттың екі түрі қажет: ағаш және синтетикалық шайыр, байланыстырғыш заттар ретінде қолданылады. Плиталардың қасиеттерін жақсарту үшін гидрофобизаторлар, антисептиктер және антипирендер керек, негізгі араласпаға аз мөлшерде қосады. Ағаш жаңқасын қарағайдан, шыршадан және тағы басқа жапырақты және бұтақты ағаштардан жасайды. Қатты және ауыр ағаштардан онша берік плита алынбайды. Жаңқа алу үшін ағаштар және ағаш өңдейтін өндірістің қалдықтары жарайды.Ағаш жаңқалы плиталардың өндірісінде байланыстырғыш заттар ретінде термореактивті синтетикалық шайырлар қолданылады. Мұндай шайырлар келесі талаптарды қанағаттандыру қажет:а) ағаш бөлшектерін бір-бірімен жақсы жабыстыру, шайырдың шығыны аз болуы керек; б) плиталар ыстық престеу кезінде жылдам қатаю керек және өзінің өмір сүруін ұзақ сақтау қажет;в) плиталар суға төзімді болу кереk г) ашық бояу болуы керек;д) иісі болмауы керек және токсикалық қоспалар қосылмауы керек;Бұл талаптарға фенолды және карболидті шайырлар сәйкес келеді. Фенолды шайырлар карболидті шайырларға қарағанда плиталардың суға төзімділігін арттырады. Бірақ карболидті шайырлар фенолды шайырларға қарағанда арзан, сондықтан олардан ағаш жаңқалы плиталарды өндіру тиімді.Плиталардың қасиеттерін жоғарылату үшін шикізатты араласпаға гидрофобизаторлар, антисептиктер және антипирендер қосады. Гидрофобты қоспалар ретінде суға төзімділігін арттыратын және плиталардың су сіңіргіштігін төмендету үшін 5-6%парафинді, сулы эмульсияны қолданады. Антисептиктер ретінде фторлы натрий, натрий пентахлорфеноляты және басқа заттар қолданылады. Антипирендер болып аммонды тұздар, күкіртті және фосфорлы қышқыл немесе бура қолданылады.

Акустикалық материалдар және бұйымдар дыбыс энергиясын өзіне жұтатын материалдар (пропласт, пенопласт, минералды мақта және т.б.). Дыбыс энергиясының дыбыс көзінен тыс ортаға таралмауы үшін пайдаланылады. Дыбыстан оқшаулайтын материалдар – ағаш талшықтарынан жасалған плиталар, шыны мақталар, көбік түрінде жасалған резиналар, т.б. Бөлмелерді, әсіресе радиостудияларды сыртқы шуылдардан оқшаулату үшін қолданылады. Акустиклық материалдар әрлеу және төсеме (прокладочные) материал болып бөлінеді. Әрлеу акустикалық материалдар ғимарт ішіндегі және техникалықжабдықтарда дыбысты жұту; шулы жерлерде дыбысты оқшаулауға (өндірістік ғимараттарда, операциялық залдарда және т.б.) қолданылады. Төсеме акуст материалдар еден астына, қабатаралық жабындарға соққы шуды изоляциялауға қолданылады.

Акустикалық материалдарға қойылатын талаптар акустикалық материалдар қажетсіз, адамға зиян шулы дыбыстарды төмендетуге, изоляцияуға тағайындалған. ҚНжЕ бойынша шудың рұқсат етілген деңгейге дейін нормалайды. Бұл материалдар ылғал төзімді, биотөзімді, санитарлық техникалық талаптарды қанғаттандырып, өзінің қасиеттерін ұзақ мерзімді эксплуатациялау кезінде сақтауы қажет.

Арболит, оны өндіруге арналған шикізат- Арболит' — органикалық толтырмалар(80-90%), химиялық қоспалар, су және байланыстырғаш материалдар қоспасынан алынатын жеңіл бетон. "Ағаш бетон" деген атымен де белгілі.Толтырма ретінде:сұйық шыны,ағаш,қамыс,кендір қалдықтары қолданылады.Байланыстырғыш материал ретінде портландцемент пайдаланылады.Көлемдік салмағы 400-700 кг/m³. Жылу өткізгіштігі 0,07-0,17 Вт/(м·К)Арболиттен жасалған бұйымдар мен конструкциялар өндірістік және қоғамдық уйлердің қабырғалары мен жылу сақтайтын жабындарда қолданылады. Отқатөзімді, шірімейді. Характеристики: Важнейшей характеристикой арболита, как и любого строительного материала, является предел прочности на сжатие. Предел прочности на сжатие арболита варьируется от М5-М10 для теплоизоляционного до М25-М50 и даже до М100 — для конструкционного.Арболит обладает повышенной прочностью на изгиб, очень хорошо поглощает звуковые волны.Арболит не поддерживает горение, удобен для обработки. Конструкционные виды обладают высоким показателем прочности на изгиб, могут восстанавливать свою форму после временного превышения предельных нагрузок.Средняя плотность, кг/м³ 500 – 850.Прочность при сжатии, МПа 0,5 - 3,5.Прочность при изгибе, МПа 0,7 - 1,0.Модуль упругости, МПа 250 – 2300.Морозостойкость, цикл 25 – 50.Водопоглощение, % 40 - 85. Усадка, % 0,4 - 0,5.Биостойкость V группа.Огнестойкость, ч 0,75 - 1,5.Звукопоглощение, 126 - 2000 Гц 0,17 - 0,6.Арболит применяют для строительства малоэтажных зданий до трех этажей жилого, хозяйственного и производственного назначения.


Дата добавления: 2015-09-30; просмотров: 72 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>