Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ағаш жоңқалы тақталарды өндіру технологиясы, қасиеттері және қолданылуы-Ағаш жаңқалы плиталар өндірісінің ең басты 3 страница



Жоғарғы кеуекті материалдар және бұйымдар өндіру әдістері: жанғыш қоспаларды пайдалану әдісі- Жанғыш қоспаларды пайдалану әдісі – бұл әдіс жоғарғы кеуекті керамикалық кірпіш өндірісінде пайдаланылатын әдіс, мұнда массаны күйдіру кезінде арнайы жанғыш органикалық қоспалар қосылады. Жанғыш қоспаларды пайдалану әдісі – бұл әдісте массаны дайындағанда оның арасына жанғыш қоспаларды қосады. Күйдіру кезінде бір уақытта газтүзу немесе массаның кеуектеріне СО, СО2, СН4 газдарының қысымында пайда болатын кеуектердің кеңейтілуі иілгіштік күйінде болады. Мұны ең бастысы ұялы шыны, отқа төзімді жеңілсалмақты керамикалық материалдар алу кезінде қолданылады.Жанғыш қоспа ретінде опилка, лигнин, кокс, термоантрацит, сажа, көмір, графитті пайдалануға болады.

Жоғарғы кеуекті материалдар және бұйымдар өндіру әдістері: кеуекті толтырғыштар енгізу әдісі- Кеуекті толтырғыштарды енгізу әдісі – бұл әдісте физикалық процесс жүреді, мұндағы материалдардың көп бөлігін тығыздығы жоғары материалдардан тығыздығы төмен материалдарға ауысуы. Бұл әдісте композициялық жылуоқшаулағыш және конструктивтік жылуоқшаулағыш материалдар өндірісінде кеңінен қолданылады. Олардың негізгілері: ісінген перлит, вермикулит, керамзит, шунгезит, мұнай битумы, синтетикалық полимерлер, синтезделген силикатты тастар, күйдірілген топырақ.

Жоғарғы кеуекті материалдар және бұйымдар өндіру әдістері: көбіктендіру әдісі- Көбіктендіру әдіс – бұл әдісте массаны кеуектендіруге негізделген, мысалы: сапонин, клееканифоль, гидролизделген қан немесе дайын көбік пайдаланылады. Бұларды ұялыбетон немесе көбікті бетондарда, көбік диатомит пен күйдірілген бұйымдар: корунд, циркон, қаттылығы жоғары минералды мақталы плита дайындауға қолданылады.Көбік бұл – екі фазалы жүйеден тұрады, сұйық және газ тәрізді фазадан. Ол өзіндік жұмсақтығы бар және жоғары кеуектендірілген эмульция.

Жоғарғы кеуекті материалдар және бұйымдар өндіру әдістері: талшықты қаңқа жасау әдісі, - Талшықты қаңқа жасау әдісінде құрылымы минералды, шынылы, каолинды, фибролитті жоғарғы кеуекті материалдар алынады. Талшықты қаңқа жасау әдісі – бұл әдісте минералды, шынылы, каолинды және басқада мақта түрлерін және сонымен қатар асбестті талшықтарды шиыршықтау ол физикалық процесс кезінде алынған әдіс. Материалдағы ауалық кеуектер қалып бойынша және ұзындығы бойынша әртүрлі болады. Талшықтардың иілгіштігі мен өлшемдеріне және материалдағы массасы бойынша орналасуы олардың эксплуатациялық қасиеті мен орташа тығыздығына байланысты.Бұл әдіс бойынша минералды мақтаны темір тормен, қағазбен қапталған және шынылы мақта мен каолиннен дайындауға болады.Соңғы жылдары талшықты минералды мақтаның сығылу күшіне жоғары деңгейде қарсы тұра алатындай бұйымдар алына бастады.



Жоғарғы кеуекті материалдар және бұйымдар өндіру әдістері: шылқылдатып суландыру әдісі,- мұнда массаны қалыптап алу үшін көп мөлшерде су пайдаланылады, кептіру процессі кезінде су ұшып кетеді де материал кеуекті болып шығады. Шылқылдатып суландыру әдісі – бұл әдісте физикалық прцесс жүреді, қалыптанатын массаға көп мөлшерде қосылған су ауаға ұшып кетеді, соның арасында материалдың кеуектілігі жоғарылайды. Көбнесе бұл әдісті сұйық массадан жылуоқшаулағышты бұйымдарды қалыптау кезінде қолданылады, оны гидромассалар деп атайды. Мұндағы қосылған судың көп бөлігін гравитациялық күш арқылы, вакуумдау, қысу немесе ортадан тепкіш арқылы кетіруге болады, ал қалған ылғалдылықты қыздыру кезінде ұшып кетеді.

Жылу оқшаулағыш АТТ дайындау технологиялық процесстерінің ерекшеліктері: Ағаш тақталарды өндіру үшін негізінен шикізаттың екі түрі қажет: ағаш және синтетикалық шайыр, байланыстырғыш заттар ретінде қолданылады. Тақталардың қасиеттерін жақсарту үшін гидрофобизаторлар, антисептиктер және антипирендер керек, негізгі араласпаға аз мөлшерде қосады. Ағаш жоңқасын қарағайдан, шыршадан және тағы басқа жапырақты және бұтақты ағаштардан жасайды. Қатты және ауыр ағаштардан онша берік тақта алынбайды.Ағаш тақталардың өндірісінде байланыстырғыш заттар ретінде термореактивті синтетикалық шайырлар қолданылады. Мұндай шайырлар келесі талаптарды қанағаттандыру қажет:а) ағаш бөлшектерін бір-бірімен жақсы жабыстыру, шайырдың шығыны аз болуы керек; б) тақталар ыстық престеу кезінде жылдам қатаю керек және өзінің өмір сүруін ұзақ сақтау қажет;в) тақталар суға төзімді болу керек. г) ашық бояу болуы керек;д) иісі болмауы керек және токсикалық қоспалар қосылмауы керек;

Жылу оқшаулағыш АТТ дайындау технологиялық процесстерінің ерекшеліктері: ағаш талшық дайындау - Шамамен барлық ағаш талшықты плитаның 90℅ ағаштан жасалады. Ағаштың басты бөліктері – целлюлоза және лигнин. Олардың құрамындағы элементтер (℅) – целлюлоза С44,5; О49,3; Н 6,4; лигнинде – С 64,4; О 29,7; Н 5,9. Целлюлоза полисохоридтер тобына жатады. Оның химиялық құрамы шамамен мына формулада көрсетіледі (С6Н10О5)х, мұндағы х – полимеризация коэффициенті, өлшемі әлі анықталмаған. Лигниннің формуласы жоқ, ол нақты химиялық байланыс емес, ол тек бірнеше заттың қосындысы. Химиялық жағынан ол целлюлозамен байланыссыз. Оны целлюлозадан алуға болды, целлюлоза мен лигниннен басқа ағаштың құрамында тағы да гемицеллюлоза бар. Ағаштың құрамындағы барлық бөлшектер ағашталшықты плита өндіру кезінде біртіндеп немесе бірге талшыққа айналады және плитаға белгілі бір қасиет береді. Лигнин аморфты және изотропты болады. Целлюлоза кристалды құрылымды болып келеді; ол талшық ұзындығы 500-700А және қалыңдығы 50-560А болатын мицелла деп аталатын кристалдардан тұрады. Мицельдер диаметрі 3000-5000А болатын фибрилдер түзеді. Мицелл мен фибриллден әр түрлі формадағы клеткалар пайда болады. Ағашты қолдана отырып ағаш талшықты плиталарды дайындау үшін ағаш талшықты клеткалар үлкен мәнге ие. Ағаш өндірісінде мұндай клеткаларды талшықты либриформа деп атайды. Олар өте ұзын формада, ішкі қуыстары жіңішке, қабырғасы қалың және шеті өткір болады. Қылқан жапырақты ағаштарда ұзартылған клеткаларды трахидтер деп атайды. Талшық тәрізді клеткалар ағаш массасының ең маңызды құрамы. Қылқан жапырақты ағаштарда трахеидтер 90-95℅ көлемінде, ал жапырақты ағаштарда либриформа талшықтары трахейтке қарағанда қысқа және жіңішке. Либриформа талшығының ұзындығы шамамен 1мм, диаметрі 20-30мм; ал трахеидтың ұзындығы 3мм-ден 10мм-ге дейін, диаметрі 20-30мм. Ағаш жапырақты талшықтарға қарағанда трахеидтың ұршық тәрізді формасының қабырғасы қалың және қатты. Ағаш талшықты плиталар өндірісінде барлық кең таралған ағаштар қолданылады: қарағай, шырша, самырсын, қайың, қандыағаш, көктерек, терек және т.б. Бәрінен де қылқан жапырақтылар көп қолданылады, себебі олардың ағаштары жапырақтыларға қарағанда өте ұзын және талшықтары қатты болады. Қылқан жапырақтылардың талшықты массасының ағаш жапырақтыларға қарағанда сапасы жоғары.

Жылу оқшаулағыш АТТ дайындау технологиялық процесстерінің ерекшеліктері: ағаш талшық массасын желімдеп біріктіру - Майдаланған агрегаттан дайындалған талшықты масса массты бассейінге түседі және бір-бірінен ажырамауын алдын алу мақсатында ол тоқтамастан араластырылады. Құю машинасына жіберуден алдын талшықты массадан ірі бөлшектерін және жуан талшықтарын алып тастайды. Одан кейін плитаның сапасын және су төзімділігін жақсарту үшін ерекше заттармен өңдейді. Осы процесстерді орындау үшін талшықты массаның концентрациясын қадағалайды. Дефибраторда немесе рафинерде майдаланғаннан кейін массада талшықтың мөлшері 3 - 4 % шамасында болады. Құрамындағы ірі бөліктерді бөлу үшін массаны оның құрамындағы талшықтардың мөлшері 0,4 – 0,5 % болғанша тұтандырады және 5-6 мм өлшемдегі електерден фильтерлегенде 10 %-ға жуық ірі қоспалардың бөлінуін қамтамасыз ететін жалпақ дірілдеткішке немесе басқада іріктегіш машиналарға бағыттайды. Іріктеуден кейін талшықты массаның концентрациясы 0,2-0,5 % болуы қажет. Осындай концентрациялы массаны сақтау және тербету үшін үлкен ауқымды қондырғы мен электр қуатының коп мөлшерін қажет етеді. Сондықтан массаның концентрациясын арнайы қондырғылар – қоюлатқыштарда 2,5-3% -ге дейін жоғарлатады. Қондырғыдан талшықты массаны насоспен сорады немесе өзі араластырғыш бассейінге ағады. Араластырғыш бассейінде концентрацияның біркелкілену үшін араластырылады және кейбір химиялық заттардың эмульсиясымен өңделеді.Мұндай өңдеу масса жабыстырғыш деп атайды. Талшықты масса мен жұқа дисперсті эмульсиямен интенсивті араласу нәтижесінде талшықтардың бетінде эмульсияланған заттардың бөліктері отырып қалады. Жабысу қабілеті ағаш талшықты плитаның сапасын реттейді. Олар төмендегідей: беріктік, суға төзімділік,ыстыққа төзімділік, табиғаттың жағымсыз қассиеттеріне төзімділік.Кеуекті плиталар өндіру кезінде канифолды немесе канифолды – парафинді эмульсиямен жабыстырады, ал жартылай қатты немесе қатты плита үшін парафинді эмульсия қолданылады.

Жылу оқшаулағыш АТТ дайындау технологиялық процесстерінің ерекшеліктері: тақталарды қалыптау -Сұйық талшықты массадан плиталарды қалыптау құю машинасында жүргізіледі. Өлшенген қалпында суда орналасқан жеке талшықтарды қалыптау кезінде өздерінің арасында жақындасу қажет және бір-бірімен араласу және өрілу жолымен керекті қалыңдыққа дейін біркелкі қабат болуы тиіс. Құю машинасына түскен массаның құрамындағы талшық оқшаулағыш плиталарды өндіру үшін 1-1,5% шамасында, ал қатты плиталар өндіру үшін 1%-дан аспауы қажет. Талшықты массаны құю машинасының торында құрғату келесі әректтер кезінде өтеді: а) масса қабатының ылғалдылығы 90-91 % болғанға дейін гидростатикалық қысымның әрекетімен суды тордан еркін фильтерлейді.б) ауаны тордан сору нәтижесінде вакуум-фильтерлеуде ылғалдылықтың мөлшері 86-87% -ға дейін төмендейді. в) жеңіл престеу арқылы ылғалдылығы 68-72 %-ға дейін құрғағанға дейін суды сығады. Ылғалды жоюдың келесі әрекеттері кептіргіште буландыру арқылы жүргізіледі.Суды жою арқылы талшықтар жақындасып бір-бірімен байланыса бастайды. Талшық қаншалықты жұмсақ әрі ұзын болған, бір-бірімен жақсы байланысады, осыған орай кеуекті плитаның талшықты каркасы мықты болады. Бұл схемада талшықтардың механикалық қарым қатынасы өзара байланысып физика-химиялық күштерді табады. Талшықты массадан плита қалыптау кезінде ағаштың барлық құрам бөліктері лигин, целлюлоза, гемицеллюлозалар және т.б. талшықтардың қзара механикалық ілінісу күшіне ие болады, ал целлюлозалы массадан плита өндіруде физиап-химиялық байланыстың күшіне ие болады. Құю машинасының типтері. Ағаш талшықты плитаны қалыптау үшін үздіксіз және периодты принциппен істейтін құю машинасын қолданады. Үздіксіз әрекет етуші машина екі типті: ұзын торлы және шеңбер торлы болады. Өз елемізде және шет елде ең көп таралғаны – ұзын торлы машина.МДП-2 типті ұзын торлы құю машинасы оқшаулағыш плиталарды қалыптауға арналған.Ол келесі суретте көрсетілген. Құю машинасында массаны құрғату үш алапта өтеді:1 алап – судың еркін фильтерленуі. Бұл процесс машинаның қабылдау бөлігінде өтеді.2 алап – вакуум –фильтрация.3 алап – суды сығу, бұл процесс машинаның престеу бқлігінде өтеді.Ағашты талшықты плитаны қалыптауға арналған шеңбер торлы машина құрылыс ұзын торлы машинаға ұқсас келеді. Оның құрамыда,Фильтерлеу, пресстеу және қалыптау бөліктерінен тұрады. Шеңбер торлы машинаның негізгі ерекшелігі оның фильтерлеу бөлігінде. Бұл әрекеттер цилиндрлі вакуум-фильтр түрінде жүргізіледі.

Жылу оқшаулағыш АТТ дайындау технологиялық процесстерінің ерекшеліктері: тақталарды жылумен өңдеу - Оқшаулағыш плиталарды талшықты массадан дайындау қалыптау және кептіруден тұрады. Қатты плиталарды кептіргеннен кейін немесе онсыз термиалық өңдеуге ыстық сығымдауға және ерекше «акклиматизация» камераларында өңделеді.Талшықты массаны алу және олардан плиталарды өндіру плитаның барлық түріне қолданылады. Кейін қалыпталған плиталарды өңдеу екі технологиялық сызбамен жүреді:1.Оқшаулағыш плиталарды кептіреді және механикалық опыраваға салады, ал кейбір кездері температураға төзімділігін арттыру үшін отқа төзімді құрамдармен қаптайды. 2.Қатты плиталар ыстық пресстерде жылу өңдеуден өтеді және суға төзімді мен температураға төзімді эмальдармен қапталады.

Жылу оқшаулағыш және акустикалық материалдарды түрі және сыртқы көрінісі -Жылуоқшаулағыш әлсіз және ғимараттар мен үймереттерде қоршау конструкцияларын оқшаулау үшін және өндірістік құбыр қондырғыларында қолданылатын құрылыс матриалдары мен бұйымдарын жылуоқшаулағыш деп атайды. Осы жылуоқшаулағыш құрылыс материалдарына жататындары:минералды және шыны мақталар мен олардан жасалатын бұйымдар; диатомитті бұйымдар; совелитті және жанартау плиталары мен жартылай дөңгелек қабықшалар; торфты плиталар; перлит пен вермикулиттен жасалған бұйымдар және т.б,. Жылуоқшаулағыш материалдарына сусымалы материалдар, талшықты және ұнтақ шыны тәрізді қалыпсыз күйдегі материалдар мен талшықтар мен дәндерден тұрады. Мысалы: ұсақталған диатомит, перлитті құм, күбінген вермикулит, талшықты минералды мақта және т.б. жатады. Осы жылуоқшаулағыш бұйымдардан даналы бұйымдарда алынады, олар мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарда өлшемдері көрсетілген. Даналы бұйымдарға жататындары: жартылай дөңгелек қабықшалар, жылуоқшаулағышты блоктар, плиталар, цилиндрлер, матрастар, баулар, фасонды бұйымдар, кірпіштер мен сегменттер.

Жылуоқшаулағышты вермикулитті материалдар күбінген вермикулит әдемі алтын тектес түске ие, пластиналы формалы, сусымалы, жоғары кеуектіиісіз мат, өте жеңіл 80-100 кг 1кубқа, қолдану темп -260+1250 градус.Жоғары жылуизоляция: 20см қопарылған вермикулит қабатының жылуиз қасиеті 1,5 м қалыңдықты кірпіштікімен, 2м бетонды қабырғаныкімен бірдей.

Жылуоқшаулағышты поропласттар -полиуретанды серпімді және қатты (эластикалық) етіп өндіреді. полиуретанды кеуекпластты тақтайша түрінде жылуөткізгіштік коэф 0,04 вт/(м*С) өлшемі 2*1*(0,03-0,06)м, және де қатты және жұмсақ плиталарды тығыздығы 30-150 кг/м жылуөткізг 0,022-0,03. Арнайы қоспаларды қосқанда отқа төзімділікке ие болады. Кеуенкпласт оңай өңделеді және кез келген формаға келтіру мүмкін. Өзге материалдармен алюминиймен, асбестцементпен, ағашпен жабыстыруға болады. Жабыстыру үшін синт байланыстырғыштар дефинольды каучук, модификацияланғанкаучукты және эпоксидті желімдер.

Жылуоқшаулағышты совелитті материалдар -Жылуоқшаулағыш әлсіз және ғимараттар мен үймереттерде қоршау конструкцияларын оқшаулау үшін және өндірістік құбыр қондырғыларында қолданылатын құрылыс матриалдары мен бұйымдарын жылуоқшаулағыш деп атайды. Осы жылуоқшаулағыш құрылыс материалдарына совелитті және жанартау плиталары мен жартылай дөңгелек қабықшалар жатады. Совелитті бұйымдар – плиталар, скорлупалар 6 сорттан төмен емес асбестті калцийжәне магний тотығы араласпасын престеу және кептіру арқылы жасайды. Совелиттік бұйымдар жабдықтарды, агрегаттарды, құбырлады 500 с төмен ортада жылуизоляциялау үшін қолданылады. Бұлбұйымдар көлемдік салмағына қарай 350 және 400 маркалы болып бөлінеді. Салмағы бойынша ылғылдылығы 15%аспауы қажет. Күбінген перлитті құм жылуиз бұйымдар – бетон, ерітінді үшін жеңіл толтырғыш ретінде қөолданылады.

Жылуоқшаулағышты сотопласттар сотопласт дұрыс геом формаға әдетте 6қырлы өлшемдері 5-10мм, кейде 20мм болатын пластикалық массадан алынатын жылуиз мат ерекше түрі. Сотопласт қағаздан, мақта қағазды матадан, шыныматадан, алюмин фольгадан, синтетикалық шайыр толықтырғыштармен қаныққан басқа мат жасалуы мүмкін. Ең арзан және тиімдісі қабырғалық элементтер үшін крафт қағазы. Матадн жасалған сотопласттар жоғары беріктікті талап ететін жерлерде қолданылады. Сотопласт өндіруде фенолды карбинді және эпоксидті және басқа шайырлар қолданылады. Сотопласт көлемдік салмағы әртүрлі матда 10 нан 200кг/м3 (көбіне 50 ден 120кг/м3).

Жылуоқшаулағышты фольгалар жылуды өзіне жақсы ұстайтын және ұзақмерзімді материал. Қасиеттері: гидроизоляция, буизоляция, жылуизол, экрандау, антикоррозиялық қасиеттер, жеңіл және серпімділігі, жылуға төзімділігі, жылуизол негіздерді таңдау мүмкіндігі, экологиялық қасиеттері. Фольга әртүрлі негізбен жасалынады. 1 түрі мин мақта негізінднгі – жоғары темп беттер үшін тиімді изолятор, монша, пеш, құбырлар үшін қолданылады. 2 түрі күбінген полиэтилен негізінднгі қолдану аймағы көп: қабырғалар, бөлмелерді жылу және гидроизол үшін және т.б. 3 түрі өзі жабысатын жылуиз фольга. Алюминдік фольга – скотч та жатады.

Жылуөткізу және дыбыс өткізу туралы түсініктер - Жылу өткізгіштік — дененің температура айырмасы бар нүктелері арасында бір нүктеден екінші нүктеге жылу энергиясын жеткізу қасиеті; дененің температурасы жоғары жақтан температурасы төмен жағына қарай жылу өткізу қабілеті. Жылу өткізбейтін материалдар жылу өткізгіштігі төмен материалдардан жасалған бұйымдар; мүндай материалдардың негізгі сипаттамасы жылу өткізгіштік коэффициенті 0,02—0,2 Вт аралығында болады. Жылу оқшаулағыш материалдар органикалық (ағашталшықты жөне шымтезекті тақталар, фибролит, пенопласт және т.б.) жөне бейорганикалық (көбікшыны, жеңіл бетондар) болып бөлінеді. Дыбыс өткізбейтін материалдар — машина, аппарат, прибор жұмысы кезінде діріл мен соққы шуын бәсеңдету үшін қолданылатын материалдар. Оған ағаш талшықты тақта, асбест, картон, минерал мақта, поливинилхлоридті линолеум мен тақта, синтет. түкті кілем, эластикалық кеуек пластмасса, т.б. жатады. Діріл шуын бәсеңдету үшін машина серіппелі амортизаторға орнатылады. Жиілігі төмен инфрадыбысты өткізбеу үшін болат серіппе, ал жоғары жиілікті дыбысты өткізбеу үшін резина амортизатор қолданылады. Дыбыс өткізбеудің дәрежесі децибелмен (дБ) өлшенеді. Жылуоқшаулағыш материалдар деп – жоғарғы кеуектілігі бар және жылуөткізгіштігі төмен құрылыс материалдарын айтамыз. Жылуоқшаулағыш материалдарды құрылыста, өндірісте және транспорттарда кеңінен қолданады.Жылумен оқшаулауды материал-дарды электірлік станцияларда, металлургиялық өндірісте, машина жасау өндірісінде, мұнай-химия өндірісінде және өндірістің тағы басқа салаларында қолдана береді. Жылуоқшаулағыш материалдардың кеңінен қолданылатын жері бұл әртүрлі құбырларды жылумен оқшаулау болып табылады.

Жылуөткізу және дыбыс өткізу туралы түсініктер- Жылу оқшаулағыш материалдар деп жылуды аз өткізетін және құрлыс конструкциялары мен бұйымдарын, өндірісті жабдықтар мен құбырлы өткіз-гіштердің жылу өткізбеуін тосқауылдайтын материалдарды айтады. Жылу оқшаулағыш материалдар ғимараттар мен үймереттердің, құрлыс конструк-циясын, сонымен қатар технологиялық апараттар, жылу қондырғылар мен әртүрлі құбырларды жылумен оқшаулау үшін қолданылады. Жылу оқшаула-ғыш материалдарды қолдану құрылыс саласындағы техникалық прогрестің бір бағыты болып саналады. Олай болатыны жылылық қоршағыштау нәтижесінде конструкциялар массасын және үй салуға кететін шығыны бірнеше рет азайты-лады және энергетикалық қор тиімді пайдаланады. Өндірістегі жылумен оқшау-лау отынды үнемдеу мен жылу шығынын қысқартатын негізгі факторлардың бірі. Жылу оқшаулағыш және акустикалық материалдарды түрі және сыртқы көрінісі Акустикалық материалдар – дыбыс энергиясын бойына сіңіретін немесе дыбыстың енуінен оқшаулайтын қасиеті бар материалдар.Жылуоқшаулағыш және акустикалық материалдардың барлығының құрылымының басты және жалпы ерекшелігі, негізгі технологиялық қасиеттерін анықтайтын олардың жоғары кеуектілігі. Әр түрлі технологиялық әдістер мен тәсілдерді пайдаланып, жылуоқшаулағыш және акустикалық материалдарға қажетті сапа бере отырып, олардың кеуектілігін ретке келтіруге болады. Жылу оқшаулағыш және акустикалық материалдардың негізгі қасиеттері. Акустикалық материалдарды, жылу оқшаулағыштар сияқты, құрылым сипаты бойынша, негізгі шикізат түрі, тығыздығы бойынша бөледі. Олар жылуоқшаулағыш материалдарға қойылатын талаптарды қанағаттандыруы қажет.Тағайындалуына байланысты акустикалық материалдарды негізгі екі топқа бөледі: дыбыс оқшаулағыш және дыбыс жұтқыш.Дыбыс оқшаулағыш материалдар мен бұйымдарды негізінен жабындар аралығында және қабаттарында, ішкі және сыртқы қоршағыштарда және ғимараттың басқа бөліктерінде жабын арқылы өтетін соққы дыбыстарын сөндіру мақсатында (еденде жүргенде), вибрация (машинаның жұмыс жасауында) және т.б. қолданады. Жоғарғы кеуекті материалдар және бұйымдар өндіру әдістері: талшықты қаңқа жасау әдісі,- Талшықты қаңқа жасау әдісі – бұл әдісте минералды, шынылы, каолинды және басқада мақта түрлерін және сонымен қатар асбестті талшықтарды шиыршықтау ол физикалық процесс кезінде алынған әдіс. Материалдағы ауалық кеуектер қалып бойынша және ұзындығы бойынша әртүрлі болады. Талшықтардың иілгіштігі мен өлшемдеріне және материалдағы массасы бойынша орналасуы олардың эксплуатациялық қасиеті мен орташа тығыздығына байланысты.Бұл әдіс бойынша минералды мақтаны темір тормен, қағазбен қапталған және шынылы мақта мен каолиннен дайындауға болады.Соңғы жылдары талшықты минералды мақтаның сығылу күшіне жоғары деңгейде қарсы тұра алатындай бұйымдар алына бастады. Жоғарғы кеуекті материалдар және бұйымдар өндіру әдістері: шылқылдатып суландыру әдісі,- Шылқылдатып суландыру әдісі – бұл әдісте физикалық прцесс жүреді, қалыптанатын массаға көп мөлшерде қосылған су ауаға ұшып кетеді, соның арасында материалдың кеуектілігі жоғарылайды. Көбнесе бұл әдісті сұйық массадан жылуоқшаулағышты бұйымдарды қалыптау кезінде қолданылады, оны гидромассалар деп атайды.Мұндағы қосылған судың көп бөлігін гравитациялық күш арқылы, вакуумдау, қысу немесе ортадан тепкіш арқылы кетіруге болады, ал қалған ылғалдылықты қыздыру кезінде ұшып кетеді. Жоғарғы кеуекті материалдар және бұйымдар өндіру әдістері: кеуекті толтырғыштар енгізу әдісі- Кеуекті толтырғыштарды енгізу әдісі – бұл әдісте физикалық процесс жүреді, мұндағы материалдардың көп бөлігін тығыздығы жоғары материалдардан тығыздығы төмен материалдарға ауысуы. Бұл әдісте композициялық жылуоқшаулағыш және конструктивтік жылуоқшаулағыш материалдар өндірісінде кеңінен қолданылады. Олардың негізгілері: ісінген перлит, вермикулит, керамзит, шунгезит, мұнай битумы, синтетикалық полимерлер, синтезделген силикатты тастар, күйдірілген топырақ. Жоғарғы кеуекті материалдар және бұйымдар өндіру әдістері: көбіктендіру әдісі- Көбіктендіру әдіс – бұл әдісте массаны кеуектендіруге негізделген, мысалы: сапонин, клееканифоль, гидролизделген қан немесе дайын көбік пайдаланылады. Бұларды ұялыбетон немесе көбікті бетондарда, көбік диатомит пен күйдірілген бұйымдар: корунд, циркон, қаттылығы жоғары минералды мақталы плита дайындауға қолданылады.Көбік бұл – екі фазалы жүйеден тұрады, сұйық және газ тәрізді фазадан. Ол өзіндік жұмсақтығы бар және жоғары кеуектендірілген эмульция. Жоғарғы кеуекті материалдар және бұйымдар өндіру әдістері: жанғыш қоспаларды пайдалану әдісі- Жанғыш қоспаларды пайдалану әдісі – бұл әдісте массаны дайындағанда оның арасына жанғыш қоспаларды қосады. Күйдіру кезінде бір уақытта газтүзу немесе массаның кеуектеріне СО, СО2, СН4 газдарының қысымында пайда болатын кеуектердің кеңейтілуі иілгіштік күйінде болады. Мұны ең бастысы ұялы шыны, отқа төзімді жеңілсалмақты керамикалық материалдар алу кезінде қолданылады.Жанғыш қоспа ретінде опилка, лигнин, кокс, термоантрацит, сажа, көмір, графитті пайдалануға болады. Минералды мақта және оның негізіндегі бұйымдар-Минералды мақта – құрылысышыны тәріздес жіңішке талшықтардан тұратын борпылдақ материал. Минералды мақтаның түсі ақ, ашық сұр, жасылдау, қоңыр, қара қоңыр болуы мүмкін. Минералды мақтаның жоғары жылудоғарғыштық қасиеттері құрылысында коп мөлшерде кеуектердің болуымен сипатталады: кеуектілігі 95-96 %. Кеуектердің өлшемдері мен көлемі талшықтардың тығыздалу дәрежесі мен диаметріне тәуелді болады. Минералды мақтадан жасалатын бұйымдар: даналы – плиталар, цилиндрлер, жартыцилиндрлер, сегменттер; орамалы – тігілген және синтетикалық тұтқыр негізіндегі төсемелер; жіп түріндегі – жіптер, жгуттар; сусымалы – гранулданған мақта болып жіктеледі. Минералдық мақта өндіруге арналған шикізаттық материалдар және минералдық мақтаның қасиеттері.- Минералды мақта өндірісінде әр түрлі табиғи шикізатты пайдаланады: тау жыныстары және өндіріс қалдықтарын (металлургия және домна шлактары, силикатты және сазды кірпіш сынықтары, күйгенжыныстар, керамзит және цемент өндірісінің шаң-тозаңы және т.б.). Минералды мақта өндірісіне қажетті шикізат өте арзан және көп кездеседі, сондықтан одан алынған бұйымдарды көп көлемде пайдаланады.Минералды мақта өндірісінде шөгінді, магмалық және метаморфты тау жыныстарын қолданады. Солардың ішінде көп тарағаны шөгінді тау жыныстарына сазды және карбонатты тау жыныстары жатады.Бұл тау жыныстарының химиялық құрамы оларды берілген мақсатта қолдануды шектемейді. Минералды мақта өндірісіндегі саз көп жағдайда жеңіл балқитын болады. Карбонатты тау жыныстарына минералды мақта өндірісінде әктас, даломит, және мергельді жатқызуға болады. Даломиттенген мергельдің химиялық құрамы одан басқа ешқандай шикізат түрін қоспай-ақ жоғары сапалы мақта алуға мүмкіндік береді. Бұл оның өндіруін жеңілдетеді.Минералды мақта өндірісінде шикізат ретінде магмалық жыныстар да: базальт, габбро, гранит, диабаз, диорит, сиенитті пайдалануға болады.


Дата добавления: 2015-09-30; просмотров: 86 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>