Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ағаш жоңқалы тақталарды өндіру технологиясы, қасиеттері және қолданылуы-Ағаш жаңқалы плиталар өндірісінің ең басты 2 страница



Балқыма қасиеттері және оның тұтқырлығы мен беттік керілуіне әсер ететін факторлар.Балқыманы талшықтарға өңдеу тәсілдері.- Завод жағдайында балқыманы минералды талшыққа айналдыру тәсілдері: урлеу, ортадан тебу, фильерлік, ортадан тебу - фильерлік, фильерлік-үрлеу, ортадан тебу – фильерлік – үрлеу тәсілдері арқылы жүзеге асрылады. Үрлеу тәсілі – бұл тәсілде балқыманы сұйық ағын вагранкадан немесе фидерлі ванналы пештің тесігінен тамшылап ағады су буымен немесе газ қысымы мен әрекеттеседі. Осы үрлеу тәсілі: а) энергия тасымалдағыш түріне байланысты – булы ағын немесе газды ағын болып бөлінеді;б) энергия тасымалдағыш ағын бағыты бойынша – тігінен және көлденеңінен;в) балқыма ағыны қалпы бойынша – меншікті үрлеу және фильерлі үрлеу.Бірінші жағдайда тек бір салыстырмалы қалың (10-15 мм) сұйық балқыма ағыны ғана үрленеді, екіншіде – сұйық балқыма алдын-ала ондаған жұқа ағындарға (1-2 мм) бөлінеді, фильердің тесігі арқылы ағып содан соң ол талшыққа айналады.Қазіргі кезде үрлеу тәсілі кеңінен тараған тәсілдердің бірі. Ол термодинамикалық заңдылық процессінде сопелден шыққан газ бен сулы бу. Газ немесе бу жылуының потенциалды энергиясын азайту арқасында кинетикалық энергия ұлғаяды. Адиабатты жағдайда жылудың бір бөлігінің кинетикалық энергияға айналып сипатталауы механикалық жұмыста энтальпияның төмндеуі мен келесі формулада көрсетіледі:Мұнда L- 1 кг бу немесе газдың кеңею кезіндегі жұмысы кгн/кг;A-жұмыстың теориялық эквиваленті, ол 1/427 тең;I1- бу несмесе гадың бастапқы энтальпиясы ккал/кг; I2- бу несмесе гадың соңғы энтальпиясы ккал/кг;Минералды талшықта силикатты блқыманы үрлеп алу үшін энергия тасымалдағыш ретінде суытылған және құрғақ қаныққан бу, соғымдалған ауа және жанған отынның сығымдалғын ыстық өнімдерін қолдануға болады. Энергия тасымалдағыш түріне байланысты үрлеу тәсілін кеуек-, ауалы- және газды үрлеу деп ажыратуға болады, ал энергия тасымалдағыштың бағытталу легіне байланысты көлденең және тік үрлеу тәсілі деп ажыратуға болады. Үрлеу тәсілінің бір түрі фильерлі-үрлеу тәсілі, мұнда фильердің кішкентай тесіктерінен тамшылайтын балқыманың жіңішке ағындары (диаметрі 3 мм дейін) энергиятасымалдағыштың легімен үрленеді. Ортадан тебу тәсілі силикатты балқыманың ағындарының минералды мақтаның талшықтарына айналдыру үшін ортадан тепкіш күшті қолданады. Ортадан тепкіш тәсілдің бірнеше түрі бар, олар өзара конструктивті ортадан тепкіштігімен ерекшеленіп ажыратылады. Минералды мақта өндірісінде ортадан тепкіш қондырғылары бар текпішекте және көп текпішекті бола алады. Бір текпішекті қондырғыда балқыма тек қана бір центрифугада өндіріледі, ал көп текпішектіде бірнеше центрифугада балқыма өнделеді. Центрифуганың жұмысы бойынша дискілі, қалақты және білікті болып келеді; оратадн тепкіш тегіс оранласып айналуы бойынша – көлденең немесе тік болады. Сонымен қатар жинақталған ортадан тебу-үрлеу тәсіліде бар, мұнда бірденнен ортадан тепкіш центрифуга әсерлеседі және газды немесе булы ағындағы кинетикалық энергияда талшық түзеді. Жинақталған ортадан тебу-үрлеу тәсіліне балқыманың минералды талшыққа айналуы оратдан тебу күшіне айналуы мыс немесе болат табақшаға (n═1000÷1200айн/мин) және булы энергияның ағынына пайдаланады (р ═ 6÷8ат).Ортадан тепкіш үрлеу қондырғысында алынған минералды мақтаның көлемдік салмағы 100 кг/м3, оның талшықтарының диаметрі 5-9 мк.Ортадан тепкіш үрлеу қондырғысы қарапайым дайындалуы және металл жағынанда, көп білікті центрифугаға қарағанда.



Балқыманы талшықтарға өңдеу тәсілдері. - Завод жағдайында балқыманы минералды талшыққа айналдыру тәсілдері: урлеу, ортадан тебу, фильерлік, ортадан тебу - фильерлік, фильерлік-үрлеу, ортадан тебу – фильерлік – үрлеу тәсілдері арқылы жүзеге асрылады. Үрлеу тәсілі – бұл тәсілде балқыманы сұйық ағын вагранкадан немесе фидерлі ванналы пештің тесігінен тамшылап ағады су буымен немесе газ қысымы мен әрекеттеседі. Ортадан тебу тәсілі силикатты балқыманың ағындарының минералды мақтаның талшықтарына айналдыру үшін ортадан тепкіш күшті қолданады. фильерлі-үрлеу тәсілі, мұнда фильердің кішкентай тесіктерінен тамшылайтын балқыманың жіңішке ағындары (диаметрі 3 мм дейін) энергиятасымалдағыштың легімен үрленеді. ортадан тебу-үрлеу тәсіліде бар, мұнда бірденнен ортадан тепкіш центрифуга әсерлеседі және газды немесе булы ағындағы кинетикалық энергияда талшық түзеді.

Бұйымдардың өндіру технологиясы, қасиеттері және пайдалану саласы -Ісінген перлит негізіндегі жеңіл және жылу оқшаулағыш бетондар тұрғын үй және өндірістік құрылыс саласындағы аса тиімді қабырғалық және жабындық материал ретінде қолданамыз.Ісінген перлиттен жасалған қалыпталған жылу оқшаулағыш бұйымдардың қолдану аймағы, олардың дайындауда қолданылған байланыстырғыш заттардың температураға тұрақтылығымен байланысты анықталады.Органикалық байланыстырғыш заттар битум, синтетикалық шайыр, крахмал негізіндегі бұйымдар құрылыс конструкцияларын жылу оқшаулауға және тоңазытқыштарды оқшауға қолданылады. Цемент және ерітілген шыны қосылып дайындалған бұйымдар жоғары температура жағдайында қолданылады.Перлитті бетонды құрастырмалы темірбетон панельдерінен салынған ғимараттарда, сондай-ақ өндірістік пештер мен түтін құбырларында қолдануға болады. Ісінген перлит жеңіл бетондар үшін толтырғыш ретінде қолданғанда, керамзит пен аглопориттен сапасы жағынан төмен емес. Перлитті құмды гистіперлитті және цементтіперлитті әрлегіш ерітінділерге толтырғыш ретінде қолданамыз. Мұндай ерітінділерді жылу оқшаулағыш және дыбысоқшаулағыш жабын ретінде қолданамыз. Гипстіперлитті штукатурканың жылу өткізгіштік коэффициентті 0,15 ккал/м*сағ*град, ал дыбысоқшаулағыш коэффициенті 0,5 дыбыс жиілігі 600 – 800 гц болғанда.Өрт кезіндегі гипстіперлитті штукатуркамен өңделген конструкциялардың отқа төзімділігі цементті әкті құмды штукатуркамен өңделгендегіге қарағанда 2 есе артық. Ісінген перлитті бұйымдар шығаратын зауыттар санитарлы – гигиеналық талаптарды және қауіпсіздік ережелерін сақтауды талап ететін өндіріс орындарының қатарына жатады. Өйткені бұл еңбек өнімділігін арттырумен қатар әр жұмысшының денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді.Перлитті құм мен қиыршық тас ісіндіруге арналған айналмалы пештің пішіні үлкен емес: ішкі диаметрі 0,5 – 0,8м, ұзындығы 2 – 6 м.Кіші өлшемді пештер алдын – ала құмды кептіруге қолданылса, үлкен өлшемді пештер перлит қиыршық тасы бір сатылы күйдіруге арналған. Пештер 80 дейінгі бұрышпен орналасады және айналым саны минутына 3 - 10 дейін жетеді.Айналмалы пеште ісіндіру кезде ұнтақ тәрізді перлит пешке сорапталып беріліп, «аспалы» жағдайда ісінеді. Одан ірі перлит дәндері қыздырылған отқа төзімді пеш футеровкасына түсіп, айналу нәтижесінде ыстық зонаға келгенде, ісінеді Шикізатты пеште күйдіру кезінде жүретін технологиялық процес- терді ІІІ кезеңге бөлуге болады: а) жартылай сусыздандыруб) жұмсару және ісіну;в) қату және суу;Күйдірілетін материалдардың әр зонасында бөлу уақыты секундпен өлшенеді, күйдірудің жалпы ұзақтығы 1 – 2 минут аспау қажет. Шахталы және айналмалы пештерден мұндай күйдіру ұзақтығы желдеткіш жүйелер қамтамасыз етеді. Олар «асылмалы» жағдайда перлиттің ісінуіне қажет аэродинамикалық режимді қамтамасыз етеді.Перлитті ісіндіретін мұндай пеш агрегаттары күйген өнімді ұстайтын және оны дән үлкендігіне байланысты фракцияларға классификациялайтын және ауаны шаң – тозаңнан тазартатын құрылғылармен жабдықталады. Соңғысына еңбекті қорғау және санитарлы – гигиеналық талаптар қойылады.Газ тәрізді немесе сұйық отында шектеулі ауа мөлшерімен арнайы құрылғыларда жандырып, бөлінген ыстық газ көмегімен пеште перлит қыздырылады. Пеште белсенді жылу алмасы процесі мен перлиттің «асылмалы» жағдайда ыстық газдармен қарқынды араластыру өнімнің қысқа уақыт ішінде өсуін қамтамасыз етеді. Айналмалы және шахталы пештер жұмысын салыстыра отырып, келесі қорытынды жасауға болады:шахталы пеште ісінген құм, ал айналмалы пеште ісінген құм мен қиыршық тас алуға болады;шахталы пеште ісіндіру зонасы айналмалы пешке қарағанда қысқа;

Газдыбетон. Шикізат, өндірісі, қасиеттері, қолдануы -Газдыбетон қамырын алудың негізгі әдістері. Газдыбетонды алу үшін бу түзілудің негізгі цемент қамыры қатқанда бөлінетін алюминий мен кальцидің гидрототығы өзара әсерлесуі болып табылады. Сонымен қатар сутегінің бөлінуі цемент қамырының немесе ерітіндісінің тұтқырлығы өсуінің жылдамдығына сәйкестендіріліп реттеледі. Газдыбетон массасының құраушы бөліктері араластырғышқа келесі кезекпен салынады. Бірінші құм шламы, газдыбетон құрамына қажет болса құм, соңынан цемент салынады. Ерітіндіні 2 – 3 минут ішінде араластырады. Содан соң араластырғышқа аса жоғары дәлдікпен өлшенген алюминий ұнтағы сулы суспензия түрінде салынып, ол тағы үш минут ішінде 50 айналым/минут жылдамдықпенараластырылады.Газдыбетон массасын қалыпқа араластырғыштың төменгі бөлігінде орналасқан екі саңылау арқылы иілгіш ұстағыштар көмегімен құяды. Газдыбетон массасымен толтырылған қалыптарды цех қабырғалары бойында орналасқан қырлы бетон көтермелеріне орнатамыз. Қалыптар металдан жәшік тәрізді етіп, қабырғалары болт көмегімен алынып – салынатын етіп жасалады. Қалып өлшемдері: ұзындығы 2600 мм, ені 1000 және 1500 мм, тереңдігі 250 – 500 мм етіп қабылданған. Ірі өлшемді бұйымдарды қалыптауға арналған қалыптар: ұзындығы 6000 мм, ені 1590 мм, тереңдігі 250 мм болады.

Газ-және көбікбетон бұйымдарын өндірудің технологиялық схемалары және жабдық түрлері - Құм, Цемент, Су, Көбікконцентрат, Бетонараластырғыш торап, Шикізаттар, Қоспаларды дайындау, Қалыптау орнына қоспаларды тасымалдау, Заттарды қалыптау, Заттың булануы немесе табиғи қатуы.Ұялы бетон қоспасын 25 БТ/4 маркалы, араластырғыш камерасының сыйымдылығы 2 м3 болатын гидродинамикалық араластырғыштарда дайындалады. Араластырғышта орталық вал горизонтальді күйінде орналасқан. Араласта тұтқыр мен қүмды шлам гидродинамикалық араластырғышта үлестіргіштер арқылы келіп түседі. Құм мен тұтқырдың бір-біріне сандық пен сапалық қатынастары., араластырылған газды шлакты, бетон қоспасының белсенділігі 14-16 % болатындай шекте анықталады.Араласты тұтқырлар (әк + фосфорлы шлак) АВДУ - 2400 маркалы үлестегіш арқылы өлшеніп үлестенеді. Құмды шлам мен су болса олар өлшегіш сыйымдылықтары мен көлемдері бойынша өлшенеді. Араласты тұткыр салмақты үлестегішке көректендіргіштер арқылы жеткізіледі. Гидродинамикалық араластырғышқа шикізаттар мына төмендегідей кезекпен келіп түсіді: құмды шлам, қосымша араласатын су, полимерлі эфирлі қоспалар, араластытұтқыр, материалдар бір-біріне қосылу кезендеріне бетон араластырғыш міндетті түрде жүмыс істеп тұруы керек. Ол компоненттерді біркелкі араласуына кепілдік беретін көрсеткіш. Барлық шикізаттар қосылып және араласып болған соң алюминий суспензиясы қосылады да 1 минут бойына соңғы рет араластырылады.Араластырудың соңғы кезеңдерінде алюминий суспензиясын косып болған соң, араластырғышты дірілді қалыптау орнына жеткізеді және шамалы ғана ұстап тұрады. Аз уақыт ұсталған бетон қалыптарға бөлініп құйылады. Бетон қоспасының температурасы 45-52 °С шегінде болуы керек. Бүл ретте бетон қоспасының реологиялық қасиетін анықтауға Суттард приборын қолданады.Алынған бетон реологиялық сипаттамалары атап-айтсақ ағылу диаметрі 110-113 мм болған жөн.Автоклавты бөлімді есептеу.Бастапқы белгілі көрсеткіштер төмендегідей автоклавта өңдеудің режимі мына көрсетілгендей:Автоклавтағы қысымды 1 МПа-ға дейін өсіру – 2,5 сағат;1МПа жағдайында изотермиялық ұстау – 2 сағат;Автоклавты су буының қысымының бәсеңдету – 2,5 сағат;Автоклавтан массивті шығару жэне кіргізу – 0,5 + 0,5 = 1

Декоративті – акустикалық материалдарды алу технологиясы, қасиеттері, пайдалануы; Декоративті – акустикалық материалдар дыбыс жұтқыш мат негізіндегі панельдерді қазіргі уақытта әр түрлі геометриялық формалардыа өндіреді. Бояулармен өңдеу арқылы сәнді етеді. Бояу мат беткі қабатына шашырату не жағу арқылы жүзеге асады. Бояуға қойылатын талап бояу кепкенде беткі қабатында қабыршықтар пайда болмауы. Материал үшін рұқсат етілген қалыңдық 200мм. Өлшемі стандартты 1200*600 мм панельдерде суреттер жасалынады.

Дыбыс жұтқыш материалдар бұл материалдар қажетті дыбыс жұту мақсатында ғим уйм-дің ішкі қаптауға тағайындалған. Дыбыс жұтқыш мат шағылған (отраженных) дыбыс толқын энергиясын төмендетеді, дыбыстық алаңды жағымды өзгертеді. Мат жоғары кеуекті болуы тиіс. Жылуиз мат-да тұйық кеуектер болуы тиімді болса, дыбыс из мат-да тұйық емес өлшемі бойынша кіші болуы мүмкін. Бұл талап дыбыс толқындарының материалдан өтуі кезінде ол кеуектердегі ауаны тербелісті қимылға алып келеді де үлкен кеуектерге қарағанда майда кеуектер қарсыласады. Ауаның қозғалысы төмендейді, қажалудың нәтижесінде механикалық энергияның бөлігі жылу энергиясына айналады.Дыбысты жұту сипатына қарай дыбыс жұтқыш мат-р: панельді мат мен констр(фанерадан, қатты ағаш талшықты плиталардан, дыбыс өтпейтін маталар (ткань) панельдер), қатты қаңқалы кеуекті (пенобетон, газды шыны), серпімді қаңқалы кеуекті (минералды, базальтты, мақталы(хлопковая) мақта) болып бөлінеді. Дыбыс жұтқыш матға дыбыс жұту коэф 100 гц жиілікте 0,4 кем емес мат жатады.

Дыбыс жұтқыш сылақтар -Ісінген перлит жеңіл бетондар үшін толтырғыш ретінде қолданғанда, керамзит пен аглопориттен сапасы жағынан төмен емес. Перлитті құмды гистіперлитті және цементтіперлитті әрлегіш ерітінділерге толтырғыш ретінде қолданамыз. Мұндай ерітінділерді жылу оқшаулағыш және дыбысоқшаулағыш жабын ретінде қолданамыз. Гипстіперлитті штукатурканың жылу өткізгіштік коэффициентті 0,15 ккал/м*сағ*град, ал дыбысоқшаулағыш коэффициенті 0,5 дыбыс жиілігі 600 – 800 гц болғанда.

Дыбыс оқшаулағыш материалдар -Дыбыс оқшаулағыш ретінде арнайы акустикалық шыны мақталы плиталар шығарылады, олардың беткі арнайы әрленген. Шыны мақта мен бұйымнан дыбыс нашар өтеді және оны жақсы доғарады. Сондықтан оларды дыбыс оқшауларын және дыбыс оқшаулағышты-төсеніш материалы ретінде қолданады. Кейбір шыны мақта түрлерінің дыбыс өткізгіштік қасиетін жоғарлату үшін оларды арнайы өңдеуден өткізеді.Шыны мақтадан жасалынған бұйымдардың дыбыс доғару коэфиценті негізінен келесілерге байланысты.а) дыбыстың ауытқу жиілігіне;б) талшықтың орташа диаметрі көлемдік массасына;в) материалдар қабатының қалыңдығы мен оларлң ара қашықтығы;Бұларға әсер ететін факторлар келесілер:а) дыбыс оқшаулау коэфицентіне ауытқу жиілігі жоғарылағандаДыбыс жиілігі Гц......... 128 256 512 1024 2048 4096 Дыбыс оқшаулау коэфиценті 0,12 0,58 0,71 0,72 0,68 б) дыбыс оқшаулау коэфиценті материалдық көлемдік массасы жоғарылайды, талшық диаметрі ұлғайған сайын төмендейді.

Дыбыс оқшаулағыш материалдардың құрылымы құрылымы бойынша дыбыс оқшаулағыш мат: кеуекті-ұялы (ұялы бетон, перлит); кеуекті – губкалы (резина, пенопласт, күбінген полиэтилен); кеуекті – талшықты (мақта). Бұл мат қысу көлеміне байланысты: жұмсақ, жартылай қатты, қатты(жесткий), тығыз (твердый) қаңқаға ие болады.

Дыбыстың мәні және оның түрлері Дыбыс – газ, сұйық және қатты денелерде механикалық тербелістерден туындайтын және осы денелерде таралатын серпімді толқындар. Дыбыс v – жиілікпен, І – интенсивтілікпен және р - дыбыстық қысыммен сипатталады. Дыбыс толқындарының таралу жылдамдығы серпімділік қасиеттерімен, температураға және дыбыс тарайтын орта тығыздығына байланысты. Мысалы дыбыстық толқындардың тыныш 20С ауада таралуы 343 м/с қа тең, ал болатта 5000, бетонда 4000 м/с қа тең.

Жанартаулық сулы шыныларды күбіндіру процесстерінің термо-физикалық және физика-химиялық ерекшеліктері -Тау жыныстары мен минералдардың ісіну процесінің тиімділігі ісіну коэффициентімен сипатталады.Бұл көрсеткіштің мәні келесі жағдайларға байланысты:- шикізаттың химиялық құрамы, соның ішінде ондағы сілтілі тотықтардың мөлшеріне;- шикі өнімдегі судың барлық мөлшеріне, ең бастысы «еріген» су мөлшеріне;- материалдың табиғи кеуектілігіне;- шикізат бөлшектерінің өлшеміне;- температураның жоғарлау жылдамдығына тжәне ең жоғары күйдіру температурасында материалдың өңделу уақытына;

Жанартаулық шынылардың түрлері және негізгі қасиеттері -Ісінген перлит майда кеуекті дәнді, негізінен ақ түсті болатын төгілмелі жылу оқшаулағыш материал. Ісінген перлитті магмалық тау жыныстарын, вулканды шыны деп те аталатын материалдарды майдалау, іріктеу және күйдіру арқылы аламыз. Мұндай тау жыныстарына перлит, обсидиан, витрофир (шынымақта порфир), витробазальт (шынымақталы базальт), пехштейн және т.б. ең басты түрі перлит болып табылады. Петрографиялық ерекшелігі шынымақталы құрылымы және шартәрізді, беті інжудей тегіс (оның атауы да осыдан шыққан, французша «перлит» - інжу) бөліктерге сынуы.Шынымақталы тау жыныстарына ылғал вулканды лаваның және беттік гидротация нәтижесінде пайда болатын талдану процесі және минералдар құрылып үлгермейді. Лаваның суу процесі нәтижесінде мөлдір, біртекті масса тәрізді – вулкандық шыныға айналады. Тез суу нәтижесінде ылғалдың бір бөлігі (вулкандық лавада бу түрінде болатын) ерекше түрдегі («еріген» жағдайдағы су) суға айналады.Ылғалдың келесі бөлігі кристалданған суға айналады. Беттік гидротация нәтижесінде мұндай жыныстарда гигроскопиялық ылғал пайда болады. Перлитті ісіндіру кезінде бу түзілу процесінде басты рольді «еріген» су атқарады. Қыздырған кезде осы судың іс әрекеті перлит бойында кеуек түзілудің ең басты факторы болып табылады. Перлиттің басты технологиялық қасиеттері – жоғары температура әсерінен ісіну қабілеті, тау жынысының жұмсарып, құрамындағы су буға айналу нәтижесінде минерал массасын жұмсарумен түсіндіріледі.Перлиттегі су мөлшері 2 – 9% арасында. Бірақ эффективті суға 1 – 3% «еріген» су ғана келеді.Химиялық жағынан перлит құрамында 2 - 10 % сілтілер бар кремнеземді тау жыныстары болып табылады.Ісінген перлиттен құрамына әр түрлі байланыстырғыштар қосу арқылы 2 түрлі жылу оқшаулағыш бұйымдар алуға болады:күйдірілмеген – асбесттіперлитті, қолдану температурасы 6000С;күйдірілген – керамикаперлитті, қолдану температурасы 900 0С дейін; Мұндай бұйымдарда перлит жоғары кеуекті толтырғыш ролін атқарады. Ол бұйымдар қалыпталатын шикізат араласпаларының басты компоненттері болып табылады. Араласпадағы ісінген перлит пен олардың гранулалық құрылымы бұйым қасиетіне басты әсер ететіндей фактор.

Жергілікті шикізаттар және өндіріс қалдықтары негізіндегі жылу оқшаулағышты торф тақталар- Ағаш талшықты тақталарды қоршағыш конструкцияларды жылу- және дыбыстан оқшаулау үшін қолданады. Оларды тарқатылған ағаш немесе басқа өсімдік талшықтарынан –жұмысқа жарамсыз ағаштан, орман шаруашылығы кәсіпорындарының, зығыр, сабан, қамыс, мақта қалдықтарынан дайындайды. Ағаш қалдықтарынан алынатын ағаш талшықты тақталар кең тараған. Оқшаулағыш ағашталшықты тақталардың ұзындығы – 1200—3000 мм, ені -1200—1600 мм және қалыңдығы 8—25 мм, тығыздығы - 250 кг/м3, майысу кезіндегі беріктік шегі - 1,2 МПа, жылуөткізгіштігі – 0,07 Вт/ (м°С) кем емес.Оқшаулағыштармен бірге боялған немесе беті боялуға дайындалған оқшаулағыш-әрлегіш плиталар қолданылады. Қамысты плиталар немесе қамышитті III кластағы ғимараттардағы қоршағыш конструкцияларды жылудан оқшаулау үшін, аз этажды тұрғын үйлер құрылысында, кішкене өндірістік қора-қопсыларда, ауылшаруашылық құрылыстарында қолданылады. Бұл қамыс бұтақтарынан престелген, сосын мырышталған болат сымдармен байланған тақта түріндегі жылуоқшаулағыш материал. Қамысты тақталарды дайындау үшін диаметрі 7-15 мм болатын бір жылдық дамып жетілген бұтақтарды пайдаланады. Бұтақтарды күзгі-қысқы кезеңдерде дайындайды. Тақталарды арнайы престерде престейді.Шымтезекті жылуоқшаулағыш бұйымдарды тақта, қабықша және сегмент түрінде дайындайды және III кластағы ғимараттардағы қоршағыш конструкцияларды және өндірістік жабдықтар мен 60 +100°С-қа дейінгі температурада құбыр желілерінің беттерін жылудан оқшаулау үшін қолданады. Өндірісі үшін шикізаты болып пресстеу жолымен сапалы бұйым алуға қолайлы талшықты құрылымдағы аз ыдыраған (бұзылған) беттік шымтезек болып табылады. Тақталарды 1000x500x30 мм өлшемде металл қалыптарда 120-1500С температурада престеу жолымен дайындайды. Шымтезекті массаның бастапқы ылғалдылығына байланысты тақтаны дайындаудың 2 әдісі бар: ылғал (ылғалдылығы 90-95%) және құрғақ (ылғалдылығы 65 % жуық).Ылғалды әдісте артық ылғал престеу кезеңінде шымтезекті массадан майда металлды торлар арқылы сығылады. Құрғақ әдісте мұндай торлар мен қылыптар қойылмайды. Шымтезекті оқшаулағыш тақталар тығыздығы бойынша M l70 және 220 кг/м3 майысу кезіндегі беріктік шегі -0,3 МПа, құрғақ күйіндегі жылуөткізгіштігі – 0,06 Вт/ (м-°С), ылғалдылығы – 15% кем емес.Цементті-фибролитті тақталар бұл – портландцемент, су және ағаш талшықтардың қатқан араласпасынан алынған жылуоқшаулағыш материал. Ағаш түктері фибролитте армирлейтін қаңқа ролін атқарады. Сыртқы түрі бойынша ұзындығы 500мм дейін, ені – жүқа ағаш жоңқалары 4—7 мм, қалыңдығы – 0,25—0,5 мм жұқа ағаш жоңқаларын қылқан жапырақты жыныстарындағы жарамсыз ағаштардан арнайы ағашты талшықтандыратын құралда дайындайды. Түктерді алдымен кептіреді, минералдандырғыштармен (хлорлы кальций, сұйық шыны) қанықтырады және ылғалды әдіс бойынша цемент қамырымен араластырады немесе құрғақ әдіс бойынша цементпен (ағаш түктері себіледі немесе цементпен бүркемеленеді) түрлі типтегі араластырғыш машинада араластырылады.Мұнда ағаш түктерінің цементпен біркелкі бүркемеленгенін қадағалап отыру керек. Тақталарды 2 әдіспен қалыптайды: пресстеу және конвейерде, ол жерде фибролитті үздіксіз қозғалыстағы лента түрінде қалыптайды, сосын жеке плиталарға (темірбетонды бұйымдарды вибропрокат тәрізді) кеседі. Плиталарды престеу кезінде жылуоқшаулағыш фибролит үшін меншікті қысымды 0,1 МПа-ға дейін, ал конструктивті үшін - 0,4 МПа –ға дейін етіп алады. Қалыпталып болғаннан соң тақталарды 24 сағ бойы 30—35°С температурада булайды.


Дата добавления: 2015-09-30; просмотров: 51 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>