Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Акушерия бойынша тестілер. Айжана 8 страница



Артериялық гипотензия;

Олигурия және анурия;

Жиі жіңішке пульс;

Акроцианоз;

*Жоғарыдағы көрсетілген симптомдардың барлығы;

 

487. Жедел шомбалды қан жоғалту кезінде аурудың жағдайының ауырлығын бағалаудағы клиникалық критериялары:

Жүрек жиырылуының жиілігі;

Артериялық және орталық веноздық қысым;

Сағаттық диурез;

Терінің түсі және дене температурасы;

*Жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы;

 

488. Парамезонефроздық өзектердің толық емес қосылуы кезінде дамиды:

Қыздық перденің атрезиясы;

*Екімүйізді жатыр;

Қынап атрезиясы;

Гонадтардың дисгенезиясы;

Жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы.

 

489. Қыздық перденің атрезиясы көрінуі мүмкін:

Зәрдің кідіруімен;

Гематокольпоспен;

Дефекацияның қиындығымен;

Іштің төменгі жағында циклдік пайда болатын ауыру сезімімен;

*Барлық жауаптары дұрыс.

 

490. Гинекологиялық стационарға шұғыл жатқызу төмендегі көрсетілген барлық жағдайларға болады, біреуінен басқасы:

Аналық бездің ісігінің аяқшасының айналуы;

Шырышасты миоматозды түйіннің тууы;

*Эндометрияның атипиялық гиперплазиясы;

Жатыр қосалқыларының жедел іріңді қабынуы;

Жатырдан тыс жүктіліктің түтіктік түсігі бойынша бұзылысы.

 

491. №1 есеп.

33 жастағы ауру әйел, етеккірдің алдында 1 апта бұрын олигурияға, бетінің және қол-аяқтарының ісінуіне және терісінің әлсін-әлсін пайда болатын қышуына шағымданып келді. Етеккірлік функциясы бұзылмаған. Анамнезінде бір қылмысты түсік. Гинекологиялық зерттеу кезінде патологиялар табылмаған.

Диагнозды таңдаңыз?

Невроз;

Альгодисменорея;

Пиелит;

Экзема;

*Етеккіралды синдром.

 

492. №2 есеп.

35 жастағы ауру әйел еттеккіралды синдроммен зардап шегеді. Осы жастағы ең дұрыс гормондық терапияны атаңыз:

Эстриол;

*Норколут;

Сустанон-250;

Эстрадиолдипропионат;

Амбосекс.

 

493. №3 есеп.

Ауру әйел 51 жаста. Шағымы: жиі құйылу, бас ауыруы, гипергидроз, жүрегінде ауыру сезімі. Анамнезінде гипертониялық аурумен ауырған. Соңғы етеккірі 1,5 айдан бұрын болған, ауырмай келген. АҚ-140/80 мм.с.б. гинекологиялық зерттеу-патология жоқ.



Диагнозы:

Стенокардия;

Альгодисменорея;

Миокардит;

*Климактериялық синдром;

Гипертониялық криз.

 

494. №4 есеп.

28 жасар ауру әйел стационарға жатырдан қан кетумен келіп түсті, 2 жыл бойы бедеулікпен зардап шегеді. Анамнезінде 1 жасанды түсік. Тексерген кезде жалпы және жыныстық инфантилизм анықталған.

Диагноз қойыңыз?

* ДЖҚА;

Плаценталық полип;

Жатыр қосалқыларының қабынуы;

Басталған түсік;

Эндометриоз.

 

495. №5 есеп.

Ауруды оң үлкен жыныс еріннің аймағындағы ауыру сезімі мазалайды. Еріні ісінген, қатты ауырады, оның үстіндегі терісі қызарған, жұмсарған учаске білінеді.

Сіздің диагнозыңыз:

Жедел вульвит;

Бартолин безінің кистасы;

Жедел лимфоаденит;

*Бартолин безінің жалған абсцесі;

Қысылған шап жарығы.

 

496. №6 есеп.

Ауруда дене қызуының 38,5 0 дейін көтерілуі, іштің төменгі жағының ауырсынуы, бір рет құсу болған. Еттеккірлік циклдің 5-күні ауырған, іші жұмсақ, пальпация кезінде төменгі бөліміне ауыру сезімі және Щеткин-Блюмберг симптомы оң екені байқалған. Айнамен қарағанда: жатыр мойны таза, бөлінділері іріңді.

ҚЗ: жатыр мойны цилиндр тәрізді, ернеу жабық. Жатыр қалыпты мөлшерде, пальпация кезінде ауыру сезімді, қосалқылардың екі жағынан овоид тәрізді, тығыздылығы жұмсақ, ауыру сезімді құрылым анықталады.

Сіздің диагнозыңыз:

*Жедел екі жақты аднексит(сальпингоофорит);

Жедел пельвиоперитонит;

Жедел параметрит;

Жайылған перитонит;

Жедел аппендицит.

 

497. №7 есеп.

Ауру дене қызуының 380-дейін көтерілуіне, жыныс жолдарынан іріңді-қанды бөлінділердің, іштің төменгі жағында ауыру сезімінің болуына шағымданып гинекологиялық бөлімшеге келіп түсті. Етеккірлік циклдің 8-ші күні ауырған, осыдан 3 күн бұрын ЖІС салғызғын. Объективті, айнада: жатыр мойны таза. Цервикалды каналда ЖІС-нің өткізуші жіптері. Іріңді –қанды бөлінділер.

ҚЗ: жатыр біршама үлкейген, қатты ауырады, қозғалысы шектелген. Қосалқылары анықталмайды. Күмбездері терең, ауыру сезімді.

Сіздің диагнозыңыз:

Пельвиоперитонит;

Параметрит;

ЖІС енгізу кезінде жатырдың перфорациясы;

Аднексит;

*Эндометрит.

 

498. №8 есеп.

Ауру М. 28 жаста, етеккірінің 14 күндей кідіруінің пайда болған кезінде, жыныс жолдарынан қара қоңыр-қанды бөлінділерге және ішінің төменгі жағында толғақ тәрізді ауыру сезімге шағымданып келіп түсті. 5 жүктілігі болған, оның бірі босанумен және 4 медициналық түсікпен аяқталған. Түсіктің соңғысы эндометритпен асқынған. Жағдайы қанағаттанарлық. Пульсі-80, АҚ-110/70 мм.с.б.

Айнада: жатыр мойны және қынаптың шырышты қабығы көгерген, бөлінділері қара қоңыр-қанды.

ҚЗ: жатыр дұрыс орналасқан, қалыптыдан біршама үлкейген, қозғалмалы, ауыру сезімсіз. Қосалқылардың сол жақ маңында қамыр тығызды, ауырмайтын құрылым анықталады. Оң жақтан қосалқылар анықталмайды. Артқы күмбез тегістелген, ауыру сезімді.

Диагноз қойыңыз:

Толық емес түсік;

*Жатырдан тыс жүктілік;

Аналық бездің кистомасы;

Эндометрит;

Жедел сол жақты аднексит.

 

499. №9 есеп.

43 жастағы ауру әйел жыныс жолдарынан көп қанды бөлінділерге және іштің төменгі жағындағы толғақ тәрізді ауыру сезімге шағымданып стационарға келіп түсті. Анамнезінде: «Жатыр миомасы» деген диагнозбен «Д» бақылауға тұрады. Стационарда гемостоз мақсатында жатыр қуысында диагностикалық қыру жасалған. Диагностикалық қыру кезінде «жылжу» симптомы анықталған.

Сіздің диагнозыңыз:

Көпіршікті тығын;

Субсерозды түйіннің айналуы;

Түйіннің инфекциялануы;

Жатыр мойнының полипі;

*Жатырдың субмукозды миомасы.

 

500. №10 есеп.

31 жастағы ауру әйел, оны ауыру сезімді, 9 күндей ұзаққа созылған етеккірі мазалайды. Етеккірлік циклдің 10-шы күні келіп көрінді. Айнада: жатыр мойны таза, бөлінділері қара қоңыр түсті, мардымсыз.

ҚЗ: жатыр қалыптыдан біршама үлкейген, қозғалысы шектелген, қосалқылары анықталмайды, күмбездері бос, терең. Етеккірдің алдында қайта қараған кезде: жатыр жүктіліктің 7-8 аптасындай үлкейген.

Сіздің диагнозыңыз:

ДЖҚҚ;

Жатыр миомасы;

*Аденомиз;

Эндометрит;

Жоғарыдағы көрсетілгендердің бірі емес.

 

 

501. №26 есеп.

Қайта босанатын әйел 5 сағат бойы босануда. Толғақтары әр 2-3 минут сайын, 40-50 секундтай,күші орташа. ҚЗ: жатыр мойны жайылған,

7 см-ге ашылған, нәресте қабы бүтін. Нәресте басы кіші жамбастың кіру жазықтығына қысылған.Жебе тәрізді жік оң жақ қиғаш өлшемде, кіші еңбек оң жақта, алда.Мүйіске саусақ ұшы жетпейді.

Диагноз қойыңыз?

*Жүктіліктің 39-40 аптасы, босанудың I –кезеңі;

Жүктіліктің 37-38 аптасы, босанудың II-кезеңі;

Жүктіліктің 28-29 аптасы, босанудың III-кезеңі;

Жүктіліктің 41-42 аптасы, босану әрекетінің біріншілік әлсіздігі;

Жүктіліктің 40 аптасы, босанудың II –кезеңі, босану әрекетінің екіншілік әлсіздігі.

 

502. №27 есеп.

Босанып жатқан әйелге қынаптық тексеру жүргізген кезде анықталды: жатыр мойны толық ашылған, нәресте қабы жоқ. Нәресте басы сегізкөз ойысын және қасаға қосылысын түгел алып жатыр, шонданай төмпелері және құйымшақтың ұшы пальпацияланбайды. Жебе тәрізді жік оң жақ қиғаш өлшемде,кіші еңбек сол жақта, алда.

Босанудың қай кезеңі?

I;

*II;

III;

IV;

V.

 

503. №28 есеп.

Бөлінген бала жолдасын қараған кезде оның бүтіндігі күмәнді.

Қан жоғалту 200 мл. Жатыр тығыз.

Не істеу керек?

Ешқандай шара –әрекеттің керегі жоқ;

*Жатыр қуысын қолмен тексеруді жүргізу;

Жатыр қуысын үлкен қырғышпен қыруды жүргізу;

Ішке мұз қою,жатырды жиырылтатын заттарды енгізу;

Антибиотиктерді тағайындау,жатырды жиырылтатын заттар енгізу.

 

504. №29 есеп.

Мерзімі мезгіліне жеткен біріншірет босанатын әйел босану әрекетінің басталғанынан 5 сағаттан кейін, қағанақ суының кетуіне байланысты қынаптық тексеру жүргізілді. Осы кезде анықталды - жатыр мойны

5 см-ге ашылған, нәресте қабы жоқ, нәрестенің көзұясы, мұрынның түбі, ауызы пальпацияланады, ал бет сызығы оң жақ қиғаш өлшемде. Иек сол жақта, алда. Мүйіске саусақ ұшы жетпейді.

Диагноз қойыңыз:

Мезгіліне жеткен жүктілік, босанудың І-кезеңі, босанғанға дейінгі қағанақ суының кетуі, бетпен жатудың артқы түрі;

*Мезгіліне жеткен жүктілік, босаудың І-кезеңі, қағанақ суының ерте кетуі, бетпен жатудың алдыңғы түрі (иек бойынша);

Мезгіліне жеткен жүктілік, босанудың І-кезеңі, қағанақ суының ерте кетуі, бетпен жатуы, босану күшінің әлсіздігі;

Мезгіліне жеткен жүктілік, босанудың І-кезеңі, жазылып жатуы, қағанақ суының ерте кетуі;

Дұрыс жауабы жоқ.

505. №30 есеп.

Мерзімі мезгіліне жеткен жүктілігімен және жамбас өлшемдері қалыпты, қайта босанатын әйел босану әрекетінің басталғанынан

4 сағаттан кейін, қағанақ суының бүтіндігімен перзентханаға келіп түсті. Нәрестенің жүрек соғысы анық, ырғақты, 1 минутта 140 соққы, сол жақтан,кіндіктен төмен естіледі.

ҚЗ: жатыр мойны жайылған, ашылуы 3 см, нәресте қабы бүтін.

Нәресте басымен жатыр, кіші жамбастың кіру жазықтығына қысылған. Жебе тәрізді жік оң жақ қиғаш өлшемде, кіші еңбек сол жақта, алда. Мүйске саусақ ұшы жетпейді.

Дұрыс диагнозын қойыңыз:

Мезгіліне жеткен жүктілік, ұзынша орналасуы, I – позиция, алдыңғы түрі, баспен жатуы, босанудың алғашқы белгілері;

*Мезгіліне жеткен жүктілік, ұзынша орналасуы, I –позиция, алдыңғы түрі, баспен жатуы, босанудың I-кезеңі;

Мезгіліне жеткен жүктілік, босанудың I-кезеңі, нәрестенің гипоксиясы;

Мезгіліне жеткен жүктілік, босанудың I-кезеңі, босану әрекетінің әлсіздігі;

Мезгіліне жеткен жүктілік, босанудың I-кезеңі, босану әрекетінің әлсіздігі, нәрестенің гипоксиясы.

 

506. №31 есеп.

Мерзімі мезгіліне жеткен жүктілігімен және жамбас өлшемдері қалыпты, бірінші босанатын әйел, іштің төменгі жағының ауыру сезіміне, жиі зәршығаруымен, шырышты «тығынның» кетуімен шағымданып перзентқанаға келіп түсті. ІШ-100см, ЖТТБ-35см. Нәрестенің орналасуы ұзынша,нәресте басы кіші жамбастың кіру жазықтығына қысылған. Нәрестенің жүрек соғысы 1 минутына 136 соққы, анық, ырғақты. Жатыр қозған.

ҚЗ:жатыр мойны “пісіп жетілген”. Нәресте қабы бүтін. Бас кіші жамбастың кіру жазықтығына қысылған.Мүйіске саусақ ұшы жетпейді.

Дұрыс диагнозын таңдаңыз:

Мезгіліне жеткен жүктілік, босанудың І-кезеңі;

Мезгіліне жеткен жүктілік, босанудың ІІ-кезеңі;

Мезгіліне жеткен жүктілік, босанудың ІІІ-кезеңі;

*Мезгіліне жеткен жүктілік, босану алды белгілері;

Дұрыс жауабы жоқ.

 

507. №32 есеп.

Мерзімі мезгіліне жеткен жүктілікпен және жамбас өлшемдері қалыпты, бірінші босанатын әйел, босану әрекетінің басталғанынан 4 сағаттан кейін және 30 минуттан соң қағанақ суының кетуімен перзентханаға келіп түсті. Нәресте басы, кіші жамбастың кіру жазықтығында кіші сегментімен жатыр. Нәрестенің жүрек соғысы 1 минутына 120 соққы.

ҚЗ: жатыр мойны жайылған, ашылуы 4 см, нәресте қабы жоқ. Қасүсті доғалар, мұрынның түбі, маңдай пальпацияланады. Мүйіске саусақ ұшы жетпейді.

Диагнозы:

Мезгіліне жеткен жүктілік, босанудың І-кезеңі, қағанақ суының ерте кетуі, бетімен жатуы;

Мезгіліне жеткен жүктілік, босанудың І-кезеңі, қағанақ суының ерте кетуі, бетімен жатуы, босану әрекетінің әлсіздігі;

Мезгіліне жеткен жүктілік, босанудың І-кезеңі, қағанақ суының мезгілінен бұрын кетуі, төбемен жатуы;

*Мезгіліне жеткен жүктілік, босанудың І-кезеңі, қағанақ суының ерте кетуі, маңдайымен жатуы;

Дұрыс жауабы жоқ.

 

508. №33 есеп.

Қынаптық тексеру кезінде:кіші жамбастың терминалдық сызығы және қасаға буындарының жоғары шеті анықталмайды, барлық сегізкөз ойдымы бос, қасаға буыны бос, нәресте басы қозғалмайды. Жебе тәрізді жік оң жақ қиғаш өлшемде, кіші еңбек сол жақта, алда.

Бастың, түрдің, позицияның орналасу орнынын анықтаңыз:

Бас кіші жамбастың кіру жазықтығының үстінде, артқы түрі, ІІ позиция;

*Бас кіші жамбастың кіру жазықтығына қысылған, алдыңғы түрі, І-позиция;

Бас кіші жамбастың кіру жазықтығына қысылған, артқы түрі, І-позиция;

Бас кіші жамбастың кіру жазықтығының үстінде, алдыңғы түрі, І-позиция

Бас кіші жамбастың кіру жазықтығына кіші сегментімен, алдыңғы түрі, І-позиция.

509. №34есеп.

Қынаптық тексеру кезінде қасаға буынының екіден үші,бүкіл сегізкөз ойдымы, бас қозғалмайды, жебе тәрізді жік оң жақ қиғаш өлшемде, кіші еңбек оң жақта,артта.

Бастың, түрдің, позицияның орналасу орнынын анықтаңыз:

*Бас кіші жамбастың кіру жазықтығына үлкен сегментімен,артқы түрі, ІІ позиция;

Бас кіші жамбастың кіру жазықтығына кіші сегментімен, артқы түрі,ІІ позиция;

Бас кіші жамбастың кіру жазықтығына қысылған,артқы түрі, ІІ-позиция;

Бас кіші жамбастың қуысында, артқы түрі, ІІ-позиция;

Дұрыс жауабы жоқ.

 

510. №35 есеп.

Босанған әйел, босанғаннан кейінгі бірінші тәулікте. Жағдайы қанағаттанарлық, дене қызуы 36,6°, пульс 80 соққы 1минутына, ырғақты, сүт бездері үлкейген, пальпация кезінде жұмсақ, жатыр тығыз, ауырмайды, түбі кіндік деңгейінде анықталады, зәр шығаруы кедергісіз, ауырмайды.

Диагноз қойыңыз:

Босанғаннан кейінгі ерте кезең;

Бала жолдасы кезеңі;

Босанғанннан кейінгі кезең;

*Босанғаннанн кейінгі кезең, І-тәулік;

Жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы.

 

511. №36 есеп.

Түсік кезінде жатырды қырғышпен тесу жүргізілген.

Сіздің щара-тәсіліңіз?

Бақылау, ішке мұз қою, антибиотиктер және утеротониялық терапия;

Гистероскопияның бақылауымен ұрық жұмыртқасының қалдықтарын алып тастау;

*Шұғыл құрсақты жару, тесілген тесікті тігу, құрсақ қуысының мүшелерін тексеріп қарау;

Консервативтік терапиядан нәтиже болмаған жағдайда құрсақты жару, құрсақішілік қанағудың белгілерінің ұлғаюын қарау;

Құрсақішілік қан ағуды шығарып тастау үшін лапароскопия.

 

512. №37 есеп.

26 жастағы ауру біріншілік бедеулікпен гинекологиялық стационарға жатырдың шырышасты миомасы бойынша хирургиялық ем үшін келіп түсті.

Осы жағдайда операцияның қолайлы көлемі қандай?

Гистерэктомия;

Жатырдың дефундациясы;

Қосалқыларысыз жатырдың қынапүстілік ампутациясы;

*Консервативтік миомэктомия;

Қосалқыларымен жатырдың қынапүстілік ампутациясы.


513. №38 есеп.

45 жастағы ауру жатырдың субмукозды миомасы бойынша хирургиялық ем үшін гинекологиялық стационарға келіп түсті.

ҚЗ: жатыр мойны гипертрофияланған, эрозияға айналып өзгерген, жатыр денесі жүктіліктің 8-9 аптасына дейін үлкейген, тығыз, ауырмайды, қосалқылары екі жақтанда өзгермеген, бөлінділері шырышты.

Осы жағдайда операцияның оңтайлы көлемі?

Қосалқыларымен жатырдың қынапүстілік ампутациясы;

Қосалқыларысыз жатырдың қынапүстілік ампутациясы;

Консервативтік миомэктомия;

*Қосалқыларсыз жатырдың экстирпациясы;

Жатырдың дефундациясы.

 

514. №39 есеп.

30 жастағы әйелдің үшінші жүктілігі көпіршікті тығынға байланысты мерзімі 9-10 апта кезінде жасанды үзумен аяқталды. Әйелдер консультациясында ауруға диспансерлік бақылауды қалай ұйымдастыру қажет?

Әр 2 ай сайын қандағы және зәрдегі гонадотропиндердің мөлшерін анықтау;

2 жыл бойы диспансерлік бақылау;

1 жыл бойы эстроген-гестаген препараттарымен контрацепция жасау;

Жүйелі түрде ультрадыбыстық зерттеу;

*Жоғарыдағы барлық жауаптар дурыс.

 

515. №40 есеп.

45 жастағы әйелге ретсіз етеккір бойынша және қан ағуға байланысты жатыр мойнының және жатырдың қуысының шырышты қабығының қабырғаларын жеке диагностикалық қыру жүргізілген.

Осы клиникалық жағдайда эндометрияда қандай өзгерістер болуы мүмкін?

Бездік гиперплазия;

*Бездік-кисталық гиперплазия;

Полипоз;

Атипиялық гиперплазия;

Эндометрияның атрофиясы.


Дата добавления: 2015-09-29; просмотров: 78 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.035 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>