Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Акушерия бойынша тестілер. Айжана 3 страница



нәресте бойының құрсақ ішілік кідіруін;

бет бассүйегінің дисморфозын;

нәрестенің дамуының көп ауытқуларын (жүрек, бүйрек, аяқ-қолдар және тағы басқа);

*нәрестенің ірі болып қалыптасу үрдісін.

 

161. Жедел плаценталық жеткіліксіздігінің негізгі себебі болып табылады:

*плацентаның бөлінуі;

мезгілінен бұрын босанудың түсу қаупі;

кәсіптік зияндылықтары;

гениталды инфантилизм;

жатыр миомасы.

 

162. Созылмалы фетоплаценталық жеткіліксіздіктің дамуында негізгі рөлді атқарады:

гестоз;

жүкті әйелдегі жүрек – тамыр жүйесінің аурулары;

жүкті әйелдегі бүйрек аурулары;

жүктіліктің ұзаққа созылуы;

*жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы.

 

163. Созылмалы плаценталық жетіспеушіліктің қалыптасуының қауіп-қатер факторларына жатады:

жүкті әйелдің балғын жасы (15-17 жас);

жүкті әйелдің алкоголизмі және темекі шегуі;

созылмалы спецификалық және спецификалық емес инфекциялар;

үйреншікті жүктілікті көтереалмаушылық;

*жоғарыда көрсетілген факторлардың барлығы.

 

164. Нәресте бойының құрсақ ішілік кідіруінің диагностикасын, оның түрін және ауырулық дәрежесін анықтау мақсатында келесі фетометриялық параметрлерді пайдаланады:

нәресте басының бипариеталды өлшемін;

нәресте санының ұзындығын;

іш шеңберін;

нәресте іш шеңберінің сан ұзындығына қатынасын;

*жоғарыда көрсетілген параметрлердің барлығын.

 

165. Үдемелі плаценталық жетіспеушілік кезінде орталық гемодинамикалық бұзылыстарды сипаттайтын өзгерістерге жатқызу керек:

нәресте жүрегінің қуысының дилатациясын (кеңеюін);

жүректің барлық қақпақшалары арқылы қан айналысының жылдамдығының төмендеуін;

бас миын қорғау феноменін;

оң жүрекше қарынша (үш жармалы) қақпақшаның функциялық жетіспеушілігінің пайда болуын;

*жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы дұрыс.

 

166. Плаценталық жетіспеушіліктің терапиясы үшін қолданады:

тамырды кеңейтетін және спазмолитиктер препараттарын;



қанның реокоагуляциялық қасиетіне әсер ететін заттарды;

қан сарысуының орнына қолданылатын инфузиялық емді;

токолитикалық препараттарды;

*жоғарыда көрсетілгендердің барлығы.

 

167. Трансвагиналды ультрадыбысты сканирлеу кезінде жатыр жүктілігінің диагностикасы мүмкін болады:

3-4 аптада;

5-6 аптада;

7-8 аптада;

9-10 аптада;

*етеккірдің 5-7 күндей кідіруі кезінде.

 

168. Нәресте дамуының іштен болған ауытқуларының тікелей (ұрықтық немесе нәрестелік) әдістерінің диагностикасына төмендегі көрсетілгендердің барлығы жатады, біреуінен басқасы:

кордоцентез;

хорион және нәресте терісінің биопсиясы;

*жүкті әйелдің зәрінде және қанның сары суындағы эстриолды анықтау;

ультрадыбысты сканирлеу;

амниоцентез.

 

169. Ультрадыбысты зерттеудің бірінші скрининг міндеті болып есептеледі:

жүктілік мерзімін дәлелдеу;

көпнәрестелі жүктілікті табу;

нәрестенің дамуының қатқыл ақауларын анықтау;

плацентаның орнын анықтау;

*жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы.

 

170. Антенаталды кардиотокографияны жүргізудің негізгі мақсаты болып есептеледі:

нәрестенің жүрек ырғағының бұзылыстарының диагностикасы;

*жүрек жиырылуының жиілігі бойынша нәресте гипоксиясының ауырлық дәрежесін анықтау және дәлелдеу;

миометрияның жиырылу белсенділігін анықтау;

нәрестенің биофизикалық кескінін бағалау;

нәресте жүрегінің даму ақауларын анықтау.

 

171. Қандай зерттеулерді жүргізу үшін амниоцентез қолданылады;

биохимиялық;

гормондық;

цитологиялық;

генетикалық;

*жоғарыда көрсетілгендердің барлығы дұрыс.

 

172. Жүктіліктің қай мерзімінде қанда хориондық гонадотропиннің ең көп шоғырлануы тіркеледі:

5-6 аптада;

*8-10 аптада;

14-16 аптада;

35-37 аптада;

Хориондық гонадотропиннің шоғырлануы жүктіліктің аяғына дейін әрқашанда болады.

173. Фетоплаценталық жүйемен қандай гормондар синтезделеді:

хориондық гонадотропин;

эстриол;

плаценталық лактоген;

альфа-фетопротеин;

*жоғарыда көрсетілгендердің барлығы.

 

174. Амниоцентездің асқынулары төмендегі көрсетілгендердің барлығы болуы мүмкін, біреуінен басқасы:

мезгілінен бұрын босану;

нәрестенің тамырларының және кіндік баудың жарақаттануы;

хориоамнионит;

*нәрестенің дамуының іштен біткен ақауларының қалыптасуы;

қағанақ суының мерзімінен бұрын ағуы.

 

175. Кордоцентез – бұл:

жүкті әйелдің жатыр артерияларынан қанға сынама алу;

*нәрестенің кіндік бауының венасынан қанға сынама алу;

қағанақ суын трансвагиналды арқылы алу;

хорион бүрлерінен аспират алу;

нәрестенің кіндік бауының артерияларынан қанға сынама алу.

 

176. Кардиотокограмм анализі кезінде бағаланатын негізгі параметрлерді көрсетіңіздер;

жүрек жиырылуының жиілігінің базалды ырғағы;

базалдық ырғақтың түрленгіштігі;

акцелерацияның жиілігі және болуы;

децелерацияның сипаты және болуы;

*жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы.

 

177. Жүкті әйелдің организмінде эстрогендердің синтезі іске асырылады:

бүйрекүсті безінде;

аналық бездерде;

плацентада;

май тіндерінде;

*жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы дұрыс.

 

178. Жүктілік кезінде прогестеронның және оның ізашарларының синтездері барлық мүшелерде жүреді, біреуінен басқасында:

нәрестенің бүйрекүсті бездерінде;

аналық бездерінде;

плацентада;

*нәрестенің эпифизында;

әйелдің бүйрекүсті бездерінде.

 

179. Эстрогендік әсерін бағалау үшін функциялық диагностиканың қай тестісін қолданбайды:

Мойын жалғығының созылу ұзындығын өлшеуді;

Кариопикнотикалық индексті анықтауды;

*Базалды термометрияны;

Мойын жалғығының мөлшерін көзбен бағалауды («қарашық» симптомы);

Мойын жалғағының кристаллизациясын зерттеуді («қырыққұлақ» симптомы).

 

180. Акушерияда функциялық диагностиканың тестілерін қолдануға болады:

Жүкті әйелдің организмінің босануға дайындығын бағалау үшін;

Жүктіліктің ерте мерзімінің диагностикасы үшін;

Нәресте жағдайын бағалау үшін;

Ерте мерзімде жүктіліктің үзу қаупінің диагностикасы үшін;

*Жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы үшін.

 

181. Эстрогендердің әсерінен төмендегі көрсетілгендердің барлығы жүреді, біреуінен басқасы:

*Базалды температураның жоғарылауы;

Эндометрияның пролиферативтік өзгерістері;

Жатыр мойнының каналында жалғықтардың жиналуы;

Сүт бездерінің шығару өзектерінің өсуі;

Жатырдың окситотикалық заттарға сезімталдығының артуы;

 

182. Эстрогендердің іс-әрекетінен төмендегі көрсетілгендердің барлық үрдістері жүреді, біреуінен басқасы:

Қынаптың және зәр жыныс жолдарының эпителиясының мүйізгектенуі;

Сүт бездерінің шығару өзектерінің пролиферациясы;

*Аскорбин қышқылының зәрмен бірге шығуының жоғарылауы;

Сүт бездерінің паренхимасының пролиферациясы;

Мойын жалғығының өнімдері.

 

183. Жүктілік кезінде қынап жағындысында қандай жасушалар басым болады:

Беткейлі мүйізгектенгендер;

*Аралық;

Базалдық;

Парабазалдық;

Беткейлі мүйізгектенгендер емес.

 

184.Температуралық тест мүмкіндік береді:

Етеккірлік циклдің бірфазалығын дәлелдеуге;

Циклдің фазаларының ұзақтығын анықтауға;

Етеккірлік циклдің бұзылыстар сипатын анықтауға;

Овуляция уақытын анықтауға;

* Жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы дұрыс.

 

185.Екі фазалық етеккірлік цикл кезінде базалдық температураның ерекшеліктеріне тән:

Етеккірлік циклдің бірінші фазасында төмендеуі;

Овуляция қарсаңында төмендеуі;

Етеккірге 1-3 күн қалғанда төмендеуі;

Циклдің екінші фазасында жоғарылауы;

* Жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы дұрыс.

 

186.Сары дененің функциясын бағалау үшін эндометрияны диагностикалық құруды жүргізу керек:

Циклдің 15-18 күні;

Циклдің 18-25 күні;

*циклдің 25-27 күні;

Циклдің 11-14 күні;

Етеккірдің фазасына тәуелсіз.

 

187.Жүктіліктің үйреншікті көтереалмаушылығы бар әйелдерді жүргізу бойынша арнайы кабинеттердің негізгі міндеті:

Диспансерлік бақылауға жататын әйелдерді табу;

Жүктіліктен тыс кезінде тексеруді жүргізу;

Жүктіліктің үйреншікті көтереалмаушылығының қауіп-қатер дәрежесін анықтау және емдеу алдын-алу шараларын зерделеу;

Жүктіліктің басталуы кезінде стационарға аз уақытында жатқызу;

* Жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы.

 

188.Жатырдың анатомиялық жағдайын төмендегі нәтижелері бойынша анықтауға болады:

Ультрадыбысты зерттеудің;

Гистероскопияның;

Гистеросальпингографияның немесе метросальпингографияның;

Лапароскопияның;

* Жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы дұрыс.

 

189.Гипоталамды-гипофизарлық-аналық бездік жүйенің функциялық жағдайларын бағалау төмендегі нәтижелердің негізінде берілуі мүмкін болады:

Базалды температураны өлшеу;

Кольпоцитограмманың бағалары;

Гормондарды және оның метаболиттерін анықтау;

Эндометрияның биопсиясы;

* Жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы.

 

190.Жүктіліктің бірінші үш айлығында үйреншікті жүктілікті көтереалмаушылық кезінде жүргізу қажет:

Ерлі -зайыптыларды генетикалық зерттеу;

Әйелдерді вирустық инфекцияларға зерттеу;

Ерлі зайыптыларды клиникалық зерттеу;

Әйелдердің гормондық бұзылыстарын түзету;

*Жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы.

 

191. Жүктіліктің үйреншікті көтереалмаушылығы бар әйелдерге кешенді реабилитациялық шараларын жүргізуді бастау қажет:

Өздігінен болған түсіктен кейін 3 ай өткен соң;

6 ай өткен соң;

1 ай өткен соң;

*Өздігінен болған түсіктен кейін бірден;

Келесі жүктілікті жоспарлағаннан кейін.

 

192.Жүктіліктің қай мерзімі өткен соң ұзаққа созылған деп айтуға болады:

280 күндей;

275 күндей;

285 күндей;

*287-290 күндей;

Тек 294 күннен соң.

 

193.Мерзімі жүктіліктің 41 аптасы кезінде және жатыр мойнының «жетілгені» барда кардиотокограммада децелерация жағдайы пайда болғанда дәрігердің шара тәсілі:

Амниотомияны орындау және босануды кардиомонитордың бақылауымен жүргізу;

Курантилді көк тамырға енгізіп нәресте гипоксиясын емдеумен қатар динамикалық кардиотокографиялық бақылау;

*Кесар тілігі операциясы арқылы босандырып алу;

Жоғарыдағы көрсетілген әрекеттердің бірімен;

Жоғарыдағы көрсетілген әрекеттердің бірімен емес.

 

194. Мезгілінен кеш босанудың бірінші кезеңінде нәрестенің созылмалы гипоксиясының ауырлығы арта берген жағдай кезінде дәрігердің іс-әрекеті:

Нәресте жағдайын кардиомониторлық бақылаумен бірге босануды ары қарай жалғастырып жүргізу;

Нәресте гипоксиясын емдеу,босануды жүргізуді ары қарай консервативті жалғастыру;

Акушерлік қысқыштар салу;

*Шұғыл түрде кесар тілігі операциясын орындау;

Босану әрекетін окситоцинмен ынталандыру.

 

195.Мезгілінен кеш босанудың екінші кезеңінде төмендегі көрсетілген барлық асқынулар болуы мүмкін,біреуінен басқасы:

Босану әрекетінің екіншілік әлсіздігі;

Клиникалық тар жамбас;

Нәрестенің жедел гипоксиясы;

Босану жолдарының жұмсақ тіндерінің жарақаттары;

*Қағанақ суының ерте ағуы.

 

196.Мезгілінен асқан нәресте үшін төмендегі көрсетілген барлық симптомдар тән,біреуінен басқасы:

Шарана майының жоқтығы;

Бассүйектің сүйектерінің қаттығы;

«Моншалық» аяқтар мен алақандар;

Тар жіктер мен еңбектер;

*Көп лануго.

 

197.Босанудың бірінші кезеңінің басталуының белгілерін атаңыз:

Қағанақ суының ағуы;

Жатыр мойнының «жетілген»белгісінің болуы;

*Ретті толғақтық пайда болуы;

Кіші жамбастың кіру жазықтығына бастың қондырылуы;

Жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы.

 

198.Бірінші босанатын әйелдің босануының бірінші кезеңінің орташа ұзақтығы болады:

*10-12 сағат;

3-4 сағат;

5-7 сағат;

13-18 сағат;

19-24 сағат.

 

199.Қайта босанатын әйелдің босануының орташа ұзақтығы болады:

3-5 сағат;

6-8 сағат;

*8-10 сағат;

15-18 сағат;

19-24 сағат.

 

200.Босанудың екінші кезеңінің басталуының белгілерін атаңыз:

Толғақтық пайда болуы;

Қағанақ суының ерте ағуы;

*Жатыр ернеуінің толық ашылуы;

Нәресте басының жаруы;

Жатыр мойнының «жетілген» белгісінің болуы.

 

201.Бірінші босанатын әйелдің босануының екінші кезеңінің орташа ұзақтығы:

0,5 сағат;

0,5-1 сағат;

*1-2 сағат;

2-3 сағат;

3 сағаттан артық.

 

202. Қайта босанатын әйелдің босануының екінші кезеңінің орташа ұзақтығы:

0,5 сағат;

*0,5-1 сағат;

1-1,5 сағат;

1,5-2 сағат;

2-3 сағат.

 

203.Босануды жүргізу кезінде сусыз аралықтың ұзаруына артығырақ жол бермеу қажет:

6 сағаттан;

8 сағаттан;

*12 сағаттан;

16 сағаттан;

20 сағаттан.

 

204.Босануда қынаптық тексеру қандай мақсатта жүргізіледі:

Нәресте қабының бүтіндігін анықтау;

Жатыр мойнының ашылу дәрежесін анықтау;

Нәресте басының қондырылуының ерекшеліктерін анықтау;

Сүйекті жамбастың жағдайы мен өлшемдердің бағасы;

*Жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы.

 

205.Шүйдемен жатудың алдыңғы түрі кезінде жебе тәрізді немесе сагитталды жік жамбас түбінде қандай өлшемде орналасады:

*Түзу, шүйдемен алға қарай;

Көлденең;

Оң қиғаш;

Түзу, шүйдемен артқа қарай;

Сол қиғаш.

 

206. Перинеотомияға көрсетулер:

Бұтаралықтың жоғары сіреспелігі;

Бұтаралықтың жыртылу қаупі;

Мезгілінен бұрын босану;

Нәрестенің жедел гипоксиясы;

*Жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы.

 

207. Босану кезінде қынаптық тексеру жүргізіледі:

Босанатын әйел стационарға түскен кезде;

Босану кезінде әр 4 сағаттан кейін;

Қынаптық босандырып алатын операцияны жасау алдында;

Жыныс жолдарынан қанды бөлінділер пайда болған кезде;

*Жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы дұрыс.

 

208. Шұғыл түрде қынаптық тексеруді жүргізудің көрсетуі төмендегі көрсетілген барлық клиникалық жағдайлар болып есептеледі, біреуінен басқасы:

Қағанақ суының кетуі;

Жыныс жолдарынан қанды бөлінділердің пайда болуы;

Нәрестенің жүрек соғысының өзгеруі;

*Созылмалы фетоплаценталық жеткіліксіздік;

Кіндік баудың ілмегінің төмен түсуі.

 

209. Босануды ауыртпау үшін қолданады:

Есірткілік анальгетиктер;

Есірткілік емес анальгетиктер;

Перидуралдық анастезияны;

*жоғарыдағы көрсетілген барлық әдістерді;

Жоғарыда көрсетілген барлық әдістердің біреуіде емес.

 

210. Ерте амниотомияны жүргізеді:

Мезгілінен бұрын босануда;

Анатомиялық тар жамбаста;

Нәрестенің жамбаспен жатуында;

*Жайпақ нәресте қабында;

Көп нәрестелі жүктілікте.

 

211. Бұтаралықтың жыртылуының ІІ дәрежесі бұзылыстарға әкелуі мүмкін:

Жыныс саңылауының жабылуының бұзылыстарына;

Құрсақішінің қысымының реттеу бұзылыстарына;

Зәр шығару бұзылыстарына;

Үлкен дәретке отыру бұзылыстарына;

*Жоғарыда көрсетілгендердің барлығы дұрыс.

 

212.Босанғаннан кейінгі ерте кезеңдегі қан ағудың ең жиі себебі жыртылу болып табылады:

Қынаптың қабырғасының;

Бұтаралықтың;

Жатыр денесінің;

*Жатыр мойнының;

Үлкен және кіші жыныс еріндерінің.

 

213.Босану әрекетінің әлсіздігі сипатталады:

Жатырдың жиырылу ырғағының бұзылыстарымен;

Толғақтардың тым күшеюімен немесе әлсіздігімен;

Жатырдың құрысқақ жиырылуының болуымен;

Жатырдың оң және сол жартысының, оның жоғарғы және төменгі бөлімдерінің арасындағы жиырылуды үйлестірудің жоқтығымен;

*Жоғарыдағы көрсетілгендердің бірі емес.

 

214. Нәресте басының кіші жамбастың қуысының тар бөлігінде орналасуы кезінде жамбастың қандай тану нүктелері пальпацияланбайды:

*Қасаға симфизінің төменгі үштен бірі;

Сегіскөздің төменгі үштен бірі;

Шонданай төмпелері;

Құйымшақ;

Қасаға симфизінің төменгі шеті.

 

215. Босану әрекетінің байланыссыздығы (дискоординациясы) кезінде байқалады:

Жатырдың әртүрлі бөлімінің жиырылу ырғағының бұзылыстары;

Жатыр мойнының дистоциясы;

Төменгі сегменттің гипертонусы;

*Жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы;

Жоғарыда көрсетілгендердің бірі емес.

 

216. Босану әрекетінің байланссыздығының қандай мүмкін болатын асқынулары:

Қағанақ суының ерте кетуі;

Жатыр мойнының ісінуі және дистоциясы;

Жалпақ нәресте қабының қалыптасуы;

Жатыр әрекетінің жиырылу параметрлерінің өзгерісі;

*Жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы.

 

217. Жамбаспен жатуы кезінде кесар тілігінің көрсетулері төмендегі көрсетілген барлық клиникалық жағдайлар болып саналады, біреуінен басқасы:

30 жастан асқан бірінші босанатын жасы үлкен әйел;

Анатомиялық тар жамбас;

Аралас бөксемен жатуы;

*Нәрестенің даму ақаулары;

Аяқпен жатуы.

 

218.Жамбас түбінде бөкселердің болуы кезінде нәрестенің иық белдігі қайда орналасады:

*Кіші жамбастың кіру жазықтығының үстінде;

Кіші жамбастың кіру жазықтығында;

Кіші жамбас қуысының кең бөлігінде;

Кіші жамбас қуысының тар бөлігінде;

Кіші жамбастың шығу жазықтығында.

 

219.Жамбаспен жатуы кезінде босанудың бірінші кезеңінде төмендегі көрсетілген барлық асқынулар болуы мүмкін, біреуінен басқа:

Босану әрекетінің біріншілік әлсіздігі;

Қағанақ суының ерте ағуы;

Кіндік бау ілмегінің төмен түсуі;

Нәресте басының жазылуы;

*Жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы дұрыс.

 

220.Клиникалық тар жамбастың диагностикасында қандай симптом жүргізуші болып есептеледі:

*Босанудың жақсы әрекетінің болуы кезінде нәресте басының үдемелі қозғалысының болмауы арқасында кіші жамбастың кіру жазықтығында тұруы;

Вастен белгісі оң немесе Вастен белгісі «бірдей»;

Зәр шығарудың кідірісі;

Сыртқы жыныс мүшелерінің және жатыр мойнының ісінуі;

Босанудың қалыпты биомеханизмінен ауытқу.

 

221.Кесар тілігінен кейін жатырдағы тыртықтың жарамсыздығының қауіп -қатер факторы болып саналады:

Мезгілінен бұрын босану кезінде кесар тілігін жасау;

Операциядан кейінгі кезеңінің асқыну ағымы;

Корпоралдық кесар тілігі;

Кесар тілігі операцияларының араларының аралығы 2 жылдан кем;

*Жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы.

 

222. Кесар тілігі операциясы орындалуы мүмкін:

Құрастырылған эндотрахеалды наркозбен;

Эпидуралды анестезия жағдайында;

Жұлын- ми анастезиясымен;

Жергілікті инфильтрациялы анестезиямен;

*Жоғарыдағы көрсетілген анастезиялық құралдардың кез келгенін қолдануға болады.

 

223. Кесар тілігінің қандай әдістемесі кең таралғаны болып есептеледі:


Дата добавления: 2015-09-29; просмотров: 93 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.064 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>