Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Акушерия бойынша тестілер. Айжана 5 страница



Қолқаны қысу;

Жатырды жиырылтатын заттарды енгізу;

Бакшеев бойынша жатыр мойнына клеммалар салу;

*Босанғаннан кейінгі жатырдың қабырғаларына қолмен тексеру жүргізу;

Босану жолдарының жұмсақ тіндерін қарау.

 

287. Босанғаннан кейінгі кеш қанағудың ең жиі себебі болып саналады:

Жатыр бұлшық еттерінің жиырылтатын қабілеттілігінің бұзылуы;

Қан тоқтату жүйедегі бұзылыс;

*Жатырда плаценталық тіндердің қалдықтарының кідіруі;

Трофобластикалық ауру;

Жоғарыдағы көрсетілгендердің оқасы жоқ.

 

288. Плацентаның бөлінуінің белгілері жоқ, босанудың үшінші кезеңінде қанағудың пайда болуы кезінде дәрігердің шара-тәсілі:

Жатырды жиырылтатын заттарды енгізу;

Креде-Лазаревич әдісін қолдану;

Абуладзе әдісін қолдану;

*Плацентаны қолмен бөлу және бала жолдасын шығаруды жүргізу;

Спазмолитиктерді енгізу.

 

289. Акушерияда геморрагиялық шокпен күресу ұстанымдары:

Жергілікті қан тоқтату (гемостаз);

Қан тоқтататын жүйенің бұзылыстарына жол бермеу;

ҚАЖК-ді және микроциркуляцияны бұрынғы қалпына келтіру;

Демалу жеткіліксіздігінің алдын алу;

*Жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы дұрыс.

 

290. Босанғаннан кейінгі ерте кезеңде коагулопатиялық қан ағу байланысты болуы мүмкін:

Шомбалды қан жоғалтумен және геморрагиялық шокпен;

Қан тоқтату жүйенің бастапқы патологиясының болуы;

Босануда қалыпты орналасқан плацентаның бөлінуі;

Жатыр қуысында өлі нәрестенің ұзақ кідіруі;

*Жоғарыдағы көрсетілген факторлардың барлығымен.

291. Плацентаның бітісуі жағдайында бүрлері бекітіледі:

Эндометрияның функциялық қабатына;

*Миометрияға;

Эндометрияның базалды қабатына;

Периметрияға;

Параметрияға.

 

292. Босанғаннан кейін ерте кезеңде немесе босанудың үшінші кезеңінде жатыр қуысына қолды енгізу алдында қажет:

Сыртқы жыныс мүшелерін микробжойғы ерітіндімен тазалау;

Зәр қуығын босату;

Көктамырға тамшылап құятын системаны қою;

Жалпы ауыртпауды жүргізу;

*Жоғарыдағы көрсетілген барлық қол әрекеттерін жасау.



 

293. Босанғаннан кейінгі эндометритті қандай микроорганизмдер ең жиі тудырады:

*Энтеробактериялар, споро пайда болатын емес анаэробтар;

Стафилококктар;

Стрептококктар, споро пайда болатын анаэробтар;

Вирустар;

Микоплазмалар.

 

294. Инфекциялық токсикалық шок жиі дамиды әсер етуімен:

*Грамм теріс бактериялардың эндотоксиннің;

Грамм оң бактериялардың;

Вирустардың;

Жай қарапайымдардың;

Грамм оң кокктардың экзотоксиндерінің.

 

295. Босанғаннан кейінгі маститтің негізгі қоздырғышын атаңыз:

Эпидермалдық стафилококк;

*Алтын түстес стафилококк;

В тобындағы стрептококктар;

Анаэробтық кокктар;

Протейлер.

 

296. Босанғаннан кейінгі кезеңде ең жиі дамитын іріңді-сепсистің асқынуы болып саналады:

Мастит;

*Эндометрит;

Жара инфекциясы;

Пиелонефрит;

Тромбофлебит.

 

297. Босанудан кейін пайда болатын инфекциялық асқынулардың дамуының қауіп-қатер тобына барлық босанған әйелдер жатады, біреуінен басқасы:

Созылмалы инфекциялардың ошақтары бар;

Қағанақ суының мезгілінен бұрын кетуі болған;

Бактериялық вагинозы бар;

*Жаңа туған баланың дене салмағы 4000 г.астам;

Мезгілінен бұрын босануы болған.

 

298. Кесар тілігінен кейінгі перитонит ненің салдарынан болуы мүмкін:

Операция кезінде іш қуысының инфекциялануынан;

Эндометрит аясында жатырдағы тігістің жарамсыздығынан;

Ішектердің парезі кезіндегі олардың функциясының тосқауылдарының бұзылыстарынан;

*Жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығынан;

Жоғарыдағы көрсетілгендердің оқасы жоқ.

 

299. Босанғаннан кейінгі эндометриттің ең жиі кездесетін түрі:

*Плаценталық тіндердің, лохиялардың немесе децидуалдық қабықтардың қалықтарының жатырда кідіруіне байланысты болған эндометрит;

«Таза» базалдық;

Спецификалық қоздырғыштардың тудыруымен;

Хориоамниониттен кейін дамыған;

Жатыр қуысын қолмен тексеруден кейін дамыған.

 

300. Іріңді маститті емдеу төмендегі көрсетілген барлық шараларды жүргізуді керек қылады, біреуінен басқасы:

Антибактериялық заттарды тағайындауды;

Физиотерапияны;

Оперативтік араласуды;

*Сүт бездерін қатты бинтпен тануды;

Уытсыздандыру терапиясын.

 

301. Босанудан кейінгі инфекциялардың қазіргі ағымының ерекшеліктері:

Полиэтиологиялығы;

Жиі шартты-патогенді флорамен туғызылады;

Клиникалық суреттемесінің өшіндісі;

Антибактериялық терапияға жоғары тұрақтылығы;

*Жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы дұрыс.

 

302. Сыртқы жыныс мүшелеріне төмендегі көрсетілгендер жатады, біреуінен басқасы:

Қасаға;

Үлкен және кіші жыныс еріндері;

Шошақай;

Қынаптың кіреберісі немесе қыздық перде;

*Қынап.

 

303. Ішкі жыныс мүшелеріне төмендегі көрсетілгендер жатады, біреуінен басқасы:

Қынап;

Жатыр;

Жатыр түтіктері;

Аналық бездер;

*Қыздық перде.

 

304. Жамбас түбінің сыртқы қабатының бұлшықеттеріне төмендегі көрсетілгендер жатады, біреуінен басқасы:

Шонданай үнгірлі;

Буылтық –кеуекті;

Сыртқы, артқы өтісті қысатын;

*Зәрлі көкет;

Беткейлі-көлденең.

305. Жамбас түбінің ортаңғы қабатының бұлшық еттеріне жатады:

*Зәр шығаратын каналды қысатын, бұтаралығының терең көлденең бұлшық еті;

Қасаға – құймышақ;

Бұтаралығының терең көлденең бұлшық еті;

Шонданай үнгірлі;

Буылтық –кеуекті;

 

306. Жамбас түбінің ішкі қабатының бұлшық еті немесе жамбас көкетіне жатады;

*Артқы өтісті көтеретін бұлшық ет, үш жұп шогырдан (аяқтарынан) тұрады;

-Қасаға – құйымшақ;

-Мықын-құйымшақ;

-Шонданай-құйымшақ;

Шонданай -үңгірлі бұлшық ет;

Буылтық –кеуекті бұлшық ет;

Артқы өтісті қысатын сыртқы бұлшық ет;

Аралықтың беткейлі көлденең бұлшық еті.

 

307. Ұрпақ өрбіту жүйеде төмендегі көрсетілген деңгейлерді бөледі, біреуінен басқасын:

Гипоталамус;

Гипофиз;

Аналық бездер;

Нысана- мүшелер (жатыр, сүт бездері);

*Бүйрекүсті бездері.

 

308. Етеккірлік циклдің бірінші күнінен басталып 12-15 күндері аяқталатын, аналық бездік циклдің фазасын не деп атайды:

Регенерация;

Пролиферация;

*Фолликулиндік;

Секреция;

Сары дене.

 

309. Етеккірлік циклдің 12-15 күндерінен басталып 24-30 күндері аяқталатын, аналық бездік циклдің фазасын, не деп атайды:

Фолликулиндік;

Овуляция;

*Сары дене;

Пролиферация;

Секреция.

 

310. Гипофиздің алдыңғы бөлігінің гормондарына төмендегі көрсетілгендердің барлығы жатады, біреуінен басқасы:

ФСГ;

ЛГ;

Пролактин;

АКТГ;

*Прогестерон.

 

311. Аналық безде төмендегі көрсетілген гормондар өндіріледі, біреуінен басқасы:

Эстрогендер;

Андрогендер;

Ингибин;

Прогестерон;

*Пролактин.

 

312. Есейген әйелдің сүйек жамбасы келесі сүйектерден тұрады:

Мықын, шонданай, қасаға;

Сегізкөз, құйымшақ;

*Екі жамбас, сегізкөз, құйымшақ;

Екі жамбас, сегізкөз;

Мықын, шонданай, құйымшақ.

 

313. Үлкен және кіші жамбас арасындағы шекара болып есептеледі:

Мықын сүйектерінің қырлары, омыртқа бағанасы;

Мықын сүйектерінің қанаттары, алдыңғы құрсақ қабырғасы;

*Шекаралық сызық, мүйіс, симфиз және қасаға сүйектерінің жоғарғы ішкі шеті;

Ұршықбас ойдымы, симфиз;

Шонданай төмпелері, симфиздің төменгі шеті, құйымшақ.

 

314. Қандай сүйектермен бітісіп жамбас сүйегін құрайды:

*Мықын, шонданай, қасаға;

Қасаға, мықын, құйымшақ;

Шонданай, мықын, құйымшақ;

Қасаға, сан, сегізкөз;

Шонданай, сегізкөз, құйымшақ.

 

315. Акушерияда үлкен жамбастың қандай маңызы бар:

Ішкі жыныс мүшелерін дұрыс орналасуын ұстап тұрады;

*Үлкен жамбастың өлшемдері бойынша кіші жамбастың өлшемдерін білуге болады;

Нәрестенің дұрыс орналасуына мүмкіндік жасайды;

Нәресте басының қондырылуына мүмкіндік жасайды;

Дұрыс жауабы жоқ.

 

316. Кіші жамбастың классикалық жазықтықтарын санап шығыңыз:

Кіру жазықтығы, шығу жазықтығы;

Кіру жазықтығы, кіші жамбас жазықтығының кең бөлігі, шығу жазықтығы;

Кіші жамбас жазықтығының кең бөлігі, кіші жамбас жазықтығының тар бөлігі, шығу жазықтығы;

* Кіру жазықтығы, кең бөліктің жазықтығы, тар бөліктің жазықтығы, шығу жазықтығы.

Тар бөліктің жазықтығы, шығу жазықтығы.

 

317. Босану жолдарына кіреді:

Сүйек жамбас;

Жатыр, қынап;

Жамбас түбінің бұлшықеттері;

Сыртқы жыныс мүшелері;

*Жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы дұрыс.

 

318. Қандай үрдіс овуляция деп аталады:

Фолликуланың пісіп жетілуі;

Жұмыртқа жасушасының пісіп жетілуі;

*Пісіп-жетілген фолликуланың жарылуы және жұмыртқа жасушасының шығуы;

Сары дененің пайда болуы;

Фолликуланың қайта дамуы.

 

319. Ұрықтану деп аталады:

Жұмыртқа жасушасының пісіп жетілуі;

*Еркек және әйел жыныс жасушаларының қосылуы;

Сперматозоидтардың пісіп жетілуі;

Пісіп-жетілген фолликуланың жарылуы;

Сары дененің пайда болуы.

 

320. Қағанақ сулары-бұл:

Ана қанының сарысуының фильтраты;

Нәресте әрекетінің өнімі;

Амнион қабықтарының секреті;

Нәрестенің май бездерінің бөлінділері;

*Жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы дұрыс.

 

321. Жетілген нәрестенің кіндік бауының орташа ұзындығы қандай:

20-25 см;

12-18 см;

80-85 см;

*50-60 см;

30-35 см.

 

322. Жүктіліктің мерзімі кезінде физиологиялық босану басталады:

21-32 апта;

28-36 апта;

*37-42 апта;

38-43 апта;

40 аптадан кейін.

 

323. Қағанақ суларының өз мезгілінде ағуы деп аталады:

Босану әрекеті басталғаннан кейін қағанақ суларының ағуы;

Жатыр мойнының 6 см ашылуы кезінде;

Босану әрекеті басталмай тұрып қағанақ суларының ағуы;

*Жатыр мойнының толық ашылуы кезіндегі қағанақ суларының ағуы;

Күшену кезеңінің соңында.

 

324. Бас пішіні деген не:

Бас көлемінің кішіреюі;

Бас көлемінің ұлғаюы;

*Бас үлгісінің өзгеруі;

Сүйек астына қан құйылу;

Дұрыс жауабы жоқ.

 

325. Босануды қабылдау бойынша акушерлік қолмен көмек көрсету, босану биомеханизмінің қай сәтінен бастап кіріседі:

Босанудың II-кезеңінің басталуынан;

Күшенудің басталуынан;

Бастың жаруы сәтінен;

*Бастың жарып шығуы сәтінен;

Бастың жазылуынан.

 

326. Босанудың III-кезеңі деп аталады:

Ашылуы;

Қуып шығуы;

Босанғаннан кейінгі кезең;

Босанғаннан кейінгі ерте кезең;

*Бала жолдасы кезеңі.

 

327. Жүкті әйелді міндетті түрде, акушер-гинекологтан басқа, қандай мамандар қарайды? Жауаптардың дұрыс қиыстыруын (комбинациясын) таңдаңыз:

Терапевт, хирург;

*Терапевт, стоматолог;

Терапевт, эндокринолог;

Терапевт,оториноларинголог;

Кардиолог, нефролог.

 

328. Жүктіліктің диагнозын қандай мәліметтер негізінде қояды:

Анамнезі;

Акушерлік зерттеудің обьективтік әдістері;

Жүктілікке оң, биологиялық және иммунологиялық реакциялары;

УДЗ нәтижелері;

*Жоғарыдағы көрсетілгендердің барлық мәліметтері.

 

329. Бірінші жүкті болған әйел нәресте қимылын бірінші рет қай мерзімде сезеді:

16 аптада;

18 аптада;

*20 аптада;

22 аптада;

23-24 аптада.

 

330. Қайта жүкті болған әйел нәресте қимылын бірінші рет қай мерзімде сезеді:

16 аптада;

*18 аптада;

20 аптада;

22 аптада;

23-24 аптада.

 

331. Әйелге жүктіліктің қай мерзімінде заңды демалысын береді:

28-29 аптада;

*30 аптада;

33-34 аптада;

32 аптада;

35-36 аптада.

 

332. Кеш гестозы бар босанатын әйелдерді босануды жүргізу кезінде ауыртпаудың қандай әдісіне айырықша көңіл бөлінеді:

Анальгетиктерге;

Спазмолитиктерге;

*Эпидуралды анестезияға;

Азоттың шала тотығы;

Эфир.

 

333. Қағанақ суларымен эмболия пайда болуы мүмкін:

Жүрек –тамыр жүйесінің ауруларында;

Нәрестенің жазылып жатуында;

Қан ауруларында;

Дем алу мүшелерінің ауруларында;

*Оперативтік араласуында (кесар тілігі, бала жолдасын қолмен алып тастау, жатырға массаж жасау және т.б.).

 

334. Қағанақ суларымен эмболия кезінде өлім-жітімдің нәтижесі қандай пайыз құрайды:

*90 %;

80 %;

70 %;

50 %;

60 %.

 

335. Көп нәрестелі жүктіліктің диагнозын қатесіз қою үшін қандай әдіс мүмкін береді:

Акушерлік зерттеудің сыртқы 4 тәсілі;

Нәрестелердің жүрек соғыстарын тыңдау;

Қынаптық тексеру;

*УДЗ;

Амниоскопия.

 

336. №1 есеп.

Қайта босанатын әйел мезгіліне жеткен жүктілігімен, қағанақ суларының ағуымен босану стационарына келіп түсті. Анамнезінде нәрестенің жедел гипоксиясына байланысты 2 жыл бұрын кесар тілігі жасалған, босанғаннан кейінгі кезең эндометритпен асқынған.

Дәрігердің мүмкіндік іс-әрекеті?

Кардиомониторлық бақылаумен табиғи босану жолдары арқылы босануды жүргізуді бастау;

Нәрестенің құрсақішілік гипоксиясының алдын алуын жүргізу;

Жатыр –плацента қан ағымын зерттеуді жүргізу;

*Кесар тілігі операциясын шұғыл орындау;

Нәрестенің даму ақауларын алып тастағаннан кейін жоспарлы түрде кесар тілігі операциясын жүргізу.

 

 

337. №2 есеп.

 

40 жастағы бірінші рет жүкті болған әйел жүктіліктің мерзімі 31-32 апта кезінде УДЗ-ге жіберілген. Іштің шеңбері (ІШ)-110 см, жатыр түбінің тұру биіктігі (ЖТТБ)-34 см, әйелдің салмағы – 70 кг.

Зерттеудің мақсаты қандай?

Көпнәрестелі жүктілікті шығарып тастау;

Жатыр миомасының барлығын шығарып тастау;

Қағанақ суларының мөлшерін анықтау;

Нәрестенің дамуының ақауларын алып тастау;

*Жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы дұрыс.

 

338. №3 есеп.

Босану стационарына басының және эпигастрия аймағындағы ауырсынуына шағымданған жүкті әйел әкелінді. Пульс-100, АҚ 170/100 мм.с.б., бетінде, ішінде,аяқтарында ісінулер. Жатыр мөлшері мезгіліне жеткен жүктілікке сәйкес келеді, пальпация кезінде ол күштенген және ауырусынған, нәрестенің жүрек соғысы қатаң, қынаптың бөліндісі-қанды.

Не шара қолдану қажет?

Нәрестенің жедел гипоксиясын емдеуді жүргізу;

Кеш гестоздың кешенді емін бастау;

Нәресте қабын жару және босануды табиғи жыныс жолдары арқылы жүргізуді бастау;

*Шұғыл кесар тілігін жүргізу;

Кешенді патогенетикалық терапияны бастау және жоспарлы түрде кесар тілігін жүргізу.

 

339. №4 есеп.

35 жастағы босанатын әйелдің, босанудың екінші кезеңінде нәресте басы кіші жамбастың тар бөлігінде орналасқан кезде, эклампсияның талмасы болды.

Босануды әрі қарай жүргізудің шара-тәсілі қандай?

Шұғыл түрде кесар тілігін орындап босануды аяқтау;

Кешенді қарқынды терапияны жүргізу және босануды консервативті жүргізуді жалғастыру;

*Акушерлік қысқыштарды салу;

Ганглиоблокаторлардың аясында бұтаралығын кесіп босануды консервативті жүргізуді жалғастыру;

Нәрестенің вакуум-экстракциясын жүргізу.

 

340. №5 есеп.

Босанатын әйелдің босануы 10 сағат шамасында жалғасуда. Қағанақ сулары кетпеген. Кенеттен әйел бозарып, іште күшті кернеген ауыр сезімі пайда болды. Нәрестенің жүрек соғысы 100-110 соққы 1-минут ішінде. Қынаптық зерттеу кезінде:

жатыр ернеуінің ашылуы толық, нәресте қабы бүтін, күштенген, нәресте басы кіші жамбастың қуысында.

Не істеу керек?

Кесар тілігінің операциясына тез кірісу;

Нәрестенің жедел гипоксиясына ем жүргізу;

Амниотомия жүргізу;

*Нәресте қабын жару және акушерлік қысқыштар салу;

Амниотомиядан кейін окситоцинмен босануды ынталандыруды бастау.

 

341. №6 есеп.

Қайта босанатын әйелде, нәрестенің аралас бөксемен жатуы анықталды, босанудың екінші кезеңінде кіндік баудың ілмегінің түсуі, нәрестенің жүрек соғысының сиректенуі 100 соққыға төмендеген және жүрек дыбысы қатаң. Қынаптық зерттеу кезінде нәрестенің бөкселері және аяқ ұштары кіші жамбастың қуысында, ал қынапта кіндік баудың түсіп кеткен ілмегі анықталады.

Қандай шара-тәсілді таңдау қажет?

Кіндік баудың ілмегін қайта салып, босануды консервативті жүргізуді жалғастыру;

Нәрестенің гипоксиясын емдеуді жүргізу;

Босануды консервативті жүргізуді жалғастырып, әрі қарай Цовьянов бойынша қолмен көмек көрсету;

*Жамбас жағынан нәрестенің экстракциясын жүргізу;

Шұғыл түрде кесар тілігі операциясын жүргізу.

 

342. №7 есеп.

Босанудың екінші кезеңі–егіз анықталған. Бірінші нәресте туғаннан кейін қынаптық зерттеу жүргізілген, онда анықталған, екінші нәресте көлденең орналасқан, нәресте басы оң жақта.

Босануды жүргізудің әрі қарай шара-тәсілі қандай?

Нәресте қабын жару, босануды консервативті жүргізуді жалғастыру;

Кесар тілігін жүргізу;

Нәресте қабын жару, нәрестені бөлшектеу операциясын жүргізу;

Нәресте қабын жару, нәрестені аяғына қарай классикалық бұруды жүргізу;

* Нәресте қабын жару, нәрестені аяғына қарай классикалық бұрып, әрі қарай аяғынан экстракция жасап шығару.

 

343. №8 есеп.

Жүктіліктің мерзімі 25-26 апта кезінде қайта жүкті болған әйел, жыныс жолдарынан қанды бөлінділердің таңертең ұйқыдан соң пайда болғанына шағымданып әйелдер консультациясына келді. Анамнезінде 1 босану және 2 медициналық түсік. Жатырдың өлшемі жүктіліктің мерзіміне сәйкес келеді, пальпация кезінде жатыр қозбаған. Нәрестенің жамбаспен жатуы, нәрестенің жүрек соғысы анық, ырғақты. Жыныс жолдарынан қанды бөлінділер жоқ.

Әйелдер консультациясының дәрігерінің шара-тәсілі?

Жүкті әйелге спазмолитикалық препараттарды қабылдауға ұсыныс жасау;

Нәрестенің орналасуын түзеуге мүмкіндік беретін жаттығуды орындауға ұсыныс жасау;

Жатыр мойнын айнада қарауды және қынаптық зерттеуді жүргізу;

Жүкті әйелге физикалық жүктемені азайтуға ұсыныс жасау, жоспарлы түрде УДЗ жүргізу;

*Жүкті әйелді босану стационарына жатқызу.

344. №9 есеп.

Перзентханаға босанатын әйелді әкелген кезде нәрестенің меңдеген көлденең орналасуы және қолдарының төмен түсіп кетуі анықталған. Нәрестенің жүрек соғысы естілмейді. Осы жағдайда босандырып алудың қандай амалы мүмкін?

Классикалық акушерлік бұру жүргізіп, әрі қарай нәрестенің аяғынан ұстап экстракция жасау;

Шұғыл түрде кесар тілігін жүргізу;

*Нәрестенің декапитациясын орындау;

Босануды консервативтік жүргізуді жалғастыру;

Краниотомияны жүргізу.

 

345. №10 есеп.

Қайта туатын әйелде жүктіліктің 32 апта мерзімінде нәрестенің жамбаспен жатуы анықталған.

Әйелдер консультациясының дәрігерінің шара-тәсілі?

Нәрестенің жағдайын бағалау үшін эхографияны жүргізу;

*Түзету гимнастикасын орындауға ұсыныс жасау;

Сыртқы акушерлік бұруды жүргізу;

Жүкті әйелді стационарға жатқызу;

УДЗ жүргізу.

 

346. №11 есеп.

Босанған әйелде босанғаннан кейінгі кезеңде 4 –ші тәулікте қан ағу басталды. 50 мл қан жоғалтты, жатырды жиырылтатын заттар қолданылды, қан ағу тоқтады, ал келесі тәулікте қан ағу қайта қайталанды, орташа.


Дата добавления: 2015-09-29; просмотров: 101 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.059 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>