Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

50 жастағы ер адам 20 жыл бойы созылмалы алкоголизм ауруымен ауырады. Мас күйінде қатты суықтағаннан кейін интоксикация симптомы және жөтелге, кеуде 4 страница



кортикотропин//

катехоламиндер

***

Эндокринологқа 35 жасар әйел адам жалпы әлсіздіктің, шаршағыштықтың үдеуі, тәбетінің төмендеуі, жиі лоқсу шағымдарымен қаралды. Дене салмағының төмендеуі аясында 2 ай аралығында етеккір циклінің аменорея түрінде бұзылысы байқалған. Соңғы айда бірнеше рет есінен тану жағдайлары болған. Анамнезінде туберкулезге байланысты нефрэктомия жасалған. Объективті: дене салмағының жеткіліксіздігі, тері мен ауыздың шырышты қабатының гиперпигментациясы. АҚ – 70/40мм.с.б. Қанда: гемоглобин – 72 г/л, ашқарындық гипогликемия 2,9 ммоль/л дейін. Мүмкін болатын диагноз://

+ бүйрек үсті безінің жеткіліксіздігі//

жүктілік//

гепатодуоденалды аймақ ісігі//

аналық без туберкулезі//

нейрогенді анорексия

***

Жедел жәрдеммен 64 жастағы қантты диабетпен сырқаттанған науқас жеткізілді. Бірнеше күн бойы бірнеше рет құсу, көп мөлшерде сұйық нәжіс болып, құрысу мен естен тану байқалған. Қарағанда II дәрежелі кома, қарашықтары ұлғайған, көз алмалары жұмсақ, ошақтық белгілер жоқ. Терісі құрғақ, тургоры төмендеген. ТАЖ- 21, ЖСС- 98 рет мин., АҚ - 70/40 мм с.б. Гликемия - 35ммоль/л. Қанның жалпы анализінде- қаны қоюланған. Осы команың дамуында төмендегі патогенездік механизм маңызды://

инсулин жетіспеушілігі//

интоксикация//

гипоксия//

ацидоз//

+ сусыздану

***

9 жылдан бері қант диабетінің 1типімен сырқаттанған науқаста гликемияның салыстырмалы компенсациясына қарамастан көздің көруі нашарлады, транзиторлы гипертония 145/95 мм.с.б., микроальбуминурия пайда болды. Жақын арада емдеу бағдарламасына қосу қажет://

орталық әсерлі альфа-агонисттерін//

+ ангиотензин айналдырушы фермент ингибиторларын//

бета-блокаторларын//

диуретиктердің аз дозасын//

белокты препараттар инфузиясын

***

Науқас К. 24 жаста, қатты арықтауына (1 айда 9 кг), аузының құрғауына, шөлге, кіші дәретінің жиілеуіне, жүрек айнуына, тәбетінің төмендеуіне шағымданады. Обьективті: терісі құрғақ, табаны мен алақандары сарғыш түсті, фурункулез бар. Зәр анализінде қант анықталған-2,9% және ацетонурия. Науқасқа тағайындау қажет://



+ қарапайым инсулинді//

сульфаниламидтерді//

бигуанидтерді//

пролонгирленген инсулинді//

гипокалориялы диета

***

45 жастағы науқас әйел АҚ 200/110 мм с.б. дейін үнемі көтерілуіне, бұлшық еттік әлсіздікке, тырысуларға, жиі зәр шығаруға шағымданады. Бұл симптомдар бір жыл бойы мазалауда. Компьютерлік томограммада сол жақ бүйрек үсті безінің ұлғаюы. Неғұрлым тиімді тағайындау://

конкор//

физиотенз//

фуросемид//

+ верошпирон//

индапамид

***

Қабылдау бөліміне 63 жасар науқас келіп түсті. Анамнезі: ұзақ уақыт пиелонефритпен ауырады. Объективті: санасы сопор деңгейінде, дизартрия, беттің асимметриясы, сол жақты гемипарез байқалады. АҚ 180/100 мм.с.б. Қанда: гемоглобин-95 г/л, эритроцит -3.2 х 1012/л, лейкоцит-10,2 х 109/л, тромбоцит – 186 х 109/л, ЭТЖ - 25 мм/с. БХА: креатинин-1200 мкмоль/л (норма 60-130 мкмоль/л), мочевина-35 ммоль/л. Несепте: ақуыз (белок) – 1,5 г/л, лейкоцит -7-8 көру аймақта, эритроцит 0-1 көру аймақта. Гемодиализ жүргізуге шешім қабылдауға қажет зерттеу әдісі://

бүйрек УДЗ//

+ жұлын пункциясы//

калий деңгейін анықтау//

бас сүйегінің рентгенографиясы//

ЭКГ және ЭхоКГ

***

24 жасар науқасты бас ауру, шөлдеу, жүрек айну, құсу, мұрыннан қан кету, әлсіздік, тәбеттің төмендеуі мазалайды. 10 жыл аралығында ауырады. Объективті: боз, теріде қасу іздері бар, «қағу» симптомы екі жақта оң мәнді. АҚ - 180/100 мм с.б. ЖСЖ - 100 рет/мин. Қанда: гемоглобин–96 г/л, эритроцит–2,8 млн., лейкоцит-8,2 тыс., ЭТЖ -35 мм/с. БХА: мочевина–16 ммоль/л, креатинин– 0,250 ммоль/л. Несепте: салыстырмалы тығыздығы 1005, ақуыз-4,5 г/л, лейкоцит – 8-12 көру аймақта, эритроциты – 20-25 көру аймақта. Барынша ықтимал асқынуы://

ТШҚҰ (ДВС)-синдром//

бауыр жетіспеушілігі//

жедел бүйрек жетіспеушілігі//

+ созылмалы бүйрек жетіспеушілігі//

гипертониялық криз

***

Ер кісі H. 33 жаста, сол жақ бүйірдің ауырсынуына және несептің қызыл түске дейін өзгеруіне шағым айтады. Несеп шығару барысында ауырсыну жоқ. Осы аталған жағдай соңғы 5 жылда үшінші рет қайталанған, әр бір қайталау жедел респираторлық инфекциямен байланысты болған. Конституциясы астениялық. Ісіктер жоқ. АҚ 135/90 мм.с.б. Қанда: гемоглобин -110г/л, лейкоцит -6х10/л, ЭТЖ -20 мм/час. Несепте: тығыздығы -1,012, ақуыз – 0,066 г/л, эритроцит 20-25 көру аймақта, лейкоцит 5-6 көру аймақта, жекеленген гиалинді цилиндрлер. Антинуклеарлы антидене табылмады. Барынша ықтимал диагнозы://

+ IgA – нефропатиясы//

жедел пиелонефрит//

жедел постстрептококті гломерулонефрит//

несеп-тас ауруы//

созылмалы пиелонефрит

***

Әйел 18 жаста, бір аптадан бері ауырады. Баспадан кейін ісінулер пайда болған. Объективті: АҚ - 140/90 мм.с.б. Несепте: меншікті салмағы - 1020, ақуыз -4,4 г/л, лейкоцит – 6-10 көру аймақта, эритроцит -5-6 көру аймақта, гиалинді цилиндрлер -3-4 көру аймақта. Барынша ықтимал диагнозы://

бүйрек амилоидозы//

бүйрек туберкулезі//

нефротикалық криз//

+ жедел гломерулонефрит//

созылмалы пиелонефрит

***

Субклиникалық гипотиреоз үшін қандай гормоналдық өзгерістер тән://

+ ТТГ жоғары, бос Т3 және бос Т4 қалыпты//

ТТГ қалыпты, бос Т3 жоғары, бос.Т4 жоғары//

ТТГ қалыпты, бос Т3 төмен, бос Т4 төмен//

ТТГ жоғары, бос Т3 жоғары, бос.Т4 жоғары//

ТТГ қалыпты, бос. Т3 және бос.Т4 қалыпты

***

25 жастағы науқаста 6 жыл бұрын бірден етеккірі тоқтаған, бірде – бір рет жүктілік болмаған. Әйел фенотипі. Қан сарысуындағы ФСГ концентрациясы – 0,3 Б/л (қалыптыда 2-20), пролактин – 16 мХБ/л (қалыптыда 61-512). Гестагенмен және эстрогенмен сынама теріс. Болжам диагноз://

біріншілік гонадотропты аменорея//

климакстік кезең//

аналық бездерінің біріншілік поликистозы синдромы//

+ екіншілік гипогонадотропты аменорея//

Шихан синдромы

***

36 жастағы науқас, ауыз қуысында және гениталий аймағында көлемі 1см, бір-біріне қосылып кететін жараларға, коньюктивасының қызаруына, кеудесінің алдыңғы бетінде эритемалық бөртпелердің шығуына шағымданады. Диагнозды қоюға келесі лабораториялық көрсеткіш көмектеседі://

Scl-70//

ревматоидты фактор//

+ HLA-B51//

HLA-B27//

АНФ

***

67 жастағы науқаста айқын протеинурия (20г/тәу жоғары) ex tempera зәр алынды. Пробиркада зәрдің қайнауы кезінде мақта тәрізді тұнба пайда болады, қалдықты ары қарай жылытқанда қайнағанға дейін тұнба ериді. Бұл жағдай көрсетеді://

+ Бенс-Джонс белогын болуының//

пиурияны//

нефротикалық синдромды//

айқын эритроцитурияны//

цилиндурияны

***

Салыстырмалы тығыздығы 1013, белок 0,033 г/л, лейкоциттер 30-40 к/а, бірен -саран лейкоциттік цилиндрлер; лейкограммада 90% нейтрофильдер болатын несептің жалпы анализін талдап, болжам диагноз қойыңыз://

несеп тас ауруы//

жедел гломерулонефрит//

созылмалы гломерулонефриттің өршуі//

+ созылмалы пиелонефриттің өршуі//

жедел интерстицийлік нефрит

***

Келесі ауруға күдіктенгенде тердің электролитті құрамын, сілекейдегі натрийдің деңгейін тексереді және альдестеронмен сынама жүргізіледі://

саркоидозға//

+ муковисцидозға//

лейомиоматозға//

ретикулогистиоцитозға//

панкреатитке

***

Науқас 25 жаста, 8 жыл бойы І типті қантты диабетімен ауырады. Тұрақты түрде инсулин қабылдайды. Кезекті диспансерлік қарауда: жағдайы қанағаттанарлық, көңіл күйі жақсы, АҚ 130/80 мм сын. бағ. ЗЖА: белок 0,4 г/л, ҚЖА: НВ 125 г/л, биохимиялық анализде: креатинин 0,14 ммоль/л, шумақ фильтрациясы 162 мл/мин. Келесі шаралар науқастың бүйрек қызметін жақсартуға қолайлы болып табылады: 1. гипергликемия деңгейін бақылау; 2. жүйелі түрде ААФи (иАПФ) қолдану; 3. белок құрамды тағамды шектеу; 4. протеинурия артқан жағдайда преднизолон тағайындау://

дұрыс жауабы 1, 3,4//

дұрыс жауабы 1,2,4//

+ дұрыс жауабы 1, 2, 3//

дұрыс жауабы 1, 2, 3, 4//

дұрыс жауабы 2,3,4

***

43 жастағы әйел салмағының жоғарылауын, терісінің құрғауын, сөйлеудің қиындауын, аменореяны, есіне сақтау қабілетінің төмендеуін байқаған. Анамнезінде: созылмалы гайморит. Об-тi: бойы - 168см, салмағы 92кг. Айқын гиперкератоз. Беті ісінген, тiл үстінде тiстер ізі таңбаланған. Жүрек тондары әлсіреген, брадикардия. АҚ 80/50 мм сын.бағ. Қанда: эр. 3,5х1012 /л, Hв 75 г/л, лейк. 4, 5 х109 /л, ЭТЖ - 13 мм/сағ. Қанда глюкоза 3,5 ммоль/л. Т3, Т4 төмендеген, ТТГ – жоғарылаған. Барынша тиімді ем тағайынданыз://

зәр айдайтын дәрiлерді//

диуретиктерді//

йод дәрілерін//

+ тиреоидты препараттарды//

қабынуға қарсы дәрi-дәрмектерді

***

Қыз бала 20 жаста, шөлдеуге және дене салмағының артуына шағымданады. Об-ті: бойы 162 см, салмағы 94кг. ДМИ (ИМТ) 35,8 кг/м2. Аш қарындық гликемия 5,9 ммоль/л, жалпы холестерин 5,2 ммоль/л, триглицеридтер 2,4 ммоль/л. Барынша тиімді дәрмекті тағайынданыз://

манинилді//

+ ксеникалды//

диабетонды//

новонормды//

симвастатинді

***

65 жастағы науқаста, әлсіздік, жүрек айнуы, кезеңдік құсу, тәбетінің төмендеуі, терінің титықтататын қышынуы, тері астылық қан құйылулар, бұлшықеттің дірілі және естен танусыз құрысулар, буындарында және сүйектеріндегі ауырсыну, «айқын шулы» тыныс анықталады. Қанның жалпы анализінде: лейкоцитоз нейтрофильді солға ығысумен, тромбоцитопения, анемия. Қанның биохимиялық талдауы: креатинин 700 мкмоль/л. Диурез 100 мл/тәул. Зәрдің салыстырмалы тығыздығы - 1008. Барынша тиімді ем тағайынданыз://

антибактериалды препараттар//

+ гемодиализ//

қабынуға қарсы дәрi-дәрмектер//

кортикостероидтар//

диуретиктер

***

16 жастағы Т., есімді науқас дене қызуының 40°С дейін жоғарылауына, ентігу, жөтелге, ісінулерге шағымданады. Обьективті: науқас жүдеу, лимфоаденопатия, бет пен мұрын үсті эритемасы, полисерозит (плеврит, перикардит, перивисцерит), кардит, нефрит белгілері бар. Қан анализінде: эр-2,4 млн. Нв-70 г/л, лейк-2,2 мың. ЭТЖ-70 мм/сағ. НЖА: белок-5,2 г/т, эритр-20-30 к.а, LЕ-клеткалары - 5:1000. Пульс-терапия жүргізу үшін метилпреднизолонның қажетті дозасы://

100 мг//

60 мг//

+ 1000 мг//

150 мг//

500 мг

***

20 жастағы науқаста босанғаннан кейін бұлшық еттерінде ауырсыну және әлсіздік пайда болды. Бір апта көлемінде қабақтарының ісінуі, аздаған физикалық күштемеде ентігу, дауысының қарлығуы, түйілу қосылды. Обьективті: иық және сан бұлшық еттерінің ісіңкілігі және ауырсынуы, бет мимикасының жойылуы. Жүрек шекаралары ұлғайған, тондары тұйық, ЖСЖ 100 рет мин. АҚ 140/90 мм сын. бағ. Қан анализінде: эр-4,5 млн. Нв-110г/л, лейк-7мың, ЭТЖ 66 мм/сағ, АЛТ-17ХБ. Емді келесі дәрмектен бастаған жөн:

Д-пеницилламиннен//

цитостатиктерден//

аминохинолин дәрмектерінен//

қабынуға қарсы стероидты емес дәрмектерден//

+ глюкокортикостероидтардан

***

Дәрілердің жартылай шығу уақыты – бұл://

+ плазмадағы дәрілік заттың концентрациясы 50 пайызға төмендейтін уақыт//

плазмадағы дәрілік заттың концентрациясы максималді мәніне жететін уақыт//

дәрілік зат жүйелік қан айналымға түскен кездегі уакыт//

дәрілік заттың организмге таралуға кететін уақыт//

енгізілген дәрілік заттың дозасы нысана-мүшеге жететін уақыт

***

Дәрілік заттардың сіңірілуін, таралуын, биотрансформациясын және организмнен шығу уақытын зертейтін ғылым://

+ фармакокинетика//

рациональдық фармакотерапия//

хронофармакология//

фармакопея//

фармакодинамика

***

ГЭБ арқылы қай препарат жоғары жылдамдықпен өтеді://

+ майда жоғары жылдамдықпен еритіндер//

суда жоғары жылдамдықпен еритіндер//

әлсіз қышқылдық қасиет көрсететіндер//

әлсіз негіздік қасиет көрсететіндер//

плазма белоктарымен әлсіз байланысатындар

***

Дәрілік заттардың әсер ету селективтілігі... байланысты://

+ дозасына//

таралу көлеміне//

белокпен байланысуна//

қабылдау түріне//

жартылай шығу периодына

***

Гипотензивті терапияның қауіпсізділігін және эффективтілігін бақылаудың адекватты әдісі://

+ АҚҚ-н тәуліктік мониторингілеу//

ЭКГ –ны тәуліктік мониторингілеу//

АҚҚ-н бір реттік өлшеу//

ФВД көрсеткішінің өзгеруі//

ЭКГ да QT интервалының динамикасы

***

РQ интервалын ұзартатын дәрі://

+ дигоксин//

дизопирамид//

хинидин//

лидокаин//

анаприлин

***

Антиаритмиялық препаратты тағайындауға көрсеткіш, мынадан басқа://

+ гемодинамика бұзылысы//

ритмнің жиі бұзылуы//

ритмнің жоғары градациялық бұзылысы//

жыбыр аритмиясы//

қарыншалық экстрасистолия - минутына 6 рет

***

Бүйрек патологиясы кезінде келесі фармакокинетикалық өзгерістер байқалады, мынадан басқа://

+ биожетімділіктің төмендеуі//

бүйрек экскрециясының бұзылысы//

қан сарысуындағы дәрілік зат концентрациясының жоғарылауы//

ақуызбен байланысудың төмендеуі//

жартылай шығу периодының жоғарылауы

***

Науқас 63 ж қант диабетімен ауырады, глибенкломид қолданады. Рентгенологиялық зерттеулермен дәлелденген өкпенің оң жақ төменгі бөліктік пневмония диагнозымен бөлімшеге келіп түсті. Хлорамфеникал тағайындалғаннан кейін науқаста аллергия байқалып антибиотик цефтриаксонға алмастырылды. Науқасты зерттеу барысында креатинин клиренсінің төмендеуі байқалған (24мл/мин), нәтижесінде цифтриаксонды қабылдауды доғарған. Енді емді қандай препаратпен жалғастыру қажет://

+ ципрофлоксацин//

азитромицин//

эритромицин//

гентамицин//

цефазолин

***

Қабылдау бөліміне науқас натрий гидрокарбонатын қабылдағаннан кейін басылатын асқазан қыжылына, ашқарынға эпигастрий аймағындағы ауырсынуға шағымданып келді. ФГДС-те 12 екі елі ішектің ампулярлық бөлімінде ойық жара анықталды (0,5 см). Асқазан сөлінің рН-метриясы: қышқыл түзуші функциясы орта интенсивті және сілтілік резерві төмен, рецепцияның холинергиялық типі. Диагноз: 12 елі ішектің ойық жарасы, өршу сатысы. Төмендегі дәрілердің эффективтілігі жоғары және қауіпсіз дәрілердің бірін және тиімді дозасын тағайында://

+ пирензипин – тамаққа дейін 0,05 гр тәулігіне 3 рет 2 күн бойы, 0,05 гр тәулігіне 2 рет//

ранитидин – 1 таблеткадан тәулігіне 3 рет және түнге қарай 1 таблетка//

циметидин – 0,2гр тәулігіне 3рет тамақтан 30 мин бұрын және түнге қарай 2 табл//

фосфалюгель – 1 пак тәулігіне 3рет және 1 пак түнге қарай//

алмагель – 1 ас қасық тәулігіне 6 рет тамақтан соң 1,5-2 сағ

***

Асқазан жарасына байланысты радикальды операция жасалды. Операциядан кейінгі 4-ші тәулікте коагулограммалық зерттеуде гиперкоагуляция және канның фибринолитикалық белсенділігінің төменділігі байқалды. Антикоагулянттар тағайындаудың қажеттілігі канша?//

+ антикоагулянттар көрсетілген, геморрагиялық синдромның дамуын ескерте отырып қатал бакылау//

антикоагулянттар, шартты түрде көрсетілген//

антикоагулянттар тағайындау міндетті емес//

операциядан кейін антикоагулянттар қабылдамайды//

антикоагулянттар көрсетілген, қанның ұю уақытын бақылауға алған жеткілікті

***

Науқас стационарға әлсіздік пен жүрген кездегі ентігуге шағымданып келді. Қанның зерттеу барысында анемия (гемоглобин -56г/л), түстік көрсеткіш 1,2, тілін қарағанда –глоссит байқалды. Сүйек кемігінің пунктатында қан түзілуінің мегабластты түрі анықталды. Қан сарысуында темірдің концентрациясы қалыпты. Диагноз: В12 жетіспеушілік анемия. Емдік шаралардың тиімді түрін таңдаңыз://

+ вит В12 500мкг/ тәул. дозада күн ара, фолий қышқылы 1,5мг/ тәул.дозада, темір сульфаты (80мг/ Fe2+) 1 рет тәулігіне//

вит В12 50мкг/тәул.дозада күн ара, фолий қышқылы 0,15мг/тәул. дозада//

темір сульфаты тәулігіне 2 рет, фолий қышқылы//

вит С 500 мг/ тәул., темір сульфаты//

вит В12, вит С, фолий қышқылы

***

Айналымдағы қан көлемінің қанша пайызы көк тамыр (вена) қуысына сыйады?//

20-30 %//

30-40%//

+ 70%//

55%//

85%

***

Өкпе артериясының тромбоэмболиясы бар науқаста... ЖТЖ дамиды://

нейробұлшықеттік//

орталық//

+ обструкциялық //

перфузионды//

торакодиафрагмальды

***

Науқас белгісіз умен уланып және гипоксияның айқын белгілерімен жеткізілді.Тексеру үшін веноздық қанды алғанда ал-қызыл түсіне көңіл аударылды, ал оттегінің артерия - веноздық айырмашылығын зерттегенде (үлкен қан айналым шеңбері зерттелді) соңғысы өте төмен болды. Науқаста... гипоксия орын алды://

+ циркуляторлы//

гистотоксикалық//

гемикалық//

гипоксиялық//

экзотоксикалық

***

Ер кісі 59 жаста, асқазанның ойық жара ауруына ота жасалынды. 30 жыл бойы темекі шегеді. Отадан кейін жабысқақ қақырықты қиналып шығарады, сіздің іс-әрекетіңіз://

науқасқа оттегі беру керек//

бронхолитиктерді тағайындау//

+ муколитиктерді тағайындау//

темекі шектіру керек//

постуральды дренаж қолдану

***

Қышқылды асқазан сөлін жоғалтудың асқынуына жатады://

+ изотоникалық дегидратация, метаболикалық алкалоз//

изотоникалық дегидратация, метаболикалық ацидоз//

гипотониялық дегидратация, метаболикалық ацидоз//

гипертониялық дегидратация, метаболикалық ацидоз//

гипертониялық дегидратация, метаболикалық алкалоз

***

Науқаста қышқыл сілтілі анализінде: рН=7,26 рСО2=58; ВЕ=+3. ҚСЖ бұзылыс түрі://

метаболикалық ацидоз және тыныстық алколоз//

тыныстық және метаболикалық ацидоз//

комперсирленбеген тыныстық ацидоз//

гипокапния және гипобаземия//

+ субкомпенсирленген тыныстық ацидоз

***

30 жастағы науқас әйел ентігуге, жүректің соғуына, жүрек тұсының ауырсынуына шағымданады. Объективті: І тонның әлсіреуі, жүрек ұшында ІІІ тон, өкпе артериясында ІІ тонның акценті; жүрек ұшында жұмсақ, үрлеуші қолтық астына берілетін систолалық шуыл естіледі. ЭхоКГ –да сол жүрекше көлемінің ұлғаюы, митралды қақпақшаның ашылу амплитудасының жоғарылауы, сол қарыншаның дилатациясы оның қабырғаларының қозғалу амплитудасының жоғарылауымен, жалпы соққы көлемінің ұлғаюы; допплер ЭхоКГ –да турбулентті ағыс анықталды. Мүмкін болатын диагноз://

митральді тесіктің стенозы//

жедел миокардит//

+ митралды қақпақшаның жетіспеушілігі//

жүрекше аралық қалқанның ақауы//

дилатациялық кардиомиопатия

***

Созылмалы панкреатиттің ауырсынулық түрімен ауыратын науқасқа ұйқы безінің компьютерлік томографиясы жүгізілген. Зерттеу кезінде неғұрлым анықталуы мүмкін://

кисталар//

некроз ошақтары//

тығыздалу ошақтары//

өзектердің стриктурасы//

+ фиброз

***

28 жасар пациенттің кеуде қуысы ағзаларының компьютерлік томографиясында көп мөлшерде шекарасы анық емес ошақты көлеңкелер анықталды. Көлеңкелер периваскулярлы орналасқан, висцеральді плевраның қалыңдауы байқалады. «тұнық шыны» аймақтары анықталады. Көрсетілген өзгерістер қай ауруға тән?//

+ Вегенер гранулематозы//

Такаясу ауруы//

инфаркт-пневмония//

Дресслер синдромы//

инфильтративті туберкулез

***

25 жасар пациентті окулист аяқ буындарының рентгенограммасын тағайындаған. Рентгенограммада келесі өзгерістер анықталды: симметриялы емес буынмаңы остеопорозы, буын қуысының асимметриялы тарылуы, периостит көріністері; өкше шпоралары және L1 –L2 омыртқалар денесінің шектелген шпоралары. Бұл рентгенограмма қай ауруға тән?//

Лайм ауруы//

Стилл синдромы//

Уиппл ауруы//

+ Рейтер синдромы//

Фелти синдромы//

***

26 жастағы ер кісі бүйірінің күрт ауырсынуына, несеп түсінің өзгеруіне, аз мөлшермен кіші дәретке жиі баруына шағымданады. Зәрдің жалпы анализінде: макрогематурия. Іш қуысының шолу рентгенографиясында омыртқалардың көлденең өсінділері бойымен конкременттердің көлеңкелері анықталған. Неғұрлым мүмкін диагноз://

холецистолитиаз//

созылмалы кальцифицирлеуші панкреатит//

+ нефролитиаз//

мезентериалды лимфотүйіндердің кальцинаттары//

холедохолитиаз

***

38 жастағы ер кісі төс артында ауырсынуына, дене қозғалысы кезінде ауру сезімінің күшеюуіне, дене қызуының жоғарылауына, ентігуге, әлсіздікке шағымданады. Қанда: лейкоциттер 14х109/л, ЭТЖ 28 мм/сағ.. Науқасты рентгенологиялық зерттегенде жүрек көлеңкесінің ұлғайғаны, жүрек контурының тегістелуі, жүрек «белінің» жойылуы, әлсіз пульсация анықталады. Неғұрлым мүмкін диагноз://

плеврит//

пневмония//

+ перикардит//

жүректің қатпарланған аневризмасы//

өкпе артенриясының тромбоэмболиясы

***

2 ТБ-мен жасалаған Манту сынамасының папула көлемi...болғанда оң деп есептелiнедi://

+ 5 мм және одан үлкен//

10 мм//

17 мм//

2 мм//

21 мм

***

Флюорографиялық тексеруде науқастың сол өкпесінің жоғарғы бөлігінде аз және орташа интенсивті ошақты көлеңкелер анықталған. Бактериоскопияда қақырығынан туберкулез микобактериясы табылмаған. Науқас әйелімен және 3 жасар баласымен бір бөлмелі пәтерде тұрады. Сіздің қолданатын тактикаңыз://

+ науқасты госпитализациялау, қатынаста болғандарды тексеру//

науқасқа және қатынаста болғандарға амбулаториялы ем тағайындау//

санаторий - курорттық емге жіберу//

науқасқа амбулаториялық ем тағайындап, баланы санаторияға жатқызу//

науқасты жұқпалы ауруханаға жатқызу

***

С. деген науқас 22 жаста, бұрын туберкулезбен ауырмаған. Жыл сайын жүргізілетін кезекті тексеруде оң өкпенің жоғарғы бөлігінде 3 см шеттері айқын гомогенді түзіліс анықталған. Қақырық жағындысында туберкулез микобактериясы жоқ. Тиімді ем://


Дата добавления: 2015-09-29; просмотров: 67 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.051 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>