Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

50 жастағы ер адам 20 жыл бойы созылмалы алкоголизм ауруымен ауырады. Мас күйінде қатты суықтағаннан кейін интоксикация симптомы және жөтелге, кеуде 1 страница



50 жастағы ер адам 20 жыл бойы созылмалы алкоголизм ауруымен ауырады. Мас күйінде қатты суықтағаннан кейін интоксикация симптомы және жөтелге, кеуде тұсының ауырсынуына шағымданып, стационарға жатқызылды. Осы көрсеткіштің өзгерісін тудырған қоздырғыш айқын болуы мүмкін://

пневмококк//

+ клебсиелла//

стрептококк//

ішек таяқшасы//

стафилококк

***

«Тыныс тұншықпасы» диагнозымен ауыратын, темекі шекпейтін 41 жастағы науқас, жиі ентігуге, түнгі уақытта болатын ұстамаға шағымданады. Сыртқы тыныс алу параметрі ФТШК (ПСВ<60%). Тыныс тұншықпасының ауырлық дәрежесін анықтаңыз://

персистерленген орташа ауырлық дәрежесі//

астматикалық статус//

+ ауыр дәрежелі персистирленген//

жеңіл дәрежелі персистерленген//

интермиттирленген

***

43 жастағы ер адам іс сапардың барысында қонақ үйдің кондицонері және жуынатын бөлмесі бар бөлмеде тұрған. Сапардан келген күннен кейін ертеңгі күні фебрильді қызба, айқын интоксикация, жөтел, диарея лейкоцитоз лимфоцитопениямен бірге пайда болған. Осы көрсеткіштердің өзгерістерін тудырған нақты қоздырғыш болуы мүмкін://

пневмококк//

стафиллококк//

хламидия//

микоплазма//

+ легионелла

***

Науқас ер кісі 32 жаста. 2-3 рет демікпе ұстамасы болатынына шағымданады. Аптасына 2-3 рет түнгі уақытта тұншығудан оянады. Спирографияда: ФТШК (ОФВ1)=70%; ФТШК (ОФВ50)=60%; ФТШК (ОФВ75)=55%; сальбутамол сынамасынан кейін өз қалпына келді. Ең тиімді болып табылады://

эуфиллин//

+ будесонит//

кромогликат натрий//

триамцинолон//

преднизолон

***

Үдемелі ентікпе, өкпенің екіжақты өзгерісі, сыртқы тыныс алудың рестриктивті типіндегі бұзылысы, ретгенограммада өкпенің диссеминирленген торлы өзгерістері, компьютерлі томографияда «күңгірт шыны» типі бойынша өзгерістер тән патология://

пневмокониоз//

+ идиопатиялық альвеолит//

өкпенің саркоидозы//

интерстициалды пневмония//

өкпенің милиарлы туберкулезі

***

65 жастағы науқас жарты жыл бұрын жедел миокард инфарктын басынан өткерген, баяу түрде ентікпе көбеюде, қалтырау, кеуде қуысында ауырсыну жоқ, бірақ плевралды сұйықтық анықталды. Қан анализінде – эозинофилия. Науқаска тағайындалатын тиімді препарат://



монокард//

+ преднизолон//

каптоприл//

левофлоксацин//

спиронолактон

***

56 жасар науқас шырышты, іріңді қақырықты жөтелге, қатты ентігуге, дене қызуының көтерілуіне шағымданады. Объективті қарағанда: терісі бозғылт, мұрын айналасындағы үш бұрышта цианоз пайда болған, саусақтары ұстағанда мұздай. Тырнақтары «шыны сағат» тәріздес өзгерген. Демалу кезінде кеуде қуысының қозғалуы шектелген, аяқтары аздап ісінген. Аускультативті: тыныс шығаруы ұзарған, құрғақ жайылмалы сырылдар. Пенициллинге аллергиясы бар. Дәрі комбинациясының тиімді түрін таңдаңыз://

+ левофлоксацин, беродуал, амброксол//

фуросемид, сальметерол, беротек//

преднизолон, атровент, амброксол//

эуфиллин, милдронат, интал//

вентолин, гипотиазид, лазолван

***

15 жасар ер балада құлпынай жегенннен кейін терінің қышынуы және бөртпелер пайда болған. Объективті: мойнында, қолы мен аяқтарында сулы бөртпелер (волдырь) және қасыған орындары байқалады. Болжам диагноз://

+ аллергиялық есекжем//

қызылша//

идиопатиялық есекжем//

квинке ісінуі//

атопиялық дерматит

***

Тыныс тұншықпасымен ауыратын науқас 7 сағатқа созылған симпатомиметиктермен басылмайтын тұншығу ұстамасына шағымданады. Қарағанда: алыстан естілетін сырылдар мен шулы тыныс, айқын ентігу, тахикардия, ортопноэ анықталды. Өкпені тындағанда төмеңгі бөліктерінде «үнсіз өкпе». Болжам диагноз://

пневмония//

+ астматикалық статус//

обструкциялық бронхит//

бронхтық астма, ауыр ағымды//

бронхтық астма, орташа ауыр ағымды

***

39 жасар ер адамға баралгин енгізгеннен соң 10 минуттан кейін денесінің қышуы, қызаруы, жүректің айнуы, кеудесін қысу сезімі байқалды. Тексергенде: тері қабаты бозғылт, жабысқақ тер байқалады. Жіп тәрізді жиі пульс байқалады, жүрек тондары тұйықталған. Қысқа уақытты есінен тану байқалды. АҚ 60/30 мм сын.бағ. Жедел көмек ретінде қолданатын дәрмек://

лоратадин//

элениум//

эуфиллин//

корглюкон//

+ адреналин

***

Қыз бала 19 жаста, апельсин жеген соң 15 минуттан кейін қабақтарының, еріннің ісінуі, дауыстың қарлығуына шағымданады. Қарап тексергенде: қабақтың, еріннің ісінуі, пальпация кезінде – сипағанда ыстық сезім. Жедел көмек ретінде қолданады://

лоратадин//

беротек//

эуфиллин//

кетотифен//

+ преднизолон

***

Университет студенті, 21 жаста. Дәрігерге жылына 2-3 рет жүрек қағу ұстамасының болуына шағымданып қаралды. ұстама кенеттен басталады, бірнеше минутқа созылады, әлсіздік қосарланады және өздігінен басылады. Науқасты клиникалық қарағанда патологиялық өзгерістер анықталған жоқ. ЭКГ: ырғағы синусты, дұрыс, PQ интервалы 0,09 сек, QRS кешені 0,11 сек, дельта толқыны V1 тіркемесінде R тісшесінің өрлеген бөлігінде. Науқаста қандай патология болуы мүмкін?//

ұзарған QT синдромы//

+ Вольф-Паркинсон-Уайт синдромы//

Синус түйінінің әлсіздік синдромы//

Лаун-Генонг-Ливайн синдромы//

Клерк-Леви-Кристэско синдромы

***

38 жастағы ер кісі жүрекалды аймақта орналасқан, физикалық күштемеде дамып, өздігінен басылатын, ешқайда тарамайтын, ұзақтығы 4-5 мин, сығып ауырсынуға шағымданады. Өзін бір ай шамасында науқас санайды, дәрігерге қаралмаған. Әкесі 50 жасында қайтыс болған. Об-ті: жүрек шектері өзгермеген, ырғақты. ЖЖЖ-78 мин. АҚ 115/ 70 мм сын. бағ. ЭКГ: III,AVF, V4-V6 тіркемелерінде Q тісшесі. ЭхоКГ: жүрек қуыстары өзгермеген, қарыншааралық перденің қалыңдығы 2 см, сол қарыншаның артқы қабырғасы – 1,4 см; айдау фракциясы 72%. Кардиалгияның себебі://

ЖИА, миокардтың жедел инфаркті//

ЖИА, миокардтың басынан өткерген инфаркті//

+ гипертрофиялық обструкциялық кардиомиопатия//

ЖИА, жедел коронарлық синдром//

рестрикциялық кардиомиопатия

***

55 жастағы төс артындағы сол қолы мен жауырынына тарайтын ауырсынуға шағымданады. Тексергенде жүрек тондары тұйықталған, шамалы тахикардия. АҚ 110/70 мм сын. бағ. ЭКГ: STV2-V4 элевациясы. Ең информативті тәсіл://

+ коронарография//

ӨАЭС (ЧПЭС)//

вентрикулография//

миокард сцинтиграфиясы//

позитронды-эмиссиялық томография

***

15 жастағы науқасты тексергенде жүрек ұшы соққысының және жүрек шектерінің солға ығысуы, жүрек мықынының тегістелуі анықталды. Тыңдағанда жүрек ұшында І тон әлсіреген, сол жерде систолалық шу, өкпе артериясының үстінде ІІ тонның акценті. Рентгендік зерттеуде жүректің сол шектерінің ұлғаюы. Сіздің тұжырымыңыз://

сол жүрекше-қарыншалық тесіктің стенозы//

үшжармалы қақпақтар шамасыздығы//

қолқа қақпақтарының шамасыздығы//

+ қос жармалы қақпақтардың шамасыздығы//

қолқа сағасының стенозы

***

52 жастағы ер кісі таң ата дамитын, сол иығына тарайтын ангинозды ұстамаларға шағымданады. Ұстамалар арасында жағдайы қанағаттанарлық, физикалық күштемені жақсы көтереді. ЭКГ (ұстама кезінде): I, II, III тіркемелерінде ST сегменті көтерілген, нитроглицериннен кейін қалпына түсті. Бұл жағдайда келесі топ дәрмектері тағайындалады://

ААФ ингибиторлары//

+ кальций антагонистері//

антикоагулянттар//

антиагреганттар//

В-адреноблокаторлар

***

Жүректің созылмалы шамасыздығы ФК ІІІ (ЖШ 2Б) жыбыр аритмиясымен біріккен кездегі ІІІ деңгейлі емдік жоспарды таңдаңыз://

ААФ ингибиторлары + гликозидтер + ілмектік диуретиктер//

+ ААФ ингибиторлары + гликозидтер + ілмектік диуретиктер + спиронолактон//

ААФ ингибиторлары + спиронолактон + антиаритмиктер//

ААФ ингибиторлары + гликозидтер//

ААФ ингибиторлары + ілмектік диуретиктер

***

67 жастағы ер кісі, ауыр ентігу ұстамаларына, кейде түнгі тұншығуларға, жатқан кездегі құрғақ жөтелге шағымданады. Анамнезінде миокардтың бірнеше инфарктері. Об-ті: өкпе артериясының үстінде ІІ тонның акценті, үнсіз ылғалды сырылдар, гепатомегалия, аяқтарында айқын ісіну, асцит. ЭКГ: сол қарыншаның алдыңғы-бүйір қабырғасының тыртығы. ЭхоКГ: айдау фракциясы 36%. Алдыңғы қабырғасы, қарынша аралық пердеде гипокинезия ошағы. Бірінше кезекте тағайындалатын дәрмек://

эгилок//

+ лазикс//

вазилип//

моноприл//

дилтиазем

***

Жүректің ревматизмдің ауруы, стенозы басым қосарланған митральді ақау, ЖШ ФКII (NYHA) диагнозымен ем қабылдап жатқан науқаста кенеттен тұншығу, аз мөлшердегі шырышты қақырықты жөтел, психомоторлы қозу дамыды. Обьективті: ортопноэ, ТАЖ 33 мин., өкпенің төменгі бөліктерінде – ылғалды майда көпіршікті ылғалды сырылдар, ЖСЖ 120 рет мин., АҚ 110/70 мм сын.бағ. Дамыған асқыну://

үлкен қан айналым шеңберіндегі іркіліс//

+ өкпе шемені//

бронхоспазм//

коронар тамырларының түйілуі//

ми сауыты ішілік қысымның жоғарылауы

***

40 жастағы науқас, ауызының, көзінің құрғауына, көздеріндегі «құм» сезіміне, құрғақ жөтелге, аяқтарында майда нүктелі бөртпелердің пайда болуына, құлақ маңы және жақ асты сілекей бездерінің ісініп ауырсынуына шағымданады. Тексеру барысында лимфоаденопатия және гепатомегалия анықталды. ҚБА: жалпы белок - 85г/л, гипергаммаглобулинемия, СРБ+++, РФ 1:120. қанның иммундық тексеруінде (ИИК) криоглобулинемия. Сиалография: көлемі 1,5 мм сиалоэктазалар. Қолдануға тиімді дәрмек://

азатиоприн//

преднизолон//

+ ритуксимаб//

сульфасалазин//

метотрексат

***

24 жасар науқаста сол тізе, тобық буындарының ауыруы, ісінуі, қозғалысының шектелуі; дене қызуының 38°С дейін көтерілуі, кіші дәретінің ауырсынумен бөлінуі байқалады. Обьективті: сол тізе, тобық буындары ісіңкі, сипағанда ыстық, ауырсынады; оң өкше сүйегі мен сіңірі де ауырсынады. Қан анализінде: Нв-130 г/л, эр-3,8 млн., лейк-10 мың., ЭТЖ-46 мм/сағ, СРБ (+++). РФ латекс тестпен 1:10. Қанның ИФА тәсілімен C. Trachomatis-ке антидене анықталды. Осы жағдайда емдеуге қажет дәрмек://

алтын дәрмегі//

қабынуға қарсы дәрмек//

цитостатик//

+ макролид тобының антибиотигі//

хинолинді дәрмек

***

Он екі елі ішек ойық жарасының негізгі этиологиялық факторы://

+ Н. pylori//

алкогольдік ішімдік//

ішек таяқшасы//

темекі тарту//

тұқымқуалаушылық

***

38 жасар науқас арқаға берілетін эпигастрий аймағындағы кезеңдік ауру сезіміне, үлкен дәретінің бұзылуына, әлсіздікке, арықтауына шағымданады. Ауру сезімінің пайда болуын емдәмнің сақталмауымен байланыстырады. Анамнезі: созылмалы дуоденитпен және опистархозбен ауырған. Жалпы қан және биохимиялық анализдер өзгеріссіз. Науқастың копрограммасында табылатын барынша мүмкін өзгеріс://

+ стеаторея//

креаторея//

амилорея//

лиентерея//

иодофильді флора

***

Науқас 65 жаста, 38 жыл хирург болып қызмет жасаған, клиникаға айқын тері қышынуына, әлсіздікке, күндізгі уақытта ұйқысының келуіне, ал түнде ұйқысының бұзылуына шағымданды. Тексергенде: тері жабыны сарғыш, теріде қасыну іздері, тамырлық жұлдызшалар бар, бауыр сол жақ қабырға астынан 2 см-ге шығып тұр, көкбауыр 14*10см. Қанда жалпы билирубин 68 ммоль/л, тура билирубин 52 ммоль/л, АЛТ -2,48 ммоль/л, АСТ-16ммоль/л, сілтілі фосфатаза 925 бірлік, ЭФГДС өңеш веналарының варикозды кеңеюі. Диагнозды дәлелдеуге мүмкіндік беретін тексеру әдісі://

компьютерлік томография//

+ прицельді биопсиямен лапороскопия//

доплер суреттемесімен УДЗ//

бауыр ангиографиясы//

магнитті-резонансты томография

***

Ер кісі 32 жаста, эпигастрий аймағында үдемелі, айқын ұстамалы ауырсынға, қыжылдауға, тамақ ішкеннен кейін толықсынуы және кернеуі сезіміне шағым айтады. Қан және зәр анализінде өзгерістер жоқ. ЭФГДС-те пиязшық артында көлемі 1,2 см құрайтын, беті фибрин талшықтармен жабылған кемістік бар. Барынша ықтимал диагнозы://

кардиальды бөлімнің ойық жарасы//

асқазан кіші иініндегі жара//

асқазан үлкен иініндегі жара//

пиязшықтағы жара//

+ пиязшық артындағы жара

***

22 жастағы әйел адам тамақтанудан кейін бірден эпигастрий аймағында кебу сезімі, жүрек қағуы, жүректің шалыс соғуы, ауа жетпеу сезімдеріне, ентігуге, жиі кекіруге шағымданады. Объективті: сол жақ қабырға астын перкуссиялауда IV қабырға аралыққа дейін тимпан дыбысы. Рентгенологиялық зерттеуде диафрагманың жоғары тұруы анықталды, асқазанның үлкен газдық қабы көрінді. Симптоматиканың ұзақ болуы мына патологияға әкеледі://

созылмалы гастритке//

+ диафрагманың өңештік саңылауының жарығына//

ойық жара ауруына//

эмфиземаға//

диафрагма жарылуына

***

Әйел, 22 жаста, тәулігіне 20 рет қан, шырыш аралас, жағымсыз иісті диареяға, тамақтанудан кейін, дефекация алдында үдейтін, нәжістен кейін басылатын іште толғақ тәрізді ауырсынуға, салмақ жоғалтуға, сирақ-табандық, тізе буындарында артралгияға, дене температурасының жоғарылауына, жалпы әлсіздікке шағымданады. Зерттеу барысында тоқ ішектің тотальды зақымдануы анықталды. Эндоскопияда тоқ ішек крипталарының микроабсцесі, айқын іріңді экссудация, спонтанды қан кету. Базисті терапия ретінде мүмкіндігінше қолдануға тиімді препараттар тобы болып табылады://

антибиотиктер//

+ 5-аминосалицил қышқылының препараттары//

адсорбциялаушы//

пробиотиктер//

пребиотиктер

***

Науқас 23 жаста, әлсіздікке, ентігуіне, жүрек соғуына шағым айтады. Объективті: тері мен шырыш қабаттары боз. Жүрек ұшында систолалық шу, тахикардия естіледі. Қанда:: эритроциттер-3,0 млн., гемоглобин-92 г/л, лейкоциттер-4,2 мын., тромбоциттер-192 мын, ЭТЖ-22мм/с..Қан талдауының барынша ықтимал интерпретациясы://

жеңіл дәрежелі гипохромды анемия//

орташа ауырлық дәрежелі гипохромды анемия//

+ жеңіл дәрежелі нормохромды анемия//

орташа ауырлық дәрежелі нормохромды анемия//

жеңіл дәрежелі гиперхромды анемия

***

Науқас 62 жаста, жалпы әлсіздікке, бас айналуына, сол жақ қабырға астының ауырсынуына шағым айтады. Анамнезі: салқын ауа райы басталғаннан бері өзін аурумын деп санайды. Объективті: тері және көрінетін шырыш қабаттары боз, лимон-сары түстес. Орташа гепатоспленомегалия. Жалпы қан талдауы: гемоглобин-80 г/л, эритроциттер- 2,4 х1012/л, ретикулоцит-17%, тромбоциттер - 220х109/л, лейкоциттер- 9,1х109/л, эритроциттердің тұну жылдамдығы-28мм/сағ. Жалпы несеп талдауы – уробилин +++, Биохимиялық қан талдауы – жалпы билирубин 32 мкмоль/л, тікелей – 4,7 мкмоль/л, тікелей емес– 27,3 мкмоль/л. «Бірінші қатардағы» барынша тиімді препарат://

циклофосфан//

фолий қышқылы//

феррум лек//

+ преднизолон//

гептрал

***

29 жастағы науқас әйелде босанғаннан 2 күннен кейін кенеттен қызба, қалтырау, терлеу, денеде «көгерулер» және қанды бөліну пайда болған. Анамнезінде жағымсыз иісті жатыр суының ерте ағып кетуі. Қанда: анемия, лейкоцитоз солға ығысумен, ЭТЖ жылдамдауы, тромбоциттердің спонтанды агрегациясының жоғарылауы, оң этанолдық тест. БАРЫНША мүмкін диагноз://

өткір ағымды ТШҚҰ (ДВС) - синдромы//

жедел ағымды ТШҚҰ (ДВС) - синдромы//

+ жеделдеу ағымды ТШҚҰ (ДВС) - синдромы//

созылмалы ағымды ТШҚҰ (ДВС) - синдромы//

рецидивті ағымды ТШҚҰ (ДВС) - синдромы

***

Қантты диабеттің компенсациясына сәйкес болатын гликозилирленген гемоглобин (НbА1c) деңгейін көрсетіңіз://

7,8%//

7,6%//

+ <7,5%//

7,9%//

8%

***

М. атты 35 жастағы науқас әйел қатты күйзелістен кейін аса тершеңдік, ашушаңдық пайда болып, салмақ жоғалтқанын айтады. Объективті: бойы – 170 см, салмағы – 55 кг. Терінің айқын гипергидрозы, созған қол саусақтарының треморы. Жүрек шекаралары солға ығысқан, тондары күшейген, жүрек ұшында систолалық шу, ЖСЖ – минутына 150 рет, АҚ - 140/70 мм с.б. Қалқанша бездің 2 дәрежелі ұлғаюы. Негізгі зат алмасу 20 пайызға артқан. Ашқарынға гликемия - 6,3 ммоль/л. Қандағы холестерин - 7,0 ммоль/л. Неғұрлым деректі зерттеу тәсілі://

+ Т3, Т4, тиреотроптық гормонды зерттеу//

ЭХОКГ//

АҚ тәуліктік мониторлау//

қалқанша бездің пункциясы//

гликозирленген гемоглобинді зерттеу

***

40 жастағы науқас әйелді бір жыл бойы АҚ 220/120 мм с.б. дейін тұрақты көтерілуі, басының ауыруы, аяқтардың кезеңді күрт әлсіздігі, тырысулар, полиурия, жүрек тұсында ауырсыну ұстамалары мазалауда. ААФ ингибиторлары мен гипотиазид әсер етпеген. Компьютерлік томографияда – оң жақ бүйрек үсті безінің ұлғаюы. Неғұрлым мүмкін диагноз://

андростерома//

бүйрек үсті безінің аденомасы//

+ Конн синдромы//

Иценко-Кушинг синдромы//

артериялық гипертензия

***

Қабылдау бөліміне қантты диабеттің 1 типімен сырқаттанған науқас жеткізілді, салғырт, дел-сал, тері жамылғысы құрғақ, тынысы шулы, ацетонның шамалы иісі бар, жүрек тондары әлсіз, тахикардия 110 рет мин. бірлі-екілі экстрасистолалар, АҚ 80/60 мм с.б., тілі құрғақ, ішін пальпациялағанда эпигастрий аймағында ауырсыну, олигоурия. Шұғыл көмекті тағайындаңыз://

көп мөлшерде коллоидты және кристаллоидты ерітінділерді (тәулігіне дене салмағының 10%)//

+ сағатына 10-12 ЕД қысқа әсерлі инсулин мен басқа көктамырға кристаллоидтарды енгізу//

қандағы калий деңгейіне байланысты калий хлоридінің ерітіндісін//

кристаллоидты ерітінділерді көп мөлшерде (Рингер ерітіндісі, 5% глюкоза)//

қысқа әсерлі инсулинді 20 ЕД болюсті және поляризациялық қоспа

***

Қабылдау бөліміне гипертониялық кризбен (АҚ 280/130 мм с.б.) 39 жастағы науқас жеткізілді. Бір жыл аралығында АҚ ұстама тәрізді жоғарылауы байқалады, криздер қобалжу, тахикардия, діріл, бұлшықеттік тартылулармен қатар болады. Криз көп мөлшерде зәр бөлумен аяқталады. Криздердің біреуінде 9,6 ммоль/л дейін гипергликемия анықталған. Шұғыл көмек көрсетіңіз://

магний сульфаты//

эналаприл//

пропранолол//

+ фентоламин//

клонидин

***

57 жасар әйел, артық салмағы бар, 2-ші типті қантты диабетінен емделуде. Күніне 500 мг сиофор қабылдайды, диета сақтайды. (1200ккал/күніне). Айдың соңында оң жақ қабырға астындағы ауруды сезе бастады. ЧСС- 84 мин. АҚ-150/85 мм рт.ст. Бауыры қабырға доғасынан 3-4 см шығыңқы, орташа тығыздықта. Аш қарынға гликемиясы 9,2 -9,5 ммоль/л, 2 сағ.тамақтан кейін – 12,0 -14,2 ммоль/л. Эндокринолог - дәрігердің тактикасы://

сиофор дозасын сол қалпында қалдыру//

+ сиофор дозасын күніне 1000мг көбейту//

сиофорды алып тастау, қысқа әсерлі инсулин инъекциясын тағайындау//

сиофорға сульфанилмочевина тобынан дәрмек қосу//

сиофорды алып тастау, ұйқы алдында ұзақ әсерлі инсулинді тағайындау

***

Науқас Н. 65 жаста, жүрек айну, құсу, айқын әлсіздік, ұйқышылдық, терінің қышуына, диурездің азаюы мазалайды. Анамнезі: созылмалы пиелонефритпен 18 жыл ауырады. Объективті: жалпы жағдайы ауыр. Тері жабындысы боз сарғыш реңді, құрғақ, тырнақ іздері бар. Беті ісінген. Қанда: эритроцит - 2,5х1012/л, гемоглобин - 75 г/л, лейкоцит – 8,9х109/л, ЭТЖ – 15 мм/с. БХА: креатинин - 117 мкмоль/л, мочевина - 10,5 ммоль/л, жалпы ақуыз - 65 г/л. Барынша қажет зерттеу://

қалдық азот//

қандағы калий деңгейі//

+ шумақша фильтрациясының жылдамдығы//

тәуліктік протеинурия//

қандағы натрий деңгейі

***

Науқас А. 31 жаста, бел тұсының орташа қарқынды, тартып ауырсынуына, дене қызуы 37,60С көретілуіне, жиі кіші дәретке шығуына шағым айтып түсті. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлық дәрежеде. Қабағы ісінкі. Жүрек тоны тұйықталған, ырғақты. АҚ - 130/80 мм с.б. ЖСЖ – 80 рет/мин. Қанда: эритроцит - 3,5х1012/л, гемоглобин - 130 г/л, лейкоцит – 12х109/л, ЭТЖ – 20 мм/с. Несепте: салыстырмалы тығыздығы. - 1012, ақуыз - 0,066 г/л, лейкоцит – 25-30 көру аймақта, бактериурия. Келесі зерттеу әдісін жүргізу қажет://

қандағы креатинина деңгейін анықтау//

қанның бактериологиялық себіндісі//

+ несептің бактериологиялық себіндісі//

тәуліктік ақуыз жоғалту деңгейі//

Реберг-Тареев сынамасы

***

Ер кісі 27 жаста, 4 жылдан бері гломерулонефритпен ауырады. Бел тұсының ауырсынуына, бас айналуына, тәбеттің және еңбекке қабілетінің төмендеуіне, ұйқының бұзылуына шағым айтады. Жағдайының нашарлауын салқын тиюімен байланыстырады. Объективті: АҚ - 180/100 мм с.б. Қанда: креатинин – 120 мкмоль/л (норма 60-130 мкмоль/л), калий – 3,4 мкмоль/л (3,5-5 мкмоль/л). Несепте: салыстырмалы тығыздығы - 1020, ақуыз – 4,5 г/л, эритроцит - 3-5 көру аймақта, лейкоцит - 15-17 көру аймақта. Барынша тиімді емдік бағдарлама://

антибиотиктер +дезагреганттар + преднизолон//

антиагреганттар + орталық альфаагонисттер + преднізолон//

+ дезагреганттар + антикоагулянттар + цитостатиктер + ААФ ингибиторы//

цитостатикитер + преднизолон + антикоагулянттар//

антикоагулянттар + сорбенттер + бета-блокаторлар

***

Науқас 40 жаста, бел тұсының ауырсынуына, шапқа берілуіне, несеп шығарғанда ашыуына, жүрек айнуына, құсуына шағым айтады. Қанда: лейкоцит-8,6 мың, ЭТЖ-24 мм/с. БХА: мочевина-9,2 ммоль/л, креатинин-0,120 ммоль/л. Несепте: салыстырмалы тығыздығы -1018, лейкоцит - 5-6 көру аймақта, эритроцит-20-25 көру аймақта, оксалаттар +++, фосфаттар ++. Барынша тиімді емі://

антибиотиктер//

глюкокортикостероидтар//

стероидты емес қабынуға қарсы препараттар//

+ спазмолитиктер//

уросептиктер

***

74 жастағы науқас төс артының тыныспен байланыссыз, ұстамалы күшейген қысып ауырсынуына шағымданды. Нитроглицеринді қабылдау нәтиже бермеді. Ең қажетті тексеру://

добутаминмен ЭхоКГ//

Tl201 сцинтиграфиясы//

+ ЭКГ, тропонин Т//

физикалық күштемемен ЭКГ//

ЭКГ тәуліктік мониторлау

***

Еркек 40 жаста, эпигастрий аймағының ұзақ уақыт ауырсынуна, ауырсынудың арқаға берілуі және оң жақ қабырға астының қатты ауырсынуына шағымданады. УДЗ-де: асқазан асты безі өзгерген және созылмалы холецистит көріністері. Берілген патологияда төмендегі лабораториялық көрсеткіштер ақпаратты болады://


Дата добавления: 2015-09-29; просмотров: 76 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.045 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>