Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Би метафорасы.

Семинар 11. | Семинар | Семинар | Семинар 1 страница | Семинар 2 страница | Семинар 3 страница | Семинар 4 страница | Семинар 5 страница | Семинар 6 страница | Семинар 7 страница |


Қатынасушылар шеңберге тұрады. Әрбір қатынасушы бір ұлт өкілі бекітіледі; Француз, Ағылшын, Грузин, Орыс, қазақ, Үнді, Испан, Неміс, Украин т.б.Бұл ойын қатынасушыларды жандандырып, күлкіге әкеледі. Рольдер қабыоланғаннан кейін, әрқайсысы зейінін шоғырландырып, өз ұлт өкіліне еніп, сол ұлттың биін билеп, өлеңін айтуы тиіс. Бастапқыда бәрі айтып және тыңдайды, содан кейін қосылып бірге өлең айтып билейді.

Біріккен қимыл қозғалыс, жалпы би, бір-біріне жақындасып топтың бірігуіне қажетті фактордың бірі. Сонымен қатар бұл белсенді қозғалыс жаттығуы. Ең маңыздысы – дәстүрден тыс, сериотиптен тыс әрекет ету.

20 Дәріс

Тақырыбы: Топтық тренингтің принциптері, ережелері

Мазмұны:

1. Топтық тренингтің принциптері

2. Білім беру жүйесінде тренингті пайдалану.

Тренингтің негізгі принциптері мынадай:

· Еріктік;

· Белсенділік;

· Қазіргі кезде болған жағдайға шоғырлану;

· Ашықтық;

· Айтылған пікірдің нақтылығы, персонофикациясы;

· Өзіне бағдарлану, айналаны бағалау өзінен басталады;

· Құпиялылығы.

Көптеген жағдайларға топтық тренингте пайдаланатын ережелер мынадай болуы мүмкін:

· Процедураның нақтылығы және бастауы;

· Құпиялығы;

· «жоқ» деп айтуға құқылы болуы;

· Алдаушылықтың болмауы;

· Қолдау алуына құқының болуы,

· Сөзін бөлмей тыңдауға құқығының болуы;

· Барлығына қатысу;

· Жеке пікіріне құқының болуы;

· Барлығына «сен» деп айтуға құқының болуы;

· Басынан аяғына дейін жұмыс жасауы;

· Қазір боолып жатқан оқиғаларға өз атынан пікірін айту;

С.И. Макшанованың пікірінше, топтық тренинг принциптері мыналарды қамтиды:

· Тренинг ортасын құру принципі;

· Тренингке қатысушылардың мінез құлқы принципі;

· Ұйымдастырушылық принцципі;

· Этикалық принциптері.

 

 

Психологиялық тренинг принциптері

Тренинг ортасын құру принципі Тренингке қатысушылардың мінез құлық принципі Ұйымдастырушылық принцципі   Этикалық принциптері.  
Жүйелік детерминация Белсенділік, зерттеушілік және шығармашылық позиция Физикалық ашықтық, топты құрау (гомогендіе, гетерогендік) Құпиялық, қойылған тренинг мақсатына мазмұнының сәйкес келуі
Шынайылық Субъект объект тілдесуі, мінез құлықтың объективтенуі Кеңістіктік уақыттық ұйымдасуы Кемшіліктерді жою
Артықшылық «Қазір және осында» шынайылық    

 

Бачков И.В. бойынша, тренинг тобында жұмыс жасау ұйымдастырудың келесі міндеттерімен байланысты:

1. Қимыл қозғалысты ұйымдастыру;

2. Кеңістікті ұйымдастыру;

3. Уақытты ұйымдастыру;

Осыған сәйкесті келесі принциптер шығады: тұрмыспен байланыстылық принципі, символизм принципі, трансперспектива принципі.

В.Б.Ясвин педагогтерге арналған тренингтің әдістемелік негіздерін қарастыра отырып, тренингтік білім беру процесін ұйымдастырудың келесідей принциптерін ұсынды: бағалаудың болмауы, орындалған кез келген тапсырманың нәтижесі ерем, орындалу процесін маңызды деп қарастыру және басымдық танытуы. Сонымен қатар дәстүрлі тренинг топтарында жұмыс жасау кезінде әрдайым ескеру керек принциптерге мыналар жатады: қатысушылардың белсенділік прринципі, қатысушылардың зерттеушілік және шығармашылық позициясы принципі, объективтендіру принципі, партнерлік тілдесу принципі.

Тренинг кезінде қатысушылар келесі ережелерді ұстануы керек:

· Шынайылық, ашықтық, ақиқат болуы;

· «Мен коммуникация»;

· Позтьтивті жағдайға шоғырлану;

· Белсенді қатысу;

· Құпиялық;

· Өзара қатысу және өзара көмек көрсетуге даярлығы.

№21 дәріс.

тақырыбы: Топтық тренингті ұйымдастыру аспектілері.

Дәріс мақсаты: Студенттерді тренингті ұйымдастырудың негізгі аспектілерімен таныстыру.

Дәріс мазмұны:

1. Тренингке дайындық

2. Тренингтік кеңістікте ұйымдастыру жолдары.

3. Топтық психологиялық тренингті ұйымдастыру жағдайы.

 

1. Тәжірибе көрсеткендей психолог ертелі-кеш тренинг таптың жүргізушісі болуды байқап көреді. Бұл жағдайда дайын схема немесе сценарийге жүгінуге болады.

Топтық тренинг жұмысының мазмұны тренердің тұлғасына байланысты. Осыдан шығатын қорытынды - әр тренинг тренердің құруына байланысты болады.

Негізі тренинг тақырыпты анықтаудан бастап құрылады. Ол, әрине, топ құрамына, уақытқа, нақты талқыланатын прблемаға байланысты болады.

Тренингті ұйымдастыру процесі көптеген еңбек көздерінен көруге болады. Тек ондағы ескеретін жағдай ол сол тренер құрған, қайталанбас нұсқасы болып табылады. Егер тәжірибеге сүйену керек болса, мына авторлық программалардан бастап танысқан жөн:

И.В.Бачков, А.Г.Лидере, Г.И.Марасанов, Б.М.Мастеров және т.б.

2. Тренингті кеңістікте ұйымдастыру туралы айтқанда қатысушыларадың қалай орналасатыны туралы көрсетіледі. Тренингті ұйымдастыруда көбінесе шеңбер болып отырады. Шеңбер қатысушыларды бір деңгейде орналастырып, барлығын бір-бәіріне бетпе-бет қарауға мүмкіндік береді., бірақ мысалы, бизнес-тренингтерде шеңбер қолданбауға болады.

Тренер тренингті ұйымдастыруда қатысушыларға қойылған мақсатқа байланысты кеңістікте өзгерістерді енгізуіне болады:

  1. әр қатысушының ішкі әлемімен жұмыс жасай отырып, олардың кеңістікте ыңғайлы орналасуын қадағалайды.
  2. Проблемаларды Қазір және осында жүзеге асыруы үшін кеңістікке арнайы жағдай туғызады.

3. Егер топтық тренингті ұйымдастырудың маңызды аспектілерін көрсетсек, мыналарды айтуға болады:

А) тренердің біліктілігі қойылған мақсат пен міндетке сәйкестігі;

Б) бөлменің барлық нормаларға сайц келуі (санитарлы, техникалық)

В) бір топта жұмыс жасай алатын адамдар тобының құрылуы

Г) тренинг бағдарламасының дұрыс құрылуы.

Ясвин В.А. білім беру саласындағы тренингті ұйымдастыруда «режим» түсінігін қолданды, яғни, әлеуметтік психологиялық тренинг үшін 1 аптаға созылатын (30 немесе 36 сағат) кіүніне 6 сағат сабақ өткізуге болады, бұл кезде оқытушылар каникул кезінде келеді және оқытушылармен 3 күндік демалыс күнінде 10 сағатқа созылатын тренинг-марафон жүргізуге болады. Оның ойынша, ең тиімдісі 30 сағат апталық тренинг және олар «кездесу топтары» болып айына 1 рет кездесіп тұра алады.

 

 

22-дәріс тақырыбы: Тренинтің ұйымдастырылуына қойылатын талаптар.

Дәріс мақсаты: Студенттерге тренинтің ұйымдастырылуына қойылатын талаптар жүйесімен таныстыру.

Дәріс мазмұны:

1. Тренингтің материалдық –техникалық қамтамасыз етілу жағдайлары.

2. Топқа қойылатын талаптар жүйесі.

  1. Санитарлы-гигиеналық нормалар.

Психологиялық талаптар мен техникалық жағдайлар мынаны көрсетеді:

1) бөлме қолайлы, дыбыстық оқшауланған, өзге адамдар кедергі жасай алмайтын, ауа айналып, тазартылып тұратын болу керек. Әр қатысушыға кем дегенде 5м2 келсе тиімді болады.

2) Қатысушыларға басқа да іс-шаралар ұйымдастырылған бөлмеге тренингті өткізуге болмайды.

3) 10-15 минуттық үзілістер 1,5-2 сағат сайын болып тұру керек. Жұмысты аяқтау бағдарлама блогінің аяқталуына байланысты болады.

 

Ал егер балалармен жұмыс жасағанда мына ұсыныстарды қолдануға болады.Топқа ыңғайлы келетін жұмсақ кілем жайылу керек.

Жиһаздың трансформациялануы (орындықтар мн үстелдерді еркін ауыстыруға мүмкіндік).

Жиһаздың аз болуы

- әр қатысушыға үстел мен орындық;

- тақта (плакат пен флип-чарт ілу үшін);

- түрлі түсті қарындаш (фломастар), әр қатысушыға бояу мен қылқалам;

- қалың парақтар (А4 немесе А5);

- картон карточкалар (9*12см);

- мата немесе поролонды матрац;

- тьүрлі ойыншықтардың жиынтығы;

Міндетті емес жиһаздар:

- теледидар;

- видео-аудиомагнитофон;

- компьютер;

- қабырғаға ілінген, жапқышпен жабылатын айна.

Сабақтың уақыты (жасқа тәуелді)

Әр тренинг сағатының ұзақтығы 35-45 минут (6-10 жастағы бала үшін), 3-4 сағат (11-16 жастағы бала үшін) бір 10 минуттық үзіліспен.

Жиілігі: аптасына 10реттен кем емес; 14-16 жастағы балаларға демалыс күндері тренинг-марофон ұйымдастыруға болады (күніне 6 сағаттан)

 

2. Ұйымдастуры жағдайында қатысушыларға да талап қойылады. Нақтылап айтқанда, ең маңыздысы топтың көлемі. Мамандардың айтуы бойынша ол қойылған мақсат пен міндетке сай болу керек, бірақ көбіне мына параметрлер оптималды болады: кем дегенде 3-4 немесе 30 қатысушыға дейін. Тұлғалық өсу тренингісінде 8-15 қатысады.

Қатысушыларға қойлатын келеси талап – тұлғалық дайындығы және мотивациясы. Негізгі талапқа сай тренингке қатысушының психологиялық денсаулығы: психологиялық орғанысы төмен, үйрену қабілеті жоғары, психологиялық дені сау адам тренинг мүшесі бола алады.

Қатысушылардың өз еркімен тренингке қатысуы кәсіби-этикалық талапқа жатады. Психолог тренингке шақырғанда тренингтің мақсаты жеткілікті түрде түсіндіріліп, мотивация тудыра алу қажет. Психологқа заң тұрғысынан да жауапкершілік артылады. Атап айтқанда, 14 жасқа толмаған бала тренингке қатысу үшін ата-анасының рұқсаты қажет болады.

Топқа қойылатын тағы бір талап - топтың құрамы. Мақсатқа байланысты топ гомогенді және гетерогенді, ал егер, жақын адамнан айырылған адамға қолдау көрсету мақсатында болса гомогенді болғаны дұрыс.

Тренигті өткізудің ерекшелігін айта отырып, топ қалыптасуының критериін көрсетуге болады.

Психотерапияда қолданылатын мінез-құлықтық тренинге қатысушыларды таңдау былай жүзеген асады:

1) психотерапияның негізгі курсын тиімді өту;

2) мінез-құлықтық тренингті өту үшін көрсеткіштің болуы;

3) қатысушылардың мотивациясы.

Лидере А.Г. топтық жұмыстың үш модусына негіздеп мынаны көрсетеді:

- психотерапия өткен кезде қатысушыны таңдау принципіне дәрігердің жолдамасы керек.

- Психологиялық оқыту тренингісіне қажетті принцип - өзге адамның шешімі (бастықтың, маманның);

- Тұлғалық тренингте – қатысушының өзіндік шешімі маңызды.

 

Мәдениетаралық тренингке таңдау жасалғанда келесідегілер есепке алынады:

1) этикалық толеранттылық деңгейінің қалыптасуы – жағымды бекітілімнің болуы.

2) өз сыныбында жасөспірімнің жоғары социометриялық статусы – этносаралық өзараәрекеттік қалыптасқан дағдылар өзге мектепке барғанда да тұрақты болуы үшін.

23-дәріс тақырыбы: Тренинг бағдарламасымен жұмыс (сценарий).

Дәріс мақсаты:Студенттерді тренинг бағдарламасымен жұмыс жасау жүйесімен таныстырып, дағды қалыптастыру.

Дәріс мазмұыны:

1. Тренинг бағдарламасын құру ерекшеліктері.

2. Жаттығуларды таңдау критерийлері.

1. Бағдарламаны дайындау өткен дәрісте айтылғандай тақырып пен мақсатты анықтаудан басталады. Әр маман түрлі концепцияларға және өз тәжірибесіне сүйене отырып, мақсат, міндетін, пәнін, мазмұынын құрады.

М.Р.Битянова сценарий мазмұнын мынадай тақырыптарға бөледі:

1. Серіктеспен вербальді, вербальді емес қатынасқа түсу және қатынастан шығу.

2. Өзарақолдау және кері байланыс

3. Қарым-қатынас үрдісінде сезімдерді кқрсету және түсіну

4. Қарым-қатынастағы тұлғааралық позициялар

5. Топтың нормативті және құндылықты дамуы (топтық динамика)

6. «Мен-хабарламасын» белсенді тыңдау

7. шешімді біріге отырып қабылдау, конференциялар және талқылаулар

8. Өз позицияңа сенідіру мінез-құлқы.

Автор тренинг өткізуге міндетті деп санайтын контакт фазаларын тренинг үрдісіндегі жүргізілу барысымен байланыстырады.

Коммуникацияның өзарабайланыс фазалары және ұйымдастыруға арналған тақырыптар

 

 

Коммуникация фазалары Ұйымдастыруға арналған тақырыптар
Контакт фазасы Контактқа түсу Өзара түсіну және тұлғалық қолдау Қарым-қатынастағы тұлғааралық позициялар Кері байланыс
Мазмұнды алмастыру фазасы «Мен-хабарламасын» белсенді тыңдау Біріге отырып шешім қабылдау, конференция, талқылаулар Өз позициясына сендіруші мінез-құлық
Контакті аяқтау фазасы Өзара түсінісу және тұлғалық қолдау Кері байланыс Контакттан шығу

 

2. В.А.Ясвин жаттығуларды таңдауда мына критерийлерге сүйенуді жөн деп санайды:

- жаттығудың негізгі тренинг мақсатына сай келуі;

- жаттығудың жеңілден күрделіге қарай өтуі;

- қатысушының өмір әрекет ритмінің ауысуы, сөйлеуі мен әрекетінің кезектесіп келуі;

- қатысушылардың біріккен топтық, жұптық, жекелей іс-әрекеті;

- жаттығудың өзара байланысы;

- әр қатысушыға өзін жүзеге асыруына мүмкіндік беру;

- қатысушылардың барлық жаттығуға қатысуына мүмкіндігі;

24-дәріс тақырыбы: Психологиялық тренингті безендіру.

Дәріс мақсаты: Студенттерді психологиялық тренингті безендіру ерекшеліктерімен таныстыру.

Дәріс мазмұны:

1. Психологиялық тренингті безендіру бағдарламасы.

2. Тренинг сағатының құрылымы.

 

1. Психологиялық тренингті безендіру бағдарламасы құжаттың формальді талаптарына байланысты. Онда мынаған көңіл аударады: А) бағдарламаның сыртқы түрі, яғни безендірілуі;

Б) бағдарламаның құрылымы және мазмұыны.

Безендірудің маңызды элементіне тоқталайық:

- Мұқабасы. Мұнда бағдарламаның аты және автордың аты-жөні нақты көрсетілуі керек. Көбінесе құрастырушы-автор деп келтіреді, себебі автор тек бар жаттығуларды жинақтап құрайды. Жоғарғы жағына мекеме аты көрсетіледі. Төменіне құрылған уақыты, мекені келтіріледі

 

Мұқабасын безендірудің мысалы

 

 

Анықтама хат: Мұнда мақсаты, міндеті, бағдарламаның мазмұны және қолданылатын әдістер, қажеттілігіне қарай теориялық негіздемелер, тренинг өткізуді ұйымдастыру жағдайы және жалпы сағаттар саны көрсетіледі.

Тақырыптық жоспар: Мұнда тренинг сағатының негізгі мазмұны, сағаты және оны жүзеге асырылуы көрсетіледі.

Сабақ құрылымы: Бұл бағдарламаның «негізі». Мұнда әр сабаққа қатысты кезеңдер баяндалады.

Тренинг құырылымы:

1 – кіріспе және танысу (1- күн)

2 – базалық дағдыны дамыту (2-3-күн)

3 – жекелендіру, қатысушының жеке мәселесімен жұмыс (4-күн)

4 - дағдыны бекіту (5-күн)

5 – қорытынды шығару, қоштасу (6-күн)

1 күндік жұмыстың құрылымы:

1- танысу

2- сергіту

3- күн тақырыбы

4- топтық жаттығу

5- күнді қорытындылау

6- үй тапсырмасы

 

Тренинг мазмұны. Бұл бағдарламаның ядросы. Мұнда әр тренинг сағатының мақсаты, міндеті, әдіс-тәсілдері мен бақылау формалары көрсетіледі.

2.Мазмұны жағынан тренингті бөлек боктарға бөлуге болады.

Вачков И.В. әр блоктың жүзеге асуын былайша көрсетеді:

2- Кіріспе

3- Толеранттылықтың дамуы

4- Агрессияны төмендету

5- Коммуникативті құзыреттілікті қалыптастыру

6- Ұйымшылдықты арттыру

7- Аяқтау.

Битянова М.Р. тренинг өткізудің мынадай кезеңдерін көрсетеді:

  1. амандасу ритуалы
  2. сергіту
  3. өткен тренинг сағатына рефлексия
  4. бүгігі тренинг сағатының тақырыбына кіріспе (негізгі мазмұны)
  5. негізгі сабақ мазмұнын меңгерудегі жаттығулар
  6. бүгінгі тренинг сағатына рефлексия
  7. үй жұмысы немесе келесі кездесуге «көпір» салу
  8. қоштасу ритуалы.

М.Р.Битянованың айтуынша танысу-қоштасу ритуалдары психологиялық «қоршау» ретінде қолданылады, бұл қатысушыларды біріктіруге қажет.

Сергіту сәтін айтқанда қатысушылардың эмоционалдық күйі, белсенділігі маңызды. Сергіту тек тренинг сағатының басында ғана емес, сонымен қатар жаттығулардан кейін де орындалады (психолог топтың эмоционалдық күйін өзгерткісі келгенде).

«Тренинг ядросына» келсек, мұнда рольдік ойындар, психотехникалық жаттығулар, дискуссия болады (мұнда психологтың қысқаша монологі, рефлексиялық «үзіліс», қорытындылау).

Көптеген мамандарталдау кезңіне көп көңіл бөледі. С.Е.Борисов осы кезеңнің келесідей алгоритмін көрсетеді:

- сарапшыларға қатысушылардың көрсеткен мінез-құлқын сынамай, талдап беру ұсынылады.

- Содан кейін қатысушылар не себептен сол мінез-құлық стратегиясын ұстанғанын айтып, өз позицияларын негіздейді. Ескеретін жағдай, өз көзқарастарымен алмасқаннан кейін сыйластық қарым-қатынаста қалу.

Тренинг сағатының «үй тапсырмасы» сәтінің негізгі қызметі – келесі кездесуге «көпір» салу, болып жатқан үрдістің жалғасуына көмектесу.

 

25 - дәрістің тақырыбы:: Тренинг топ қатысушыларымен жұмыс жүйесі.

Дәрістің мақсаты: Студенттерге тренинг топ қатысушыларымен жұмыс жүйесін таныстыра отырып, оның ерекшеліктерін меңгерту.

Дәрістің мазмұны:

1. Қатысушылардың бірімен-бірі танысуы

2. Қатысушылардың орналасуы

3. Топта қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру жолдары

 

Тренингтің бірінші бөлімін сергіту деп атайды. Бұл атау тренингтің бірінші бөлімінің міндеттерінің бірін сипаттайды.

5. Топ қатысушыларының өзара танысуы, жүргізушінің топпен танысуы.

6. Тренинг басындағы қатысушылардың көңіл-күйі ескеріп, диагностикалау.

7. Эмоционалды ахуалды орнату.

8. Топтың бірігуі.

Сергітудің алғашқы міндеті топ қатысушыларының өзара жәе жүргізушінің топпен танысуы болып табылады.

Екінші маңызды міндеті Тренинг басындағы қатысушылардың көңіл-күйі ескеріп, диагностикалау. Бұл мақсатқа жету үшін үрдіс келесідей міндеттерді шешу қажет:

- әрбір топ қатысушыларының тренингтен не күтетінін анықтау;

- өзекті эмоционалды жағдайды талқылау. Бұл тренинг барысында қатсыушы осы жағдайға оралмас үшін тиімді болып табылады. Сәйкесінше жүргізушінің алдында келесі мақсат пайда болады.

Тренинг бірінші бөлімінің үшінші міндеті: эмоционалды ахуалды орнату. Бұл мақсатты жиі эмоционалды ахуалды көтеру деп қарастырады. Бірақ, тренингтің жалпы мақсатын жүзеге асыру үшін жүргізушіге топтағы эмоционалды ахуалды көтеруге қарағанда, орнатуға көбірек көңіл бөлген жөн.

Төртінші міндет топ қатысушыларын жұмыстың соңғы нәтижесіне жету үшін тұтас командаға біріктіруге немесе топты әрбір қатысушының жек қабылдауына бағытталған.

Тренингтің алғашқы бөлімінің жоғарыда аталған міндеттерін жүзеге асыру үшін әр түрлі жаттығулар қолданылады.

Мысалы, қатысушыларға өз атын карточкаға жазып киіміне бекіту ұсынылады. Бұл жағдай егер тренер қатысушыларды алғаш рет көрген жағдайда немесе топ бір-бірімен аз танитын болса өте тиімді болып табылады.

Бұл үшін ақ қағаз беттерін, қарындаштарды немесе бояуларды қолдануға болады. Егер бояуды қолданатын болсаңыз, қатысушылардың санына қарай қыл қалам және суы бар ыдысты дайындап қойған жөн.

Сізге қажет құралдар:

- түсті қағаз немесе ашық түсті картондар;

- ашық маркерлер мен фломастерлер;

- түймеше немесе арнайы қыстырма құралдар;

- қайшы (мүмкіндігінше, бірнеше болған жөн).

Бұл құралдар арқылы тренингке қатысушыларды диагностикалауға болады. Жетекші топ қатысушыларының жеке пікірлері арқылы кейбір ерекшеліктері туралы қорытынды жасай алады, сонымен қатар қатысушылардың көңіл-күйлерін анықтай алады.

Берілген тапсырманы орындап болғаннан кейін, жетекші қатысушыларды алдын ала қойылған орындықтьарға орналастырады.

Әдетте, тренингке арналған орындықтар бірдей биіктікте, формада және бір түсте болу керек. Кейбір жағдайларда ғана тренингке қажет орындықтар тренингтің мақсатына сай әр түрлі болуы мүмкін.

Көбіне тренинг үшін жұмсақ орындықтарға қарағанда жай орындықтар жиі қолданылады, өйткені оларға отыруға ыңғайлы және зейін шоғырландыруға мүмкіндік береді.

 

Топтық психологиялық тренинг

§ Сөйлеу кезіндегі нақтылық пен нақтылық еместік;

§ Белсенділік деңгейі (вербалды белсенділікте байқалатын прагматикалық аспектілер);

§ Анонимді өзін-өзі ашу және жағымды немесе жағымсыз қарым-қатынастарды білдіру (оның жеке тұлғасымен байланысты экспрессивті аспектілер).

 

Аталған мінездемелер негізінде Т.Высокиньска-Гонсер жетекші топтардың мынадай рөлдерін ұсынады: техникалық эксперт, инициатор, дидактик, қамқоршы, дос, сенімді (Высокинська-Гонсер Т. 1990, 160-171б.).

Бұл рөлдік топтамада И.В. Бачков белгілегендей, автордың теориялық классификациясы бейнеленген осыған сәйкес тұлғалық бұзылудың қайта даму факторлары болып табылатын терапевт пен топқа қатысушы арасындағы қарым-қатынас еркшелігі (И.В. Бачков 2000).

Жетекші талаптарының мәселесін талдай отырып, топты басқару стилі сияқты дәстүрлі мәселені айналып өтуге болмайды. Мұнда мамандар аз топтарын басқаруда классикалық топтама стилін пайдаланады: авторитарлық, демократиялық, енжарлық, сонымен қатар психотерапевтикалық жұмыс тәжірибесінен алынған директвті-дерективті емес.

Топтағы жетекшімен жүзеге асырылатын басқару стилі туралы мәселе бір жағынан-өзі енген рөлмен, екінші жағынан- оның тұлғалық ерекшеліктерімен тығыз байланыста.

Топтарды басқару стильдерін таңдаудың бір жақты шешімі жоқ. Негізінде нақты жағдайларда топтармен басқарудың аворитарлығы тиімді екендігі анықталды: 1) топтың мақсаты қатаң құрылған болған болса; 2) топ мүшелері қатты күйзеліске ұшыраса; 3) қатысушыларға топтың динамикасы олар не болып жатқанын түсінбейтіндей анық болмаса (К.Рудестам, 1993).

Дж.Коттлер мен Р.Браун топтық кеңес беру мәселелерін қарастыра отырып мынғана назар аударады.

 

«Топтық жұмыстардың жекелеген түрлері арасында ғана емес, олардың әр қайсысының өз мақсаттары бар топпен басқару стилінде де айырмашылық бар. Кори (Соrеу 2000) фаилитаторлар, мұғалімдер, психотерапевттер, катализаторлар, дирижерлер немесе топтың қарапайым тәжірибелі мүшесіне қалай әрекет еткен тиімдірек екенін қарастырады.

Мұнда кейбір амалдар жақындасу мен өзара ашылу арқылы үлкен сенімділік орнатудан тұратын топтық мақсатқа жетуге бағытталған, ал кейбір амалдар топтық мақсатты ескермей топтың жекелеген мүщелеріне жеке мақсатқа жетуге көмектеседі.

... сонымен қатар жетекші топтардың мінез-құлқын анықтайтын көптеген теориялар бар. Кейбір кеңесшілер когнитивті/мінез-құлықты теорияларға жтатын оқытудың директвті моделдеріне жүгінеді; ал басқа кеңесшілер гештальтистік, экзистенциялық және гуманисттік философиялар шеңберінде дамитын күйзеліс негізіндегі модельдерге сүйенеді. Біраз уақыт өткен соң топтық кеңес берудің теориялары нақты қарастырылған көздерімен танысуын қалауыңыз мүмкін немесе оның орнына интегративті модельге назар ауадаруға бел бууыңыз мүмкін»

И.В. Бачков белгілегендей, жұмыс тәжірибесі көптеген топтар бастапқы кезеңде оларды нақты құрып және қатаң басқаруға тартылады. Бұл расында да бастапқы қысылу мен қалыпсыз және топтық үрдісті жылдамдату үшін қажет. Сонымен қатар тәжірибелі жетекші біртіндеп басқарушылықты босатуға жол тауып және топтың өзіне басқару қызметтерін береді.

Басқа – «енжарлық» стиль орталықтандырылған терапия клиентінің топтары роджериандық мағынадағы психоаналитикалық топ.

И.В. Вачкова пікірінше топты басқару стилі мен нақты тренингтік сабақтар арасында тікелей паралельдер жүргізуге болмайды. Басқару стил мен басқарушының тұлғалық ерекшеліктерінің байланысы жақынырақ.

Топтық дайындаушының тұлғалық мінездемесіне қатысты тұрақты пікір жоқ, дегенмен әр түрлі көзқарастар талдауы белгіленген нақты ерекешеліктерде көп ұқсастықтар бар екенін көрсетті.

В.Т. Кондрашенко және Д.И. Донской бейресми басшы болу үшін нақты тұлғалық қасиеттер болуы қажет деп жазады. Сонымен қатар тұлғаның ең айқын құлқы тұлғаны анықтай алмайды,басшылық қасиеттерін өз алдына. Дегемен мамандар олардың пікірінше басшыға сай қасиеттерін анықтаудан бас тартапайды.

 

Мысал үшін бірнеше жасалған мүмкіндіктер:

С.Славсон басшыға қажет келесі қасиеттер жиынтығын белгілейді: байсалдылық, парасатты, жетілген, «Мен» күші, үрей пайда болуының жоғары мүмкіндігі, қабілетті, сезгіштігі, эмпатия, қиялының байы, табандылық, адамдарға көмектесуге ынтасы бар, фрустрацияға және белгісіздікке шыдамдылық.

К.Рудестам басшылыққа тән қасиеттер деп мыналарды санайды: ынта, айналасындағыларды сендіре және бағындыра алу, өзіне сенімділік пен ақыл.

Ол өсу тобы мен терапевтикалық топ жетекшісі бір жағынан әртіс, бір жағынан сезім мен сезгіштікті кәсіби әдістер мен заңдарды біріктіретін ғалым болуы тиіс деп жазады. Сонымен қатар, ол келесіге назар аударады:

«Бір жағынан сана-сезімінің дамуымен, топтық және жеке динамика туралы білім мен тәжірибенің өсуімен сезгіштікке сенімділік те жоғарлайды.»

 

Топтық психологиялық тренинг

§ Сөйлеу кезіндегі нақтылық пен нақтылық еместік;

§ Белсенділік деңгейі (вербалды белсенділікте байқалатын прагматикалық аспектілер);

§ Анонимді өзін-өзі ашу және жағымды немесе жағымсыз қарым-қатынастарды білдіру (оның жеке тұлғасымен байланысты экспрессивті аспектілер).

 

Аталған мінездемелер негізінде Т.Высокиньска-Гонсер жетекші топтардың мынадай рөлдерін ұсынады: техникалық эксперт, инициатор, дидактик, қамқоршы, дос, сенімді (Высокинська-Гонсер Т. 1990, 160-171б.).

Бұл рөлдік топтамада И.В. Бачков белгілегендей, автордың теориялық классификациясы бейнеленген осыған сәйкес тұлғалық бұзылудың қайта даму факторлары болып табылатын терапевт пен топқа қатысушы арасындағы қарым-қатынас еркшелігі (И.В. Бачков 2000).

Жетекші талаптарының мәселесін талдай отырып, топты басқару стилі сияқты дәстүрлі мәселені айналып өтуге болмайды. Мұнда мамандар аз топтарын басқаруда классикалық топтама стилін пайдаланады: авторитарлық, демократиялық, енжарлық, сонымен қатар психотерапевтикалық жұмыс тәжірибесінен алынған директвті-дерективті емес.

Топтағы жетекшімен жүзеге асырылатын басқару стилі туралы мәселе бір жағынан-өзі енген рөлмен, екінші жағынан- оның тұлғалық ерекшеліктерімен тығыз байланыста.

Топтарды басқару стильдерін таңдаудың бір жақты шешімі жоқ. Негізінде нақты жағдайларда топтармен басқарудың аворитарлығы тиімді екендігі анықталды: 1) топтың мақсаты қатаң құрылған болған болса; 2) топ мүшелері қатты күйзеліске ұшыраса; 3) қатысушыларға топтың динамикасы олар не болып жатқанын түсінбейтіндей анық болмаса (К.Рудестам, 1993).

Дж.Коттлер мен Р.Браун топтық кеңес беру мәселелерін қарастыра отырып мынғана назар аударады.

 

«Топтық жұмыстардың жекелеген түрлері арасында ғана емес, олардың әр қайсысының өз мақсаттары бар топпен басқару стилінде де айырмашылық бар. Кори (Соrеу 2000) фаилитаторлар, мұғалімдер, психотерапевттер, катализаторлар, дирижерлер немесе топтың қарапайым тәжірибелі мүшесіне қалай әрекет еткен тиімдірек екенін қарастырады.

Мұнда кейбір амалдар жақындасу мен өзара ашылу арқылы үлкен сенімділік орнатудан тұратын топтық мақсатқа жетуге бағытталған, ал кейбір амалдар»

26- дәрістің

Тақырыбы: Жалпы тренингтік әдістер.

Дәрістің мазмұны

  1. Әлеуметтік перцепцияны дамытуға бағытталған әдістер.
  2. Денелік-бағытты психотерапия әдістері.
  3. Медитативтік техникалар.

Топтық тренинг кезінде қолданылатын нақты әдіс тәсілдердің көп болуына қарамастан, олардың барлығы негізгі идеяны ұстанады: топтық көмегімен тұлға дамуына жаңа мүмкіндіктер ашып, оның потенциалын өзектендіру болып табылады.

Топтық психологиялық тренинг өзіндік таным және өзіндік даму дағдыларын қалыптастыру мақсатында практикалық психологияның белсенді әдістерінің жиынтығын көрсетеді. Сонымен қатар тренинг әдістері клиникалық психотерапияда невроз, алкоголизмді және көптеген соматикалық ауруларды емдеуде, сондай ақ, психикалық сау адамдарға психологиялық мәселелерін шешуде және өзіндік дамуына көмектесу кезінде пайдаланылады

М.Р.Битянованың еңбектерінде практикалық психолог қызметінде тренингтерді қолданудың мәні ашылып көрсетілген.

Психологиялық тренинг бұл топтық жұмыстың кез келген формасы емес, бұл өзіндік шектеулерімен, мүмкіндіктерімен, ережелерімен, мәселелерімен сипатталатын топтық жұмыстың ерекше формасы. Оқытудың мұндай формасының ерекшелігі, қатысушы белсенді позицияны ұстанады, дағдыларды игеру жеке тәжірибесін бастан қайта өткеру, іс әрекетін көрсету процсінді жүреді.

Психологиялық тренинг адамның дағды мен әскерліктерін өз бетімен қалыптастыруына, әлеуметтік тұлғааралық, өнімді және оқу іс әрекеті қарым қатынасын құруына, туындаған ситуацияларды өз көзқарасы мен партнердің ойымен бірлесе талдауға, өзін және өзгелерді тілдесу және іс әрекет процесінде түсінуге мүмкіндік беретін оқытудың белсенді формасы.

Оқыту әс әрекетінде психологиялық тренинг және тренинг сабақтары деген терминдер қолданылады.

Оқу іс әрекетіндегі тренинг сабақтары (мектепте, колледжде, жоода) тренинг әдіснамасы мен процедурасының мәнді модификациясы. Өйткені тренингті:

а) барлық оқу тобына;

б) міндетті түрде;

в) аптасына бір рет қысқаша кездесу тәртібінде;

г) психологиялық қауіптілік төмен болған жағдайларда пайдалануға болады.

Лебедева Н.М., Лунева О.В., Стефаненко Т.Г. тренингті белгілі бір мақсатқа қол жеткізуге бағытталған арнайы ұйымдастырылған топтық жұмыс ретінде қарастырады.

Топтық терапия, коррекция, оқыту және топтық тренинг: олардың ұқсастығы мен айырмашылықтары

И.В.Вачковтың пікірінше, психологиялық топтық тренингтің негізгі ерекшелігі:

1. Психотерапияға қарағанда тренинг жұмысының мақсаты тікелей емдеумен байланысты емес. Тренингті жүргізуші клиентті емдеуге емес, психологиялық көмек беруге бағыттайды. Трениг кезінде тек қана сау адамдар емес, сонымен қатар невротиктер, психикасында шектеулілік бар адамдар да қатысуы мүмкін.

2. Тренинг кезінде ішкі әлемнің тек қана дискретті сипаттамасына ғана мән беріліп қана қоймай, тұлғаны тұтастай өз бетімен дамуына және психологиялық жеке құрылымдары да ескеріледі.

3. Тренинг жұмысын текқана оқумен байланыстыру мүмкін емес, көптеген мамандар тренингке қатысушылар үшін ең алдымен эмоционалды тәжірибе жинақтау маңызды деп есептейді.

Солай болғанымен, тренингте психотерапиялық, коррекциялық және оқыту әдістері кеңінен қолданылады.

Практикалық психологтың тренинг әрекеті кезінде келесідей мақсаттар мен оан қол жеткізудің төрт тәсілін көрсетуге болады:

1. Ақпараттандыру;

2. Кеңес беру;

3. Интерввенция;

4. Тренинг.

 

27- дәрістің

Тақырыбы: Психологиялық тренингтегі ойындық элемент.

Мазмұны:

  1. Психологиялық тренингте ойын элементтерін пайдаланудың мәні.
  2. Тренинг сабақтарындағы ойындық процедураларды жүзеге асыру.

 

Ойын баланың көңілін өмірін, бойын сергітіп қана қоймай, оның өмір құбылыстары жайлы таным - түсінігіне де әсер етеді. Балалар ойын арқылы тез тіл табысып жақсы ұғысады, бірінен - бірі ептілікті үйренеді. Ойын үстінде дене қимылы арқылы өзінің денсаулығын нығайтады.

Халқымыз ойындарға тек балаларды алдандыру, ойнату өдісі деп қарамай жас ерекшеліктерше сай олардың көзқарасыньщ, мінез-құлқының қалыптасу құралы деп ерекше бағалаған. Қазір бізге жеткен ұлт ойындарымыз: тоғызқүмалақ, қуыршақ, асық ойындары қазақтың көне жыр дастандарында ұлтгык ойындар балаларды тәрбиелеуде ерекше орын алды.

Аса ірі психологтардың айтуы бойынша, бала ойын үстінде қандай болса, өскенде сондай еңбек үстінде болады, - дейді. Сондықтан ойын адамның өмір танымының алғашқы қадамы. Баланың өмірі коршаған ортаны танып білуі, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қальштасады. Ойын барысында өздерін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекеті байқалады. Ойын үстінде өмірдің өзіндегідей қуанып, ренжиді. Сондықтан мүғалім баланы сабаққа талабын шаттандыратындай, ойын оятатындай, іскерлігін дамытатындай болуы керек. Оқушылардың белсенділігін саналы ойлана білуін, ой - өрісінің дамуын, қиындықты жеңуін, төзімділікке баулуды үйрету мүғалімнің негізгі міндеті.

Логикалық ойындар: ребус, сөзжұмбақ, үндемес ойыны.

Қимыл әрекет ойындары: балапан ойыны, айға ұшу, кім болам? ойындары.

Зейінді дамытуға арналған ойындар: Не өзгерді? Айырмашылығын тап, алақан шапалақтау.

Ойлауды дамытуға арналған ойындар: заттарды салыстыру, артық сөзді тап, анаграмма т.б

Есті дамытуға арналған ойында: сөздерді есте сақтау, әңгімені еске сақтау т.б.

Қабылдауды дамытуға арналған ойында: Суретке не жетіспейді? Не бейнеленгенін анықта. Фигураларды ата.

Адекватты өзін - өзі бағалауды дамытуға арналған ойындар: кірпілер күледі, ертегіні құрастырамыз, сиқырлы айна.

Әлеуметтік эмоцияны дамытуға бағытгалған ойындар:менің эмоцияларым, сөйлемді жалғастыр, дүкен т.б.

Жалпы педагогикады және тәрбиелеуде ойын маңызды орынды алады, ол баланың даму процесінде бірнеше маңызды функцияларды атқарады. Баланың даму кезеңдерінің басында ойын баланың әлеуемттеніп, тұлға ретінде қалыптасуының негізі екені факт ретінде белгілі. Ал, ойын маңызды педагогикалық және тәрбиелеу құралы ретінде екендігін А.Н. Леонтьев, Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов сияқты көрнекті педагог-ғалымдар ашып отыр.

28 Дәріс тақырыбы: Тренинг имиджі және тренингке деген қарым-қатынас.

Жоспары:

  1. Тренинг имиджі.
  2. Тренингке деген қарым-қатынас.

 

Кәсіби дайындаушыларды дайындау мәселесін шешуге қатысты өз пікірін айта отырып, Г.Сартан дайындаушыларды оқытуда көпжылдық тәжірибелер нәтижесінде қажетті негізгі білімі мен сабақатар белгіленді.Бастапқы психологиялық білім және психотерапевтикалық мектептерде қосымша сабақтар;

§ Топтық үрдістердің динамикасын білу және оларды басқару

§ Топтарды жүргізу қажетті тұлғалық қасиеттер және әдістер.

Тұлғалық қасиеттер мен әдістерді қалыптастыру бойынша дайындаушыларды дайындауда негізгі бағыттар ішінен келесілерді белгілейді. Дайындаушының құндылықтар жүйесін қалыптастыру; Мақсаттарды құру және дайындау барысында сайма-сай сақтау;

§ Дайындаушының өзіне және мүмкіндігіне көзқарасы;

§ Өз шегін мойындау;

§ Дайындауышының кәсіби қарым-қатынасы;

§ Дайындаушның сынға көзқарасы;

§ Дайындаушының тыныштық және күйзеліс күйі;

§ Дайындаушының топқа бейімделуі;

§ Дайындаушының сезімталдығы, батылдығы, сенімділігі;

§ Дайындаушының топтағы жұмыс жылдамдығы; топтағы өзгерістерге дайындаушының әсері.

Дайындаушылардың жұмысын аттестациялау үшін дайындаушы кәсібінің кеесі критерилерін белгілейді: нақты сенімділіктің бар болуы; топтық тәжірибені пайдалана білу; өзінің емесе,топтың мәселесін шеше білу; топпен энергетикалық өзара байланысы; дамыған сезгіштік;

Қабылдаудың бірнеше сатыларының бар болуы;

Топпен жауапкершілікті бөлу. И.В. Бачков топтық жекешілердің маңызды кәсіби тұлғалық қасиеттерін зерттеулерін жалпылау негізінде топтық жетекшінің келесі тұлғалық қасиеттерін белгілейді:

§ Клиентке тоқталу, оған көмек көрсетуге ынта мен мүмкіндігінің болуы;

§ Өзгелердің көзқарасына ашықтық, шыдамдылық;

§ Түсіністік, тез қабылдағыш, эмоционалды жайлы жағдай тудыру;

§ Шынайылық, яғни топқа өз көңіл-күйін бере білу;

§ Оптимизм, топ қатысушыларының өзеруіне және дамуына сенімділік;

§ Салмақтылық, белгісіздікке шыдамдылық, өзін-өзі ұстаудың жоғары деңгейі;

§ Өзіне сенімділік, өзіне позитвті қарым-қатынас, адеквтты өзін бағалау, өзінің келеңсіз жағдайларын, қажеттіліктерін мойындау;

§ Бай қиял, сезгіштік;

§ Интеллекттің жоғары деңгейі.

 

 

Топтық тренингтегі этикалық мәселелер

Аталған мәселені аяқтай келе, дайындаушы мен топ арасында тұлға мен қоғам арасындағыдай үзілмес байланыс бар екеніне назар аударған жөн. Осы мәселелердің барлық аспектілерін қарастыра отырып, жетекші мен топ арасындағы заңдылық пен нақты жағдайлар спецификасына сүйенген жөн. Жекелегенде дайындаушыға қандай топты басқару керек еекндігі, оның алдында қанда мақстан пен міндеттер тұрғандығы. Осыған байланысты жетекшіге талаптар қойылады.

Топтық тренинг жүргізу барысында туындайтын кәсіби іскерліктің этикалық мәселелері туралы сұрақты анықтаймыз. Әрине, маманның кәсіби қызметі негізнде нормативті актілермен анықталған құқықтар мен міндеттер ғана емес, сонымен қатар барлық мамандықтарда болатын өзіндік «ар-намыс кодексі» жатады.

Пряжникова Н.С. өзінің мақаласында практикалық психолог қызметіндегі келесі этикалық реттегіштің деңгейлерін белгілейді:

§ Құқықтық;

§ Моральды;

§ Құлықтылық;

 

Бондаренко А.Ф. этикалық стандарттар мәселесін психологиялық көмек көрсету институтының нақты қоғамдық жағдайлардағы рөлі. Бұл жөнінде ол былай жазады:

 

«Кеңес беруші психологтың кәсіби этикасы мәселелері бойынша соңғы жылдардағы әдебиеттерді талдау, кеңес беру жұмысы тәжірибесінжалпылау, қызметтестер тәжірибесі, дискуссия қорытындыларын жалпылау этикалық стандарттар құрастыруға көмектесті, оларды сақтау маманның міндеті болып табылады.

Алдымен психология мамандық ретінде адамдарға қатысты кез-келген мамандықтар сияқты этикалық нормаларға бағынады. Бұл - тұлғаны, адам құқығы мен бостандығыны, қасиеттерін сыйлау, қажетті профессионалды құзірет, ар-ождан, жақсылық ойлау, клиент жағдайын ойлау.

Жалпы этикалық талаптардан басқа бірнеше елде практикадағы және кеңес беруші психологтарға тән этикалық стандарттар мен нормативтер өңделген. Олардың ең алдыңғысы құпиялылығы яғни, клиенттің жеке құпиясын сақтау. Бұд қағида тек қана клиенттің жеке өміріндегі мәліметтерді жарияламаудан ғана тұрмайды,психологтың клиентке позициясын түсіндіруде қылмыстық құқыққа қатысты ақпаратты жасырып қалуды алдын-алу. Өзіндік этикалық нормативке клиентпен физикалқы қатынас та жатады, қол алу мен шектелу тиіс. Клиент тарапынан этика шегінен шыққан экспрессивті қатынастар арнайы талдауды қажет етеді.

Псигологқа аранайы талап болып табылатындар: өз клиентімен социалдық қатынастар мүмкіндігінен қашу, егер соңғысы бірлескен жұмыс процедурасына жатпаса; бірлесіп жұмыс жасаудан бас тарту. Кеңес беруші психологтар әсіресе өз құзіреттілігінің шегінен шығып кетуден сақ болғаны жөн.

Психологиялық араласумен қатар психологпен келісілмеген басқа да психикаға әсер болса,психолг қызметтен бас тартуға құқылы.

Егер ақылы психологиялық көмек көрсетілсе гонорар көлемі алдын-ала келісілуі керек.

Клиент құқылы.

§ Психолог таңдауға

§ Психологиялық көмекті талқылауға

§ Психологиялық көмек көрсетілу барысында қорытындыларын бағалауға;

§ Кеңес беруші психолг көмегіненбас тартуға;

§ Психологиялық көмек көрсету мерзімін болжауға;

§ Психолог білімі мен біліктілігі жөнінде ақпарат алуға;

Психологиялық көмек қажеттілігі жөнінде клиент өзі шешеді. (А.Ф. Бондаренко)

 

Өкінішке орай, топтық писхологиялық тренингке тікелей қатысты бұл тақырып қозғалмайды.

 

«6.01. Білімділік және тренингті бағдарлама жасау. Білімділік және тренингтік бағдарламаға жауап беретін психологтар бағдарламаның дұрыс құрылғандығына сеніді болуы тиіс.

 

6.02. Білімділік және тренингті бағдарламаны сипаттамасы. Психологтар өздері жүргізетін білімділік және тренингті бағдарламалар үшін жауапты. Жүргізілетін бағдарламалар өз сипаттамасында мақсаты мен міндеттері және оны орындаудың әдістері болуы керек. Бұл бағдарламалар барлық қызықтырушы тараптарға қол жетімді болуы керек.

 

6.03. Оқытудағы нақтылық

А) тренинг жүргізу барысында психологтар нақты ақпарат береді;

Б)тренинг барсында психолгтар өз биліктерін мойындайды.

 

6.04. психологтар аранйы дайындықты қажет ететін процедураларды жүзеге асырады бұған гипноз т.б жатады.

 

№29 Дәріс тақырыбы: Тренингте бейнетүсірілімдерді қолданудың психологиялық және әдістемелік астарлары.

Жоспары:

  1. Тренингтегі бейнетүсірілімнің этикалық мәселелері.
  2. Тренингтегі бейнетүсірілімнің әдістемелік астарлары.
  3. Тренингтегі бейнетүсірілім және өзіндік сананы дамыту.

Тренинг кезіндегі бейнетүсірілімдердің этикалық мәселелері

Бейнетүсірілімді пайдалану топтық жұмыстың нәтижелілігін арттырады. Тренинг кезіндегі бейнетүсіріліммен байланысты этикалық сәттерін ескеру керек. Жұмыс басталмастан бұрын қатысушылардан келісім алу керек. Психокоррекциялық жұмыс процесінде қатысушыларды алғашқы өтінгеннен бейнетүсірілім тоқтатылуы керек.

Сабақ барысында өтіп жатқан барлық жағдайларды түсіру міндетті емес: өйткені видеокамераның алдында әрдайым отыру қатысушылар тарапынан шектен тыс қысымшылдықпен күйзеліс туғызады, екіншіден, топқа қатысы жоқ оператордың болуы және оның өтіп жатқан процестерге пасссивті бақылаушы болуы қатысушылардың барлығын біртұтас топқа жинақтауға қиындық туғызады. Көп жағдайда топтағы екі жүргізуші талдау үшін маңызды сәттерді кезектесіп бейнекамераға түсіреді.

Бейнетүсірілімнің әдістемелік астарлары

Тренинг кезінде бейнекамерасына кейбір сабақтардың үзілістерін жазуына болады. Олар мысалы «Партнермен кездесу», «Директормен сөйлесу», «Ақпаратты беру» бұлар шығармашылық және дискуссиялық іскерлік сипаттағы жаттығулар. Тренинг кезінде өзіндік танымды кеңейтуге ықпалын тигізетін психологиялық іскерліктер бұлар, өзіндік талдау, өзіндік бақылау, өзге адамдарды тыңдай білу. Бейнетүсірілім осы іскерліктерді жаттықтыруға тиімді құрал болып келеді. Қандай да бір жаттығудың түсірілімі аяқталғаннан кейін, ол қатысушыларға кері көрсетіліп, өтіп жатқан жағдайларға талдау жасалады. Бұл процесс алуан түрлі формада ұйымдастырылады:

1. Түсірілімге қатысқан педагогтың сұрақтарына жауаптармен жүргізушінің комментарийлерін қарастыру.

2. Жүргізушінің түйіндеме жасауымен және қатысуымен барлық топтың талдауларын қарастыру.

3. Жүргізушінің қатысуынсыз барлық қатысушылармен талдауды қарастыру.

4. Осы жаттығуда түсірілген қатысушылармен ғана талдау өткізуді қарастыру.

5. Ортақ вербальды емес талдаумен қарастыру (өзіндік талдау).

Бейнетүсірілімді талдау формасы топтық динамиканың ерекшеліктеріне байланысты өзгеріп отырады. Топтың жетекшісі бейнетүсірілімді пайдаланудың әрбір этапында коментатор мен аналитиктің қызметін топтағы қатысушылардың өздеріне беріп отырады. Бұл әдістемелік тәсіл топ жетекшісінің стилін өзгертуіне мүмкіндік береді: топты басқарудағы директивті ұйымдастырушылық стилден топтың өзіндік қызметіне берумен алмастыруға болады.

Тренинг кезіндегі бейнетүсірілімдер және өзіндік сананың дамуы

Тренинг сабақтары кезінде бейнетүсірілімді пайдалану өзіндік бақылау мен өзіндік талдауға мүмкіндік береді. Көптеген қатысушылар экраннан көрген өз бейнелерінің шынайы өмірдегі келбеттерінен өзгеше екендігін мойындайды. Көпшілігі өздерінің түсірілім кезіндегі дауыстарын танымай қалған жайғдайлар да болады. Кейбір қатысушылар өз дауыстарына қатысты ұнамсыз жақтарын айтып отырды: дауыс ырғағы, қаттылығы, интонация, сөйлеудің басымдық көрсете немесе керісінше әлжуаз көрінетіндігі. Кез келген деңгейдегі менеджерлердің кәсіптік іс әрекетінде сөйлеу мәнерінің маңызды екенін ескерсек, қатысушылардыың өз дауысы туралы объективті ақпарат алуының маңызы туралы түсінуге болады.

Өзіндік бақылау ішкі рефлексивті процесс ретінде және өзін теледидардан сырттай бақылау қатысушының өз әрекетін, сөйлеген сөзіне деген объективті көзқарасының қалыптасуына, өзіндік мінез құлқын адекватты бағалауға мүмкіндік береді.

Бейнетахниканы пайдалану арқылы қатысушылардың «денелік Мені» ғана емес, сонымен қатар «әлеуметтік Мені»нің өзгерісі де жүреді.

 

Тапсырмалар

1. Қатысушылардың тек қана біреуі қарсы болған жағдайда бейнетүсірілімді жүзеге асыруға бола ма?

2. Психологиялық тренинг кезінде бейнетүсірілімді пайдаланудың маңызды психологиялық ерекшеліктерін ата.

3. Тренингтің жекелеген үзінділерін талдау нәтижесінде топ қатысушыларының бойында қандай іскерлікті пайдалануға болады.

4. Бейнетүсірілімдерді талдау формасын атаңыз және өзіндік сананы дамыту кезінде пайдалану ретін көрсетіңіз.

5. Психологиялық тренинг процесіндегі бейнетүсірілімдерді талдау және пайдалану қатысушылардың өзіндік санасында қандай өзгерістер туғызады?

6. Психологиялық тренинг кезінде жасырын камераны пайланауға бола ма?

№30 Коммуникативті тренингі дамыту жолдары

Коммуникативтік құзіреттілік туралы түсінікКоммуникативті құзіреттілікті дамыту тренингтері Мұғалім қызметіндегі коммуникативтілік

Топ ішіндегі жұмысты ұйымдастыру. Топ ішіндегі жұмыс үш кезеңге бөліп көрсетуге болатын өзара байланысқан бөліктен құралады [116, 256 б].

Бірінші кезең: төмендегідей бөліктерден тұратын қосымша дайындық кезеңі:

- топқа қатынасушыларды таңдау үрдісі;

- топқа қатынасушылардың жекелеген мақсаттарын айқындау;

- топтық жұмыстың «жобасын» даярлау.


Дата добавления: 2015-10-02; просмотров: 864 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Трансфера| Семинар 9.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.111 сек.)