Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Семинар 3 страница

Семинар 5. | Семинар 6. | Семинар 7. | Семинар 8. | Семинар 9. | Семинар 10. | Семинар 11. | Семинар | Семинар | Семинар 1 страница |


Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

3.Практикум по социально-психологическому тренингу, Санкт-Петербург, 2000

4.О. Горбушина «Психологический тренинг» М-2007ж

5. А.Г. Каменюкин, Д.В. Ковпак «Антистресс-тренинг» М-2008.

6.Лесли Рай» развития навыков эффктивного общения» М-2002ж.

7.Д.М. Рамендик «Тренинг личностного роста» М-2008ж.

№6 дәріс

Тақырыбы: Тренинг жүргізілу барысында қолданылатын негізгі ережелер

Дәрістің мазмұны: Қатысушылардың өзіндік бағалауын қолдау. Топта сенімді және жылы атмосфера туғызу; Өзін-өзі көрсетуге жағдай жасау;

«Жүргізуші позициясы» Топтық жұмысты ұйымдастыратын жүргізушінің жасөспірімдер тобымен жұмыс тәжірибесі болуы қажет. Жүргізушінің топтық динамика, топтық эффект және тренингті жүргізу барысында туындаған мәселелерді шеше білу жөніндегі білімді толық игеріп, жұмыс барысында тиімді қолдана алғаны жөн. Курс барысында жүргізуші топпен жылы қарым-қатынас орнатуы қажет, сондықтан ол үнемі қатысушылардың көңіл-күйін, эмоцияларын қадағалап, тренинг барысында туындаған қиындықтарын шешіп отырады. Жасөспірімдермен жұмыстың нәтижелілігі топ бірлігіне де байланысты. Бұл үшін тренингтің алғашқы кезеңінде-ақ топ пен жүргізуші арасындағы құндылықтар анықталып алынады (сенімді дауыс ырғағы, жағымды эмоциялар, бірнеше ойын элементтері, қозғалатын тақырыптар және оның талқылануы маңызды болады, егер осындай құндылықтар тұлғааралық іс-әрекетте сақталса, тренинг өз жемісін береді) есірткі мен алкогольге қарсы альтернативтер табады.

Топпен жұмыс жасаудың негізгі ережелері

1. Қатысушылардың өзіндік бағалауын қолдау.

2.Топта сенімді және жылы атмосфера туғызу;

3. Өзін-өзі көрсетуге жағдай жасау;

4.Топтағы қарым-қатынас үрдісін зерттеу және мағынаны қалыптастыруға жағдай жасау;

Тренинг өз мақсатына жету үшін –

1-ден әр адамға өз ойын айтуға мүмкіндік беру.

2-ден өзіндік сезім мен алған әсерлерімен бөлісу.

3-ден әр қатысушының әмбебаптылығын сақтау.

Серіктесіңіздің айтқан пікірін тыңдап, бірге талқылау әрекеттерін жүзеге асырған дұрыс.Әр жаңа сабақты миға күш түсірмейтін жеңіл жаттығудан бастаған жөн. Оның мақсаты – қысымды шығару және жалпы эмоцианалды қызығушылық тудыру. Содан соң мақсатты түрде қатысушыларға өткен сабақты еске түсіріп, өздерінің пікірлерін және сезімдерін бөлісуді ұсыну. Әрі қарай негізгі бөлімдегі арнайы жаттығулар жүргізушінің талқылануымен орындалады. Тренинг қорытындысында өткен сабақтарды еске түсіріп, алған сезімдерімен бөліседі және ұсыныс берілді.

Топтық ережелер. Егер қатысушылар тренинг ережелері мен тәртіптерін нақты білетін болса, топтағы талқы сауатты өтеді. Ережелер сипаттамасы төменде берілген:

Бір-біріңді тыңдай біліңіз. Бұл сөйлеушінің көзіне қарап, сөзін бөлмей тыңдау ережесін білуді қажет етеді. Сөйлеуші сөзін аяқтаған соң, келесі сөзді алушы айтылған ақпаратқа қысқаша тоқтала кетіп, содан соң өз пікірін нақты білдіруге болады. Барлық назар сөйлеушіде болуы үшін тренинг сабағында кішкене ойын добын қолдануға болады, ал диалогтарда қатысушылар допты бір-біріне лақтырып отырады.

Берілген тақырып бойынша сөйлеңіз. Кейде қатысушылар талқылап отырған тақырыптан ауытқып кетеді. Мұндайда жүргізуші оқушыға «Мен толық түсінбедім, бұның біз талқылап отырған тақырыппен қандай байланыстылығы бар? Не айтқыңыз келгенін толықтырсаңыз» дегені абзал. Бұл қатысушының тақырыптан ауытқып бара жатқанын түсінуге көмектеседі.

Өз сезіміңізбен бөлісіңіз. Топтағы әр қатысушы өз пікірін білдіріп өтуі тиіс. Өз ойымен бөлісуге тырысқан қатысушыны мадақтап отырған жөн. Қатысушыларға олардың пікірлерін сыйлайтындығын және бағалайтындығын сезіндіруге тырысыңыз. Егер қытысушы бұрыс пікір айтып жатса, сіз: «Сіздің айтып отырғаныңыз дұрыс және онымен барлығы келіседі, дегенмен...» деп жауап бергеніңіз дұрыс, яғни тренингке қатысушы ыңғайсыз жағдай да қалмауы қажет. Сонымен қатар қатысушы өз пікірін білдіруден бас тартуға құқылы екенін ұмытпағаныңыз дұрыс.

Барлық қатысушыға құрмет көрсетіңіз. Пікір алмасу ашықтығы өзгелердің пікірімен келіспей, өз ойын жеткізуден және өзгенің пікірін бағалаудан қашық болудан көрінеді. Қатысушыларға өзге адамдардың намысына тимейтін пікірлер айтуын ұсыныңыз. Сонымен қатар сіз ақымақ сауалдардың болмайтынын есте сақтаңыз. Әр сауалдың өзіндік құндылығы болады. Қатысушыларды әр қойылған сұрақтарға жауап міндетті түрде берілетіндігіне және қойылған сұрақтардың барлығы бағаланатындығына сендіріңіз.

Топ арасында дұрыс қарым-қатынас орнату үшін топ өзінің тәртіптері мен ережелерін құруы қажет. Топ ережесін құрудың бірнеше нұсқаулары бар. Тренинг сабағына қатысушылар өздерін қауіпсіз және сенімді сезінулері үшін ереже құруды топтың өзіне ұсынуға болады. Жүргізуші айтылған ереже нұсқауларын ватманға түсіріп отырады, соңынан қысқаша талқылаулар орын алады:

1. Қол көтеру ережесі – пікірлерін кезекпен айту. Бір қатысушы өзінің пікірімен айтып жатқанда, екіншісі тыңдайды және өзіне сөз алудан бұрын қол көтереді.

2. Бағалаусыз – айтылған әр түрлі көзқарастарды бағалаудың қажеті жоқ.

3. Құпиялылық – тренинг сабағында айтылған пікірлер қатысушылар арасында қалады.

4. «Тоқта» ережесі – егер қатысушының жеке тәжірибесіне жағымсыз пікірлер айтылып жатса, айтылып жатқан тәжірибе иесі көзін жұмып: «Тоқта» деп айтады.

5. Топ ережесін ватманға құр сөзбен жазбай, символдарды қолдана отырып, ережелер суретін салуға болады.

Қатысушылардың тренингтен күткен нәтижесін сақтау үшін келесідей қосымша түрде сауалды қойылды:

1.Тренинг сабағынан не игергім келеді?

2.Маған не көмектесе алады?

3.Маған не кедергі жасайды?

4.Мен жүргізушіден не күтемін?

Психокоррекция деп жасөспірімнің ортамен әрекеттестік жасауы кезінде әлеуметтік бейімделуін (соның ішінде мектепке бейімделуін) бұзатын психикалық механизмдерге бағытталған, тәрбиеленушіге психологиялық ықпал ету тәсілдерін түсінеміз. Психокоррекция мақсаты — психика дамуының ақауларын түзету, қалыптасып келе жатқан тұлғаның үйлесімділігін және жүйкелік-психикалық ауытқулардың профилактикасын ұйымдастыру. Орталықта төмендегідей психокоррекция түрлері пайдаланылады:

• Жалпы психокоррекция — жасөспірімнің әлеуметтік шағын ортасын
қалыпқа келтіруші, жас шамасының және жеке мүмкіншіліктеріне
байланысты психофизикалық және эмоционалдық жүктемелерді реттеуші, тұлағаның қасиеттерінің жетілу үрдістерін оптимизациялайтын, жалпы ережелік шаралар.

• Жеке психокоррекция — ересек адамдармен жұмыс барысында
пайдаланылатын (рационалдық, психоаналитикалық және т.б.), жасөспірім жасына бейімделген психотерапевтикалық және психокоррекциялық әдістеме-лер мен тәсілдер сияқты ықпалдардың жиынтығы; сондай-ақ нақтылы бір жас ерекшелігіне арналған әрекеттің жетекші түрлеріне, қатынас деңгейлеріне, ойлау мен өзін-өзі реттеудің тәсілдеріне (арттерапиясына, ойын терапиясына, ән терапиясына, психогимнастикаға және т.б.) негізделіп жасалған арнайы психокоррекциялық шаралардың жүйесі;

• Арнайы психокоррекция — бейімделу барысындағы қиыншылықтар
(агрессивтілік, сенімсіздік, алаңдаушылық және т.б.) мен мінез-құлықтағы ауытқуларды түзетуді мақсат ететін, белгілі бір жас шамасындағы (кіші, орта, үлкен жасөспірім жасындағы) жеткіншекпен немесе топпен жұмысты ұйымдастыру түрлерінің және әдістемелер мен шаралардың жиынтығы.

Аталған міндеттемелерді жүзеге асырудың бағыттарының бірі болып психокоррекциялық бағдарламалар саналады. РЦ тәрбиеленушілердің тұлғасын коррекциялау бағдарламаларын құрастыру кезінде жеткіншектің жасының жалпы психологиялық заңдылықтары және оларға тән болатын мінез-құлық реакциялары, сондай-ақ жеткіншектің айқыңдалған тұлғалық қасиеттері мен тұлғааралық қатынастары да ескерілуі қажет.

Оқушылардың көпшілігіне тұлғасының эмоционалдық жетілмегендігі, өзін-өзі бағалауының тұрақсыздығы, өзінің жағымды және жағымсыз тұлғалық қасиеттерін мойындай білмейтіндігі, рефлексивтік қабілеттіліктерінің әлсіздігі, топқа тәуелділік, бағыныштық, тез сенгіштік тән болады. Бағдарлама мақсаты — өзіндік танымды, өзіндік намысты дамыту, қорқынышты, сенімсіздікті жеңуді, өз мінез-құлқы мен іс-әрекетін тиімді жүзеге асыруды үйрету. Өзін-өзі бағалаудың тұрақсыздығы мен жетілмегендігі құлдырау тенденциясымен бірлесіп кетсе, онда дамудың толық жетілмегендігі байқалады. Бағдарлама өзіндік «Меннің» жасалуының мүмкіндігінше белсенді әрі саналы түрде болуына, ішкі қайшылықтар мен дағдарыстарды жеңе білу қабілеттіліктерін қалыптастыруға бағытталған.

Бұл бағыттағы жұмыстардың басты қағидасы — алдыңғы жағымсыз қылықтарын ескерместен жасөспірімдерді бар болмысымен қабылдау және олардың мүмкіншіліктеріне сенім арту. Бағдарламаның ұраны: «Сенің қолыңнан келеді, сен жасай аласың, мен саған сенемін».

 

№7 Дәріс

Тақырыбы: Психологиялық тренинг практикалық психология әдісі ретінде. Топтық психотерапия», «топтық психокоррекция», «топтық тренинг» ұғымыдары.Психологиялық тренинг туралы жалпы түсінік.

Тренингке жүйелі тұрғының базалық моделі Пилотты тренинг. Тренинг тиімділігін бағалау.

 

Топтық психотерапия, топтық психокоррекция, топтық тренинг ұғымдарының ара қатынасы

А.С.Путегейков мектептегі әлеуметтік – психологиялық тренинг еңбегінде, дұрыс ұйымдастырылған тренингтің оқушыларға жағымды әсері, ұйымдастырушылық шеберлігі, педагогикалық қатынасыт реттеуші құрал екенін атап көрсеткен. Кез-келген тұлғаның жаңа ортаға бейімделуі, құрбылар арасында үйлесімді қарым-қатынас орнатады, өзін дұрыс таныстыра білуі және тағы басқа жағдайлары кейде айналасындағылар тарапынан ұйымдастырылған әрекетке де байланысты әсер етеді.

Қазіргі уақытта психотерапия ретінде ішінді әртүрлі теориялық әдістемелік жолдардың көп болатын заманының ғылыми және практикалық әрекетінің кең саласы түсініледі. Психотерапияның педагогикалық, психологиялық әлеуметтік және философиялық моделдерінде айтуға болады. Тар мағынады психотерапия көптеген психикалық жүйкелік және психоматикалық аурулар кезіндегі адамның эмоциясына, көзқарасына, өзіндік санасына кешенді емдік вербальды және әсер ету ретінде түсіндіріледі.

Психотерапия терминінің мағынасы герк сөздері «жан» және «емдеу» сөздерінің аудармасына негізделетін оның екі түсіндемесімен байланысты. «Жан мен емделу» және «Жанды емдеу» психотерапия терминінің өзі Д.Тьюкпен «сананың денеге әсерінің көрнекіліктері» деген кітабында 1872 жылы енгізіліп, ХІХ ағынан бастап кең қолданыла бастады. Психотерапияны медициналық модель тұрғысынан қарағанның өзінде емдеудің басқа әдістерінен айырмашылығына назар аударған жөн. Мұнда оны жүргізу барысында психологиялық әдістер және амалдар қолданылады.

Психотерапия дәстүрлі түрде педагогикалық саласы ретінде қарастырушылықтан қазіргі күннің өзінде психотерапевтер психотерапиясымен тек қана дәрігерлер айналыса алады деп ойлайды. Бірақта жоғарыда айтылып кеткендей ғылымда психотерапияның психикалық моделі де орын алатындықтан оны практикалық психологиялық әрекетінің бағыты ретінде сау адамдарға әртүрлі психологиялық қиындықтар жағдайында, сонымен қатар өз өмірінің сапасын жақсарту қажеттілігінде психологиялық көмек көрсетуді түсіну керек

Психологиялық тренинг және оның негізгі парадигмалары

Коммуникативті тренингтердің мақсаты сізді алуан түрлі өмірлік жағдайларда адамдармен қалай қарым-қатынас жасау керектігін үйретеді. Бұл жерде біз адамдармен қарым-қатынас жасау барысында туындайтын алуан түрлі қиын міселелерді шешуді үйретеміз. Осыған байланысты өмірлік жағдайларға сәйкес келетін неше т.рлі жаттығулар орындалады, оларды орындай отырып, біз басқа адамдармен қарым-қатынас реттеуді, оларды түсінуді, жақсырақ білуді үйренеміз. Тұлғалық өсу тренингтері каммуникативті тренингтерге ұқсас келеді, алайда бұл жердегі басты мақсат тренингк қатысушылар өздерінің қорқыныштары мен кемшіліктерін ұғынып, оны жеңуді үйренеді. Тренингтте сіз алдыңыға қойған мақсаттарға етуге кедергі болатын өзіңіздің басыңыздағы күйзелістер мен кемшіліктерді анықтап олардан адам өзінің жағымды жақтарын тани біліп, соларды қолдануды үйретеді.

Бизнес тренингтер негізгі бизнес мақсаттарды шешуге үйретуге арналған. Бизнес тренингтерде біз бизнесті қалай жүргізу керек, сату деңгейін көтеру үшін қандай психологиялық тәсілдерді қолдану керектігін үйренеміз.

Парагдигма латын тілінен аударғанда үлгі немесе мысал, алгоритм дегенді білдіреді. Бұл білімнің коцептуалды модулі ретінде пайдаланылады. Білім парагдигмасының көп тараған түрелері аз емес. Әрбір парагдигма «не үшін тәрбиелеу керек, оқушыларды қандай мақсатқа даярлау керек, не үшін өмір сүреміз?» деген сұраққа жауап береді.

Парагдинма түрлері:

1.Экзотерикалық – құпия, жасырын, дін, қазір космос мәселесіне бай тұрғындарға арналған көрсеткіш жеке тұлға жоғалып, өзгеше этика қалыптасады.

2.Дәстүрлі-консервативті ол үш сатыдан тұрады. Базалық білім, оқу, жазу, санау, сауаттылық. Білім беру жүйесі базалық ғылым бөлімдерін негіздемек.

Гуманистика жолын адамзаттық құндылықтарға көңіл бөлу.

Технократиялық парагдигма – кез-келген нәтиже «иә» «жоқ» «меңгереді меңгермейді» «тәрбиелі тәрбиесіз» деп бағаланады. Қажетті білім тәртіп туралы ұғым мемлекеттік деңгейінде қарастырылады.

Бихевиоритикалық-радиоаналистік іс-әрекеттілік ішкі әлемге, көп көңіл бөлмей, сыртқы бейнесін көңіл бөледі. Гуманистикалық оқушыны интеллектуалдық қажеттіліктермен аралық қарым-қатынасқа түсу қабілетін дамыту.

 

№8 Дәріс

Тақырыбы: Психокоррекциялық бағдарламалар және оның нәтижелерi

Психокоррекциялық бағдарламалар. Психокоррекция жұмысының негізгі мазмұны. Психокоррекция жұмысының негізгі бағыттары. Топпен жұмыс жасау ережелері

Психологиялық коррекциялау жұмысының мазмұны жеткіншектердің мінез–құлық ауытқуларын, өзiн-өзi бағалау, талаптану деңгейi мен мазасыздану деңгейі сипатын ескертетін, көп жобалы және көп деңгейлі құрылымнан тұрады. Психокоррекция, — деп жеткіншектердің ортамен әрекеттестік жасауы кезінде әлеуметтік бейімделуін бұзатын психикалық механизмдерге бағытталған, тәрбиеленушіге психологиялық ықпал ету тәсілдерін түсінеміз. Психокоррекцияның мақсаты психика дамуының ауытқуларын түзету, қалыптасып келе жатқан тұлғаның үйлесімділігін және жүйкелік-психикалық ауытқулардын алдын алуын ұйымдастыру. Зерттеу мәселесінің шеңберіне байланысты жүргізілген түзету жұмысытарының эксперименталдық нәтиже-лерін ұсынамыз.

Мінез-құлқында ауытқуы бар жеткіншктер тобындағы психотерапия әдістерінің ішінен топ ішіндегі психотерапия жиірек қолданылады. 14-17 жастағы жасөспірімдермен атқарылатын жұмыс күрделі болғанымен, мұндай топтағы терапиялық потенциал жоғары болады, өйткені бұл жастағы жасөспірім өміріндегі құрдастарының алатын рөлі үлкен, ал олардың ерексектермен қарым-қатынасы, жыныстық дамуында кездесіретін қиыншы-лықтары айтарлықтай болады.

Сонымен қатар жасөспірімнің өзі үшін істейтіні де көп. Ол өз жанұясымен бөлісе алмайтын терең сезімдерді басынан кешеді. Оның есеңгіреу жағдайынан кейінгі қорқынышпен, жалғыздықпен, қауіптік сезіммен бөлісетін, оған көмек беретін адам керкк. Жеткіншекке өз өмірі үшін жауапкершілікті қалай мойындау керектігін көрсету қажет.

Бейімделудегі ауытқулар мен ауыр есеңгіреулерге реакция білдіретін жасөспірімдер тобындағы психотерапияның ұсынылып отырған үлгісі «уақыты өтіп кеткен» ауытқулардың алдын алып, түзетуге мүмкіндік береді.

Бейімделудегі ауытқулар мен ауыр есеңгіреулерге реакция білдіретін, девиантты түрлері мінез-құлықтары бар жасөспірімдер тобындағы психотерапияның мақсаты — психикаға зақым келдіретін жағдайдың жауап қайтаруына қатысты психодинамикалық үрдістерді енгізу. Оның барысында травматикалық тәжірибелер толықтырылып, тұлғаның әлекметтік және жекелеген қызметтерінің үйлесімділігі орын алады. Бұл ішкі және сыртқы келіспеушіліктерді өнімді шешуге әкеледі.

Топ ішіндегі психотерапия барысында төмендегідей мәселелер шешімін табады:

- Қабылдау мен қауіпсіздікке керек негізгі қажеттілікті мойындау, әлемге деген негізгі сенімді қалыптастыру, психофизикалық қалыптылық мен бой алдыруды меңгеру;

- Өзіндік сезімдерге, ойларға, қажеттіліктерге ие болу, күшті сезімдер қорқынышынан құтылып, жақын қарым-қатынастарды айналып өту, ұят пен күмәнділік сезімін қалыптастыру. Өзіндік ойы мен сезіміне, мінез-құлқына жауапкершілік алу;

- Өзінің бойындағы кекшілдік ызалықты мойындап, ызалықты көрсетудің қолданбалы және қолданылмайтын тәсілдерін бөлшектеп беру. Қолданбалы түрдегі ызалықты білдру амалдары әдетте жағымды нәтижелерге әкеліп соғатынын қабылдау. Агрессиялықты жоюдың жаңа амалдарына үйретіп, күнәні сезінуді қалыптастыру;

- Бойлап алған толыққансыздық сезімінен айыру. өзіндік бағалауды жоғарлату, өзіндік құзырлық сезімін қалыптастыру;

- Өзіндік ерекшелікті қабылдау (белгілі бір шектеулері бар өзіндік «Мен»-ді қалыптастыру). Құрдастары арасында мойындалғаны жайлы анықтама алу, яғни жанұядағы «біз» бен мектептік деңгейдегі «біз»-ден басқа тағы да бір «біз»-ге ие болу.

Қойылып отырған міндеттер Э.Эриксонның (1996) жас шамасының дамуын кезеңге бөлу теориясынан туады. Мұндағы әрбір кезеңде тәуелсіз, пісіп-жетілмеген тұлғаның қалыптасуында аяқталмаған эмоциялық реакциялар болады.

Топ ішіндегі жұмысты ұйымдастыру

Топ ішіндегі жұмысүш кезеңге бөліп көрсетуге болатын өзара байланысқан бөліктерден тұрады.

Бірінші кезең: төмендегідей бөліктерден тұратын қосымша дайындық:

· топқа қатынасушыларды таңдау үрдісі;

· топқа қатынасушылардың жекелеген мақсаттарын айқындау;

· топтық жұмыстың «жобасын» даярлау.

Екінші кезең: топтық сабақтар өткізу.

Үшінші кезең: төмендегіден тұратын соңғы кезең:

· топпен соңғы кездесуді өткізу;

· нәтижелердің қорытынды бағасын анықтау.

Топқа қатынасушыларды таңдау үрдісі

Таңдау үрдісін бірнеше түрлі тәсілмен ұйымдастыруға болады. Жекелеген сұхбат әңгімелерді өткізуге болады. Үміткерлердің жиналысында алдағы сабақтар жайлы айтып, содан соң олардың әрқайсысымен жеке әңгімелесуге де болады. Клиникаларда қолданылатын тәсілдердің бірі болып емші дәрігермен талқылау арқылы үміткерлерді таңдау.

Біздің ойымызша, ең дұрыс әдіс — жекелеген әңгіме-сұхбаттар. Әңгімелесу барысында жасөспірім өз проблемалары жайлы айта алады, ал психолог-психотерапевт — оның бл топқа қаншалықты сай келетінін түсіне алады. Әрбір болашақ топ мүшесін терапевтік үрдістің мақсаттары мен міндеттері жайлы, не болып және оның не істейтіні жайлы хабардар ете отырып, психотерапевт келісімін алуы қажет. Жасөспірімнің топ жұмысына араласуына ата-аналары да келісім беруі қажет.

Топ біркелкі — біркелкі емес ұстанымы бойынша қалыптастырылады. Біркелкі деп, алдымен, жасөспірімдер өміріндегі жағдайлардың ұқсастығын айтады. Мысалы, топ құрамына өмірге төніп тұрған қауіп салдарынан пайда болған бейімделудегі ауытқулар мен ауыр есеңгіреулерге реакция білдіретін жасөспірімдерді қосуға болады.

Біркелкі — біркелкі емес ұстанымынан басқа үміткерлерді таңдауда тағы да басқа бірнеше ережелерді сақтаған жөн.

Біздің тәжірибе көрсеткендей топқа төмендегілерді енгізуге болады:

- бейімделудегі ауытқулар мен ауыр есеңгіреулерге реакцияны жүйкелік симптомалар және мінез-құлқындағы ауытқулар арқылы білдіретін жасөспі-рімдерді;

- интеллектуалдық және физикалық даму деңгейлері бір шамадағы жасөспі-рімдер;

- бірлесіп жұмыс істеуге бейім жасөспірімдер;

- ер және қыз жасөспірімдерді.

- аса бір ерекше жағдайлардан басқа кезде топқа төмендегілерді енгізбеген жөн болады (алдын ала психологиялық түзету әрекетін жүзеге асырмастан):

- өте агрессивті немесе өздеріне бірнеше рет қол жұмсағыш салғысы (суицидальды) келген жасөспірімдер;

- тұрақты криминалдық «тәжірибесі» бар жасөспірімдер (олардың топ мүшелерімен «алмасу» әрекетін жасамас үшін).

Топқа қатынасушылардың жекелеген мақсаттарын айқындау

Кейде жасөспірім мінез-құлқы топтағы ережелерге сай келмей ақалады, осы жағдайды топ ішінде көрнекі мысал ретінде пайдалануға болады. Мәселен, егер топ мақсаттарының бірі - өзіндік агрессияны қолданбалы түрде көрсету болса, ал сабақ барысында жасөспірімдер арасында жанжал пайда болса, онда Сіз осыны мысал ете отырып, олардың бір-бірімен келіспей, ашуланып, өз сезімдерін ашық көрсетуді қолға алуыңызға болады. Бірақ сонымен қатар, өзіндік ашуды физикалық күш немесе бөлмеден қашып шығу арқылы көрсетуіне жол беруге болмайды.


Дата добавления: 2015-10-02; просмотров: 566 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Семинар 2 страница| Семинар 4 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.02 сек.)