Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Семинар 4 страница

Семинар 6. | Семинар 7. | Семинар 8. | Семинар 9. | Семинар 10. | Семинар 11. | Семинар | Семинар | Семинар 1 страница | Семинар 2 страница |


Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Сондай-ақ, жасөспірімдердің топ ішіндегі өз мақсаттарын түсінуі белгілі бір қалыптылық пен қауіпсіздік сезімін береді, өзін «сәтсіз» деп сезінуіне жол бермейді.

Соңында, жасөспірімдердің өз мақсаттарын мойындап білуі оларға белгілі бір уақыт ішінде қол жеткізуге болатынмақсаттарды қоюына көмектеседі, өз жетістіктерін бағалауға және топтық жұмыстан кейінгі де өз іс-әрекеті жоспарына жауапты болуына үйретеді.

Алдын ала өткізілетін сұхбат барысында жасөспірімнің топ ішінде неге үйренгісі келетіні жайлы анықтап алуға болады, мысалы:

· мен салмақты болуды үйренгім келеді;

· айналамдағылармен ұдайы ұрысысуды тоқтатқым келеді;

· мен жаңа достар тапқым келеді, өйткені мені ешкім де жақсы көрмейді;

· байсалдырақ болып, жұдырыққа ұмтылғым келмейді;

· мен сәтсіздікке ұшыраудан шаршадым, мұғалімдер үнемі маған шағым айтады.

Алғашқы сабақтарда жасөспірімдер өздері нені күтетіндерін айтқан кезде, алдына ала болған сұхбат барысында айтылған мақсаттарын басқаша әңгімелеуі жиі кездеседі, өйткені олар өз мақсаттарын қайта қарап, анықтай түседі.

Топтық жұмыстың «жобасын» даярлау

Мінез-құлқында ауытқуы бар жеткіншктер тобындағы психотерапияның ұсынылып отырған үлгісі тұлға қызметінің үш түрлі деңгейіндегі өзгерістерді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін интегративтік көзқарасқа сүйенеді. Тұлға қызметінің үш түрлі деңгейі төмендегідей болады: гештальт терапиян, когнитивтік-бихевиоральдық көзқарас, Эриксон гипнозы, арт-терапия, денеге бағытталған терапия амалдарын қолданылатын саналы, санадан тыс және денелік.

Онтогенезге бағытталған психотерапияның мұндай үшөлшемділігі тұлғаны бекітуге, қажеттіліктерін қанағаттандырып, қалыпқа келтіруіне мүмкіндік береді. Қарым-қатынастары кеңейіп, үйлесімді болады, тұлғаны есею үрдісі мен өмір ұсынатын әлеуметтік-психологиялық өзгерістерге сәтті бейімделіп кетуіне даярлайды.

Топ ішінде өткізілетін сабақтар сценарийінің мысалы

Топ мөлшері: жасөспірмдермен жұмыс жасау үшін әдетте 6-8 (10) адамнан тұратын топты ұйымдастырады. Әрбір сабақ барысы 1,5-3 сағат болады.

Топ жұмысының негізгі шарты – құпиялылықты – сақтау үшін дыбыстық аппаратурамен жабыдықталған, еденіне жабын төселген (денеге бағытталған жаттығуларды орындауға қажетт), барлығы отыратын орындықтары бар, сурет салуға болатындай тегіс тақтасы бар оқаушаланған кең бөлме қажет.

Сабақ жоспары негізгі үш бөлімнен тұрады: 1) кіріспе бөлімі (шынықтыру); 2) жұмыс уақыты; 3) талқылау (шеринг).

Кіріспе бөлімі мен талқылауға сабаққа бөлінген уақыттан әрқайсысына бір ширектен беріледі. Қалған уақыт, яғни сабаққа бөлінген уақыттың жартысы, белсенді түрдегі психотерапиялық жұмысқа арналады. Кіріспе бөлімі қатынасушылардың топ жұмысына кірісуіне мүмкіндік береді. Топ ішіндегі қалыптылық орнап, қатынасушылардың өзара әркеттестігі орнатылады, сондай-ақ барлық сабақтар арасындағы байланыс пайда болады. Кейінгі сабақтардың барлығын алдыңғы кездесулерге жасалынатын қысқаша шолудан бастап отыру қажет. Жасөспірімдерден соңғы сабақ жайлы не айтқылары келетіні жайлы сұрап отырған жөн. Тағы да бір маңызыд сәт — жасөспірмдердің сабақтар арасында нені істеуге (мәселен, жаңа мінез-құлық тәсілдері) тырысқанын талқылау.

Жұмыс уақыты сабақ көздейтін мақсатқа арналып, топ динамикасына тәуелді болады.

Талқылау үрдісі әрбір сабақтың маңызды бөлігі болып саналады, өйткені топ мүшелеріне сабақ барысында біліп-үйренгендеріне көңіл аударуына мүмкіндік береді. Талқылау үрдісі тұлғаның ішкі қарым-қатынастарын, жаңа сезімдерді, ойлары мен мінез-құлықтарын және жаңа білімді пайдалну мүмкіншіліктерін қарастырады. Тұлғаның ішкі қарым-қатынастары жасөспірімнің сабақ барысында басынан өткізгендерінен тұрады: оның ойлары, сезімдері, физикалық реакциялары және т.б.бұл деңгейге төмендегідей сауалдар жауап береді:

· Бұл жайлы әңгімелегенде нені сезіндің?

· Біреу өз проблемалары жайлы атқанда сенде қандай ойлар пайда болды?

Тұлғааралық байланыстар топ ішіндегілер арасында не болып жатқанын білдіреді. Бұл деңгейде төмендегі сауалдар қойылады:

· Топ ішінде бүгін не болды деп ойлайсың?

· Басқа топ мүшелері жайлы қандай жаңалық аштың?

· Басқа қатынасушылардың қандай жаңа ойларына, сезімдеріне, мінез-құлықтарына назар аудардың?

· Бүгін топ ішінде қандай жаңа ойларың пайда болды?

· Сабақ басталар алдындағыдан өзгеше қандай жаңалықты сезіндің?

· Сені не таңдандырды?

Жаңа білімнің қолданылатын саласын анықтаудың маңызы зор. Жасөспірімнің жаңа білімді қалай пайдаланғысы келетіні жайлы білу үшін төмендегідей сауалдарды қою қажет:

а) осы аптада қандай тақырыпта жұмыс істегелі отырсың? (мәселен, өзіме сенімдірек болуға).

б) Өз мінез-құлқыңды өзгерту үшін не істеуге тырысасың? (сезім, жаман ойлар).

Талқылауды әрбір жаттығу сайын және әрбір сабақтың соңында жасап отырған жөн. Егер талқылауға тиісті уақыт бөлінбесе, психотерапиялық жұмыстың алдыңғы кезеңдері өз күшін жоғалтып алады. Талқылау үрдісі сабақ барысындағы қол жеткізген жетістіктерді құрылымдауға көмектеседі. Бұл не болғанын айқын түсінуге, алынған тәжірибені меңгеруге себебін тигізеді. Жасөспірімдер есіктен шығып бара жатып, мынаны айта алуы қажет: «Мен... білдім. Мен... істеймін. (нақтылы)».

Талқылау үрдісі үй тапсырмасының жоспарын жасауға да ықпалын тигізеді. Топ ішіндегі жұмыс жасөспірімдердің есеңгіреу салдарынан пайда болған ауытқуларын жойып қана қоймай, сонымен қатар позитивті өмірлік жоспарды қалыптастыруына көмектесуі қажет. Бұл тұрғыдан қарағанда, топ ішіндегі сабақ мазмұнының ғана емес, сондай-ақ олардан тыс болып жатқанның нәрсенің де мағынасы зор болады. Сабақтар арасындағы жұмыс сабақ барысында алынған жасөспірімдердің біліктілігін шынайы өмірде бекітуіне мүмкіндік береді. Жасөспірімдер үй тапсырмасын сабақ арасындағы үзілісте орындап, ал топ ішіндегі кездесулерде жұмыс нәтижелері жайлы айтады делік. Үй тапсырамсының мазмұны жайлы топ жетекшісі мен топқа қатынасушылар біргіп келіседі. Әдетте, мұндай жұмыс бірқатар когнитивтік, мінез-құлықтық немесе эмоциялық тапсырмалар мен жаттығулардан тұрады.

Үй тапсырмасының нақтылы мақсаттары төмендегілерден құралады:

· жасөспірімді өз мінез-құлқын қадағалауға және өзімен жұмыс істеуге жауапкершілікпен қарауға үйретеді;

· топ ішіндегі психотерапия жетістіктерін үдету;

· өз күшіне деген сенімділігін қалыптастыру (яғни олардың өз проблемаларымен сабақ барысындағыдай өздері жұмыс істей алатынын сезіндіру).

Жасөспірімге үй тапсырмасын орындаудың өте қажет әрі пайдалы екенін түсіндру қажет. Үй тапсырмасы міндетті түрде сабақ мазмұнымен үйлесімді болуы керек. Тапсырмалар түсінікті және топқа қатынасушылардың мүмкіншіліктеріне сай болуы қажет.

Үй тапсырмасының нәтижелерін топ ішіндегі келесі сабақта талқылауды ұмытпау керек.

Түзете дамыту бағдарламасы

Мақсаттары:

Басқа адамдармен әрекеттесу арқылы өзідегі күшті және әлсіз жақтарды мойындау.

Өзіңді тұлға ретінде түсіну және тұлғалық дамуы амалдарын табу, тұлға ішіндегі күштеулерді ысырту, өзіңні топ үшін маңыздылығынды түсіну.

Қарым-қатынастағы вербальдық емес техникаларды білу біліктілігін дамыту.

Қажетті уақыт: 1 сағат 40 минут.

Ынталандырушы материал: қағаз, қалам, ватман, фламастер, әрбір қатынасушының алдын ала келіп қойған заттары.

Тәртібі:

Жұмысқа үнемі қатынасу. Топтың әрбір мүшесі жұмысқа берілген уақыт бойы үзіліссіз қатынасады.

Топ тұйықтылығы. Топ ішінде болып жатқан нәрсенің барлығы, сыртқа шығарылмай, іште қалуы қажет.

Ашықтық пен ізгілік. Топ мүшелері барлық рөлдерді тастап, өз өзімен қалуы керек, ойлағынын айтуы, сезінгенін көрсетуі қажет.

«Тоқта!» ережесі. Ашық айтқысы келмегендіктен белгілі бір сауалға жауап бергісі келмесе, кейбір ойынға қатынасқысы келмей, немесе дайын болмаса, «Тоқта!» деп айтуына болады, бірақ бұл мүмкіншілік сабақ бойы бірақ рет беріледі.

Тексеру үрдісі:

Қатысушыларға берілген тренинг мақсаты аздап айтылады. Ары қарай мынадай сауалға ойланып жауап беру ұйғарылады: «сіздер біздің сабақтан не алғыларыңыз келіп еді?». Содан соң әрбір қатынасушы өз пікірін айтып шығады. Ережелер айтылып, онымен қатынасушылар келіскен соң, жүргізуші жаттығуларды бастайды.

Танысу.

Жүргізуші қатынасушыларға өз мінездеріндегі ең маңызды жерлері жайлы ойлануды ұсынады. Осыған орайлы қысқаша сипаттаманы ойластырыңыздар, өлең түрін де болады. Бір-бірлеп айтып шығамыз. Алдымен есімдеріңізді атап, содан соң пікілеріңізді айтасыздар. Содан кейін әрбіреуіңіз кезекпен ұсынылған жайлы жағымды бір қасиетті атайсыз. Аяқтайық. Рахмет. (қатынасқысы келмейтіндерге көбірек назар аударып, қарым-қатынас қиындыққа соғып отырғандарға демеу берген дұрыс). Енді біз бір-бірімізбен таныстық, жақындастық.

Өзіндік сын.

Жүргізуші: әрбір адамны өзін басқалардан ерекшелейтін қасиеттері жайлы, өзі жайлы пікірі болады. Қазір әрбіреуіңіз қағаз бен қалам алыңыз. Қағаз бетіне есімдеріңізді жазып, оны тік сызықтар арқылы тең үш бөлікке бөліңіз. Ал енді тапсырма: бірінші бағанға «Мен кіммін?»-деген сауалға жауап жазыңыз. 10 эпитет-сөз. Кім жылдам аяқтар екен. Өте жақсы. Екінші бағанға да сол сұраққа ата-аналарыңыздың беретін жауаптарын жазыңыздар. Жылдамырақ. Ал үшінші бағанға топ ішінен біреу жауап береді. Оған қағазды беріңіз. Бастадық. Қағаз бетін қайтарып алыңыздар. Енді осы үш жиынтықты салыстырыңыздар: сіз жайлы достарыңыз не жазғанын мұқият қараңыздар. Бұл жиынтықтарда қанша ұқсастық бар (сәйкессіздік болса, оған да назар аударыңыздар), сәйкестіктер санын санап шығыңыздар, соған сай келетін санды саусақпен көрсетіңіздер. Ал енді алынған нәтижелерге талдау жасайық. Сәйкестік саны көп неғұрлым көп болса, соғұрлым Сіз өзіңізді жақсы білесіз, басқаларға қарсылық көрсетпей, өзіңізді бар болмысыңызбен қабылдайсыз. Бұл өте маңызды: өзін бар болмысымен қабылдау.

№9 дәріс

Дәрістің тақырыбы:Тұлғалық өсу тренингі туралы түсінік.

Дәрістің мазмұны:

1. Тұлғалық өсу тренингі туралы түсінік.

2. Тұлғалық өсу тернингін жүргізу ережелері.

3. Әлеуметтік психологиялық тренинг түрлері

Мақсаты: Тұлғалық өсу тренингінің ерекшелігімен оны жүргізу әдістерімен таныстыру. Тренинг – білімді дамыту немесе адамды оқытуда жоспарланған жағдайға жүйелі күш салу арқылы орнату. Психологиялық тренинг мақсаты – адамды нақты тапсырманы орындауға қажетті білім, шеберлік және бағытпен қамтамасыз ету. Тренингте өзгеріс нәтижесі бірдей көрінеді. Осы міндеттерді шешу кезінде ұйымдастырылатын тренинг теңдігі түрлері де ерекшеленеді. Рольдік тренинг, видиотренинг, қарым-қатынас тренингі және тағы басқа тренингтер белгілі бір ортадағы мәселелер мен қиындықтарды түзету, өзіндік тұрғыда дамытуға тұлағаның әлеуметтік ортада өзіндік реттеуіне мүмкіндік болатын қажетті жағдайды туғызуға көмектеседі. Адам табиғатының қызық қасиеттерінің бірі оның айналадағы адамдар көзқарасындағы өз бейнесін ойлауға ұмтылғандығы. «Кейбіреулер қиналса да соңына дейін ойнап шығады» деп Ф.Искандер тұжырымдағандай әлеуметтік – психологиялық тренингтің білімгерлердің қарым-қатынастары жақсарады, өздерін белсенді қатысушы және басқаларға әсер етуші жағдайда сезінеді, топтың толық сеніміне кіреді. Әрбір бастаған іс –әрекеттерінің толық аяқталуын қадағалайды. Ең бастысы басқаларға өзінің ойы мен сезімін, уайымы мен күдіктеріне сенуге қорықпайды. Кейбір тренингтерді арнайы жоспарланған адамдарға ғана емес, отбасы мүшелеріне және достарына да жүргізуге болады. Тренинг арқылы жақын адамдарыңның адамдық қасиеттерін ашып, бағалауға көмек беріледі, сөйлеу мәдениетін, тұлғаның қоғамда өзін ұстау іскерлігі және әдептілік ережелерін сақтауды енгізеді.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1Тұлғалық өсу тренингі дегенді қалай түсінесің?

2.Тұлғалық өсу тренингінің түрлерін ата?

3. Тұлғалық өсу тренингінің принциптерін ата?

4. Тұлғалық өсу тернингін қандай жаттығулардан бастаған жөн деп ойлайсың

Падаланылған әдебиеттер:

1.Лесли Рай» развития навыков эффктивного общения» М-2002ж.167 бет.

2.Р.Бакли, Д.Кейпл. Теория и праактика тренинга. «Питер», 2002.

3.Практикум по социально-психологическому тренингу, Санкт-Петербург, 2000

4.О. Горбушина «Психологический тренинг» М-2007ж

5. А.Г. Каменюкин, Д.В. Ковпак «Антистресс-тренинг» М-2008.

6.Лесли Рай» развития навыков эффктивного общения» М-2002ж.

7.Д.М. Рамендик «Тренинг личностного роста» М-2008ж.

№10дәріс

Дәрістің тақырыбы: Психотренинг- топтық психологиялық түзету жұмысын жүзеге асыру тәсілі ретінде

Дәрістің мазмұны:

1. Топтық психологиялық жұмыс формасының түрлері

2. Тренинг түрлері

Мақсаты: Топтық тренинг түрлерімен және оның бірбірінен айырмашылықтарымен таныстыру.

Халық ағарту жүйесіндегі психологиялық қызмет аса қажетті салалардың бірі. Қазіргі таңда психологиялық қызмет жүйесі екі бағытта жұмыс атқарады: өзекті және болашақты.Өзекті бағыт баланың жеке басының қалыптасуындағы бүгінгі күнгі қиындықтар мен ауытқушылықтарды шешуге арналады.Болашақтық бағыт әр баланың даралық ерекшелігін дамытуға, қоғамда өмір сүруге психологиялық тұрғыдан даярлауға және әр баланың қабілетін барынша, әрі мүмкіндігінше дамытуға психологиялық жағдай туғызуға бағытталған. Білім беру саласында балалардың жас ерекшелігіне сай ақыл – ойын дамытуда ұтымды әрі тиімді нәтиже алу негізінде сабақтарды тренинг түрінде жүргізу мектеп психологына, ұстаздарға тренинг қатысушаларын жан – жақты әрі терең зерттеуге, олардың жеке басының өзіндік ерекшеліктерін түсіне білуіне, өзара қалыптасқан қарым – қатынасына ықпал етуде, жалпы дүниетанымын анықтауға, оларды болашақта жеке басын дамытуға өз алдына әрекеттене білуіне бағыттауға мүмкіндік береді. Жалпы тренинг дегеніміздің өзі – іс - әрекеттің бір немесе бірнеше түрлерін тиімді орындау мақсатында, оқытудың көмегімен адамның білімдері мен нұсқауларын өзгерту немесе дамыту бойынша жоспарланған және жүйеленген іс – шаралар жиынтығы болып табылады.Дұрыс жоспарланған және тиімді ұйымдастырылған іс – шаралар бағдарламасы өз кезегінде жеке адамға да, тұтас ұжымға да өз пайдасын тигізе алады. Арнайы ұйымдастырылған топтарға қатысу тәжірибесі тұлғааралық өзара әрекет барысында туындайтын мәселелерді шешуге көмек бере алады. Топ – бұл тұтас сыртқы әлемді бейнелейтін және қолдан жасалатын қарым – қатынастарға шынайылық сипат беретін шағын қоғам болып табылады. Жанұяда, жұмыста немесе мүдделері ортақ топтарда адамдарға күнделікті басқа адамдардың ықпалы, әлеуметтік ықпал сияқты әр – түрлі факторлар әсер етіп отырады. Осы факторлар топтық психологиялық жұмыстарда анықталады да, соның барысында жеке тұлғаның көзқарастары мен мінез – құлқына сәйкес ықпалын тигізеді. Нәтижесінде арнайы қабылдаған ортада жиналған тәжірибе, әдетте сыртқы әлемге алмастырылады.Топтың екінші артықшылығы – оның басқа мүшелерінен кері байланыс пен қолдау алу мүмкіндігіне байланысты. Өзара топтық әрекеттер нәтижесінде туындайтын және орындалатын реакциялар топтан тыс уақыттағы тұлғааралық қақтығыстарды шешуге көмегі тиеді.Үшіншіден, топта тек оқиға қатысушысы ғана емес, көрермені де болуға мүмкіндік бар. Топтың өзара әрекеттерінің өту барысын бақылай отырып, өздерін белсенді қатысушылармен салыстырып, осы бақылаулар нәтижелерін өзіндік эмоциялар мен мінез – құлықтарын бағалау барысында қолдануға болады. Төртіншіден, топ жеке тұлғаның дамуына ықпал ете алады, Топта тұлғаның өзіндік зерттеуіне жағдай жасалады, Топтық психологиялық жұмыс – бұл топпен жүргізілетің бірнеше, түрлі психологиялық іс-шаралар формасының жалпылама атауы, Топтық психологиялық жұмыстың неғұрлым жиі кездесетін үш формасы қолданылады:

· Топтық психотерапия;

· Топтық психологиялық оқыту;

· Топтық, жеке тұлғалық тренинг.

Тренинг топтарының дамуына ең алғашқы рет 30 жылдары әлеуметтік психологияның көрнекті өкілі ретінде танымал болған Курт Левиннің зерттеулері бастау болды. Оның пікірінше, жеке тұлға өзінің көзқарастары мен пікірлерін тек топ құрамында болғанда ғана тиімді өзгерте алады. Және де адам өзін басқалардың көзімен көре алған жағдайда ғана, өзінің қате пікірлерін анықтап, түзетіп, жаңа мінез-құлық формаларын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Тренинг топтарында көптеген терапевтік топтарға қарағанда, өзара әрекет мазмұны өзара әрекет процесін түсіну құралы болып табылады. Топтық процесс пен даму заңдылығын зерттеу тұлғааралық қатынастар мен табиғи жағдайдағы топ мүшелерінің мінез-құлық стильдері жайлы ақпарат береді. Тұлғааралық дағдылар мен әлеуметтік- психологиялық жете білушіліктің дамуы индивидтердің өз-өзін қабылдауға түрткі болатын топтық процесстерді түсінуді болжайды. Тренинг тобы-бұл ең алдымен «оқытушы зертхана». Әрине бұл әдеттегі үйреншікті зертхана емес, бұл оның қатысушыларын қажетті оқытумен қамтамасыз ету мақсатында құрылған уақытша аймақтық бірлестік болып табылады. Мұндағы әрбір қатысушы өз мінез-құлқындағы өзгерістерді зерттеп, сонымен қатар осы өзгерістердің нәтижесін реттеп отыратын бақылаушы да бола алады. Топ мүшелері топ мақсатын анықтауға, мінез-құлық өзгерісін бақылауға, әрекетті жоспарлау және нәтижені талдауға қатысады. Топта шынайы өмірде кездесетін мәселелер мен қақтығыстар қарастырылады. Бір ерекшелігі, тренинг топтары шынайы өмірде әрдайым шешіле бермейтін мәселелерді шешу мүмкіндігін қамтамасыз ете алады. Қазіргі таңда психология ғылымының бізге мәлім әр түрлі тұрғыда бағытталған мектептері мен орталарында қолданылатын тренинг түрлері кездеседі. Оларды төмендегідей сипатта жіктеп беруге болады:

1.Тұлғааралық кеңістікте жеке тұлғаны дамыту тренигі. Тренингтің бұл түріне жоғарыда аталып өткен Курт Левиннің ұсынған «лабораториялық тренингтерін» мысалға келтіруге болады.

2.Бихевиористік бағыттағы топтар. Оларға өмірлік іскерліктер тренингі жатады. Бұл бағыттың мәні-егер адам өз тәжірибесін үйрену арқылы жинаса, онда оны тиімсіз мінез-құлық реакцияларынан арылтып, неғұрлым бейімді реакцияларды орындауға үйрету қажеттілігінде жатыр. Яғни, олардың міндеті-қатысушыларды қандай да бір мәселелерді шеше білуге үйрету және белгілі бір өмір жағдайларына бейімделе білу іскерлігін дамыту болып табылады.

3.Жеке тұлға мәселелерін шешуге арналған психодрамалық бағыттағы тренингтер. Психодраманың пайда болуы Джекоб Леви Мореноның атымен тығыз байланысты. Ол өзі ұсынған әдісін «терең эмоционалды хирургия» деп атады. Психодрамаға қатысушылардың сахнада эмоционалды әсер алуына жағдай жасалып, қобалжудан, мазасызданудан арылуға, мінез-құлықтың тиімсіз формаларын жеңуге, өзіндік шығармашылық және адамзаттық ахуалын көркейтуге мүмкіндік жасалады. Рольдік ойындар барысында қатысушылар тек өз тәжірибесін қайта «сезінуге» ғана емес, сонымен қатар жауап беру сезімдерін және реакцияларды талдай білуге, мінез-құлықтын жаңа үлгілерін қолданып көруге мүмкіндік алады.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Топтық жұмыс түрлерінің ерекшеліктері қандай?

2. Топтық тренинг түрлерін ата?

3. Ролдік тренинг дегеніміз не?

4.Топтық психологиялық жұмыстың неше формасы бар?

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.К. Рудестам «Групповая психотерапия» Санкт-Петербург, 2000 г.

2.А.Г.Лидерс «Психологический тренинг с подростками» Москва, Академия, 2001 г.

3.А.С.Прутченков «Социально-психологический тренинг в школе» Москва, Изд-во ЭКСМО- пресс, 2001 г.

4.Р.В.Овчарова «Справочная книга школьного психолога» Москва, Просвещение Учебная литература, 1996 г.

№11 дәріс

Дәрістің тақырыбы: Тренингті ұйымдастыру жолдары

Дәрістің мазмұны:

1. Тренинг заңдары

2. Тренинг заңдарының мақсат міндеттері

3. Тренинг заңдары арқылы жұмысты белсендендіру

Мақсаты: Студенттерді тренинг заңдарымен таныстыра отырып, ол заңдадың қажеттілігін меңгерту.

1. «00» заңы.


Дата добавления: 2015-10-02; просмотров: 207 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Семинар 3 страница| Семинар 5 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.019 сек.)