Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Семинар 5 страница

Семинар 7. | Семинар 8. | Семинар 9. | Семинар 10. | Семинар 11. | Семинар | Семинар | Семинар 1 страница | Семинар 2 страница | Семинар 3 страница |


Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

2. Микрофон заңы.

3. Белсенділік заңы.

4. «Мен - айтамын» заңы.

5. Топтың барлық қатысушыларына деген тактикалық және мейірімділік қатынас заңы.

6. Есім заңы.

7. Сыпайылық заңы.

8. «Қазір және осында» заңы.

9. Құпиялылық заңы.

10. Тек өзінің қатысуын ұсыну заңы.

 

1. «УК» заңы. Тренингтің барлық қатысушылары тренинг басталуына және үзілістен кейін белгіленген уақытта жиналады. «Балық басынан шіриді» деген орыс мақалын басшылыққа ала отырып, тренингтің жүргізушісі бұл қатынаста үлгі болатынын есте сақтау керек. Егер тренер кешігетін болса, онда топ мүшелері де міндетті түрде ұзақ уақытқа кешігетін болады. Тренингтің жүргізушісі талдауда топпен бірге оқытып, басқарып немесе қатысып қана қоймай, сонымен қатар зінің жеке үлгісімен мінез-құлық пен қарым-қатынастың қалаулы стилін көрсетеді.

2. Микрофон заңы. Қолында микрофоны бар адам сөйлейді. Мұндағы микрофон сіз жаттығуды талдауда немесе жүргізу барысында шеңбер бойынша жіберетін ойыншық немесе қарапайым түрлі түсті маркер болуы мүмкін. Тренердің жұмысқа дайындалуға жеткілікті уақыты болмағанда микрофон ретінде қарапайым қаламды қолдануға болады.

Микрофонның рөлінде ең тиімді құралдар кішкентай жұмсақ ойыншгықтар болып табылады. Ең бастысы – кез келген тренингте қолданылатын құрал топтың эмоционалды ынтасына әсер етеді. Сондықтан да қолданылатын ойыншық пен «келбеті» немесе оның түрі агрессивті сипатта болмауы керек (мысалы, тістері бар қасқыр ойыншығын қолдануға болмайды).

Сонымен қатар микрофон ретінде кішкене допты қолдануға болады. Мұндай жағдайда бір ерекшелік бар: топта, әсіресе жасөспірімдік топта үздіксіз доппен ойнағысы келетін қозғалғыш қатысуыш әрдайым табылады. Сондықтан да тренингтің тең жартысын доппен ойын ретінде өтпес үшін микрофон ретінде басқа да материалды немесе объектілерді қолданған жөн.

Егер микрофон ретінде маркер қолданса, оның ашық және өзіне назар аудартатындай болуын қадағалаңыз.

3. Белсенділік заңы. Белсенділік заңы бойынша «сіз қандай да бір жаттығуға қатыспауыңызға құқығыңыз бар. Бұл тапсырманы орындағысы келмейді деген емес, жай ғана сыртынан адам сыртынан бақылағысы келеді дегенді білдіреді. Өз ниетіңізді топқа алдын ала ескертіңіз. Егер топтың жұмысынан бір қатысушы шығып қалса, бұл барлық топтың жұмысына әсер ететінін ескеруіңіз керек».

4. «Мен - айтамын» заңы. Бұл заң өз көзқарасын тек бірінші жақтан айтуды талап етеді: «Мен ойлаймын, мен сеземін, менің ойымша...». Бұл ереже әрбір қатысушы топтағы әрбір қатысушының ойын білмейді, барлық топ үшін жауап бермейді дегенге негізделген. Сондықтан да «Біз...» деп басталатын ойларға жол берілмейді.

5. Топтың барлық қатысушыларына деген тактикалық және мейірімділік қатынас заңы келесідей түрде беріледі. «Біздің барлығымызда жетістіктеріміз бен кемшіліктеріміз бар. Тренинг барысында басқалардың ерекшелігіне шыдамдылықпен қарау керек. Егер сізді бір нәрсе қанағаттандырмаса, бұл туралы тренинг жүргізушісіне басқаны ренжітпейтіндей және басқа қатысушыға әсер етпейтіндей корректілі формада айтыңыз». Бұл заң жасөспірімдік топпен жұмыста ерекше маңызды. Тренингте жиі бір-бірін фамилия немесе лақап аты бойынша айтуға болмайтынын алдын ала ескерткен жөн. Тренингке қатысушының өзінің жеке қалауымен фамилиясы немесе лақап аты айтылса бұл жағдайда рұқсат етіледі.

6. Есім заңы. Егер тренингке қатысушы тренерге бейтаныс немесе топ бір-бірін аз танитын адамдар қатарынан жинақталған болса, келесі үлгіде құрылған заң қолданылады: әр ой айтылар алдында өзінің есімін айту.

7. Сыпайылық заңы. Топта атысушыларды тренинг барысында әр қатысушы өз қалауы бойынша атаған есімімен атау ұсынылады.

8. Сол уақытта және сол жерде айтылған және болған жағдайлар, сезімдер, эмоция мен қатысушылар арасындағы қарым-қатынас тек тренинг шеңберінде ғана қарастырылып, сыртқы ортаға шығарылмауы тиіс.

Бұл заң бір жағынан жүргізуші үшін маңызды болып табылады, өйткені кейбір қатысушылардың өткені ол жөнінде әңгімесімен басқа қатысушыларды елікетіруіне жол бермейді.

Мұндай мінез-құлық негізінен сол адамның тренинг барысындағы болып жатқан процеске деген ішкі қарсылығын өткен жағдайға ауыстыруының дәлелі болып табылады.

Ал екінші жағынан бұл заң топтың әрбір қатысушысына сол сәттегі жағдайды сезініп, ұғынуға, өмірдің әр сәтінің құндылығын анықтауға мүмкіндік береді.

9. Құпиялылық заңы келесідей үлгіде құрылады: «Тренинг барысында болған жағдайдың барлығы осында қалып, тренингке қатыспаған өзге адамдармен талқыланбайды».

Бұл заң топ мүшелеріне өздерін қауіпсіз сезінуіне мүмкіндік бере отырып, әр қайсысының толықтай ашылуына жағдай жасайды.

10. Көбіне кейбір қатысушылар қандай да бір жаттығуға өзі қатысуға жүрексініп, өзге біреуді ұсынады, ал ол бас тарта бастайды. Бұл тізбек бойы жалғаса береді де, қатысушылардың соңына дейін жетеді. Нәтижесінде ешқайсысы да бұл жаттығуға қатысқысы келмейтіні анықталады, ал бұндай жағдай тренингте болмаған жөн. Сондықтан да ең басынан-ақ барлық қатысушыларды ескертіп, жағдайда қалыптасатын заңдылықты ескере отырып, алдын алған жөн.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Психологиялық тренинг заңдарын ата?

2. Құпиялылық заңы дегенді қалай түсінісің?

3. Сол уақытты және сол жерде заңы қалай орындалу керек?

4.Сыпайлылық заңына сипаттама бер?

Падаланылған әдебиеттер:

1.Лесли Рай» развития навыков эффктивного общения» М-2002ж.167 бет.

2.Р.Бакли, Д.Кейпл. Теория и праактика тренинга. «Питер», 2002.

3.Практикум по социально-психологическому тренингу, Санкт-Петербург, 2000

4.О. Горбушина «Психологический тренинг» М-2007ж

5. А.Г. Каменюкин, Д.В. Ковпак «Антистресс-тренинг» М-2008.

6.Лесли Рай» развития навыков эффктивного общения» М-2002ж.

7.Д.М. Рамендик «Тренинг личностного роста» М-2008ж.

9кредит сағат

№12дәріс

Дәрістің тақырыбы: Тренинг этаптары

1. Тренингтің бірінш этапы

2. Қатысушылардың бірімен-бірі танысуы

3. Қатынасушылардың орналасуы

4. Топта қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру жолдары

Мақсаты: Студенттерді тренинг этаптарымен таныстыру, оның ерекшелігін меңгерту.

Тренингтің бірінші бөлімін сергіту деп атайды. Бұл атау тренингтің бірінші бөлімінің міндеттерінің бірін сипаттайды.

1. Топ қатысушыларының өзара танысуы, жүргізушінің топпен танысуы.

2. Тренинг басындағы қатысушылардың көңіл-күйі ескеріп, диагностикалау.

3. Эмоционалды ахуалды орнату.

4. Топтың бірігуі.

Сергітудің алғашқы міндеті топ қатысушыларының өзара жәе жүргізушінің топпен танысуы болып табылады.

Екінші маңызды міндеті Тренинг басындағы қатысушылардың көңіл-күйі ескеріп, диагностикалау. Бұл мақсатқа жету үшін үрдіс келесідей міндеттерді шешу қажет:

- әрбір топ қатысушыларының тренингтен не күтетінін анықтау;

- өзекті эмоционалды жағдайды талқылау. Бұл тренинг барысында қатсыушы осы жағдайға оралмас үшін тиімді болып табылады. Сәйкесінше жүргізушінің алдында келесі мақсат пайда болады.

Тренинг бірінші бөлімінің үшінші міндеті: эмоционалды ахуалды орнату. Бұл мақсатты жиі эмоционалды ахуалды көтеру деп қарастырады. Бірақ, тренингтің жалпы мақсатын жүзеге асыру үшін жүргізушіге топтағы эмоционалды ахуалды көтеруге қарағанда, орнатуға көбірек көңіл бөлген жөн.

Төртінші міндет топ қатысушыларын жұмыстың соңғы нәтижесіне жету үшін тұтас командаға біріктіруге немесе топты әрбір қатысушының жек қабылдауына бағытталған.

Тренингтің алғашқы бөлімінің жоғарыда аталған міндеттерін жүзеге асыру үшін әр түрлі жаттығулар қолданылады.

Мысалы, қатысушыларға өз атын карточкаға жазып киіміне бекіту ұсынылады. Бұл жағдай егер тренер қатысушыларды алғаш рет көрген жағдайда немесе топ бір-бірімен аз танитын болса өте тиімді болып табылады.

Бұл үшін ақ қағаз беттерін, қарындаштарды немесе бояуларды қолдануға болады. Егер бояуды қолданатын болсаңыз, қатысушылардың санына қарай қыл қалам және суы бар ыдысты дайындап қойған жөн.

Сізге қажет құралдар:

- түсті қағаз немесе ашық түсті картондар;

- ашық маркерлер мен фломастерлер;

- түймеше немесе арнайы қыстырма құралдар;

- қайшы (мүмкіндігінше, бірнеше болған жөн).

Бұл құралдар арқылы тренингке қатысушыларды диагностикалауға болады. Жетекші топ қатысушыларының жеке пікірлері арқылы кейбір ерекшеліктері туралы қорытынды жасай алады, сонымен қатар қатысушылардың көңіл-күйлерін анықтай алады.

Берілген тапсырманы орындап болғаннан кейін, жетекші қатысушыларды алдын ала қойылған орындықтьарға орналастырады.

Әдетте, тренингке арналған орындықтар бірдей биіктікте, формада және бір түсте болу керек. Кейбір жағдайларда ғана тренингке қажет орындықтар тренингтің мақсатына сай әр түрлі болуы мүмкін.

Көбіне тренинг үшін жұмсақ орындықтарға қарағанда жай орындықтар жиі қолданылады, өйткені оларға отыруға ыңғайлы және зейін шоғырландыруға мүмкіндік береді.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Тренингтің жұмысының негізгі этаптарын ата?

2. Танысу этапының ерекшелігін айт?

3. Топтың бірігуі қалай жүзеге асады?

Падаланылған әдебиеттер:

1.Лесли Рай» развития навыков эффктивного общения» М-2002ж.167 бет.

2.Р.Бакли, Д.Кейпл. Теория и праактика тренинга. «Питер», 2002.

3.Практикум по социально-психологическому тренингу, Санкт-Петербург, 2000

4.О. Горбушина «Психологический тренинг» М-2007ж

5. А.Г. Каменюкин, Д.В. Ковпак «Антистресс-тренинг» М-2008.

6.Лесли Рай» развития навыков эффктивного общения» М-2002ж.

7.Д.М. Рамендик «Тренинг личностного роста» М-2008ж.

№13дәріс

Дәрістің тақырыбы:гумагистік бағыттағы топты өзіндік анықтау тренингі

Дәрістің мазмұны:

1. Гумманистік бағыттағы теринг түрлері

2. Трансактілі анализ

3. Ата-ана, ересек, бала позициялары

Мақсаты: Гуманистік бағыттағы тренинг түрлері және оны жүзеге асыру жолдарымен таныстыру.

Гуманистік психологияның негізгі пәні – жеке тұлға және оның ерекшелігі, адамның қоршаған әлемді және өзінің ондағы орнын сезіне білуі деп анықталатыны бізге мәлім. Яғни, гуманистік бағыттағы тренингтердің негізгі қасиеті қатысушылардың өз ішкі дүниесін аша білуі, сезімдерге көңіл аудара білуі, өз -өзін және өзіндік «Менін» сезіне білуі, жауапкершілік пен «мұнда және қазір» принципін қолдана білу сияқты сапаларын дамыту мен жетілдіру болып табылад

.1.Трансактілі анализ бағытындағы өзін-өзі ұтымды тану және өзіндік даму тренингі. Трансактілі анализ психоанализ тұжырымдамасына негізделіп құрастырылған. Оның негізін салушы Эрик Берн болды. Оның пікірінше, әрбір жеке адам белгілі бір уақытта Эго күйлері деп аталатын басты үш күйдің біреуінде тіршілік етеді. Эгоның бұл күйлері «Ата-ана», «Ересек» және «Бала» деп үш күйге жіктеледі.Топ қатысушылары қарым-қатынас барысында қандай психологиялық ойындарға тартылатыны жайлы және онда қандай манипуляциялық әрекет түрлерін қолдануға болатындығы туралы танып білуге дағдыланады.2. Гештальт бағытындағы өз-өзін реттеу және басқару тренингтері. Топтық гештальттерапияның негізін салушы Фредерик Перлз болды. Гештальт топтары қатысушылардың өз алдына әрекеттене білуі мен жауапкершілігін дамытуға ықпал етеді. Гештальттерапияның негізгі міндеті – дене процесстерін ынталандыру және қатысушылардың өзіндік «Менін» сезіне білуді дамытуға ықпал ету болып табылады.Соныменен жоғарыдан көріп отырғанымыздай, психотренингтер психология ғылымының әдіснамалық негізі болып табылатын ғылыми бағыттар мен мектептердің өзекті мәселелерін көздей отырып, әр түрлі мақсатта қолданыла алады екен.Әлеуметтік-психологиялық тренинг – психологиялық ықпалы топтық жұмыстың белсенді әдістеріне негізделген арнайы ұйымдастырылған қарым-қатынас формасы. Мұндай тренингтерге қатысушылар сабақ барысында түрлі тұлғааралық өзара байланыс тәсілдерін игере отырып, қарым-қатынас сферасында неғұрлым хабардарлығы арта түседі. Дұрыс ұйымдастырылған топтарда әрбір топ мүшесі адамзаттық мейірімге және рухани жылылыққа бөленеді, ол шын пейілімен басқа топ мүшелеріне қол ұшын бере алады, қажетті жағдайда олардан қолдау мен көмек күте алады.

Психотренингтерді білім беру үрдісінде қолдану неғұрлым тиімді нәтижеге ие болуы үшін қатысушының өзіндік қабілеттілігін көрсете білуіне ықпал ететін шарттар қатары қарастырылуы қажет. Оларды Овчарова Р.В. өз еңбегінде төмендегідей келтіреді:

І. Өзіндік диагностика:

а) Өзі туралы нақты мәліметтер алу;

б) Адам басқалардың көзімен қалай қабылданатындығын анықтау;

в) Оның идеалды «Менінің» қаншалықты деңгейде дербес екендігін анықтау.

ІІ. Диагностика:

а) Өзіндік талдаудың дамуы;

б) Сезімдерді жіктей білу, өзін нақты және анық көрсете білу іскерлігін дамыту;

в) Өзіндік «Менін» ашу тек басқалармен қарым-қатынаста ғана

мүмкін болатынын сезіне білу.

ІІІ. Басқалардың бейнелеріне нұсқауды тексеру:

а) Басқалардың бағытын түсіне білуді дамыту;

б) Анықтау барысында вербальды емес формадағы сезімталдықты қалыптастыру;

в) Басқаны тыңдай және түсіне білу іскерлігін дамыту;

г) Психотерапиялық әсер ету.

Психотренинг топтарында оқыту бағдарламасы үш бөлімнен тұрады:

Бірінші бөлім – қарым-қатынас мәселесі жайында кіріспе лекция. Қатысушылар топ психологиясы, қарым-қатынас психологиясының жалпы ұғымдары мен механизмдерімен танысады.

Екінші бөлім – жаттығу бөлімі. Сабақтың барысында әлеуметтік ақыл-ой мен коммуникативті іскерлікті дамытуға бағытталған жаттығулар жүйесі орындалады.Бағдарламаның үшінші бөлімі – жаттығу бөлімін талдау болып табылады.[4]Психотренингтерді топтық психологиялық түзету жұмысын жүзеге асыру тәсілі ретінде білім беру үрдісінде қолдану өте маңызды. Өйткені, әлеуметтік- психологиялық тренингтің мақсаты - әлеуметтік ақыл-ойды, кәсіби – педагогикалық қарым-қатынас дағдыларын дамыту екендігі бізге мәлім. Мектеп жағдайында мұғалім мамандығы «Адам-адам» қатынасындағы мамандық болғандықтан, оның еңбек етуінің негізгі бағыты қарым-қатынас болып табылады. Ал қазіргі мектептердің нағыз тірелетін тұғыры педагогикалық қарым-қатынастың өзі. Сол себепті де, бұл ғылыми жұмысты «Педагогикалық қарым-қатынас» тақырыбындағы әлеуметтік- психологиялық тренинг жоспарының мазмұнын ұсынумен аяқтауды жөн көрдім.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1.Гештальт психологияның негізін салған кім?

2. Психологиялық тренинг топтарындағы оқыту бағдарламалары неше топтан тұрады?

3. Эго жағдайларды ата?

4. Трансактілі талдаудың авторы?

Падаланылған әдебиеттер:

1.Лесли Рай» развития навыков эффктивного общения» М-2002ж.167 бет.

2.Р.Бакли, Д.Кейпл. Теория и праактика тренинга. «Питер», 2002.

3.Практикум по социально-психологическому тренингу, Санкт-Петербург, 2000

4.О. Горбушина «Психологический тренинг» М-2007ж

5. А.Г. Каменюкин, Д.В. Ковпак «Антистресс-тренинг» М-2008.

6.Лесли Рай» развития навыков эффктивного общения» М-2002ж.

7.Д.М. Рамендик «Тренинг личностного роста» М-2008ж.

 

№14 дәріс

Дәрістің тақырыбы:Жабық типті мекемелердегі психолгиялық көмекті қалыптасыру жолдары

Мақсаты: Жабық типті мекемелердегі оқушыларға қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру бағытында жүргізілетін көмек түрлерімен таныстыру.

1. Мекмелерде психологиялық көмекті ұйымдастыру

2.Жабық типті мекемелердегі көмек көрсету түрлері

Белгілі психологтар Иозеф Лангмейер мен Зденек Матейчек жетім балалардың өмірін депривациямен байланыстыра отырып субьектінің қажеттілігін қанағаттандыру мүмкіндігінен айыру деп түсіндірсе, ал ағылшын психологы Дональд Хебб депривация-биологиялық тұрғыдан толық, бірақ психологиялық тұрғыдан ортадан шектеумен байланысты күй екенін айтқан. Онтогенездің ерте басындағы жетім балалардың психикалық дамуының ерекшеліктері (эмоциялық кедейлік, импульсивтілік, дербестіктің жоқтығы, «Мен» бейнесінің бұрмалануы өзіндік бағаның теңсіздігі) қарым- қатынас субъектісі ретіндегі дамуы (адамдармен қатынасты таңдай алмауы, оларға сенімсіздік таныту, басқалардың оған көңіл бөлуіне қажеттіліктің күшеюі, қарым-қатынас дағдыларының аздығы).Олардың есеюі барысында жойылмай шиеленісіп басқаша сапаға ие болады.Осының бәрі махаббат сезіміне қажеттіліктің қанағаттанбауы, эмоциялық тұрғыдан бала жағдайының тұрақсыздығының нәтижесі болып табылады.Мұндай жағдайда оқу-тәрбие процесін жүзеге асыратын қызметкерлерге де өз міндетін атқару қиынға соғады. Сондықтан жетім балалармен жұмыс істейтін мамандарға көмек көрсету және қолдау өзекті мәселе болып табылады. «Адам-адам» жүйесіндегі кез-келген іс-әрекет тұрақты немесе үақытша, жағымды немесе жағымсыз бола алатын маман тұлғаның кәсіби деформациясына әкеліп соғады.Тұлғаның кәсіби деформациясы кәсіби рөлін орындау әсерінен пайда болатын тұлғаның сапалық өзгерісі ретінде анықталады. Кәсіби деформация үш негізгі компоненті бар эмоциялық «жану» феноменімен сипатталады:

1. Эмоциялық кернеулік пен үмітсіздендіру сезімінен көрінетін эмоциялық жүдеу.Адам бұрынғыдай жұмысқа беріле алмайтынын сезінеді.

2. Адамдарға қызмет бабында немқұрайлы, жағымсыз, керек десеңіз орынсыз қатынастың пайда болуымен байланысты болатын деперонолизация.

3. Өзінің құзырлық бағасының түсуінен, өзіне қанағаттанбау, өз іс-әрекетінің құндылығының азаюынан көрінетін тұлғалық жетістіктің көмескіленуі. «Жану» синдромы 3 сыртқы факторды тудырады деп есептелінеді:

- ұйымдастырушылық фактор – мазмұны жағынан дамудың мүмкін еместігі, шығармашылық автономияның жоқтығы мен басшылар тарапынан аса қадағалаудың болуы.

- рольдік қақтығыстардың, рольдік нақтылықсыздықтың болуы(өз міндеттерін түсінбеу,әріптестерімен, басшылармен өзара қарым-қатынас жүйесінің нақтылықсыздығы)

- кейбір тұлғалық қасиеттердің болуы.Синдром эмпатиялық деңгейі төмен, авторитарлы, әлеуметтік интеллектісі төмен мамандарда жеңіл пайда болады.

Жетім балалармен жұмыс істейтін мамандар үшін жауапкершіліктің жоғары деңгейі, эмоциялық стресстің тұрақты қайнар көзі болып қалыптасатын психотравмалық жағдайлардың жоғары деңгейі тән.Жағдайды қиындатушы фактор аталмыш мамандардың әлеуметтік қорғанышының төмендігі болып табылады.Өз кезегінде ересектердің жағымсыз эмоциялық күйі баланың эмоциялық тұлғалық дамуына жағымсыз әсер етеді.Педагогикалық іс-әрекет мәселесінің жалпы контекстінде педагогтың эмоциялық тұрақтылық мәселесі маңызды орынға ие.Педагог мамандығы өзін-өзі басқару мен өзін-өзі меңгерудің үлкен резервін талап ететін стрессогендік мамандық қатарына жатады.Эмоционалдық тұрғыдан алып қарағанда еңбек түрлерінің ішінде адамдармен тікелей жұмыс істеуде кернеулігі басым педагог мамандығы күш-қуатты көп қажет етеді. Психолог іс-әрекеті – балаларға алған эмоционалдық зақымның орнын алмастыруға,тұлғалық бүтіндікті, тепе-теңдікті қалпына келтіруге көмектесу қажет, содан кейін барып қана олардың дамуын жалғастыруға болады.Жетім балалар жағымды адами қарым-қатынас пен тұрақты тұлғааралық қатынастарды қажет етеді.Олармен жұмыс істейтін қызметкерлерге де олардың жауапкершілік, белсенділік, дербестікті сезіну қажеттілігін сезінуге психологиялық көмек қажет. Тәрбиешілерге интернатта балалармен жұмыс істеу көптеген стрессогендік жағдайлар тудырады, осыған байланысты олар психологиялық ағарту мен психологиялық қолдауды қажетсінеді.Бұл балалар үйі мен мектеп – интернатта қызмет атқаратындарға жүйелі түрде ағарту және психологиялық алдын алу жұмыстарын жүргізу қажеттігін білдіреді.Тәрбиешілердің өздері де өз кәсібінің аумағында қарым-қатынасқа күнделікті жұмыс барысында кездесетін нақтылы жағдайларды қарастыру мен талдауға деген мүқтаждықтың жоғары екендігін де айтады.Тәрбиеші педагогтар, дефектологтар күннен-күнге балалармен жұмыс істейді. Ал психолог қызметінің нәтижелілігі балалар үйі қызметкерлері ынтымақтастығы қаншалықты дамығандығына байланысты. Бұл қатынастар бәсекелестік емес серіктестік негізде құрылуы тиіс.Психологтың қызметкерлермен жүйелі түрде кездесіп тұруы нақтылы бір балаға қатысты мінез-құлықтың жалпы бағытын құруға көмектеседі. Балалар үйі қызметкерлерімен ағартушылық бағытта дене жаттығуларын, психологиялық кеңес беру, психологиялық жаттығулар, тренингтер,іскерлік ойындар, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда психологиялық -падагогикалық ұсыныстар қарастыру ұсынылады.Маңыздысы шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі көрсету мүмкіндігі болып табылады.Көп жағдайда балалар үйінің әкімшілігі психологтың педагогикалық ұжыммен бірлесіп жұмыс істуін міндет етіп алмайды. Балалармен жұмыс істеуде ересектерге мейірімділіктен басқа нақтылы психологиялық дайындық та қажет.Оған отбасынан тыс тәрбиеленетін балалардың психологиялық ерекшеліктерін ескеру,әр баланың жекелігін білу және түсіну жатады.Тәрбиешілердің балалармен тиімді әректтесу принциптері мен тәсілдеріне үйретудің нәтижелі формасы ретінде тренингтер аса маңызға ие.Тәжірибе ретінде «Жабық типті мекеме балаларымен өзара тиімді әрекеттестік» атты тренингтік бағдарлама ұсынылады. Бағдарламаны жүзеге асыру барысында Т. Гордонның педагогикалық тиімділік тренингінің бөліктері, сонымен қатар ойын жаттығулары қолданылады. Тренингке қатысушылармен жұмыс:


Дата добавления: 2015-10-02; просмотров: 171 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Семинар 4 страница| Семинар 6 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.023 сек.)