Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Семинар 7 страница

Семинар 9. | Семинар 10. | Семинар 11. | Семинар | Семинар | Семинар 1 страница | Семинар 2 страница | Семинар 3 страница | Семинар 4 страница | Семинар 5 страница |


Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

1. Топ психологиялық теория мен практиканың объектісі және пәні ретінде

2. Топтық психологиялық тренингтің мәні, мақсат, міндеттері

3. Топтық тренингтің түрлері

Топ әлеуметтік психологияның негізгі ұғымдарының бірі болып табылады. Теория және практиканың пәні ретінде зерттеуге деген қызығушылық жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысынан басталды. Осы кезеңде психологияның практикалық және теориялық сферасында тренинг ұғымы ене бастады.

Адамдарға қосымша көмек ретінде шет ел психологиясында топтық тренингтер кең қолданыла бастады.

Алғашқы тренинг топтары жаратылыстану саласындағы бірнеше мамандардардың белсенді әрекетімен құрылды (Лиленд Брэдфорд, Рональд Липпитт, Кур Левин). Олар 1946 жылы іскер адамдар мен бизнесмендерді жинап, әртүрлі ситуацияларды онйату арқылы негізгі әлеуметтік заңдарды ашуға тырысты. Қойылған міндеттерді шешумен қатар олардың әрбіреуі кері байланыс көмегімен өзіндік ашылуға және өзіндік санасын түсінуге мүмкіндік алды. 1947жылы Бетел ()Мэн штаты) қаласында тренингтің ұлттық лабораториясы құрылды. Бұл тренинг топтары «Базалық іскерліктер тренинг топтары» деген атпен белгілі болды. Т топтарының негізгі міндеттері тұлғааралық қарым­ қатынастың негізгі заңдылықтарын, қиын ситуацияларда дұрыс шешімдер қабылдауды басқару іскерліктерін үйрету болып табылды. Кейіннен бұл топтар міндеттері бойынша бөлініп, категриялары анықталды:

· Іскерлік топтары (жетекшілерді, іскер адамдарды даярлау);

· Тұлғааралық қарым қатынас топтары (отбасы және жыныс мәселесі);

· Сенситивтілік топтары (тұлғаның өсуі және өзіндік жетілуіне, шешім қабылдаудағы қиындықты жеіуге бағдарланған топтар).

Топтық психологиямен байланысты «топ эффектісін» пайдаланумен жүргізілген еңбектердің ішінде А.Адлер, К.Левин, Дж.Морено, Дж.Пратта, К.Роджерсті айтуға болады.

Тренинг жөнінде айтқан кезде тұлғаға тұтастай әсер ету, оның өзіндік санасын құрайшларға деген ықпалы туралы сөз қозғалады. Бұл ұстанымдар В.Т.Кондратенько, Д.И.Донский еңбектерінде орын алады.

Психологиялық мәселені осы жолмен шешудегі басымдықтар туралы Кьелл Рудестам былай дейді:

1. Ортақ мәселесі немесе күйзелісі бар адамдармен кері байланыс орнатуға деген мүмкіндіктер.

2. Мұнда өзге адамдардың құндылықтары мен қажеттіліктерін қабылдау жүреді.

3. Топта адам өзін қабылданатындығын және түсіністікке ие болатындығын, сенімге ие болып, өзгелердің өзіне сенімі артатындығын, қамқорлыққа толылықты, көмек пен өзгелерге көмек беруге болатындығын сезінеді.

4. Топта болып жатырған өзара байланысты бақылай отырып, қатысушылар өздерін өзгелермен ұқсастырады, өзіндік сезімдері мен мінез құлқын бағалау кезінде қалыптасқан эмоционалды байланысты пайдалан алады.

5. Топ өзіндік зерттеу, интроспекция, өзіндік ашылу процестерін жеңілдете алады.

6. Топ экономикалық басымдық береді, психологияық әдіс ретінде экономикалық жағынан тиімді болады.

Топтық тренингтің пәні, мақсаты және міндеттері

Тренинг бағдарламасын құру пәні мен мақсатын анықтаудан басталса, ол нақты міндеттерді құрауға мүмкіндік береді.

Көптеген авторлардың жеке дүниетанымы мен мақсаты арасында тығыз байланыс болады. Оны келесі кестеден көруімізге болады.

Тұлғалық бағдарлы парадигма Клиенттер өз сезімдерін толықтай зерттей алатын қауіпсіз контекстпен қамтамасыз ету. Ашықтық, шынайылық, кенеттен туындауды дамыту
Гештальт парадигма Жеке тұлғаның қажет етпейтін бөлімдерінің интеграциясы және саналы түсіну мақсатында сол сәтте клиенттің күйзелісін тудыратын сәттерге аса мән беруіне мүмкіндік туғызу
Транзактылы талдау парадигмасы Адамдардың өзгелермен өзара әрекеттерсуі кезінде қолданылатын ойындар, қойылымдарынан болауына көмектесу. Топ мүшелері саналы түсінуге негізделген жаға шешімдерді қабылдау және бұрынғыларын қайта қарастыруға шақыру
Мінез құлық парадигмасы Топ мүшелеріне дезадаптивті мінез құлықты жоюына көмек беру және адаптивті мінез құлық паттернін үйрету
Когнитивті парадигма Топ мүшелеріне өз эмоционалды бұзылыстарына деген жауапкершіліктерін алуға үйрету және өздерінің эмоционалды бұзылыстарын сақтауға итермелейтін тәсілдерден бас тартуына үйрету
Шынайылық психотерапиясы парадигмасы Топ мүшелеріне мінез құлықтық шынайы және жауапкершілікті көрсететін формаларына үйрету, «сәтті адам ұқсастығын» дамыту. Өзінің мінез құлқын бағалауға үйрету, оны өзгерту бойынша әрекет жоспарын құру

 

Осы мәселені қарастыра отырып, жалпы және жеке мақсаттарды көрсетеміз. Эллиот Аронсон тренинг топтарының негізгі мақсаты: жеке мінез құлқын зерттеуге деген дайындықты дамыту, тұлғааралық қарым қатынас кезіндегі әлеуметтік құзыреттілікті пен ашықтықты арттыру, ынтымақтастық және дау жанжалды конструктивті шешуге үйрету.

Кьел Рудестам, топ мақсаты алуан түрлі болуы мүмкін деп көрсетті. Ол іштей және қатысушылардың қажеттіліктерінен туныдап отырады.

И.В.Бачков бойынша, тренинг мақсаты қатысушыларға қандай да бір іс әрекетті игеруіне көмектесу. Тренингке қатысушы: осы әрекетті жасағысы келуі, оны қалай жасайтындығын білуі, оны жасай алуы керек.

Тренингтің жалпы мақсаттарының ішінде мынадай негізгілерін бөліп көрсетуге болады:

· Топқа қатысушылардың психологиялық мәселелерін зерттеу және оны шешуге көмек беру;

· Субъективті өзіндік сезінуін арттыру және психикалық денсаулықты бекіту;

· Адамдармен үйлесімді тілдесу және тиімді қарым қатынасты орнату үшін тұлғааралық қарым қатынастың тиімді тәсілдерін механизмін, психологиялық тәжірибелерді зерттеу;

· Ішкі және мінез құлық өзгерістері негізінде эмоционалды бұзылыстардың алдын алу және түзету үшін қатысушылардың өзіндік зерттеуі және өзіндік санасын дамыту.

 

Тренинг кезіндегі топтық жұмыстың мақсаты   Тренинг топтарының түрлері
Психикалық денсаулықты арттыру Психологиялық мәселелерді шешу топтары
Тілдесудің психологиялық негіздерін зерттеу Психикалық денсаулық және өмір сапасына бағытталған топтар
Өзіндік өзгеріс және мінез құлықты коррекциялау мақсатында өзіндік сананы дамыту Әлеуметтік психологиялық тренинг топтары
Жеке тұлғалық өсу және өзіндік дамуға көмек беру Өзіндік сананы дамыту топтары
Психологиялық мәселелерді шешуде және зерттеуде көмектесу Жеке тұлғалық өсу тренингтері

 

Тренинг жұмысының міндеттері бұл аралық мақсат болып табылады яғни, негізгі мақсатқа жету жолында шешілетін нақты мәселелер болып табылады. Сондықтан, кез келген тренингтің мақсатын анықтау кезінде жұмыстың әрбір этапында шешуге тиісті негізгі мәселелер қарастырылады.

И.В.Бачков әрбір тренингтің нақты мәселесі ретінде мыналарды көрсетеді:

1. Жаңа іс әрекетке деген позитивті қатынасты қалыптастыру және мотивациялау

2. Топ мүшелерінің белгілі бір көріністерінің жүйесін қалыптастыру

3. Нақты іскерліктерді қалыптастыру.

Тренингтің пәні психологиялық мәнін түсінумен тығыз байланысты. Ол маманның кәсіби дүниетанымының нәтижесі болып табылады. Психологиялық білімнің негізгі үш бағытына сүйенеді: гуманистік, мінез құлықтық, психодинамикалық. Тренингтің пәні ретінде қойлған мақсат немесе таңдалған мәселеге қатысты белгілі бір феномендер болып табылады. Осыған байланысты тренер және топ өз зейінін келесі мәселелерге шоғырландыра алады:

· Мінез құлық паттерндері, белгілі бір жағдайларда нақты әрекеттерге;

· Тұлғалық немесе топтық динамикаға;

· Топ қатысушыларының белгілі бір жағдайларына;

· Мінез құлықтың когнитивті аспектілері, нақты даңдылар

Қызмет пәні таңдалған мақсатпен тығыз байланысты. Жұмыстың пәні тренингтің атауында немесе әр сабақтың тақырыбында көрініс табады. Мұнда тренер жұмысының бағыты бейнеленеді.

Топтық тренингтің түрлері

Тренингті белгілі бір топқа бөлудің нақты критерилері жоқ. Әрбір зерттеу бағыттары өз көрсеткіштерін ұсынады. Топтық кеңес беру мәселесін талдай отырып, Дж.Котлер және Р.Браун бір бірінен тек атауы ғана емес сонымен қатар жұмыс жасау тактикасы мен стратегиясы бойынша да айырмашылығы бар топтарға мысал келтіреді. Осы топтарға сипаттама берелік:

1. «Кездесі топтары» бұл ең анықталмаған категорияға жатады, мұнда осы түрімен қатар «адамдар қарым қатынас тобы», «потенциалды ашу тобы», «Т топтары», «Жеке тұлғалық өсу топтары» және т.б. келтіруге болады. Бұл топтарда сенім және шынайылыққа негізделген үйрету құрылымының болуы қызығушылық тудырады.

2. «Тақырыптық топтар». Мұнда жұмыстың нақты жоспары, құрылымы, форматы болады. Бұл топтар қатысушылардың сезімдері мен күйзелістеріне бағдарланбай, дидактикалық педагогикалық сипаттамаға ие. Мақсаты болашақта туындауы мүмкін мәселелердің алдын алу болып табылады. Мұнда қатысушылардың нақты мәселелерді шешуіне қажетті алуан түрлі адаптациялық дағдылар қалыптасады (жұмысқа орналасу, жыныс мәселесі, колледжде, жоо да оқу т.б.)

3. «Кеңес беру топтары» бұл ең алдымен қатысушылардың тұлғааралық тілдесу мәселелерін шешуге бағытталған топтық жұмыстың бір түрі.

4. «Психотерапиялық топ» мақсатымен ерекшеленеді, сабақ барысы психоневроз, тұлғалық бұзылыстар немесе психоз диагнозы бар адамдармен жүргізіледі. Мұнда жұмыс жасау ұзақ уақыттық және қарқынды емдеуді талап етеді.

5. «Өзіндік көмек және қолдау топтары» мақсатымен ерекшеленеді, сондықтан оның жүргізушісі маман емес, осы топтың тәжірибелі мүшесі болуы мүмкін. Бұл топтар қандай да болмасын, бір мәселені шешуге бағытталған.

Сонымен қатар, тренингтің келесідей түрлері бар:

Коммуникативті дағды және іскерлік тренингтері

Тұлғалық өсу тренингтері

Өзіндік реттеу тренингтері

Үйрету тренингтері (оқу үстіндгі категориядағылар үшін: мекеме қызметкерлерінің кәсіби маңызды дағдылары тренингі, келіссөз жүргізу тренингтері)

 

Алуан түрлі көрсеткіштерді (мақсатына сәйкесті) пайдалана отырып, тренингтер түрінің келесідей жүйелілігін көрсетуге болады:

Психологиялық мәселелерді шешу топтары;

Психологиялық денсаулық және өмір сапасы тренинг топтары; Мен топтары;

Өзіндік сананы дамыту тренинг топтары;

Тұлғалық дамыту топтары

Ықпал ету мақсатына байланысты келесідей тренинг түрлерін көрсетуге болады:

Дрессура: мақсаты: тренердің ойынша, қажетті деген мінез құлық паттерндерін жасау қажеттілігі;

Жаттығу: мақсаты: нақты адам үшін маңызды жекелеген дағыдылар мен іскерліктерді қалыптастыру;

Үйрету: мақсаты: психологиялық мәселелердің мүмкін болатын шешімдерімен топтағы қатысушыларды таныстыру және үйрету;

Дамыту: мақсаты: өзіндік дамуына, өзіндік мүмкіндіктерін ашуға көмектесу.

Көптеген кәсіби энциклопедияларда тренингтің келесідей түрлерін көрсетеді: өзін бекіту тренингі; сенситивтілік тренингі; ассертивтілік тренингі; тұлғааралық қарым қатынас тренингі; жекекшілер тренингі; әлеуметтік дағдылар тренингі.

№18 дәріс. Тақырыбы: Психоанализ бен басқа да психологиялық мектептер, психологтар мен психотерапевттердің топтық әдістері.

Мазмұны:

  1. Батыстағы психоанализ бен басқа да психологиялық мектептердегі топтық әдістер.
  2. Реей психологтары мен психотерапевттерінің топтық әдістері.
  3. Қазіргі топтық әдістер және өзіндік сананы дамыту.

Психоанализ- 19 ғасырдың соңында австриялық психиатр, психолог З.Фрейд негізін қалаған психологиялық бағыт. Ол истериялық неврозды зерттеу және емдеу әдісінен дамыды. Кейін Фрейд басты назарға рухани өмірдің қозғаушы күші, мотиві, құмарлғы мен мәнін алатын жалпы психологиялық теориясын жасады. Фрейд психиканың құрылымдық схемасын жасап онда 3 деңгейді бөлді: саналық, сана асты, бейсаналық..Тұлғаның кіна тағатые сезімі, ой. Қалаулары бейсаналық аймаққа ығыстырылып шығарылады да, ығыстырылып шығарылған мазмұнның кері санаға енуіне мүмкіндік бермейді. Бірақ бейсаналылық адамның психикасынан, әрекет-қылықтарынан көрініс табады. Мыс: түс көру невроз т.б. Психоаналитикалық терапия барысында осыны ұғыну ауыр симтомдардың жойылуына әкеледі. Фрейд алғашқыда неыроздың дамуын келесідей түсіндірді.. кейбір уақиғаларды адам психикалық травма ретінде қабылдайды және оның ауырлғына байланысты толығымен бастан кешіре алмайды. Сондықтан тітіркену тоқтатылады да, «аффктінің басылып тасталуы» жүзеге асады. Бұл феноменді түсіндіру үшін Фрейд энергия ұғымын қолданды. «Басып тасталған аффект энергиясы шықпағандықтан денеге түседі де оның қызметін бұзады». 2.Осы энергияның есебінен денелік аймаққа симтомдар қалыптасады.

Кейін психоанализде невроздың генезисін түсіндіруде теорилық бағыттар қалыптасты:

Динамикалық, топографиялық, энергетикалық, құлымдық. Т.б. Энергетикалық бағыт ұғымын қолдана отырып Фрейд невроздың пайда болуының 2 факторын бөлді: жыныстық конституция және инфантильды уайым.

Топографиялық бағыттың түсіндіруі бойынша невроздың пайда болуының маңызды шарт уайымды бейсаналық аймаққа ығыстырып тастау болып табылады..Ығыстырылған уайым ұғынылса симтомнаң мазмұны табылса, жазылу, емделу процессі жүреді. Динамикалық бағыт позициясынан невроз инстинктивті құмартулар мен олардың босаңсып шығуына кедеогі келтіретін күш арасындағы конфликт. Энергияның басаңсып шығуы түрлі әрекеттерде жүзеге асады.Мысалы:Біреумен қарсыласу, спорт, қатты уайым шегу, өш алуды қиялдау, тіпті ол адамның алдында бас ию.т.б.

Энергия қандайда бір объектіге, адамның бейнесіне, идея, затқа «байланады». Бұл процесс катексис деп аталады. Катекцияланған энергия байланып тасталғандай ол өзекті қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталуы мүмкін емес. Бұл невротикалық дему факторы.

Практикалық психология:

כ Психологиялық диагностика

כ Психологиялық түзету

כ Психологиялық кеңес беру

כ Психотерапия

Практикалық психологияның даму тарихы.

Практикалық психологияның дамып қалыптаса түсуі психология ғылымының дүниеге келуімен байланысты келді. Практикалық психология психологиялық білімнің негізінде дами отырып қажеттілікке байланысты өмірге келді.Бірақ та мүның екі туылғанкүні бар деп есептеуге болады.

Біреуі -өткен өмірден келе жатыр, екіншісі-19 ғасырдың ортасымен байланысты себебі психологияның және ғылым ретінде таныла бастаған кезеңнен басталады.

Практикалық психологияның дамуы психологиялық білімнің практикада қолданылуы өмірдегі қажетті жағдай мәселелерге қызмет етуі, өздігінен көріне алуы,психология саласында өйдын байқалуы нәтижесінде анықталына бастады. 18 ғасырдан өзінде-ақ медицина саласында діни және салттарда психологиялық білім аса табысты түрде қолданыла бастады. Қазіргі заманғы практикалық психология 19-20 ғасырда дами түсті деп бағдарлап айтуға болады.Жалпы психологиядан педагогикалық,психоло-медициналық психология,инженерлік психологияның бөлінуі, практикалық психологияның алғашқы даму кезеңі деп есептеуі болады. Бұл кездепсихологияның қолданбалы саласы ғылымдармен қатар болғанмен,өздігінен дербес бола қойған жоқ.

1.Бұл даму кезең практикалық психологияның 19 ғасырдың алғынан 20 ғасырдың 40 жылдарына дейін болды.

2.40 жылдардан бастап практикалық таза психологияның белгілі салалары көрініп пайда бола бастады. Олардың ішінде адтотренинг,жекелей және топтық психотүзету,жанұяның психотерапия, логотерапияда қолданылды.

Практикалық психологияның тийімді әдістерің адамға психологиялық тұрғыдан жақсы әсер беруі бір даңытта медицинада қолданбалы психологияда іске асты.

3.Әсересе практикалық психология білімінің кең түрде қолданылуы 20 ғасырда байқалды, өйткені практикалық психологияның 3 кезеңі дами бастады.Яғни бұл ұйымдастырылған бағытпен байқала түсті. Көптеген елдерде, соның ішінде біздің елде қолданбалы психология институттары ашылып олар өздерінің психологиялық қызметтерін құрды.Онда арнайы білімді маман кәсіби практикалық психологтар жұмыс жасады. Соңғы жылдары әлеуметтік –психологиялық тренинг топтың жағдайда өтіліп жүр. Практикалық психологтар мектептерге келіп жетті. Олар балаларды мектепке қабылдауға қатысады психодиагностика жүргізеді.Оқушылардың мектепке псих-ң жағыңан даярлығын анықтайды. Сонымен қатар балалардың жылдан жылғы психологиялық дамуын зерттейуді,болашақ маман іесін таңдауға көмектеседі.

Мектептің психологы мұғалімдерімен ата-аналарға ақыл-кеңес береді, балалар тағдырын шешуге қатысады. Психология факультатив сабағын өткізеді.

Психологиялық көмек ең алдымен білімге қажет? Керек? Осы мамандықтың қажет екендігін кім алып келді?

Қоғамдық.,әлеуметтік сұраныс әкеліп отыр 20 ғасырда бір адамның әсері көп адамға немесе адам тобы үлкен келген адамдар тобына әсер ететіндігі сипатталып отыр.

Әлеуметтік сұраныс қажеттілігіне қарай практикалық психология ғылыми психологиялық білім негізінде көріне отырып, қызмет етеді. Яғни адамға мақсатты түрде әсер етуді қамтиды.

Жыныстық конституцияның мазмұны З.Фрейд үшін толық аық болмады. Ол көп көңілді инфантильді айымдарға бөлді. Фрейд пікірі бойынша онда либидо энергия фиксацияланады. Оның пікірінше әрбір жыныстық даму кезеңі жыныстық даму үшін алғы шарт жасайды.

1.Симбиотикалық (оральдық фаза) кезең. Бұл кезеңде елеулі мәнге ие-басқаларданқуаныш сезіміналу, өзін-өзі эмоционалды қабылдау, әлемге деген сенімнің қалыптасуы.Ағзаның қажеттіліктері басқа адаммен моторлық орталық ауыз аймағы арқылы динамикалық контактіге әкеледі. Э.Эриксонның периодизациясына сәйкес бұл кезеңде анамен қатынас негізінде қоршағандарға базалық сенімі сезімі немесе керсінше «тастандылық» сенімсіздік сезімі қалыптасады.

Шешімін таппаған бұл кезеңнің ішкі конфликтілері ересектік кезеңде Эриксонның пікірі бойынша «жалғыздықтан, тастандылықтан, депрессивті қорқу, аутизмге әкеліп соқтырады». Бұл кезеңнің ауытқуы –шизоидтілік. Эмоционалды қатынас қажеттілігі қанағаттандырылмағандықтан өзіне-өзі деген сезімталдық, тілдік даму моториканың дамуын басып озады.

Нарциссизм- адам өзінің персонасына, дене бітіміне ғана көңіл аударады. Психоастеникалық куй -өзінің және өзіне жақын адамның өмірі үшін қорқыныш, жаңалықтан қорқу, бірлікті бұзудан, эмоционалды қорқу, мазасыздық.

2Анальды фаза. Бұл кезеңде баланың дәретке отыру дағдылары қалыптасады. Баланың бұл дағдылары қалыптасу кезеңінде ата –ана жағынан дөрекі қатынас көретін болса бала шектен тыс таза, айналасындағыларды менсінбейтін болып қалыптасуы мүмкін.

3.Фалликалық фаза. Бұл кезең ерекшелігі «Эдипов және Электра комплексімен байланысты». Балада қарсы пол өкілі алғашында анасына деген жыныстық қатынас орнайды. Ал әкесі оның осы қажеттіліктерінің қанағаттандырылуына тиым салушы ретінде корінеді. Балада әкесіне деген жағымсыз сезім қалыптасуы мүмкін.Конфликтілі импульстер интеграция таппай ығыстырылып шығарылады. Конфликтілі тенденциялардың қарама-қарсы келуі либидоны босатпайды да невроздың әкелуіне алғы шарт болып табылады

Психоаналитикалық дағдылар тренингі.

1. Үндемей тыңдай білу дағдысын қалыптастыру.

«Клиент –терапевт» жұбы болып өткізіледі. «Клиент» роліндегі адам стенаға қарап отырады, ал«терапевт» роліндегі адам клиентті еститіндей қашықтықта оның артына отырады. Нұсқау: «клиент еркін ассоцияциалар режимінде қалаған нәрсесі туралы айтады». Терапевт оны үнсіз тыңдап пациен қолдауды қажет етеді деген жағдайда оның иғына қолын тигізеді.

2. Контрпереносты байқау жаттығуы. Жаттығу үштікте орындалады: «терапевт-клиент-супервизор» Терапевт позициясындағылар топтан супервизорларын таңдайды. Жаттығу 3 кезеңнен тұрады.

1кезеңде «терапевт-супервизор» бір-бірінен терапиялық кабинеттерде шартты түрде бөлініп біраз арақашықтықта орналасады. Терапевтке нұсқау: «клиентпен терапиялық диалог ұстау және бұл процесте ақператты өңдеуден горі оның сезімін түсінуге бағытталу».Супервизорға нұсқау: «терапевттің ауысып отыратын клинттермен өзара әрекеттесуін бақылау, терапевтте пайда болатын қиындыққа назар аудару»

Клиентке нұсқау: «қандайда бір проблемеңызды терапевтті ауыстыра отырып айтып шығыңыз. Терапевттен терапевтке откен сайын бір тақырыпты ұстануға немесе оны өзгертіп айтуға болады»

2 кезеңіне «терапевт-супервизор»жұбы қатынасады.

Терапевтке нұсқау: «супервизормен бірге клиентпен өзара әрекеттесу жағдайындағы қиындықты және өз сезіміңізді, оның себебін талдаңыз»

3 кезең бүкіл топпен өткізіледі. Негізі –талдау, талқылау.

Жаттығу күшті эмоционалды реакция туғызады.

3. Контр переносты талдау дағдысын қалыптастыру.

«терапевт- пациент» жұбымен өткізіледі. Бірінші кезеңде пациент терапевтке өз проблемасын баяндайды, терапевт үнсіз тыңдай отырып әңгіме барысында еске түскен өзінің уайымдарын мұқият бақылайды.


Дата добавления: 2015-10-02; просмотров: 745 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Семинар 6 страница| Трансфера

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.021 сек.)