Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Р саяси модернизациясы

Сайлау технологиялары 1 страница | Сайлау технологиялары 2 страница | Сайлау технологиялары 3 страница | Сайлау технологиялары 4 страница | Сайлау технологиялары 5 страница |


Читайте также:
  1. оғамдық сананың формалары: саяси және құқықтық сана.
  2. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қаазқстандағы ағарту ісінің дамуына үлес қосқандар_саяси тұтқындар
  3. Экономикалық-саяси принциптер

Саяси модернизация дегеніміз – қоғамның барлық салаларының арта қалған жақтарын дамытуға байланысты бірден өзгеріске әкелтіп, гүлдену процесі. Қазақстан Республикасының Президенті өзінің 2005 жылғы жодауында жақсы атап көрсеткен. Жалпы модернизация қазіргі таңда ұлттық мүддемен тығыз байланысты. Соған байланысты біздің мемлекетіміз біршама шаралар жүргізуде:1)ақпараттық қауіпсіздік - елдегі іс - әрекет ететін экстремистік топтарды есепке алу және олардың негізгі бағыттары жөнінде толығымен ақпараттанып отыру;2)әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздік - елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайының бұл топтардың таралуына өте жақсы ықпал ететінін ескере отырып, осы салаларды қатаң қадағалау;3)құқықтық қауіпсіздік - заң тұрғысында терроризмге және эктремизмге толық анықтама бере отырып, оны жоюды және жазалауды толығымен қамтамасыз ету;4)ұлттық қауіпсіздік – қоғамның тұтастығын сақтау, интеграциялық шаралар жүргізу.

88. Этникалық жанжалдар

Этносаяси жанжалдарға этностар,ұлттар арасындағы даулар,шиеленістер жатады.Саяси жанжалдар көпұлтты мемлекете әр түрлі тілде сөйлейтіндердің,әр түрлі дінге сенетіндердің,әр түрлі нәсілдер арасында болуы мүмкін.Әдетте мұндай қақтығыс әртүрлі этникалық топтардың арасындағы елеулі экономикалық теңсіздіктен туады.Этносаяси жанжал тудыратын мәселелердің бірі – этникалық ұлтшылдық. Ол идеология немесе қозғалыс ретінде көрініс беруі мүмкін. Ондай этнос негізгі үш мақсатты алға қояды:1)автономия мен өзін-өзі басқаруды қамтамасыз ету;2)белгілі бір жерге, аумаққа иелік ету құқығын алу;3)өз мәдениетін жалпымемлекеттік мәдениетпен бірдей мәртебеге жеткізу.Этностық ұлтшылдықтың басты саяси мүддесі түптеп келгенде өзінің мемлекеттігін орнату.Этносаяси шиеленістердің пайда болуына түрткі болатын себептің бірі этностың өз тілі,мәдениеті,діні,әдетғұрпының тағдырына қалыптан тыс,асыра қауіптенушілік.Әдетте ұлттық идеяны көтеріп,этносаяси жанжалдарға әкелетіндер билікке таласушы топтар мен олардың басшылары.Олар өз саяси мақсаттарына жету үшін ұлттық факторды пайдаланады.Бұл салада біздің елімізде бірталай іс істелуде.1995 ж 1 наурызында Н.Ә.Н тың Жарлығымен Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды.Ол республикадағы барлық ұлттық мәдени орталықтарды қамтиды.

Билет

29.Құқықтық және әлеуметтік мемлекет?

Құқықтық мемлекет – өзінің негізгі институттары ретінде билік бөлінісін, сот тәуелсіздігін, басқару заңдылығын, мемлекеттік билік тарапынан азаматтардың құқы бүзылуына жол бермеуді және оған қоғамдық мекеме тарапынан тигізілген залалдың құнын өтеп алуды қарастыратын мемлекет. Құқықтық мемлекет идеясының сан ғасырлық тарихы бар. Ол сонау ежелгі дәуірден бастау алады. Құқықтық мемлекеттің философиялық негізін И. Кант жасады. Құқықтық мемлекет - ең алдымен, құқықтық мемлекет идеялары іске асқан конституциялық мемлекет. Құқықтық мемлекет атауы алғаш рет ХIХ ғасырдың бірінші ширегінде пайда болып, кейін Еуропаның бірқатар елдеріне таралды.

Әлеуметтік мемлекет – кең әлеуметтік негізге сүйенетін және халықтың өмір сүру деңгейін көтеруге, азаматтардың қүқықтары мен бостандықтарын қорғауға және жүзеге асыруға, соңғы жетістіктермен қамтылған денсаулық сақтау, білім беру жүйелерін қүруға, әлеуметтік әлсіз топтарға қолдау көрсетуге, әлеуметтік қақтығыстардың алдын алуға, бейбіт реттеуге бағытталған белсенді әрі мықты әлеуметтік саясат жүргізетін демократиялық мемлекет. Әлеуметтік мемлекет үғымының айналымға енгеніне көп болған жоқ. Десекте, ол туралы түсінік түрақтанып, тек ғьшымда ғана емес, сонымен қатар, саясатта да, үгіт насихатта да, публицистикада да көп қолданылады.

59. Тоталитаризмнан демократияға көшу

Тоталитаризм – әрбір азаматтық қоғам барлық саласы мен мемлекет тарапынан толық бақылауға алынған мемлекеттік – саяси құрылыстың түрі. Онда бір партия, бір идеология үстемдік етеді. Мұндай тәртіпте өндіріс, экономикаға, бұқаралық ақпарат құралдары, білім, мәдениет, адамдардың жеке өмірі және т.б. тегіс бақыланады. Тоталитарлық тәртіптен демократиялық тәртіпке көшу әр елде әр түрлі өтеді.2-ші дүниежүзілік соғыстан кеін Германия,Италия,Жапония буржуазиялық демократиялық тәртіп АҚШ-тың әскери күшінің көмегінің арқасында орнады.Португалия,Испания,Греция мұндай ауысу дамыған капиталистік елдердің қаржылық-экономикалық,саяси және моральдық-психологиялық қолдауының,сүйемелдеуінің арқасында жүзеге асты.Қазір Шығыс Еуропа елдері мен бұрынғы Кеңес Одағы республикаларының демократиялық тәртіпке өту барысында Батыстың көмегіне сенуге болады.Бірақ ол үшін бұл елдер Батыстың талабына сәйкес дамуы шарт

89. Халықаралық қатынастардағы жаңаша саяси ойлау

Халықаралық қатынастар деп халықтар, мемлекеттер, мемлекеттік жүйелер арасындағы дүниежүзілік деңгейде жүргізілген саяси, экономикалық, құқықгық, дипломатиялық, әскери, мәдени байланыстар және оларды іске асырушы әлеуметтікметтік, экономикалық, саяси күштер мен ұйыдардың өзара қатынастарының жиынтығын айтады. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін капиталистік және социалистік системалардың арақатынасында "қырғиқабақ соғыс" пен қатал идеологиялық қарама-қарсылық кезеңі басталды. Ол 80 жылдардың ортасына дейін созылды.80 жылдардың ортасы-нан бастап, жаңаша саяси ойлау кезеңі басталды. Оған көптеген себептер болды. Біріншіден, ядролық-космостық дәуірде мемлекетгер, әсіресе блоктар арасында әскери қақтыгыстар болмауы керек. Әскери техниканы дамытып, жанталаса қарулану өзінің шарықтау шегіне жетті. Термоядролық соғыс басталса, барлық адамзаттың, жер бетіндегі тіршіліктің бәрінің құруына әкеліп соқтырады. Екіншіден, қазіргі заманда бүкіл жер шарын қамтитын глобальды, ғаламдық мәселелердің маңыздылығы артуда. адамзат екінші дүниежүзілік соғысқа дейін қанша минералдық шикізат пайдаланса, одан кейінгі 40 жылдың ішінде соншалықты пайдаланған екен. Табиғат байлықтарын аяусыз пайдаланумен қатар соңғы он-жылдықтарда жұртшылықты қатты аландатып отырған қатерлі мәселе — планетаны ластау. Әлемдік мұхит негізінеи мұнай өндіруді өрістетуден ластануда. Сонымен қатар оған миллиондаған тонна фосфор, қорғасын, радиоактивті қалдықтар және т.т. тасталуда. Өзен, көлдер, ағын сумен бірге келгентыңайтқыш-тар, пестицидтер, сынап, мышьяк, қорғасын, цинк т.б. сияқты зиянды заттармен улануда.Үшінші үлкен мәселе­ «үшінші елдердің» алдыңғы қатарлы Батыс державаларымен салыстырғанда эконқ артта қалу үрдістерінің күннен күнге артуы. Жаңаша саяси ойлау деп елдің сыртқы,ішкі саясатын белгілеп,жүргізгенде жалпыадамзаттық мұраттар мен қазыналарды жоғары қою жүйесін айтады

Билет

30.Азаматық қоғам: түсінігі мен мәні. Мемлекет және азаматтық қоғам?

Азаматтық қоғам дегеніміз мемлекеттен өзін тәуелсіз сезінетін өндірушілер, игілікті жасаушылар, өздерін өздері басқарып отыратын кәсіпкерлер, кәсіподақтар, партиялар мен қозғалыстар, мәдени бірлестіктер, ғылыми қоғамдар, отбасы және дін ұжымдарының жиынтығы болып табылады. Ол мемлекеттің болат құрсауынан біртіндеп құтылып, жаңа әлеуметтік қауымдасуға бет алады. Азаматтық қоғамда адамның мәртебесі биіктеп, мәні арта түседі. Адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін қызмет етеді. Бүкіл әлеуметтік топтар, қауымдар заң жүзінде белгіленген құқықтар мен мүмкіндіктергі ие болып, өз мүдделерін қорғауға мұрсат алады.

Азаматтық қоғам мен мемлекет бірлесіп, ынтымақтасып қатар бой түзеп өмір сүреді. Бірін бірі тежеп, бір бірінің қызмет аясына араласып, іштей текетіреске де барып отырады.

Мемлекет өзін азаматтық қоғамның өзу туғызып, оны соның өзі асырап, оның іс-әрекетін бақылап отырғанын кейде ұмытып, бар билікті өзуысында ұстауға тырысады. Азаматтық қоғам өз ықпалын әлсіреткен жағдайда, мемлекет өзінің зор күшіне еніп, жыртқышқа айналады. Қоғамның бүкіл ұңғыл-шұңғылына араласып, адамды басып-жаныштайды, адам бостандығы мен құқын аяққа басуға дейін барады.

60. Сайлау жүйесі түсінігі және оның қоғам саяси жүйесінің дамуындағы рөлі

Өркениетті,демократиялы қоғамда саяси процеске қатысудың негізгі түріне сайлау жүйесі жатады.Сайлау жүйесі деп өкілетті және басқа мемлекеттің сайланбалы билік органдарын құру жолдарын,түрлерін,әдіс-тәсілдерін анықтайтын,тәртіпке келтірілген нормалар,ережелер жиынтығын айтады.Жалпы алғанда сайлау жүйесіне мемлекеттік қызмет орнына үміткерлерді ұсынудың тәртібі,процесі және негізгі принциптері,оны ұйымдастыру,материалдық жағынан қамтамасыз ету т.б. шаралар кіреді.Ол азаматтардың саяси құқығын жүзеге асырылуын білдіреді.Сайлау барысында халықтың қалауы бойынша басқарушы элита алмасады.Сонымен қатар ол халықтың басқарушы элита өз жұмысын қалай атқарып отырғанына бақылау жасау мүмкіндігін береді.

90. «Қазақстан -2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты

Қазақстан 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарында болуға тиіс. Біз бірінші дәрежедегі мынадай мақсаттарымызды назардан шығармастан, нысаналы әрі шабытты жұмыс істеуіміз керек:1)Мемлекеттілікті одан әрі дамыту және нығайту.2)Экономикалық саясаттың жаңа қағидаттарына көшу.3)Ұлттық экономиканың жетекші күші - кәсіпкерлікке жан-жақты қолдау көрсету.4)Жаңа әлеуметтік үлгіні қалыптастыру.5) Білім беру мен денсаулық сақтаудың қазіргі заманғы және тиімді жүйесін құру.6)Мемлекеттік аппараттың жауапкершілігін, тиімділігі мен функционалдығын арттыру.7)Халықаралық және қорғаныс саясатының жаңа сын-қатерлеріне парапар саясат құру. Жаңа бағыт экономикалық саясатының мәні - түгел қамтитын экономикалық прагматизм, шын мәнінде бұл біздің бүгінгікөзқарастарымыз бен ұстанымдарымызды түбегейлі өзгерту. 2050 жылға дейін кезең-кезеңмен мынадай міндеттерді шешу принципті маңызды:Біріншіден, мемлекеттің макроэкономикалық саясаты жаңғыртылуы тиіс .( Бюджет саясаты, Салық саясаты, Ақша-кредит саясаты,Мемлекеттік және сыртқы қарызды басқару саясаты ). Екіншіден, біздің инфрақұрылымды дамытуға деген қағидатты түрде жаңа көзқарасымыз болуға тиіс.Үшіншіден, мемлекеттік активтерді басқаружүйесін жаңғырту. Төртіншіден, табиғи ресурстарды басқарудың түбегейлі жаңа жүйесін енгізу қажет. Бесіншіден, бізге индустрияландырудың келесі фазасының жоспары қажет.Алтыншыдан, ауыл шаруашылығын, әсіресе, ауыл шаруашылығы өніміне өсіп отырған жаһандық сұраныс жағдайында ауқымды жаңғырту қажет. Жетіншіден, еліміздің су ресурстарына қатысты жаңа саясат тұжырымдау қажет.

 


Дата добавления: 2015-09-01; просмотров: 175 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Сайлау технологиялары 6 страница| ИСХОДНЫЕ ДАННЫЕ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)