Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сайлау технологиялары 5 страница

Сайлау технологиялары 1 страница | Сайлау технологиялары 2 страница | Сайлау технологиялары 3 страница | Р саяси модернизациясы |


Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Билет

22.Тоталитаризм саяси тәртіп ретінде?

Тоталитарлық (латынның total - бүтін, тұтас деген ұғымын білдіреді) режим деп қоғам, адам өмірінің барлық салалары тұтасымен мемлекеттік бақылауға алынған мемлекеттік-саяси құрылымды айтамыз. Дегенмен тоталитаризм ХХ ғ. жемісі болып саналады. Ғасырдың саяси процесіне өзіндік қолтаңбаларын қалдырған ірі тоталитарлық мемлекеттер осы ХХ ғ. пайда болды. Тотолитарлық латынның бүтіндей тұтас жалпы деген сөзінен тәртіп деп қоғам,адам өмірінің барлық салалары тұтасымен мемлекеттік бақылауға алынған мемлекеттік саяси құрылымды айтады. Тоталитарлық режимдер демократиялық дәстүрлері әлсіз әлемнің көптеген елдерінде қалыптасты, олар: азаматтық соғыстың нәтижесінде демократиясы күйреген Испания, Қытай, Солтүстік Корея, Куба, Румыния, Албания, Югославия. Чехословакия, Венгрия, Польша, ГДР секілді социалистік бағыттағы Еуропаның бірқатар елдерінде КСРО-ның қысымымен тоталитарлық тенденциялар қалыптасты.

52. Саяси процесс түсінігі

Саяси процесс ұғымы кең және тар мағынада қолданылады. Кең мағынасында ол қоғамның саяси жүйесінің уақыт пен кеңістікте дамып, жұмыс істеуін білдіреді. Тар мағынасында түпкілікті нақты нәтижеге жеткен белгілі бір көлемдегі процесті көрсетеді.Қоғамдық өмір, оның ішінде саяси сала - өте күрделі процесс. Онда өмір сүріп жатқан топтардың, жіктердің, ұйымдардың мақсат мүдделері кейде қабысып, кейде келіспей, шырмалып жатады. Осындай саяси жүйенің бір қалыпты жағдайдан екінші жағдайға келіп, ауысуын, өзгеруін, қозғалысын саяси процесс дейміз. Жалпыұжымдық мақсат-мұратты анықтауға, қалыптастыруға ресми органдар, билік институттары, кәсіподақтар, бейресмиұйымдар, ақпарат құралдары қатысады. Бірақ мұнда басты рөлді саяси институттар атқарады. Себебі саяси шешімдерді қабылдап, іске асыратын солар.Саяси жүйені тұтас алсақ, оның даму процесін төрт сатыға, кезеңге бөлуге болады:1)Саяси жүйені конституциялық тұрғыдан айқындау. Ескі саяси жүйенің орнына жаңасы келгенде, ол бұрынға мемлекеттік билікті ауыстыруы мүмкін, соның легитимдігін көрсетеді.2)Саяси жүйенің өзін-өзі жаңартуы.3)Саяси-басқарушылық шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру.4)Саяси жүйенің жағдайы мен іс-әрекетін бақылау. Саясатта ақиқатты табудың бірден-бір дұрыс жолы демократиялық ойлау жүйесін қалыптастыру екенідігі белгілі. Ал мұндай баламаны ойлау жүйесінің бұған дейінгі тарихы, ондағы саяси оқиғалар мен ағымдардың, ойлар мен идеялардың пайда болуы мен дамуы және жүзеге асу жолдары саяси және құқықтық жолда болашақты дұрыс таңдай білуі оның бұрынғы тарихын жақсы оқып, үйренуге байланысты.

82. Қазақстан Республикасында парламентаризмнің қалыптасуы мен дамуы

Қазіргі Қазақстан Парламенті бір палаталы өкілді органның – алғаш рет Қазақ КСР-інің 1937 жылғы Конституциясы, ал содан кейін Қазақ КСР-інің 1978 жылғы Конституциясы мен Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы негізінде құрылған Жоғарғы Кеңестің орнына келді. 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясында Парламенттің заң шығару функциясын жүзеге асыратын Республиканың жоғары өкілді органы болып табылатыны бекітілген.Парламент тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн екi Палатадан: Сенаттан және Мәжiлiстен тұрады.

Сенат әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екi адамнан, тиiсiнше облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және республика астанасының барлық өкiлдi органдары депутаттарының бiрлескен отырысында сайланатын депутаттардан құралады. Сенаттың жетi депутатын Сенат өкiлеттiгi мерзiмiне Республика Президентi тағайындайды. Мәжiлiс жетпiс жетi депутаттан тұрады. Алпыс жетi депутат республиканың әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiсi ескерiле отырып құрылатын және шамамен сайлаушылардың саны тең бiр мандатты аумақтық сайлау округтерi бойынша сайланады. Он депутат бара-бар өкiлдiк жүйесi бойынша және бiртұтас жалпыұлттық сайлау округiнiң аумағы бойынша партиялық тiзiмдер негiзiнде сайланады. Сенат депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi - алты жыл, Мәжiлiс депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi - бес жыл.1995 жылғы 30 тамызда жалпы халықтық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясында «Парламент» ұғымы алғаш рет ресми түрде бекітілді. Осыдан кейін ғана ел Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Констициялық заң күші бар Жарлыққа қол қойды, оған сәйкес қос палаталы Парламентке депутаттарды сайлау процесі 1995 жылдың соңында өткізілді.

Билет

23.Авторитарлы саяси тәртіп?

Авторитарлық тәртіп деп күштеуге,жеке адамның билігіне негізделген мемлекеттік саяси құрылысты айтады.

Авторитарлық режим тоталитарлық қоғамнан демократиялық қоғамға өтетін кезең, бұл күшті тәртіпке негізделген, жеке адамның билігі қалыптасқан режим.

Авторитарлық режим Иордания, Индонезия, Морокко, Сауд Аравиясында, бұрынғы Кеңес мемлекеттерінде және т.б. елдерде қалыптасқан.

Авторитарлық режим кезінде тоталитаризмнің де демократияның да белгілері кездесе береді бұл қоғам өзінің қатаң тәртібі мен тұрақтылығымен ерекшеленеді, себебі мұнда қоғамды өзгеріске ұшырататын идеялар мен топтарға жол бермейді, заң жүзінде оларға қатаң бақылау жасалынға. Авторитарлық режим. Ол айтарлықтай кең негіздерге ие. Өйткені, бедел – билік пен билік құрудың қажетті құрылымдық элементі. Оны биліктің атрибутивтік белгісі деп есептеуге болады. Сондықтан билік, билік құрушы субъект өз беделінің сақталуы мен өсуіне әрдайым қамқорлық жасап отырады. Бедел биліктің және оның шешімдері мен әрекеттерінің заңдылығын қамтамасыз етеді. Билік құру тек қана зорлық-зомбылық пен мәжбүрлеу емес, оны бағынушының келісімі негізінде басқару болып табылады. Бедел билік құрушы субъектіні бағынушылардың үстінен қарайтын және олардың тіршілік әрекеттеріне бағдар беретін күшке айналдырады.

Авторитаризм, авторитарлық саяси режим – билік құрушы элитаның бөлініп шығуы, жеке бостандықтар мен саяси бәсекелестіктің шектелуі, адамдарды саяси қауымдастыққа біріктіретін тіршілікке қажетті әлеуметтік-саяси факторлар тән ерекше саяси режим. Сол себепті авторитарлық режим өз бетінше қызмет етеді, - онда билік үшін ашық бәсекелестік күрес жоқ.

53. Саяси процестің жіктелуі.Саяси процеске қатысу түрлері

Саяси процесс жіктеліп,топталады.Саяси еркіндікті іске асыру объектісіне қарай ол ішкі және сыртқы саяси процесс болып бөлінеді.Саяси билікті ұйымдастыру жүйесінің сапасына қарай демократиялық және антидемократиялық саяси процесс етіп бөлінеді.Демократиялық түріне халық билейді.Антидем-лық процесте билік автортарлық көсем,монархтың,бір билеуші партияның қолында болады.Атқаратын қызметінің жариялығына қарай ашық және жасырын саяси процесс деп топтастырылады.Ашығында азаматтар,топтар билік иституттарымен үздіксіз кездесіп,мақсат мүдделерін білдіріп отырады.Жасырын түріне тоталитарлық тәртіпті атауға болады.Әлеуметтік және саяси құрылымның өзара байланыс түріне,билік субъектілерінің қызмет ықпалдылығы және өзара қатынастарының тиянақтылығына байланысты саяси процесті тұрақты және тұрақсыз етіп бөледі.Тұрақты жағдайда билік институттары өтімді,сенімді жұмыс істейді,азаматтар да саяси іске белсенді қатынасады.Тұрақсыз жағдай әдетте қоғам өмірі күйзеліске ұшырап,тығырыққа тірелген шағында пайда болады.Адамдар саяси процеске екі түрлі қатысады:1)саяси жүйенің шеңберінде жұмыс істейтің өкілдік органдар арқылы;2)азаматтардың тікелей қатысуы арқылы саяси билікке әсер етеді.Тікелей қатысу өз кезегінде екіге бөлінеді.1)азаматтар сайлау,референдум,плебисциттерге қатысу;2)бұқаралық жиналысқа,шеруге,ереуілге қатысу арқылы саяси билікке ықпал ету.

83. Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі принциптері мен қалыптасуының кезеңдері

Қазақстанның қазіргі сыртқы саясатының негізгі мақсаттары мен принциптеріне мыналар жатады:1)мемлекетті мүддені қорғау;2)елімізде экон-лық реформаларды жалғастыру,демократиялық институттарды күшейту үшін сыртқы жағдайды барынша қамтамасыз ету;3)әлемдегі барлық елдермен тең құқықты және серіктестік қатынастарды дамыту;4)ғаламдық және аймақтық интеграциялық процестерге белсене қатысу;5)халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты тереңдету;6)халықаралық терроризммен және есіркі саудасымен күрес;7)діни экстремизмге қарсы әрекет жасауға бағытталған саясат;8)қазіргі заманға ғаламдық проблемаларын шешу. Қазақстанның сыртқы саясатының тұжырымдамасын Президентіміз өзінің 1992 ж мамыр айында шыққан «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасу мен дамуының стратегиясы» атты еңбегінде атап көрсетті. Кейін оны «Қазақстан – 2030» еңбегінде одан да басқа сөйлеген сөздері мен еңбектерінде дамытып толықтырды. Қазақстан мен Ео арасындағы ресми дипломатиялық қатынастар – 1993 жылы орнатылды. 1991 жылдан бастап сыртқы саясат пен халықаралық қатынастар саласында көптеген шаралар іске асырылды.Оның дәлелі ҚР БҰҰ толық құқылы мүшесі болуы,Хельсинки келісіміне қосылуы,АҚШ-пен «Демократиялық серіктестік туралы хартияға» қол қоюы,НАТО-ның «Бейбітшілік мүддесіндегі серіктестік» бағдарламасына қосылуы және т.б.

Билет

24.Демократия теориялары мен модельдері?

Демократия деп халық билігі, тендік, құқық, әділдік, еркіндік принциптеріне негізделген мемлекеттік құрылысты айтамыз. Қазіргі кездегі демократияның негізгі теориялары

Плюралистік, элитарлық, экономикалық, «ақпараттық демократия» және маркстік теорияларының идеялары негізінде демократияның үш түрін атап көрсетуге болады: тура, плебисцитарлық, өкілдік. Тура демократияда халық маңызды саяси шешімдерді қабылдауда, билік жүргізуге тікелей араласады. Оның жақсы жақтары: халықты саясаттан шеттетпейді, саяси жүйенің тұрақтылығын және басқарудың ұтымдылығын арттырады; халықтың белсенділігін дамытып, тұлғаның өзін-өзі көрсетуіне, танытуына жол ашады; саяси институттар мен қызмет адамдарын бақылаудың ықпалдылығын қамтамасыз етеді, билікті теріс пайдаланудан сақтайды, басқарушы элитаның халықтан алшақтауына, шенеуліктердің бюрократталуына жол берілмейді.

Плебисцитарлық демократияда азаматтардың саяси ықпалы кемиді. Оларға сайлау арқылы заңның немесе басқа шешімнің жобасын қабылдау немесе қабылдамау құқығы беріледі. Оны әдетте президент, үкімет, партия немесе басқа бастамашы топ дайындайды. Мұнда халықтың жобаны дайындауға қатынасу мүмкіндігі аз. Оны біраз жағдайларды екіұшты сұрақтар қою және т.с.с. арқылы ұйымдастырушылар айласын асыру үшін де пайдаланады.

Өкілдік демократияда халықтың еркі депутаттарға және биліктің өкілетті органдарына беріледі. Азаматтар өздерінің көзқарастарының, мақсаттарының, бағдарламаларының жақындығына байланысты депутаттарды сайлайды, оларға өз мүдделерін қорғауды сеніп тапсырады. Оның жақсы жақтары – еңбектің айқын бөлінуі, шешім қабылдайтын адамдардың құзыреттілігі мен жауапкершілігі. Осал жағы – сайлау аралығында халықтың биліктің шеттетілуі, басқарудың бюрократиялануы, авторитарлық үрдістің өрістеуі және т.б.

54. Саяси даму және модернизация

Саяси даму деп саяси іс-қимылдар,саяси мәдениетке және жалпы саяси жүйеде өзгерістерге әкелетін процесті айтады.Саяси дамудың эволюциялық және революциялық түрлері бар.Эволюциялықта қоғамдық-саяси өмір біртіндеп,баяу дамиды.Революцияда қоғамның барлық әлеуметтік-экономикалық саяси құрылымы түбегейлі сапалы төңкеріске ұшырайды.Ол қарулы және бейбіт жолмен жүзеге асуы мүмкін.Саяси даму тұжырымдамасында басты рөлді саяси бейімделу(модернизация) теориясы атқарады. Саяси модернизация дегеніміз – қоғамның барлық салаларының арта қалған жақтарын дамытуға байланысты бірден өзгеріске әкелтіп, гүлдену процесі.

84. Әлемдік қауымдастықтағы ҚР

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін егемен мемлекет ретінде халықаралық қатынастар жасауға, белсенді сыртқы саясат жүргізуге кірісті. Қазақстан өзінің сыртқы саясатында үш мэселеге ерекше назар аударды. Біріншіден, басқа елдермен, соның ішінде бүрынғы Одаққа кірген республикалармен, Азия, Тынық мүхит, Таяу Шығыс аймағы, Еуропа елдері жэне АҚШ-пен халықаралық байланысты өркендету. Екіншіден, шет елдермен тек дипломатиялық байланыс қана орнатып қоймай, сонымен қатар, олармен мәдени-экономикалық байланысты күшейту, сол арқылы алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің қатарына қосылу. Үшіншіден, Қазақстанның қауіпсіздігін сақтау, дүниежүзілік соғысты, ядролық қаруды қолдануды болдырмау. Міне, осы бағытта 1991 жылдан бастап сыртқы саясат пен халықаралық қатынастар саласында көптеген шаралар іске асырылды.Оның дәлелі ҚР БҰҰ толық құқылы мүшесі болуы,Хельсинки келісіміне қосылуы,АҚШ-пен «Демократиялық серіктестік туралы хартияға» қол қоюы,НАТО-ның «Бейбітшілік мүддесіндегі серіктестік» бағдарламасына қосылуы және т.б.Қазақстанға ортақ шекарасы, қалыптасқан шаруашылық, тари­хи жэне мәдени-этникалық байланыстары бар Орта Азиядағы — Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан мемлекеттерімен тығыз қарым-қатынас жасау өте маңызды. Осы бағытта 1994 жылы Орталық Азия экономикалық қауымдастығы қүрылды. Қазақстанның сыртқы саясатындағы басты көңіл аударып отырған мәселелерінің бірі — елдің шекаралық қауіпсіздігін сақтау. Шекара мәселесін Азия елдерінде түрақты шешуде Шанхай ынтымақтастық үйымы (ШЫ¥) маңызды рөл атқарады. Қазақстанның сыртқы саясатындагы басты мақсат — бейбіт- шілік, согысты болгызбау.Тэуелсіздік жылдарында Қазақстан әлемдік қауымдастықтың толыққанды мүшесі болды, оның бастамалары тэжірибе жүзінде әрқашан кең қолдау тапты жэне нақты іс жүзіне асырылып отыр­ды. Бүгін біздің еліміз халықаралық дәрежеде танылудың жаңа сапалық деңгейіне көтерілді. Қазақстанның 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік жэне ынтымақтастық үйымына төрағалық етуі туралы шешім оның сенімді дәлелі болды.

Билет

25.Қазақстан Республикасының саяси жүйесі?

Саяси жүйе – қоғамды басқаруды, билікті жүргізуді, түрлі әлеуметтік топтардың арасындағы қарым-қатынастарды, мемлекет аралық істердіреттеуді іске асыра отырып, қоғам тұтастығын қамтамасыз ететін мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік институттардың жиынтығы. Қазақстан – Республика Конституциясында бекітілген өзінің жеке және ерекше мемлекеттік формасы бойынша тәуелсіз мемлекет. Президент мемлекеттің саясатын анықтау құқығымен мемлекет басы болып табылады. Қазақстан Республикасының үкіметі атқарушы, заң шығарушы және сот үш өкімет тармағынан құралады. Президент осы үш тармақтың үшеуінің де қызметін еркін үйлестіру өкілеттігіне ие. Сайып келгенде, Қазақстан өзінің басқару формасы бойынша Президентік республика болып табылады. Қазақстанның Үкіметі атқарушы тармақ өкіметін басқарады. Республиканың Жоғарғы заң шығарушы органы болып табылатын екі палаталы парламент заң шығарушы тармағының өкіметін басқарады.Өкіметтің Соттық тармағы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен басқарылатын жалпы юрисдикциясы бар соттар жүйесімен ұсынылады. Қазақстан Республикасының Конституциялық нормалары орындалуының бақылауы бойынша міндеттерді Конституциялық Кеңес орындайды. Республиканың Бас Прокуратурасы және Ішкі Істер Министрлігі тұсындағы құқық қорғау органдар жүйесі заң бойынша бақылау мен мемлекеттік тәртіпті іске асырады.
Қазақстан – әкімшілік-территориялық бірлік болып келетін аймақтарға бөлінген унитарлы мемлекет.

55. Қоғам және саяси жүйенің бейімделу жолдары

Әр түрлі елдердің бейімдену жағдайларын талдап,қорыта келіп,ғалымдар бұл жолда белгілі бір жүйелік болуы керек дегенді айтады.Теориялық жақтан алғанда бұл мәселеге екі түрлі:либералдық және консервативтік қөзқарастар бар. Либералдар жаңа жағдайға көшуге орта тапқа,халықтың білім дәрежесіне баса назар аударады.Консерваториялық бұған керісінше қарайды.олардың ойынша,демократиялық үрдісте тәрбиеленбеген,билік институттарын дұрыс пайдаланып басқара білмейтін халықты билікке араластырып керегі жоқ.Дамып келе жатқан елдердің жаңа жағдайға бейімделуі үшін мықты саяси тәртіп,тұрақсыздықты тежей алатын заңды,белсенді саяси партия,авторитарлық тәртіп болуы тиіс.70 жылдардан бастап үш бірдей авторитарлық тәртіп өздерінің бұрынғы жолдарынан бас тартты.Казіргі кезге дейін көптеген мемлекеттер біртіндеп демократиялық режимге көшті.Оған тек бейбіт жолмен жетуге болады.Оның үш түрі бар:1)реформа жоғарыдан басталады.2)амалсыздықтан биліктен бас тарту;3)билік басындағылар оппозициядағылармен келісімге келу арқылы авторитарлық тәртіптен демократияға өтеді.

85. Саяси әлеуметтену агенттері

Саяси әлеуметтену агенттеріне жататындар:отбасы,дос, жолдастар,мектеп,БАҚ,саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар. Саяси әлеуметтену ең алғаш отбасынан басталады.Қазақтар «ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілесің» деп тегін айтпаған, үйде қалыптасқан көзқарас көбіне өмір бойына жадында қалады.Саяси әлеуметтенудің келесі сатысы мектеп.Бұл кезде жалпыға бірдей негізі саяси қазыналар мен көзқарастарды оқушы оқып біледі,алғашқы әлеуметтік тәжірибе алады. Келесісі 16-40 жастар аралығы.Адам сайлауға қатыса бастайды,азамат атанады.Келесі адамның есейген шағы 40-60 жас.Адамның саяси іс әрекетіне өмір тәжірибесі,балалары мен немерелері әсер етеді.Соңғы зейнеткерлердің әлеуметтенуі.Олардың кейбіреулері қолдары босаған соң саяси мәселелермен белсенді айналыса бастайды.

Билет

26.Мемлекет саяси жүйенің басты институты ретінде?

Мемлекет ұғымы екі мағынада қолданылады. Біріншісі, «ел», «жұрт» деген мағынада тұтас территориясы халқымен алып түсіндірілсе, екіншісінде тек жоғарыда қолында билігі бар басшылар тобын ғана айтады.Мемлекеттің белгілері:Территория

Тәуелсіздік немесе егемендік, Мемлекеттік билік, Халық, Салық салу құқығы. Мемлекет саяси институт ретінде Мемлекет туралы мөселенің саясаттанудың ең басты, орталық тақырыптардың санатына жататындығы сөзсіз. Өйткені қоғамның саяси жүйесінде мемлекет басты қызмет аткдратындықтан, саяси жүйенің тиімділігі оның іс-әрекетіне елеулі дәрежеде тәуелді. Мемлекеттің жоғары әлеуметтіксаяси әрекеттілігі, саяси жүйенің өзіндік ерекшеліктерінің мемлекеттік органдар құрылымы мен функцияларында тікелей және толықтай жүзеге асуы, саяси режимдердің мәні мемлекетті саяси жүйенің мейлінше сипатты, көрнекті элементіне айналдырады. Мемлекет жоғары нәтижелі құндылық әрі саяси еріктің жүзеге асуының тиімді құралы ретінде барлық кезеңдердегі ойшылдардың назарын өзіне аударды. Өркениет тарихында мемлекеттілікгің дамуы үлкен дәрежеде толыққанды әрі проблематикалы және орасан зор танымдық мәнге ие болуы себепті мемлекетгің пайда болуын зерттеу кең тарихи негіздерге құрылуы керек. Мемлекет тарихы мәні мен мазмұны бойынша ел тарихы, оның халқының тағдырының тарихы, өйткені мемлекет — биліктік құрылымдардағы халық субъектілігі. Осыған орай, халық қандай болса, мемлекеттік билік пен мемлекет соған сай болады.

56. Саяси модернизация түсінігі мен мәні

Саяси модернизация дегеніміз – қоғамның барлық салаларының арта қалған жақтарын дамытуға байланысты бірден өзгеріске әкелтіп, гүлдену процесі.Дәстүрлік қоғамнан қазіргі қоғамға өтудің,соған бейімделудің әртүрлі қыры бар.1)Құрылымдық бейімделу.Ол қазіргі қоғамның әлеуметтік экономикалық,саяси және басқа институттар жүйесінің қалыптасуын қамтиды.2)Азаматтық.Жаңғыру барысында дәстүрлік қоғамның саяси жүйесі де құрылымдық өзгерістерге ұшырайды.Солардың ішінде елеулі саяси көрінісі – азаматтылық,азаматтық құқықтар.3)Саяси қатынасу.Жоғарыда айтылған азаматтық принциптің негізінде азаматтарға қоғамның саяси өміріне белсене қатынасуына кең жол ашылады.Солардың ішінде ең маңыздылардың бірі – сайлау жасына келген азаматтардың сайлауға және сайлануға құқығы.4)Қазіргі адам.Мемлекеттік,қоғамдық жұмсытарға белсене араласатын жаңа адам қалыптасады.Бұрынғыдай әдет ғұрып,салт дәстүрді,діни қағидаларды басшылыққа алмайды,өмірдің өркениеті талабына сай,іскерлік көрсетіп,білімді қорытындылар жасап,іс істеуге тура келеді.

86. Қоғамның саяси өміріндегі діннің орны

Қоғамның саяси өмірінде дін де айтарлықтай орын алады.Бұрынғы Кеңес Одағы кезінде дін қудалауға түсіп,саяси өмірден шеттетілуінің,атеистік идеологияның үстемдік етуінің салқыны елімізде әлі айыға қойған жоқ.Ал шетелдерде діни идеологияның адамдар іс әрекетіне ықпалы бар.Адамзат тарихында мемлекет пен діннің ара қатынасы үш түрлі шешіліп келді:1)мемлекеттік билікті діңнің орталығына айналдыру;2)мемлекетті діни мекемелерге айналдыру;3)мемлекет пен діннің одағы.Қазір ол негізінен 2түрлі шешіледі:1)мемлекет пен діннің имандылық одағының негізінде;2)мемлекет пен діннің бөлінуі,бір бірінің ісіне араласпауы.Алайда өз қызметін толық атқару үшін мемлекетке дін қажет.Өйткені дін қоғамда этикалық қызметтерді атқарып,имандылық ережелерін қалыптастырады.Ол халықты тәрбиелейді,адамгершілік көзқарасты қалыптастырады.1992 ж 15қаңтарында «Дін ұстану бостандығы және діни бірлестіктер туралы»ҚР Заңы қабылданды.Ол діни бірлестіктер қызметін құқықтық жағынан реттейді.Соңғы кезде елімізде дінге сенушілер саны көбеюде.Респ 2000-ға жуық діни бірлестіктер жұмыс істейді.Көптеген діни мектептер ашылуда.


Дата добавления: 2015-09-01; просмотров: 889 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Сайлау технологиялары 4 страница| Сайлау технологиялары 6 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)