Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сайлау технологиялары 3 страница

Сайлау технологиялары 1 страница | Сайлау технологиялары 5 страница | Сайлау технологиялары 6 страница | Р саяси модернизациясы |


Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

41.Саяси жетекшілік архетиптері?

Саяси іс-әрекетті жүзеге асыруда саяси жетекшілердің, топ бастаушылардың (лидер),серкелердің орны ерекше.Оған халықтың немесе белгілі бір әлеуметтік топтың мүддесін толық сезініп,қорғай білетін,бойына саяси қайраткерге лайықты қасиеттерді жия білген адам жатады. Ол алға қойған мақсатқа жету үшін қаланың,аймақтың,мемлекеттің көлемінде адамдардың күш-жігерін біріктіріп,белсенді ықпал ете алады. Соңғы кезде бұл атаудың мағынасы кеңейе түсті.Өйткені саяси топ бастаушыға басқарушы қызметті ресми түрде атқармайтын,бірақ саяси өмірде беделді,аты шыққан адамдарды да жатқызып жүр.

Архетип (грек, агсһе — бастау, tupos — бейне) — алғашқы үлгі, түпнұсқа. Архетип жалпы адамзаттық рәмізділіктің негізіне, шығармашылық жасампаз қиялдың нәр алатын бастауына жатады. Архетип өнерде ерекше рөл атқарады. Мәдени архетиптер — бұл ілкі мәдени түпнүсқалар, адам және оның табиғат пен қоғамдағы орны жөніндегі түсінік-рәміздер, тарихтың терең қойнауларынан үзілмей «өсіп» шығып, казіргі мәдениеттің нормалық-құндылық кеңістігінде өз маңызы мен мағынасын жоғалтпаған және бүгінгі адамдардың әрекеттеріне жалпы жоба беретін баптық-құндылық бағдарлар. Архетип туралы ілімдер К. Юнгтің «аналитикалық психологиясында», Выготскийдің «мәдени-тарихи теориясында», Дж. Кулидің «Рәміздік интеракционизмінде» және мәдениетті құндылық-рәміздік жүйе мен адамдар тіршілігінің рухани интенциясы деген түсініктерде жан-жақты дамытылды. К. Юнгтің аналитикалықпсихологиясында архетип көмескі сананың тылсымдық құрылымдарында «ұжымдық бейсаналық» түпнұсқалар ретінде сақталды.

71. Халықаралық саясаттың мәні мен функциялары

Халықаралық саясат деп мемлкеттік не топтық мүдделерді жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттер,жеке адамдар және т.б. арасындағы қоғамдық қатынастар.Халықаралық саясатқа мемлекеттік ұйымдар мен қатар саяси партиялар мен қозғалыстар,әлеуметтік топтар мен жеке адамдар және т.б. мемлекеттік емес ұйымдар қатысуы мүмкін.Қазіргі кезде әлемдік саясатты жүргізуде қоғамдық-саяси ұйымдар мен қозғалыстардың белсенділігі артып келе жатыр.Х.с-пен тығыз байланысты тағы бір ұғым-ұлттық мүдде.Ол өз халқының,мемлекетттің мақсат-мүддесін сезініп,біліп,оны іске асыруға тырысушылықты айтады.Х.с.фун-ы:ұлтты еркін және тәуелсіз мемлекет ретінде ұстау,сыртқы қауіп қатерден сақтау,ұлттың жақсы тұрмысын өрлетіп,дамыту,халықаралық майданда мемлекеттің экономикалық және саяси бағытын қорғау,әлемдік саясатта өз ықпалын кеңейту жатады.

Билет

12.Саясаттанудың негізгі парадигмалары?

Саясаттанудың негізгі парадигмалары: әлеуметтік, психологиялық, биосаяси, теологиялық және натуралистік парадигмалар. Парадигма- үлгі деген мағына береді.

42.Саяси элита, оның функциялары мен қалыптасу механизмдері?

Элита” термины француздың elite деген сөзінен шыққан, сұрыпталған іріктелген, таңдалған деген мағынаны білдіреді.XVIII ғ. бастап ол сөзбен жоғары сапалы товарларды атады.ХХ ғасырдан бастап саясаттану мен әлеуметтануда білімі, байлығы,беделі,билігі жоғары адамдардың азғантай әлеуметтік тобын білдіреді. Қалай болғанда да қоғам саяси элитасыз,кәсіби маманданған басқарушыларсыз өз қызметін толық атқара алмайды.Орыс филосовы Н.А.Бердяев қоғамның даму деңгейі мен саяси элитасанының арасында өзара байланыс барлығын ашып, “элита коэфицентін” шығарды.Ол жоғары зерделі, зияткерлік бөлігінің халықтың жалпы сауатты санымен салыстырғанда бір пайызын құраса, ол қоғам өмірін тоқырауға әкеледі.Ал элитаның коэфиценті 5 пайыздан асса, қоғам дамуының жоғары мүмкіндігі барлығын айғақтайды дейді ғалым. Саяси элиталарды қалыптастырудың,жоғары лауазымды қызметке іріктеп алудың 2 түрі бар: антрепренерлық және гильдия жүйесі. Антрепренерлық түрде басқарушы қызметке үміткердің ерекше қасиеттері,көпшілік жұртқа ұнай білу қабілетібасты орын алады.Мұнда кандидаттың байлығына,кәсібіне,біліміне,мамандығына, т.с.с. Онша мән берілмейді.Ол ең алдымен өзінің тапқырлығын,жасампаздығын,белсенділігін көрсете білу қажет.Мысалы,АҚШ -та актер болған Рональд Рейган да президенттікке сайланды.Элитаны қалыптастырудың бұл түрі өзінің ашықтығымен,демократиялылығымен,үміткерге қойылатын шектеулердің аздығымен сипатталады. Сондықтан тұрақты демократиялық елдерде бұл тү кең тараған.

72. Әлемдік саясаттағы жаһандық проблемалар

Ол 80 жылдардың ортасына дейін созылды.80 жылдардың ортасы-нан бастап, жаңаша саяси ойлау кезеңі басталды. Оған көптеген себептер болды. Біріншіден, ядролық-космостық дәуірде мемлекетгер, әсіресе блоктар арасында әскери қақтыгыстар болмауы керек. Әскери техниканы дамытып, жанталаса қарулану өзінің шарықтау шегіне жетті. Термоядролық соғыс басталса, барлық адамзаттың, жер бетіндегі тіршіліктің бәрінің құруына әкеліп соқтырады. Екіншіден, қазіргі заманда бүкіл жер шарын қамтитын глобальды, ғаламдық мәселелердің маңыздылығы артуда. адамзат екінші дүниежүзілік соғысқа дейін қанша минералдық шикізат пайдаланса, одан кейінгі 40 жылдың ішінде соншалықты пайдаланған екен. Табиғат байлықтарын аяусыз пайдаланумен қатар соңғы он-жылдықтарда жұртшылықты қатты аландатып отырған қатерлі мәселе — планетаны ластау. Әлемдік мұхит негізінеи мұнай өндіруді өрістетуден ластануда. Сонымен қатар оған миллиондаған тонна фосфор, қорғасын, радиоактивті қалдықтар және т.т. тасталуда. Өзен, көлдер, ағын сумен бірге келгентыңайтқыш-тар, пестицидтер, сынап, мышьяк, қорғасын, цинк т.б. сияқты зиянды заттармен улануда.Үшінші үлкен мәселе­ «үшінші елдердің» алдыңғы қатарлы Батыс державаларымен салыстырғанда эконқ артта қалу үрдістерінің күннен күнге артуы.

Билет

13.Тұлға саясаттың субьектісі мен обьектісі?

Тұлға саяси субъект те, объект те бола алады. Адамдардың өз бойында мұндай қасиеттерді орнықтыруы үшін қоғамның құрылымында да қажетті өзгерістер жүзеге асуы тиіс. Адамның өзін еркін сезінуі, бостандығы тікелей заң жүзінде бекітілген құқығымен қорғалады. Адамның бостандыққа деген құқы іс жүзінде адамның жеке меншік құқымен өлшенеді. Адамның өмір сүруін қамтамасыз ететін жеке меншігі болмайынша, өзін емін-еркін сезіне алмайды. Қазір бізде меншікке деген көзқарастың өзгеруі, меншіктің түрлі формаларының өмір сүруіне еркіндік алуы азаматтық қоғамды қалыптастыруға қолайлы алғышарттар жасауда.Биік парасатты адам қоғам алдындағы өзінің жауапкершілігін де жете түсінеді, соның нәтижесінде ол қоғам мүшелеріне міндетті деп танылған барлық талаптар мен міндеттерді бұлжытпай орындауға, қоғам, мемлекет алдындағы жауапкершіліктерін мүлтіксіз жүзеге асыруға, парыздарын өтеуге әрдайым бейім тұрады.Әрбір адамда саяси, әлеуметтік, экономикалық құқықтары болады. Қоғамның әлеуметтік құрылымы мен жіктелуін оқып-білудің маңызы өте зор. Себебі, қоғам өзінің қандай әлеуметтік топтардан, ал олар қандай жай-күй, жағдайда тұратындығын білуі керек. Олардың іс-әрекеті барлық қоғам институттарының қызмет ету сапасын, қоғам дамуының бағытын анықтайды. Қоғамның тұрпаты, саяси және мемлекеттік құрылымы оның қандай әлеуметтік топтардан тұратындығына, олардың қайсысы жетекшілік, қайсысы тәуелді жағдайда екендігіне байланысты.

43.Қазіргі элитарлық теориялардың негізгі бағыттары?

Элита теориясы (фр. elіte – үздік, таңдаулы) — қоғамның ілкі топтарының ерекше миссиясы мен әлеуметтік-саяси және интелектуалдық белсенділігі және қалған адамдардың енжарлығы туралы теориялар. Бұл теориялар негізделуіне байланысты ажыратылады.Биол. теориялар бойынша биол.-генетик. белгілеріне байланысты (Р. Уильямс, Э. Богардус) адамдарды аса көрнекті және қатардағы, белсенді және енжар, ақыл-есі дұрыс немесе кеміс деп негіздейді.Психол. теорияларда (Г. Джилберт, Б. Скиннер) – біреулердің қабілеттілігі мен екінші біреулердің қарабайырлығына түрткі болатын психол. қасиеттерге сілтейді.

73.Халықаралық қатнастардың қазіргі жүйесіндегі гуманизация

Халықаралық қатынас -XX ғacыр соңғы он жылдығында халықаралық қатынастардағы жағдай түбегейлі өзгерді. 1980-ші жылдардың соңына дейін олардың басты сипатына әлемдік қауымдастықтың екі қарама-қарсы одаққа жіктелуі тән болды. Халықаралық қатынастар эволюциясы екі өзара байланысты процесcтердің елеулі әсеріне үшырады - капиталистіксипаттағы әлеуметтік қатынастарға негізделген әлемдік нарықтың бірлігін қалпына келтіру және жаһандану проңесінің қарқынды дамуы. Нәтижесінде елдер мен халықтардың өзара тәуелділігі артуда, шешімін табу үшін халықаралық әріптестікті дамытуды талап ететін жалпы әлемдік, ғаламдық сипаттағы мәселелердің көбеюі орын алып отыр. Қазіргі халықаралық қатынастардың экономикалық негізі - әлемнің метериалдық базасындағы елеулі өзгерістердің негізінде қалыптасушы жаңа әлемдік еңбек бөлінісі. Жаһандану нәтижесінде өнеркәсібі дамыған елдер өздерінің экономикалық орталық үстанымын нығайтуда, ал дамушы елдер одан тәуелді шет аймақ күйіне түсуде. Өнеркәсібі қарқынды дамыған елдер арасында АҚШбасым орын алуда, алайда Еуропалық Одақ онымен иық теңестіріп, кей жағдайларда одан басым түсіп отыр. Жапония бүрынғыдай үшінші келеді. 20-25 жылдан кейін Қытай әлемдікэкономиканың бас алпауытына айналуы мүмкін. Үндістан да одан қалыспауда. Осы кезде аймақтандырудың қарқынды проңесі жүріп жатыр - Еуропада (Еуропалық Одақ), Азияда(АСЕАН және өзге де тар шеңбердегі қүрылымдар), Африкада (Африкалық одақ), Солтүстік Америкада (НАФТА), Латын Америкасында (МЕРКОСУР, Анд тобы). Бүл аймақтық үйымдар өз кезегінде халықаралық қатынастар сахнасының белсенді әрі ықпалды ойыншы- ларына айналуда. Қалыптасып келе жатқан әлемдік азаматтық қоғамның үстанымдарын білдіретін үкіметтік емес үйымдар Халықаралық қатынастар саласында елеулі ықпалды рөл атқаруда.

Билет

14.Жеке адамның құқықтары мен бостандықтары?

Адамның саяси өмірге қатынасуға мүмкіндік беретін құқығы конститутциялық сипаттағы қарапайым демократиялық еркіндікке (бірлестіктер құруға, дінге кіруге, өз көзқарастарын ашық айтуға, жиналыстармен демонстрациялар сияқты жұрт алдында манифестация жасауға, сайлауға және сайлануға т.с.с құқылыққа) тікелей байланысты.

44.Қазіргі қазақстандағы саяси элита?

Біздің Қазақстандағы элитаға келсек,еліміз егемендігін алғанымен билеуші топ онша өзгере қойған жоқ.Олардың көбі Кеңес Одағы кезінде номенклатуралық қызметтер атқарып, Коммунистік партия ыдырағаннан кейін мемлекеттік институттарға (Президент,Үкімет әкімшілігіне) қызметке көшті.1993 жылғы Конститутция бойынша биліктің үш тармағы тең делінді.Алайда шын мәнінде билік атқарушы органның қолына тиді.1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конститутциясы Президенттік билікті бекітіп, атқарушы биліктің мәртебесін арттыра түсті. Жекешелендіру кезінде халықтың еңбегіне жасалған мүлікке ие болды.Қазақстан қазіргі элитасына кідер жатады десек,Оған Президент аппаратының құрамы (Президент,оның әкімшілігінің бастығы орынбасарлары,бөлім басшылары, көмекшілері,кеңесшілері,) Парламент, минстрліктер басшылары мен орынбасарлары,дипломатиялық элита кіреді.Аймақтық элитаға облыс әкімдері жатады.

74. Қауіпсіздіктің халықаралық жүйесінің құрылуы және адамды қорғауды қамтамасыз ету

Қазақстанның сыртқы саясатының негізінде өзінің қауіпсіздігін,егемендігі мен аумақтық тұтастықтығын қамтамасыз ететін,мемлекетіміздің дүниежүзілік қауымдастыққа енуіне,республика ішіндегі реформаларды жүзеге асыруға,оның тиімді және өсіңкі экономика,тұрақты демократиялық институттар жасауға,барлық республика халқының құқығы мен бостандықтарын қорғауға қолайлы жағдайлар жасау мүдделері жатыр.Ол өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әскери құралдарды емес,парасатты,салмақты дипломатияға сүйене отырып,саяси құралдарды пайдалануды мақсат етіп отыр.Ол халықаралық байланыстарының негізінде таяу және алыс шетелдердің бәрімен өзара тиімді саяси,әлеуметтік-экон-лық, мәдени қатынастарды орнатуға ұмтылуда.

Билет

15.Саяси билік: түсінігі, мәні типалогиясы мен қызметтері?

С аясаттануда саяси билік теориясы негізгі орын алады. Ол саясатпен тығыз байланысты және саясаттың, саяси институттар мен барлық саясат әлемінің мәнін түсініп білуге-білуге мүмкіндік береді.Себебі, саясаттың негізгі мәселесі – билік, ал мазмұны – билік үшін күрес және билікті жүргізу. Шығыстың көрнекті ойшылы Ибн – Халдун (1332-1406) адамның басқа жан-жануарлардан ерекшелігі - ол билік үшін күреседі деген екен.

Түрлі белгілері бойынша биліктің типологиясы:
– институциялану дәрежесі бойынша билік үкіметтік, қалалық, аудандық, облыстық, мектептік және т.б. болады;

– субъектісі бойынша таптық, партиялық, халықтық, президенттік, парламенттік және т.б.
– сандық белгілері бойынша – жекеленген, олигархиялық (бір жерге жұмылған топтың билігі), полиархиялық (көптеген институттардың немесе адамдардың билігі);
– басқарудың әлеуметтік типі бойынша – монархиялық, республикалық;
– саяси режимі бойынша – демократиялық, авторитарлық, тоталитарлық;
– қолданатын құралы бойынша – үстемдік ету, күш көрсету, бедел, ымыраға келу және т.б.;
– қызметі бойынша – қадағалау, бақылау, ұйымдастыру, басқару және т.б.

Саяси биліктің өзіндік қызметтері болады. Оған жататындар: қоғамның саяси жүйесін қалыптастыру; оның саяси өмірін ұйымдастыру (ол мемлекет пен қоғам, таптар мен топтар, ассоциациялар, саяси институттар, мемлекеттік басқару органдары мен аппараттары, партиялар, азаматтар және т.б. арасындағы қатынастарды қамтиды); әр түрлі деңгейдегі қоғам мен мемлекеттің істерін басқару; өкімет органдары, саяси емес процестерге басшылық ету,; саяси және басқа да қатынастарды бақылау және түптеп келгенде, белгілі бір қоғамға сәйкес басқарудың түрін, саяси тәртіпті және мемлекеттік құрылысты, ашық және жабық қоғамды құру, қоғамдық тәртіп пен тұрақтылықты қорғау; дау-дамай, шиеленістерді ашып, оларға шек қою және дер кезінде шешу; қоғамдық келісімге, мәмілеге келу және т.б.

45.Саяси мәдениеттің мәні.Құрылымы мен функциялары?

Саяси мәдениет дегеніміз, қоғамдағы саяси идеялардың, принциптердің, құндылықтардың, саяси дәстүрдің жиынтығы. Ол қоғамдағы кез келген саяси іс-әрекетті бағыттап, бақылай алады. Саяси мәдениеттің құрылымы мен функциясы

Адамзаттың саяси мәдениеті – ерте дәуірден біздің заманымызға дейінгі адамзаттың саяси қызметінің бар байлығын бойына жинақтаған күрделі құрылым. Аталмыш қызметтің ұйымдастырушы өзегі субъект-субъектілік қатынастарда билікті қалыптастыру мен пайдалану болады. Бірақ,адамның барлық саяси қызметінің тарихи дамитын негізі, стихиясы мен шынайылығы саяси мәдениет болады.Саяси қызмет үшін қажетті теориялық идеяларды, көзқарастарды, ұйымдастыру формаларын, принциптер, әдістер, құралдар, жүріс-тұрыс актілерін адамзат саяси мәдениеттен алған және алып та жатыр.

Саяси мәдениет туралы барынша кең мағлұмат алу мақсатында оның құрылымы мен функциональдық мәнін қарастыру қажет. Осы ретте әртүрлі тарихи, әлеуметтік-таптық, аймақтық, этникалық, функционалдық және т.б.критериилерді басшылыққа ала отырып, адамзаттың қалыптасқан саяси мәдениетін құрылымдау мүмкін болады.

75. Саясаттағы қазіргі халықаралық ұйымдар

Халықаралық ұйымдар әлемдік саясаттың ажырамас бір бөлігі. Қазіргі таңда жиырма мыңға жуық ұйым өз қызметін атқарып келеді. Халықаралық ұйымдар санының осыншама күрт өсуі, бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін басталды. Оған дейін елуге жуық қана тұрақты түрде қызмет атқаратын ұйымдар болған. Халықаралық ұйымдардың беделі сан жағынан күрт өсуіне мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, сауда-саттық және мәдени қатынастарының кеңеюі орасан зор әсер етті. Бірлесу түріне байланысты халықаралық үйымдар үкіметаралық және үкіметтік емес болып бөлінеді. Үкіметаралық халықаралық үйымдар мемлекеттер арасындағы келісімдер мен шарттардың негізінде қүрылып, қызмет етеді.Олар:1)Біріккен Ұлттар Ұйымы - халықаралық қауіпсіздікті және тыныштықты, мемлекеттер арасындағы бірлікті сақтауға бағытталған ұйым.2)Халықаралық валюта қоры — әлемдік қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатысты туындайтын түйткілдерді зерттейтін және қажет болған жағдайда мүше елдерге қаржылық және техникалық қолдау ұсынатын халықаралық ұйым. 3)Бүкіләлемдік сауда ұйымы(1995)4)Cолтүстік-атлантикалық келісім ұйымы (НАТО, 1949) әскери-саяси одақ.5)Мұнай экспорттаушыелдер үйымы (ОПЕК, 1960) табысының негізгі көзі мұнай және мұнай өнімдерін шығару мен экспорттау болып табылатын, құрамына 11 ел кіретін халықаралық ұйым.6)Халықаралық Олимпиадалық комитет (1894).7)Рим клубы (1968) жаһандық мәселелерді зерттеуді ілгерілету.8)Гринпис (1971) Бүкіл дүниежүзілік табиғат қорғау ұйымы.

Билет

16.Биліктің анықтамалары және ресурстары?

Телеологиялық анықтама (гр.сөзі teleos – мақсат + logos - түсінік,ілім) билікті белгілі бер мақсатқа, белгілеген нәтижеге, қорытындыға жету мүмкіндігі деп түсіндіреді. Мысалы, ағылшын ойшылы Т. Гоббс (1588-1679) билік болашақта игілікке жетудің құралы және өмірдің өзі өле-өлгенше билік үшін үздіксіз ұмтылыс деп жазды.

Бихевиористік анықтама бойынша билік деп басқа адамдардың жүріс-тұрысын, өзін-өзі ұстауын өзгерту мүмкіндігіне негізделген іс-әрекеттің ерекше түрі.

Инструменталистік анықтама билікті белгілі бір құралдарды, амалдарды (зорлық-зомбылық, күштеу сияқты шараларды) пайдалану, қолдану мүмкіндігі деп біледі. Мәселен, Американың белгілі саясаттанушысы Р. Даль (1915 жылы туған) билік бір адамға екінші адамды өз еркімен жасамайтын іс-әрекетті жасауға мәжбүр ету мүмкіндігін береді дейді.

Құрылымдық-функционалдық анықтама. Бұл анықтама адамдар қауымдастығының билеуші және бағынышты болып екі құрылымдық элементке бөлінуімен және олардың бір-біріне функционалдық тәуелділігін анықтаумен байланысты. Осы анықтама билік пен оған бағынушылардың өзара қарым-қатынасын субъект-субъектілік қатынастар ретінде қарастыру арқылы оларға қойылатын әлеуметтік талаптар жүйесін айқындауға мүмкіндік береді.

Конфликтік анықтама билікті дау-жанжал жағдайында игілікті бөлуді реттейтін мүмкіндік, шиеленісті шешудің құралы деп түсіндіреді.

Саяси билік ресурстары - субъекті мақсатына сәйкес билік объектісіне ықпал етуді қамтамасыз ететін барлық құралдар. Олар: экономикалық, әлеуметтік, ақпараттық, күштеу,демографиялық.
Экономикалық - қоғамдық және жеке өндіріске және пайдалануға қажетті материалдық құндылықтар, ақша, пайдалы қазбалар, техника, т.б.
Әлеуметтік - әлеуметтік құрылымдағы орынды, әлеуметтік мәртебені жоғарылату немесе төмендету қабілеттілігі.
Ақпараттық - білім мен ақпарат, сонымен бірге оларды алу және тарату: ғылым және білім институттары, БАҚ, т.б.
Күштеу - бүл қару, күшті қолдану аппараты, осы мақсатта арнайы дайындалған адамдар тобы. Мемлекетте оның ядросын әскер, полиция, қауіпсіздік органдары, сот, прокуратурақұрайды.
Демографиялық - адамның өзі басқа ресурстарды құрушы әмбебап ресурс ретінде қызмет етеді.

46.Саяси мәдениеттің типологиясы?

Саяси мәдениет (ағылш. political culture, ағылш. cultura - тәрбие, білім, даму) - белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен іс-әрекеттердің жиынтығы. Яғни, өкімет пен азаматтардың өзара қатынастарына байланысты тарихи қалыптасқан саяси нұсқаулар, қазыналар, адамның өзін-өзі ұстауы жөніндегі жарлық, қаулылар жүйесі. Ол қоғамдағы саяси өмірдің барлық салаларын қамтиды. Оған ең алдымен саяси сананың мәдениеті, адамдардың, топтардың, ұлттардың өзін-өзі мәдени ұстай білуі, осы жүйенің шеңберінде жұмыс істейтін саяси мекемелердің мәдениеті кіреді.

Типология (грек тілінен «типос» — пішін, үлгі, із және «логия» — ілім, сөз деп аударылады) деп қазіргі ғылыми әдебиетте 28 зерттеу объектілерін жалпылама үлгі көмегімен талдау, сұрыптау және жинақтау әдістері мен тәсілдерін айтады. Типология, әсіресе, бір-біріне үқсамайтын, көп түрлі құбылыстармен істес болатын ілімдерде реттеу және түсіндіру мақсатында жиі қолданылады. Осы сипатта типологияның XX ғасырда жан-жақты дамыған структурализм, жалпы жүйелік ілім мен мәдениеттану сияқты ілімдерде кеңінен қолданылатынын баса айту қажет.


Дата добавления: 2015-09-01; просмотров: 731 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Сайлау технологиялары 2 страница| Сайлау технологиялары 4 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.013 сек.)