Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сайлау технологиялары 2 страница

Сайлау технологиялары 4 страница | Сайлау технологиялары 5 страница | Сайлау технологиялары 6 страница | Р саяси модернизациясы |


Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Ұйым - белгілі бір ниеттер мен мақсаттарды орындау үшін кұрылған және ережелердің ресми құрылымымен, биліктік қатынастармен, еңбек бөлінісімен, шектеулі қабылдаумен сипатталатын ұжым түрі. Термин қазіргі қоғамның әлеуметтік өмірінің барлық аспектілеріне енетін ірі көлемді немесе «күрделі» ұйымдарға қатысты қолданылады.өзара байланысты ерекше максаттарға жетуге және жоғары формалданған құрылымдардың қалыптастырылуына бағытталған әлеуметтік топ.

66. Ақпараттық технологиялар түсінігі,олардың саясаттағы рөлі

Ақпараттық технология — қазіргі компьютерлік технология негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыныСаяси кеңістікті қайта құруда үлкен рөл атқарған ақпараттық саяси нарықты электронды БАҚ пайда болуы, саяси коммуникаңияда сүхбаттық тәсілдің пайда болуы, "электронды қауымдастықтың" қалыптасуы және т.б. Мінеки, осыған байланысты мемлекеттік билік үшін бәсекелестіктің мүмкіндіктері сапалы түрде өзгерді. Жаңа ақпараттық және коммуника-тивтік технологиялар саясат саласындағы көптеген мәселелерге қатысты ұстанымдар мен қағидаларды өзгертті. Саясаттағы компьютерлік-коммуникациялық технологиялардың қатарында - Интернет. Интернет - бұл әлемдік компьютерлік тор, жүз мыңдаған мемлекеттік, корпоративтік, қоғамдық, білім берулік және үй жағдайындағы ақпаратпен алмасу тәсілдері..Интернет коммуникаңиясында нәсілдік, жастық, жыныстық кедергілер жоқ. Интернет соңғы кезеңде сайлау компанияларын жүргізуде кеңінен қолданылуда. Мысалы, сайлау компаниясын ұйымдастырушылар партиялар немесе қозғалыс жетекшісінің веб-парақтарын құру арқылы қосымша өз қолдаушыларын жұмылдыруға мүмкіндік алады.

Билет

7.Қайта Өрлеу және Ағарту дәуіріндегі саяси ілімдер (Н.Макиавелли, Т.Гоббс, Дж. Локк, Ш.Монтескье, Ж.Руссо)?

Никола Макиавелли (1469-1527). Атақты шығармалары: «Патша», «Тит Ливийдің бірінші онкүндігі жөнінде ойлар», «Флоренция тарихы». Макиавелли алғаш саясатты адамгершілік принциптерден бөліп қарады. «Мақсат - әдіс-тәсілді ақтайды». Ол республикалық мемлекетті, еркіндікті, теңдікті қалады. Билеуші арыстандай күшті және түлкідей қу болуы тиіс. Макиавеллидің ойынша, әлемде теңдей дәрежеде қайырымдылық пен жауыздық, әділдік пен зұлымдық бар, бірақ олар бір елден бір елге жылжи отырып, өздерінің географиялық бағытын өзгертуі мүмкін. Томас Гоббс (1588-1679) мемлекет қоғамдық келісім нәтижесінде жалпыға бірдей бейбіт өмір мен қауіпсіздікті сақтау үшін пайда болды. «Левиафан» атты еңбегінде мемлекет пен ағзаны салыстырған. Гоббстың пікірі бойынша күшті орталықтанған мемлекет барлық жеке тұлғалардың қатысуымен жасалатын қоғамдық шарт негізінде құралады. Билеушінің парызы- халықты жақсы басқара білу, себебі, мемлекет билеуші үшін емес, халық үшін құрылған. Джон Локк (ағылш. John Locke; 29 тамыз 1632 — 28 қазан 1704) — британ педагогы және философы, эмпиризм және либерализм өкілі.Сенсуализмның тарауына әсер етті.Негізгі еңбектері: «Тәрбие туралы ойлар», «Адамның санасы туралы тәжірибе». Адам жаны туғанда таза тақтай сияқты болады, адамдар тәрбиеге қарай ғана мейрімді не жауыз, пайдалы не пайдасыз болып қалыптасады деген. Локк бойынша тәрбиенің мақсаты - іскери, адал адамды, өз мүддесіне жетуде табандылық көрсете алатын, бірақ басқалармен де есептесетін «нағыз жігітті» тәрбиелеу.Локк дене тәрбиесін жас буржуйдің тәрбиесі жүйесіне өндірісті түсінудің негізі ретінде және жасампаздықтың алдын алу құралы ретінде енгізген. Локк әдістемелік мәселелерді жасап, оқуды іш пыстыратын міндетке айналдырмауға шақырған, балалар кызығушылығын және логикалық ойлауын қолпаштауға шақырған. Локк ойлары ХҮІІІ-ХІХ ғғ. педагогика дамуына зор ықпал ететі. Шарль Луи Монтескье (1689-1775) «Заңдар рухы» атты еңбегінде алғаш геосаяси тұжырымдаманың негізін салған. Оның ойынша, әртүрлі факторлар: климат, географиялық орта, заң, дәстүр, дін тағы да басқалардың әсерінен халықтық рух қалыптасады. Оны қазіргі тілмен менталитет деп атайды.Бостандық – заң неге ерік берсе, соны істеу. Бостандықты баянды ету мақсатында және төңкерістерге жол бермеу үшін билікті заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлу керек деп есептеген. Жан Жак Руссо (1712-1778) тек теоретик қана емес, қоғам қайраткері болған адам. Оның ойынша алғаш адамдар өздерінің тұлғалық қасиеттерін ортақ игілік үшін қоғамға бере отырып, мемлекетті қалыптастырады, ал кейіннен сол мемлекет өзінің заңдары мен нормалары арқылы азаматтарын қайта тәрбиелеп шығарады. Адами құндылықтар тек мемлекет пайда болғаннан соң өмір келген деп есептейді.

37.Саясаттағы мүдде топтар мен қысым топтары?

Саяси мүдде - адамның, әлеуметтік топтың қандай да бір саяси құбылыстарға, үрдістерге өзінің дүниетанымдық қағидаттары, сенімдері, ұстанымдары негізіндегі ерекше қатынасы. Бұл саяси мінез-құлықтың саналы, ішкі көзі. Ол адамдардың саяси мақсаттар қоюын және оған қол жеткізу үшін нақты әрекеттерді жүзеге асыруын итермелейді. Саяси мүддені жүзеге асыру тетіктері: саяси қатысу және саяси қызмет.Саяси мүдде субъекті сипатына байланысты - мемлекеттік, партиялық, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар мүддесі; қызмет істеу саласына байланысты - ішкі саяси және сыртқы саяси; жүзеге асыру мүмкіндігіне байланысты - шынайы және мүмкін; қауымдар деңгейіне байланысты - жеке, топтық, тапық, ұлттық, қоғамдық болып бөлінеді

Саясаттағы топтар:

1. Еңбекші шаруалар табы (кәсібі - қара күшімен жер өңдеу, құқық көлемі - шектеулі, мүліктік жағдайы - орташа немесе орташадан томен);

2.Жалдамалы жұмысшылар табы (кәсібі - көбіне қара күшке негізделетін сауда-өнеркәсіптік мекемелерге жалданып жұмыс жасау, құқық көлемі - шектеулі, еңбек қатынастарына сүйенеді, мүліктік жағдайы - орташадан немесе кедейге дейін);

3.Жер иеленушілер табы (кәсібі - жер салығымен күнелтетін, зиялы-басқарушылық қызмет атқаратын жер иелері, құқық көлемі - артық дәрежелі, пұрсатты, мүліктік жағдайы - жұмысшы және шаруа табымен салыстырғанда бай);

4.Капиталистер табы (кәсібі - өндірістік, сауда және қаржы капиталдарының иелері, қүқық көлемі - жер иеленушімен салыстырғанда айрықша құқыққа ие, артық дәрежелі, пұрсатты, мүліктік жағдайы - бай). Саяси ғылымда әлеуметтік таптар саяси қатынастардың маңызды субъектілері ретінде мойындалады.

Қысым топтары - мемлекеттік органдардың нақты шешім қабылдауына қолдау көрсететін немесе кедергі келтіретін ұйымдарды білдіретін мүдделер тобының түрі.

67. Әлемдік саясат және жаһандану түсінігі

Әлемдік саясат деп мелекеттердің және басқа халықаралық субъектілердің әлемдік сахнадағы іс-әрекетінің жиынтығын айтады. Қазіргі кезде әлемдік саясатты жүргізуде қоғамдық-саяси ұйымдар мен қозғалыстардың белсенділігі артып келе жатыр дедік. Жаһандану — жаңа жалпыәлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі. Жаһандастыру мемлекеттер арасындағы өзара бейбітшілікке қауіп тудырады – осы жағдайда қарамағында, яғни қол астында жаңа технологиялар мен арзан, бірақ жоғары білікті жұмыс күшін иеленген кейбіреулер ғана бекіп, өзін өзі көрсетіп тұрақтап қала алады.Сонымен бірге кең таралған пікірлер де бар. Мысалы, жаһандастыру саяси билік пен ұлттық мемлекеттерді басқаруды құртуға әкеледі, бұл Д. Беллдің формуласы бойынша «үлкен тұрмыстық мәселелерге бұл кішкентай болуы, керісінше кішкентайларға- тым үлкен болуы мүмкін». Бұл жағайда жаһандастырудың бесігі – Батыс болғандықтан, олар жаһандастыру тенденцияларын ойлап шығаруда.

Билет

8.Әл-Фарабидің <<Қайрымды қала тұрғындарының көзқарастары>> трактаты.?

Әл-Фараби «Қарапайым қала тұрғындарының көзқарастары туралы» трактатында қала тұрғындарын бес топқа бөледі. Оның ойынша, «қала бес түрлі адамдар тобынан құралады: ең құрметті адамдардан, шешендерден, өлшеушілерден, жауынгерлерден, және байлардан». Әл-Фараби ең құрметті адамдарға ақылдыларды, пайымдағыш адамдарды,маңызды істерде беделге ие болған адамдарды жатқызады. Екінші топтағы шешендерге – діни қызметкерлерді, ақындарды, музыканттарды, хатшыларды және шығармашылық жұмыспен айналысатындарды, ал өлшеушілерге – есепшілерді, дәрігерлерді, астрологтарды, математиканы оқытушыларды қосады. Байлар дегеніміз- қалада байлық табатындар, егіншілер, мал өсірушілер, саудагерлер, қол өнершілер.Әл-Фараби қайырымды қала басшысында алты түрлі қасиет болу керек деп есептеген. Олар: даналық, асқан пайымдылық, сенімділік, ойлау қабылетінің жоғары болуы, соғыс өнерін жетік білуі, денсаулығының мықты болуы. «Осының бәрін өз бойында ұштастыратын адам барлық уақытта кімге еліктеу керек екенін, кімнің айтқан сөзі мен ақылына құлақ қою керек екенін көрсететін үлгі болады. Мұндай адам мемлекетті өзінің қалауынша басқара алады».

38.Қазақстан Республикасының партиялық жүйесі?

Қазіргі кезде елімізде 12 саяси партия әрекет етеді. Олар – “Отан”, “Асар”, Азаматтық, Аграрлық, “Ауыл”, Патриоттар, “Әділет”, “Руханият”, “Ақ жол”, “Нағыз Ақ жол”, Коммунистік, Коммунистік халықтық партиялары. “Алға” партиясы тіркелу үдерісінен өтуде. Бірқатар қоғамдық қозғалыстар (“Ақорда”, “Табиғат” және басқалары) оқтын-оқтын партия болып құрыламыз деп мәлімдеумен келеді. Бұл партиялардағы мүшелерінің жалпы саны шамамен 1,3 млн. адамға жетеді, яғни елдегі сайлаушылар санының 15,1%-ын құрайды.

Көппартиялық деп мемлекеттік билік үшін күрес барысында бірнеше саяси партиялардың әртүрлі мүдделері мен пікір алалығын пайдалана отырып басқару түрін айтады.Онда үш және одан артық партия қатысады.Бұл адамзаттың қоғамдық басқаруда ойлап тапқан өркениетті түрі.Дегенмен орыстың белгілі саясаттанушысы Б.Чичерин айтқандай көппартиялықтың өзіндік жағымды және жағымсыз жақтары бар. Жағымды жағына жататындары-онда саяси мәселелер жан-жанжақты қаралады. Ұнамсыз жағына жататындар – өмірдегі көп мәселелерге өз партиясының тұрғысынан ғана қарайды.Бар ойы қарсы партияны жеңуге арналып,ол жолда алдау арбау,өсек өтірік сияқты жат қылықтар мен тәсілдер пайдаланаылып жатады.Дегенмен,қазіргі таңда көппартиялық саяси өмірдің тәуір жетілген түрінің бірі болып табылады.Ондайларға Австрия,Бельгия,Дания,Нидерландыдағы көппартиялықты жатқызуға болады.

68. Қоғамның әлеуметтік құрылымы мен жіктелуі

Еңбектің қоғамдық бөлінуі негізінде жұмыс істейтін әлеуметтік топтар мен олардың өзара қатынас жүйесінің жиынтығын қоғамның әлеуметтік құрылымы дейді.Адамның қоғамдық жағдайындағы негізгі белгілеріне қарай ол әлеуметтік-демографиялық,әлеуметтік-таптық,кәсіби және елді мекендік құрылым болып бөлінеді.Әлеуметтік құрылымды және қоғамның әлеуметтік бөлінуін зерттеу үшін ХХғ әлеуметтік стратафикациялау деген ұғым кіргізілді.Әлеуметтік жіктелуге қоғамның құрамына кіретін белгілі бір топтардың жиынтығы жатады.Әлеуметтік жіктелу теориясы белгілі бір талаптарға сай келетін әдістемелік және теориялық құрал.Ол әлеуметтік топтарды жіктегенде мынадай белгілерді басшылыққа алады:меншікке ие болудың сипаты,табыстың мөлшері,биліктің аумағы,мәртебесі,ұлттық ерекшеліктері және т.б.Егер топтар бір белгінің негізінде жіктелсе,ол бір өлшемдік жіктеуге жатады.Егер бірнеше белгінің негізінде болса,ол көп өлшемдік жіктелу болады.

Билет

9.М.Вебердің саяси көзқарастары?

М.Вебердің теориялық көзқарастарында қоғамның әлеуметтік жіктелуінің қатаң экономикалық анықтамасы жоқ. Ол таптық бөлінуді анықтауда қоғамның экономикалық жіктелуінің бастапқылығын, фундаментальдылығын мойындай отырып, қоғамның экономикалық қана емес, әлеуметтік-мәдени ерекшеліктеріне де сүйенеді.Батыстық қоғамдық ойдың әлеуметтік жіктелу проблемасына көзқарасы әлеуметтік стратификация теориясымен байланысты. Әлеуметтік стратификация негіздері М.Вебердің, П.Сорокиннің, Т.Парсонстың, В.Паретоның және басқа да авторлардың еңбектерінде көрініс тапқан. Қазіргі батыстық қоғамдық және саяси ойларда бұл теория – маңызды ғылыми және қолданбалы функцияларды атқаратын кең тараған теория

39.Саяси жетекшілік және оның дамуындағы қазіргі тенденциялар?

Саяси жетекшілік. Саяси іс-әрекетті жүзеге асыруда саяси жетекшілердің, топ бастаушылардың (лидер),серкелердің орны ерекше.Оған халықтың немесе белгілі бір әлеуметтік топтың мүддесін толық сезініп,қорғай білетін,бойына саяси қайраткерге лайықты қасиеттерді жия білген адам жатады. Ол алға қойған мақсатқа жету үшін қаланың,аймақтың,мемлекеттің көлемінде адамдардың күш-жігерін біріктіріп,белсенді ықпал ете алады. Соңғы кезде бұл атаудың мағынасы кеңейе түсті.Өйткені саяси топ бастаушыға басқарушы қызметті ресми түрде атқармайтын,бірақ саяси өмірде беделді,аты шыққан адамдарды да жатқызып жүр.
Саяси жетекшіліктің, топ бастарлықтың (лидерліктің) табиғатын,сыр-сипатын ғалымдар ерте заманнан ақ білгілері келген.Солардың ішінде ерекше көзге түсетін Н.Макиавеллидің “Патша” деген еңбегіндегі тиімді басшылық.. Ол басшы мен бағынушының өзара қатынасына негізделген мынадай төрт ережеден тұрады: 1) басшының билігі оны жақтаушылардың қолдауына сүйенеді; 2) бағынушылар өз басшысынан нені күтеді және өз кезегінде басшы олардан нені күтуі мүмкін-- соны білулері керек; 3) топ бастаушының қандай жағдай болмасын аман қаларлық қайрат-жігері,қабілеті болуға тиіс; 4)басқарушы өз жақтастарына даналық пен әділеттіліктің үлгісі болуы керек. Саяси жетекшіге қарама -қарсы ұғым -саяси бастаушы, көсемсымақ.Ол ұғым ХIХ ғасырда пайда болды. Оған популистік тұрғыда іс-әрекет етуші адамдар жатады. Оның негізгі ерекшеліктері:көпшіліктің тап қазіргі қарапайым талаптарын желеу етіп құптау; өз басының атын шығару үшін адамдардың үлкен тобының сыншылдық сезімге берілген (араздыққа,қастыққа,қорқынышқы,үрейге,өшпенділікке негізделген) жағдайын пайдалану; көпшілікке жалпақтап,жағымпаздану,тобыр тіліндегі сөздерді,тіркестерді қолдану; асыра сілтеп уәде беру; халықтың сауаты аз бөлігінде шағыну және т.б. Биліктен айырылып қалмау үшін ол тобырдың талабын қанағаттандыруға тырысады. Ол қоғамдық пікірдің алдына шықпай,ығында жүреді.

69. Әлеуметтік бірлестіктер жүйесіндегі ұлттың орны

Ұлттық саясат(этникалық саясат) деп адамдардың ұлттық мұқтаждығын өтеуге,ұлттық қатынастарды реттеуге бағытталған қоғамдық,ең алдымен әлеуметтік-құқықтық әрекеттердің ерекше түрін айтады.Ол дүние жүзінде болып жатқан этникалық дау-жанжалдарды,ұлттық шиеленістерді түсіндіруге,оларды шешу жолдарын анықтап,сондай ақ белгілі бір аймақтарда мұндай даулардың болуын алдын ала болжай білуге арналған жалпы теория.Ұлттық саясат әр елде әр кезеңде әр түрлі болуы мүмкін.Бүгінгі таңда бұл салада ассимиляция,сегрегация,геноцид сияқты саясаттар белгілі.Ассимиляция деп бір халықтың өз тілін,мәдениетін,ұлттық сана сезімін жоғалтып,екінші халыққа сіңіп кетуін айтады.Сегрегация деп елдің халқын нәсілі бойынша еріксіз топтарға бөлушілікті айтады.Геноцид деп адамдарды шығу тегіне,бір ұлттың өкілі болуына байланысты қыруды немесе қудалауды айтады.Қазіргі кезде мемлекетаралық және мемлекет ішіндегі қатынастардың демократияланып,адамгершілік қөзқарастарын басшылыққа алған шақта ұлттардың теңдігі мен өздерінің мемлекеттік құрылысын өздері шешу құқығына,ұлттық автономия мен федерация қағидаларына негізделген саясатты көпшілік оң қабылдап отыр.

Билет

10.ХХ ғасырдағы саяси ілімдер?

Шарль Луи Монтескье (1689-1775) «Заңдар рухы» атты еңбегінде алғаш геосаяси тұжырымдаманың негізін салған. Оның ойынша, әртүрлі факторлар: климат, географиялық орта, заң, дәстүр, дін тағы да басқалардың әсерінен халықтық рух қалыптасады. Оны қазіргі тілмен менталитет деп атайды. Жан Жак Руссо (1712-1778) тек теоретик қана емес, қоғам қайраткері болған адам. Оның ойынша алғаш адамдар өздерінің тұлғалық қасиеттерін ортақ игілік үшін қоғамға бере отырып, мемлекетті қалыптастырады, ал кейіннен сол мемлекет өзінің заңдары мен нормалары арқылы азаматтарын қайта тәрбиелеп шығарады. Адами құндылықтар тек мемлекет пайда болғаннан соң өмір келген деп есептейді. ХХ ғасырдың бірінші жартысында Батыс елдерінде солидаризм ілімі кең өріс алды. Бұл ілімнің негізін салушы француз ғалымы Л.Дюгидің (1859-1928) пікірінше әрбір тап өмірде өз міндетін атқаруы, қоғамның ынтымақтастығы мен үйлесушілігін қамтамасыз етуі қажет.

ХХ ғасырда кең жайылған аристократиялық теориялардың бірі - элитаризм. Элита деген сөз француз тілінде ең жақсы, іріктелген, сұрыпталған, таңдаулы деген мағынаны білдіреді. Бұл теорияны жаңа жағдайда жаңғыртып, толықтырып, жетесіне жеткізгендер итальяндық саясатшылар Г.Моска мен В.Паретто болды. Олардың ойынша халық өзін-өзі басқара алмайды, оған қабілеті, бейімі жетпейді. Ханна Арендт (1906-1975) австриялық саясаттанушы. «Тоталитаризм тамыры» атты еңбегінде тоталитаризмнің пайда болуын және мәнін зерттеген. Тоталитаризмді үшке бөледі: коммунизм, национал-социализм, фашизм. Тоталитаризмнің тек ХХ ғасырға тән құбылыс екенін дәлелдейді. ХХ ғасырда елімізге көп қайғы-қасірет әкелген тоталитаризм теориясы дамыды. Ол- мемлекет тарапынан қоғамның және әр азаматтың өмірін қатаң бақылауға алатын мемлекеттік-саяси құрылыс. Морис Дюверже (1917 ж туған) француз саясаттанушысы. Еңбегі: «Саясат идеясы». Саясатқа мынадай анықтама береді: «Саясат, бір жағынан алып қарағанда әділдікті орнатушы күш, ал екінші жағынан идеялар мен принциптер арасындағы келіспеушілік». Дау-жанжалдың екі түрін көрсетеді: горизанталды және вертикалды.

40. Саяси жетекшіліктің функциялары мен типологиясы?

Лидерлерді өздерінің лидерлік функцияларын жүзеге асыру тәсілдері бойынша авторитарлық және демократиялық деп бөлуге болады.Авторитарлық лидер өз қызметінде қысым көрсету, мәжбүрлеу, бағындыру әдістеріне басымдық беріп, бағынушысының жақсы атқарушы болуын талап етеді. Демократиялық лидер бағыныштыларына еркіндік пен жауапкершіліктің белгілі бір дәрежесін бере отырып, олардың дербестігін, бастамасын қолдауға ұмтылады.

70. Әлемдік саясат және халықаралық қатынастар

Әлемдік саясат деп мелекеттердің және басқа халықаралық субъектілердің әлемдік сахнадағы іс-әрекетінің жиынтығын айтады. Бұл тақырыпта жиі кездесетін, мағына жағынан жақын үш ұғым бар. Сыртқы саясатқа жеке мемлекеттердің дүниежүзілік дәрежеде жүрген іс-әрекеттері жатады. Халықаралық саясатқа мемлекеттік не топтық мүддслерді жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттер, жеке адамдар және т.б. арасындағы қоғамдык қатынастар кіреді Халықаралық қатынастар деп халықтар, мемлекеттер, мемлекеттік жүйелер арасындағы дүниежүзілік деңгейде жүргізілген саяси, экономикалық, құқықгық, дипломатиялық, әскери, мәдени байланыстар және оларды іске асырушы әлеуметтікметтік, экономикалық, саяси күштер мен ұйыдардың өзара қатынастарының жиьштығын айтады. Қазіргі кезде әлемдік саясатты жүргізуде қоғамдық-саяси ұйымдар мен қозғалыстардың белсенділігі артып келе жатыр дедік. Бірақ халықаралық қатынастарда негізгі рөлді мемлекет атқарады. Себебі, ол белгілі бір әлеуметгік топтың немесе саяси ұйымның емес, жалпы коғамның мүддесін корғайды. Сондық-тан оған басқа елдермен сыртқы саясатты жүргізгенде келісім-шартгар жасау, соғыс ашу және т.б. заңды түрде іске асыруға өкілдіктер беріледі.

Билет

11.Саясат ұғымы,пайда болуы, саясаттың деңгейлері?

«Саясат» термині (грекше politika – мемлекеттік және қоғамдық істер, polis – қала-мемлекет) Аристотельдің «Саясат» атты еңбегінде алғаш зерттеліп, қарастырылған. Сол кездің өзінде саясатты зерттеудің екі басты бағыты қалыптасты: функционалды және құндылықты. Функционалды зерттеу бағыты көбіне саясаттағы мақсат пен соған жету және нәтижесіне көңіл бөледі. Ал құндылықты бағыт сол саясаттың негізінен идеялық құрылым мен адамгершілік критерийлерді іздейді. Саясатты түсіну ежелден бастау алады. Оны ғылыми тұрғыда шешу кейінгі ғасырларға келеді. Саяси ғылым қазіргі кездегі мәнін ХІХ ғ. екінші жартысында иеленеді, ол жеке білім саласы ретінде бөлініп шықты. Лондон университетінде ХІХ ғ аяғында Лондонның экономика және саясат ғылымдарының мектебі ашылды. 1857 жылы Колумбия университетінде Америка тарихында алғаш саяси ғылымдар кафедрасы ашылды. Ал Батыста саясаттану ІІ дүниежүзілік соғыстан кейін дами бастады. Бұған көбіне 1948 ж Парижде ЮНЕСКО басшылығымен өткен саяси ғылымның сұрақтары жөніндегі халықаралық коллоквиум себеп болды. Саясаттың мәні бірнеше деңгейде жүзеге асырылады:Төменгі деңгейі жергілікті мәселелерді шешуді қарастырады. Саясатты бұл деңгейде жекелеген индивидтер жүргізеді, алайда жекелеген мәселелер жергілікті ассоциациялар арқылы шешіледі. Аймақтық деңгей мемлекеттің араласуын талап етеді. Өз аймағындағы экономикалық дамуға мүдделі топтар мен ассоциациялар саясатты белсене жүргізеді. Ұлттық деңгей саясат теориясында орталық орынға ие болған, бұл мемлекетті ресурстарды үлестірудегі негізгі институт екендігін анықтайды. Халықаралық деңгей, мұнда саяси іс-қимылдың негізгі субъектілері ретінде егемен мемлекеттер қатысады


Дата добавления: 2015-09-01; просмотров: 286 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Сайлау технологиялары 1 страница| Сайлау технологиялары 3 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)