Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сабак №

Ескерту | Сабак № 7 | Сабак №8 | Косымша | Ескерту. | ЛАРИНГОСПАЗМ | Сабак №9 | Сабак № 9 | Сабак №11 | Туберкулез. |


Читайте также:
  1. Сабак № 1
  2. Сабак № 14
  3. Сабак № 2
  4. Сабак № 4
  5. Сабак № 5
  6. Сабак № 6

Сабақ жоспары

Сабақ тақырыбы Жіті ринит, баспа, жіті стеноздаушы ларингит, бронхит, бронхиолиттер. Жіті пневмония

Сабақ мақсаты

Осы тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеру, тереңдету, нығайту.

Оқылған тақырыптың игеру дәрежесін анықтау

2. Дамытушылық

Логикалық ойлануды талап ететін тапсырмаларды қолданып, оқушылардың парасаттық қабілетін дамыту.

3. Тәрбиелік

Науқас баланы көре тұра оқушылардың адамгершілік, мейірімділік сезімін ояту.

Болашақ нәтижені сипаттау

Білім: Жіті ринит, баспа. Жіті стенозды ларингит. Аныктамасы, этиологиясы. клиникасы. диагностикасы, емі, күтімі, профилактикасы. Шұғыл көмек көрсету шаралары.

Бронхит. Бронхиолиттер.

ДДҰ және ЮНИСЕФ бағдарламасы бойынша респираторлы патологиялармен күрес жүргізу (ИВБДВ). Этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, асқынулары, емі, күтімі, профилактикасы, диспансерлік бақылау

Жіті пневмония, жаңа туылған және ерте жастағы балалардағы ағымының ерекшеліктері.

Деструктивті пневмония

Созылмалы пневмония.

Икемділік:

1.Наукас баланың шағымын, анамнезін жинау, оны қарап тексеру, пальпация, перкуссия. аускультация жасау, алғашқы диагнозын қою; науқас жағдайынын ауырлығын бағалау; емдеу - сақтау және емдеу режімін ұйымдастыру,

2.Дем алу жиiлiгiн сақтау.

3.Оттегiн беру.

4.Мұрын, құлаққа тамшы тамызу.

5.Жылы компресс қою.

6.Ингаляция өткiзу.

7.Қыша қағазын қою.

8.Мұрын, ауыз қуысының шырышын сорып алу.

Дағды:

9. Дем алу жиiлiгiн сақтау.

10. Оттегiні беру.

11. Мұрын, құлаққа тамшы тамызу.

12. Жылы компресс қою.

13. Ингаляция өткiзу.

14. Қыша қағазын қою.

15. Мұрын, ауыз қуысының шырышын сорып алу.

16. Жалғын круппен дифтерияның дифференциалды диагнозы.

Сабақ типі

Білімнің, икемділіктің және дағдылардың жетілдіру сабағы

Әдіс – тәсілдер: Практикалық

Сабақтың түрі: КСО, ЖИГСО - методикасы

Материалдар, оқу-әдістемелік әдебиет, анықтамалық әдебиет

С. Х. Аюпова, Клиникалық педиатрия

Лекция конспекті.

Құрал-жабдықтар, көрнекі құралдар

Пәнаралық байланыс: Терапия, латын тілі, физиология, анатомия, патологиялық физиология, ішкі аурулар прпедевтикасы

 

Сабақ бөлімінің атауы Уақыты - 180 мин.
  Ұйымдастыру кезеңі 5 мин.
  Ұй тапсырмасының актуализациясы 20 мин.
  Эксперттік топшалармен жұмыс істеу 20 мин.
  Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу 85 мин.
  Жаңа практикалық дағдаларды, іскерлікті бекіту 45 мин.
  Рефлексивті бағалау кезеңі:
  • Сабақты қорытындылау
  • Үй тапсырмасы бойынша мәлімет беру
5 мин. 2 мин. 3 мин.

 

Сабақтың барысы

 

  Сабақ кезеңдері Оқытушы іс-әрекеті Оқушылар іс-әрекеті Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар
  Ұйымдастыру кезеңі   - Оқушылардың сабаққа қатысуын, сабаққа дайындығын тексеру - Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу - Сабаққа әзірленген жабдықтар барысын тексеру - Оқушыларды сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру - жұмыс орынында уақытында болу - жұмыс орынын сабаққа дайындау - сабақтың тақырыбымен және мақсаттарымен танысу -сабаққа дайын болу Ежова Н.В., Педиатрия С. Х. Аюпова, Клиникалық педиатрия
  Ұй тапсырмасының актуализациясы -мұғалім оқушы студенттерді бірнеше топшаларға бөліп, әр топшаға бөлек-бөлек тапсырма береді -берілген тапсырманың ұғу деңгейі бойынша тексеруді өткізеді -оқушылардың орын алмастыру жағдайын тексереді әр топшалардың мүшелері бір біріне өз білімдерін жеткізеді бір бірін оқытуды, бір бірін және өз өзін тексеруді қалыптастырады өз бетімен жұмыс істеу үшін оқулықтар, міндеттер, тесттер, тақырып бойынша кестелер
  Эксперттік топшалармен жұмыс істеу -оқыту материалдарды оқушыларға ұсынады -Тақырып бойынша керек алгоритмдерді көрсетеді   Студенттер оқытушының көрсеткен алгоритмдерін ұқыпты қарап отырады, түсінбеген жерлерін қайталауына сұрайды Құрал-жабдықтар, көрнекі құралдар: Жөргектер, бала киімі, қуыршақтар, мақта домалақшалары, дәке салфеткалар, су термометрі, орамал, бессаусақтар, таразы.
  Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу Студенттерге көмек көрсетеді, дағдылар мен іскерлігінің сапасын көтеруге көмектеседі Өз бетімен жұмыс істейді Жіберілген қателерін дұрыстайды
  Жаңа практикалық дағдыларды бекіту -Студенттердің дағдылар мен іскерлігінің сапасын тексереді Студенттергеәр түрлі міндеттер береді, - тексеру материалдармен қамтамасыз етеді   - бір бірінің іскерлігін, білімін сынап бағалайды.   өз бетімен жұмыс істеу үшін оқулықтар, міндеттер, тесттер
  Рефлексивті бағалау кезеңі: · Сабақты қорытындылау   · Үй тапсырмасы бойынша мәлімет беру -ең үздік оқушыларды мақтайды     - әрбір оқушы сабақтың өтуі бойынша, кездескен қиыншылықтар туралы, оң және теріс моменттер туралы пікірімен бөліседі    

 


І.Ұй тапсырмасының актуализациясы - 20 мин.

№1 қосымша

Эксперттердін бірінші тобы тапсырмасы

1. Қандай себептерге байланысты тыныс алу мүшелердің аурулары ерте жастағы балаларда жиі кездеседі және ауыр түрде өтеді?

2. Қандай тыныс алу мүшелердің АФЕсі жіті риниттің (отиттің, баспаның, ларингиттің) жеңіл пайда болуына әсер етеді?

3. Жіті риниттің (отиттің, баспаның, ларингиттің) негізгі клиникалық ағымы мен емінің принциптерін атап шығыңыз.

4. Баспадан кейін ең жиі кездесетін асқынулардың көрсетімдерін айтып беріңіз?

 

Эксперттердің екінші тобы тапсырмасы

1. Көмейдің жедел қабынуына байланысты себептерді және негізгі компоненттерді айтып беріңіз.

2. Жіті бронхиттің бөлінуі мен негізгі клиникалық белгілері қандай?

3.Бронхит пен бронхиолиттің емдеу принциптері?

4. Қандай тыныс алу мүшелердің АФЕсі пневмонияның жиі пайда болуына және ауыр түрде ағуына әсер етеді?

Эксперттердін үшінші тобы тапсырмасы

1. Пневмонияның түсініктемесі және себептері қандай?

2. Сипатамасы: а) ошақты; б) сегментарлы; в) кру­позды; г) интерстициалды; д) деструктивті пневмониялардың

3. Рахит, аллергиялық диатез, гипотрофия ауруларындағы, жаңа туған баладағы пневмония ағымының ерекшеліктері?

4. Пневмонияның емдеуі және алдын алу?

 

№2 қосымша

 

ІІ.Эксперттік топшалармен жұмыс істеу – 20 мин.

 

алгоримдер

Эксперттердің бірінші тобы тапсырмасы

МҰРЫНҒА ТАМШЫ ТАМЫЗУ АЛГОРИТМІ

Көрсеткіші: терапевттік эффектті қамтамасыз ету

Керекті күралдар:

· дәрі препараты

· қауіпсіз тамызғыш

· макта домалақшалары

· колданылған заттарға арналған лоток

· салфеткалар

· маска, бессаусақты қолғап

Ескерту: дәрі препаратын мұрын жолдарын тазартқаннан кейін тамызады. Тамшыны бөлме температурасының көрсеткішіне дейін жылытып алу қажет (22-24°).

Кезеңдер Негіздемесі
1. Масканы кию • жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
2.Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру. • анасының (туыстарының) ақпаратты білуіне құқығын қамтамасыз ету
2.Керекті құралдарды дайындау.   • шараның жылдамдығы мен айқындығын қамтамасыз ету
3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, стерильді резеңке қолғап кию • жұқпалық ќауіпсіздікті қамтамасыз ету
4. Ересек балаларды отырғызу, ал сәбилерді жөргектеу үстөліне жатқызу • шараның өтуін жеңілдету
5.Мүрын жолдарын стерильді мақта шиыршықтарымен тазалау •дәрі препаратының мұрынның шырыш-ты қабатына түсуін жағдай тудыру
6,Жасы үлкен балалар күш салмай кезекпе кезек әр танаудан сіңбіру керек • есту труба арқылы ортанғы құлақ қабынуының алдын алу
7. Баланы қалыпты жағдайда орналастыру: басын аздап артқа шалқайту, тамшы енгізетін жағына қаратып бұру • тамшы енгізу үшін қалыпты жағдайды қамтамасыз ету
8. Дәріні тамызғышқа сорып алу. 9. Алақанды баланың маңдайына салып, басты бекіту, ал бірінші саусақпен мұрын ұшын жоғары көтеру және төменгі мұрын жолына мұрынның сыртқы қабырғасы бойынша 2-3 тамшы тамызу. •дәрінің мұрынның сыртқы қабырғасы бойынша біркелкі таралуына шарттар тудыру
10. Баланы бекіткен жағдайда ұстай тұра, мұрынның қанатын мұрын қырына басу және жеңіл айналдыру қимыл жасау •дәрінің біркелкі таралуына және сіңуіне шарттар тудыру
11. 1-2 минуттан кейін тамшыны екінші мүрын жолына сол әдіспен тамызу. • шараны орындау
12.Қолданылған тамызғышты дезерітіндіге салу, одан әрі залалсыздандыру • жұқпаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету
13.Қолгапты шешу. қорапка салу, қолды жуу және кептіру. • жұқпаның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
14.Дәрі препаратын енгізу туралы және науқастың реакциясы бойынша жазба жасау • шараны тіркеу

 

ҚҰЛАҚҚА ТАМШЫ ТАМЫЗУ АЛГОРИТМ1

Көрсеткіші: ортаңғы қүлақтың қабыну процесстері

Керекті күралдар:

7. дэрі препараты

8. кауіпсіз тамшылатқыш (пипетка)

9. шиыршықтар, мақта домалақшалары

10.қолданылған заттарға арналған лоток

11.50-60°С жылылығы су;

12.бессаусақты қолғап

Ескерту: шараны өткізгенде бала жасын есепке алу

Кезеңдер Негіздемесі
1.Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру. • баланың дұрыс күнделік күтімін қамтамасыз ету
2.Керекті құралдарды дайындау. 3. Дәрі құйылған флаконды суға (50-60°) орналастырып, дене температурасына дейін жылыту • шараның жылдамдығы мен айқындығын қамтамасыз ету • салқын тамшылар ауырсыну сезімін күшейтеді, одан басқа, «лабиринтті» тітіркендіріп,бас айналуы мен құсуды арандатады
3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, стерильді резеңке қолғап кию • жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
4. баланың сау қүлақ жағына басын бұрып жатқызу • шараны өткізгенде қажетті жағдайды қалыптастыру
5. Қүлактан бөлініс болған жағдайда, мақта шиыршығы көмегімен тазарту. • препараттың әсер мүмкіндігін тудырады
6.Дәріні тамшылатқышқа сорып алу. Бір тамшысын қолдын сыртына тамызып тексеру. • тамшылар температурасын тексеру
7. Сыртқы есту жолын сол қолмен түзету: а) қүлақ үшын төмен қарай тарту (1 жасқа дейін) б) қүлақ шеміршегін артқа және жоғары қарата тарту (1 жастан жоғары). • тамшылардың өтуін жеңілдету • есту жолының құрамында бала жасына байланысты анатомиялық ерекшеліктер бар
9. Есту жолының сыртқы қабырғасы бойынша дәрігер белгілеген тамшы мөлшерін тамызу.   • құлақ ішіндегі дабыл жарғағына тамшылардың тура түсуі ауырсыну сезімін, бас ауруын қоздырады
9. Өндеп болғаннан кейін тамшылатқышты кірленген құралдарға арналған лотокқа салу • жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
10.Тамшы ортаңғы қүлақка өту үшін қүлақты бірнеше рет басу. • сыртқы есту жолы бойынша тамшылардың жеңіл өтуін қамтамасыз етеді
11. Қүлакка 10-15 минутка мақта домалақшасын салу. •жылыны сақтағандық препараттың жақсырақ сіңуіне әсер етеді • құлақ ішіндегі дабыл жарғағы мен құлақтың шырышты қабатымен тамшылар контакттық уақытының ұзаруы
12.Тамшылатқышты дезерітіндіге салу, одан әрі залалсыздандыру. • жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
13. Қолғапты шешу. корапка салу, қолды жуу жөне кептіру. • жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

тыныс алудың түрі мен жиілігін анықтау

Көрсеткіші: тыныс алудың негізгі сипаттамаларын анықтау.

Керекті құралдар: сағат, қалам,температуралық парақ.

Ескерту: тыныс алуды қозғалыссыз күйде 1 минут бойы санау.

Кезеңдер Негіздемесі
1.Нєрестенің анасына шараны өткізу жолын түсіндіру •анасының (туыстарының) ақпаратты білуіне құқығын қамтамасыз ету
2.Тыныштық жағдайды қамтамасыз ету • балалардың тыныс алу ритмі ырғақсыз, мазасыздық, айқай-шу тыныстың жиіленуіне себепкер болады.
3.Ќолды жуу, бессаусақты қолғапты кию •жұқпалық қауіпсіздікті сақтау
4. Баланы ынғайлы жағдайда, кеудесі мен ішін көретіндей қылып, жатқызу •емшара нәтижесін қамтамасыз ету үшін
5. Кеуде торы мен іштің алдынғы қабырғасы қимылдарын көзбен бақылау • тыныс алудың түрі бала жасына байланысты: бір жасқа дейінгі сәбилерде – іш түрі, 1-2 жаста - аралас, 8 жастан ер балаларда – іш түрі, қыздарда – кеуде түрі.
6. Тыныс алудың түрін белгілеу және 1 минут бойы тыныс алу жиілігін санау. • балалардын тыныс алуы ырғақсыз болуына байланысты, емшара қорытындысын қамтамасыз ету
7. Тыныс қимылдар жиілігін көзбен бақылау арқылы санау мүмкін емес болса, онда қолды кеудеге не ішке орналастырып, 1 минут бойы тыныс алу жиілігін санау (бала жасына сай).   • тыныс алудың түрі бала жасына байланысты: бір жасқа дейінгі сәбилерде – іш түрі, 1-2 жаста - аралас, 8 жастан ер балаларда – іш түрі, қыздарда – кеуде түрі; •жас балалардың тыныс алуы ырғақсыз.
8.Температуралық параққа зерттеу қорытындысын жазып алу; •емшара қорытындысын қамтамасыз ету үшін  
9. Қолды жуып,құрғату. •жұқпалық қауіп-қатерлікті жою.

Эксперттердің екінші тобы тапсырмасы

МҰРЫН МЕН ЖҰТҚЫНШАҚТАН ЖҰҒЫН АЛУ АЛГОРИТМІ

Көрсеткіші: бактериологиялық зерттеуге материал жинау.

Керекті күралдар:

· резеңке қолғап, маска;

· стеклограф;

· стерильді пробиркалары мен құрғақ мақта домалақшалары бар штатив;

· стерильді шпатель;

· лабораторияға жолдама-бланк.

Ескерту. Жұтқыншақтан материалды ашқарынға, дәрі қабылдаудан, ауыз қуысын шаюдан бұрын алу

Кезеңдер Негіздемесі
1.Нәрестенің анасына шараны өткізу жолын түсіндіру •анасының ақпаратты білуіне құқығын қамтамасыз ету
2.Қажетті жабдықтарды әзірлеу, лабораторияға жолдама жазу •шараның айқын түрде өтуін қамтамасыз ету
3.Ќолды жуу, бессаусақты қолғапты кию •жұқпалық қауіпсіздікті сақтау
4.Стеклографпен пробиркаларды «М», «Ж» (мұрын, жұтқыншақ) белгілеу  
5.Баланы жарық көзіне бетімен қаратып көмекшінің алдына отырғызу. Баланың аягын комекші өзінің аяқтарымен айналдыра қамтиды, қолдары мен кеудесін бір қолымен бекітіп ұстайды, екінші қолының алақанын баланың маңдайына қойып басын ұстайды. •емшараны өткізу үшін қажет шарт
6. «М» деп белгіленген пробирканы оң қолмен тығынынан ұстап, пробиркадан мақта тампонын шығарып алу. •«М» – мұрынды белгілейтін таңба  
7.Мұрыннан жұғын алу кезінде сол колдың бірінші саусағымен мұрын ұшын жоғары көтеріп тампонды айналдыра қозғалтып мұрын қуысына енгізу қажет. • мұрын жолдарының шырышты қабығына жол беруді қамтамасыз ету
8.Тампонды мұрын қуысының қабырғаларымен тығыз түйісун қадағалау керек. • өткізілген емшара нәтижесін қамтамасыз ететін шарт
9.Тампонды қабырғаларына тигізбей абайлап пробирканың ішіне орналастыру. 10.Пробирканы штативке қою. • зерттеу қорытындысының дұрыстығын қамтамасыз ету
11. Баланы аузын ашуға сұрау, сол қолға алынған шпательді ауыз қуысына енгізіп тілді басып ұстау. • жұтқыншаққа жетуге жол ашу
6. «Ж» деп белгіленген пробирканы оң қолмен тығынынан ұстап, пробиркадан мақта тампонын шығарып алу. •«Ж» – жұтқыншақты белгілейтін таңба  
7. Ж» тампонды тіл мен жағына тигізбей, абайлап ауыз қуысына енгізу • өткізілген емшара нәтижесін қамтамасыз ететін шарт
1. Тампонмен таңдай доғаларынан және бадамша бездерден шырышты келесі кезек бойынша алу: доға - бадамша безі – тілшік – доға - бадамша безі. 9.Тампонды ауыз куысынан абайлап шығару, пробирканың қабырғасына тигізбей ішіне салу. • өткізілген емшара нәтижесін қамтамасыз ететін шарт
10. Бессаусақты қолғапты шешпей тұрып, қолды жуу және антисептикпен өндеу. 11.Масканы, бессаусақты қолғапты шешу. 12. Қолды жуып, құрғату. •жұқпалық қауіп-қатерлікті жою.
13. Материалды бактериологиялық зертханаға тез арада немесе тоңазытқышта сақталған жағдайда 3 сағаттың көлемінде жеткізу. • зерттеу қорытындысының дұрыстығын қамтамасыз ету

ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРҒА ҚЫША ҚАҒАЗЫН ҚОЮ АЛГОРИТМІ

Көрсеткіші: тыныс алу мүшелерінің ауруларында рефлекторлы терапия өткізу

Керекті құралдар:

• қыша қағазы

• суы бар лоток 40-45° С

• стерильді майы бар лоток 37-38° С

• жергектер (жүқа және қалың)

• керпе

• қолданылған заттарға арналған лоток

Негізгі шарты:

Қыша қағазын тек терісі зақымданбаған және дене қызуы 38°С жоғары емес

балаларға қою

Кезеңдері Негіздемесі
• Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен еткізу ретін түсіндіру. • Емделушінің құқықтарын сақтау
• Керекті құралдарды дайындау. • Қыша қағазының жарамдылығын тексеру. • Емшараның тиімділігін қамтамасыз ету.
• Қолды гигиеналық одіспен өңдеу, қүрғату. • Инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
• Баланы беліне дейін шешіндіру, тері қабаттарын тексеру. • Қыша қағазын тек зақымданбаған теріге гана қойылады
• Жүқа жөргекті орап жылы есімдік майымен майлау, с ығып алып тегіс жерге жаю. • Теріні химиялық күйюінен қорғау.
• Қыша кағаздарын қышасын жогары қаратып 5-10 сек. 40-45 градус С суға салу.   • Одан төмен температурада қышаның эфирлік майы шықпайды; ал одан жоғары температурада бұзылады.
• Қыша қағаздарын жөргектің орта белігіне қышасын темен қаратып салу - оң жақта 2-4, сол жақта 1-2 (саны кеуденің көлеміне байланысты), ортасында омыртқа үшін бос орын қалтыру керек. • Омыртқаның дұрыс жатысын және қышалардың неғұрлым жабысуын қамтамасыз ету.
• Жөргектің үстіңгі және теменгі беліктерін үстіге қарай бүктеп салу. • Теріге деген қыша әсерін жөргектің бір қабаты арқылы қамтамасыз ету.
• Жөргектің астыңғы жағын үстіне қарай аудару.  
• Баланы жөргекке омыртқа түсы бос жерге орналасытындай етіп, жатқызу. • Омыртқа жотасына артық ыстық салмағы түспесін деген мақсатпен.
• Жөргектің бірінші оң жағын, одан соң сол жағын кеуде торын айналдырып орау (қыша қағазы жүрек түсында болмауы керек). • Жүрекке артық ыстық салмағы түспесін деген мақсатпен
• Баланы жылы жөргекпен және көрпемен жабу • Суып қалуды жоққа шығару. Жылылықты сақтауды қамтамасыз ету.
• Қыша қағазын қызару айқын болғанға дейін ұстау. • Рефлексиялық әсер етуге қажетті уақыпы қамтамасыз ету.
• Қыша қағаздарын алу, қолданылған затқа арналған лотокқа тастау. • Баланы жылылап орап 1 сағ төсекке жатқызу. • Емшараның тиімділігін және емшара жасағаннан кейін демалуды қамтамасыз ету.
• Қолды жуып, кептіру.   • Инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Эксперттердің үшінші тобы тапсырмасы

Балаларға оттегiні беру әдiсi.

1. Орталықтан келген оттегi түтiнiн немесе оттегi жастығының түтiгiн Бобров аппаратының ұзын шыны түтiгiне жалға.

2. Бобров аппаратының резеңке түтiкшесiне мұрын катетерiн жалға.

3.Мұрын катетерiн майлап, мұрын қуысына енгiз

Есiңде сақта! Оттегi балаға тек ылғалдатылған түрде берiледi.

Жоғарғы тыныс жолдарынан шырышты сорып алу.

 

Әзiрле: электросорғышты, залалсыздандырылған резеңке катетерiн.

1Резеңке катетердi шырыш сорғышқа жалға.

2.Электр сорғышты электр торабына қос.

3.Резеңке катетердi мұрын қуысына енгiзiп шырышты сорып ал.

4.Сорғышты электр торабынан сорып айыр.

5.Бөлек таза резеңке катетердi алып, шырышты ауыз қуысынан сорып ал.

6.Сорғышты электр торабынан айыр.

7.Пайдаланған катетердi ағынды су астында сабындап жуып, фурацилин құйылған ыдысқа салып қой.

 

Жалғын круптың дифтериямен айырмашылығы.

Белгiлерi Жалғын круп Дифтерия
7. Қоздырғыш 8. Басталу кезеңi     9. Дене қызуы     10. Аурудың басталуы 11. Баланың дауысы     12. Емдеудiң эффектiсi Вирустар, микробтар, риниттен, парагрипптен кейiн.   Дифтериямен салыстырғанда жоғарылау. Тез, кенеттен. Қарлығып шығады, кейде тазарады.   Негiзгi аурудың емi     .   Леффелер таяқшасы. Өте тез, еш нәрсеге байланысты емес.   Жиi субфебрилдi.     Ақырындап күшейедi. Афония.     Дифтерияға қарсы қолданатын сыворотка.

 

Жаңа практикалық дағдыларды бекіту

 


Дата добавления: 2015-07-25; просмотров: 578 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Diagnostic Procedures| Есеп №7.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.021 сек.)