Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сабак № 4

Сабак № 1 | Сабак № 2 | Алгоримдер | Пульс жиiлiгiн санау. | Бала гемограммасы | Есептеу жолы | Сабак № 6 | Ескерту | Сабак № 7 | Сабак №8 |


Читайте также:
  1. Сабак №
  2. Сабак № 1
  3. Сабак № 14
  4. Сабак № 2
  5. Сабак № 5
  6. Сабак № 6

Сабақ жоспары

Сабақ тақырыбы Табиғи тамақтандыру

Сабақ мақсаты

Осы тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеру, тереңдету, нығайту.

Оқылған тақырыптың игеру дәрежесін анықтау

2. Дамытушылық

Логикалық ойлануды талап ететін тапсырмаларды қолданып, оқушылардың парасаттық қабілетін дамыту.

3. Тәрбиелік

Науқас баланы көре тұра оқушылардың адамгершілік, мейірімділік сезімін ояту.

Болашақ нәтижені сипаттау

Білім: БЖАЖИ бойынша 1 жасар балаларды тамактандыру. Табиғи тамактандыру. Емізетін әйелдің күн тәртібі және тамактануы. Сүт шығу механизмі. Уыздың, өтпелі және жетілген сүттің коректендірушілік және биологиялык құндылығы, Қоспаларды енгізу уакыты және техникасы. Емізудің ДДҰ мен ЮНИСЕФ бағдарламалары.

Икемділік:

1. Емшектегі балалардың физикалык жағдайын бағалау

2. Емізу уақытында балаларга бакылау жүргізу

3. Салмағын өлшеу

4. Бір жасқа дейінгі балалардың тәуліктік, бір мезгілде ішетін тағамын өлшеу

5. Емізудің құндылығы туралы ата-аналармен әңгіме жүргізу.

Дағды:

1. Баланың дене салмағын өлшеу

2. Анасы мен баланы емізуге дайындау

3. Бақылаушылық өлшеу өткізу

4. Нәрестені зонд арқылы тамақтандыру

Сабақ типі

Білімнің, икемділіктің және дағдылардың жетілдіру сабағы

Әдіс – тәсілдер: Практикалық

Сабақтың түрі: КСО, ЖИГСО - методикасы

Материалдар, оқу-әдістемелік әдебиет, анықтамалық әдебиет

С. Х. Аюпова, Клиникалық педиатрия, 18-69, 71-89 бет

Лекция конспекті.

Құрал-жабдықтар, көрнекі құралдар

Жөргектер, бала киімі, қуыршақтар, мақта домалақшалары, дәке салфеткалар, су термометрі, орамал, бессаусақтар, таразы.

Пәнаралық байланыс: Терапия, латын тілі, физиология, анатомия, патологиялық физиология, ішкі аурулар прпедевтикасы

 

Сабақ бөлімінің атауы Уақыты - 180 мин.
  Ұйымдастыру кезеңі 5 мин.
  Ұй тапсырмасының актуализациясы 20 мин.
  Эксперттік топшалармен жұмыс істеу 20 мин.
  Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу 85 мин.
  Жаңа практикалық дағдаларды, іскерлікті бекіту 45 мин.
  Рефлексивті бағалау кезеңі:
  • Сабақты қорытындылау
  • Үй тапсырмасы бойынша мәлімет беру
5 мин. 2 мин. 3 мин.

Сабақтың барысы

 

  Сабақ кезеңдері Оқытушы іс-әрекеті Оқушылар іс-әрекеті Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар
  Ұйымдастыру кезеңі   - Оқушылардың сабаққа қатысуын, сабаққа дайындығын тексеру - Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу - Сабаққа әзірленген жабдықтар барысын тексеру - Оқушыларды сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру - жұмыс орынында уақытында болу - жұмыс орынын сабаққа дайындау - сабақтың тақырыбымен және мақсаттарымен танысу -сабаққа дайын болу Ежова Н.В., Педиатрия С. Х. Аюпова, Клиникалық педиатрия
  Ұй тапсырмасының актуализациясы -мұғалім оқушы студенттерді бірнеше топшаларға бөліп, әр топшаға бөлек-бөлек тапсырма береді -берілген тапсырманың ұғу деңгейі бойынша тексеруді өткізеді -оқушылардың орын алмастыру жағдайын тексереді әр топшалардың мүшелері бір біріне өз білімдерін жеткізеді бір бірін оқытуды, бір бірін және өз өзін тексеруді қалыптастырады өз бетімен жұмыс істеу үшін оқулықтар, міндеттер, тесттер, тақырып бойынша кестелер
  Эксперттік топшалармен жұмыс істеу -оқыту материалдарды оқушыларға ұсынады -Тақырып бойынша керек алгоритмдерді көрсетеді   Студенттер оқытушының көрсеткен алгоритмдерін ұқыпты қарап отырады, түсінбеген жерлерін қайталауына сұрайды Құрал-жабдықтар, көрнекі құралдар: Жөргектер, бала киімі, қуыршақтар, мақта домалақшалары, дәке салфеткалар, су термометрі, орамал, бессаусақтар, таразы.
  Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу Студенттерге көмек көрсетеді, дағдылар мен іскерлігінің сапасын көтеруге көмектеседі Өз бетімен жұмыс істейді Жіберілген қателерін дұрыстайды
  Жаңа практикалық дағдыларды бекіту -Студенттердің дағдылар мен іскерлігінің сапасын тексереді Студенттергеәр түрлі міндеттер береді, - тексеру материалдармен қамтамасыз етеді   - бір бірінің іскерлігін, білімін сынап бағалайды.   өз бетімен жұмыс істеу үшін оқулықтар, міндеттер, тесттер
  Рефлексивті бағалау кезеңі: · Сабақты қорытындылау     · Үй тапсырмасы бойынша мәлімет беру -ең үздік оқушыларды мақтайды     - әрбір оқушы сабақтың өтуі бойынша, кездескен қиыншылықтар туралы, оң және теріс моменттер туралы пікірімен бөліседі    

І.Ұй тапсырмасының актуализациясы - 20 мин.

№1 қосымша

Эксперттердін бірінші тобы тапсырмасы

1. Табиғи тамқтандыру деген не?

2. Емшек ему маңызы қандай?

3. Уыз және сүт құрамы айырмашылығы қандай?

4. Сүттің түрлері қандай?

Эксперттердің екінші тобы тапсырмасы

1. Табиғи тамақтандырудың он принциптерін айтыныз.

2. Ана сүтінің артықшылықтары қандай?

3.Сиыр сүтімен әйел сүтінің сапалық айырмашылығы қандай?

4.Ана сүтін емізуге болмайтын жағдайлар қандай?

Эксперттердін үшінші тобы тапсырмасы

1. Лактацияның бұзылуы неге байланысты?

2. Сүт безі ұшының тіліну клиникасы және емі?

3. Емшектен шығару және берілетін ақыл-кенес қандай?

4. Табиғи тамақтандыруда қосымша тамақ беру мерзімі?

 

№2 қосымша

 

ІІ.Эксперттік топшалармен жұмыс істеу – 20 мин.

 

алгоримдер

Эксперттердің бірінші тобы тапсырмасы

Баланың салмағын электронды таразымен өлшеу

Көрсеткіші:

13. баланың салмақ мөлшерінің сәйкестігін бағалау;

14. баланың физикалык дамуын бағалау.

Керекті құралдар:

15. электрондық таразы;

16. резеңке бессаусақты қолғап;

17. дезертіндісі бар ыдыс, сүрткіш;

18. қағаз, қалам.

Кезеңдер Негіздемесі
1.Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру. анасының (туыстарының) ақпаратты білуіне құқығын қамтамасыз ету
2.Таразыны тегіс тұрақты жерге орналастыру. 3.Керекті құралдарды дайындау. өлшеудің дұрыстығына жету шараның айқындығын қамтамасыз ету
4.Таразының дұрыс тұрғандығын тексеру. шараның айқындығын қамтамасыз ету
5.Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, керек жағдайда резеңке бессаусақ қолғапты кию. жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
6.Табақшаны дезерітіндімен сүртіп, залалсыздандыру. жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
19. Таразыға бірнеше қабат бүктелген жөргекті төсеу. бала үшін ыңғайлы жағдай тудыру
20. Таразыны нөлдік көрсеткішке қою.  
21. Баланы таразыға жатқызу.  
22. Салмақ көрсеткіштерін нақтылау және баланы таразыдан алу. нәтижесінің айқындығын қамтамасыз ету
23. Бала салмағының көрсеткіштерін жазып алу. Тексеру қорытындысын құжаттандыру
24. Таразыдан жөргекті алып тастау. таразының дұрыс реттелуін сақтау
25. Таразының табақшасын дезерітіндімен сүрткіш арқылы залалсыздандыру. жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
26. Бессаусақты қолғапты шешіп қорапқа салу, қолды жуу және құрғату. жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету  

Ескерту. Баланы ашқарында, бір мезгілде, үлкен дәретке отырғаннан кейін өлшеу керек.

 

Баланың ДЕНЕ САЛМАҒЫН Табақшалы таразЫмен ӨЛШЕУ АЛГОРИТМІ

(2 ЖАСҚА ДЕЙІН)

Көрсеткіші:

• баланың салмақ мөлшерінің сәйкестігін бағалау;

• баланың физикалык дамуын бағалау.

Керекті құралдар:

• табақшалы таразы;

• резеңке бессаусақты қолғап;

• дезертіндісі бар ыдыс, сүрткіш;

• қағаз, қалам.

Кезеңдер Негіздемесі
1. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру. анасының (туыстарының) ақпаратты білуіне құқығын қамтамасыз ету
2. Таразыны тегіс орнықты жерге орналастыру. 3. Керекті құралдарды дайындау 4. Таразы күршегінің жабық тұрғандығын тексеру өлшеудің дұрыстығына жету үшін шараның айқындығын қамтамасыз ету
5. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, керек жағдайда резеңке бессаусақ қолғапты кию. 6. Таразы табақшасын дезерітіндімен сүрткіш арқылы залалсыздандыру жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
7. Таразыға бірнеше қабат бүктелген жөргекті төсеу бала үшін ыңғайлы жағдай тудыру үшін
8.Таразы тастарын нөлдік бөлікке қою. 9.Күршекті ашып таразыны қарсы салмағымен теңестіру. 10.Күршекті жауып баланың басын таразының кең жағына қаратып жатқызу өлшеудің дұрыстығына жету шараның айқындығын қамтамасыз ету  
11.Күршекті ашып таразының төменгі бөлігінде орналасқан килограммдық тасты штанга төмен түскенше дейін жылжыту, одан кейін тасты солға қарай бір бөлікшеге ауыстыру. 13. Тепе-теңдік орналасканға дейін үстіңгі штангада орналасқан граммды анықтайтын тасты ырғақтап жылжытады нәтижесінің айқындығын қамтамасыз ету  
13.Күршекті жауып, баланы анасына беру таразының дұрыс реттелуін сақтау
14. Бала салмағының көрсеткіштерін жазып алу тексеру қорытындысын құжаттандыру
27. Жөргекті таразыдан алып тастау 28. Жөргектеу үстөл үстін дезерітіндімен сүрту 17. Саусақты қолғапты шешіп, қолды жуып, құрғату жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету  

Ескерту. Баланы ашқарында, бір мезгілде, үлкен дәретке отрғаннан кейін өлшеу

керек.

Эксперттердің екінші тобы тапсырмасы

НӘрестені емізік арҚылы тамаҚтандыру АЛГОРИТМІ

Көрсеткіші:

· Баланы толық сапалы тамақтандыру

Керекті құралдар:

· орамал, маска, емізік және шыны, бір рет тамақтандыруға керек сүт қоспасы, емізікті тесу үшін жуан ине.

Кезеңдер Негіздемесі
1.Нєресте анасына шараны өткізу жолын түсіндіру анасының (туыстарының) ақпаратты білуіне құқығын қамтамасыз ету
2.Қажетті жабдықтарды әзірлеу шараның айқын түрде өтуін себептендіру
3.Орамал мен масканы кию. 4. Қолды ұқыпты жуу, құрғату. Нәрестене тамақтандыруға әзірлеу. жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
5.Шыныға жаңа ғана әзірленген қажетті сүт мөлшерін немесе басқа қоспаны құю ас қорыту мүшелердің жұқпалы ауруларының алдын алуы
1. Емізік жаңа болса, жуан инемен тесік тесу тесігі үлкен болса - ему кезінде нәресте асқазанына көп мөлшерде ауа түсуі мүмкін, тесігі тар болса – ему кезінде бала тез шаршайды
2. Емізікті шыныға кигізу шыны ішіндегі сүт сирек тамшылармен ағу тиіс
3. Қолдың білезік сүйегі терісіне сүтті тамшылатып, ыстықтыңы мен ағу жылдамдығын тексеру жылы сүт асқазан бұлшық еттерінің тырысуын қоздырмайды, жақсы ыдырайды, шырышты қабатты күйдірмейді
4. Бас жағын көтеріп, баланы қолға жатқызу аспирацияның алдын алуы
5. Шыны мойыны үздіксіз сүтке толы болуын байқап төрып, баланы тамақтандыру аэрофагияның алдын алуы
6. Баланы тік жағдайда бірнеше минут ұстап тұру тамақтандыру кезінде асқазанға түскен ауаны кетіру үшін
7. Керуетке баланы бір бүйіріне жатқызу не басын бір жаққа бұру құсып қойғанда – аспирацияның алдын алуы
8. Емізікті шыныдан алып, екеуін де ағынды су астында жуу, сонан соң 3% сода ерітіндісінде он бес мин. бойы қайнату жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
9. Шыныдан су қалдықтарын төгіп, жабық ыдыста сақтау жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

БаҚылау тамақтандыруды Өткізу АЛГОРИТМІ

Көрсеткіші:

· Бала ана сүтімен қоректенгенде емген сүттің орташа көлемін анықтау үшін

Керекті құралдар:

· таразы, памперс, сүрткіш, дез.ерітінді, қағаз, қалам, емізуге арналған жабдықтар

Есіңде сақта: сүт көлемі тәуілік бойы өзгеріп тұруына байланысты бақылаушылық өлшеуді тә»уілік бойы ең кемі үш рет өткізу

Кезеңдер Негіздемесі
1.Нәрестенің анасына шараны өткізу жолын түсіндіру анасының (туыстарының) ақпаратты білуіне құқығын қамтамасыз ету
2.Керекті қуралдарды дайындау шараның айқын түрде өтуін себептендіру
3.Қолды жуу, бессаусақты қолғапты кию жұқпалық қауіпсіздікті сақтау
4.Нєрестеге памперс кигізу мәліметтер қателерін болғызбау мақсатымен памперс қолданылады
5.Анасын емізуге дайындау жұқпалық қауіпсіздікті сақтау емізу үшін қанағатты жаңдай тудыру
6.Таразыны залалсыздандыру жєне қолдануға дайындау жұқпалық қауіпсіздікті сақтау
7.Баланы өлшеу және қорытындысын жазып алу баланың шығыңқы салмағын тіркеу
8.Баланы анасына 20 мин. көлемінде емізуге беру сүттің керек көлемін еміп алуға және ему рефлексін қамтамасыз етуге осы уақыт жеткілікті
9.Баланың салмағын қайталап өлшеу және болып шыққан қорытындыны бекіту. 10.Өлшегенге дейін және өлшегеннен кейін болып шыққан қорытындылардың айырмашылығын анықтау (тамақтануға дейінғі және кейінгі салмақтары). бала емген сүт көлемін анықтау
11.Баланы анасына беру не керуетке жатқызу баланың қауіпсіздігін сақтау
12.Таразыны дез.ерітіндімен сүрту. 13.Бессаусақты қолғапты шешіп, қолды жуу жұқпалық қауіпсіздікті сақтау
14.Бала еміп алған сүт кµлемін қажетті сүт көлеміне сәйкестігін бағалау анасында пайда болатын сүт көлемінің дәрежесі бағаланады. нәрестені тамақтандыру жолында қандай түрін қолдануға болатыны туралы мәселені шешу

Эксперттердің үшінші тобы тапсырмасы

Бала жасына сәйкес тамақ мӨлшерін есептеу жолы

І. Бала жасына сєйкес дене салмағын есептеу:

М21+ 600+800+800+750+……+ ай сайын 50 г кемітіп тұру

М1- баланыі туғандағы салмағы

М2- бала жасына байланысты салмағы

2. Тамақтың тәулікті қажеттілігін келесі формула бойынша анықтау:

ХІ= М2* V І

М2 - бала жасына байланысты салмағы

V І - тамақтың тәуліктік қажеттілігі

Тәулікті тамақ мөлшерін санау әдістері

көлемдік әдіс   калориялық әдіс
Жасы Тамақтың тәулікті қажеттілігі (V І ) Бала жасы Килокалориялар
Жаңа туған бала Екі апта- 1,5 ай 1,5 ай – 4 ай 4 –6 ай 6 – 8 ай 70* п (п – бала өмірінің күндері) Дене салмағының 1/5 Дене салмағының 1/6 Дене салмағының 1/7 Дене салмағының 1/8 1-3 ай 4-6 ай 7-9 ай 10-12 ай Дене салмағының кг-на 120 ккал Дене салмағының кг-на 115 ккал Дене салмағының кг-на 110 ккал Дене салмағының кг-на 105 ккал

З. Бір рет ішілетін тамақ көлемін анықтау формуласы:

V 2= V І / С

V І - тамақтың тәуліктік көлемі

С- тамактандыру жиілігі

Бала жасы Тамақтандыру жиілігі (С)
1 айға дейін Бос тәртіп
1 – 4,5 ай Тәулігіне 6 рет 3,5 сағат сайын
4,5-12 ай Тәулігіне 5 рет 4 сағат сайын
1 - 1,5 жастан Тәулігіне 4 рет

Бір жастан аспаған бала тәулігіне бір литр тамақтан артық ішпеу керек.

емшек арқылы тамақтандыру ережелері

Көрсеткіші:

· Емізу кезінде инфекциялық қауіп-қатерсіздікті қамтамасыз ету;

· Емізу кезінде нәрестеге қолайлылық тудыру

Керекті құралдар:

· маска, бас орамал;

· сабын, орамал;

· жөргек;

· ана сүтін сауып тастауға залалсыздандырылған ыдыс;

· ананың аяғы астына отырғыш;

· залалсыздандырылған өсімдік май;

· мақта шиыршықтары;

· жөргектер жиынтығы.

Міндетті шаралар:

· Нәрестені тыныш жағдайда емізу;

· Емізіп болғаннан кейін 2-3 минут бойы нәрестені тік жағдайда ұстау, сонан соң оң бүйіріне жатқызу;

· Анасын сүт безі арқылы емізу ережелеріне үйрету.

Кезеңдер Негіздемесі
1. Нәрестені тамақтандыру үшін әйелге дайындалудың қажеттілігін түсіндіру: · басына орамал тарту, бетке маска кию туралы Ананың ақпаратты білуіне құқығын қамтамасыз ету Әйелді емізу негіздеріне үйрету.
· қолын сабындап жуу, · сүт безін жылы сумен жуып, орамалмен кептіру, · ыңғайлы жағдайда отыру, аяғын отырғышқа ќою, · Нәресте үшін тізесіне таза жөргек жаю, · Қол жететіндей қашықтыққа сүт қалдықтарын сауып тастайтын ыдыс қою Тамақтандырғанда нәрестеге ауру жұқтырудың алдын алуы Тамақтандырып болғаннан кейін төс бездеріндегі сүтті соңғы тамшысына дейін сауып тастау және сүт бездерінің тазалығын сақтау Емізу кезінде нәрестеге ыңғайлы жағдай тудыру
2.Нәрестені жөргектеу 3. Қажет болса – мұрын қуысын тазалау Тамақтандыру үшін қолайлы жаңдай жасау
4.Тамақтандыру алдында анасы сүггің бірнеше тамшысын сауып шығару керек Сүттің алдынңы тамшыларында инфекция болуы мүмкін
5. Ему кезінде нєресте тек емшектің ұшын ғана емес, сонымен катар айналымындағы шеңберді де еріндерімен қамтуы кажет Нәресте ауаны жұтпау үшін (аэрофагияның алдын алуы) Әйелдің сүт безі жарылмау үшін
6.Анасының сүт безі нәрестенің мүрын жолдарын жауып қалмауын қадағалау қажет Ему әрекетін бұзбау үшін
7.Әр емізгенде балаға тек бір сүт безін беру керек Сүт пайда болуына уақытпен қамтамасыз ету
8. Емізу барысында нәрестенің сүт безіні белсенді түрде соруын қадағалау қажет. Үйықтап қалған жағдайда баланы ояту қажет емізу уақытында бала қажетті сүт мөлшерін еміп, ему рефлексін қамтамасыз етеді
9. Нєрестені кеудеде ең көбі 20 - 30 минут ұстау керек 10. Тамақтандырғаннан кейін сүт қалдықтарын сауып тастау керек Сүттін қажетті мөлшерін бала бірінші 5-10 мин. арасында еміп алады, қалған уақытта ему рефлексін қамтамасыз етеді.

 

ІV.Жаңа практикалық дағдыларды бекіту

1. Емшек сүтiменқоректенетiн баланың iшек микрофлорасы:

1.Бифидум-бактерия 3.Протей

2.Iшек таяқшасы 4.Стрептококк

2. Қолдан қоректенетiн баланың iшек микрофлорасы:

1.Бифидум-бактерия 3.Протей

2.Iшек таяқшасы 4.Стрептококк

3. Жаңа туған баланы емшекке салу мерзiмi:

1.Туғаннан кейiн бiрден

2.6 сағаттан кейiн

3.12 сағаттан кейiн

4. 24 сағаттан кейiн

4. Ана сүтi жетiспегендегi фельдшердiң тактикасы

1.Гипогалактиямен күресу

2.Жасанды тамаққа бiрден көшiру

3.Еш нәрсе iстемеу

4.Аралас тамақтандыруға көшiру

5. Ана сүтiмен қоректенетiн балаға қосымша тамақ берiледi:

1.2-3 аптадан.

2.2-3 айдан

3.6 айдан кейiн

4. 2 жаста

6.Шөлдегенде балаға берiледi:

1.Анасының сүтi

2.Қайнатылған су

3.Глюкоза ерiтiндiсi

4.Шырын

7. Ана сүтiне лайықсыз ерекшелiк:

1.Бұзылмайды

2.Аллергиялық жағдай туғызады

3.Стерильдi

4.Витаминдерге бай

8.Жаңа туған баланы емiзу тәртiбi:

1.3 сағаттан кейiн

2.4 сағаттан кейiн

3.3,5 сағаттан кейiн

4.Бос тәртiп

9.Емiзуге ана жағынан кездесетiн қарсылықтар:

1.Босанудың асқынуы

2.Жедел жұқпалы ауру

3.Мастит

4.Наркомания

10 .Сәби жағынан емiзуге қарсы кездесетiн себеп:

1.Тұңшығу

2.Фенилкетонурия

3.Бос миға зақым келуi

4.Өкпе қабынуы

11. Ана сүтiндегi “Д” витамин мөлшерi:

1.400-500 ХБ

2.900-1000 ХБ

3.100-200ХБ

4.1000-1500ХБ

12 .Бiр айлық балаға қажеттi тамақтың мөлшерi:

1.I/6 дене салмағынан 2.I/7 д.с.

3.I/5 д.с 4.I/8 д.с.

13. Тамақтандыруға арналған қоспаның жылылығы:

1.40-450С

2.30-320С

3.35-360С

4.25-300С

14 .Табиғи тамақтандырудан балаға емiзу арасында берiледi

1.Шырын

2.Қайнаған су

3.5 проц. глюкоза

4.Еш нәрсе берiлмейдi

15 .Жаңа туған баланың асқазан көлемi:

1.30-35 мл

2.250-300 мл

3.500мл

4.900мл

16 Бiр жасар баланың асқазан көлемi:

1.30-35мл 2.250-300мл 3.500мл 4.900мл

17 .Баланың сiлекей бездерiнiң жұмыс iстейтiн көзi:

1.Туғаннан

2.1-2 айдан

3.4-5 айдан

4.8-9 айдан

18. Белок жетiспегенде балаға берiлетiн қосымша тамақ:

1.Шырын 2.Алма пюресi 3.Iрiмшiк 4.Май

19. Тамақтандыру алдында баланың анасы сүт безiн:

1.Фурациллин ерітіндісімен жуады

2.Сабынды сумен жуады

3.Калий перманганат ер-мен жуады

4.Жумайды

20. Ана сүтi жетiспеушiлiгiн анықтау үшiн:

1.Қосымша тамақ беремiз

2.Бақылау өлшеу өткiземiз

3.Тек күндiз емiзу керек

4.Баланың күн тәртiбiн бақылаймыз

21. Гипогалактиямен күрес өткiзуге жатпайтын iс әрекетi:

1.Сүт безiнiң массажы

2.Жиi баланы емiзу

3.Дене шынықтыру

4.Емiзгеннен кейiн қалған сүттi сауып тастау

22. Балаға жасанды тамақ берiлетiн жағдай:

1.Ана сүтi мүлдем жоқ болса

2.Тумастан бiткен ақаулар

3.Анасының туберкулез ауруы

4.Баланың жедел ауруы

23. Қосымша тамақ ретiнде 6-айдан кейiн берiледi:

1.Көкөнiстен пюре

2.Осы ошақта желiнетiн тамақ

3.Ботқа

4.Шырын

24. Ана сүтiндегi “А”және “Е”витаминдер функциясы:

1.Антигипоксанттар

2.Iшекте бифидум-бактерия көбеюге әсер етедi

3.Анемияға қарсы тұратын заттар

4.Асқазан сөлiнiң функциясын жоғарлатады

25. Бiр жасқа дейiнгi балалар жұқпалы аурулармен ауырмау себебi:

1.Ана сүтiндегi иммуноглобулиндер арқасында

2.Мүшелерiнiң шала дамуына байланысты

3.Жұқпалы ауруларға қабылдағыштығы төмен болуына

4.Бифидум- бактерияның әсерi

 


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ «ПАВЛОДАР МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ»

 

ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТЫҢ

ӘДІСТЕМЕЛІК ӨНДЕУІ

 

Пән: «Балалар аурулары»

 

Тақырыбы.

Аралас және жасанды тамақтандыру. Бір жастан асқан балаларды тамақтандыру

 

Құрастырған Ажаева А. С.

 

Павлодар, 2012 ж/г


Дата добавления: 2015-07-25; просмотров: 656 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
МЕТЕОРИЗМ| Сабак № 5

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.053 сек.)