Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сабак № 6

Сабак № 1 | Сабак № 2 | Алгоримдер | Пульс жиiлiгiн санау. | Бала гемограммасы | МЕТЕОРИЗМ | Сабак № 4 | Сабак № 5 | Сабак № 7 | Сабак №8 |


Читайте также:
  1. Сабак №
  2. Сабак № 1
  3. Сабак № 14
  4. Сабак № 2
  5. Сабак № 4
  6. Сабак № 5

Сабақ жоспары

Сабақ тақырыбы Ай-күні толып туылған нәресте. Шала туылған нәресте. Күтім жасау

Сабақ мақсаты

Осы тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеру, тереңдету, нығайту.

Оқылған тақырыптың игеру дәрежесін анықтау

2. Дамытушылық

Логикалық ойлануды талап ететін тапсырмаларды қолданып, оқушылардың парасаттық қабілетін дамыту.

3. Тәрбиелік

Науқас баланы көре тұра оқушылардың адамгершілік, мейірімділік сезімін ояту.

Болашақ нәтижені сипаттау

Білім:

1. Жаңа туылған нәресте туралы түсінік.

2. Жаңа туылған нәрестенің АФЕ.

3. Апгар шкаласы бойынша жаңа туылған нәресте жагдайын анықтау.

4. Ай-күні толып туылған нәресте мен шала туылған нәрестенің сипаттамасы.

5. Өтпелі (шекаралық) жагдайлары.

6. Жаңа туылған нәрестеге және емшектегі балаға күнделікті күтім жасау.

7. Жаңа туылған нәрестеге туберкулезге, гепатитке және полиомиелитке қарсы

8. вакцинация жасау.

9. Температуралық тәртіп.

10. Жаңа туылған нәрестеге алғашқы патронаж жасау, оның мерзімдері мен

міндеттері.

Икемділік:

1. Жаңа туылған нәрестені алғаш тазалау

2. Мұрын мен жұтқыншақтан сілемейлерді сорып алу

3. Антропометриялық өлшеу

4. Гигиеналық шомылғылар

5. Кұндақтау

6. Жаңа туылған нәрестеге күнделікті күтім жасау

7. Жуындыру

8. Жаңа туылған нәрестенің құжаттамаларын толтыру

9. «Жаңа туылған нәрестеге күтім жасау» тақырыбында жас анамен әңгіме жүргізу.

Дағды:

1. Антропометриялық өлшеу

2. Гигиеналық шомылғылар

3. Кұндақтау

4. Жаңа туылған нәрестеге күнделікті күтім жасау

5. Жуындыру

6. Жаңа туылған нәрестенің құжаттамаларын толтыру

Сабақ типі: Білімнің, икемділіктің және дағдылардың жетілдіру сабағы

Әдіс – тәсілдер: Практикалық

Сабақтың түрі: КСО, ЖИГСО - методикасы

Материалдар, оқу-әдістемелік әдебиет, анықтамалық әдебиет

С. Х. Аюпова, Клиникалық педиатрия, 18-69, 71-89 бет

Лекция конспекті.

Құрал-жабдықтар, көрнекі құралдар

Жөргектер, бала киімі, қуыршақтар, мақта домалақшалары, дәке салфеткалар, су термометрі, орамал, бессаусақтар, таразы.

Пәнаралық байланыс: Терапия, латын тілі, физиология, анатомия, патологиялық физиология, ішкі аурулар прпедевтикасы

 

Сабақ бөлімінің атауы Уақыты - 180 мин.
  Ұйымдастыру кезеңі 5 мин.
  Ұй тапсырмасының актуализациясы 20 мин.
  Эксперттік топшалармен жұмыс істеу 20 мин.
  Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу 85 мин.
  Жаңа практикалық дағдаларды, іскерлікті бекіту 45 мин.
  Рефлексивті бағалау кезеңі:
  • Сабақты қорытындылау
  • Үй тапсырмасы бойынша мәлімет беру
5 мин. 2 мин. 3 мин.

 

 

Сабақтың барысы

 

  Сабақ кезеңдері Оқытушы іс-әрекеті Оқушылар іс-әрекеті Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар
  Ұйымдастыру кезеңі   - Оқушылардың сабаққа қатысуын, сабаққа дайындығын тексеру - Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу - Сабаққа әзірленген жабдықтар барысын тексеру - Оқушыларды сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру - жұмыс орынында уақытында болу - жұмыс орынын сабаққа дайындау - сабақтың тақырыбымен және мақсаттарымен танысу -сабаққа дайын болу Ежова Н.В., Педиатрия С. Х. Аюпова, Клиникалық педиатрия
  Ұй тапсырмасының актуализациясы -мұғалім оқушы студенттерді бірнеше топшаларға бөліп, әр топшаға бөлек-бөлек тапсырма береді -берілген тапсырманың ұғу деңгейі бойынша тексеруді өткізеді -оқушылардың орын алмастыру жағдайын тексереді әр топшалардың мүшелері бір біріне өз білімдерін жеткізеді бір бірін оқытуды, бір бірін және өз өзін тексеруді қалыптастырады өз бетімен жұмыс істеу үшін оқулықтар, міндеттер, тесттер, тақырып бойынша кестелер
  Эксперттік топшалармен жұмыс істеу -оқыту материалдарды оқушыларға ұсынады -Тақырып бойынша керек алгоритмдерді көрсетеді   Студенттер оқытушының көрсеткен алгоритмдерін ұқыпты қарап отырады, түсінбеген жерлерін қайталауына сұрайды Құрал-жабдықтар, көрнекі құралдар: Жөргектер, бала киімі, қуыршақтар, мақта домалақшалары, дәке салфеткалар, су термометрі, орамал, бессаусақтар, таразы.
  Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу Студенттерге көмек көрсетеді, дағдылар мен іскерлігінің сапасын көтеруге көмектеседі Өз бетімен жұмыс істейді Жіберілген қателерін дұрыстайды
  Жаңа практикалық дағдыларды бекіту -Студенттердің дағдылар мен іскерлігінің сапасын тексереді Студенттергеәр түрлі міндеттер береді, - тексеру материалдармен қамтамасыз етеді   - бір бірінің іскерлігін, білімін сынап бағалайды.   өз бетімен жұмыс істеу үшін оқулықтар, міндеттер, тесттер
  Рефлексивті бағалау кезеңі: · Сабақты қорытындылау   · Үй тапсырмасы бойынша мәлімет беру -ең үздік оқушыларды мақтайды     - әрбір оқушы сабақтың өтуі бойынша, кездескен қиыншылықтар туралы, оң және теріс моменттер туралы пікірімен бөліседі    

 


№1 қосымша

І.Ұй тапсырмасының актуализациясы - 20 мин.

Эксперттердің бірінші тобы тапсырмасы

1.Жаңа туған баланың белгілері қандай?

2. Алғашқы дем алудың механизмы қандай?

3. Жаңа туған баланың тіркеуіне кіретін күжаттарлы айтыныз.

Эксnерттердіl(екінші тобы тапсырмасы. Физиологиялық (шекті) жағдайларға қандай жағдайлар жатады?

2. Гигиеналық тәртіпті сақтау қандай анатомо-физиологиялық ерекшеліктерге байланысты?

3. Жаңа туған баланың тіркеуі қалай өткізіледі?

Эксперттердің үшінші тобы тапсырмасы

1..Апгар-кестесінің сипаттамасы қандай?

2.Балалар палатасына қандай талаптар қойылады?

3.Жаңа туған балаға қай мерзімде, қандай мақсаттармен патронаж өткізіледі?

 

Тақырып бойынша тесттер

1.Жаңа туған баланың минут аралығында тыныс алу жиiлiгi:

1. 30-40 2. 40-60 3. 60-80 4. 16-20

2. Жаңа туған баланың бас айналымы:

1.20-25см 2.30-32см 3.34-36см 4.40-42см

3.Жетiлiп дүниеге келген баланың белгiсi:

1.Даусы қатты шығады 2. Бойы 40см

3. Терi асты майы шала дамыған 4. Терi түсi ақ

4. Физиологиялық қызару байланысы:

1.терiге қан толумен

2.дене қызуы көтерiлумен

3.қыз баланың қынабынан қанды сұйықтық көрiнумен

4.зритроциттердіњ жарылуымен

5. Жаңа туған баланың артериялар және веналар сәйкестiгi:

1.артерияның кеңдiгi веналардың кеңдiгiне тең

2.вена артериядан кең

3.артерия венадан кең

4.артериялар веналардан қысқа.

6. Сәбидiң бас айналымы кеудесiнен:

1.5см кем 2. тең 3. 2см артыќ 4.5см артық

7. Апгар- кестесi бойынша белгiленедi:

1.шала туғандықтың дәрежесi

2.дем алудың жетiспеушiлiгi

3.жаңа туған баланың жағдайы

4.жүрек- қан тамыр аурудың дәрежесi

8. Гонобленнореяның алдын алу үшiн қолданамыз:

1.1% бор қышқылы ерiтiндiсiн

2.30 % сульфацил натрий ерiтiндiсiн

3.пенициллинді

4.3% сутегi тотығы ерiтiндiсін

9. Жаңа туған баланың кеуде айналымы:

1. 24-25см 2. 32-34см 3. 40-42см 4. 36-38см

10. Жаңа туған баланы емiзу тәртiбi:

1.туғаннан кейiн бiрден

2.екi сағат өткеннен кейін

3. 12 сағат өткеннен кейiн

4. 24 сағат өткеннен кейiн

11. Шала туған баланың жүрек соғуы жиiлiгi:

1. 100-200 2. 120-140 3. 140-160 4. 160-180

13.Шала туған балада кiндiк қалдығы түседi:

1. 5-7 күн 2. 3-5 күн 3. 7-10 күн 4. 10-11 күн

14. Шала туған балада кiндiк жарасының жазылуы:

1. 3-5 күн 2. 5-7 күн 3. 7-10 күн 4. 10-11 күн

15. Шала туған бала бiр жасқа дейiн өседi.

1. 26-30 см 2. 20-25 см 3. 12-13 см 4. 50 см

16. Шала туған баланы қабылдау үшiн:

1.босанатын залдың t0 260-280 болуы

2.босанатын залдың t0 260-280 және кювез болуы

3.босанатын залдың t0 220-240 болуы

4.босанатын залдың t0 360

17. 2,0-2,5 кг дене салмағымен туған балаға арналған кювез жылылығы:

1.32-340 2.34-350 3. 30-320 4. 28-300С

18. Ана жатырының жиырылуына қатысатын гормон:

1. окситоцин 2. пролактин 3. инсулин 4. кортизол

19. Еме алмайтын шала туған баланы тамақтандырады:

1.шыныдан емiзiкпен 3. зонд арқылы

2.тамызғышпен 4. сүт безiнен

20. 3-ші дәрежедегi түған баланың кiндiгiн қысады:

1.Роговин жақшасын

2.пластик жақшасын

3.жiбек лигатурасын кiндiк сақинасынан 0,5 см жоғары

4.жiбек лигатурасын кiндiк сақинасынан 3-4 см жоғары

21. Шала туған балада ең жиi кездесетiн ауру:

1.мешел 3. баздану

2.кариес 4. тершеңдiк

22 Шала туған балада мешелдiң алдын алуы басталады

1.туғаннан кейiн бiрден 3. бiр айында

2. екi жұмадан кейiн 4. екi айында

23.Шала туған баладағы терiасты майы дамымаған

1.бетiнде 3.қол-аяқтарында

2.iшiнде 4. бүкiл денесiнде

22. Өлiм жиi кездеседi шала туған... баланың салмағына байланысты

1.1кг болса

2.1500г-нан кем болса

3.2кг болса

4.2,5кг болса

23. Ұрықтың салмағына әсер етедi:

1.жүктi әйелдiң аурулары

2.әйелдiң күн тәртiбiн сақтамауы

3.ұрықтың жыныстық бағыты

4. қоршаған ортаның температурасы

5.Шала туғандыққа жатпайтын белгi

1.жiңiшке дауыс

2.пысық қимыл

3.шалбарланған терi

4.жабылмаған кiшi еңбек

24. Апгар – кестесi бойынша белгiленедi

1.шала туғандықтың дәрежесi

2.дем алудың жетiспеушiлiгi

3.жаңа туған баланың жағдайы

4.жүрек ауруларының дәрежесi

25. Шала туған баланың АФЕ-не жатпайтын жағдай

1.физиологиялық сарғаю

2.тыныс алу мүшелердiң шала дамуы

3.бауыр қабырға астында тұру

4.физиологиялық эритема

26. Шала туған баланың жөтел орнына пайда болады

1.ауыз-мұрынынан көпiршiк пайда болу

2.дене қызуы көтерiлу

3.Демiкпе

Ентiкпе.

27.Шала туған бала тыныс алудың жиiлiгi және үстiрттiгi...байланысты:

1.орталық нерв жүйесiнiң шала дамуына

2.эндокрин жүйесiнiң шала дамуына

3.жүрек соғуының жиiлiгiне

4. кеуде қуысының тарлығына

№2 қосымша

 

Эксперттік топшалармен жұмыс істеу – 20 мин.

 

алгоримдер

Эксперттердің бірінші тобы тапсырмасы

Баланың САЛМАҒЫН элекТронды таразымен ӨЛШЕУ АЛГОРИТМІ

(2 ЖАСҚА ДЕЙІН)

Көрсеткіші:

43. баланың салмақ мөлшерінің сәйкестігін бағалау;

44. баланың физикалык дамуын бағалау.

Керекті құралдар:

45. электрондық таразы;

46. резеңке бессаусақты қолғап;

47. дезертіндісі бар ыдыс, сүрткіш;

48. қағаз, қалам.

Кезеңдер Негіздемесі
1.Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру. анасының (туыстарының) ақпаратты білуіне құқығын қамтамасыз ету
2.Таразыны тегіс тұрақты жерге орналастыру. 3.Керекті құралдарды дайындау. өлшеудің дұрыстығына жету шараның айқындығын қамтамасыз ету
4.Таразының дұрыс тұрғандығын тексеру. шараның айқындығын қамтамасыз ету
5.Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, керек жағдайда резеңке бессаусақ қолғапты кию. жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
6.Табақшаны дезерітіндімен сүртіп, залалсыздандыру. жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
49. Таразыға бірнеше қабат бүктелген жөргекті төсеу. бала үшін ыңғайлы жағдай тудыру
50. Таразыны нөлдік көрсеткішке қою.  
51. Баланы таразыға жатқызу.  
52. Салмақ көрсеткіштерін нақтылау және баланы таразыдан алу. нәтижесінің айқындығын қамтамасыз ету
53. Бала салмағының көрсеткіштерін жазып алу. Тексеру қорытындысын құжаттандыру
54. Таразыдан жөргекті алып тастау. таразының дұрыс реттелуін сақтау  
55. Таразының табақшасын дезерітіндімен сүрткіш арқылы залалсыздандыру. жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
56. Бессаусақты қолғапты шешіп қорапқа салу, қолды жуу және құрғату. жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету  

Ескерту. Баланы ашқарында, бір мезгілде, үлкен дәретке отырғаннан кейін өлшеу керек.

Баланың бойЫН өлшеу АЛГОРИТМІ

Көрсеткіші:

• баланың физикалық дамуын бағалау.

Керекті құралдар:

• көлденең бой өлшегіш;

• жөргек;

• резеңке бессаусақ қолғабы;

• дезертіндісі бар ыдыс, сүрткіш,

• қағаз, калам.

Кезеңдер Негіздемесі
1. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру. анасының (туыстарының) ақпаратты білуіне құқығын қамтамасыз ету
2. Көлденең бой өлшегішті тегіс тұрақты жерге «өзіне» қаратып орналастыру өлшеудің дұрыстығына жету  
3. Керекті құралдарды дайындау. шараның айқындығын қамтамасыз ету
4. Қолды гигиеналық әдіспен өндеу, қүрғату. 5.Керек жағдайда резеңке бессаусақ қолғапты кию. 6. Бой олшегіш үстін дезерітіндімен сүрткіш арқылы залалсыздандыру. жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
9. Өлшегіш үстіне жөргек төсеп баланың басын жылжымайтын жактауға тақап жаткызу. бала үшін ыңғайлы жағдай тудыру
10.Баланың тізесінен сәл басып, аяқтарын түзеп жатқызу 11.Бой өлшегіштің жылжымалы жақтауын баланың өкшесіне тіреп жақындату 12.Шкала бойынша бала денесінің бой ұзындығын анықтау шараның айқындығын қамтамасыз ету  
11. Баланы бой өлшегіштен алу баланың кауіпсіздігін сақтау
12. қорытындысын жазу және кортындысын анасына хабарлау. бала анасының (туыстарының) құқықтарын сақтау
13. Өлшегіштен жөргекті алып тастап, бой олшегіштін үстін дезерітіндімен сурткіш арқылы залалсыздандыру. жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
14. Қолғапты шешіп қорапқа тастау, қолды жуу және қүрғату. жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Ескерту. Баланың бойын таңертенгі уақытта өлшеген жөн, бөлме температурасы

22–240 С.

Баланың бас ШЕҢБЕРІН өлшеу АЛГОРИТМІ

Көрсеткіші: баланың дене дамуын анықтау

Керекті құралдар:

• сантиметрлік таспа,

• салфетка, спирт,

• қағаз, қалам

Кезеңдер Негіздемесі
1. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру. анасының (туыстарының) ақпаратты білуіне құқығын қамтамасыз ету
2. Керекті кұралдарды дайындау шараның айқындығын қамтамасыз ету
3.Қолды гигиеналық әдіспен өндеу, қурғату, керек жағдайда резеңке бессаусақ қолғапты кию. 4.Сантиметрлік таспаны спиртпен дымдалған салфеткамен екі жағынан сүрту. жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету  
5.Баланы отырғызу немесе жатқызу бала үшін ыңғайлы жағдай тудыру
6. Сантиметрлік таспаны баланың басына келесі ориентирлер бойынша салады: а) артынан –шүйде дөңесі бойынша, б) алдында – қабак үсті доғасы. 7. Қорытындысын баланың даму тарихына жазып алу 8. қорытындысы туралы анасына хабарлау нәтижесінің айқындығын қамтамасыз ету     тексеру қорытындысын құжаттандыру анасының (туыстарының) ақпаратты білуіне құқығын қамтамасыз ету

Ескерту. 1. Бөлменің температурасы 22 – 240 С төмен болмау керек. Өлшемдерді тәуліктің бірінші жартысында өткізген жөн.

2. Баланың әр түрлі бөліктер айналымын баланың көңіл- күйі жақсы, тыныш кезінде, мұқият өлшейді.

Баланың КЕУДЕ ШЕҢБЕРІН ӨЛШЕУ АЛГОРИТМІ

Көрсеткіші:

• баланың физикалық дамуын бағалау.

Керекті құралдар:

• сантиметрлік таспа,

• салфетка, 70% этил спирті

• қағаз, қалам

Кезеңдер Негіздемесі
1. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру. анасының (туыстарының) ақпаратты білуіне құқығын қамтамасыз ету
2. Керекті құралдарды дайындау шараның айқындығын қамтамасыз ету
3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату. Керек жағдайда резеңке бессаусақ қолғапты кию. 4.См таспаны спиртпен дымдалған салфеткамен екі жағынан сүрту. жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету  
5.Баланы отырғызу немесе жатқызу бала үшін ыңғайлы жағдай тудыру
7. Сантиметрлік таспаны бала кеудесі торының келесі бағыттары бойынша салу: - артқы жағында - жауырынның астыңғы бұрышы - алдыңғы жағында – емшек ұшы маңы айналасының астыңғы шеті (пубертатты жастағы қыз балаларда сүт бездері үлкейгенде- 4 қабырға). нәтижесінің айқындығын қамтамасыз ету  
7.Қорытындысын жазып алу тексеру қорытындысын құжаттандыру
8. Салфетканы бойөлшегіштен алып тастау жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

үлкен еҢбек кӨлемін АНЫҚТАУ АЛГОРИТМІ

Көрсеткіші:

· баланың физикалық дамуын анықтау

Керекті құралдар:

· сантиметрлік таспа,

· салфетка, спирт.

Кезеңдер Негіздемесі
1. Қолды ұқыпты жуу, құрғату жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
2. Салфетка көмегімен см таспаны екі жақтан өндеу жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
3.Баланы отырғызу немесе жатқызу балаға ынғайлы жағдай жасау
19. Бала басының үлкен енбек аймағына см таспаны салу, екі қарама-карсы жақтардың ара қашықтығын өлшеу өлшеу қорытындысы дұрыс болуын қамтамасыз ету.
20. Қорытынды көрсеткішін жазып алу тексеру қорытындысын құжаттандыру
6.Қолды ұқыпты жуу, құрғату жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
7. Қортыңдымен баланың анасын танысғыру бала анасының (туыстарының) құқықтарын сақтау

Эксперттердің екінші тобы тапсырмасы

Нәрестенің және ерте жастағы баланың

ТАҢЕРТЕНГІ ТУАЛЕТІ

Көрсеткіші:

• дене гигиенасын сақтау;

• баланың таза болу кажеттілігін қанағаттандыру;

• таза жүру әдетін қалыптастыру

Керекті құралдар:

• қайнаған су;

• дәке салфеткалары, мақта домалақшалары;

• сүлгі немесе жұмсақ жөргек;

• стерильді өсімдік майы;

• жөргектейтін үстөлдегі таза жөргектеуге арналған жинақ немесе киімдер;

• резеңке қолғап;

• дезертіндісі бар ыдыс, сүрткіш

• қолданылған заттарға арналған лоток;

• кір киімдерге арналған қап.

 

 

Кезеңдер Негіздемесі
1.Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру. • баланың дұрыс күнделік күтімін қамтамасыз ету
2.Керекті құралдарды дайындау.   • шараның жылдамдығы мен айқындығын қамтамасыз ету
3.Ағынды судың температурасын реттеп алу (орьндаушы өзінің білегіне тексереді). • күйіктердің алдын алуы
4.Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, стерильді резеңке қолғап кию • жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
5. Жөргектейтін үстөлді дезерітіндімен өндеп, оның үстіне жөргек төсеу. • жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
6. Баланы шешіндіріп жөргектейтін үстөл үстіне жатқызу. 7.Баланың шешкен киімдерін кір киімге арналған қапқа салу. • баланы шараға әзірлеу • баланың ең ыңғайлы жағдайын қалыптастыру • қоршаған ортаны кірлеуден сақтау
8. Баланың бетін қайнаған суға малынған мақта домалақшасымен абайлап сүрту • бала терісін тітіркенуден сақтау
9. Қайнаған суға малынған мақта домалақшасымен бала көзінің сыртқы бұрышынан ішкі бұрышына қарай өндеу (әр көзге жеке домалақшасы қолданылады). 10. Сол ережемен көзін құрғақ мақта домалақшасымен құрғату. • бір көзден екінші көзге жұқпаны тасымалдамаудың алдын алуы   • ылғалдың калдықтарын жою үшін және гигиеналық комфортты сақтау үшін
11.Мұрын жолдарын өсімдік майына немесе қайнаған суға малынған шиыршықталған мақтамен, айналдыра қозғалтып 1,5 см тсреңдікке енгізу арқылы тазалау (әр мұрын жолына бөлек мақта қолдану). Мактаны мұрынға сағат тілінің бағытымен енгізіп, сол бағытын өзгермей алып шығу қажет. • мұрын арқылы бос демалуды қамтамасыз ету • «қабыршақтарды» жеңіл шығару үшін оларды көкөніс майы көмегімен жібіту
12. Есту жолдарын өсімдік майына немесе қайнаған суға малынған шиыршықталған мақтамен, айналдыра қозғалтып 2 см тереңдікке енгізу арқылы тазалау (әр есту жолына бөлек мақта қолдану). Баланың құлақтарын аптасына 1 рет немесе керектігіне байланысты тазалау керек. • есту жолдарының тазалығын қамтамасыз ету • құлақтағы «құлықты» жеңіл шығару үшін оларды көкөніс май көмегімен жібіту
13. Абайлап баланың иегін басып аузын ашу және ауыз қуысының шырышты қабатын тексеру. • стоматиттердің және ауыз қуысының басқа патологиялық өзгерістерінің алдын алуы
14. Табиғи қыртыстарын стерильді майға малынған мақта домалақшасымен өндеу. Келесі реттілікті қатаң түрде сақтау керек: құлақ арты-мойын-қолтық асты-шынтақ-білек-тізе асты-тірсектабан-шап-жамбас • базданудың алдын алуы   • шап-жамбас қыртыстары ең кір болғаннан олар ең соңында өнделеді
15. Баланы жөргектеп төсекке жатқызу. • баланың ең ыңғайлы жағдайы
16.Жоргектейтін үстөлдегі жөргекті кір киімге арналған қапқа салу..Жөргектейтін үстөлді дезерітіндімен сүрту. Қолғапты шешіп қорапқа салу, қолды жуу және құрғату. • жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Нәрестенің және ерте жастағы баланың

жыныс мүшелерін жуу АЛГОРИТМІ

Көрсеткіші:

• дене гигиенасын сақтау;

• баланың таза болу кажеттілігін қанағаттандыру;

• таза жүру әдетін қалыптастыру

Керекті құралдар:

ағынды су (температурасы 37-38°С);

• дәке салфеткалары, мақта домалақшалары;

• сүлгі немесе жұмсақ жөргек;

• стерильді өсімдік майы;

• жөргектейтін үстөлдегі таза жөргектеуге арналған жинақ немесе киімдер;

• резеңке қолғап;

• дезертіндісі бар ыдыс, сүрткіш,

• кір киімдерге арналған қап.

Ескерту:

• үлкен дәреттен кейін міндетті түрде жыныс мүшелерін жуу;

• тек қана ағынды сумен жуу;

• әр кіші дәреттен кейін жыныс мүшелерін жумауға болады

Кезеңдер Негіздемесі
1.Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру. • баланың дұрыс күнделік күтімін қамтамасыз ету
2.Керекті қүралдарды дайындау.   • шараның жылдамдығы мен айқындығын қамтамасыз ету
3.Ағынды судың температурасын реттеп алу (орьндаушы өзінің білегіне тексереді). • күйіктердің алдын алуы
4.Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, стерильді резеңке қолғап кию • жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
5. Баланың кірленген киімдерін шешіп кір киімге арналған қапқа салу. • баланы шара өткізуге әзірлеу • қоршаған орта тазалығын сақтау мақсатымен
6.Баланы сол қолдың білегіне және алақаны- на салу, баланың басы орындаушының сол білек буынында болуы қажет •балаға жағымды жағдай тудыру
7.Дәке салфеткасымен ағынды судың астында жыныс жолдарын жуу. Есте сақтау! Қыз балаларды - тек алдынан артқа және жогарыдан төмен бағытта жуу қажет • жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
8.Баланы дезерітіндімен оңделген үстөлдің үстіне жатқызып жыныс мүшелерінің терісін жөргекпен немесе сүлгімен абайлап құрғату. • гигиеналық жағымды жағдай тудыру • тоңазу қауібін төмендету
9.Тері қыртыстарын қайнатылған өсімдік майымен сылау. • базданудың алдын алуы
10.Балаға таза киім кигізу. • балаға жағымды жағдай тудыру
11.Қолғапты шешіп қорапқа салу, қолды жуу жөне қүрғату. • жұқпалық ќауіпсіздікті қамтамасыз ету

 

Эксперттердің ҮШІНШІ тобы тапсырмасы

Гигиеналық ваннаны Өткізу АЛГОРИТМІ

Көрсеткіші:

• дене гигиенасын сақтау;

• баланың таза болу қажеттілігін қанағаттандыру;

• таза жүру әдетін қалыптастыру;

• баланы шынықтыру.

Керекті құралдар:

• шомылдыруға арналған ванна;

• ваннаға арналған жөргек;

• су температурасы 36 -37° С шайындыруға арналған суы бар құмыра;

• су термометрі;

• түкті қолғап; бала сабыны; 5% калий перманганат ерітіндісі;

• үлкен жүмсақ сүлгі;

• жөргектейтін үстөлдегі жөргектеуге арналған таза жинақ немесе киімдер;

• стерильді өсімдік майы немесе бала үнтағы;

• резеңке қолғап;

• дезертіндісі бар ыдыс, сүрткіш;

• жылы су (37-38° С), 2-3 айлық балаларға - қайнаған су;

• дәке салфеткасы,

• кір киімдерге арналған қап.


Дата добавления: 2015-07-25; просмотров: 530 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Есептеу жолы| Ескерту

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.047 сек.)