Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сабак № 9

Есептеу жолы | Сабак № 6 | Ескерту | Сабак № 7 | Сабак №8 | Косымша | Ескерту. | ЛАРИНГОСПАЗМ | Сабак № | Есеп №7. |


Читайте также:
  1. Сабак №
  2. Сабак № 1
  3. Сабак № 14
  4. Сабак № 2
  5. Сабак № 4
  6. Сабак № 5
  7. Сабак № 6

Сабақ жоспары

Сабақ тақырыбы Диареялар (ішөтпе). Ақуыз-энергетикалық жетіспеушілік.

Сабақ мақсаты

Осы тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеру, тереңдету, нығайту.

Оқылған тақырыптың игеру дәрежесін анықтау

2. Дамытушылық

Логикалық ойлануды талап ететін тапсырмаларды қолданып, оқушылардың парасаттық қабілетін дамыту.

3. Тәрбиелік

Науқас баланы көре тұра оқушылардың адамгершілік, мейірімділік сезімін ояту.

Болашақ нәтижені сипаттау

Білім:

Инфекциялық және инфекциялық емес диареялар. Дегидратацияның негізгі белгілері. Балалардағы дегидратация ауырлығын бағалау (ДДҰ ұсыныстарына сәйкес). Нейротоксикалық синдром. Емдеу. БЖАЖИ бойынша жүргізілетін оралды регидратация, онын нәресте өлім-жітімділігін азайтудағы мәні. Эксикоздың патогенездік терапиядағы мәні. Көрсетімдері. Инфузиялық терапия, бастапқы ерітінді. Диареялық аурулармен (БЖАЖИ бойынша) күрес жүргізудегі ДДҰ мен ЮНИСЕФ бағдарламалары. Балалардағы ақуыз-энергетикалық жеткіліксіздік. Емдеу кезінде тамақтандыру мен күтім жасаудың рөлі. Балалардағы 2-3 деңгейлі ақуыз - энергетикалық жеткіліксіздік кезіндегі емдеу.

Икемділік:

3. Білім алушылар науқастарға курация жасау

4. организмнің сусыздану деңгейін анықтау

5. тері қабатына күтімі

6. жылытқыны колданады

7. құсу кезінде балаға көмектесу

8. ішекті шаю

9. копрологиялық және бактериологиялық зерттеуге нәжіс алу

10. диареямен сырқаттанған науқасты емдеу сызбанұсқасын құрастыру

11. науқас баланың анасымен сұхбаттасу тәсілін қальштастырады

Дағдылар:

1. организмнің сусыздану деңгейін анықтау

2. тері қабатына күтімі

3. жылытқыны колданады

4. құсу кезінде балаға көмектесу

5. ішекті шаю

6. копрологиялық және бактериологиялық зерттеуге нәжіс алу

Сабақ типі

Білімнің, икемділіктің және дағдылардың жетілдіру сабағы

Әдіс – тәсілдер: Практикалық

Сабақтың түрі: КСО, ЖИГСО - методикасы

Материалдар, оқу-әдістемелік әдебиет, анықтамалық әдебиет

С. Х. Аюпова, Клиникалық педиатрия

Лекция конспекті.

Құрал-жабдықтар, көрнекі құралдар

Жөргек, скотч, шыны, нәжіске арналған ыдыс, ұштық, оймыш, су, резенке балон, стерилді вазелин, орамал, штатив, пробирка, мақта домалақшалары, дәке салфеткалары, 10 литр су, залалсыздандырылған зонт, глицерин, шприц, алжапқыш, шелек, бақраш, ілгегі бар залалсыздандырылған пробирка, петри табақшасы

Пәнаралық байланыс: Терапия, латын тілі, физиология, анатомия, патологиялық физиология, ішкі аурулар прпедевтикасы

 

 

Сабақ бөлімінің атауы Уақыты - 180 мин.
  Ұйымдастыру кезеңі 5 мин.
  Ұй тапсырмасының актуализациясы 20 мин.
  Эксперттік топшалармен жұмыс істеу 20 мин.
  Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу 85 мин.
  Жаңа практикалық дағдаларды, іскерлікті бекіту 45 мин.
  Рефлексивті бағалау кезеңі:
  • Сабақты қорытындылау
  • Үй тапсырмасы бойынша мәлімет беру
5 мин. 2 мин. 3 мин.

 

Сабақтың барысы

 

  Сабақ кезеңдері Оқытушы іс-әрекеті Оқушылар іс-әрекеті Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар
  Ұйымдастыру кезеңі   - Оқушылардың сабаққа қатысуын, сабаққа дайындығын тексеру - Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу - Сабаққа әзірленген жабдықтар барысын тексеру - Оқушыларды сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру - жұмыс орынында уақытында болу - жұмыс орынын сабаққа дайындау - сабақтың тақырыбымен және мақсаттарымен танысу -сабаққа дайын болу С. Х. Аюпова, Клиникалық педиатрия, лекция
  Ұй тапсырмасының актуализациясы -мұғалім оқушы студенттерді бірнеше топшаларға бөліп, әр топшаға бөлек-бөлек тапсырма береді -берілген тапсырманың ұғу деңгейі бойынша тексеруді өткізеді -оқушылардың орын алмастыру жағдайын тексереді әр топшалардың мүшелері бір біріне өз білімдерін жеткізеді бір бірін оқытуды, бір бірін және өз өзін тексеруді қалыптастырады өз бетімен жұмыс істеу үшін оқулықтар, міндеттер, тесттер, тақырып бойынша кестелер
  Эксперттік топшалармен жұмыс істеу -оқыту материалдарды оқушыларға ұсынады -Тақырып бойынша керек алгоритмдерді көрсетеді   Студенттер оқытушының көрсеткен алгоритмдерін ұқыпты қарап отырады, түсінбеген жерлерін қайталауына сұрайды Жөргек, скотч, шыны, нәжіске арналған ыдыс, ұштық, оймыш, су, резенке балон, стерилді вазелин, орамал, штатив, пробирка, мақта домалақшалары, дәке салфеткалары, 10 литр су, залалсыздандырылған зонт, глицерин, шприц, алжапқыш, шелек, бақраш, ілгегі бар залалсыздандырылған пробирка, петри табақшасы
  Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу Студенттерге көмек көрсетеді, дағдылар мен іскерлігінің сапасын көтеруге көмектеседі Өз бетімен жұмыс істейді Жіберілген қателерін дұрыстайды
  Жаңа практикалық дағдыларды бекіту -Студенттердің дағдылар мен іскерлігінің сапасын тексереді Студенттергеәр түрлі міндеттер береді, - тексеру материалдармен қамтамасыз етеді   - бір бірінің іскерлігін, білімін сынап бағалайды.   өз бетімен жұмыс істеу үшін оқулықтар, міндеттер, тесттер
  Рефлексивті бағалау кезеңі: · Сабақты қорытындылау   · Үй тапсырмасы бойынша мәлімет беру -ең үздік оқушыларды мақтайды     - әрбір оқушы сабақтың өтуі бойынша, кездескен қиыншылықтар туралы, оң және теріс моменттер туралы пікірімен бөліседі    

 


І.Ұй тапсырмасының актуализациясы - 20 мин.

№1 қосымша

Эксперттердін бірінші тобы тапсырмасы

1. Диарея деген не?

2. Диареяның даму себептері қандай?

3. Диареяның жіктелуі неге байланысты?

Эксперттердің екінші тобы тапсырмасы

1.Диареяның клиникасы қандай?

2.Диареяның еміне не жатады?

3.Диареяның алдын алуы қандай?

Эксперттердін үшінші тобы тапсырмасы

1.Ақуыз-энергетикалық жетіспеушілік,түсініктемесі.

2. Ақуыз-энергетикалық себептері

3.Емдеу тєсілдері қандай?

 

№2 қосымша

 

ІІ.Эксперттік топшалармен жұмыс істеу – 20 мин.

 

алгоримдер

Эксперттердің бірінші тобы тапсырмасы

Баланың салмағын электронды таразымен өлшеу

 

Көрсеткіші:

57. баланың салмақ мөлшерінің сәйкестігін бағалау;

58. баланың физикалык дамуын бағалау.

Керекті құралдар:

59. электрондық таразы;

60. резеңке бессаусақты қолғап;

61. дезертіндісі бар ыдыс, сүрткіш;

62. қағаз, қалам.

 

Кезеңдер Негіздемесі
1.Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру. анасының (туыстарының) ақпаратты білуіне құқығын қамтамасыз ету
2.Таразыны тегіс тұрақты жерге орналастыру. 3.Керекті құралдарды дайындау. өлшеудің дұрыстығына жету шараның айқындығын қамтамасыз ету
4.Таразының дұрыс тұрғандығын тексеру. шараның айқындығын қамтамасыз ету
5.Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, керек жағдайда резеңке бессаусақ қолғапты кию. жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
6.Табақшаны дезерітіндімен сүртіп, залалсыздандыру. жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
63. Таразыға бірнеше қабат бүктелген жөргекті төсеу. бала үшін ыңғайлы жағдай тудыру
64. Таразыны нөлдік көрсеткішке қою.  
65. Баланы таразыға жатқызу.  
66. Салмақ көрсеткіштерін нақтылау және баланы таразыдан алу. нәтижесінің айқындығын қамтамасыз ету
67. Бала салмағының көрсеткіштерін жазып алу. Тексеру қорытындысын құжаттандыру
68. Таразыдан жөргекті алып тастау. таразының дұрыс реттелуін сақтау
69. Таразының табақшасын дезерітіндімен сүрткіш арқылы залалсыздандыру. жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
70. Бессаусақты қолғапты шешіп қорапқа салу, қолды жуу және құрғату. жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету  

Ескерту. Баланы ашқарында, бір мезгілде, үлкен дәретке отырғаннан кейін өлшеу керек.

 

Жылытуға жылыткышты қолдану АЛГОРИТМІ

Максаты: шала туылған баланың калыпты дене температурасын қамтамасыз ету

Керекті қүралдар:

• Резеңке жылтқыштар-3;

• Температурасы 55-65°С су;

• Жергектер-3;

• Термометр;

• Көрпеше немесе қалың жөргек.

Кезеңдер Негіздемесі
1.Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру. • баланың күнделік дұрыс күтімін қамтамасыз ету • бос жөргектеуді қолданғанда сүйек-бұлшық ет жүйесі бойынша даму бұзылыстарының алдын алу
2.Керекті қүралдарды дайындау. • шараның жылдамдығы мен айқындығын қамтамасыз ету
3.Қолды гигиеналық әдіспен өндеу, қүрғату, резеңке қолғап кию. • жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
4.Жылытқышты 60-70°С сумен ½ немесе 2/3 бөлігіне дейін толтыру. • құрғақ жылу қан айналымды күшейтеді, жылынуға себеп болады
5. Жылытқышты қолмен жайлап басу арқылы одан ауаны шығару, аузын мықтал жабу. • баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету
6. Жылытқыштың аузын төмен қаратып, аузының толық жабылғанын тексеру. • тері күйігінің алдын алуы
7.Сол әдіспен тағы да екі жылытқышты дайындау • баланың үш жағына жылытқыштарды орналастыру керек
8. Жылытқыштарды 4 қабатталған жөргектермен орау. • тым қыздырып жіберудің, тері күйігінің алдын алуы
Жөргектелген баладан 2 см қашықтықта жылытқыштарды қою: а) табанының жанына; б) екеуін - денесінің екі жағына. • бала денесінің біркелкі жылы болуын қамтамасыз ету
10. Баланы жылы көрпешемен жабу (көрпе астындағы ауа температурасы 28-30°С кем болмау керек), астына термометрді салу. • «жылылық зонаны» тудыру
11. Жылытқыштардағы суды суығанына байланысты ауыстыру, міндетті түрде кезекпен. • баланы қоршаған орта температурасының кенет өзгеруінің алдын алуы
12. Көрпе астынан термометрді алыи шығып агынды сумен жуу, қүрғатып сүртіп қорапшаға салу 13. Жылытқыштардан суды төгу, олардың сыртжағын дез.ертіндІмен залалсыздандыру. 14.Қолды жуу, қүрғату. • жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

 

Қ Ұ С У

Себептері:

1. үшыну;

2. улану;

5. ас қорыту жүйесінің аурулары;

6. ОЖЖ аурулары.

Шұғыл көмек

Кезеңдері Негіздемесі
1. Баланың басын жоғары көтеріп, басын бір жақ жанына бұрып жатқызу • аспирацияның алдын алуы
2. Қысып түрған киімдерін шешу.   • өкпе экскурсиясын жеңілдету
3. Таза ауаның болуын қамтамасыз ету.   • баланың тынысын жеңілдету
4. Дәрігердің тағайындауы бойынша баланың асқазанын шаю.   • улар мен уыттардың механикалық жолмен кетіруі  
5. Келесі препараттарды енгізу (әр препаратты алдында енгізілген препараттың тиімсіз болуында енгізеді):    
а) рег 08 - новокаин 0,25% - 1 шай қасық. - 1 • перифериялық құсу орталығының
дес.қас. - 1 ас қас, жасына сәйкес;   қоздырғыштығын төмендетеді
б) бүлшық етке - церукал - Імг/кг (1 мл=5 мг) • перистальтиканы
(реглан) немесе прозерин - 0,1 мл/жасына;   қалыптастырады
в) қайталап үзіліссіз қүсу болғанда • орталық құсу орталығының
- аминазин бүлшық етке 0,1 мл/жасына.   қоздырғыштығын төмендетеді
6. Қүсудан кейін:    
а) аузын қайнаған сумен шаю; • гигиеналық шара
б) су-шай үзілісін сақтау 2-4 сағатқа;   • оральді регидратация
в) керек жағдайда - қүсықты зертханаға зерттеуге жіберу. • құсудың себебін анықтау
7. Қүсудың себебін анықтау және оны жоюға тырысу. • екіншілік құсудың алдын алу

Бала нәжісін копрологиялық және бактериологиялық зерттеуге жинау

Мақсаты: жедел жұқпалы аурулар, екі жасқа дейінгі ауруханаға түскен балаларда, бала үйлеріне бірінші рет орналасып жатқан балаларда,тасымалдаушыларда.

Әзірле: тығыз жабылатын залалсыздандырылған пробиркалар, ішінде темір не ағаш таяқшадағы мақта тампондарымен; консервант флаконы, бессаусақты қолғап, жолдама,стеклограф.

 

Этаптар Жабдықтандыру
Қолдарыњызды жуып, құрғатып, бессаусақты колғапты кию. Инфекциялық қауып-қатерлікті жою үшін.
Баланы аяқтарын бүгіп, ішіне келтіріп, сол жағына жатқызығыз. Тік ішектің және сигма тәрізді ішектің АФЕ-сіне байланысты.
Құйрғын сол қолдың бірінші-екінші саусақтарымен ашыңыз. Оң қолға пробиркадан тұзақты (петля)алып, абайлап тік ішекке еңгізіңіз және қабырғаларының барын алыңыз Ерте жастағы балаларда тұзақты енгізу тереңдігі3-4 см, ересек балаларда тұзақты енгізу тереңдігі 6-8 см. Жақпа алудың техникасы.     Анатомия-физиологиялық ерекшеліктер
Тұзақты тік ішектен суырып алып, консерванты бар пробиркаға салыңыз Қан қоспалары бар нәжісті алмау!     Ќанның бактерицидтық қасиеті бар.
Бессаусақты қолғапты шешіңіз, қолдарыңызды жуып, кептіріңіз. Инфекциялық қауып-қатерлікті жою үшін.
Материалды жолдамамен бірге лабораторияға жіберіңіз  

АСҚАЗАНДЫ ШАЮ АЛГОРИТМІ

 

Көрсеткіші: баланың улануы

Керекті күралдар:

• асқазан зонды, воронка, алжапқыш – 2, асқазан шайатын ерітінді 20-22° С, шайынды суға арналған ыдыс, лоток- 2, дәке салфеткалары, шпатель, резеңке қолғап, шайынды суға арналған стерильді ыдыс, бланк-жолдама, дезерітінді

Кезеңдер Негіздемесі
1.Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру. • анасының (туыстарының) ақпаратты білуіне құқығын қамтамасыз ету
2.Керекті құралдарды дайындау.   • шараның жылдамдығы мен айқындығын қамтамасыз ету
3.Алжапқышты кию •киімді кірленуден және суланудан қорғау
4. Дезерітіндімен жөргектейтін үстелді өңдеу, үстіне жөргек төсеу •емшараның тиімді өтуіне қажетті шарт
5. Қолды гигиеналық өдіспен өңдеу, қүрғату, резеңке қолғап кию. • жұқпалық ќауіпсіздікті қамтамасыз ету
6.Баланы жарық көзіне бетімен қаратып көмекшінің алдына отырғызу. Баланың аягын комекші өзінің аяқтарымен айналдыра қамтиды, қолдары мен кеудесін бір қолымен бекітіп ұстайды, екінші қолының алақанын баланың маңдайына қойып басын ұстайды. Емшек жасындағы баланы жөргектеу. • емшараны өткізу үшін қажет шарт
7. Балаға су өтпейтін алжапқыш кигізу. киімді сулану мен ластанудан қорғау.
8. Шайынды суға арналған ыдысты көмекшінің аяғының жанына жерге қою.  
9.Зонд арқылы баланың асқазанына дейінгі үзындықты өлшеу (қүлақ үшынан күрек тістеріне не мұрын ұшына дейін, тісінен семсер тәріздес өсіндіге дейін) және белгілеу. • асқазанға зонд енгізуге қажетті шарт.
10.Зондтың бітеу жағын сулау. •зондтың асқазанға қарай жылжуын қамтамасыз ету.
11.Баланың аузын шпательдің көмегімен ашу (өздігінен ашпаса ауыз кергішті қолдану). • асқазанға зонд енгізуге қажетті шарт.
12.Зондты абайлап, бірақ сенімді ширақ қозғалыспен белгіге дейінгі үзындықта асқазанға енгізу.  
13.Шпательді алып тастау, зондқа оймышты немесе Жане шприцін жалғау • зонд ішіне сұйықтықты еңгізу үшін жағдай тудыру
14.Оймышты асқазанның тұсынан төмен қарай түсіру. Оймышты сәл қисайта ұстап, оған суды қүю. • «бірлескен ыдыстар жүйесі» заңы бойынша су асқазанға бармайды
15. Оймышты жайлап жоғары көтеріп, одан судың асқазанға өтуін қадағалау (су оймыштың мойнына дейін түсу керек). • физикалық заңдылық бойынша су асқазанға барып, қайтадан шұңғымаға келеді.
16.Воронканы тез, бірақ жайлы қимылмен алғашқы орнынан төмен әкеліп шайынды суды ыдысқа төгу (шыққан сүйықтықтың молшері енгізілген мөлшерге тең болуы қажет).  
17.Воронкаға сүйықтық қүйып, шаюды қайталау - «таза су» болғанаға дейін. • шараның тиімділігін қамтамасыз ету
18.Воронканы ағытып жылдам қимылмен зондты салфетканың көмегімен асқазаннан алу. • құсып қоюдың алдын алуы • жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
19.Баланың аузын шаю. Баланы анасына беру немесе төсекке жатқызу. • гигиеналық шаралар мен жағым-ды жағдайды) қамтамасыз ету
20.Асқазан шайындысын стерильді ыдысқа жинау. Жолдама жазып зертханаға тексеріске жіберу. • уланудың себептерін анықтау
21.Қолданылған қүралдары, алжапқышты толығымен залалсыздандыру. • жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
22.Қолғапты шешіп арнайы қорапқа салу. Қолды жуу және құрғату. Ескерту. · Шаюға арналған судың температурасы +20+22°С болу қажет. · Керек жағдайда ауыз кергіш қолданылады. · Шаюға арналған судың мөлшері бала жасына сәйкес алынады: · 1 жасқа дейін - 100 мл/кг; 1 жастан жоғары - 1 литр/жасына  

ІШЕК ЭКСИКОЗЫ МЕН ТОКСИКОЗЫ

 

Жедел ішек инфекцияларының негізгі клиникалық белгілеріне диарея мен құсу жатады. Осы белгілердің арқасында ағзада сусыздану (эксикоз) және токсикоз дамиды.

Жедел ішек инфекцияларының негізгі синдромдары:

1. улану синдромы: дене қызуы жоғарлауы, нашар сезіну, әлсіздік, бәсеңдік, тері қабаты боз-сұр түсті, кейде мрамор суретті, тәбетінің төмендеуі, кейде анорексияға дейін.

2. ішек жолдарының закымдану синдромы -«жергілікті синдром»: лоқсу, қүсу, іштің ауырсынуы, тенезмдер, ішектің құрылдауы, метеоризм, диарея (патологиялық қоспалары бар нәжістің жиі болінуі).

3. эксикоз синдромы (сусыздану): тері және шырышты қабаттарының құрғауы, салмақ жоғалту, серпінділік пен тургордың төмендеуі, ерте жастағы балаларда - үлкен еңбектің ішке түсуі, бет пішінінің озгеруі, көз жанарының томендеуі, олигурия.

Эксикоздың 3 дәрежесі анықталады:

1 дәреже - дене салмағының жетіспеушілігі 5% дейін, шөлдеу, аузының құрғауы, мазасыздық.

2 дәреже - дене салмағының жетіспеушілігі 7% дейін, шөлдеу, тері және шырышты қабаттарының құрғауы, дене қызуы жоғарлауы, олигурия.

3 дәреже - дене салмағының жетіспеушілігі 10% және жоғары. Терісінің, шырышты қабаттарының күрт құрғауы, есінің адасуы, сандырақтау, елестеулер, перифериялық қан айналымының бұзылуы, анурия.

Жедел комек алгоритмі:

1) Эксикоздың 1 және 2 дәрежесінде — ауыз арқылы регидратация (төменнен қара).

2) Ауыр жағдайларда ауыз арқылы регидратация өткізу мүмкіндігі болмаса қарқынды түрде парентеральді сұйықтық енгізу.

Ауыз арқылы берілетін сұйықтық мөлшерін ескере отырып енгізілетін сұйықтық мөлшері: эксикоздың I дәрежесінде 150 мл/кг тәулігіне; эксикоздың II дәрежесінде 170 мл/кг тәулігіне; эксикоздың IIIдәреже 180 мл/кг тәулігіне.

3) Алғашқы 4 сағатта тәуліктік мөлшердің 1/2 енгізеді, одан әрі тәулік бойы бір қалыпта - глюкоза ерітіндісі; Рингер ерітіндісі; реополиглюкин; сода ерітіндісі; плазма және т.б.

4) Ерітінділерді тамшы түрінде көктамырға - 28-30 тамшы 1 минутына.

5) Глюкоза және түзды ерітінділер қарым қатынасы:

а) изотониялық эксикозда -1:1

б)сужетіспеушілік эксикозда - 2:1

в) тұзжетіспеушілік эксикозда - 1:2

6) Диурезді қадағалау.

7) Көп қайталап құсуда - асқазанды шаю.

8) Ішек ауруының этиологиялық емін қолдану.

Ауыз арқылы өткізілетін регидратацияның алгоритмі

Мақсаты: эксикозды жою және оның қайталануына жол бермеу.

Керекті құралдар:

· глюкоза-тұздылы ерітіндісі (регидрон, глюкосолан, цитроглюкосолан);

· бөлме температуралық қайнатылған су 1 литр көлемінде;

· өлшейгіш стақан;

· шай қасық пен кесе;

· жойылған сұйықтық көлемін бақылау үшін қалам мен қағаз парағы.

Есте сақтаңыз:

· Ауыз арқылы регидратация эксикоздың 1—2 дәрежесінде ғана өткізіледі;

2 кезеңмен өткізіледі:

· 1 кезеңнің мақсаты — балада пайда болған сұйықтық кемістігін қалыпқа келтіру;

· 2 кезеңнің мақсаты —эксикоз пайда болуының алдын алуы;

· ерітілген глюкоза-тұздылы ерітіндіні қайнатпау және 1 тәуліктен артық сақтамау.

Кезеңдер Негіздемесі
1. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру. • емделуші бала мен анасының құқықтарын сақтау
2. Керекті құралдарды дайындау • емшараның тиімді және жылдам өтуін қамтамасыз ету.
3. бала анасын жойылған сұйықтық көлемін санауына және есепке алуына үйрету • ауыз арқылы регидратация өткізу үшін қажетті шара
4. Алғашқы регидратация өткізу үшін қажетті глюкоза-тұздылы ерітінді көлемін анықтау •эксикоздың 1 дәрежесінде дайын ерітіндінің дозасы - 50 мл/кг дене салмағына, эксикоздың 2 дәрежесінде - 90 мл/кг дене салмағына
5.Құрғақ препарат көлемін анықтап, оны қайнаған судың қажетті мөлшерінде еріту • құрғақ препараттың бір пакеті 1/2 немесе 1 литр су көлемінде ерітіледі
6. Алдында есептелген ерітінді көлемін өлшегіш стақанмен өлшеу және дайындалған ыдысқа құю •емшара мақсатына жету үшін
7. Баланың анасына ерітіндіні беру • емшара мақсатына жету үшін
8.эксикоздың дәрежесіне байланысты ерітіндіні шай қасықпен 4 немесе 6 сағат бойы балаға ішкізу. жойылған сұйықтық шығындарының есепке алуын және бекітуін жалғастыра беру • 1 дәрежесінде алғашқы регидратацияны өткiзу ұзақтығы 4 сағат, 2 дәрежесінде - 6 сағат
9. 4 (6) сағаттан кейін балада эксикоз белгілері бар екендігін анықтау (үлкен еңбек, тері мен шырышты қабықтар жағдайын). Бала жағдайының 3 түрлі болуы мүмкін: А. эксикоз өсіп келе жатса – ерітінділерді тамыр арқылы енгізу, Б. эксикоз азайса да, әлі белгілері бар болса – бірінші этапты қайталау, В. эксикоз жоқ болса - қолдайтын регидратацияға өту, онда әрбiр келесi 4 (6) сағат сайын алдыңғы 4 (6) сағат ішінде жоғалтылған ерітінді көлемін энтералді жолмен енгізу (жоғалтуларды бекiту парағынан қара) + жалғасып жатқан сұйық шығындарын бекiту. • өткiзiлген ауыз регидратацияның 1-шi кезеңi тиiмдiлiгiнiң бағасы.   • эксикоздың өсуі ендiрiлген ерiтiндi iшектерде сiңбегенінің белгісі • алғашқы регидратация үшiн саналған ерiтiндi көлемі жоғалтылған сұйықтық көлеміне сәйкес емес • қолдайтын регидратацияны сұйық нәжіс пен құсық тоқталғанша дейiн өткiзу. • өткiзілген ауыз регидратациясының тиiмдiлiгін қамтамасыз етуi

 

Тері және шырышты қабаттардың күтімі

· қолдарыңды сабындап ағынды су астында жуыңыз

· Жөргектеуге жөргектерді әзірлеңіз.

· Бөбекті керует ішінде туғызу бөлімшесінен келген сыртқы жөргектерден босатып алыңыз.

· Ішкі жөргекке тимеңіз, медицина қызметкерлерінің қолдарында микробтар өте көптігіне байланысты.

· қолдарыңызды жуып, құрғатып, антисептикпен залалсыздарыңыз.

· Бөбектің басын сол шынтағыңызға орналастырып, сол қолыңызбен бөбек санын және жанбасын ұстаңыз.

· қыз баланың тақымын алдынан артқа қарата жуыңыз.

· Жуып болғаннан соң стерильды жөргекпен бала денесін құрғату,

· Баланы залалсыздандырылған жөргектерге салып, терісін жеңіл қимылмен құрғатыңыз.

· қолданылған жөргектерді кір заттарға арналған бакка тастаңыз.

· Қолдарыңызды залалсыздандырыңыз.

· Баланың көздерін фурациллин ер-сіне суланған мақта домалақшаларымен сыртынан ішке қарата сүртіңіз. Осыдан кейін құрғақ домалақшалармен құрғатыңыз.

· Әр мұрын қуысын өсімдік майға малынған бөлек шиыршықпен тазартыңыз

· Ауыз қуысын қараңыз, аузы уылса – шырышты қабатын өндеңіз.

· құлақ саңылауын қараңыз, қажет болса – құрғақ мақта шыиршыкпен сүрту қажет.

· Бетін фурациллинге малынған мақта домалақшаларымен жуып, құрғақ домалақшалармен сүртіңіз.

· Тері қыртыстарын стерильді өсімдік майға малынған мақта тампондармен үстінен төменге дейін сүртіп шығыңыз.

· қыз баланың тақымын фурациллинге малынған мақта домалақшасымен өндеңіз.

· қолдарыңызды жуып, этил спирті ер-сімен сүртіңіз.

· Кіндік қалдығын өндеңіз. Баланы жөргектеңіз.

 

ІV.Жаңа практикалық дағдыларды бекіту

Эксперттердің бірінші тобы бойынша міндетті шешу:

Міндетті шешу:

ФАП-қа шақыру түсті: Алты айлық бала анасының айтуы бойынша баланың іші өтіп жатқанына төрт күн болды. Дєрігердің кенесі бойынша анасы балаға қосымша тамақ түрінде сәбіз пюресін берген, тек екі шай қасықтың орынына екі жүз грамм бірден бере салған.

Қазіргі жағдайы ауыр. үлкен енбегі ішіне қарай түсіп кеткен. Тері түсі сұр, тері серпінділігі

мен ұлпа тонусы төмендеген, беті ұшбұрышты, тері астындағы май қабаты ішінде және кеудесінде жойылған. Көзі үңірейген. Туғандағы салмағы 3000,0 г, қазіргі салмағы 5600,0г.

· Диагнозыңыз қандай?

· Қандай ем белгілейсіз?

· Қандай кенес бересіз?

 

Міндетті шешу:

Үш айлық баласы бар әйел ФАП-қа сізден кенес алуға келді. Тұмаусүзек ауруымен ауырғаннан кейін жас ананың сүті жойылған. Қазіргі кезде балаға сиыр сүтін беретін болды. Төрт күннен бері бала құсып жатыр. Берген тамақты жемейді. Тексергенде: тері түсі боз, тері астындағы майы ішінде және кеудесінде жойылған. Бала мазасыз. Тері серпінділігі және ұлпалар тонусы төмен.

· Диагнозыңыз қандай?

· Қандай ем белгілейсіз?

· Қандай кенес бересіз?

 

Эксперттердің екінші тобы бойынша міндетті шешу:

Міндетті шешу:

Төрт айлық Самал табиғи тамақтандыруда. Бала жылай бергесін, анасы Самалға 200 грамм сиыр сүтін берді. Түстен кейін бала құса бастады, нєжісі сұйықтап, көбікті, «кесілген жұмыртқа» сияқты болды, дене қызуы көтерілмеген.

Ќандай ауру туралы ойлайсыздар?

Себебі неге байланысты?

 

Міндетті шешу:

Асқар 7 айға толды. Аралас тамақтандыруда. Анасы балаға қолдан алған қаймақ берді. Кешеден бастап баланың жағдайы нашарлады. Бала жиі құсады, нәжісі сұйық.. Ќарағанда: жағдайы өте нашар, еріндері және шырышты қабықтары құрғақ, еріндері жарылған, жылағанда көзінен жас шықпайды, берген суды ішпейді.

Ќандай ауру туралы ойлайсыздар?

Диагнозды аныќтау үшін қандай зерттеу өткізесіздер?

 

Эксперттердің үшінші тобы бойынша міндетті шешу:

Міндетті шешу:

« Балалар үйінен» Облыс бала ауруханасына жеті айлық бала түсті. Қазіргі кезде баланы өкпе қабынуынан емдеп жатыр. Жағдайы ауыр. Бала отырмайды, енбектемейді. Жүйке-психикалық дамуы да қалып қойған: бала буындарды айтпайды, сөйлеген сөзге назар аудармайды. Дене салмағы алты кг. Жасанды тамақтандыруда.

· Диагнозыңыз қандай?

· Қандай ем белгілейсіз?

· Қандай шаралар қолданасыз?

 

Міндетті шешу:

Төрт айлық Болат жасанды тамақтандыруда. Ауруханаға «Ас қорытудыњ алиментарлы бұзылысы» деген диагнозбен түсті. Дєрігер оған пероралды регидратация белгіледі.

Оны қалай өткізесіз?

Регидратацияның мақсаты қандай?

 

ІV.Жаңа практикалық дағдыларды бекіту

 

Үй тапсырмасы: С. Х. Аюпова, Клиникалық педиатрия, Аралас және жасанды таматтандыру

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

«ПАВЛОДАР МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ»

 

 

 

ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТЫҢ

ӘДІСТЕМЕЛІК ӨНДЕУІ

 

Пән: «Балалар аурулары»

 

Тақырыбы

Жіті ринит, баспа, жіті стеноздаушы ларингит, бронхит, бронхиолиттер. Жіті пневмония

 

Құрастырған Ажаева А. С.

 

 

Павлодар, 2012 ж/г


Дата добавления: 2015-07-25; просмотров: 470 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Сабак №9| Сабак №11

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.05 сек.)