Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

А-тармағы бойынша.

ЙҒАРЫМ | ОРЫТЫНДЫ | ТҰЖЫРЫМДАР | Схема. Қамтамасыз ету шараларының түрлері | Сонымен, шешімді орындау мерзімін кейінге қалдыру және ұзарту сот шешімін орындау мерзімін соттың өзгертуі болып табылады. | Схема. Сот жазатын атқару парағының мазмұны | Схема. Сот бұйрығын шығарғаннан кейінгі судьяның әрекеттері | Схема. Жойылған атқару ісін қалпына келтіру туралы арыз келіп түскен жағдайдағы судьяның іс жүргізушілік әрекеттері | Тармақ бойынша. | Тармақ бойынша. |


Читайте также:
  1. Б-тармағы бойынша.
  2. Және 5-тармақтар бойынша.
  3. Тармақ бойынша.
  4. Тармақ бойынша.
  5. Тармақ бойынша.
  6. Тармақ бойынша.

Істі алдын ала тыңдау кезінде оны мына жағдайларда тек тараптың өтінімі бойынша ғана қосымша тергеуге қайтаруға болады (ҚІЖК-нің 303-бабының 1-бөлігі):

- егер істе айыпталушыға қаралып отырған іспен байланысты басқа айып тағуға негіздемелер болса;

- егер әрекеттері қаралып отырған іспен байланысты басқа адамдарды қылмыстық жауаптылыққа тартуға негіздемелер болса және жаңа адамдарға қатысты істі жеке қарау мүмкін болмаса;

- айыптауды бастапқы тағылған айыптаудан неғұрлым ауыр немесе елеулі түрде өзгеше айыптауға өзгерту қажеттігі болған жағдайларда.

Судья істі алдын ала тыңдау нәтижелері бойынша тараптың өтінімі бойынша да, өз бастамасы бойынша да мына жағдайларда ғана істі қосымша тергеуге жіберуге құқылы (ҚІЖК-нің 303-бабының 2-бөлігі):

- іс дұрыс біріктірілмеген немесе бөлінбеген жағдайда;

- қылмыстық іс жүргізу заңын басқа да елеулі бұзушылық анықталған жағдайда.

Осы орайда судья қылмыстық іс жүргізу заңын кез келген бұзушылық істі қосымша тергеуге қайтару үшін негіз бола алмайтынын, тек басты сот отырысын тағайындауға кедергі болатындарының ғана бұған негіздеме болатынын назарда ұстауға тиіс. Мұндай бұзушылыққа төмендегідей жағдайларды жатқызуға болады:

- прокурор айыптау қорынтындысымен келісетінін білдірмесе;

- айыпталушы сотқа берілмесе;

- сотқа беру туралы қаулыда айыпталушы ретінде тартылған және тиісті айыптау қорытындысы жасалған адамдар түгел көрсетілмесе, сотқа берілмеген адамдарға қатысты қылмыстық ізге түсуді тоқтату туралы қаулы болмаса;

- сотталушының анкеталық деректерін жазу кезінде қателер жіберілсе және сот оларды түзей алмаса;

- Қылмыстық кодекстің айыпталушы қылмыстық жауапқа тартылған және сотқа берілген баптарының бөліктері мен тармақтары көрсетілмесе;

- сотқа шақыруға жататан адамдардың мекен-жайлары істе болмаса;

- іс материалдарын тізімдеу болмаса;

- істің материалдары оларды толық оқуды мүмкін етпейтін тәсілмен жасалса, сот түзей алмайтын тағы басқалары болса.

Істі қосымша тергеуге қайтару негіздемелерінің заңда көрсетілген тізбесі толық болып табылады.

Өтінім берген тарап қандай мән-жайларды анықтау үшін немесе қандай мәселелерді шешу үшін өзінің қосымша тергеу жүргізуді сұрап отырғанын көрсетуге тиіс. Өтінімді ауызша айтуға сол сияқты жазбаша түрде беруге болады.

Сот істі қосымша тергеуге қайтару қажеттігі жөніндегі тараптардың пікірімен байланысты емес және егер сот берілген өтінімнің негізділігін қуаттайтын мән-жайларды анықтамаса, онда сот оны қанағаттандырмай тастауға және іс бойынша басты сот талқылауын тағайындауға құқылы.

Істі қосымша тергеуге қайтару туралы қаулыда судья айыпталушыға белгіленген бұлтартпау шарасын қуаттауға, өзгертуге немесе жоюға міндетті. Қаулыда айыптаудың дәлелденгендігі туралы мәселені алдын ала шешуге, дәлелдемелерге баға беруге және нақты қылмыстық заңның қолданылатындығын көрсетуге жол берілмейді.

Істі қосымша тергеуге жіберу туралы қаулыға он тәуліктің ішінде жоғары тұрған сотқа шағым берілуі және наразылық келтірілуі мүмкін (ҚІЖК-нің 403-бабы).


Дата добавления: 2015-07-16; просмотров: 166 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Және 5-тармақтар бойынша.| Б-тармағы бойынша.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)