Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

ЙҒАРЫМ. Алматы қаласы Медеу ауданының соты төрағалық етуші судья Н

Жаттардың сот сараптамасы | Сот тауартану сараптамасы | Сот биологиялық сараптама | Сот‑құрылыс сараптамасы | Тарау. Азаматтық процестегі сот‑лингвистикалық сараптама. | Лингвистикалық сараптама жүргізуге бастамашы болған адамдарға он пайдалы кеңес | ТҰЖЫРЫМДАР | Схема. Қамтамасыз ету шараларының түрлері | Сонымен, шешімді орындау мерзімін кейінге қалдыру және ұзарту сот шешімін орындау мерзімін соттың өзгертуі болып табылады. | Схема. Сот жазатын атқару парағының мазмұны |


Читайте также:
  1. ЙҒАРЫМ

 

Алматы қаласы Медеу ауданының соты төрағалық етуші судья Н. А. Низамединова болған құрамда,

хатшы Р. А. Тоқтабакиева,

прокурор А. Мұстафинаның қатысуымен,

14.04.2004 жылы Алматы қаласында А. Буренкованың «Редакция газеты «Новости недели» ЖШС‑ға, Евдокименко Ксения Владимировнаға қатысты ар‑намысы мен қадір‑қасиетін қорғау, моральдық зиянды өтеу туралы талабы бойынша азаматтық істі қарап,

 

АНЫҚТАДЫ:

 

Талапкер Буренкова Алла Владимировна «Редакция газеты «Новости недели» ЖШС‑нің, Евдокименко Ксения Владимировнаның үстінен ар‑намысы мен қадір‑қасиетін қорғау, моральдық зиянды өтеу туралы талап арыз берді, мұның себебі ретінде ол 2002 жылғы 26 маусым - 2 шілде аралығында «Новости недели» газетінің 25‑санында журналист Евдокименко Ксенияның (лақап аты Анна Шингаркина) «Балеттегі шірік» («Балетная гниль») тақырыбымен шыққан мақаласын көрсетті – «фестивальдің директоры әрі рухани жетекшісі Алла Буренкова тілшінің кейбір сұрақтарына жауап бере отырып, классикалық би мектебінің көшбасшы болуға ұмтылысын осылай деп атады». Бұл шағын материал нәтижені қорытындылау – 2002 жылғы маусым айында Алматыда өткен «Қызғылтжал» қазіргі заманғы би фестивалі туралы өзінің жеке пікірін, алған әсерін қорытындылау сияқты болды, бұл туралы жауапкер К. Евдокименко осы газеттің 2003 жылғы 18-24 тамыздағы 24‑санында жарық көрген «Бидегі экстрим» («Танцевальный экстрим») мақаласында жазды. Евдокименко газет беттерінде «Жын қаққандар биі» («Сумасшедшие танцы») атты мақаласын жариялап, онда ол «Бұл «Қызғылтжал»‑дың айналасында үнемі жүретін жағымсыз әсер мен арамзалық туралы сезік баяндалатын, материалдың өте қысқа нұсқасы» деген сөйлемге жол берген. «Балеттегі шірік» («Балетная гниль») және «... «Қызғылтжал»‑дың айналасында үнемі жүретін жағымсыз әсер мен арамзалық туралы сезік баяндалатын...» деген сөздер «Қызғылтжал» би театрының ұйыдастырушысы және жетекшісі ретіндегі оның ар‑намысы мен қадір‑қасиетіне нұқсан келтіреді, онда ашу, түсінбеушілік, наразылық, реніш және денсаулығының бұзылуына дейін қолайсыз жағдай туғызып отыр. Жауапкер - журналист К. Евдокименко іс жүзінде ҚР «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының 21‑бабын бұза отырып шындыққа сай келмейтін ақпарат таратты. Журналистің белгілі бір оқиға жайында өз пікірін білдіруі оның құқығына жатады, бірақ бұл орайда журналистің өз мақаласына өзек болған адамдардың заңды құқықтары мен бостандықтарын сыйламауға құқығы жоқ.

20.10.2003 жылы ол «Новости недели» газетінің бас редакторына және журналист K. B. Евдокименкоға хат жазып, газет беттерінде алдыңғы мақаланы теріске шығаратын материал жариялауын және өзінен кешірім сұрауын талап етті, бірақ оған ешқандай жауап берілмей, кешірім сұраған да ешкім болмады.

Осы іс бойынша сот отырысы барысында талапкер A. B. Буренкованың сенімхат бойынша өкілі Каторча осы мақалалар арқылы талапкердің ар‑намысын, қадір‑қасиеті мен іскерлік беделін қорлау фактісін анықтау үшін сот‑филологиялық-орфографиялық-лингвистикалық сараптама тағайындау туралы өтінім түсірді.

Сот істің материалдарын зерттеп, тараптардың жауаптарын, процеске қатысушылардың мәлімделген өтінім бойынша пікірлерін тыңдап, өтінім мына негіздемелер бойынша қанағаттандыруға жатады деп санайды:

Мақаладағы «Балеттегі шірік» («Балетная гниль») ‑ «фестивальдің директоры әрі рухани жетекшісі Алла Буренкова тілшінің кейбір сұрақтарына жауап бере отырып, классикалық би мектебінің көшбасшы болуға ұмтылысын осылай деп атады» және осы газеттің 2003 жылғы 18-24 тамыздағы 24‑санында журналист Евдокименконың «Жын қаққандар биі» («Сумасшедшие танцы») тақырыбымен басылған «...«Қызғылтжал»‑дың айналасында үнемі жүретін жағымсыз әсер мен арамзалық туралы сезік баяндалатын...» деген сөздерге орын берген пікірлері «Қызғылтжал» би театрының ұйымдастырушысы және жетекшісі ретіндегі оның ар‑намысы мен қадір‑қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретінін анықтау үшін филология, орфография, лингвистика саласындағы арнайы ғылыми білім мен білік қажет.

ҚР АІЖК‑нің ҚР ҚР186, 93-94, 251-252‑баптарын басшылыққа алып, сот

 

ҰЙҒАРДЫ:

 

А. Буренкованың ар‑намысы мен қадір‑қасиетін қорғау, моральдық зиянды өтеу жөніндегі «Редакция газеты «Новости недели» ЖШС‑ға талабы бойынша азаматтық іс бойынша комиссиялық сот-филологиялық-орфографиялық- лингвистикалық сараптама тағайындалсын, оны жүргізу Алматы қаласының Сот сараптамасы орталығына тапсырылсын.

Сараптаманың шешуіне мынадай сұрақтар қойылсын:

1) Зерттеуге ұсынылған жарияланымдардың ортақ бағыт‑бағдары қандай?

2) Жарияланымдардың мәтіндері бойынша көрсетілген адамдардың сипаттамасы қандай, олардың жағымсыз бағалаушы маңызы бар ма?

3) «Новости Недели» газетінің 26.06.2002 жылғы санындағы А. Шингаркина деген лақап атпен жарияланған мақаладағы мына сөздер мен сөйлемдердің: «Балеттегі шірік» («Балетная гниль») ‑ фестивальдің директоры әрі рухани жетекшісі Алла Буренкова... классикалық би мектебінің көшбасшы болуға ұмтылысын осылай деп атады», сондай-ақ жалпы мақаланың өзінің және газеттің 24.06.2003 жылғы санындағы «Бұл «Қызғылтжал»‑дың айналасында үнемі жүретін жағымсыз әсер мен арамзалық туралы сезік баяндалатын материалдың өте қысқа нұсқасы» деген сөздердің мағыналық салмағы қандай? Жарияланымдар мәтіндерінде талапкер А. Буренкованың ар‑намысын, қадір‑қасиеті мен іскерлік беделін қорлайтын сөйлемдер бар ма?

4) «Балеттегі шірік» және «Жын қаққандар биі» газет мақалаларының әрқайсысы жеке‑жеке қандай әдеби (журналистік) жанрда жазылған?

5) «Балеттегі шірік» және «Жын қаққандар биі» газет мақалаларының әрқайсысының жеке‑жеке жазылуының негізгі мақсаты қандай?

6) «Балеттегі шірік» және «Жын қаққандар биі» газет мақалаларын жазу кезінде автор қандай әдеби амал‑тәсілдерді қолданған?

7) Бұл амал‑тәсілдер автор таңдаған жанрға сай келе ме?

8) «Балеттегі шірік» сөздерінің авторы кім: журналист пе әлде А. Буренкова ма?

9) «Балеттегі шірік» деген тақырып тырнақшаға алынған, орфография тұрғысынан бұл нені білдіреді?

10) «Балеттегі шірік» газет мақаласының негізгі персонажы (кейіпкері) кім?

11) «Жын қаққандар биі» газет мақаласының негізгі персонажы (кейіпкері) кім?

12) «Балеттегі шірік» және «Жын қаққандар биі» газет мақалаларының үзінділерінде «Балеттегі шірік», «Бұл «Қызғылтжал»‑дың айналасында үнемі жүретін жағымсыз әсер мен арамзалық туралы сезік баяндалатын материалдың өте қысқа нұсқасы» деген сөздерде А. В. Буренкова туралы ақпарат бар ма? Егер бар болса, онда нақтылап айтқанда бұл қандай ақпарат?

13) «Бұл «Қызғылтжал»‑дың айналасында үнемі жүретін жағымсыз әсер мен арамзалық туралы сезік баяндалатын материалдың өте қысқа нұсқасы» деген сөздердің иесі кім?

14) «Нұсқа» деген сөздің мән‑мағынасы қандай?

15) «Бұл «Қызғылтжал»‑дың айналасында үнемі жүретін жағымсыз әсер мен арамзалық туралы сезік баяндалатын материалдың өте қысқа нұсқасы» деген сөйлемде кімнің әсері мен сезігі туралы әңгіме болып отыр?

16) А. В. Буренкованың есімі кім ретінде аталады: жеке тұлға ретінде немесе лауазымды тұлға ‑ «Қызғылтжал» жастар мәдени орталығының президенті ретінде ме немесе фестивальдің директоры ретінде атала ма?

17) Келтірілген үзінділерде оқиға туралы пайымдауға жататын бағалап пайымдау бар ма? Егер бар болса, қандай бөлігінде? Егер бар болса, олар неге баға береді?

18) «Балеттегі шірік» және «Жын қаққандар биі» газет мақалаларының негізгі идеяларын анықтау керек.

19) «Бидегі экстрим» мақаласында басталған тақырып «Балеттегі шірік» мақаласында жалғасын тауып отыр ма?

20) «Бидегі экстрим» мақаласында «Қызғылтжал» фестивалі туралы айтыла ма, егер айтылса, оның сипаттамасы қандай? Ол туралы пікір білдіріп отырған кім?

А. Буренкованың ар‑намысы мен қадір‑қасиетін қорғау, моральдық зиянды өтеу жөніндегі «Редакция газеты «Новости недели» ЖШС‑ға қойған талабы бойынша азаматтық іс материалдары сараптама жүргізуге берілсін.

Қорытынды беруден бас тартудың және көрінеу жалған қорытынды берудің ҚР ҚК‑нің 352, 353‑баптары бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатыны туралы сарапшыларға ескертілсін.

А. Буренкованың ар‑намысы мен қадір‑қасиетін қорғау, моральдық зиянды өтеу жөніндегі «Редакция газеты «Новости недели» ЖШС‑ға, Евдокименко Ксения Владимировнаға талабы туралы азаматтық іс бойынша іс жүргізу сараптама жасалып болғанға дейін тоқтатыла тұрсын.

Ұйғарымға 10 күн мерзімде Медеу аудандық соты арқылы Алматы қалалық сотына шағым берілуі немесе наразылық келтірілуі мүмкін.

 


Дата добавления: 2015-07-16; просмотров: 225 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ЙҒАРЫМ| ОРЫТЫНДЫ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)