Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сонымен, шешімді орындау мерзімін кейінге қалдыру және ұзарту сот шешімін орындау мерзімін соттың өзгертуі болып табылады.

Сот биологиялық сараптама | Сот‑құрылыс сараптамасы | Тарау. Азаматтық процестегі сот‑лингвистикалық сараптама. | Лингвистикалық сараптама жүргізуге бастамашы болған адамдарға он пайдалы кеңес | ЙҒАРЫМ | ЙҒАРЫМ | ОРЫТЫНДЫ | ТҰЖЫРЫМДАР | Схема. Сот бұйрығын шығарғаннан кейінгі судьяның әрекеттері | Схема. Жойылған атқару ісін қалпына келтіру туралы арыз келіп түскен жағдайдағы судьяның іс жүргізушілік әрекеттері |


Читайте также:
  1. D. Бірөлшемді және көпөлшемді
  2. Lt;variant> азаматтық іс қозғау және іс бойынша қорытынды беру үшін
  3. Lt;variant> ол басқа дәлелдермен бірге тексерілуі және бағалануы керек
  4. Lt;variant> сот және іске қатысушы тұлғалар
  5. Lt;variant>өтінішті қайтарады және талапкерге оның қай сотқа жүгіну керектігін түсіндіреді
  6. Lt;variant>басқа тұлғалардың мүдделері үшін өтініш бере алады және іс бойынша қорытынды беру үшін
  7. Lt;variant>ие болмайды және жатпайды

Шешімді орындау тәсілін өзгерту орындаудың бір түрін екінші түрімен ауыстыру немесе шешімді орындаудың бастапқы тәсілін өзгертуден болатын белгілі бір трансформация ретінде көрініс беруі мүмкін (С. А. Иванова, И. К. Пискарев, З. Х. Баймолдина).

Сот шешімін орындаудың мерзімін кейінге қалдыру, ұзарту, оны орындаудың тәсілі мен тәртібін өзгерту мәселелері сондай-ақ Қазақстан Республикасы АІЖК-нің 240-бабымен және Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңының 13-бабымен реттеледі.

**Арызды қанағаттандырған жағдайда сот өз ұйғарымында шешімді орындау мерзімін кейінге қалдырудың мерзімін көрсетуге, ал шешімді орындау мерзімін ұзартқан кезде - қарызды өтеу есебіне борышкерден өндіріп алуға жататын төлемдердің мөлшерін бөлік‑бөлігі бойынша көрсетуге міндетті.


11-схема. Сот шешімінің орындалуын кейінге қалдыру және мерзімін ұзарту, оны орындаудың тәсілі мен тәртібін өзгерту (АІЖК-нің 240-бабы):*

 

өндіріп алушы арызы бойынша

 

* АІЖК-нің 240-бабының ережелері сот шешімі, сот бұйрығы мәжбүрлеп орындауға берілген және атқарушылық іс жүргізу қозғалған жағдайларда қолданылады.

АІЖК-нің 240-бабы 4-бөлігінде көзделген ережелер бойынша сот бекіткен тараптардың бітімгершілік келісімін кейінге қалдыру, мерзімін ұзарту немесе әдісін өзгерту жасалуы мүмкін.

Сот шешімін орындау мерзімін кейінге қалдыру, ұзарту, оны орындаудың тәсілі мен тәртібін өзгерту мәселелері сонымен қатар АІЖК-нің 233-бабымен және Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңының 13-бабымен реттеледі.

**Арызды (өтінімді) қанағаттандырған жағдайда, сот өз ұйғарымында шешімді орындауды кейінге қалдыру күшінде болатын мерзімді көрсетуге, ал сот бұйрығын орындау мерзімін ұзартқан жағдайда, қарызды өтеу есебіне борышкерден өтеп алуға жататын мерзімді төлемдердің мөлшерін көрсетуге міндетті.

 


12-схема. Қылмыстық процестегі азаматтық талап бойынша шешім шығару және оны орындау (ҚІЖК‑нің 162-171-баптары)

Айыптау үкімін шығарғанда немесе медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы қаулы шығарғанда, сот:


Қылмыс арқылы моральдық немесе мүліктік зиян келтірілгені туралы деректер болған кезде қылмыстық ізге түсу органы азаматтық талапты қамтамасыз ету шараларын қолдануға міндетті. Егер мұндай шаралар қабылданбаған болса, сот үкім заңды күшіне енгенге дейін оны қамтамасыз ету шараларын қолдануға құқылы (ҚІЖК-нің 170-бабы).

Сот азаматтық талапты қанағаттандырған кезде үкім, сондай-ақ
азаматтық талап бойынша медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану туралы қаулы атқарушылық іс жүргізу туралы заңдарда көзделген тәртіппен орындалады (ҚІЖК-нің 171-бабы).

 


13-схема. Сот беретін атқару құжаттарының түрлері*

*Бұл схемада атқару құжаттарының бүкіл тізбесі емес, тек сот беретін атқару құжаттары ғана көрсетілген. Атқару құжаттарының толық тізбесін ҚР «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының 5-бабынан қараңыз. Көрсетілген нормада атқару құжаттары тізіміне сонымен қатар талаптарын мәжбүрлеп орындату туралы прокурордың қаулылары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда өзге де органдардың қаулылары кіреді. Аталған Заңның 5-бабында көрсетілген атқару құжаттарын орындау атқару құжаттарының орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның аумақтық органдарының және бөлімдерінің сот орындаушыларына жүктеледі. Заңда көзделген жағдайларда атқару құжаттарын орындау сот приставтарының жәрдемдесуiмен жүзеге асырылады. Өзге органдар, ұйымдар мен лауазымды адамдар атқару құжаттарын мәжбүрлеп орындату жөнiндегi атқарушылық әрекеттi бұл жайында Заңда тiкелей нұсқау болғанда ғана жүзеге асырады (аталған Заңнын 4-бабы).

**Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі № 5 «Сот шешімі туралы» нормативтік қаулысының 30-тармағы бойынша шетелдік соттар мен төреліктердің шешімдері АІЖК-нің 425-бабына сәйкес, егер бұл Қазақстан Республикасының заңымен немесе халықаралық шарттарымен көзделсе, шешім заңды күшіне енген кезден бастап үш жыл ішінде Қазақстан Республикасында мәжбүрлеп орындатуға берілуі мүмкін. Мұндай шешімді орындау мүдделі тараптың өтінімі бойынша Азаматтық іс жүргізу кодексінің шешім орындалатын орны бойынша белгіленген соттылық қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасы сотының ұйғарымымен жүргізіледі.

*** Сотталушының мүлкін тәркілеу туралы үкім шығарған сот ол заңды күшіне енген соң атқару парағын, мүлік тізімінің көшірмесін және үкімнің көшірмесін атқару үшін сот орындаушысына жібереді, бұл туралы уәкілетті мемлекеттік органға хабарлайды. Істе сотталушы мүлкінің тізімі болмаған жағдайда мүлікті тізімдеу жүргізілмегені туралы анықтама жіберіледі (ҚР Қылмыстық-атқару кодексінің 57-бабының 1-бөлігі).

Мүлікті тәркілеу түріндегі жазаны орындауды мүліктің орналасқан жері бойынша сот орындаушысы жүргізеді (ҚР Қылмыстық-атқару кодексінің 57-бабының 2-бөлігі).


Дата добавления: 2015-07-16; просмотров: 355 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Схема. Қамтамасыз ету шараларының түрлері| Схема. Сот жазатын атқару парағының мазмұны

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)