Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Тексеру жүргiзу мерзiмi

Читайте также:
  1. Арауылдағы ішкі тәртіп,қарауылды ауыстыру,тексеру.
  2. Бап. Бақылау және қадағалау жүргiзу кезiндегi тексерiлетiн субъектiнiң құқықтары мен мiндеттерi
  3. Бап. Тексеру түрлерi
  4. Бап. Тексерулердi ресiмдеу тәртiбi
  5. Бап. Тексерулердiң жалпы мәселелерi
  6. Науқасты объективті тексеру, амбулаторлық картаны толтыру

1. Тексеру жүргiзу мерзiмi алдағы жұмыстардың көлемi, сондай-ақ қойылған мiндеттер ескерiле отырып белгiленедi және ол Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген салықтық тексерудi, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау, ветеринария, карантин және өсiмдiктердi қорғау, тұқым шаруашылығы, астық және мақта нарығы саласында жүргiзiлетiн тексерулердi жүргiзу кезiндегi жекелеген жағдайларды қоспағанда, отыз жұмыс күнiнен аспауға тиiс, олар үшiн салалық ерекшелiктерi ескерiле отырып, тексерулер жүргiзудiң мынадай:
1) санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы тексерулер – он бес жұмыс күнiне дейiн және он бес жұмыс күнiне дейiн ұзартылатын;
2) ветеринария, карантин және өсiмдiктердi қорғау, тұқым шаруашылығы, астық және мақта нарығы саласында – бес жұмыс күнiнен аспайтын және бес жұмыс күнiне дейiн ұзартылатын мерзiмдерi белгiленген.
Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген салықтық тексерулердi жүргiзу кезiндегi жекелеген жағдайларды және осы тармақта көзделген жағдайларды қоспағанда, арнайы зерттеулер, сынақтар, сараптамалар жүргiзу қажет болғанда, сондай-ақ тексеру көлемiнiң ауқымды болуына байланысты бақылау және қадағалау органының басшысы (не оның орнындағы адам) тексеру жүргiзудiң мерзiмiн отыз жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмге бiр рет қана ұзарта алады.
Тексеру мерзiмдерi ұзартылған жағдайда мемлекеттiк орган мiндеттi түрде құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органда тiркей отырып, тексерудi ұзарту туралы қосымша актiнi ресiмдейдi, онда тексерудi тағайындау туралы алдыңғы актiнiң нөмiрi мен тiркелген күнi және ұзартудың себебi көрсетiледi.
Тексеру бiр айдан аспайтын мерзiмге бiр рет тоқтатыла тұруы мүмкiн.
Тексеру жүргiзу аясында шет мемлекеттерден елеулi мәнi бар мәлiметтер және құжаттар алу, отыз жұмыс күнiнен асатын мерзiмде арнайы зерттеулер, сынақтар, сараптамалар жүргiзу қажет болған жағдайларда тексеру жүргiзу мерзiмi оларды алғанға не орындағанға дейiн тоқтатыла тұрады.
Тексерiлетiн субъектiнi тексерудi тоқтата тұру не қайта бастау туралы хабардар ету құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органды хабардар ете отырып, тексерудi тоқтата тұруға не қайта бастауға дейiн бiр күн бұрын жүргiзiледi.
Тексерудi тоқтата тұру немесе қайта бастау кезiнде тексерудi тоқтата тұру не қайта бастау туралы акт шығарылады.
Тоқтатыла тұрған тексерудi жүргiзу мерзiмiн есептеу ол қайта басталған күннен бастап жалғасады.
Тоқтатыла тұрған және осы бапта белгiленген мерзiмдерде қайта басталмаған тексеру бойынша тексерiлетiн субъектiнi тексерудi қайта жүргiзуге жол берiлмейдi.
Салық қызметi органдары жүзеге асыратын тексерулердi жүргiзудiң, ұзартудың және тоқтата тұрудың тәртiбi мен мерзiмдерiнiң ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде айқындалады.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 71 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)